Капитализм генезисі дәуіріндегі ағылшын-балтық сауда-экономикалық қатынастарының тарихы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. АҒЫЛШЫН САУДА САЯСАТЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
1.1 Капитализмнің пайда болуы және сауда қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2 Ағылшын сауда экспансиясының бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
2. АНГЛИЯ МЕН БАЛТЫҚТЫҢ САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ.
2.1 Ағылшын мемлекетінің сауда қатынастары және Балтық аймағы ... ... ... ... .73
2.2 Шетелдіктердің Балтық аймағындағы сауда саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 100
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .131
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 135
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан егеменді ел, көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде адамзат тарихына, дүниежүзілік тарихқа өзінің көзқарасын білдіруі керек. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің көлемді еңбегінде, Орталық Азия және Қазақстан тарихына шолу жасай отырып, дүниежүзілік тәжірибеге жүгінуді ұсынады [1]. Бұл ойларын Елбасымыз Батыс пен Шығыс елдеріне жасаған сапарлар барысында айтып жүр. Сондай-ақ өзінің 2008 ж. жолдауында «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айта отырып, «экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, басқарудың тәжірибесі мен технологиясын тартуға, заңдарымызды жетілдіруге ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің стратегиялық пайымын және өзіміздің күн тәртібімізді белгілеуге ықпал етуі тиіс»- дейді [2]. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Италияға ресми сапары кезінде былай деген еді: Біздің кездесулерімізді Қазақстан мен біріккен Еуропа арасындағы қатынастардың өскелең даму барысының маңызды да ажырағысыз бөлігі деп қарастыруға болады, деп ойлаймын.
Италияны жер бетіндегі өркениеттің көне ошақтарының бірі деп санаған жөн, оның мұраларын осы күнге дейін еуропалық мемлекеттердің тең жартысынан көруге болады.
Осындай бай тарихы бар елдің қазіргі кезде де жетекші орын алып отырғанын, көп ретте өзі тарихты жасаушы болып табылатынын айтып жату керек пе?!
Қазақстан жері де көптеген оқиғалардың куәгері. Алайда біздің мемлекетіміз тәуелсіздігін жуырда ғана жеңіп алды [3].
Ал енді біз өз тақырыбымызға келетін болсақ, ХҮ-ХҮІІ ғғ. Еуропалық континенттің өмірі әртүрлі өзгерістерге толы. Ұлы географиялық ашулар, қайтаөрлеу, Реформация – мұның бәрі еуропалықтарға үлкен күйзелістер алып келді. Бұл құбылыстар бір бірімен тығыз байланыста болды және бәрін біріктіретін процес – капиталистік қатынастардың қалыптасу процесі еді. XV мен XVII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыған дейінгі үшінші сословие арасынан өз алдында ерекшеленіп феодалдық өкіметке наразыларды топтастырып бастаушы тап ретінде буржуазия дүниеге келді. Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті, ал бұл мақсатты іске асыру үшін буржуазиялық революция жасамақшы болды. Айталық XVI ғасырда нидерланд, XVII ғасырда ағылшын, XVIII ғасырда француз революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Германияда шаруалар, Францияда жалаңаяқтар көтерілістері сол заманның, жаңа дәуір жаршылары болды. Дүниеге келген жаңа топ — буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті, схолатиканы қатаң сынға алды. Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі тәжірибеден бас тартып, бақылау, эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауларға негізделген, жалған, тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999 /296/. – 257 бет.
2. Егемен Қазақстан, 2008 жыл, 7 ақпан.
3. Егемен Қазақстан, 2003 жыл, 6 ақпан.
4. Семенов В.Ф. Огораживания и крестьянские движения в Англии ХҮІ в. М., Л., 1949.
5. Яброва М.М. Очерки истории колониальной экспансии Англии в эпоху первоночального накопления. Саратов, 1966.
6. Сапрыкин Ю.М. Английское завоевание Ирландии (ХҮ-ХҮІІ вв). М., 1982.
7. Осипова Т.С. Освободительная борьба ирландского народа против английской колонизации (вторая половина ХҮІ-начало ХҮІІ вв.) М., 1962.
8. Соловьев С.М. История России с древнейших времен. М., 2005
9. Чарыков Н.
10. Гамель И. Англичане в Росии в XVI – XVII столетиях. – СПб., 1865. - 202 с.
11. Толстой Ю.В. Первые сорок лет сношений между Росией и Англией 1553 – 1593 гг. Грамоты. – СПб; 1875. – 584 с.
12. Сказкин С.Д. Английская буржуазная революция в XVII в. Франция и Германия во второй половине XVII в. и в XVIII веке. – М., 1949. – 39 с.
13. Сказкин С.Д. Международные отношения в Европе в конце XV –первой половине XVI века. // Из истории социально – политической и духовной жизни Западной Европы в средневековье. – М., 1981. – с.79 – 110.
14. Яброва М.М. Очерки истории колониальной экспансии Англии в эпоху первоначального накопления. – Саратов. 1966. – 189 с.
15. Сапрыкин Ю.М. Социально – политические взгляды английского крестьянства в XIV – XVI вв. М., 1972. – с. 279.
16. Штокмар В.В. Экономическая политика английского абсалютизма в эпоху его расцвета. – Л., 1962. – 155 с.
17. Тарле Е.В. Очерки истории колониальной политики заподноевропейских государств (конец XV – начало XIX в.) – М., 1965. – 307 с.
18. Поршнев Б.Ф. Франция. Английская революция и европейская политика в середине XVII в – М., 1970. – 281 с.
19. Исаенко А.В. Пуританская реформация в Англии в XVI – начале XVII века. – Орджоникидзе, 1980. – 375 с.
20. Руденко О.А. Контр реформация в Англии при Марии Тюдор. // Англия в эпоху абсолютизма. – М., 1984. – с. 76 – 97.
21. Руденко О.А. Англоиспанский союз 1554 г. // Проблемы античности и средних веков. – М., 1981. – с. 111 – 118.
22. Иванин Ю.Е. У истоков европейской дипломатии нового времени. – Минск, 1984. – 271 с.
23. Иванин Ю.Е. Становление европейской системы государств. Англия и Габсбурги на рубеже двух эпох. – Минск, 1989. – 154 с.
24. Никитина Л.А. Английские хроники как источник по истории русско – английских отношений второй половины ХVI в. – 50 – х годов XVII в. М., 1989. – 305 с.
25. Лосев Ю.И. Внешняя политика Англии на Востоке в конце XVI первой половине XVII века. – Рязань, 1993. – 92 с.
26. Соколов А. Навстречу друг другу. Россия и Англия в XVI – XVIII вв. – Ярославль, 1992. – 304 с.
27. История международных отношении и внешней политики Ч.1. Учебное пособие. – Алматы, 1998. – 243 с.
28. Сенковский
29. Лорд Маколей. Его жизнь и сочинения (статья Генриха Вызинского) // Маколей Т.Б. Полное собрание сочинений. Т. 1. – Спб., Тип.: Л.А. Кулиша, 1862. – С. І– ХСҮІІІ.
30. Сапрыкин Ю.М. Методология и методика исследования политических учений (Средние века). – М., 1973; Сапрыкин Ю.М. Принцип индивидуализма в английсой политической литературе конца ХҮ- ХҮІ вв. // Средние века. Вып. 38.-М., 1975
31. Лесников М.П. Некоторые вопросы балтийско-нидерландской торговли хлебом в конце ХІҮ – начале ХҮ в. // СВ. И., 1955. Вып.ҮІІ. С. 112-134
32. Болтон Дж. Л. Англо-балтийская торговля в ХҮІ в.: пер. с англ. // ПБИ, 1984. М., 1984. С.425
33. Вайнштейн О.Л. История советской медиевистики. – Л.: Наука; 1968-С.323
34. Косминский Е.А. Историография средних веков.- М., 1963
35. Гутнова Е.В. Гуманизм и первые шаги буржуазной исторической мысли // Вопросы истории, 1965, №2
36. Рамм Б.Я. Научная и общественная деятельность Осипа Львовича Вайнштейна (1894-1980) // История и историки. Исторический ежегодник 1982-1983. –М.: Наука, 1987, /350/. – С.258
37. Лукоянов В.П. Некоторые вопросы из истории политической борьбы в Англии в начале ХҮІІ века.//Англия ХІҮ-ХҮІІ вв. – Горький: ГГУ, 1974 – С. 3-22 (в соатв С.Е.)
38. Кеннингем У. Рост английской промышленности и торговли в раний период и средние века, -М., Печатня. С.П. Яковлева, 1904, -/593/
39. Бокль Г.Т. История цивилизации в Англии. Т.1. –Спб., Тип. Ю.А. Бокрам, 1863
40. Кареев Н. История Западной Европы в новое время. – Спб., Изд. М.М. Стасюлевича, 1914, /422/
41. Эдгар Зеворт. История нового времени (ХҮІ-ХҮІІІ вв.) – Киев, Тип.: Е.Я. Федорова, 1883, /707/
42. Стасюлевич М. История средних веков в ее писателях и исследователях , новейших ученых. – Спб., Тип.: М.М. Стасюлевича, 1913, -/624/
43. Савин А. Английская деревня в эпоху Тюдоров. – М., Тип: И.Н. Кушнерев, 1903, - /485/
44. Ардашев П.А. Абсолютная монархия на Западе. Спб., «Брокгауз-Ефрон», 1902, -/183/
45. Крусман В. На заре английского гуманизма. Английские корреспонденты первых итальянских гуманистов в ближайшей своей обстановке исследование. –Одесса, Техник, 1915, -/710/
46. Трайль Г. Общественная жизнь Англии. От воцарение Эдуарда І до смерти Генриха ҮІІ. Т.1. Изд. К.Т. Солдатенкова, 1897, - /497/
47. Трайль Г. Общественная жизнь Англии. От воцарение Эдуарда І до смерти Генриха ҮІІ. Т.2. Изд. К.Т. Солдатенкова, 1897, - /497/
48. Сапрыкин Ю.М. Народные движения в Англии во второй половине ХҮІ-нач. ХҮІІ в. – М., МГУ, 1981, - /122/
49. Штокмар ВВ. Очерки по истории Англии ХҮІ в. –Л., 1981, -/122/
50. Штокмар ВВ. История Англии в средние века. М., ЛУ, 1973, - /184/
51. Дмитреева О.В. Социально-экономическое развитие Англии вХҮІ в. Спецкурс. – М., МГУ, 1990, - /98/
52. Косминский Е.А. Проблемы английского феодализма и историографии средних веков. Сб. статей. – М., АН СССР, 1963, -/456/
53. Шапиро А.Л. Историография с древнейших времен по ХҮІІІ век: курс лекции. – Л., ЛГУ, 1982, - /239/
54. Мортон А. История Англии. Перевод с анг. Н. Чернявской. – М., изд. иност. лит., 16-я тип. Союзполиграфпрома, 1950, - /463/
55. Татаринова К.Н. Очерки истории Англии 1640-1815. – М., изд. ИМО, 1958, - /448/
56. Ивонин Л.И. Роль внешненего фактора в политической жизни Англии ХҮІІ века//Вопросы истории, 2002, №2, - С. 145-152
57. История Европы. Т.3 (от средневековья к новому времени). М., «Наука», 1993, с. 13-16.
58. Всемирная История. Под ред. акад. Г.Б.Поляка., проф. А.Н.Марковой. М., 1997, с. 117-121.
59. История средних веков. Т.2. Под ред. С.П.Карпова М., 2001, с. 54-62.
60. Attman A. Den ryska marknaden i 1500 –talets baltiska politik 1558-1595. Lund.: Univ., 1944. 468 p.
61. Attman A. The Russian and Polish Markets in international trade 1500-1650. Göteborg: U.P., 1973. 231 p.
62. Attman A. The straggle for Baltic market: Polwersin conflict 1558-1618. Göteborg: U.P., 1979. 232 p.
63. Christensen A.E. Dutch trade to the Baltic about 1600. Studies in the Sound toll register and Dutch shipping records. Kopenhagen: The Hague, 1941. 450p.
64. Хрох М. К вопросу об экономических отношениях стран Восточной и Заподной Европы в переломный период Тридцатилетней войны // СВ. М., 1963. Вып. 24. С. 225-239
65. Бааш Э. История экономического развития Голландии в ХҮІ –ХҮІІІ веках: пер. с нем. М.: Изд-во иностр. лит., 1949. 394с.
66. Dietz B. The Port and Trade of Early Elizabethan London. In: London Record Society, 1972, YIII, №5. P.II-XX.
67. Тревельян Дж. М. Социальная история Англии: пер. с анг. М.: Изд-во иностр. лит., 1959. 607с.
68. Jensch G. Der Handel Rigas im 17 Jahrhundert. –Ein Beitrag zur Livländischen Wirschaftsgeschichte in schwedischer Zeit. – Mitteilungen aus der livländischen Geschichte, 24 Band, H.2., Riga, 1930. S. 41-46
69. Жумагулов К.Т. Всемирная история в Республике Казахстан за 15 лет. (Материалы Республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 15-летнему юбилею кафедрыr истории древнего мира и средних веков - «Всемирная история и Казахстан в ХХІ в.» 29 ноября 2006 г.) – Алматы, «Қазақ университеті» 2007, С. 8-15
70. Жумагулов К.Т. Проблемы исследования евразийской истории. – Историческая наука в ХХІ веке (материалы международных Бекмахановских чтений). – Алматы, 2001. С. 120
71. 10-летие кафедры истории древнего мира и средних веков КазНУ им. аль-Фараби и проблемы всемирной истории в Казахстане. – Жумагулов К.Т. Проблемы всемирной истории в контексте современной казахстанской науки (Материалы Республиканской научно-теоретической конференции). – Алматы, 2001, С. 3-13
72. Жумагулов К.Т. Проблемы изучения всемирной истории в республике Казахстан. (Доклад на международной научно-практической конференции «10лет суверенного Казахстана: история и перспективы», г. Алматы, 1 июня 2001г.) – Отан тарихы, 2001, №3 С. 78-80
73. Жумагулов К.Т. Казахстан в евразийском пространстве (история и современность). (Казахстан и страны европейского континента история и перспективы развития. Материалы международных Бекмахановских чтений 24-25 мая 2002 г.). Алматы, 2002. С. 5-10
74. Жумагулов К.Т. Об историко-политических взглядах И.Г. Гердера // Вестник КазГУ, серия историческая. Вып. 14. Алматы, КазГУ. – С. 75-78
75. Касымжанов А.Х. Касымжанов С.А. Духовное наследие казахского народа. – Алматы, Респ. изд. каб., 1991, - С. 89
76. Бэкон Ф. История правления короля Генриха ҮІІ. /Пер. В.Р. Рокитянского и др.- М., Наука, 1990, -С. 5
77. Бэкон Ф. Сочинения в двух томах. / Перевод, сост., общ. ред. и вступит. Статья А.Л. Субботина / 2-е изд., М., Мысль, 1977-1978
78. Мор. Т. Утопия. М., 1978
79. Шекспир У. Полное собрание сочинений. В 8 т. – М., 1957-1960
80. Болингброк Г. Письма об изучении и пользе истории / Пер. С.М. Берковской, А.Т. Парфенова, А.С. Розенцвига. Общ. ред. М.А. Барга. – М., Наука, 1978. -/359/
81. Макиавелли Н. Избранные сочинения. – М., 1982
82. Монтень М. Опыты. В 3 кн. – М., 1954
83. Капанелла Т. Город Солнца. – М., 1954
84. Роттердамский Э. Похвала глупости. – М., 1983
85. Англия в эпоху абсолютизма. (статьи и источники) под ред. Ю.М. Сапрыкина. М., МГУ, 1984. с. 193.
86. Английская реформация / Под ред. Ю.М. Сапрыкина. – М., 1990. -/104/
87. Эшли У.Дж. Экономическая история Англии в связи экономической теорией. М., 1897. С. 673-692
88. Пачоли Л. Трактаты о счетах и записях. М., 1974. С. 14-16
89. Пети В. Трактат о налогах и сборах: пер. с англ. // Пети В. Экономические и статистические работы. М.: Соцэкгиз, 1940. С.79-89.
90. Ковалевский М.М. Общественный строй Англии в конце средних веков. М., 1880, с.120-132.
91. Philipp Stubbs Anatory of the Abuses in England, 1583, repr. 1877-1882, part 1
92. F.Tridge. The humble Petition of the two sisters, The Church and the Commonwealth, London, 1604, p 5-11.
93. Ченей Э. Аграрный переворот в Англии. 1899, с 7, 28.
94. Starkey T. England in the Reighn of King Henry the Eight. London, 1871,-p.97-100.
95. Савин А.Н. Английская деревня в эпоху Тюдоров. М.,1903, с. 410-411.
96. Чистозвонов А.Н. Генезис капитализма. Проблемы методологии. М., 1985. С. 138-139
97. Савин А.Н. Английская секуляризация.М.,1907, с.518-523, 550-554.
98. Liljegren. The Fall of Monasteries and Social Changes in England, 1924. p. 122-125.
99. Lüthers Thesen in deutscher Übersetzung (1545) // Geschichte der Neuzeit: das religiöse Zeitalter 1500-1650.-Berlin: Verlag von Ullstein Co, 1907.-S.225-226.
100. Zwingli U.Sämmtliche Werke. Bd.1.-Leipzig-Zürich, 1904-439.S
101. Calvin. Opera guae supersunt omnia, ed.G. Baum, E.Cunitz, E. Reuss. V.1-59 (Corpus reformatorum. V. 29-87). Brunsvigae, 1863-1900.
102. Rogers T. History of Agrialture and Prices in England. 1882, vol. IV, p. 200-202.
103. Nevylle. De Furoribus Norfolciensibus Duce Ketto. См. Clayton. Kett and the Norfolk Rising, p. 63-67.
104. The Domesday of Inclosures, 1517-1518, ed. By I.S. Leadam, 2 vols; Royal Historical Society, 1897, vol. I, pp. 7-8.
105. I bid., vol. I, p. 112-115.
106. Gasguet. F. Henry VIII and the English Monasteries, 1889, vol.II, p.438-440.
107. Archbold. The Somerset Religions Houses, 1893, p. 170-175.
108. Corpus Reformatorum, V.3. Halis Saxonum, 1836, f. 577-579.
109. Gasguet F.Henry VIII and the Englich Monasteries, 1889, vol. II, p. 41-45.
110. Russel. Ketts Rebellion, 1859, p. 82-102.
111. Христоматия по истории средних веков. Под ред. Н.П. Грацианского и С.Д. Сказкина. Т.ІІІ. М., 1950, с. 261-262.
112. Руттенберг В. И. Ранние буржуазные революции. К вопросу о начале капиталистической эры в Западной Европе// Вопросы истории, 1984, №3. С. 80-82
113. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм. ХҮ- ХҮІІІ вв. Т. 2. Игры обмена. М., 1988. С. 7-9
114. Зомбарт В. Современный капитализм. М., 1897. Т.1. Генезис капитализма. С. 191
115. Bookmann H. Einführung in die Geschichte des Mittelalters. 5- Aufl., München, Beek Verl., 1992, S. 53-99
116. Мен Т. Рассуждение о торговле Англии с Ост-Индией; ответ на различные возражения, которые обычно делаются про тив нее // Меркантилизм. Л., 1935. С. 109-131
117. Mun Th. Tnglands Treasure by Forraaign Trage or, The Balans of our Forraign Trage is the Rule of our Treasure. In: The Western Tradition. From. The Renaissanse to the Present. Lexington- Toronto, 1992. P.433-441
118. Фортрей С. Выгоды и благосостояние Англии, заключающееся в увелечении запасов и расширении торговли этого королевства// Меркантелизм. Л., 1935. С. 188
119. Рэли У. Открытие Гвианы. М., 1963. С. 160-165
120. Смит Дж. Описание Новой Англии, или наблюдения или открытия капитана (адмирала в той стране) в Северной Америке в год 1614 // Англия в эпоху абсолютизма. (Статьи и источники). М., 1984. С. 159-163
121. Новая Британия – получение исключительно прекрасных плодов путем освоения Виргинии // Англия в эпоху абсолютизма. (Статьи и источники). М., 1984. С. 155-159
122. Аноним. Правдивое раскрытие причин упадка тоговли и уменьшения количества денег в стане с указанием средств против этого: пер с англ. // Меркантилизм / Под ред. И.С. Плотникова. Л.: Соцэкгиз, 1935. С. 145-151.
