Delphi-де математикалық есептеуге арналған бағдарлама құру



КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Білім беруде компьютерлік технологияларды қолданудың негізгі бағыттары
1.2 Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі
1.3. Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасы
2 БӨЛІМ. DELPHI ОРТАСЫНДА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ҚҰРУ
2.1 Жобаның сипаттамасы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де бұл жағдайда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады.Оқу үрдісінде компьютермен жұмыс барысында мынадай бағыттарда жұмыс жасай алады:
• Компьютерде бағдарламалау тілімен танысу;
• Есептерді шығару.
Компьютерде есепті шығару білім алушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексеретін немесе білім алушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Бұл курстық жұмыста компьютерде есеп шығару технологиясын жолдары қарастырылған. Математикалық есептер мен өрнектерді Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында көрсетілген.
Курстық жұмыс мақсаты:Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында білім алушылар берілген математикалық есептер, функциялар мен өрнектерді есептеуге және жазуға арналған бағдарлама құру. Білім беру жүйесіндегі компьютердің алатын орнын, маңыздылығын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Компьютерде математикалық есептердің жазылуы, оларға қойылатын
талаптарды қарастыру, зерттеу;
• Компьютерде есептерді тиімді шығару бағдарламасын құру;
• Delphi бағдарламалау ортасына сипаттама беру;
• Delph бағдарламалау ортасында функциялар мен өрнектердің жазылуын қарастыру.
1.Аванесов B.C. Электронная среда в социологическом исследовании.-М.:, 1982.
2.Бочкин А.И. Методика преподавания информатики.Учебное
3.Будилов В.А. HTML. СПб: Наука и техника, 2001.
4.Будилов В.А. Javascript, Xml и объектная модель доқумента. СПб: Наука и техника, 2001.-352 б.
5.Горман И.Э., Хомоненко А.Д., Delphi 7. БХВ. Санкт-Петербург.- 2000 г.
6.Гофман В., Хомоненко А. Delphi 6, СПб, 2002.31-58с
7.Дизайн Web-страниц. Я.Нильсон, М. Тахир. Изд.дом "Вильяме", 2002.-336
8.Донской М.. Интернет и пользований интерфейс//Мир Интернет, 1999,N9.
9.Лапчик М.П, И.Г.Семакин,Е.К.Хеннер. Методика преподавания информатики.Москва,Издательства Центр Академии,2001,624с
10.Лебедев С.В., Дельфи программирование. Москва И.Д , 2004.

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де бұл жағдайда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады.Оқу үрдісінде компьютермен жұмыс барысында мынадай бағыттарда жұмыс жасай алады:
Компьютерде бағдарламалау тілімен танысу;
Есептерді шығару.
Компьютерде есепті шығару білім алушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексеретін немесе білім алушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Бұл курстық жұмыста компьютерде есеп шығару технологиясын жолдары қарастырылған. Математикалық есептер мен өрнектерді Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында көрсетілген.
Курстық жұмыс мақсаты:Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында білім алушылар берілген математикалық есептер, функциялар мен өрнектерді есептеуге және жазуға арналған бағдарлама құру. Білім беру жүйесіндегі компьютердің алатын орнын, маңыздылығын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Компьютерде математикалық есептердің жазылуы, оларға қойылатын
талаптарды қарастыру, зерттеу;
Компьютерде есептерді тиімді шығару бағдарламасын құру;
Delphi бағдарламалау ортасына сипаттама беру;
Delph бағдарламалау ортасында функциялар мен өрнектердің жазылуын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны:Delphi бағдарламалау ортасы, HTML тілі және Adobe Photoshop бағдарламасы.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
Компьютерде есеп шығарудың маңыздылығы, түрлері;
Компьютерлік есепке қойылатын талаптар;
Компьютерлік есептерді құру технологиясы;
Delphi бағдарламалау ортасында құрылған компьютерлік есептерді
шығаруға арналған түріндегі қосымша құру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Компьютерде математикалық есептер мен өрнектерді қатесіз есептеп
шығару;
Бағдарламаны білім алушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру,
ойлау қабілеттерін дамыту мақсаттарына бағытталуы;
Бағдарламаның қолдануға тиімді, қарапайымдылығы.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Курстық жұмыстың негізгі екі бөлімі келесі тақырыптардан тұрады:
Бірінші бөлімде, компьютерлік технологиялардың қолданылуы, компьютерлік технологияларды қолданудың негізгі бағыттары және Delphi бағдарламалау ортасында есептерді шығару технологиясы,қосымшаны құруда қолданылған бағдарламалау орталарының негізгі мүмкіндіктері, Delphi объектілі - бағытталған бағдарламалау ортасықарастырылған.
Екінші бөлімде, Delphi ортасында есептер шығаруды үйретуге арналған қосымшаға сипаттама берілген.

