Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)


ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 327(430 : 574/575) қолжазба құқында
Тұяқбаева Айгүл Бекайдарқызы
ГЕРМАНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСАТЫ
(1992-2009 жж. )
тарих ғылымдары саласында «халықаралық қатынастар»
мамандығы бойынша «философия докторы» (Ph. D. )
академиялық дәрежесін алуға арналған диссертация
Ғылыми жетекшілері:
Саясаттану ғылымдарының
кандидаты, доц. : С. Ж. Сапанов
Др. профессор : А. Прадетто
Қазақстан Республикасы
Алматы 2009
Еңбек әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған.
Ғылыми жетекшілері:
саясаттану ғылымдарының
кандидаты, доц. : С. Ж. Сапанов
др. профессор: А Прадетто.
Пікір жазғандар:
ученая степень, фамилия, и., о.
ученая степень, фамилия, и., о.
Диссертацияны қорғау мерзімінде Мемлекеттік аттестациялық комиссияның мәжілісінде халықаралық қатынастар факультетінде өтеді.
Диссертациямен әл-Фараби атындағы ҚазМУдің кітапханасында танысуға болады
Докторант
қолы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1. ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
1. 1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси ерекшеліктері: мақсаттары, негізгі бағыттары және басымдықтары
1. 2 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азияның маңызы
1. 3 Германияның ортаазиялық саясатының мақсаттары , мүдделері, бағыттары мен басымдылығы
2. ГЕРМАНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫ
2. 1 Неміс саясаттануындағы Орталық Азияның қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелері
2. 2 Орталық Азиядағы демократиялық және құқықтық құрылымдарды қалыптастыру мәселелері
2. 3 Экономикалық реформалар мен кедейшілікке қарсы күрес мәселелері
2. 4 Аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
3. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ
3. 1 Этносаясат - Германияның Орталық Азиядағы қатысуын белгілейтін фактор ретінде
3. 2 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен саяси байланыстары
3. 3 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастары
3. 4 Германияның Орталық Азия елдерімен дамыту саясаты шеңберінде ынтымақтасуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғаламдану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Каспий өңірі қатарында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және геостратегиялық жағдайы артты. Соның негізінде аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынға иеленуде. Оның негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, ең алдымен аймақтың табиғи бай ресурстары, энергетикалық және минералды-шикізат көздеріне ие болуы арқылы тартымды;
Екіншіден, орта-азиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы ортаазиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен арта түспек.
Үшіншіден, орта-азиялық аймақ қазіргі кезде мұнай факторының есебінен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, яғни әлемдік державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының есебінен өз ұстанымдарын бекітуде.
Төртіншіден, Орталық Азия сауда ағымдарын іс-жүзіне асыру барысында Еуропа мен Азия ортасындағы делдалдық көпір қызметін атқара алатындай транзиттік қуатқа ие болғандықтан, әлемдік державалардың мүддесінде.
Осы жағдайларға сәйкес, Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары халықаралық қатынастар жүйесінде ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі негізінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен, халықаралық субъектілермен тығыз байланыстарды орнату болды.
Осындай мақсатты қойған орта-азиялық мемлекеттер біржағынан, сыртқы халықаралық субъектілердің мүдделері екінші жақтан өзара түйісіп, қазіргі кезеңде бұл қатынастар даму деңгейінде.
Ресей және АҚШ, Түркия, Қытай сияқты өзге де негізгі акторлар қатарында Германия өз алдына дара және ЕО шеңберінде орта-азиялық аймақта өз мүдделерін қарастырады.
Алайда, орта-азиялық аймақтың геосаяси жағдайы әлемдік экономика және саясаттағы беделді акторлардың ұлттық мүдделерінің шиеленісуімен сипатталады. Оның үстіне табиғи қазба байлықтарына ие болған орта-азиялық мемлекеттер оларды әлемдік нарыққа шығару мақсатында тасымалдау мәселесімен кездейсоқ болды. Осы мәселені шешу барысында мұнай және газ құбырлары қандай жолдармен жеткізілуі қажет, қай елдердің территориялары арқылы құбырлар желісін құрастыру керек деген сияқты сауалдар тікелей геосаяси мүдделермен тығыз байланысты болып саналады. «Энергетикалық шикізаттарды тасымалдау маршруттары техникалық мүмкіндіктерден емес, транзиттік мемлекеттер мен әлемдік державалардың мемлекетаралық қатынастарына тәуелді болып қалды»1 [1] .
Осы ретте, XXI-ші ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Орталық Азияда өзінің қатысуын нығайтуға ұмтылған Германия сияқты еуропалық мемлекеттің ролін сараптау маңызды.
«Неміс экономикалық кереметтігімен» танымал болған, нарықтық реформалар нәтижесінде тиімділікке жеткен және қазіргі кезеңде әлемдік экономикада үшінші орынды иеленетін Германия Орталық Азия елдері үшін жақсы үлгі болып табылады.
ҚР президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде Қазақстанның даму стратегиясындағы жоспарлы экономикадан нарыққа, тоталитарлықтан либералдық саясатқа көшуді белгілеуде Германияның экономика министрі, кейінде канцлері болған Людвиг Эрхардтың «жақсы тұрмыс - баршамыз үшін» деп аталатын қағидасын ұстанғандығын мәлімдейді2.
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары елбасының жолдауларында көрсетілгендей, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басымдығы Ресей, Қытай, АҚШ сияқты державалардан кейін 4ші орындағы бағыт болып қала бередi3.
Халықаралық қауымдастықтағы негізгі еуропалық актор ретінде Германия федеративті үкіметі Орталық Азия қатысында белсенді саясатты ұстануда. XXшы ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, Германия ғылыми және саяси ортасында Орталық Азияның стратегиялық маңызын түсіне бастаған. Германияның ортаазиялық мемлекеттермен екіжақты деңгейдегі қатынастарының қарқынды даму динамикасы оның аймақтағы белсенді қатысуын көрсетеді. Дәлел ретінде, төмендегі факторларды ескеру қажет: біріншіден, Германияның дипломатиялық өкілеттіліктері басқа еуропалық елдермен салыстырғанда барлық ортаазиялық мемлекеттерде ашылған; екіншіден, Германия еуропалық континентте өзінің экономикалық қуаты есебінен үстемді күшті қалыптастыра алуына байланысты, ауыспалы экономикасы бар ортаазиялық мемлекеттер үшін тартымды серіктестікке айналған; үшіншіден, Германияның сыртқы саясаты бейбіт ұстанымды көрсетуіне байланысты барлық ортаазиялық мемлекеттер ішінде оның беделі анағұрлым жоғары.
Жоғарыда келтірілген факторларды ескерсек, Германияның аймаққа қатысты ұстанған саясатын зерттеудің мерзімі жеткендігін байқаймыз, соған сәйкес қарастырылып отырған тақырыпта арнайы ғылыми зерттеуді жүргізу өзекті.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты XX ғасырдың 90-шы жылдарынан XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығындағы Германия Федеративті Республикасының Орталық Азия қатысында ұстанған саясатының даму үрдістерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді іс жүзіне асыру қажет болды:
- Федеративті Германия Республикасының заңнамалық және сыртқы саяси құжаттарын сараптаудың негізінде оның сыртқы саяси ерекшеліктерін, айқындау;
- Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларын зерттеудің нәтижесінде Германияның ортаазиялық бағытының ерекшеліктерін анықтау;
- Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде оның ортаазиялық бағыттарының негізгі басымдылығын көрсету;
- Неміс зерттеу институттарының Орталық Азия елдеріне қатысты ғылыми еңбектері мен есептерін сараптаудың негізінде Германияның Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі үлесін белгілеу;
- Федеративті Германия Республикасының Орталық Азия елдерімен екіжақты және көпжақты деңгейдегі келісімшарттарының негізінде оның аймақпен өзара қарымқатынасы мен ынтымақтасуының ерекшеліктерін сараптау;
Зерттеу жұмысының нысаны Германия федеративті үкіметінің Орталық Азия аймағына қатысты сыртқы саяси бағыты болып саналады.
Зерттеу жұмысының пәні Германия федеративті республикасының сыртқы саясаты және Орталық Азия елдерімен қарымқатынасы.
Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 90-шы жылдарынан XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығын қамтиды. Алайда кейбір жағдайларда мәселені жіті түсіндіру үшін алдыңғы кезеңдерге сүйену қажет болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының әдістемесі зерттеу пәні мен объектісі, сондайақ қойылған мақсат пен одан туындайтын міндеттердің сипатына байланысты таңдалынды. Осы зерттеу жұмысында қазіргі кездегі саясаттану және тарих ғылымдарындағы халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеуге арналған әдістер жинағы қолданылды. Халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру барысында тарихи және ғылыми объективтілік қағидасы басшылыққа алынып, белгілі бір елдің екінші бір елге, не болмаса белгілі бір аймаққа қатысты сыртқы саяси бағыты мен оның даму үрдісін зерттеуде кешенді типлогиялық тәсілдер пайдаланылды.
Берілген жұмыста автордың қолданған әдістеріне жүйелі, деңгейлі, секторалды талдаулар кіреді. Аталған әдістер екіжақты қарымқатынастар дамуының эволюциясы мен аймақты дамыту мәселелерін жанжақты сараптауда тиімді пайда берді. Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін неореализм, либерализм, либералды институционализм элементтері құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығына кешенді зерттеулер барысында автор төмендегідей нәтижелерге жетті:
- автор отандық тарихи ғылымда алғашқылардың бірі болып қазақ тілінде
Германияның Орталық Азия бағытындағы сыртқы саясатының даму үрдістері мен эволюциясына бақылау жүргізуге тырысты;
- Германия саяси институттарының (Bundesministerium für
, Auswärtigen Amt, Deutscher Bundestag ресми құжаттарын, Орталық Азияға қатысты неміс ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарының (SWP, DIE, CORE) еңбектерін, Г. Шмидт атындағы бундесвер университетінің (HSU), Еркін Берлин университетінің (Freie Universität zu Berlin), Фридрих Эберт атындағы (FES), Конрад Аденауер атындағы (KAS), Фридрих Науман атындағы неміс қорларының және бундестаг қорындағы ғылыми материалдар жинағын автор алғаш рет ғылыми айналымға енгізді.
Г. Шмидт атындағы бундесвер университетіне (Гамбург, Германия) шеккен ғылыми сапары барысында Германияның белді ғылыми зерттеу орталықтарындағы Орталық Азия мемлекеттерін зерттеуші мамандармен сұхбат жүргізді. Атап айтқанда, Гамбург университеті «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті зерттеу» (IFSH) институты шеңберіндегі «ЕҚЫҰмын зерттеу орталығының» (CORE) ғылыми сарапшысы А. Крайкемайермен, Бонн қаласындағы «Неміс дамыту институтының» (DIE) маманы Й. Гревингхольтпен, Берлин қаласындағы «Ғылым және саясат қорының» (SWP) маманы А. Шмицпен және «Орталық Азия сараптамалары» (Zentralasien Analysen) журналының редакторы зерттеуші Б. Эшментпен жүргізілген сұхбаттар ғылыми зерттеу жұмысының жаңа дерек көздері болып табылады.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдамалар. Германия федеративті республикасының Орталық Азия аймағына қатысты саясатын кешенді әдістәсілдермен зерттеудің нәтижесінде қорғауға мынадай тұжырымдамалар шығарылады:
- Сыртқы саяси салада ЕОтың ұлтүсті институты немесе оның орталықтандырылған сыртқы саяси механизмдері қалыптаспағандығына қарамастан, Германия сыртқы саясатын «еуропалық саясат» сарынында жүзеге асыруға мәжбүр.
- Германияның ортаазиялық мемлекеттермен қарымқатынасы екіжақты деңгейде ерекшеленуіне қарамастан, сонымен қатар Орталық Азия саясиэкономикалық тұрғыда бірыңғай тұтас аймақ ретінде қалыптаспағандығына қарамастан, Германияның Орталық Азияға қатысты ұстанған саясаты аймақтық сипат алады.