123. Барбон Н. Очерк о торговле: пер с англ. // Меркантелизм. Л.: Соцэкгиз, 1935. С. 273-291.
124. Норс Д. Очерк о торговле: пер с англ. // Меркантелизм. Л.: Соцэкгиз, 1935. С. 293-317.
125. Гегель Г.Д.Ф. Лекции по истории философии. Соч., кн.3. – М.Л., 1935. Т ІІ. – С. 206
126. История Европы. Т.3 (От средневековья к новому времени). – М.: Наука, 1993. –С.445
127. Религия и политика в Европе ХҮІ-ХХ вв. –Смоленск, Изд.: СУ, 1998. – С.3-44
128. Вайнштейн О.А. Экономические предпосылки борьбы за Балтийское море и внешняя политика России в средине ХҮІІ в. // Ученые записки ЛГУ., Вып. 18, 1965. -С. 72
129. Средневековая Европа глазами современников и историков. –М.: Интерпрес, 1995 Ч.4. – С. 137-138
130. Стрэчи Д.Л. Королева Елизавета и граф Эссекс / Пре. С анг. и примич. Е. Суриц; Предисл. В Харитонова – М., Изд. EX libris, 1992. /251/ - С. 242
131. Очерки истории Англии. Средние века и новое время. / Под ред. Г.Р. левиной. – М.: 1959, -С.100
132. История Европы. Т:3. – С. 513
133. Fussner F.S. Tudor Histori and Historians. New York – London, 1970, p.33
134. Осокин М.Г. Зарождение буржуазной экономической мысли в Англии в нач. ХҮІІ в. // Англия в эпоху абсолютизма. (Источники) / Под ред. Ю.М. Сапрыкина. – С.138
135. Митрофанов В.П. Аграрное законодательство английского абсолютизма// Социально-политические отношения в Западной Европе (средние века – новое время). Уфа, Междувузовский сборник научных трудов, 1988, /101/. –С. 48-50.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 166 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ ... ... ...
Қолжазба құқығында

ЖУМАБЕКОВ МАДИЯР УАЛИЕВИЧ

Капитализм генезисі дәуіріндегі ағылшын-балтық сауда-экономикалық
қатынастарының тарихы

03. – жалпы тарих

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация

Ғылыми жетекші тарих

ғылымдарының докторы,

профессор Жұмағұлов Қ.Т.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. АҒЫЛШЫН САУДА САЯСАТЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
1.1 Капитализмнің пайда болуы және сауда
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2 Ағылшын сауда экспансиясының
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .44
2. АНГЛИЯ МЕН БАЛТЫҚТЫҢ САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ.
2.1 Ағылшын мемлекетінің сауда қатынастары және Балтық
аймағы ... ... ... ... .73
2.2 Шетелдіктердің Балтық аймағындағы сауда саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... .100
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...131
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . 135

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан егеменді ел, көптеген
халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде адамзат тарихына, дүниежүзілік
тарихқа өзінің көзқарасын білдіруі керек. Еліміздің президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің көлемді еңбегінде, Орталық Азия және Қазақстан
тарихына шолу жасай отырып, дүниежүзілік тәжірибеге жүгінуді ұсынады [1].
Бұл ойларын Елбасымыз Батыс пен Шығыс елдеріне жасаған сапарлар барысында
айтып жүр. Сондай-ақ өзінің 2008 ж. жолдауында Еуропаға жол атты арнайы
бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айта отырып, экономикалық ынтымақтастықты
дамытуға, басқарудың тәжірибесі мен технологиясын тартуға, заңдарымызды
жетілдіруге ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің стратегиялық пайымын және
өзіміздің күн тәртібімізді белгілеуге ықпал етуі тиіс- дейді [2]. Сонымен
қатар Қазақстан Президенті Италияға ресми сапары кезінде былай деген еді:
Біздің кездесулерімізді Қазақстан мен біріккен Еуропа арасындағы
қатынастардың өскелең даму барысының маңызды да ажырағысыз бөлігі деп
қарастыруға болады, деп ойлаймын.
Италияны жер бетіндегі өркениеттің көне ошақтарының бірі деп санаған
жөн, оның мұраларын осы күнге дейін еуропалық мемлекеттердің тең жартысынан
көруге болады.
Осындай бай тарихы бар елдің қазіргі кезде де жетекші орын алып
отырғанын, көп ретте өзі тарихты жасаушы болып табылатынын айтып жату керек
пе?!
Қазақстан жері де көптеген оқиғалардың куәгері. Алайда біздің
мемлекетіміз тәуелсіздігін жуырда ғана жеңіп алды [3].
Ал енді біз өз тақырыбымызға келетін болсақ, ХҮ-ХҮІІ ғғ. Еуропалық
континенттің өмірі әртүрлі өзгерістерге толы. Ұлы географиялық ашулар,
қайтаөрлеу, Реформация – мұның бәрі еуропалықтарға үлкен күйзелістер алып
келді. Бұл құбылыстар бір бірімен тығыз байланыста болды және бәрін
біріктіретін процес – капиталистік қатынастардың қалыптасу процесі еді. XV
мен XVII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі
төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыған
дейінгі үшінші сословие арасынан өз алдында ерекшеленіп феодалдық өкіметке
наразыларды топтастырып бастаушы тап ретінде буржуазия дүниеге келді. Ол
феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат
етті, ал бұл мақсатты іске асыру үшін буржуазиялық революция жасамақшы
болды. Айталық XVI ғасырда нидерланд, XVII ғасырда ағылшын, XVIII ғасырда
француз революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Германияда
шаруалар, Францияда жалаңаяқтар көтерілістері сол заманның, жаңа дәуір
жаршылары болды. Дүниеге келген жаңа топ — буржуазия ғылым табыстарына
сүйенуді қажет етті, схолатиканы қатаң сынға алды. Ең алдымен олар
схоластиканың басты кемшілігі тәжірибеден бас тартып, бақылау,
эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауларға
негізделген, жалған, тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.
XVI мен XVII ғасырлар тоғысында өндіріс тәсілі мен құралдардың жедел
қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап,
сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схолатикалық ілім мен діни көзқарастар
кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық
көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа
салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия тағы басқа
ғылымдар саласында қол жеткен табыстар жаратылыстану, философия ғылымдарына
да үлкен әсер етіп, философияда механикалық көзқарасты және метафизикалық
ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірде де, адам табиғатын
механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды.
Осы арада әлемдік өркениетте маңызды орынға ие, әлем қауымдастығының
беделді бір құрамдас бөлігі болып табылатын, Еуропаның дамыған капиталистік
елдерінің бірі - Англия тарихының рөлі зор. Сондықтан да әлемге үлгі болып
отырған бұл елдің тарихына, халықаралық қатынастар жүйесіндегі алатын
орнына, сыртқы саудасына, оның ішінде кейінгі орта ғасырлардағы тарихына
деген қызығушылықтың туындауы түсінікті әрі заңды құбылыс. XV ғасырдың
аяғынан кейінгі ¥лы географиялық ашудан соң еуропалықтардың ішінде нақ осы
ағылшындар Еуропаға белгісіз халықтарды ашып, олармен бірінші кезекте сауда-
саттық қатынастарын қалыптастыруда белсенділік танытты.
Ғылым - білім мен еңбектің нәтижесінде капитализмнің мол
жетістіктеріне кенелген қазіргі Ұлыбритания XVI - XVII ғасырлардағы
капиталистік қатынастарды енді-енді дамыта бастаған ұлттық ағылшын
мемлекетінің арасындағы тарихи сабақтастығының үзілмегендігі белгілі.
Осыған орай қазіргі Англияның тарихи даму үрдісінің құрамдас бөлігі
ретіндегі кейінгі ортағасырлық сыртқы саяси, сауда байланыстарының кезеңі
мәселесі бүгінгі күннің өзекті мэселелерінің бірі болып отыр.
Такырыптың маңыздылығы ХҮІғ. - XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы
Англияның даму жолының XVIII - XIX ғасырларда мемлекетті ұлы әлемдік теңіз
империясы деңгейіне дейін апарған алғышарт болуымен де түсіндіріледі.
Себебі, кейінгі орта ғасырларда 3-4 млн. ғана халқы бар Англия Тюдорлар
әулетінің белсенді ішкі және сыртқы саясатының нәтижесінде ұлттық
мемлекетке біріктіріліп, абсолюттік басқару жүйесінің өзіне тән ерекше
формасының енгізілуімен бір орталыққа бағындырылған мемлекетке айналды.
Ішкі тұрақтылық, мықты билік орнағаннан кейін елдің экономикасы жаңа
өндіріс тәсілдері арқасында - капиталистік қатынастардың байырғы феодалдық
тәртіптерді алмастыра бастауының көмегімен буржуазия қалыптасты, қалалардың
халықаралық саудадағы, дипломатиялық қатынастар орталығы ретіндегі маңызы
өсті. Ел экономикасының сыртқы рынокқа шығуы тауарларын өткізу орындары мен
шикізат көздерін белгілеуге мүмкіндік берді. Ал бұл бағыт, өз кезегінде,
XVIII ғасырда Англияның отаршыл теңіз империясына айналуына себепші болды.
Сонымен, кейінгі орта ғасырлардағы ХVI – XVII ғғ. Англия қоғамының
абсолюттік монархияның король мен парламент қатар қызмет атқарған ерекше
түрін басынан кешіріп, жаңа капиталистік қатынастарға аяқ басуының
алғышарты, аралық, өтпелі кезеңі болуымен маңызды.
Еуропалық гуманистер мен ойшылдардың еңбектері, Англия жеріндегі сол
кездегі саяси, экономикалық, сауданың дамуын ашып көрсететін құжаттар
диссертациялық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеудің пәні Англияның дипломатиялық байланыстарының жүзеге асуын
зерттеу, сонымен қатар сауда байланыстарының тарихи тамырларын қарастыру.