1 БӨЛІМ. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

1.1 Білім беруде компьютерлік технологияларды қолданудың негізгі бағыттары

Білім беруде компьютерлік технологияны қолдануды оқытудың сапасын арттыру бағытында білім алушыларға теориялық білім беру және дағды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін анықтап, пайдалану білімді ізгілендіру мен демократияландырудың, саралап оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Компьютерлік технология (ағылш. Computer technology) -- объектінің, үрдістің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс. Ақпараттық технология -- қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны [1,18-34].
Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология (грек тілінен аударғанда) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Технология дегеніміз - белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық үрдісс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып , ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.Білім жүйесін ақпа - раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, кашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді [2,48-62].
Білім жүйесін ақпараттандыру - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету үрдісі.
Бұл үрдіс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
- білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
- ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның әдісін жетілдіру;
- үйренушінің интеллектуалдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
- үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді [3,45-53].
Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:
қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекоммуникация жағдайында білім алушы дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдісі мен стратегиясын жетілдіру;
қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекоммуникация жағдайында білім алушы дамыту міндеттеріне сәйкес, оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдісі мен стратегиясын жетілдіру;
білім алушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыруды, сондай-ақ білім алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемесін жүйесін жасау;
бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін виртуалдық білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, телекоммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
оқу-тәрбие ісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, телекоммуникациялық желілерді пайдалану;
есептеу техникасы, ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық-эргономикалық шарттарын анықтау;
білім алушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап, пайдалану құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық-эргономикалық шарттарын анықтау;
білім алушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап, пайдалану.
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады[4,25-38].
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу үрдісінде жаңа технологияның әдістер кең көлемде қолдануды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологияларының барлығы білім алушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту технологиясы оқу мен мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Оқытудың жаңа технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге қарай әр түрлі технологияны пайдаланып оқушылардың білім деңгейін бақылауға болады.

1.2 Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі

Оқу үрдісінде ақпаратлық технологиялар және ақпарат курстарын бағдарламалау тілдерінің элементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас. Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оқу орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - білім алушы көзі алдында ақпараттық - коммуникациялық технология мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Білім алушылардың мұндайда компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін [5, 32-34].
Компьютер білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ақпараттық - коммуникациялық технология техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен білім алушының өзара әрекеттесуі қызғылықты үрдіс, ол педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет.
Оқу үрдісінде аппараттық, телекоммуникациялық және бағдарламалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажеттгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және бағдарламалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнын арзандауына, оған қоса ақпараттық - коммуникациялық технология негізгі даму бағытында бағдарламалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі - қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесі компьютерлік технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады [7, 96-112].
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдануды ұйымдастыру деп ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қауіпін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы ғана емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет [8, 23-30].
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:
қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында білім алушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
білім алушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды , оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамассыз ететін педагогикалық технологияны , оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін виртуалдық білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
оқу-тәрбие ісінің ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
есептеу техникасы, ақпаратандыру және коммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық шарттарын анықтау;
білім алушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану;
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде қолданылады[8,64-78].
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Осы талаптар негізінде жасалынған бұл электронды оқулықтың білім алушылар үшін сабақ барысында немесе сабақтан тыс жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар талапкерлер үшін де көмекші құрал.
Біздің еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу үшін жасалып жатырған құптарлық қадамдары аз емес. Озық ақпаратты қоғам құру мәселесі, жалпы алғанда қоғамды ақпараттандыру үрдісін шешудегі жасаған батыл іс-шаралары барлығымызды қуантады.

1.3. Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасы

Delphi объектіге бағытталған бағдарламалау ортасы MS Windows операциялық жүйесінде бағдарламалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедия үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.
Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағытталған болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі-бағытталған бағдарламалау (ОБП) негізінде құрылған бағдарламалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi т.б. [9,80-85].
ОБП тілінде бағдарламаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Delphi бағдарламалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын қосымшасы тез, қуатты тіл.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққы шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6 - нұсқалары жарық көрді.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруға компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуалды компоненттер кітапханасында (VCL-Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент пайдаланып, оны осы панелге қосуына да болады.
Delphi-де бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ мұнда бағдарламалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет [11, 56-61].

Жұмыс тәсілдері:
Delphi-ді Windows арқылы іске қосу командасы:Іске қосу - Бағдарламалар - Borland Delphi6 - Delphi 6.
Экранда Delphi ортасының терезелері көрінеді(1 сурет).
1.Негізгі терезе (Project1);
2.Объектілер инспекторының терезесі (Object inspector);
3.Форма конструкторының терезесі (form1);
4.Кодтар редакторының терезесі (Unit1.pas);

1-сурет. Delphi ортасы

- Delphi 6-тің негізгі терезесі;
- Форма (Form1);
- Объект инспекторы терезесі (ObjectInspector).
Жалпы, ортада бағдарламақұруға арналған төртінші, мо - дуль терезесіде іске қосылады (Unit1.pas).Форма терезесінің астында орналасатындыктан, ол алғашқыда көрінбейді.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панеліжәне компоненттер палитрасыенгізілген (2-сурет). Негізгі мәзір пункттеріне (ішкі мәзірлерге) Delphi жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

2-сурет. Delphi терезесінің мәзірі

Стандартты түймелер:
- New (Жаңа);
- Open (Ашу);
- Save (Сақтау);
-Open Project (Жобаны ашу);
-View Form (Форманы көрсету);
- Run (Іске қосу):
- Pause (Үзіліс);
-Add file to Project (Жобаға файл қосу), т.б.
Жоба. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі
Delphi-де дайындалатын бағдарламапроект (жоба) деп аталады.Форма - бағдарламаны дайындау алдында ашылатын, бағдарламаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес[13,71-85].
Құрылатын бағдарламада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі касиеттері бар(оларды компонент "паспорты" деп те атайды). Қасиет (сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де «Инженерлік калькулятор» құру
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы
Қайқы нүкте
ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының аж -н құру
Граф тиімділік есептерін шешу әдістерінің алгоритмдері мен программалары
Астана әуежайының суреті
Проектілерді басқаруға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу
Жаңа есепті ұқсасты есепке келтіру
Инженерлік калькулятор
Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау
Пәндер