- Германияның Орталық Азия қатысындағы сыртқы саяси концепцияларына кешенді зерттеу жұмысын жүргізудің нәтижесінде оның негізгі басымдылығы ортаазиялық аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігі анықталды;
- Германияның Орталық Азия аймағын дамытудағы орасан зор үлесіне қарамастан, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында қойылған мақсаттарына толығымен жеткен жоқ;
- Зерттеу нәтижелері Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен болашақтағы қарымқатынастарын «ЕО және Орталық Азия серіктестігі» үлгісіндегі аймақаралық деңгейіне жеткізу ісі де екіталай екендігін көрсетті, демек Германияның ортаазиялық саясаты келешекке бағытталған;
Зерттеу деректері. Зерттеу жұмысының дерек көздері сипаты жағынан түрлі құжаттар мен материалдар жатады және олар мына бейнеде тізбектелген:
Деректердің бірінші тобына Германия федеративті республикасы және Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты қарым-қатынастар негізін қалаушы және оларды реттеуші құқықтық келісімшарттар енеді. Еңбекте мынадай құжаттар Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы
арасындағы болашақ үшін серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме4 (Gemeinsame Erklärung über eine Partnerschaft für die Zukunft zwischen der Bundesrepublik Deutschland und der Republik Kasachstan) сарапталынған.
… .
Деректердің екінші тобын Германия федеративті республикасының заңдары, ресми сыртқы саяси концепциялары, бағдарламалық құжаттары бундестаг құжаттары, ЕОтың стратегиялары құрайды. Бұл топтағы деректердің негізін Германия Федеративті Республикасының «Негізгі заңы»5 (Grundgesetz für die Bundesrepublik Deutschland vom 23. 05. 1949), Германияның социалдемократиялық партиясының «Еуропадағы Германияның рөлі» атты бағдарламасы6 (Deutschlands Rolle in Europa und der Welt Die Programmdebatte der SPD 23. März 2005), Германияның социалдемократиялық партиясының ұстанымын білдіретін «Каспий теңізі болашақтың аймағы» атты ресми бағдарламасы7 (Zukunftsregion Kaspisches Meer. Positionspapier der SPD Bundestagsfraktion, Juni 1998), Экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің Орталық Азияға қатысты концепциясы8 (BMZ - Zentralasien-Konzept vom 18. 12. 2001), Федеративті Германия үкіметінің Орталық Азияға қатысты концепциясы9 (Zentralasienkonzept der Bundesregierung vom 18. 03. 2002), Экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің Орталық Азияға қатысты концепциясы10 (Zentralasienkonzept des Bundesministeriums für wirtschaftliche Zusammenarbeit und Entwickliung 2005), Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты 2002-2006 жж. арналған стратегиялық құжаты11 (Strategy Paper 2002-2006 & Indicative Programme 2002-2004 for Central Asia. 30 October 2002), Еуропалық Одақтың «ЕО және Орталық Азия: жаңа серіктестік стратегиясы»12, ЕОтың Орталық Азияға қатысты стратегиясын жүзеге асыруға байланысты неміс бундестагының ресми сұранысы13 (Zur Umsetzung der EU-Zentralasienstrategie. Deutscher Bundestag von 24. 10. 2008),
Көрсетілген деректер тобы Германияның Орталық Азия қатысындағы сыртқы саясатының құқықтық және концептуалдық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Деректердің үшінші тобына Германия федеративті республикасы мен Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары, мемлекеттік қайраткерлері, белгілі бір ресми жауапкершілігі бар жеке адамдардың еңбектері, сөйлеген сөздері мен сұхбаттары жатады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдаулары, жобалары халықаралық форумдарда сөйлеген сөздерінің