Мәселенің негізгі мақсаты ХVI–XVII ғғ. ағылшын сауда саясатының жаңа
бағыттарын, Англия мен Балтықтың сауда қатынастары мәселесін кешенді түрде
жан – жақты зерттеу болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай
міндеттер белгіленді:
- ХVI ғасырдағы абсолютизмнің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның
қалыптасуы мен жолдарын зерттеу және саяси құрылымды анықтау;
- статистикалық және тағы басқа деректер негізінде Англия абсолюттік
монархиясының әлеуметтік – экономикалық даму деңгейін, оған әсер етуші
факторларды көрсету, сондай-ақ капитализмнің қалыптасуына бірден бір себеп
болған қорлану процесінің алғашқы тұтқасын анықтау;
- Ағылшын мемлекетінің сауда қатынастары және Балтық аймағының жағдайын
ашып көрсету;
- Шетелдіктердің Балтық аймағындағы сауда саясатын қарастыру;
Диссертациялық зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысы XVI
ғасырдан XVII ғасырды қамтиды. Бұл кезең саяси оқиғаларға ғана емес,
экономикалық қатынастардағы өзгерістерге де, сауда, дипломатиялық қарым –
қатынастардың дамуындағы жетістіктерге де толы. Осы екі ғасыр уақыт
аралығында абсолюттік билікті нығайту нәтижесінде Англия өзін жаңа
қырларынан көрсетіп, әлемдік рыноктағы бәсекелестерін басып озды.
Диссертациялық тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Феодалдық қоғамның
мемлекеттік даму формаларын терең ой елегінен өткізбей тұрып, феодализмнің
даму заңдылықтарын зерттеу заман талабынан туындаған болатын. Кез – келген
әлеуметтік – экономикалық даму сатысы, оның ішінде феодализм – күрделі
қоғамдық организмді құрайды. Оның дамыған, соңғы кезеңін зерттеу ұмтылысы
көптеген шетелдік, ресейлік және қазақстандық тарихшылар тәжірибесінде бар.
Кеңестік медиевистикада да, шет елдік медиевистикада да ағылшын абсолюттік
монархиясының мәселесіне арналған арнайы монографиялар жеткілікті
болғанымен, алғашқы қорлану процесіне, сауда мәселесіне қатысты ғылыми
зерттеулер тапшы.
Дегенмен, бұл мәселе бойынша мынандай зерттеулерді атасақ болады:
Семенов В.Ф. Огараживание и крестьянские движения в Англии ХҮІ в, Яброва
М.М. Очерки истории колониальной экспансии Англии в эпоху его расцвета,
сонымен қатар Сапрыкин Ю.М., Осипова Т.С. еңбектерін атап кетуге болады.[4-
7].
Осы мәселеге қатысты ғылыми ізденісте біршама табыстарға қол жеткізген
ресейлік тарихнама болып табылады. Синхронды түрде келтірсек, патшалық
Ресей тұсындағы орыс – ағылшын қатынастарын зерттеген ғалымдар,
шенеуніктер, елшілер арасынан 15 томдық еңбек жазған С.М.Соловьевті [8],
Н.Чарыковты [9], И.Гамельді [10], Ю.В.Толстойды [11], ерекше атап өтеміз.
Бұлардың еңбектерінде ғылыми негізделген зерттеулерге қарағанда баяндау
сипаты басым болғанымен, қарастырып отырған кезеңге жақын болғандықтан, XVI
– XVII ғасырға тән құбылыстарды объективті түрде түсіндіруге тырысып,
прогреске алып жүретін жол ретінде қарастырады. Бұл зерттеулер ішінде
С.М.Соловьевтің “Көне заманнан бері қарайғы Ресей тарихы” атты 15 томдық
көлемді еңбегінің біздің зерттеу обьектіміз болып алынған ағылшын – орыс
қатынастары мәселесіне бесінші кітабы арналған [8]. Келесі автор
Н.Чарыковтың есебі 1600 – 1601 жылдардағы Г.Микулиннің Англияға елшілік
қызметін суреттеп, баяндайды [9]. Ал, И.Гамельдің “Ресейдегі XVI – XVII
ғасырлардағы ағылшындар” атты монографиясы (1865) Қазақстан Республикасы
Ғылым Академиясының кітапханасында сирек кездесетін кітаптар қорында
сақтаулы тұр. Онда Ресейдің солтүстік аумақтарындағы орыс шенеуніктерінің,
көпестерінің, елшілерінің қызметі мен өмірі келтірілген көптеген құнды
деректер бар. Ю.В.Толстой XVI ғасырдың екінші жартысындағы Англия мен
Ресейдің қатынастарын патша мен король грамоталарын дереккөзі ретінде ала
отырып зерттеп, тарихын қайта келтіруге, яғни реконструкциялауға ұмтылыс
жасады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін медиевист ғалымдар арасында Еуропа
халықтарының кейінгі орта ғасырлардағы тарихын зерттеудің жаңаша деңгейге
көтерілуі орын алды. Тарих негізінен маркстік, таптық көзқарасқа сай
жазылды. Ол бойынша тарихи үрдіс кезеңдерге бөлініп, XVI – XVII ғасырдың
алғашқы жартысындағы Англияның халықаралық байланыстары ортағасырлардың
кейінгі ортағасырлар заманына жатқызылып жазылды. Ал қоғамның дамуының
факторы ретінде қанаушы және қаналушы таптар арасындағы қайшылық пен
өндіріс тәсілдері (экономикалық фактор) бірінші кезекте қарастырылды.
Кеңестік ғалымдардан Англияның тарихымен айналысқан С.Д. Сказкин [12-
13], М.М.Яброваның [14], Ю.М. Сапрыкин [15], В.В.Штокмардың [16],
Е.В.Тарленің [17], Б.Ф.Поршневтің [18], А.В.Исаенконың [19], О.А.Руденконың
[20-21], Ю.Е.Иванинның [22-23], Л.А.Никитинаның [24], ізденістерін жоғары
бағалаймыз.
Кеңестік дәуірдегі осы аталған ғалымдардың зерттеу объектісін негізінен
партия ұйымдары өздерінің идеологиясына сәйкес анықтап, негіздеп отырды.
Сонда, монографиялардың сипатына қарағанда бірден көрінетіндей, ғалымдар
саяси, экономикалық - әлеуметтік даму аспектілерін ғана назарында ұстады,
ал этникалық, мәдени, өркениеттілік аспектілері екінші кезекте ғана
қарастырылды. Дегенмен де кеңестік тарихшы – медиевистер көптеген құнды
деректерді ағылшын, француз т.б. тілдерінен орыс тіліне аударып жариялап,
деректерді ғылыми айналымға енгізуде зор еңбек атқарды. Сонымен қатар,
тарих ғылымының деректану саласының дамуымен келген деректерді сынаудың,
талдаудың жаңа әдістерін қолдана отырып шынайы, біршама объективті тұжырым
– қорытындыларын ортаға салды. Еуропалық және ресейлік нарративті
деректерді жан – жақты деректанулық сыннан өткізген, салыстырып сараптаған
монографиялары қазіргі күнге дейін өз құндылығын жоймай, кейінгі орта
ғасырлардағы Еуропа тарихын зерттеуде негізге алынып келеді.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Одақтас республикаларда, Ресейдің өзінде
де медиевистика өз дамуын жалғастырды. Мұнда бірақ бұрынғы еуропалық
елдерге деген негативті пікірлер – көзқарастар жойылып, ағылшындардың әлем
қоғамына әкелген жетістіктері де өзіне лайықты бағасын алуда. Осы орайда
Ю.И.Лосевтің Англияның ХVI ғасыр аяғы – ХVIІ ғасыр басындағы шығыстағы
сыртқы саясаты атты еңбегін [25], А.Соколовтың XVI – XVIII ғасырлардағы
Ресей мен Англия мемлекеттерінің өзара қарым қатынастарына арналған
басылымын [26], сондай – ақ халықаралық қатынастар ғылыми саласының
дамуымен белес алған арнайы оқулық құрал шығарудың тәжірибесі саналатын
халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихы (Алматы, 1998) оқу
құралын [27] атап өту керек.
Осы арада қоса айта кететініміз, Англиядағы кейінгі Қайта өрлеудің
қос алыбы Бэкон мен Шекспирдің философиялық идеяларының жақындығына
негізделген пікір үстемдікке ие. Бұл шетелдік тарихнамда дәлелденген,
қалыптасқан тұжырымдардың бірі. Біз зерттеп отырған мәселеде біз үшін
маңыздысы Бэкон идеясы мен көзқарасының өз кезеңімен терең де тығыз
байланыста екендігі.
Ф.Бэконның тарихи көзқарастары мәселесінде, оның басты тарихи еңбегі
"Генрих ҮІІ-нің тарихын" бұрынғы лорд-канцлердің саяси идеяларының
логикалық дамуы ретінде талдау орын алған еңбектер көптеп жарық көрді.
Дж.Эпстейннің кітабында Бэконның саяси биографиясының қырлары толығынан
суреттелген. Онда автор Бэкон өзінің саяси қызметінде король мен парламент
арасында "татуластырушы рөлін атқарғандығы туралы ойды дамытады. Алайда,
Бэконды "татуластырушы" ретіндегі бағалаумен Дж. Марвилл келіспейді. Оның
пікірі бойынша Бэконды король мен қауым арасындағы "балансты" сақтауды өз
мойнына әдейі алған адам ретінде қарастыру дұрыс емес.
Дегенменен Бэконның тарихи теориясы жалпы талданған кейбір мақалалар
кездеседі. Олардың арасында белгілілері Дэннің "Фрэнсис Бэкон
шығармаларындағы азаматтық тарих теориясы" және "Тарихи еңбектердегі
Тюдорлар проблемасы", Надельдің "Фрэнсис Бэконның тарихи концепциясында
тарих психология ретінде", Луцианидің "Бэкон мен Гвиччардини" және "Бэкон
мен Макиавелли", Сэфердің "Кейінгі ренессанстағы ғылыми және тарихи
революциялардың арасындағы сәйкестік" атты мақалалары.
Алайда, бұл еңбектердің өзінде тарихи ой (білім) тарихындағы Бэконның
алар орны туралы мәселе біржақты шешімін таппаған. Оларда Бэкон тарихилығын
(историзм) ренессанстық "тарих өнерінің" кеш жеткен жаңғырығы ретінде
қабылдау тенденциясы басым. Мұндай жағдайда ағылшын ойшылының
интеллектуальдік бейнесінде "екілену" сияқты құбылыста қарауға болады.
Бірінші, жаңа замандағы тәжірибелік ғылымның бастаушысы болған адам,
тарихта шәкірттей және ұлы итальяндықтар Макиавелли мен Гвиччардиниге
ұқсауға тырысқандай болып көрінеді. Екінші тенденция жаратылыстанудағы
ғылыми революциямен байланысты Бэкон идеяларының тарих саласына ықпал етуге
тырысқан зерттеушілер ұмтылысын көрсетеді.
Орыс оқырманының Ф.Бэконмен танысуы О.И.Сенковскидің Маколей "Бэконын"
алғаш орыс тілінде аударған соң басталған. Сенковскийден бұрын орыс
оқырманын "Бэконмен" таныстырған В.Тредьяковский болды деп те айтылады.
Алайда, В.Тредьяковский жазбалары еш жерде сақталмағандықтан, біріншілік
О.И. Сенковскийде болып отыр. Шығарма тарихымен кеңірек танысатын болсақ,
1837 жылы автор баспасынан "Оку кітапханасы" Библиотека для чтения атты
отбасылық журналында Ф.Бэконның өмірі мен философиясы туралы очеркі
жарияланды. Бұл мақала осы уақытқа дейін шынайы оқырманын тауып отырған
ғылыми-танымдық құнды еңбек ретінде бағаланып келеді. Мақаланың 1995 жылы
"Знание сила" журналында қайта басылып жарық көруі сөзіміздің дәлелі бола
алады. О.И.Сенковский "Оку кітапханасындағы" мақаланың кіріспесін "Егерде,
- бүкіл Еуропалық білімдарлыққа ұмтылысы үстінен билік құратын ұлы
даналарды атауды сұраса, біз ойланбастан - Бэкон және Ньютон деп жауап
берген болар едік" [28], деген жолдармен бастаған. Батыл тұжырым, дегенмен
Бэкон бағасын көтеру үшін ғана айтылмағаны анық. Бұдан әрі сөзін делелдей
түсу үшін Ф.Бэконның тәжірибелік ғылымға қосқан үлесі жайында жазады.
Маколей нақты билік, нақты меншік иелерінің қолында болған Алглияны,
оның шектеулі монархиясы, күшті үкіметі мен екі парламенті бар басқару
формасын үлгі тұтты. Әрине мұндай көзқарастағы Маколейді "Кеңестік тарихи
энциклопедиясында" "ағылшын буржауазиясының сүйікті тарихшысы" деген баға
алуы түсінікті. Сондықтан, оның шығармашылығы Кеңестер Одағында қуғындалды.
1862 жылдан бастап Маколейдің толық шығармалар жинағы орыс тіліне
аударылып көптомдығы жарық көре бастады. Маколейдің жоғарыда аталған
шығармасы III томдағы жинакқа енген. Маколей еңбегі "Біз мистер Монтегюға
бұл ақиқат-құнды шығармасы үшін шынайы жүректік ризашылығымызды
білдіреміз..." деген сөздермен басталады [29,1б.]. Осы еңбектің 84 бетінде
Бэкон өмірінің соңғы бес жылында жазылған еңбектерін санамалағанда ғана
оның тарихи шығармасы "Король Генрих ҮІІ-нің билік тарихы" аталады. Бірақ
тарихшы ретінде жасалған талдауы кездеспейді. Маколей Бэконды философ және
білімдар ретінде жоғары бағалаған, "Оның білімі өзге адамдар білімінен, жер
глобусының атластан айырмасы сияқгы ерекшеленді", "Бэкон барлық адамдарды
асып түсетін білімі, бұл білімнің барлық салаларының өзара қатынасының
білімі еді" деген сияқты мәтіндер бүкіл еңбек бойынан аңғарылады.
Бэконның тарихи мұрасының кеңестік кезеңде белгілі дәрежеде
зерттелмеуін "ағылшын абсолютизмінің және гуманистік тарихнама
теоретиктерінің бірі ретінде ол өзіне қажетті көңіл аудартпады" [30], деген
сияқты жалпы себептермен түсіндіруге болады.
Алып отырған мәселемізге байланысты М.П. Лесниковтың еңбегін атап
кетуімізге болады. Ол ХҮ ғ. Балтық сауда құрылымы туралы жазған, ерекше
зерттеген мәселесі нидерланды балтық - саудасы болды [31]. Келесі бір еңбек
Дж. Л. Болтон зерттеуі. Оның еңбегі ағылшын балтық-саудасына арналған және
біздің ізденісіміз үшін маңыздылығы зерттеуінің ағылшын деректеріне
сүйенуінде [32].
Сонымен қатар бұл мәселе бойынша О.Л.Вайнштейн, Е.А.Косминский,
Е.В.Гутнова [33-35] еңбектері бар.
Ірі тарихшы-медиевист және тарихнамашы О.Л.Вайнштейн жөнінде және
оның аталып отырған еңбегі туралы толығырақ тоқталған жөн. Ол 1915 жылы
Одесса гимназиясын, 1919 жылы Новороссийск университетінің тарих-филология
факультетін бітірген. Өзінің ғылыми қызығушылығын таңдап, оны
батысеуропалық ортағасырлар тарихын зерттеумен байланыстырады. 1924 жылы
"Ұлы революция кезеңіндегі француз эмиграциясының тарихы бойынша очерктер
1789-1796" атты бірінші монографиясы жарық көріп Е.В.Тарле және
В.П.Бузескулдың жоғары бағасына ие болған [36]. Ортағасырлық тарихнаманы
ұзақ уақыт зерттеуінің қорытынды еңбегі ретінде "Западноевропейская
средневековая историография" атты іргелі монографиясы жарияланды. Онда
батысеуропалық тарихнаманың жалпы дамуы жүйелі түрде суреттеледі. Бұл еңбек
автордың өзінің ғылыми қызметінде өз алдына қойған басты міндеттің
орындалуы болып табылады. Монография көлемді библиографиямен бірге
үлкен ақпараттық материалдарға да бай. Кітапта 800-ден астам бет соңындағы
қосымша бар, 1200 адам есімі аталады. Еңбекте ортағасырлық тарихнама (IV-XV
және ХУ-ХУИғғ. ортасы) екі бөліктен құралып Англия, Франция, Италия және
Германия сияқты батысеуропаның басты елдерінің ортағасырлық тарихнамасына
шолу жасайды. Тарихнаманың дамуын баяндай келе О.Л.Вайнштейн тарихи
шығармалардың тар шеңберінен шыға алған, өз зерттеуінде философиялық,
құқықтық, шіркеулік еңбектерді де қамтып, сол кезеңнің тарихи
көзқарастарымен байланыста қарастырған.
Салыстыра зерттеу мақсатында XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы
тарихшылар В.П. Лукояновтың, У. Кеннингемнің 1904 жылы ағылшын өнеркәсібі
мен саудасының дамуы, Г.Т.Бокльдің 1863 жылы Англиядағы өркениеттер тарихы,
Н.Кареевтің 1914 жылы Батыс Еуропа тарихы, Эдгар Зеворттың 1883 жылы жаңа
заман тарихы, М.Стасюлевичтің 1913 жылы орта ғасырлар тарихы, А.Савиннің
1903 жылы Тюдорлар заманындағы ағылшын деревнясы, П.А. Ардашевтің 1902 жылы
Батыстағы абсолютті монархия, В.Крусманның 1915 жылы алғашқы ағылшын
гуманистері, Г. Трайльдің 1897 жылы ағылшын тарихына арналған көп
томдықтары, т.б. орыс тілінде жарық көрген еңбектеріндегі ой-тұжырымдары
біздің зерттеуімізде талданды [37-47].
Диссертация тақырыбын ашуда Ю.М.Сапрыкиннің ағылшын шаруаларының
әлеуметтік-саяси көзқарастары, халықтық қозғалыстар, В.В.Штокмардың ағылшын
абсолютизмінің экономикалық саясаты, Англия тарихы бойынша очерктері, О.В.
Дмитриеваның Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Е.А. Косминскийдің,
А.Л. Шапироның, А. Мортонның тарихнамалық еңбектері, К.Н. Татаринованың
Англия тарихы бойынша очерктері, тағы басқа ХҮ-ХУІІ ғғ. Англияның
әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы туралы, Қайта өрлеу дәуірінің
идеологиясы мен мәдениеті жөнінде, XVI ғасырдағы ағылшын мәдениеті
мәселелеріне арналған зерттеулер маңызды орынға ие болды [48-55].
Кеңестік тарихшылар мен тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі
қазақстандық тарихшылар еңбектерінде біз көтеріп отырған мәселе
қарастырылмаған. Мұндай жағдай біздің зерттеуіміздің өзектілігін арттыра
түседі.
Дегенмен, ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей Федерациясында соңғы
жылдары Англия мен Еуропаның орта ғасырлардан жаңа дәуірге көшуіндегі
бірқатар мәселелер қозғалады [56-59].
Кейінгі ортағасырлар кезеңіндегі Еуропаның, соның ішінде солтүстік
аймақтағы халықаралық қатынастар, сауда-экономикалық байланыстар, бірқатар
шетелдік ізденістерде орын алады. Солардың ішінде А. Аттманды атауға
болады. Аттман сауданың нақты мәселелерін, әдетте жалпы балтық саудасының
динамикасы, тауар ағысының балансы сияқты маңызды проблемалардың
төңірегінде қарастырған [60-62]. Келесі зерттеулердің бірі А. Кристенсеннің
Балтықтағы голландық саудасы жөнінде. А. Кристенсен ең алғашқылардың бірі
болып, ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Балтық және Солтүстік теңіз аймақтарындағы теңіз
саудасы жөнінде басты дерек - Зундық сауда регистрына тарихнамалық сынның
негізін қалаған [63]. ХҮ-ХҮІІ ғғ. елдің экономикалық өмірі туралы және
Шығыс пен Батыс Еуропа экономикалық қатынастары жөнінде чехославакия
ғалымдары М. Хроха, Э Бааш зерттеген [64-65]. Олардың балтық саудасы
жөнінде тарихнамасының жетістігі әрине нақтылығы мен мұқияттылығында, ал
кемшілігі жалпылама қорытындысының аздығында.
Ағылшын сыртқы саудасына Б. Дитцтің зерттеулері арналған, ол өз
еңбегінде ағылшын деректерін қолданған. Сонымен қатар бұл еңбектің қатарына
Дж. М. Тревельян, Г. Енш зерттеулерін жатқызуға болады [66-68].
Тарихнамалық бөлімде біз Қазақстан ғылымына тоқталатын болсақ, бұл
салада ғалымдардың әлем тарихы бағытындағы ізденістерін айтып кеткеніміз
жөн. Жалпы тарих ғылымы алдында тұрған міндеттер мен ашылған зор
мүмкіндіктер туралы және кеңестік кезеңдегі шектеулі жағдайларды айту
қажет [69]. Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың маңызды міндеті ретінде
қазақстандық ғылымды қалыпты оқшаулану жағдайынан әлемдік кеңістікке
шығару, деп атап өтеді. Ал, Қ.Т.Жұмағұловтың айтуынша, "тарих ғылымындағы
идеологиясыздандыру және бейсаясаттандыру жағдайлары, интеграциялық
үрдістердің ғасырында маңызды теориялық және методологиялық мәселелерді
жүйелеудің жаңа жолдарын іздестіруге талпыныстар жасалу керек. Өйткені
жалпы тарих мектептерде, гимназияларда, колледждер мен жоғарғы оқу
орындарында оқытылады" [70-73]. Қ.Т.Жұмағұловтың әлем тарихына байланысты
жалпы теориялық еңбектерімен бірге кейбір ірі тарихи тұлғаларға жазған
арнайы мақалаларын айтуымыз қажет. Ғалымның Еуропа ойшылдарына тікелей
қатысы бар жұмысы ретінде И.Г.Гердердің тарихи көзқарастарына бағытталған
еңбегі шыққан. Бұл ізденістегі теориялық, практикалық тұжырымдар
Қазақстандық тарихнамада Еуропа мен Еуразияда жаңа идеологияның таралуына
үлкен ықпал береді [74]. Жұмыста біз отандық философтар еңбектерін де
пайдаландық. Бұл еңбектерде тарихи-философиялық мәселелер жаңаша көзқарас
тұрғысынан мәселелер қарастырылады [75].
Зерттеудің деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың негізгі дерек
көздерінің бірі Ф.Бэконның шығармалары болып табылады. Олар әрине латын,
ағылшын тілдерінде жарық көрген, бірақ кейбір негізгі еңбектері кейінгі
жылдары орыс тіліне де аударылып шықты. Нақты айтқанда:
Біріншіден, тарихи шығармалары "История правления короля Генриха VII"
(Король Генрих ҮІІ-нің билік тарихы); "История правления короля Генриха
VIII" (Король Генрих ҮІП-нің билік тарихы); "О счастливой памяти Елизаветы,
королевы Англии" (Англия королевасы, Елизаветаның бақытты естілігі туралы);
"Начало истории Великобритании" (Ұлыбритания тарихының бастауы); "Характер
Юлия Цезаря" (Юлий Цезарьдың мінезі); "О мудрости древних" (Ертедегі
даналықтар туралы); тағы басқа тарихи ойлары мен үзінділері, сондай-ақ
бірқатар құқықтық шығармалары [76].
Екіншіден, философиялық еңбектері "О достоинстве и приумножении наук"
(Қадір-қасиет және ғылымды молайту туралы); "Новый Органон" (Жаңа Органон),
"О принципах и началах" (Принцип пен бастау туралы); "О мудрости древних"
(Ертедегі даналықтар туралы); және т.б.
Үшіншіден, XVI ғасыр соңы - XVII ғасырдың бірінші ширегіндегі Англияның
ішкі және сыртқы саясат мәселелерінің әр қырына арналған трактаттары "Опыты
и наставления нравственные и политические" (Тәжірибелер және парасаттылық
пен саяси тәлімдер), парламент және канцлерлік соттағы сөздері, Елизавета
мен Яковке, тағы басқа мемлекет шенеуніктеріне арнаған хат-кеңестері.
Төртіншіден, "Новая Атлантида (Жаңа Атлантида) утопиялық шығармасы,
онда қоғам өміріндегі ғылым рөлі мен әділ басшы жөніндегі оның өз түсінігі
алғаш әдеби көркем формада берілген [77].
"Король Генрих ҮІІ-нің билік тарихы" шығармасы Ф.Бэконның тарихи
еңбектерінің ішіндегі ең көлемдісі және парламенттік айыптауға ұшырағаннан
кейін жазған бірінші жұмысы болып табылады. Ол принц Чарльзге арналып
жазылды. 1621 жылдың күзінде қолжазба, 1622 жылдың наурызында баспадан
шыққан үлгі дайын болып, король Яков І-ге ұсынылды. Бэконның бұл еңбегі
Генрих ҮІІ-нің тарихына арналғанымен, оның жастық шағы және шығу тегі
жөнінде саяз баяндалады. Ал, есесіне Генрихтің елді басқару әдісі мен
король мінездемесі толық және терең сұрыптаудан өткен. Шығармада көркемдік
әсерлеу өте аз, бұл еңбек ғылыми жағынан маңызды. Ал, "Король Генрих ҮІІ-
нің билік тарихы" принц Чарльздің қалауы бойынша басталған. Бэконның өз
еркімен жазылмағандықтан, бұл жұмысты жазу баяу және ынтасыз жүрген. Бар
жазылған үзіндісі алғаш 1629 жылы жарық көрді. "Англия королевасы,
Елизаветаның бақытты естілігі туралы" еңбегіне Бэкон үлкен мән беріп,
өзінің өсиетнамасының бірінші вариантында осы еңбектің жарық көруін
тапсырған. Бұл жұмыс 1658 жылы бірінші рет басылып шығады. "Ұлыбритания
тарихының бастауының" қай жылы жазылғандығы белгісіз, аяқталмаған күйінде
қалған. Шығарма алғаш 1657 жылы жарық көрді. 1658 жылы жарияланған "Юлий
Цезарьдың сипаты" Бэкон қайтыс болғаннан кейін қағаздарының арасынан
табылған еңбектер қатарынан саналады. Антикалық мифологияны талдап
түсіндірген "Ертедегі даналықтар" алғаш латын тілінде 1609 жылы шағын кітап
болып басылып шыққан. Бэконның заманында-ақ ағылшын және итальян тілдеріне
аударылып, бірнеше басылымы жарияланды.
"Жаңа Органон" 1620 жылы Лондонда латын тілінде жарыққа алғаш шыққан.
Аты айтып тұрғандай Бэкон "Жаңа Органон" Аристотельдің "Органонын"
ауыстыру, яғни схоластикалық логикаға жаңа таным құралын қарсы қою мақсатын
көздеді. Бұл еңбекті 1607-1608 жылдар аралығында жазды, дегенмен Бэкон бұл
шығармамен он жылдан аса уақыт еңбектенген. В. Раулидің айтуынша "Жаңа
Органонның" 12 түрлі нұсқасын көрген. Алайда бұл шығарма да Бэконның
аяқталмай қалған еңбектерінің бірін құрайды. Аяқталмаған күйінде жарық
көрді. "Жаңа Органонның" кейбір бөлімдері, кейінгі жылы жарық көрген "Қадір-
қасиет және ғылымды молайту туралы" еңбектің ішкі мазмұнынмен мәндесіп
жатады. Дегенменен Бэконның индукцияның теориялары мен әдістері туралы
ілімдері осы еңбекте кең көрсетілген.
"Қадір-қасиет және ғылымды молайту туралы" еңбек 1623 жылы жарық
көрген. Ол 1605 жылы ағылшын тілінде жарияланған екі кітап "Успехи и
развитие занания божественного и человеческого" адамзат үшін ғылымның ұлы
маңызын дәлелдеуге тырысқан және оларды классификациялау идеясын ұсынған
еңбегінің толықтырылған жалғасы болып табылады. "Қадір-қасиет және ғылымды
молайту туралы" Бэконның философиялық еңбектернің ішіндегі көлемдісі және
жүйеленгені болып табылады. Тоғыз кітаптан тұратын бұл еңбекте өзге
ғылымдармен қатар тарихты да ғылым ретінде қарастыру әрекеті жасалған.
Тарихи білімді талдай отырып, тарихтың түрлері анықталған, ғылым ретіндегі
әдістемелері мен теориялары ұсынылған.
"Тәжірибелер және парасаттылық пен саяси тәлімдер" Бэкон шығармаларының
ішіндегі ең аяқталған және сұрыпталғаны болып табылады. Онда Бэконның үлкен
өмірлік тәжірибесінде жинақталған ойлары негізінде, оның әлеуметтік-саяси
көзқарастары жарқын және толық көрініс тапқан. "тәжірибелер" алғаш 1597
жылы жарық көрді. Бірінші басылым бауыры Антони Бэконға арналған. Одан соң
бұл еңбек көп мәрте қайта толықтырулармен басылып шықты. Екінші басылымды
(1612ж.) Генрихке, принц Уэльский, герцог Корнуэльский және граф
Честерскийге арнамақ болады, алайда принц Генрихтың кітап жарық көргенге
дейін қайтыс болуына байланысты, еңбекті өзі қадір тұтатын досы әрі ағасы
сэр Джон Консебельге арнайды. Алғашқы басылымда "Тәжірибелер" саны 10-ғана
болған болса, 1625 жылғы Яков І-нің фавориті, Англияның лорд-адмиралы,
Джордж Вилльерс, герцог Бэкингэмге арнаған басылымда олардың саны 58-ге
жеткен. Олардың 38-і толықтырылып және қайта өңделген, ал 20-сы мүлдем жаңа
еді. 1978 жылғы жинақта осы 58 эссе толық берілген.
Фрэнсис Бэконның тарихи-саяси көзқарастарын анықтауда "Жоғарғы қызмет
туралы", "Дворяндар туралы", "Ылаң мен бүлік туралы", "Билік құру өнері
туралы", "Кеңестер мен кеңесшілер туралы", "Корольдіктер мен
республикалардың шынайы ұлылығы туралы", "Отарлар туралы", "Өсімқорлық
туралы", "Келіссөздер өнері туралы", "Құрмет пен танымалдық туралы" тағы
басқа көптеген тәжірибелік тәлімдерінің тигізер көмегі мол.
Жаңа Атлантида 1623-1624 жылдар жазылған, алайда аяқталмаған. Әңгіме
мәтін ХҮІ-ХҮП ғасырларда кең тараған утопиялық шығармалар кестесіне сай
келеді. Әңгіме белгісіз елде болып, ондағы гүлденген қоғамдық құрылымды
көрген жиһангездің атынан баяндалады. Т. Мордың "Утопиясы", Т.
Кампанелланың "Күн қаласы" осы кестені ұстанады. Бэконның бұл шығармасы Мор
еңбегінде көрініс тапқандай өз қоғамын сынамайды, оған өзге әлеуметтік-
саяси идеялары қарсы қоймайды. Бэкон утопиясы өзі жақсы көретін ғылыми-
техникалық прогресс идеясын дамытады. Бұл шығарма Бэконға өзінің
жалпымемлекеттік ғылыми ұйым жобасын ұсыну үшін және ғалымдарды дәріптеу
үшін қажет болғандай. Шығарма әдеби көркем әрі түсінікті тілде жазылған.
Сонымен қатар бұл мәселені толығырақ қамту үшін Т.Мордың еңбектері,
У.Шекспир драмалары да пайдаланылды [78-79]. Ізденістің тағы негізгі
дерегінің бірі ретінде Г. Болингброктың шығармаларын алдық [80]. Олар,
әрине ағылшын тілінде жазылған, бірақ негізгі еңбектері орыс тіліне
аударылып жарық көрді. Атап айтқанда Тарихтың пайдасы және оны зерттеу
туралы хаттар (“Letters of the study and use of history”); Письма об
изучении и пользе истории. Бұл еңбек ойшыл қайтыс болғаннан кейін 1752
жылы жарық көріп, кейін бірнеше рет қайта басылып шықты. Хаттар француз,
неміс, итальян тілдерінде де жарияланды. Осының өзі Г. Болингброктың және
оның еңбегінің оқырмандар арасындағы рөлін айқындайды. Ағылшын ағартушылық
тарихнамасында тарихи еңбектерден басқа жалпы теориялық ізденістер де
болды.
Хаттар нақыл ойларды жатқа айту, деректемелерді құрастыру арқылы
жазылған. Г. Болингброк тарих өмір сүріп жатқан ұрпақтарға барынша көп
пайда әкелу үшін тарихи әдістің қандай болуы қажет екендігі жайлы толғанды.
Оның бұлай деп пайымдауына себеп болған – көне және ортағасырлық
тарихнамалық дәстүрге сын көзбен баға беру тәжірибесі. Екінші себеп –
Англия мен Батыс Еуропа мен өздерінің саяси ұстанымдарын қолдауындағы саяси
бағытын анықтауындағы тарихи тәжірибелері, өйткені сол кезеңде оның өзі
отанының сыртқы және ішкі мәселелерін тікелей шешкен.
Атақты ағылшын гуманисі Томас Мордың "Утопия" атты еңбегін салыстыра
отырып, біз Англиядағы ХҮ-ХҮІ ғғ. өткен экономикалық, әлеуметтік
өзгерістерді өз көзімен көрген автордың шығармасынан біле аламыз. Автор сол
кездегі Англияда болған "қоршау" саясатына өз қарсылығын білдіреді. Т.Мор
саясатпен тікелей айналысқан, парламенттің мүшесі болып сайланған және де
король Генрих ҮІІ-нің канцлері болған. "Утопия" деген аралда жекеменшік
жоқ, себебі автордың ойы бойынша, жекеменшік теңсіздік туғызады. Ал саяси
қатынастарды алатын болсақ, қоғамды билейтін мекеме сайланбалы болуы керек.
Біз айтып өткеніміздей диссертацияның дерегі ретінде ұлы ағылшын
драматургы Уильям Шекспирдің еңбектері де қолданылды. Автордың тарихи
хроникаларын "Генрих IV", "Генрих V", "Ричард II", "Ричард III" алып
зерттегенде оқырмандар ойшылдың мықгы король өкіметін қорғағандығын
байқайды.
Маңызды деректер ретінде, әрине басқа да Еуропалық гуманистер мен
ойшылдардың еңбектері де қарастырылды. Атап айтатын болсақ, солардың ішінде
мемлекет туралы жаңа ойларды білдірген Никкола Макиавелли, Мишель Монтань,
Томмазо Кампанелла, Эразм Роттердамский т.б. [81-84].
Диссертациялық жұмысты жазу барысында біз бірсыпыра басқа да деректерді
пайдаландық, салыстырмалы түрде бұл құжаттар Англия жеріндегі сол кездегі
саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуын ашып көрсетуде көмегін
тигізді [85-89].
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және
шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми
зерттеудегі жалпытарихи - тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелік әдістер
пайдаланылды. Ізденістің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі
ретінде, жоғарыда аталғандай салыстырмалы - компаративистік тәсіл тандап
алынды. И.Гердер, Н.Данилевский, А.Тойнби, Ш.Уәлиханов және тағы басқа
көрнекті ғылым өкілдері еңбектерінде ұтымды пайдалынылған бұл әдіс ғылымның
әр саласында жемісті қолданылып жүр. Сонымен қатар жұмыс барысында М.
Бахтиннің зерттеу обьектісін "іштен" және сырттан" қарау, В. Шкуратовтың
"тарихи психология" әдістемесі де қолданылды.
Сондай-ақ жүйелік, тарихи-салыстырмалық ғылыми таным принциптерімен
шектелмей, қойылған мәселенің мерзімдік шегіндегі қоғамның дамуына ортақ
соңғы кезде қалыптасқан жаңа пікірлер мен тұжырымдарды басшылыққа ала
отырып, нақты тарихи, талдау негізінде жинақтау, қорыту, логикалық зерттеу
әдістері қолданылды. Жұмыс барысында жалпығылыми әдістер - талдау мен
синтез, индукция және дедукция, баяндау және түсіндіру сияқты әдістер де
қолданыс тапты.
Диссертацияның практикалық маңыздылығы. Бұл еңбек құндылықтар қайта
қаралып жатқан кездегі гуманитарлық ілімдер жүйесіне ықпалын тигізеді деп
білеміз. Біздің зерттеуіміз Еуропа тарихында белгілі орынға ие. Зерттеу
жұмысының тәжірибелік маңызы диссертациядағы теориялық пікірлер мен ой
тұжырымдамаларының осы бағыттағы бұдан кейінгі зерттеу жұмыстарына арқау
бола алатындығында. Сондықтан да, зерттеу жұмысының мазмұнын, ғылыми
тұрғыдан дәлелденген тұжырымдарын XVI-XVII ғасырлардағы ағылшын тарихи
ойының даму тарихымен қызығушылар пайдалана алады және колледждер мен
жоғарғы оқу орындарында "Батыс елдерінің орта ғасырлар тарихы", "Еуропаның
жаңа заман тарихы", "Деректану және тарихнама" саласы бойынша оқытуда,
арнаулы курстар мен семинар сабақтарын жүргізуде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.
Диссертациялық зерттеуде тың ғылыми ізденістер жүзеге асырылды. Атап айтар
болсақ:
1) Жұмыста деректер негізге алына отырып, капитализмнің генезисі процесі
елдің экономикалық тұрақтылығына, сауданың жетістігіне тәуелді болғандығы
көрсетілді;
2) Қазақстанның жалпы тарих ғылымында алғаш рет Ағылшын сауда
экспансиясының бағыттары терең қарастырылды және оларға тарихи тұрғыдан
талдау жасалды;
3) Ағылшын көпестері мен өнеркәсіпшілерінің сыртқы сауданы ұйымдастыру
жолдары анықталды;
4) Ағылшын мемлекетінің сауда қатынастары және Балтық аймағы жағдайы
ашып көрсетілді;
5) ХVIІ ғ. Англияның еуропалық сыртқы сауда нарығында үстемдікке ие
болу себептері анықталды;
6) ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда балтық саудасы еуропалық және әлемдік сауданың
маңызды бір бөлігі болғандығы көрсетілді;
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертация тақырыбы
Қазақстандық жалпы тарихта аз зерттелген мәселелер қатарынан орын алады.
Нақтырақ айтар болсақ бұл мәселе сын көтермейді, яғни бұл мәселе арнайы
тарихи зерттеу пәні болған жоқ. Сондықтан диссертациялық зерттеуде тың
ғылыми ізденістер жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ: зерттеу жұмысы
қазіргі таңдағы дамыған капиталистік мемлекет болып табылатын
Ұлыбританияның бүгінгідей болып қалыптасуына бірден – бір ықпал еткен
кейінгі орта ғасырлар кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын,
сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістерін,
Англияның алғашқы қорлану процесінің көрінісін және бастысы оның
прогрессивті түрде дамыған сыртқы саудасын жүйелі, кешенді түрде зерттеудің
алғашқы тәрбиесі болып отыр.
Диссертациялық жұмыстың сараптан өтіп, сыналуы. Диссертациялық жүмыстың
негізгі мәселелері бойынша жасалған тұжырымдар мен нақты ой-пікірлер ғылыми
басылымдарда жарияланып, зиялы қауымның назарына ұсынылды. Зерттеу тақырыбы
бойынша диссертанттың ... мақаласы жарық көрді. Сонымен бірге, ... .
Халықаралық Бекмаханов оқуларында диссертацияның кейбір мәселелеріне
байланысты тұжырымдары баяндалды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, іштей
жіктелген тармақтары бар екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі б.

1. АҒЫЛШЫН САУДА САЯСАТЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

1.1 Капитализмнің пайда болуы және сауда қатынастары
XV ғасырдың аяғында Еуропаның батысында ұлттық негізде бір
орталықтанған мемлекеттер пайда болды. Олардың қатарында Англия, Франция,
Испания, ал бұлардан бұрын-Португалия пайда болған еді. Мемлекеттер аумағы
ұлғайған сайын шенеуніктік қызметтердің ауқымы кеңейді, ел билеушілері
болса жаңа салықтар жүйесін жандандыра түседі. Олар өз елдері қазынасын
мүмкіндігінше мол алтын, күміспен толтыруға талпынып, елдің құдіреттілігі
бақырлардың зор сылдырымен өлшенетіндігіне кәміл сенеді. Ел билеушілері
елдерінен тыс ақша шығаруға тыйым салды: өз тауарлары үшін өзге елдің
нарығынан ақша алған шетелдік-саудагерлер, сол ақшаны осы елде өндірілетін
тауарды алуға жұмсап кетуге тырысты.
ХҮ ғасырдың аяғында –ХҮІ ғасырда Ұлы географиялық ашылулардың
нәтижесінде отар жерлерден Батыс Еуропаға құнды металдар молдап әкелінеді.
Осының дәлелі, ХҮІ-ХҮІІ ғғ. аралығында Жаңа әлемнен еуропалық жетекші
аймаққа мыңдаған тонна күміс және алтын әкелінеді. Оның нәтижесінде ақшаның
құнсыздануы пайда болады. Баға 4-7 есеге өсіп, адамдар өмірінің салты
бұрын болып көрмеген бағыттарға өзгеріп жатты [90].
Баға революциясы аталған бұл құбылыс барысында алғашқы отар
империялары Испания мен Португалия ұтылған болса, Голландия, Англия,
Франция және кейбір неміс княздіктері байып, құдіреттілікке иеленеді. Соңғы
аталған елдер әлемдік сауда көлемін ұлғайта, теңіз біріншілігі және отар
үшін күрес бәсекелестігіне ене бастады. Сауда жолдары Жерорта теңізі
аудандарында орналасқан Еуропаның солтүстік – батыс жағалауларына кең
тарады. Мемлекеттер арасындағы отар үшін соғыс және қақтығыстар тіпті
шекараласпаған елдер арасында орын алды. Мысалы, осындай қақтығыс
келеңсіздігі Испания мен Англия, Португалия және Голландия арасында болған
еді. Баға революциясы Еуропадағы Атлант жағалауларынан Ресей шекераларына
дейін ұшқындады [90; 133].
Географиялық ашылулар сауданың бұрын болып көрмеген дәрежеде ұлғаюына
себепкер болды. Жеке материктер арасында байланыс орнап, дүниежүзілік сауда
өріс ала бастады. Отар елдерден еуропалықтар көптеген өнеркәсіп тауарын,
қару-жарақ, мата және басқа да бұйымдар алып тұрды. Еуропаға Америкадан
енді темекі мен какао, Азиядан шай мен кофе әкеле бастады. Отарлардан
Еуропаға көптеген алтын мен күміс әкелінді. Осы бағалы заттардың көбі
Испания мен Португалия корольдері мен феодаодарына тиді. Бірақ бұл елдер
мешеу болатын, олардың өз өнеркәсібі жоқтың қасы еді. Сондықтан алтын
феодалдардың басқа елдерден сатып алған бұйымдарының төлеміне жұмсалып
жатты.
Отарлардан тоналып алынған бағалы заттар көпестердің, банкирлердің,
аса дамыған Еуропа елдерінің ірі кәсіпорын иелерінің қалталарына түсті
[90;134]. Географиялық ашулар және отарлық басқыншылық Еуропада тауар
өндіруді жеделдетуге біршама ықпал етті. Алайда Американың, Азия мен
Африканың халықтары үшін бұл отарлық езгіге түсудің бастамасы еді.
ХҮ ғасырдың аяғынан бастап Еуропа елдерінде жаңа капиталистік
қатынастар пайда бола береді. Бұл құбылыстар қай жерде орын алса да, ең
алдымен капиталдың алғашқы қорлану процесінен басталатындығын теориялық
жағынан оқу құралында атап өткеніміз жөн. Демек, алғашқы қорланудың тарихи
қажеттілігі өндірістің капиталистік жүйесінің өндірістің феодалдық әдісінен
және қанаудың феодалдық қатынастарының айырмашылықтарынан туды.
Феодалдық құрлысты теориялық жағынан сипаттасақ, жердің меншік иесі
феодалға феодалдық рента алып отыруы үшін өзінің меншікті еңбек құралдары
мен жер үлесі бар шаруа керек болды.
Ал осыған керісінше, өндірістің капиталистік әдісі-өндіріс құрал
жабдықтарынан және күнкөріс қаражаттарынан жұрдай жалдамалы жұмысшыларды-
пролетарийлерді-өз қолдарына ақша байлығы мен өндіріс құрал жабдықтарын
шоғырландырған капиталистер табының қанауына негізделеді. Капиталистің
феодалдан айырмашылығы ол жалдамалы жұмысшыны не сатып алып немесе сата
алмайды. Бірақ жалдамалы жұмысшы аштан өлместің қамын жасап, капиталиске
өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр болды. Ал капиталист өндіріс құрал
жабдықтарының қожасы ретінде жалдамалы жұмысшының істеген қосымша еңбегінің
ақысын төлемей, иемденіп кетеді.
Капиталистік қатынастар Еуропаның әр жерлерінде өз ерекшеліктерімен
дамыды. Капиталдың алғашқы қорлануын қалыптастырған элементтердің бәрі де
әр түрлі елдердің: Испанияның, Португалияның, Нидерландының, Англияның,
Францияның арасында қандай да болсын бір міндетті түрдегі қатаң бірлікте
емес, тарихи тұрғыда белгілі бір шамадағы дәйектілікпен таралғандығын
көрсетеді. Алайда бұл үрдістің негізгі барлық жерде де ауыл шаруашылық
өнімдерін өндірушілердің жерлерін экспропрациялаудан, яғни шаруаларды
жерден айырудан құралды. Оның неғұрлым аяқталған түрі Англияда болды. Бұл
елде мысалға ала отырып алғашқы қорлану процесін, капитализмнің жарық
дүниеге келу процесінің қалын бұқара халық үшін қаншалықты азап болғанын
айтуымыз қажет.
Англияны алатын болсақ, кейінгі орта ғасырларда шаруаларды
экспроприациялаудың ең басты түрі феодал табының барлық топтары қауымдық
жерлерді күшпен басып алуы, шаруаларды өз үлестерінен қуу, деревняларды
тұтасымен талқандап көшіріп жіберу болды. Дворяндар басып алған жерлерді
қоршап (шарбақпен қоршау) тастап, содан соң бұл жерлерде буржуазиялық
типтегі өздерінің жеке меншік шаруашылықтарын құрды, немесе фермерлерге
және буржуазиялық кәсіпкерлерге арендаға берді.
Бұл жерде біз мынадай теориялық мәселені көтергенді жөн көрдік.
Мысалы үшін, алғаш рет ерте капиталистік қатынастар ХІҮ ғасырдан бастап
Италияда дамыса да, кейіннен бұл елде жаңа экономикалық, қоғамдық
қатынастар күйзеліске ұшыраған. Біздің ойымызша, Италияда капиталистік
элементтер тек қана қалаларда дамып, деревняларда ешқандай айтарлықтай
өзгерістер болмаған. Ал осыған керісінше айтқандай, Англияда жаңа
капиталистік қатынастар қалаларда да, сонымен қатар деревняларда да
дамыған. Бұл процесс Англияда экономикалық өрлеуге әкеледі де, Англияны
"классикалық капитализм" жеріне айналдырған.
Англия тарихы жөнінде сол дәуірлерде өмір сүрген ағылшындардың өз
қайраткерлері де айтып кетеді, мысалға Г. Болингброк өз еңбегінде Генрих
Жетінші кезінде Англияда, Людовик тоғызыншы кезінде Францияда басталған
түбегейлі өзгерістер ақсүйектердің ықпалы мен басымдылығын недәуір
әлсіретсе де, бұл өзгерістердің нәтижесінде пайда болған жаңа режимнің
ескіден айырмашылығы шамалы болды. Францияда король жеңіске жетіп,
ақсүйектер жеңіліп қалады; ал діни қауым өз иелігі мен басымдығын сақтап
қалады да, қарапайым халық болса, тәж бен халықтың пайдасы тым болмағанда
ұтымдығы жағынан тең болды. Үшінші сословиенің бұған дейін де заң шығаруға
араласып жүрген, Генрих жетінші ақсүйектердің күштері мен ықпалдарын
тежеген тұста, бұлардың күштеріодан әрі ұлғайып, биік мәртебеге ие болды;
Генрих Жетінші ұлы шіркеу меншігіндегі жерлерді сатқаннан кейін, олардың
жеке меншігі бұдан да зор ұлғайды; саяси өзгерістерүшінші сословиеге майдай
жағып, олардың қуатын нығайтты
Осыдан бері біз бұрынғыдай өз елімізбен басқа елдерді қанаудан бас
тарттық та, ал парасатты заңдар мен билеушілік біздің халқымыздың ғұрпын
өзгертіп, рухына әсер етті. Біз енді бұрынғыдай талан-тараждан бас тарттық.
Біздің ұлтымыз әскери мәртебесін жоғары ұстап, елдің мүддесін қорғайтын
кезде оны қолдай алды, енді соғыс дегенбіздің бұрынғыдай ең негізгі, тіпті
жалғыз ғана кәсібіміз болудан қалды. Бейбітшілік кәсіптер көбейе бастады.
Біз енді жер өңдеуші, өнеркәсіпші, саудагер болдық...-дейді [80; 79].
Шұға өндірісіндегі табыстар, ағылшын жүніне деген сұраныс әуелі
көршілес Фландрияда, ал содан кейін Англияның өз ішінде артуы аграрлық
қатынастарда едәуір өзгерістер туғызды. Жүннің бағасының жоғарлауына
байланысты Англиядағы қой шаруашылығы егіншілікке қарағанда тиімді салаға
айналды, сондықтан лордтар өз жер қожалықтарын жайылымға айналдыра бастады.
Олар тек қауымдардың жерлерін басып алып қоймай, сонымен қатар шаруаларды
өздерінің үлесті жерлерінен аластап, шаруалардың үйлері мен қора-
қопсаларын, тіпті бүкіл деревняларды талқандады. Ал басып алған жерлерін
жер меншікшілері шарбақпен, орлармен, екпе шарбақтармен айналдыра қоршап
тастаған. Осы қоршалынған жерлерін дворяндар жоғары рента алып мал
шаруашылығымен айналысатын фермерлерге беріп отырды. Ал кейде тіпті өздері
де бұл жерлерде қора-қора қой өсірді. "Сіздердің қойларыныздың қомағайлығы
мен тойымсыздығы соншалықты, тіпті адамдарды да жалмап, ат шаптырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Экономика ілімдерінің тарихы
Мемлекет типтері
Экономикалық теория қызметі
Мемлекеттің пайда болу теориялары
Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертеңгісі
Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары
Уақытша үкімет тек
Вебердің социологиясы және «веберлік қайта жаңғыруы»
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Пәндер