Шағын және орта бизнестің (ШОБ) қаржы менеджментін ұйымдастыру ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 Бөлім. Қаржы менеджменті мен шағын және орта бизнестің экономикалық мәні мен өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.1 Қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамалары ... ... ... ...6

1.2. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастыру мен басқару формаларының критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

1.3. Қаржылық тұрақтылық . шағын және орта бизнестің экономикалық қызметінің негізгі параметрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2 Бөлім. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

2.1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарының қалыптасу ерекшеліктері (ЖШС «Форум Трэйдинг») ... ... ... ... ... ... ... ...27

2.2. Шағын және орташа бизнес кəсіпорындар қызметінің 2005.2007 жж. негізгі көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

2.3. «Форум Трэйдинг»ЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... . 37

3.Тарау. Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1. Шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы менеджментінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2. Шағын және орта бизнесті реттеу тетіктерін жетілдіру ... ... ... ... ... ...65

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2008 жылғы жолдауында бизнесті дамыту мәселелеріне аса маңызды көңіл бөлген. Дамыған кәсіпкерлік сектор қандайда болсын мемлекеттің экономикасының негізі [1, 9 бет]. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 процентті құрап отыр. Жалпы алғанда ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 процентке өсіп отырған. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.
Жолдауда кәсіпкерлікті жетілдіру мәселелерінің бірі жаңа Салық кодексін дайындау, ол салық төлеушілер мен әкімшілік сапасының сәйкес болуын талап етеді. Ең маңыздысы ол кодекс салық ауыртпалығын экономиканың шикізат емес салаларында, аса маңызды шағын және орта бизнес үшін төмендетуді қарастыруы керек. Бұл себептен пайда болған жоғалтулар кен өндіру салаларының экономикалық қайтарымдылығымен толықтырылады.
Бәсекеқабілеттілікті дамыту үшін арнайы бәсекені қорғау Агенттігі құрылады. Осыған байланысты заңдар қабылданады.
Сонымен қатар, «30 корпоративтік көш басшылары» бағдараламасының дамуы экономиканың шикізат емес саласының дамуына әсер етеді.
Бүгінгі күні 100 астам белсенді жобалар атқарылуда. Экономика үшін аса маңызды жобалардың ішінде үшінші Жаңа жол газөңдеуші зауыты, тау-кен өңдеуші комбинаты және мыс балқыту зауыттарын салу, алюминий зауытын жәнеде көптеген жобаларды іске асыру қарастырылуда. «30 корпоративтік көш басшылары» Бағдараламасының даму шаралары бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне көшу үшін жүргізіледі.
Үкімет шағын және орта бизнестің бәсеке қеабілеттігін белсендіру бағытында жұмыс жасауға тиісті. Микрокредиттер мәселесіне көңіл бөлуі қажет, өйткені олар азаматтарға өз бизнесін бастап жүргізуге көмек береді.
Жоғарыда аталған себептер бойынша, Президент Үкімет алдында бизнестің алдында әкімшіліктік ауыртпалықты азайтып, лицензиялау, сертификаттау және аккредитациялау мәселелін шешу жүйесін жеңілдету талабын қойды. Әлемдік банктің «Бизнесті жүргізу» есебі бойынша, Қазақстанда экспорттық процедураларын жүргізу үшін 89 күн керек екен, ал ол ушін Эстонияда тек 5 күн жеткілікті.
Ел басының жолдауына сәйкес, шағын және орта бизнесті дамытуды шешу мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы. Ал бұл мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып табылады.
1. Н.Назарбаев Послание народу Казахстана «Повышение благосостояния граждан Казахстана — главная цель государственной политики» Астана 2008 ж.
2. Богачев В.В. “Финансово-кредитные методы регулирования рынка инвестиций” – М.: Ф и ст, 2004
3. Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. – М.: Ф и ст., 2005 – С. 10
4. Шермет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. – М.: ЮНИГЛОБ, 2004 – С. 5
5. Финансово-кредитный словарь. – М.: Ф и ст., 2005. I. III. – С. 322-323
6. Спирин В.С. Основы экономического анализа предприятия. – М..: Ф и ст., 2007 – С. 21
7. Литвин М.И., О критериях платежеспособности предприятия//Финансы – 2006. №4 – С. 19.
8. Шеремет А., Сайфулин “Финансы предприятий”. М.: ЮНИГЛОБ, 2006
9. Дюсембаев К.Ш. Анализ и аудит финансово-хозяйственной деятельности предприятия, Алматы Экономика 2003г.- 275 с.
10. Стоянова Е.С., “Финансовый менеджмент” Перспектива 2004.-654 с.
11. Словарь банковских и финансово-экономических терминов/ сост. Аубакиров Я.А. и др. Под ред. Мамырова Н.К. Алматы. Экономика – 2003, - 709с.
12. Абишев М.Н. Капитал. Бизнес. Рынок. Толковый словарь терминов и понятий. – Алматы. КО Паритет, 2002. – 80с.
13. Холт Р., Оновы финансового менеджмента – М., 2004 – С. 60-70
14. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. М.: Финансы и статистика, 2007. 512 с.
15. Герчикова И.Н. Финансовый менеджмент. М.: Инфра-М, 2004. 208 с.
16. Астахов В.П. Анализ финансовой устойчивости и процедуры, связанные с банкротством. М.: Ось – 2006, 2002. 80 с.
17. Лапуста М.Г., Старостин Ю.Л. Малое предпринимательство: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М. 2002, - 271.
18. Катенова С.А. Проблемы развития малого бизнеса в условиях глобализации мировой экономики. Автореферат на соискание ученой степени к.э.н. Алматы –2006, - 29 с.
19. Сахариев С.С. Финансы: Учебник. – Алматы: Юридическая литература, 2004. - 450 с.
20. Мельников В.Д. Основы финансов: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LЕМ», 2005. – 560 с.
21. С.И.Берлин Теория финансов: Учебное пособие.- Издательство Приор,2000.- с 4
22. Кучукова Н.К. Макроэкономические акпекты реформирования фининсово-кредитной системы Республики Казахстан в условиях перехода к рыночной экономике.- Алматы: Гылым, 2004.-с.20
23. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. М.: Финансы и статистика. –2001. – С.29.
24. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 2006. – С.331.
25. Финансовый менеджмент / Под ред. проф. Г.Б. Поляка. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 2007. – С.126
26. Гражданский кодекс Республики Казахстан. Общая часть, ст. 10
27. Шестаков А.В. Предпринимательская деятельность:- М.: Издательский дом «Дашков и К»-2000.-с.54
28. Алипов А.Р. Механизм налогообложения предпринимательства в Республике Казахстан. Автореферат на соискание ученой степени д.э.н. Алматы 2001. -27с
29. Лукпанова Ж.Н. Налогообложение предпринимательской деятельности РК: состояние и перспективы развития. Диссертация на соискание ученой степени к.э.н. Алматы,2004г.
30. Тусеева И.Х. Налоговое планирование на микроуровне: состояние, тенденции, перспективы. Автореферат на соискание ученой степени к.э.н. Алматы, 2006 г. -27 с.
31. Никонов А.А. «Особенности налогообложения малых предприятий: нормативные документы» - М: ИД ФБК-ПРЕСС, -2005г. -160 с.
32. Отчет директора департамента исследований и стратегического планирования Статистического Агентства РК// Стат Агентсво РК, Алматы 2008 г.
33. Киикова Э.Ж. Механизм использования синдицированного займа в сфере предпринимательства (на материалах РК). Автореферат на соискание ученой степени к.э.н. Алматы, 2004г.-27 с.
34. М.Р. Насырова, С.Р. Токсанбай, С.К. Кулпыбаев, С.П. Гуляева. “Современный экономический русско-казахский толковый словарь-справочник” – “Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық”. – Алматы: 2003. – 880 бет.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және Бизнес Факультеті

Қаржы Кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Шағын және орта бизнестің (ШОБ) қаржы менеджментін ұйымдастыру
ерекшеліктері

Орындаушы күндізгі оқу бөлімінің студенті

Ғылыми жетекші _______________________________
(қолы, күні)

Нормабақылаушы _________________________
.
(қолы, күні)

Рецензент__________________________ __________________
(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді Қаржы
кафедрасының меңгерушісі___________________
(қолы, күні)

Алматы,2008

Автореферат

Диплом жұмысы кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімін
қамтиды. Ол 69 беттен онда 15 кесте, 3 сурет, 4 сызба көрініс табады.
Диплом жұмысында жиі кездесетін терминдер: кәсіпкерлік, кәсіпорын,
шағын және орта бизнес, бизнесті ұйымдастыру, қаржы менеджменті, қаржылық
тұрақтылық, қаржылық талдау және т.с.с.
Ел басының жолдауына сәйкес, шағын және орта бизнесті дамытуды шешу
мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы. Ал бұл
мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып
табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының
өзектілігі күмән туғызбасы анық.
Диплом жұмысын орындау мақсаты шағын және орта бизнестегі қаржы
менеджментінің ерекшеліктеріне сүйеніп,олардың қызметіне талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында келесідей міндеттер
қойылды: қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамаларын зерттеу; шағын
және орта бизнестің экономикалық маңызы мен мазмұнын анықтау; шағын және
орта бизнестің ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу; Қазақстан
Республикасында шағын және орта бизнестің негізгі көрсеткіштерін зерттеп
талдау; қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша
талдау.
Дипломдық жұмыстың қарастырылған мәселелері: қаржы менеджментінің
мазмұнын және тұжырымдамаларын отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми
жұмыстарымен, іс тәжірибесімен танысып анықтау; шағын және орта бизнестің
ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу барысында заңнамалық нормативтік
актілермен танысу; Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің
негізгі көрсеткіштерін статистика мәліметтері негізінде талдау; қаржы
менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша талдау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі - Форум Трэйдинг ЖШС қаржы
шаруашылық қызметі.
Қазіргі кезде кәсіпкерлердің бағалауы бойынша меншікті ресурстардың
мөлшері шектеулі. Бұл шағын бизнес саласында қарыз қаражаттардың
тартылуының жандануына алып келеді. Оларсыз шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы
және дамуы мүмкін емес.
Қазіргі жағдайда шағын бизнес нысандарына қандай да бір жобаның
пайдасы мен тәуекелге баруын дұрыс бағалау керек, осының негізінде
компаниялар арасындағы қаржы тасқыны мен оны қаржыландыру көздері арасын
тиімді жүргізу жолын ойластырулары қажет.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 Бөлім. Қаржы менеджменті мен шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
мен өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .6

1.1 Қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамалары ... ... ... ...6

1.2. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастыру мен басқару формаларының
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1.3. Қаржылық тұрақтылық – шағын және орта бизнестің экономикалық
қызметінің негізгі параметрі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2 Бөлім. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

2.1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарының қалыптасу
ерекшеліктері (ЖШС Форум Трэйдинг) ... ... ... ... ... ... . ... ..27

2. Шағын және орташа бизнес кəсіпорындар қызметінің 2005-2007 жж.
негізгі көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 34

2.3. Форум ТрэйдингЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... . 37

3-Тарау. Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.1. Шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы
менеджментінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

3.2. Шағын және орта бизнесті реттеу тетіктерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ...65

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...73

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2008 жылғы жолдауында
бизнесті дамыту мәселелеріне аса маңызды көңіл бөлген. Дамыған кәсіпкерлік
сектор қандайда болсын мемлекеттің экономикасының негізі [1, 9 бет]. Өткен
жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 процентті құрап отыр. Жалпы алғанда
ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 процентке өсіп
отырған. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін
еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса
есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі
жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуде өзекті рөл атқарды.
Жолдауда кәсіпкерлікті жетілдіру мәселелерінің бірі жаңа Салық
кодексін дайындау, ол салық төлеушілер мен әкімшілік сапасының сәйкес
болуын талап етеді. Ең маңыздысы ол кодекс салық ауыртпалығын экономиканың
шикізат емес салаларында, аса маңызды шағын және орта бизнес үшін
төмендетуді қарастыруы керек. Бұл себептен пайда болған жоғалтулар кен
өндіру салаларының экономикалық қайтарымдылығымен толықтырылады.
Бәсекеқабілеттілікті дамыту үшін арнайы бәсекені қорғау Агенттігі
құрылады. Осыған байланысты заңдар қабылданады.
Сонымен қатар, 30 корпоративтік көш басшылары бағдараламасының дамуы
экономиканың шикізат емес саласының дамуына әсер етеді.
Бүгінгі күні 100 астам белсенді жобалар атқарылуда. Экономика үшін аса
маңызды жобалардың ішінде үшінші Жаңа жол газөңдеуші зауыты, тау-кен
өңдеуші комбинаты және мыс балқыту зауыттарын салу, алюминий зауытын жәнеде
көптеген жобаларды іске асыру қарастырылуда. 30 корпоративтік көш
басшылары Бағдараламасының даму шаралары бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне
көшу үшін жүргізіледі.
Үкімет шағын және орта бизнестің бәсеке қеабілеттігін белсендіру
бағытында жұмыс жасауға тиісті. Микрокредиттер мәселесіне көңіл бөлуі
қажет, өйткені олар азаматтарға өз бизнесін бастап жүргізуге көмек береді.
Жоғарыда аталған себептер бойынша, Президент Үкімет алдында бизнестің
алдында әкімшіліктік ауыртпалықты азайтып, лицензиялау, сертификаттау және
аккредитациялау мәселелін шешу жүйесін жеңілдету талабын қойды. Әлемдік
банктің Бизнесті жүргізу есебі бойынша, Қазақстанда экспорттық
процедураларын жүргізу үшін 89 күн керек екен, ал ол ушін Эстонияда тек 5
күн жеткілікті.
Ел басының жолдауына сәйкес, шағын және орта бизнесті дамытуды шешу
мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы. Ал бұл
мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып
табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының
өзектілігі күмән туғызбасы анық.
Диплом жұмысын орындау мақсаты шағын және орта бизнестегі қаржы
менеджментінің ерекшеліктеріне сүйеніп, қызметіне талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында оған мынадай талаптар
қойылды:
• қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамаларын зерттеу;
• шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы мен мазмұнын анықтау;
• шағын және орта бизнестің ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу;
• Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің негізгі
көрсеткіштерін зерттеп талдау;
• қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша
талдау;
Қойылған талаптарға сай мынандай мәселелер қалыптастырылды:
• қаржы менеджментінің мазмұнын және тұжырымдамаларын отандық және
шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен, іс тәжірибесімен танысып
анықтау;
• шағын және орта бизнестің ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу
барысында заңнамалық нормативтік актілермен танысу;
• Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің негізгі
көрсеткіштерін статистика мәліметтері негізінде талдау;
• қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша
талдау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі - Форум Трэйдинг ЖШС қаржы
шаруашылық қызметі.
Диплом жұмысының құрамы келесідей; қорытынды, қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде, қаржы менеджменті мен шағын және орта
бизнестің экономикалық мәні мен өзара байланысы: каржы менеджментінің
мазмұны және тұжырымдамалары; шағын және орта бизнестерді ұйымдастыру мен
басқару формаларының критерийлері қарастырылған. Екінші бөлімде шағын және
орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қарастыру барысында ЖШС
Форум Трэйдинг қызметінің 2005-2007 жж. негізгі көрсеткіштеріне талдау
жүргізіліп қаржылық жағдайы анықталған. Үшінші бөлімде, шағын және орта
бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту жолдары қарастырылған.
Мұнда шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы
менеджментінің ролі мен реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері
қарастырылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында методикалық негіз ретінде ҚР-сының
заңнамалық нормативтік актілер, отандық және шетелдік ғалым экономисттердің
жұмыстары, оқулықтар және мерзімді басылымдар мен статистика Агенттігінің
мәліметтері қарастырылды.
Диплом жұмысының практикалық мәні шағын және орта бизнесті дамыту
шараларын жүзеге асыру барысында қаржы менеджментінің қажеттілігін
көрсетуде.

1 Бөлім. Қаржы менеджменті мен шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
мен өзара байланысы

1. Қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамалары

Қаржы менеджменті – дегеніміз кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды
ұтымды немесе тиімді басқару жүйесі.
Қаржы менеджменті компаниялардың қаржы ресурстарын басқару немесе
компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану, тарату және
айналымдағы ақша қаражаттарын ұйымдастыруды басқару үшін қолданылатын
әдістермен басқару шешімдерін іске асыру қағидаларының жүйесі.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты компаниялардың ақшалай ағындарын
тиімді басқару. Компаниялардың қаржысын басқару үшін екі қосалқы жүйеден
құрылады:
• Басқару объектісі;
• Басқарушы субъектісі.
Басқару объектісіне жататындар: қаржылық есеп, талдау, жоспарлау,
болжау, бақылау, реттеу, салық салу, несиелеу, сақтандыру, лизинг, жалдау,
факторинг, хеджирлеу және есептесу әдістері.
Басқару объектінің элементтері:
• Қаржы қатынастары;
• Қаржы ресурстары;
• Капитал қозғалысы;
• Ақша айналымы және қаржыландыру көздері.
Басқарушы субъектісі әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржы
қызметі және оның құрылымдық бөлімшелері. Басқарушы субъектісі шаруашылық
жүргізу субъектісінің көлеміне байланысты әр түрлі бөлімдерден тұрады:
• Қаржы бөлімі;
• Жоспарлау бөлімі;
• Маркетингтік бөлімі;
• Есеп бөлімі;
• Бухгалтерия;
• Салықтық есеп бөлімі.
Қаржы менеджменттің түпкі мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектінің
нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ қаржы
ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану табысты көбейту тетігін
қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекелестік деңгейін
көтеру.
Қаржы менеджментінің орындау үдерісінде үш бағыт анықталған:
• Табысты максимизациялау;
• Шығындардарды минимизациялау;
• Салықтарды оптимизациялау.
Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын орындау үдерісінде төмендегі
міндеттерді атқаруы тиіс:
• Алдағы кезеңде компанияның даму саясатына сай келетін қажетті қаржы
ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
• Компанияның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
• Компаниялардың айналым активтерінің қажетті өтімділік деңгейін
қамтамасыз ету;
• Компаниялардың барлық даму кезеңдерінде қаржы тұрақтылығын және
төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету;
• Банкрот болудан қашу және ірі қаржы сәтсіздігін болдырмау;
• Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның немесе компаниялардың
тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• Компаниялардың нарықтық құнын барынша молайту;
• Компаниялардың экономикалық әлеуетінің даму қарқынын қамтамасыз
ету;
• Компаниялардың қызметіне байланысты қажетті рентабелділік деңгейін
қамтамасыз ету.
“Қаржы” және “менеджмент” категориялардың функцияларын талдау
нәтижесінде қаржы менеджментінің негізгі функциялары анықталған:
1. Қаржыны жоспарлау функциясы. Бұл функцияның атқарылуы қаржы
менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қаржы
ресурстарын болжамдау және жоспарлау нәтижесінде анықталады.
2. Қаржыны бақылау. Бұл функцияның атқарылымы қаржы менеджментінің
қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жоспардың орындалу
ерекшеліктерін анықтау негізінде жүргізіледі.
Қаржы менеджментінде қолданылатын экономикалық категориялар
бухгалтерлік есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп
элементтері болып табылады. Қаржылық есеп элементтері екіге бөлінеді:
1. Баланстық есептің элементтері
2. Қаржылық шаруашылық есептің нәтижесі туралы есептің элементтері.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру ережесіне сәйкес бес
қаржылық есеп нысаны қарастырылады:
• Бухгалтерлік баланс;
• Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
• Ақша қозғалысы туралы есеп;
• Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп;
• Есеп саясаты немесе түсініктеме хат.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға бағытталған экономикасының дамуы
кәсiпорындардың қызмет ету мәселелерiне деген қызығушылықты күшейте
түседі.. Экономикалық дамыған жүйелердiң немесе өтпелi жүйелердiң
мәселелерiн шешу жеке кәсiпорындардың қаржы бөлiмдерiне байланысты. Жеке
шаруашылық бiрлiктердiң тиiмдi, тұрақты қызмет етуiне халықтың өмiр сүру
сапасы мен деңгейi, жалпы ел экономикасының даму үрдістеріне байланысты
болып табылады.
Кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етуде сапалы ұдайы
өндiрiс үрдісін жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн олардың қаржылық
тұрақтылығы аса маңызды роль атқарады.
Кәсiпорындардың қызметiнің белсендiлiгiн қамтамасыз ету шығарылатын
өнiмдi ресурстармен қамтамасыздандыру, сонымен қатар өкiметтiк органдар
және тағы басқа мүдделердiң белсендiлiгi есебi мен теңгермешiлiгi кезiнде
ғана жүзеге асырылады.
Экономикалық қатынастар субъектiлерiнiң мүдделерiн есепке ала отырып,
кәсiпорын әрқашан да тұрақты даму мен заңдылықты сапалы өзгерiстер күйiнде
болу керек. Ал кәсiпорындардың тұрақты дамуы олардың ағымдағы, болашақтағы
қажеттiлiктерiн өтейтiн технологиялық прогресс пен институционалдық
өзгерiстердi, капитал салу және табиғи ресурстарды пайдалануды бiлдiредi.
Кәсiпорындардың сыртқы ортамен өзара байланысы мен iшкi қатынастары
кәсiпорындарда қосымша қарама-қарсылықтар жүйесiн туғызады. Мысалы,
жабдықтаушы мен сатып алушы мүдделерi әр түрлi: сатып алу – арзан бағамен
сату, - қымбат бағамен; төлем мерзiмiн ұзарту арқылы алу, өткiзiлген
тауарлар үшiн ақыны дер кезiнде алу. Жұмыскерлер жоғары жалақы алудан басқа
әлеуметтiк қамсыздандыру мен жұмыс орындарының болуын да қалайды.
Кәсiпорындар капиталына салымдар жасайтын инвесторлар табыстың жоғары
деңгейi мен тәуекел деңгейiнiң төмен болуын қалайды. Яғни, кәсiпорындар
қарама - қарсы келетiн әр түрлi өзара байланыстардың қиылысу нүктесi болып
келедi. Бұл қатынасқа түсетiн тараптардың басында белгiлі экономикалық
мақсатты көздей отырып, өз талаптарын ең төменгi мiндеттемелермен немесе өз
мiндеттемелерiн – жоғары талаптармен бiрiктiргендерiнен пайда болады.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшiн динамизм мен теңгермешiлiкке ие
қарама - қайшылықтарды шешу нысаны болуы керек. Ғалымдардың көзқарастары
бойынша бұл нысан ретiнде талаптардың құқығы мен мiндеттерiн шектеу
түрлерiндегi өкiлеттiктердi бөлу негiздерiндегi мүдделер балансын қолдауға
бағытталған қатысушылар арасындағы құқықтары мен шешiмдердi қабылдау
механизмi болуы керек.
Кәсiпорындардың тұрақты даму тұжырымдамасы сыртқы және iшкi орталар
факторларына төменгi керi әсерiнен дамудың тиiмдi нәтижелерiне жетуде
көрiнiс табады. Мысалы, жалақы мөлшерiн төмендетпеу, жұмыскерлер,
серiктестiктер құқығын бұзбау, қоршаған ортаны ластамау.
Тұрақты дамудың бiрден-бiр талабы өндiрiс және айырбас сферасындағы
кәсiпорындардың тиiмдi қызметiнiң нәтижесi болып табылатын кәсiпорындардың
тұрақты қаржы жағдайы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қызмет ететiн кәсiпорындар қаржылары
мемлекеттiк қаржыларынан жеке қаржы жүйелерi ретiнде анықталады. Бұл
жүйелер жұмыскерлердi әлеуметтiк қамсыздандыру мен материалдық ынталандыру,
ұдайы өндiрiстердi кеңейту жөнiндегi шығындарды қаржыландыру және
шаруашылық субъектiлердiң жинақтары мен ақшалай табыстарын бөлу мен
қалыптастыру және оларды қаржы – банк жүйесi алдындағы мiндеттемелерiн
орындауға пайдаланумен байланысты негiздерi және айналым капиталдарының
қозғалысымен байланысты. Олар өз құрамына ''ақшаны” қайтарымсыз
қозғалысымен'' [2, 32 б] байланысты пайда болатын экономикалық жүйелер
салаларын енгiзедi.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң қаржы жүйелерi құнның өндiрiстiк
сауда үдерісiндегi қозғалыс нысанын анықтап, өндiрiстiк тұтыну құндарының
тауарлы – ақша қатарының акпараттарының аяқталуын көрсетедi.[3, 24 б]
Кәсiпорындардың қаржылық қызметi өндiрiстiк қызметпен тiкелей
байланысты, өйткенi қаржылық жүйелерi өндiрiспен айырбас жүйелерiмен
анықталады. Ұдайы өндірісті қаржыландыруды қамтамсыздандыру мемлекет пен
шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен жасалатын қаржыларының ресурс есебiнен
шығындарды жабу болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыру қайта бөлу
тәртiптерде қаржы-банк жүйесiнен өзiндiк және оған теңестерiлген құралдар
есебiнен жүзеге асырылады.
Қызмет етiп отырған кәсiпорындағы қаржылық ресурстардың негiзгi
көздерi түсiмдi қайта бөлу үдерісiнде кейбiр бөлiктерi ақша ретiнде
табыстар мен жинақтар нысанына айналатын өткiзiлген өнiм құны (жұмыстар мен
қызметтер) шығады.
Ұдайы өндiрiстер шығындарының қаржылық қамтамасыз етiлуi үш нысанда
жүзеге асырылады:
1. өзiн-өзi қаржыландыру;
2. несиелендiру;
3. мемлекеттiк қаржыландыру.
Өзiн-өзi қаржыландыру шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің” қаржы
ресурстарын табыспен пайдалануға негiзделген.
Мемлекеттiк қаржыландыру ұлттық табыстың бiр бөлiгiн бөлу және қайта
бөлу үдерісi кезiнде мемлекет басқарудың әр түрлi деңгейлерде қалыптасатын
бюджеттiк және бюджеттiк емес қорлардың құралдары есебiнен қайтарымсыз
негiзде жүргiзiледi.
Несиелендiру қаржыландырудың бiр әдiсi. Ол шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң шығындарын уақытша мерзiмдiк, ақылық және қайтарымды
негiзiнде берiлетiн қаржымен қамтамас сыз ету әдiсi болып табылады.
Меншікті қаржылық ресурстарды құру ұдайы өндiрiс процессi көзқарасының
маңызды элементi бола тұра, нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық
тәуелсiздiкке жету болып табылады.
Арнайы әдебиеттерде қаржылық жағдай ұғымдарының тар және кең
мағынасы көрсетiлген. Кәсiпорындардың қаржылық жағдайының кең мағынасына
анықтама берген А.Д.Шеремет. Кең мағынада жағдай (күй) – кәсiпорындардың
қаржылық ресурстарының бар болуы, орналастыру мен пайдалануын көрсететiн
көрсеткiштер жүйесiн сипаттайтын кешендi ұғым.
Қаржылық жағдай күй – кәсiпорындардың қаржылық жүйесiнiң барлық
элементтерiнiң өзара әсерлерiнiң нәтижесi, сондықтан өндiрiстiк- шаруашылық
факторлар жиынтығымен анықталады.[4, 52б]
Тар мағынада, бұл ұғым әр түрлi ресурстар жабдықтаушыларымен ақшалай
есеп айырысуларды жүргiзу мен тиiмдi шаруашылық қызметiн жүзеге асыру үшiн
қажеттi ақша құралдарымен қамтамас сыз етудi бiлдiредi.
Бұл жағдай күй тұрақты және тұрақсыз болып сипатталады. Егер
кәсiпорындардың қаржылық жағдайы тұрақты болса, онда ол төлем қабiлеттiгi
бар, яғни жабдықтаушылармен есеп айырысудағы, жұмыскерлермен, қызметкерлер
мен жалақы бойынша есеп айырысуды банктер, бюджет алдындағы мiндеттемелердi
орындауға және басқа да ағымдағы, жедел қаржылық жоспарынан жұмсалынған
мiндеттемелердi орындауға мүмкiндiк бередi.[5]
Тұрақсыз қаржылық жағдай кәсiпорындарға жалақы бойынша қаражаттардың
жетiспеуi, материалдарды жабдықтаушылардың алдында қарызды өтеу және басқа
да қаржылық төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мәселелерге байланысты пайда
болады. [5]
Отандық және шетел экономикасының бiрқатарында қаржылық тұрақтылықты
қарастыру кездерiнде оның салалық аспектiсi қолданылады.
Кәсiпорындардың қызметiн жүргізу үрдістерінің нәтижелерi көрсеткiштер
жүйесiнiң көмегiмен анықталатындығы сөзсiз. Бiрақ, В.С. Спириннің айтуынша,
Көрсеткiштерде алдымен өндiрiстiк ресурстардың қайта құруларының санақ
нәтижелерi көрiнiс табады. Ал нәтижелердiң сапалық жағы, яғни өндiрiстiң
терең мәнi - басқару функциялары мен қызмет үдерістерiнiң, өндiрiстiк
компоненттерi арасындағы байланыс сипатын анықтау негiзiнде табылады .[6]
Шеремет А.Д., Юданов А.Ю. және тағы басқалар жұмыстарында
кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылыққа деген көзқарасы тек сандық қана,
сонымен қатар оның қаржыларының сапалық сипаттамасы да көрсетiледi. Осы
екiншi көзқарас әдiлеттi болып саналады, өйткенi экономикалық құбылыстардың
мәнiн ашу үшiн оны тек сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да
қарастырылуы керек.
Қаржылық тұрақтылық категориясының мазмұны барлық кәсiпорындар үшiн
жалпы болуы керек, ал оның сандық сипаттамаларының салалық және ұлттық
ерекшелiктерi болады.
Осыдан, қаржылық тұрақтылық – кәсiпорындардың қаржылық ресурстарды
қалыптастыру мен пайдалану жөнiндегi нарықтық қатынастардың басқа
субъектiлерiмен қатынастар жүйесi екенін білдіреді. Бұл жүйе шеңберiнде
iшкi қайта құрулар мен бейiмдеулер арқылы кәсiпорындар сыртқы объектiлердi
шектеулер меңгередi және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мен ұдайы өндiрiстi
қаржыландыру жүзеге асыру мүмкiндiгiне ие болады.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қаржылық тұрақтылығы оның сыртқы
және iшкi өзгерiстерiне жауап беру мүмкiндiгiн куәландырады. Қаржылық
тұрақтылық, бiр жағынан, кәсiпорындар қызметтерiнiң қаржылық, инновациялық,
коммерциялық, өндiрiстiк нәтижесi бола отырып, екiншi жағынан, аталған
қызмет түрлерiн тиiмдi жүзеге асыру шарты болып табылады.
Кәсiпорындардың қаржылық жағдайы банкроттыққа жақын тұрақсыз күйден
''абсолюттi тұрақты'' күйге көше алады А.Шереметтiң айтуынша.[4]
тұрақтылықтың бұзылуы кезiнде үдерістiң бағыттылығы үлкен орын алады:
тұрақсыздықты күшейту немесе оның әлсiзденуi.
Кәсiпорындардың қаржылық жағдайының нашарлауы қаржылық дағдарыстың
пайда болуына апаруы мүмкін. Бұл жерде дағдарыс – ол кәсiпорындар
қаржыларының сапалық құрылуы. Сандық өзгерулер дағдарыстарының дәрежелерi,
белгiлері болып табылады. Бұл анықтама бойынша сандық өзгерiстер сапалық
өзгерiстермен бiрге жүрмейдi, яғни дағдарыс емес, олар дағдарыс алдындағы
жағдайды туындатуы мүмкiн.
Дағдарыс кездерiнде болып жатқан қаржылардың сапалық қайта өзгерiстерi
кәсiпорындар үшiн керi және оң сипатта болу мүмкiн. Үйреншiктi деструктивтi
дағдарыстар дәстүрлi түрде бiр нәрсенiң жоғалу, қысқаруымен байланысты, ал
конструктивтi дағдарыстар экономика жағдайын өзгертедi.
Экономикалық қатынастар жүйесiнiң өзгерiстерi өтiп жатқан
трансформациялық дағдарыс кезiнде кәсiпорындар қызметтерiнiң мақсаттарын,
мотивтердiң, себептердiң түбiрлi өзгеруiн туындатады және қайта құру
мақсаттарына сәйкес, олар қаржыларының тұрақтық сипаттамаларындағы
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн құру керек.
''Кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылық'' категориясы сандық сипаттамасы
болатын нақты экономикалық көрсеткiштерде көрiнiс табады.
Субъектiлердiң қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын экономикалық
көрсеткiштердi қарастырып және трансформациялық дағдарыс жағдайындағы
Қазаәстандық кәсiпорындардың қаржылық жағдайын бағалау үшiн әлемнiң
тәжiрибесiнде кең тараған қолданыстағы көрсеткiштердiң қайсысын пайдалануға
болатынын анықтап көрсетейiк.
Кәсiпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығы тұрақсыздығы арнайы
коэффициенттердi оқу, анықтау динамикадағы абсолюттi және салыстырмалы
көрсеткiштердi есептеу мен балансты оқу сияқты талдаудың әдiстерiн қолдану
арқылы кәсiпорындар балансының негiзiнде анықталады.
Бiрнеше жылдар бойынша динамикадағы кәсiпорындардың қаржылық
тұрақтылығы, көрсеткiштерiнiң талдауы, оларды мемлекетте белгiленген
критерийлермен, сәйкес шетелдiк кәсiпорындардың көрсеткiштерiмен, саланың
басқа кәсiпорындар көрсеткiштерiмен салыстыру кәсiпорындардың қаржылық
тұрақтылық (тұрақсыздық) дәрежесiн бағалауға және оның қаржылық жағдайын
жақсартуға қолданылған шаралар кешенiн жасауға, негiзделген инвесторлық
шешiм қабылдауға және өзара пайдалы келiсiм жасауға мүмкiншiлiк бередi.
Экономистер арасында қаржылық тұрақтылықтың нақты экономикалық
көрсеткiштерi қандай екендiгi жөнiнде ортақ пiкiр жоқ. Бiр көрсеткiштi
есептеудiң әртүрлi әдiстерi кездеседi. Мысалы, оңтайлану коэффициентi
туралы М.И.Литвин мобильдi қаражаттар деген қысқа мерзiмдi есептемегенде
мобильдi қаражаттар қатынастар ретiнде түсiнсе, А.Д. Зудилин, М.М.Лоханина,
Л.М. Золкинаның айтуынша, меншік (жеке) айналым капиталдардың жеке
капиталдардың жалпы сомасына қатынасы осы коэффициенттердiң мәнiн ашады
делінген [7]
Кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылығына берiлген сандық анықтамаларға
деген көзқарастың iшiнен негiзгiлерiн қарастырып өтейiк.
1) Кәсiпорындардың қаржылық жағдайларының тұрақтылығын материалдық
айналым құралдар құны және оларды қалыптастырудың меншiк пен
тартылған көздердiң арақатынасы анықтайды. Шығын мен қорларды
қалыптастыру қорлары мен қамтамасыз ету, олардың пiкiрiнше,
қаржылық тұрақтылық мәнi, ал оның негiзгi көрсеткiшi шығындар
қорларының өлшемi мен құралдар көздерiнiң өлшемi арасындағы
айырма түрлерiнде алынатын шығындар мен қорларды қалыптастыру
үшiн, құралдардың артылғаны немесе жетіспеушілігі болып
табылады. Кәсiпорындардың қаржылық жағдайларының тұрақсыздығының
сыртқы көрiнiсi –оның төлем қабiлеттiлiгiн көрсетеді [8]
Шеремет, Сайфуллин т.б.
2) Литвин М.И., Дуйсембаев К.Ш. [7, 9] қаржылық жағдайларының
тұрақтылық көрсеткiштерiн кәсiпорындар төлем қабiлеттiлiгiнiң
құрамдас бөлiктерi деп санайды, ал бiздiң ойымызша, дұрыс емес,
өйткенi төлем қабiлеттiлiгiне қарағанда кәсiпорындардың қаржылық
тұрақтылығы категориясы кең және қаржылық тұрақтылықтың келесi
көрсеткiштерiн алға шығарады: автономия коэффициентi, мобильдiк
коэффициент, оңтайландыру коэффициентi және жеке капиталдардын
ұзақ мерзiмдiк қарызға қатынасы.
3) Стоянова Е.С. [10] кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылық
көрсеткiштерiн бөлiп көрсетедi: қаржылық тұтқа нәтижесi, меншiк
қаражаттарының рентебельдiлiгi, қаржы тұтқа иығы, қаржылық
тәуелсiздiк коэффициентi, қарыз қаражаттарының мерзiмдiк тарту
коэффициентi, меншiк қаражаттарының оңтайлану коэффициентi,
амортизация коэффициентi, кәсiпорындар мүлкiндегi негiзгi және
материалдық айналым қаражаттар құнының коэффициентi,
экономикалық тиімділік пен қаржылық артықшылықтар арасындағы
арақатынас коэффициентi, инвестицияларды жабу коэффициентi, өзiн-
өзi қаржыландыру қабiлеттiлiгi мен қарыз қаражаттарының
арақатынастары, қосылған құн мен өзiн - өзi қаржыландыру
қабiлеттерiнiң ара қатынасы, кәсiпорындардың қаржылық берiктiк
қоры.
Қаржы менеджментінің базалық (негізгі) тұжырымдамалары
Қаржы менеджменті мына негізгі өзара байланысты концепцияларында
негізделеді:
1. ақша ағыны концепциясы
2. ақша ресурстарының уақытша құндылығының концепциясы
3. тәуекел мен табыстылық арасындағы компромисс концепциясы
4. капитал құнының концепциясы
5. капитал рыногының тиімділігі концепциясы
6. ақпараттардың ассиметриялық концепциясы
7. агенттік қатынастар концепциясы
8. альтернативтік шығындар концепциясы
Ақша ағыны концепциясы мынаны білдіреді:
а) ақша ағынының идентификациялау, оның түрі мен ұзақтығы (қысқа
мерзімді, ұзақ мерзімді, пайызбен немесе пайызсыз);
ә) ақша ағынының элементтер көлемін анықтайтын факторларды бағалау;
б) уақыттың түрлі сәттеріндегі жұмылдырылатын ағынның элементтерін
салыстыруға мүмкіншілік тудыратын дисконттау коэффициентін таңдау;
в) берілген ағынмен байланысты тәуекелді бағалау, және оны есепке алу
әдістері.
Ақша ресурстарының уақытша құндылығының концепциясы Уақытша құндылық –
ол ақша ресурстарының объективтік сипаттамасы негізгі үш себептермен
анықталады: инфляция; күткен соманы алу немесе ала алмау тәуеклімен және
айналымдылықпен.
Тәуекел мен табыстылық арасындағы компромисс концепциясы Бұл
концепцияның мәні, бизнесте әрқашан тәуекелмен байланысты қандай да болсын
табысты алуда. Сол сәтте, табысты максимизациялау тәуекелді
минимизациялаумен тұтасуы мүмкін.
Капитал құнының концепциясы Қандайда болсын қайнар көзге қызмет
көрсету фирма үшін бірдей бола бермейді. Осыдан, әр қайнар көздің орынын
толықтырумен байланысты қолдауға және залаға ұшыратпауға қажетті капитал
құны табыстың минимальді деңгейін көрсетеді,
Бұл концепция инвестициялық жобаларды талдауда және қаржыландырудағы
альтернативті варианттарды таңдауда аса маңызды болып табылады.
Капитал рыногының тиімділігі концепциясы Бұл бағалы қағаздар мен
қаржы нарығындағы операциялар, олардың көлемі ағымдағы бағалар мен бағалы
қағаздардың ішкі құнының сәйкестілігіне байланысты. Ақпарат негізгі
түпкілікті фактор ретінде қарастырылады. Тиімді рыноктың 2 негізгі
мінездемесі бар:
1) Рынокта инвестор көп мөлшерді күтуде негізделген аргументтерге
ие бола алмайды, тек берілген тәуекел дәрежесіне сәйкес
инвестициялық капиталға орташа табысқа ғана сенімді бола
алады.
2) Инвестицияланған капиталға табыс дәрежесі тәуекел дәрежесінің
қызметі болып табылады.
Бұл концепция тәжірибеде тиімділіктің 3 нысанында жүзеге асырылады: әлсіз,
баяу,және күшті.
Ақпараттардың ассиметриялық концепциясы Бұл концепция алдыңғы
концепциямен тікелей байланысты. Мұның мәні мынада, жеке категориядағы
тұлғалар рыноктағы басқа тұлғалар қол жеткізе алмайтын ақпараттарға ие бола
алады.
Агенттік қатынастар концепциясы Концепция бизнестің ұйымдастырушылық-
құқықтық нысандарынның күрделі болуымен байланысты енгізілген. Меншік
иелері мен менеджерлер араларында туындайтын қарамақайшылықтарды реттеуге,
керек емес жағдайлардың алдын алу үшін.
Альтернативтік шығындар концепциясы Концепция қандай да болсын
салымның альтернативасы болатынын көрсетеді

1.2. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастыру мен басқару формаларының
критерийлері

Қаржылық ағымдарды ұйымдастыру мен оларды басқару- қаржылық
ресурстардың құрылымы мен құрамы көптеген факторларға ғана емес, сонымен
қатар, бизнестің түрі мен кәсіпорын көлеміне де байланысты болады. Жалпы,
шаруашылық субъектіні әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажет.
Қолданып жүрген заңға негізделіп, түрлі шаруашылық субъектілерінің түрлерін
құру қарастырылады, яғни нысандарымен ерекшеленетін көлемі мен олардың
қаржысын басқару қағидалары қарастырылады.
Қазақстанның авторлары жазған сөздіктерінде, шағын бизнестің нақты
анықтамасы жоқ деп айтсақта болады, оның тек шағын бизнес ретінде ұқсас
анықтамалары бар. Ал Я.А. Аубакировтің сөздігінде шағын кіспорын –ол
заңды тұлға ретінде құқығы бар, шек қою немесе жұмысшылардың санына және
шаруашылық іскерлігінің көлемі сияқты белгілерімен айрықшыланатын
жауапкершілікті шаруашылық субъект. Бірақ меншік формасына байланысты шек
қою қарастырылмайды. Құрылтайшылардың құрылымына қарай шағын кәсіпорын,
жуапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпорын, кооператив, мемлекеттік
немесе араласта болуы мүмкін.[11] Ал, шағын кәсіпорындардың салықты төлеу
жағынан жеңілдіктері бар Сонымен қатар, М.Н Абишевтің айтуынша шағын
бизнес- кез-келген жеке формасының негізінде шаруашылық қызметінің барлық
түрлерін іске асыра алатын, 200-ге дейін жұмысшылар саны болатын
кәсіпорын.[12]
Сонымен шағын бизнес - жеке кәсіпкерлердің кісіпкерлік қызметіне
негізделген, кішігірім кәсіпорындарда шағын формада жүргізілетін бизнес.
Біз жоғарыда келтірілген барлық анықтамаларды ресми деп айта алмаймыз.
Бірақ, соңғы авторлардың айтуынша, шағын бизнесті анықтау үшін міндетті
түрде ресми критерийлерді қарастыру қажет. Байқағанымыздай, шағын бизнес
жай анықтамаға берілмейді. Сол себептен бұрын шетел және отандық
зерттеушілердің шағын бизнеске жалпылама немесе бір ғана анықтама беру
кезіндегі жасаған әрекеттері негізсіз сияқты.
Сонымен, бәрімізге белгілі азаматтық заңдылықтағы анықтамаларға нақты
қатаң бекітулер қажет. Сонымен қатар бізде Еуропалық елдегі шағын бизнесті
анықтауға арналған салыстырмалы зерттеулер жүргізілген.
Шағын және орта кәсіпкерліктің анықтамасына келесідей талдау
критерийлері қарастырылған.
Олар:
1. қаржылық критерийлер
• Жиынтық активтер – ол қолма-қол құралдардың жиынтығы, кәсіпорынның
меншігіндегі барлық тауарлы-материалдық қорлар, жер, машиналар,
құрал-жабдықтар және басқа да ресурстар
• Меншікті капитал- инвесторлармен жасалынған жиынтық жұмсалым.
Корпорацияда акцияның иелері инвестор болып табылады.
• Жарғылық капиталдың құрамы
• Сатудан түскен жыл сайынғы түсім, максималды жылдық айналы
2. қаржылық емес критерийлер:
• Жұмысшылар саны
Әр критерийдің өзінің артықшылығы мен кемшілігі бар.
Жоғарыда көрсетілген критерилердің әртүрлілігіне, таралуына
қарамастан, олардың сандық параметрлеріне өте кең мағына беруге болады,
тіпті бір ғана ел ішінде басқа да елді қоспағанда. Шағын бизнесті
дамытудағы әлемдік тәжірибе халықаралық мекемелеріне шағын бизнеске деген
шаруашылық бірліктерінің қатынасын көрсететін критерилерді өндіруге,
жасауға мүмкіндік берді. Мысалға, халықаралық еңбек конференциясының
(1997ж) халықаралық еңбек бюро баяндамасында, шағын және орта
кәсіпкерліктегі ауыл шаруашылық аясына жатпайтындарға мыналар жатқызылады:
19 адамға дейін жұмыспен қамтылған - ол МОТ, өте шағын, 99 адамға дейін
шағын, 100-ден 499-ға дейін –орта, 500-ден жоғары-ірі.
Талдаудың негізінде және әлемдік тәжірибенің жиынтығында және бар
әдебиетті қолданып, біз шаруашылық бірліктерінің белгілерін жүйелендіруге
тырыстық, шағын бизнеске байланысты:
1. кәсіпорын меншіктенушінің басқаруға қатысуы;
2. шешімді қабылдаудағы қадағалаудың жоғы;
3. шағын бизнес кәсіпорынның жоғарғы икемділігі, өнеркәсіптік және
өткізу қызметтері барлық аудандарда;
4. ішкі ресурстар негізінде өзінң даму бағыттары;
Сонымен қатар қызықтыратын тәсілдердің бірі - АҚШ жасаған тәсілдеме,
олар тікелей шағын бизнестің сандық анықтамасын шағын бизнес туралы акт
арасындағы қатынасты қарастырған, яғни осы бизнеске сандық белгілерінің
саласына байланысты шағын санаттарына қатынасын қарастырады. Мұндай сандық
критерии мынадай атқа ие болды
Стандарттық мөлшері. Шағын бизнес қызмет әкімшілігі өндіруші
кәсіпорын салаларына негізгі екі жиі кездесетін стандарттардың мөлшерін
шығарды - ол 1) белгіленген жұмысшы саны - 500 адам, 2) жалпы жылдық табыс
көлемі 5 млн.доллардан аспайды.
Бірақ, сонда да көптеген айрықшалықтардың бар екенін де білуіміз
қажет, мысалға белгілі бір жағдайларда кейбір құрылыс компаниялары шағын
бизнес категорияларына кіруі мүмкін, тіпті олардың жылдық түсім көлемі 17
млн. дол.шамасында болса да.
Әлемдік тәжірибе бойынша экономикалық әдебиеттерде шағын бизнестің
келесідей ұйымдастыру-құқықтық формаларын ажыратады:
1. Бір ғана меншік иелігіндегі фирма, шағын бизнестің бірден-бір жай
формасы. Әдетте, мұндай кәсіпорынды ашу үшін, лицензияны жергілікті
билік органдарынан алып, тауарлы атын тіркеу жеткілікті.
2. Іскерлік серіктестік болса, екі немесе одан да көп тұлғадан тұратын
ұйым және екеуінің арасында кәсіпорынды бірігіп басқару туралы
келісімшарт бекітіледі. Серіктестік толық және бірлескен болуы мүмкін.

3. Корпорация. Бұл ірі және орта бизнеске лайықты, бірақ корпорацияның
барлық санынан құралатын ұйымдық форма.

1 Сызба. Кәсіпкерлік субъектілерін сыныптау критерийлері
Жеке кәсіпорын Орташа жылдық жұмысшыларОрташа жылдық активтер
субъектілері саны құны
Шағын кәсіпорын 50 адамнан көп емес 600000 АЕК аспайды
Орташа кәсіпорын 50 адамнан көп, бірақ 325000 АЕК аспайды
250 адамнан аспайды
Ірі кәсіпорын 250 адамнан асады 325000 АЕК асады
Жеке кәсіпкер - -

Көзі: ҚР Азаматтық кодексі негізінде құрастырылған

1. Сызба. Салық тәртіптемесінің талаптары
Шағын кәсіпорын Жұмысшылар саны Шекті табыс
субъектілері үшін арнаулы
тәртіптемесінің талаптары
1.Жеке кәсіпкер үшін 15-25-ке дейін адам 4,5млн.тенге
-10,0млн.тенгеге дейін
салықтық кезең үшін
2.Заңды тұлға үшін 25-50 адамға дейін 9млн.тенге - 25,0млн.
т-ге дейін салықтық
кезең үшін

Көзі: ҚР Салық кодексі негізінде құрастырылған

Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР-ның заңына сәйкес 31 қаңтар 2006 жылдан
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің критерилері ретінде орташа жылдық
жұмысшылар саны мен орташа жылдық активтер құны алынған.
Жеке кәсіпорын туралы ҚР заңына сәйкес қоғамдық қатынастар, жеке
кәсіпорынның жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың арасында
болатын, негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік талаптарды
анықтайды. Сонымен бірге, нормативтік актілер талдауы көрсеткендей,
Қазақсатанда жұмыс жасап жатқан, басқа нормативті құқықтық ережелер бар,
сонымен олар кәсіпорын субъектілерінің сыныптамасының реттемелеуші
белгілерін ұстайды.
ҚР-ның Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы
кодексі шағын кәсіпорын субъектілеріне өзінің талаптарын еңгізеді,
оңайлатылған режимді есептеуге және салықты төлеу үшін қолдануға құқығы
бар. Сондықтан, 376 бабқа сәйкес, келесідей талаптар оңайлатылған
тәртіптемесіне қойылған.
1.Жеке кәсіпкер үшін, шекті табыс 4,5млн.тенге - 10,0млн.тенгеге
дейін;
2.Заңды тұлға үшін шекті табыс 9млн.тенге - 25,0млн. т-ге дейін.
Келтірілген талаптар мыналарды көрсетеді, салық заңы өзінің талаптарын
бекітеді, олардың шекті параметрлері кәсіпкерлік қызмет субъектілері
белгілерінің ішінде. Экономикалық көзқарас тұрғысында, берілген сыныптама
оңайлатылған режимді есептеуді қолдануда салықты төлеуге шектерді қояды,
яғни салықтық түсімдерді бақылау функциясын орындайды.
ҚР-ның Бугалтерлік есеп туралы заңында кәсіпорын субъектілерінің
сыныптамалары басқадай белгілері алдын-ала қарастырылып қойған, нақтылай
айтқанда, оңайтылған қаржылық есеп беру жүйесін және бугалтерлік есеп
беруді қолдану жағынан. Шағын және орта бизнестің сандық және сапалық
критерийлері оның артықшылықтары мен кемшіліктері келесі сызбаларда
көрсетілген.
3. Сызба. Шағын және орта бизнестің сандық және
сапалық критерийлері

сандық сапалық
жылдық айналым Қызметтің коммерциялық сипаты
баланс
валютасы
(жиынтық активтер)
меншікті капитал




Жұмысшылар саны Қызмет ету саласы

Көзі:Шестаков А.В. Предпринимательская деятельность:- М.: Издательский
дом Дашков и К-2000.-с.58

Шағын және орта бизнес сапалық жағынан ірі кәсіпорындардан мынадай
айрықшалықты белгілерімен ерекшеленеді:
• өндірілетін өнімнің кішігірім санының салыстырмалы түрде болуы;
• шекті ресурстар және қуатты салыстыру;
• тұрақты даму және өзгерістерге үйрену;
• жаңалықты еңгізу үшін неғұрлым жоғары қасиеттің болуы;
• негізгі басқару органдары және акциялардың көп бөлігі кәсіпорын
басқарушысымен ұсталады немесе оның жақындарымен;
• тұрлаусыздықтың жоғарғы деңгейі;
компанияның стратегиялық оқиғасын бақылау және бағалауға қажетті –
дамыған басқару жүйелері.
Көптеген анықтамалардың салыстырмалы талдауы жоғарыда
көрсетілгендердің кемшіліктері мен артықшылықтарын бақылауға мүмкіндік
береді.
Сапалық белгілерін қолдану мысалына, көп кездесетін ұғымды, шағын
кәсіпорын субъектісін келтіруге болады ол- коммерциялық ұйым.

4 Сызба. Шағын және орта бизнестің сандық және сапалық критерийлерінің
артықшылықтары мен кемшіліктері
Сандық белгілері Сапалық белгілері
артықшылыОларды қолданудағы қолайлық Олардың теоретикалық
ғы негіздемесінің және кең
спектрін есептеудегі кейбір
деңгейі

кемшілігіТеориялық базаның жоқтығы, Сапалық анықтамаларын практика
осыған байланысты оларды жағынан қолдану қиындығы,
салыстырмалы талдау жүргізу фирманың ішкі ақпаратына қол
қиындығы жеткізу қиындығы, мысалға,
менеджмент жүйесі, сонымен
қатар белгілерінің өз кең
спектрі.

Көзі:Шестаков А.В. Предпринимательская деятельность:- М.: Издательский
дом Дашков и К-2000.-с.54

Сонымен, кәсіпорынның ресми белгілерінің салыстырмалы талдауы,
көптеген елдерде қолданылатын, оларды сандық және сапалық деп бөлуге
мүмкіндік береді және де әр қайсысының тобында қаржылық , қаржылық емес
топтарын бөлеміз.
Егер біз кәсіпорын субъектілерінің санын тездей көбейткіміз келсе,
онда кәсіпорынның кішігірім жұмысшылар санын кәсіпорынның белгісі ретінде
бекітуіміз қажет. Осындай жағдайда кәсіпкер болуды армандайтындар міндетті
түрде жұмысшылар саны жоғарғы деңгейге жеткен кезде, жаңа кәсіпорынды
құруға мәжбүр болады. Мұндай белгі шағын кәсіпорынның ірі кәсіпорынға
ауысуын тоқтатады.
Шағын бизнестің кез-келген айналым масштабына шек қою әрекеті шағын
бизнестің тоқыраушылығына әкеледі. Ал, өзіне алтын орынды тапқан
кәсіпкер, өзінің қызметін шектеу немесе көлеңкелі экономикаға өтуге мәжбүр
болады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпорынның субъектілері жеке кәсіпкерлер және
заңды тұлға бола алмайды, яғни 31 қаңтар 2006 ж №124-111 Жеке кәсіпкерлік
туралы заңға сәйкес шағын кәсіпкерлікке тиесілі емес қызметті.
Шағын бизнес кәсіпорынның үлкендігі жұмыспен қамтылғандардың орташа
алғанда жылдық санына байланысты.
Ал осы заңның жағымды жағының бірі, ол- кез-келген шағын кәсіпорын
субъектілері өз қызметін микрокәсіпорын ретінде жүргізе алады және де
қол өнер субъектілері бола алады.
Ал микрокәсіпорындарға келесідей шағын кәсіпорын субъектілері жатады:
• Коммерциялық ұсталымдар(қаржы-сапалық белгілері), өз қызметін
келесідей белгілері арқылы жүргізетін:
• Шағын кәсіпорынның құрылтайшысы тек жеке тұлға бола алады
• Жұмысшылардың тізімі бойынша орташа саны 10 адамнан артық болмайды
Негізінен микрокәсіпорын ұғымы заңға еңгізілуге келмейді, сондықтан
мұндай кәсіпорынды жұмысшылар саны шектеулі шағын кәсіпорын деп атаса
болады.
Ал, егер кәсіпорын жұмысшыларының орташа саны заңда бекітілген шектен
асып кетсе, онда мұндай шағын кәсіпорын барлық мәртебесінен, яғни 3 ай
аралығында барлық жеңілдіктерінен, мемлекеттің тура және жанама қолдау
түрлерінен айырылады.
Сонымен қатар, қол өнер субъектілерін де мақсатқа сай мәртебеге еңгізу
жүріп жатыр. Қол өнерді еңгізудің қажеттілігі мынада, бұл кәсіпкерліктің
объектісі ұлттық мәнге ие бола алады. Қол өнер субъектілеріне шағын
бизнестің келесідей белгілеріне сай субъектілерді жатқызуға болады:
• 90%-дан кем емес жалпы өндіретін өнімнің көлемінен қол өнер қызметі
өндіріледі;
• 20%-дан кем емес еңбек шарты бойынша берілген шағын кәсіпорынның
субъектісі –қол өнер субъектісі болып табылады;
• Қол өнер тікелей кәсіпкерлік процестерге қатысады және 50%-дан артық
пайыз немесе жарғылық капиталында немесе жалпы мүлігінде үлесі бар.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қол өнерші негізінен заңды тұлға болып
табылады, тек қол өнер щебері деген атқа ие болатын тұлға бола алады.
Қол өнерші, қол өнер қызметі бүткіл әлемде қолданылады. Бұл жалпылама
Еуроодақтың, ДСҰ және БҰҰ-ның терминологиясы.

1.3. Қаржылық тұрақтылық – шағын және орта бизнестің экономикалық
қызметінің негізгі параметрі

Төменде қазiргi жағдайдағы Қазақстандағы кәсiпорындардың қаржылық
жағдайын бағалауға мүмкiндiк беретiн қаржының тұрақтылық көрсеткiштерi
қарастырылған.
Меншiкті қаражаттар көздерi кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығымен
байланысты: меншiк қаражаттар көздерiнiң қоры – кәсiпорынның қаржылық
тұрақтылық қоры. Өз мiндеттемелiрi бойынша мерзiмiнде есептесетiн,
айқындалмаған дебиторлық және кредиторлық қарызды болдырмайтын, өзiнiң жеке
қаражаттары есебiмен активке салынған қаражаттарды жабатын (негiзгi қорлар,
материалдық емес активтер, айналым құралдары) шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң қаржылық тұрақтылығы болып табылады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткiш –
жеке капиталдың жалпы сомасының кәсiпорынға авансталған барлық құралдардағы
үлес салмақ көрсеткiшi, яғни жеке капиталдың жалпы сомасының баланс
нәтижесiне қатынасы. Бұл көрсеткiш ''автономия коэффициентi'' деп аталады.
Ол арқылы кәсiпорынның қаншалықты қарыз капиталынан тәуелдi болатынын
анықтаймыз. Батыс тәжiрибиесiнде бұл коэффициенттi 50-60 % мөлшерiнде ұстап
тұру деген пiкiр бар. Коэффициенттi есептегенде меншiк және қарыз
қаражаттар құрылымымен есептiк кезең бойынша оның өзгеруiне көп көңiл
бөледi.[13]
Автономия коэффициентi салалық белгiсiне қарай өзгере бередi. ҒТП
тетiктерi болатын және даму қарқындары жоғары болып келетiн салалар
тартылған құралдар үлесiн көп қажет етедi. Бұл мынандай капитал сыйымдылығы
жоғары болатын салаларға қатысты: газ және мұнай құбырларын салу,
коммуникацияларға қызмет көрсету, өндiрiстiк өнеркәсiп. Жалпы Қазақстанда
қаржылық тұрақтылыққа керi әсерiн тигiзетiн автономия коэффициентi
төмендеуде.
Кәсiпорынның сыртқы қарыздар тәуелдiлiк деңгейi қарыз қаражаттарының
меншiк қаражаттарына қатынасы ретiнде реттелетiн және меншiк қаражаттарының
әр бiр теңгесiне қанша қарыз қаражаттарының келетiнiн көрсетедi. Қауiптi
деңгейi – 1 (оптималды мөлшерi – 0,7), бұл айналымдылығы жоғары салаларға,
мысалы саудаға қатысты емес, бұл көрсеткiштi басқаша қаржылық тұтқа иығы
деп атауға болады.
Реформалар кезiнде мүлiк құндылығында мiндеттемелер үлесi күрт өсiп 50
проценттен асты. Ал мiндеттемелердiң өсуi құрылымның мүлдем өзгеруiне алып
келдi. Мiндеттемелердiң басыңқы бөлiгi – кредиторлық қарыз болып, несие
үлесi төмендеуде.
Қазақстандық кәсiпорындардың мұндай iс-әрекеттерi негiзделген несие
алу тиiмсiз, өйткенi проценттiк ставкасының байланысы өнеркәсiпте қаржылық
тұтқа нәтижесi жоқ, ал кредиторлық қарыз бойынша проценттер әлi
есептелмеген және де олар құнсыздалған.
Өздерiнiң құралдарын оңтайлану козффициентi өз капиталдарының жалпы
сомасындағы, өз капиталының үлес салмағының көрсеткiшi және кәсiпорынның өз
капиталының қандай да бөлiгi иммобилизация сипатындағы құндылықтарға
қосылмаған деген сұраққа жауап бередi.
Меншiк айналым қаражаттарымен қамтамасыз етiлуі кәсiпорынның қаржылық
тұрақтылығы үшiн қажет. Оның жеке айналым құралдарының болуын сипаттайтынын
және коэффициентiнiн мүмкiн шектi өлшемi 0,1 құрайды.
Кәсiпорынның активтерiнде салынған қаражаттардың жалпы нәтижесiнде
негiзгi капилының үлес салмағы. Оптималды мәнi – 0,5.
Қазақстандық жағдайда төлем қабiлеттiлiгi қаржылық тұрақтылықтың
сыртқы көрiнiсi. Оны бағалау үшiн қолданылатын көрсеткiштердi қарастырдық.
Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi (АӨК). Кредиторлық борыштың қысқа
мерзiмдi талаптарын жабуды жалпы сипаттайтын көрсеткiш. Кәсiпорындағы
айналым қаражаттар құнының әртүрлi кредиторлық қарыздар, қысқа мерзiмдi
заемдар мен банктiң ұзақ мерзiмдi несиелерi түрiндегi кәсiпорынның
мiндеттемелерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi. Жалпы қабылданған
көрсеткiштiң мәнi-2. Қазақстанда оның мүмкiндiктерi шектеулi. Қазiргi
жағдайда Қазақстандағы дебиторлық қарыздың көп бөлiгiнiң мерзiмдерi өтiп
кеткендiктен, қойылған сатып алушыларға автоматты түрде шот сомаларын
нормативтердi есептеу процедурасына қосу АӨК керектi деңгейiне шығуға
мүмкiндiк бередi. Бұл нақты төлеу қабiлетiн көрсетедi.
Қаржылық жабу коэффициентi (ҚЖК). Оны есептеу кезiнде айналым
құралдарының шикiзат, материалдар, аяқталмаған өндiрiс және дайын өнiм
қорлары алынады. Оның құрамында дебиторлық қарыздың болуынан Қазақстанда
қолданылуы шектеулi. Әлеуметтiк тәжiрибеде қабылданған критерийлерi 70-80
процент. Бұл жағдайда Қазақстан кәсiпорындарының қаржылық тұрақтылығы мен
төлем қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде болатынын көрсетедi.
Абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi (АӨК). Қаржы салымдары мен ақша
құралдарына ортақ – қысқа мерзiмдi қарыздарға қатынасы ретiнде есептеледi
және кәсiпорынның балансындағы құралдар есебiнде қысқа мерзiмдiк қарызды
өтеу жөнiндегi мүмкiндiктерiн көрсететiн жалпы қабылданған мәнi 20-25
процент.
Төлем қабiлеттiлiк коэффициентi кәсiпорынның ақша құралдарының
жабдықтаушылардың қарыздарына қатынасын көрсетедi.
Дағдарыс жағдайында қаржылық жағдайды бағалау үшiн вексель мен
шоттардың қайтымдылық көрсеткiшiн қолданған жөн. Ол несие өткiзу көлемiмен
алуға шоттар орталықтандырылған жылдамдылық құнына қатынасы ретiнде
есептелiнедi және бұл көрсеткiштi төлем шоттар мен вексельдерiнiң
қайтымдылық коэффициентiмен салыстырған дұрыс. Бұл көрсеткiш төмендегi
формуламен есептеледi:
К= өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны – кезең басындағы қорлар + кезең
соңындағы төлемге шоттардың орталықтандырылған жылдамдық құны.
(1)
Мұндай көзқарас кәсiпорынның басқа фирманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнес үшін қаржы ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыру
Шағын және орта бизнестерін ұйымдастыру
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Семей қаласындағы кәсіпкерліктің даму жағдайы.(Шығыс Қазақстан облысы)
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
Бизнестің жол картасы 2025 бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Шағын және орта бизнестің мақсаттары
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Пәндер