жинағы14, Германияның бұрынғы бундесминистрі ГД. Геншердің «XXI ғасырдағы социалдемократиялық сыртқы саясат» атты кітаптың жарық көруіне байланысты сөйлеген сөзі15, Федеративті Германия Республикасының сыртқы істер министрі ФВ. Штайнмайердің «Кірігу мен интеграция. ЕО шығыс саясатының жаңа белесі» атты еңбегі16, Германияның сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік министрі Г. Эрлердің «Орталық Азиямен адам құқықтары саласы бойынша диалог»17 атты еңбегі, ИНВЕНТ және БҰҰның Даму Бағдарламасының «Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа келешектері» атты форумында сөйлеген сөзі18, ЕОтың сыртқы байланыстары мен «еуропалық көршілестік саясаты» мәселелері бойынша комиссары Бенита ФеррероВалднердің 2006 ж. 19-қазанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде сөйлеген сөзі19, неміс бундестагының мүшесі Г. Лайбрехттің Германияның «Bündnis 90» партиясының «ЕОтың Орталық Азияға қатысты стратегиясын жүзеге асыру» атты ұсынысталабына байланысты сөйлеген сөзі20 (Leibrecht, H. Mitglied des Deutschen Bundestages. Rede vom 30. 03. 2007 Rede vor dem Deutschen Bundestag zur EU-Zentralasienstrategie Antrag von Bündnis 90/ Die Grünen "Die EU-Zentralasienstrategie mit Leben füllen"), неміс бундестагының мүшесі Х. Хайбахтың Орталық Азиядағы саяси жағдайларға қатысты бундестаг мәжілісінде сөйлеген сөзі21 (Rede von Mitglied des deutschen Bundestages H. Haibach zur politischen Situation in Zentralasien), ЕҚЫҰдағы испандық өкілеттіліктің арнайы тобының басшысы, елші Хосе Анхель Лопес Хоррин мырзаның ЕҚЫҰжурналына берген сұхбаты22. Аталған деректер тобы Германия федеративті республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің негізгі бағыттары мен басымдылықтары және олардың міндеттері жайында сараптама барысында нақты анықтамаларды береді. Сонымен бірге бұл құжаттарда жалпы Германия сыртқы саясатының стратегияларына қатысты, Орталық Азия аймағына бағытталған неміс саясатының мақсаттарына байланысты көзқарастарға және осы саяси бағыттардың халықаралық саясат ағымында бекітілу үдерістеріне бағалаулар берілген.
Деректердің төртінші тобына халықаралық саясаттағы теоретиктердің еңбектерін қамтиды. Оларда халықаралық аренадағы Германия федеративті республикасының ықпал ету ролі және Орталық Азия аймағының алатын орны мен маңыздылығын көрсету арқылы, Германияның сыртқы саясатын және Орталық Азия елдерімен қарымқатынасын зерттеу барысында түрлі концепциялар мен әдістәсілдер ұсынылған. Еңбекте мынадай теоретикалық зерттеулер қарастырылған: зерттеу жұмысының бағдарын анықтау барысында қазақстандық маман И. А. Черныхтың еңбектері23, С. М. Гаджиевің24 Германия сыртқы саясатының бірізділігі туралы Х. Маулдің25, жаңа қалыптасып келе жатқан әлемнің бейнесі мен геосаяси жағдайды зерттеуші З. Бжезинскийдің26 еңбектеріі жатады.
Деректердің бесінші тобы Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі даму жағдайларын, , құқықтық, саяси даму динамикасын қарастыратын және Германияның ортаазиялық елдерді дамыту саясаты бойынша халықаралық донор ретінде қосқан үлесі жайындағы статистикалық мәліметтер қатарын береді. Статистикалық мәліметтер өзге неміс зерттеу еңбектерінен алынған, олардың көбісінде халықаралық институттардың мониторинг көрсеткіштері берілген. Сондайақ зерттеу жұмысы барысында неміс сарапшысы Б. Эшменттің «Орталық Азия анализдері» деп аталатын ондайнжурналының кезеңді нөмірлерінде берілген статистикалық мәліметтер пайдаланылды. Интернет желілеріндегі статистикалық сайттар www. weltalmanach. de, www. tatsachen-ueber-deutschland. de.
Деректердің алтыншы тобын кезеңді басылымдардың материалдары мен бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мәліметтері жатады. Бұл деректер тобы кең көлемдегі іріктелген фактілер жинағын көрсетеді. Ол орын алған саясиэкономикалық заңдылықтарды бекіту қажеттіліне көмектеседі. Мысалы, неміс ақпараттық құралдарынан «Deutsche Welle» (Дойче Велле), «art. de» (Арт. де), «euronews» (еуроньюс), неміс баспалары „Europäische Rundschau“, (Ойропеише рундшау), „der Überblick“ (Үберблик), „Deutsche Allgemeine Zeitung“ (Дойче альгемайне цайтунг), „Wirtschaft“ (Виртшафт), Die Pressedokumentation des Deutschen Bundestages“ неміс бундестагының баспа құжаттары, „Pressemitteilungen des Auswärtigen Amt“- Германияның сыртқы істер министрлігінің баспа құжаттары және т. б. Бұл топтағы деректердің басым көпшілігі интернет желілеріндегі ғылыми және саяси институттарының ақпарат беттерінен (www. auswaertiges-amt. de, www. astana. diplo. de, www. bischkek. diplo. de, www. duschanbe. diplo. de, www. taschkent. diplo. de, www. swp-berlin. org, www. die-gdi. de, www. gtz. de, www. kfw-entwicklungsbank. de, www. bundestag. de, www. akorda. kz, www. kisi. kz ), ресми ақпараттық сайттардан (www. wostok. de, www. deutsche-allgemeine-zeitung. de, www. akipress. org, www. expert. ru және т. с. с. ) алынған.
Осылайша, автордың қолданған деректері диссертациялық жұмыста қойылған мәселелерді объективті түрде сараптауға және тұжырымдамаларды ғылыми түрде дәлелдеуге жеткілікті әрі заңды, сонымен қатар олар зерттеу барысында белгіленген мақсатміндеттерді шешуге толық мүмкіндік береді.
Тақырыптың ғылыми деңгейде игерілгендігі
Қазақстандық және ортаазиялық зерттеулер . Қазақстандық мамандар ішінде Германия бойынша зерттеулер қатарына ең алдымен М. Губайдуллинаның27, А. Мухитденованың28, Г. Мовкебаеваның, Е. Чукубаевтың29 еңбектері енеді. Бұл мамандар Германияның сыртқы саясаты, саяси жүйесі мен олардың тарихи кезеңдерін, сондайақ еуропалық интеграция үдерісі барысындағы Германияның қосқан үлесі30, Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар тақырыбында жүргізген ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқан. Еуропалық интеграция тәжірибесін Орталық Азия аймағында қолдану идеясымен шұғылданатын ғалымдардың ішінде т. ғ. к., ҚазҰУнің профессоры Ж. У. Ибрашевтің еңбектері танымал31. Ж. Ибрашевтің еуропалық бағыттағы зерттеулер мектебі шеңберінде Орталық Азия мемлекеттері мен ЕО арасындағы қарымқатынастар мен ортаазиялық аймақтағы ЕОтың қатысуына арналған К. Байзақованың, Ф. Кукееваның, К. Макашеваның, А. Утегенованың, С. Нурдаулетованың еңбектерін атап көрсетуге болады.
Неміс диаспорасының Қазақстан және Германия қатынастарының негізін құрайтын фактор жайында Л. А. Байдельдиновтың32, Карсаковтың33
Орталық Азиядағы қауіпсіздік және геосаясат тақырыптарында И. Черных, М. Лаумулиннің, Сыроежкиннің, С. Кушкумбаев, С. Сапановтың, С. Акимбековтың34 еңбектері қолданылды.
Неміс тарихнамасында Германияның Орталық Азиядағы саясатын
зерттеуге арналған тікелей диссертациялық зерттеу жұмысы жоқ, алайда 2002 ж. К. Аденауэр қорының көмегімен жарық көрген МК. фон Гумппенбергтің «Deutsches und Europäisches Engagement in Zentralasien. Ein Beitrag zur Stabilisierung der Region?» (Орталық Азиядағы Германия мен Еуропаның қатысуы. Аймақты тұрақтандыруға арналған үлес пе?) атты монографиясы бар35. Бұл еңбекте автор Германия және Еуропаның саясиэкономикалық және дамыту ынтымақтастығы бойынша ортаазиялық аймақтағы қатысуы мен тұрақтылықты қалыптастырудағы үлестерін зерттей отырып, «аталған субъектілердің Орталық Азиядағы ықпал ету мүмкіндіктері шектеулі» деген қорытындыға келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz