Банк және банктік қызметтері


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 5
І ТАРАУ. БАНК ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ . . . 8
- Банктің мәні және оның қызмет ету аясы . . . 8
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы . . . 11
- Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері . . . 14
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ТАЛДАУ (ТЕМІР БАНК ЖӘНЕ КАСПИЙСКИЙ БАНК МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ) . . . 21
2. 1 Банктің ресурстары және капиталдық базасы . . . 21
2. 2 Банк активтерінің құрылымы . . . 26
2. 3 Банктердің көрсетілетін қызметтері мен операциялары . . . 30
2. 4 Банк қызметін басқару . . . 34
ІІІ ТАРАУ. РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ . . . 37
3. 1 Қазақстан Республикасының банктердің даму тенденциялары . . . 37
3. 2 Қазақстан Республикасының банктік қызмет нарығын дамытудағы приоритетті бағыттары . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57
ҚОСЫМША . . . 59
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта елімізде банктердің дамуы, соңғы 17 жыл шамасында көптеген реформалық процесстерді басынан кешірді. Осы уақыт кезеңінде Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп ілгерлеушіліктерге арқа басып, әлде қайда ұзап алға шықты. Дегенмен, еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің деңгейіне жету, үшін көптеген күрделі мәселелерді шешу ең басты өзектіліктерге жатады. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алып қарайтын болсақ, олар бір жақты, яғни банк өзінің клиенттерінің алдында әрдайым үстемдікке шығып тек рейддерлік операцияларды мақсат тұтады. Мұның артында елдегі экономикалық жағдайлардың ушығуына алып келуде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қыйн жағдайда болуына әкелді.
Банк (екінші деңгейдегі банк) - коммерцялық ұйымдар «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» Заңына сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқық өкілеттігі бар акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық ұйым саналатын заңды тұлға болып табылады. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында. банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банктік операцияларды жүргізуге, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау, жөніндегі уәкілетті органның (әрі қарай - уәкілетті орган) берген лицензиясының болуымен айқындалады. Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі заңнамамен және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Бұл атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер.
Банктердің түрлері, олардың құқықтық мәртебесі, құрылу тәртібі, жұмыс істеуі және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасынан айқындалады.
Инфляцияның жоғары деңгейінен банктік қызметте кәсіпкерлерге тиімді болды. Ол кездегі көптеген банктер шағындау болып келді. 1995 жылдың басында мемлекетте 237 банк болды, оның 8 ғана ірі банктер санатына жатып олардың 5 млн. доллар көлемінде жарғылық қорлары болды.
Осылай 1994 жылға дейін болды, теңге күшіне енгізілгеннен кейін ҚР Ұлттық банкі мемлекеттің орталық банк қызметін атқара бастады.
1995 жылы ҚР Ұлттық банктің банк жүйесін ары қарай дамыту концепциясы қабылданды.
Сол жылы ҚР Ұлттық банкі банк жүйесінің сенімділігін жоғалтпау мақсатында өздерінің бақылауларын жоғарлата бастады.
Кейбір банктер жойылды, басқалары диверциффикацияланды (мысалы, Туран и Алем - 1996ж., Жилстройбанк және Кредсоцбанк - бір жылдан кейін) .
Мемлекеттік ұйымдар бөлек банк құрылымдары қызметтерін лоббиральдауда банктік реттеу, саласындағы республиканың қолданыстағы заңнамалық актілерін бұзуына септігін тигізді. Мысал, ретінде «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға және уәкілді емес қызметке тиым салуға қарама-қайшы келетін, екінші деңгейдегі коммерциялық банктер басқармасына ірі зауыттар мен түсті металлургия кәсіпорындары мен кен өндірістерін беру. Осының барлығы, банк жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалардың сапасын едәуір төмендетті.
Соңғы жылдары аталған процесстер күш жинап, жатқандығына куә болады және кейде басқарылмайтын сипат танытады.
Қазіргі уақытта осыған ұқсас жетіспеушіліктер мен қателіктерді жібермеу жөнінде жұмыстар алдына алынып жатыр. Осыған соңғы жылдары банк қызметтерін айқын реттейтін заңдардың қабылданғандығы куә болады. 1997-1998 жылдар кезеңінде «ҚР Ұллтықбанкі туралы» және «ҚР банкі және банк банк қызметі туралы» Заңдар, сондай-ақ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң жаңа редакцияда қабылданған. Заңнамалық актілермен екінші деңгейдегі банктердің кредиторларының қызығушылығын қорғау, банк жүйесінің тұрақтылы мақсатында банктер мен банктік емес қаржылық мекемелердің капитал көлемі сәйкес келмеген жағдайда акцияларын күштеп сатып алу мүмкіндіктер мен негіздері қарастырылған. 1990 жылдардың бірінші жартысында, жеңілдігі бар және директивті несие беру практикасы, экономиканың тапшылығын Ұлттық банктің тікелей несиелеуі тоқтатылды. Экономиканы несиелеу функциясы екінші дәрежелі банктерге өткеннен бері, осы күнге дейін, Қазақстанның банк жүйесі жедел қарқынмен дамып келе жатыр. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агентінің мәліметі бойынша, өткен жылдан банк секторының жиынтық активтері 2811, 4 млрд. тенге, жиынтық капиталы 222, 5 млрд. тенге, берілген несие- 8868, 3 млрд. тенгеге өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер банк өтімділігінің кризистік жағдайын көрсетеді. Қазіргі кезде банк жүйесі кризистік жағдайды бастан кешіруде. Бұған не себеп болды деген сұрақ туады. АҚШ-тағы ипотекалық кризис Қазақстанның қаржы нарығына әсер етті. Американдық қаржы институттары пайданы максималды түрде ұлғайту мақсатымен, ешбір кепілдіксіз, төлем қабілеттілігін тексермей, төменгі проценттік ставкамен ипотекалық несиелер берген. Қарапайым халық бұл несиені ойланбай тұтынады. Елге 70 млрд. доллар көлемінде несие таратылады. Бірақ бұл несие қайтарымсыз болып қалады. Соның салдарынан банктер банкротқа ұшырамас үшін ұзақ мерзімге берген несиелерінің проценттерін күрт көтеріп жібереді. Бұл жағдай Қазақстан қаржы нарығына кері әсерін тигізеді, себебі, біз 2006 жылы жылдық 1, 0-1, 3% алсақ, қазір 5-5, 3 % қайтаруға тура келеді. Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық қаржы жүйесі Әлемдік қаржы нарығымен тығыз байланысты. Халықты дүрліктірмес үшін, осы жағдайларды ескерместен үкімет басындағылар, Қазақстанда кризистік жағдай жоқ, болмайды да деп мәлімдеп келді. Ал қадағалау органдары бұндай жағдайды болдырмау үшін барлық шараларды қолданамыз деп келді. Бұл жағдайдың кесірінен банктер халыққа өте үлкен процентпен және қатаң тәртіппен несие беруге мәжбүр болып отыр. Кризистік жағдай қазіргі уақытта тұрақты, бірақ актуалдылық мәселелердің бірі болып табылады. Сарапшылардың болжамы бойынша банктердің өтімділік деңгейі өте төмен деңгейде деп қарастыруда. Алдағы уақытта, Алматыны аймақтық қаржы орталығына айналдыру жоспарланып жатыр, сонымен бірге үкімет ағымдағы жылы бағалы қағаздар нарығын жандандыруды көздеп отыр. Қазақстанның 2007 жылдың екінші жартысында Халықаралық сауда ұйымына кіру мүмкіндігіне байланысты шетел инвестицияларын, отандық қаржы нарығына тарту процесі либерализацияланып жатыр. Қ. Р. Президенті Н. Назарбаев, Қазақстанның ХСҰ-на кіргеннен кейін, еліміздегі коммерциялық банктер тізімін қысқарту туралы 2005 жылдың қараша айында, Қазақстанның болашақта ХСҰ-на кіру мәселесіне байланысты өткен 14 шетел инвесторларының кеңесінің отырысында айтқан болатын. Елбасының пайымдауынша, Қазақстанның ХСҰ-на кіруі, отандық банктер мен шетел банктерінің арасында бәсекелестіктің өрістеуіне алып келетін болады. Қатаң бәсекелестік қысымына ірі банктер тойтарыс беру үшін, прогрессивті және инновациялық өзгерістерді бастан кешетін болады. Ал ұсақ банктер бір -бірімен сіңісіп кетеді немесе жойылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі болып - Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет нарығы және олардың даму болашағы.
Жұмыстың негізгі мақсаты - еліміздегі банктік қызмет нарығы және олардың даму болашағына сипаттама бере отырып, олардың қазіргі кезеңдердегі тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері : бірінші бөлімде банк және банктік қызметтерге теориялық сипаттама беру және бере отырып, банктің мәні және оның қызмет ету аясын, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихын, банк қызметін ұйымдастырудың негіздері қарастырылады. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтер нарығын, яғни банктің ресурстары және капиталдық базасын, банк активтерінің құрылымын, банктердің көрсетілетін қызметтері мен операцияларын, банк қызметін басқаруын Темір банк және Каспийский банк мәліметтері негізінде талдау жасау. Ал, үшінші бөлімінде, Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтің даму болашағына, Қазақстан Республикасының банктердің даму тенденциялары, Қазақстан Республикасының банктік қызметті дамытудағы преоритеттік бағыттарына сипаттама беру.
Дипломдық жұмыста жиі қолданылған терминдер: активті операциялар мен пассивті операциялар, банк, банктік жүйе, акция, акционерлік қоғам, банктік ресурстар, капиталдық база, банктік қызмет, несие.
І ТАРАУ. БАНК ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ, әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы. Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым және т. б. ретінде қарайды.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек. 1
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты қызметке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның мәнін тұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана мақсатқа лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын мекемені емес, керісінше, белгілі бір қызметі бар институтты білдіреді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан біріңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. бір-бірінен өзгеше болады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әртүрлілігін көрсетеді. 2
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы, мәселе оны басқа экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген қаржылық, кеңес беру және т. б. қызмет түрлерін басқа экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз клиенттеріне көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттарда
орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен, тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады. Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден несие қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, осы ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады. Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос ресурстарды ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады. 3
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да, ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады. 4
Несие ісі -банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Әрбірден соң, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың төлем айналымын қолма-қол ақша формасында және қолма-қол ақшасыз формада реттейтін аса ірі кредит институты болып табылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Заңды тұрғыдан қарасақ «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына «ҚР - ғы банктер және банк қызметі» туралы ҚР заңында көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау, оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардың өзара айырмашылығына мән берген дұрыс. Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып табылады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде, шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясыны өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары ретінде шығады. 5
Банк - коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға және заңға сәйкес банктік операцияларды жүргізуге құқылы субъект. Банктер қаржылық
делдалдар ретінде өзіне шаруашылық органдарының капиталын, тұрғындардың жинақтары мен шаруашылық әрекеттерден босаған бос ақша құралдары тартады және оларды қарыз алушыларға уақытша қолдануға береді, ақша есеп айырысуларын жүргізеді және өзге де көптеген қызметтерді іске асырыады.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу - сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады. Банк теориясының маңызды мәселесіне, оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек.
О. И. Лаврушин банктің 3 қызмет ету аясын былайша анықтап береді. Оның біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мәні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін, қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тән емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырдандырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:
- шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
- шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі - бастапқы кредит беруші;
- қаражатты шоғырландыру тек арнайы рұқсатпен жүзеге асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет - ақша айналымымен реттейтін қызмет. Банк кредит беруші мен қарыз алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін, тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша, жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөлінеді. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша, да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай түрлендіру мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелдікті азайтатын әрі ұдайы, өндіріс субъектілерінің арасындағцы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет. 6
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің, филиалдары мен болімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға, дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара несие қоғамдары, қалалық банктер, ипотекалық несие банкісі және басқа да несиелік мекемелері. 7
Ресейдің Мемлекеттік банкісі, бүкіл несие жүйесінің Орталық банкісі болып табылады. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы, тек осы банкке ғана тиесілі болады. Ресейдің Мемлекеттік банкісі 1914 жылы, салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлық акционерлік - коммерциялық банктердің шамамен 1/3 есептік - ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталық эмиссиялық банктерден, Ресейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда-сттықты және т. б. несиеленеді. 1914 жылы оның 10 кеңесі, 124 бөлімшесі және 791 басыбайлы мемлекеттік қазынашылық кассасы болды.
Акционерлік коммерциялық банктердің жағдайы, ссудалық капитал нарығында үстем болды және 1914 жылы шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.
Орта және ұсақ буржуйларға қызмет көрсету үшін ұсақ несие мекемелері жұмыс істеді: өзара несие қоғамы(11081), қалалық-қоғамдық банк(343) .
Ипотекалық несие жүйесі мемлекеттік-дворяндық, жер банкісін және мемлекеттік жер банкісін, 10 акционерлік жер банкісін, 36 қалалық несие банкісін, басқа да ипотекалық несие банктерін қамтиды.
Басқадай несие мекемелерінің арасында, деревияндық ауқатты тұрғындарына қызмет көрсететін несие кооперациялары кеңінен тарады. Ол несие-жинақ кассаларын және несие серіктестіктерін қамтыды.
Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы банктерді мемлекеттік тұрғыдан монополиялады. Елде мемлекеттік банк құрылды, содан соң, басқа банктер - мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер пайда болды. Банк жүйесінің бір буыны - мемлекеттік еңбек-жинақ кассасы. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында, мемлекеттік банктермен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес несие мекемелері; кооперативтік және жеке меншік, мемлекеттік капиталистік, оның ішінде, шетелдік капитал қатыстырылған мекемелер құрылды. 1922 жылы несие және ссуда-жинақ, серіктестіктері мен олардың одақтары ұйымдастырылды. 8
Олардың міндетіне деревняларды және майдангерлік өнеркәсіптік
өркендету кірді. 1924 жылы ауыл ауыл шаруашылық кооперцияларына салым ақшаларды қабылдау, ссуда беру және есеп айырысуда, делдал болу секілді формаларындағы кредит операцияларын жүргізуге рұқсат берілді. 1926 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша КСРО-да 16185 серіктестік жұмыс істеген. Оның 2426-сы несие және сауда-жинақ мекемесі, 12424 - ауыл шаруашылығына арналған несие мекемесі.
1922 жылы жеке сауда-саттықты, өнеркәсіпті несиелейді өзара несие қоғамы, мемлекеттік-капиталистік әрі акционерлік, Оңтүстік-шығыс банкісі және шетелдік капиталдың қатысуымен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Социолистік экономика секторының дамуына, қарай кооперативтік және жеке кредит мекемелерінің маңызы кеміп, жұмыс істеуін біржола тоқтатады. Ауыл шаруашылығы ұжымдастырылғанда несие кооперативтерінің қажеті болмай қалды. Ол 1931 жылы таратылды. Экономиканың жеке секторының сауда мен өнеркәсіп салаларының ығысуына байланысты өзара несие қоғамы да өз қызметін тоқтатты. Басқа да несие органдарының міндеті мемлекеттік салалық банктерге ауысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz