Қонақ үй жұмысын автоматтандыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БӨЛІМ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ
ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛЫМЫ
1.1 Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі принциптері ... ... ..7
1.2 Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі талаптары ... ... ... ..8
1.3 Delphi ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.4 Мәліметтерді көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2 БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
2.1 "Қонақ үй жұмысын автоматтандыру" деректер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және болашақта үлкен роль атқарады.
Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде кез келген салондардың жұмысы, бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Ақпараттық технология (АТ) – ақпарат жүйесімен (АЖ) тығыз байланысты, себебі АТ – АЖ-дің негізі, негізгі ортасы болып табылады. Бір қарағанда бұл екі ұғым ұқсас сияқты. Алайда бұл олай емес. Ақпараттық технология – операция орындайтын регламенттелген ережелерден, компьютер жадында сақталатын мәліметтердің әртүрлі деңгейдегі күрделілік сатыларынан, іс-әрекеттерінен тұратын үрдіс. АТ-дың негізгі мақсаты – мақсатталған өңдеулер арқылы алдыңғы ақпараттан қолданушыға қажетті ақпаратты береді.
АЖ – ақпаратты өңдеу жүйесі. АЖ элементтері – компьютер, компьютерлік желілер, программалық өнімдер, мәліметтер қоймасы, әртүрлі техникалық және бағдарламалық байланыс құрал жабдықтары және т.б. кіретін орта болып табылады. АЖ-дің негізгі мақсаты – ақпаратты қорғау мен таратудың ұйымдастырылуы. АЖ-ның функцияларының АТ-ға бағытталған білімсіз жүзеге асуы мүмкін емес.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр.
1. Баженова И.Ю. Delphi 6. Самоучитель программиста – М.:
2. Гофман И.Э., Хомененко А.Д. Delphi 5.-СПб.: БХВ-Санк-Петербург. 2000г.
3. «Глобальные сети: информация и средста доступа» - издательство ПГТУ.
4. Жадаев А.А. Самоучитель HTML 4. Москва: 2001г
5. Журналы «Компьютерра» за 1999-2000 г.г.
6. Журнал “LAN”, №№:21(2004),23(2004),24(2005).
7. Кенин А.М., Печенкина Н. С., IBM PC для пользователей. – Екатеринбург, 1993 – 1997 г.г.
8. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы» - Издательство «Питер» 2000 г.
9. Скотт Мюллер. “Аппаратные средства PC”.5-ое издание,2002г.
10. Фролов А.В., Фролов Г.В., «Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet» - 1998 г.
11. Халықова К.З., Тұрғанбаева А.Р., Бостанов Б.Ғ. Программалау тілдерін оқыту. Оқу құралы.- Алматы: Print-S, 2005.
12. Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии. – М. АБФ. 1997 г.
13. HTML: справочник. Под ред. Ю.Колесникова. - СПб: Питер, 2000.
14. [removed] справочник. Под ред. Ю.Колесникова. - СПб: Питер, 2000.
15. JavaScript + HTML: справочник. Под ред. Ю.Колесникова. - СПб: Питер

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БӨЛІМ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ
ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛЫМЫ
1.1 Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі принциптері ... ... ..7
1.2 Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі талаптары ... ... ... ..8
1.3 Delphi ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Мәліметтерді көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2 БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
2.1 "Қонақ үй жұмысын автоматтандыру" деректер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ

Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және болашақта үлкен роль атқарады.
Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде кез келген салондардың жұмысы, бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Ақпараттық технология (АТ) - ақпарат жүйесімен (АЖ) тығыз байланысты, себебі АТ - АЖ-дің негізі, негізгі ортасы болып табылады. Бір қарағанда бұл екі ұғым ұқсас сияқты. Алайда бұл олай емес. Ақпараттық технология - операция орындайтын регламенттелген ережелерден, компьютер жадында сақталатын мәліметтердің әртүрлі деңгейдегі күрделілік сатыларынан, іс-әрекеттерінен тұратын үрдіс. АТ-дың негізгі мақсаты - мақсатталған өңдеулер арқылы алдыңғы ақпараттан қолданушыға қажетті ақпаратты береді.
АЖ - ақпаратты өңдеу жүйесі. АЖ элементтері - компьютер, компьютерлік желілер, программалық өнімдер, мәліметтер қоймасы, әртүрлі техникалық және бағдарламалық байланыс құрал жабдықтары және т.б. кіретін орта болып табылады. АЖ-дің негізгі мақсаты - ақпаратты қорғау мен таратудың ұйымдастырылуы. АЖ-ның функцияларының АТ-ға бағытталған білімсіз жүзеге асуы мүмкін емес.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты:
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды. Пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі кезде әртүрлі класқа бөлінетін АЖ-лер кең қолданым тапты. Оларды келесі классификацияларға бөлуге болады:
Топтық АЖ жұмыс істейтін коллектив мүшелерінің ортақ ақпаратты қолдану жүйесіне бағытталады. Көбінесе локальды есептеуіш желісінің негізінде құрылған. Бұндай қосымшаларды құру кезінде мәліметтер қоймасының серверлері (SQL-серверлер деп аталады) қолданылады. Көп таралған серверлер: Oracle, DB2, Microsoft SQL Server, Inter Base, Sybase, Informix;
Корпоративті АЖ - лер - жұмысшы топтардың даму жүйесі болып саналады. Бұндай АЖ ірі компанияларға арналған, өлкелік алшақ орналасқан байламдар мен желілерді байланыстыра алады. Негізінде көп деңгейлі иерархиялы құрылымды болып келеді. Бұндай жүйеде де топтық АЖ-лерде қолданылатын мәліметтер қорының (МҚ) серверлері қолданылады. Алайда көп таралғандары, жиі қолданылатындары: Oracle, DB2, Microsoft SQL Server.
Жалпы, АЖ-лер негізін келесі 4 жетістік арттырады:
Ақпарат тасушылардың дамуы. Бұл жағдай шексіз көлемдегі ақпарат сыйымдылығына мүмкіндік береді.
Байланыс құралдарының дамуы. Яғни ақпаратты уақыттық кедергіні елемей, жер шарының кез келген нүктесіне жеткізуге болады.
Ақпаратты автоматтандырылған өңдеуден сол ақпарат пайда болған жерде персоналды ЭЕМ арқылы өткізу мүмкіндігі.
Бөлектенген базалар мен мәліметтер қоймасында сақталынатын ақпараттарды өңдеу.
АЖ ақпаратты комплексті жүйеге өңдеу мен сақтау құралдарының мақсатталынып интегралдануы процесінде дамыды. ЭЕМ-ның желілерге (локальды және региональды) бірігуі оқшау орналасқан бөлімше, ұйым, райондар және т.б. ортақ ақпаратқа қол жеткізуіне, бір-бірімен байланысына арналды. Дербес компьютерді қолданып, ақпаратты енгізіп, шығару, өңдеу қолданушыға дайындалып жатқан жобаның сапасын, дәлділігі мен нақтылығын, маңызын және оларға кететін уақытты үнемдеуін қамтамасыз етеді.
Зерттеу міндеттері:
Қазіргі кезде АЖ-ді қолдана отырып істелінетін жұмыстардың оншақты түрі бар: ұйым ішінде және ұйым арасында ақпараттық коммуникация жұмыстарын орындау; ақпаратты іздеу, анықтау, генералдау (құжат оқу, есеп дайындау, хаттарға жауап беру, керекті мәліметерді іздеу, мұрағат жүргізу және т.б. ); шешімдерді талдау мен қабылдау; ұйымды қалыптастыруды басқару, бақылау; басқарушыларды ақпараттық қамтамасыз ету.
Қазіргі кездегі "электронды" кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі элементтері болып: автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО), мәтіндерді редактілеу жүйелері, мәліметтер қоймасы мен оларды басқару жүйелері (МҚБЖ), ақпараттық есептеуіш жүйелері, электрондық почта, теле-жиналыс өткізу жүйелері, баспадан шығару және т.б. табылады. Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - кәсіби іс-әрекетті автоматтандыруға арналған есептеуіш жүйесі. Негізгі жұмысы АЖО - на негізделетін қолданушылардың ортақ функциялары:
* ақпараттарды сақтау;
* ақпараттарды іздеу;
* құжаттарды (немесе олардың фрагменттерін) қабылдап алу немесе орнату;
* құжаттарды қолдану мен сақтаудың режимдерімен қамтамасыз ету.
Зерттеу әдістері:
* материалдарды жинақтау;
* жүйелеу және салыстыру;
* тақырып бойынша әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
* практикалық бөлімде Delphi ортасымен жұмыс;
Курстық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де мәліметтер қоры қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және бағдарлама интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, мәліметтер қорымен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының қойылымы: " Қонақ үй жұмысын автоматтандыру "
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс негізінен екі бөлімнен тұрады:
1-бөлімде Дербес ЭЕМ негізінде автоматтандырылған жұмыс орнының дамуы және қойылымы туралы жазылды. Бағдарламалық өнімді құруға қолданылған инструментальды құрылғылар: мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі Database Desktop пен Delphi бағдарламалау ортасы және ондағы басты компоненттер туралы жазылды.
2-бөлімде Delphi ортасында Қонақ үй жұмысын автоматтандыру бағдарламасы және онымен қалай жұмыс істеу жөнінде қолданушыға нұсқау жазылды.
1 БӨЛІМ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛЫМЫ

1.1 Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі принциптері

Автомат (грек Automatos) - өзі әрекет жасайтын - ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, тарату, пайдалану үрдістеріндегі барлық операцияны адамның тікелей қатысуынсыз берілген бағдарлама бойынша орындайтын құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы. Автоматтандырылған жүйе - басқару міндетінің бір бөлігін адам (оператор) орындайтын, басқарылатын объектілер мен автоматты басқару құрылғыларының жиынтығы.
Автоматтандырылған үрдіс - адам мен автоматтандыру құралдарының бірлескен әрекетімен орындалатын үрдіс.
Автоматтандырылған басқару адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылатын объектіні басқару [2,8-10].
Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты тәжірибелі және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Оқу жүйесін басқаруды ақпаратты жергілікті өңдеу қарастырылады. Басқаруды іске асыру үшін дербес компьютер негізінде басқару мен әрбір аймақтық оқу орнын автоматтандыруды іске асыру керек. Оқу орнын автоматтандыру саласы мамандарының анықтамасы бойынша кіші кәсіптік бағыттаушы есептеуіш техника деп, мамандардың оқу орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыруға арналған жабдықты айтады. Әрбір объектінің автоматтандырылған оқу орнын басқару бекітілген міндеттеріне сай қарастырылу керек. Дегенмен, автоматтандырылған оқу орнын жасаудың жалпы міндеттері: жүйелілік, икемділік, орнықтылық, тиімділік - әрқашан орындалу керек. Автоматтандырылған оқу орнынын басқарылуы жүйелілік міндеттер құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы керек.
Икемділік міндеті қандайда бір модуль арқылы құралатын жүйе ішіндегі барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігін береді. Бұл жүйенің икемделушілігі деп аталады.
Орнықтылық міндеті автоматтандырылған оқу орнының жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек, яғни бұл дегеніміз, кейбір бөліктеріндегі кемшіліктер оңай түзелетін, жүйенің жұмыс істеу қабілеті бұрынғы қалпына тез келуі болып табылады.
Тиімділік жүйені жасаған және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты автоматтандырылған оқу орнынын жоғарыда келтірілген принціптерін іске асыруды интегралды түрде қарастыру болып табылады [2,14-32].

1.2 Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі талаптары

Тәжірибелерді, ғылыми ізденістерді талдау нәтижесінде автоматтандырылған оқу орнына қойылатын бірқатар талаптар анықталды:
-маманның ақпараттық және оның есептеушілік сұранысы жаңаша қанағаттандыру;
-қолданушының сұранысына аз уақытта жауап беру;
-автоматтандырған оқу орнынын жұмыс істеу тәсілдерін үйренудің қарапайымдылығы және қарым-қатынасы, сенімділігі, қарапайым жұмыс істеу;
-қолданушының тез үйрену мүмкіншілігі;
-қолданушыға қарағанда төзімділігі;
-компьютер желісінің құрамында жұмыс істеу мүмкіншілігі.

Автоматтандырылған оқу орнының жалпы схемасын қарастырайық.
(1 - схема)
АОО

Техникалық Программалық Ақпараттық қамсыз-
жабдықтар жабдықтар дандыру және әдісте-
мелік құжаттар

бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ)

жалпы функционалды

Есептеуіш жүйенің ресурстарын Жаңа программалық
басқару және желіде жұмыспен қамта- жабдықтар жасау орта-
масыз ету сы
1 - схема Автоматтандырылған оқу орнының жалпы схемасы

Негізгі дербес компьютерлер болып табылатын автоматтандырылған жұмыс орны оқу орнының функциясының шарты дұрыс қойылса, және ақпаратты өңдеу әдістері дұрыс бөлінсе жұмыс істеуі, сандық нәтиже беруі мүмкін, сонда ғана автоматтандырылған оқу орны тек қана жұмыстың өнімділігін емес, сонымен бірге басқару тиімділігін арттыратын әдіс болып табылады [2,68-91].
Жалпы бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) компьютер оқу орнын басқаруды, жаңа программаларды қосу және өңдеуді қамтамасыз етеді. Бұған операциялық жүйе, программалық жүйе және әртүрлі қызмет атқаратын бағдарламалар кіреді.
Автоматтандырылған оқу орнының мамандық бағдары бағдарламалық қамсыздандырудың функциональды бөлігімен анықталады. Аймақтың анықталған пәндік есептерін шешу.
Оқу орнында басқаруда ақпаратты өңдеуді зерттеу төмендегі мәселелерді анықтады:
оқу жүйесін автоматтандыру берілген техникалық тапсырмаға сәйкестендіру;
қолданушы мен дербес компьютер сұхбатын, кадрлардың жеке түрлерін сипаттайтын программамен жұмыс жасаудың қысқаша нұсқаларынан тұратын сценарийді құру;
компьютерлік программада бір кадрдан екінші кадрға өтуді графикалық түрде бейнелеу;
программалау процестерін іске асырудың негізгі талаптарын анықтау;
жасалынған программалық жабдықтарды басқа жүйеде және басқа жабдықтармен комплексті қолданудың нұсқаларын жасау [2,45-60].

1.3 Delphi ортасы

Delphi-дің құрамына әртүрлі жүйелердегі деректер файлдарымен жұмыс істеу программаларын құруға мүмкіндік беретін компоненттер кіреді. dBase-бастап Informix, Oracle-ге дейін. Сонымен қатар әртүрлі форматтағы деректер базасының файлдарын құру мүмкіндігін беретін, Borland Database Desktop утилитасын ұсынады.
Деректер базасының классификациясы. Деректер пайдаланылатын программаның орналасуына байланысты, сонымен қатар деректердің бірнеше пайдаланушылар арасында бөліну әдістеріне қарай жергілікті және қашықтағы деректер базасы болып бөлінеді.
Жергілікті деректер базасының (деректер файлдары) деректері бір құрылғыда болады, яғни компьютер дискісінде немесе желілік дискіде.
Бірнеше пайдаланушылар арасында деректерді таратуды (деректерге жетуді) қамтамасыз ету үшін, яғни бір немесе бірнеше компьютерлерде жұмыс істеп тұрған программа, жергілікті деректер базасында файлдарды блокировкалау деп аталатын әдісті қолданады.
Бұл әдістің негізі мынада, әзір деректерді бір пайдаланушы пайдаланып жатқанда, басқа пайдаланушы бұл деректерді пайдалана алмайды, яғни ол үшін деректер жабық [9,4-13].
Қашықтағы деректер базасының деректері файлдары қашықтағы компьютерде орналасады. Қашықтағы деректер базасымен жұмыс істеу программасы екі бөліктен тұрады: клиенттік және серверлік. Пайдаланушы компьютерінде жұмыс істеп тұрған программаның клиенттік бөлігі, программаның серверлік бөлігімен өзара қарым қатынасты ұйымдастырады, қашықтағы компьютерге жіберілетін сұраныстар көмегімен деректерге жетуді қамтамасыз етеді.
Қашықтағы компьютерде орналасқан программаның серверлік бөлігі, сұраныстарды қабылдайды, оларды орындайды және деректерді клиенттік программаларға жібереді. Сұраныс бұл SQL (Құрылымды сұрыныстар тілі-Язык структурированных запросов) тіліндегі командалар. Қашықтағы серверде жұмыс істеп тұрған программа, бірнеше пайдаланушыға бір уақытта ақпаратқа жетуді қамтамасыз етеді. Файлдарды блокировкалау механизмінің орнына, транзакция механизмін пайдаланады.
Транзакция - тасымалданар алдында, деректерге міндетті түрде орындалуы керек, қандай да бір әрекеттер тізбегі. Кез келген әрекет орныдалу барысында қате табылса барлық әрекеттер тізбегі қайта қайталанады. Сонымен транзакция механизмі аппараттарды қорғауды қамтамасыз етеді. Деректерге бірге жетуді қамтамасыз етеді [9,81-97].
Delphi ортасында әртүрлі деректер базасын құруға болады. Деректер базасы құрылымының қиындығына қарамастан, мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі механизм бар. Ол компоненттер триадасынан тұрады. Бұл компоненттер мыналар:
* Мәліметтерді енгізу компоненттері (Ttable, TQuery)
* DataSource компоненті
Мәліметтерді енгізу компоненттері DataAccess бетінде орналасқан. Ал мәліметтерді көрсету компоненттері DataControls бетінде орналасқан.
Қарапайым деректер базасын құрудың күрделі деректер базасын құрудан өзгешелігі шамалы. Формаға бірнеше компонентті қойып, олардың қажетті қасиеттерін өзгертсек, жұмыс істеп тұрған деректер базасын аламыз [9,12-24].
Мәліметтерді енгізу компоненттері мен көрсету компоненттерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін DataSourse компоненті. Бұл компоненттердің деректер базасындағы өзара байланысын қарастырсақ:
Қосымша мен деректер базасының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін BDE болып табылады. Процессорда сұраныстарды деректер базасына жіберетін драйвер орнатылған, сонымен қатар BDE - де деректер базасының лақап аты тіркелген болуы керек. Ол деректер базасының файлдары қай жерде орналасқандығын және пайдаланатын драйвердің типін анықтайды.
Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі:
* Қосымша Ttable - мен байланысатын компоненттер мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компоненттер болып табылады. Олар мәліметтерді инкапсуляциялайды және әртүрлі операцияларды орындау үшін BDE функцияларына жүгінеді. Мұндай компоненттердің санына шектеу қойылмайды.
* TdataSource компонентінің тағы бір функциясы болып мәліметтерді енгізу және көрсету компоненттерінің жұмысын синхронациялау болып табылады. Мысалы, егер енгізу компоненттері тек оқу үшін (только для чтения) режимінде жұмыс істесе TdataSource мәліметтерді көрсету компоненттеріне мәліметтерді өзгертуге тиым салады. Бір ғана dataSource компонентімен бірнеше көрсету компоненттері байланыста болуы мүмкін. Бұл компоненттер мәліметтерді көрсету процесін басқарады [10,56-79].
Енгізілген мәліметтерді ашқан кезде деректер базасының қажетті кестесінің жолдарын енгізілген мәліметтерге жібереді. Меңзер бірінші жолға орналасады.
Пайдаланушы мәліметтерді көрсету компоненттері көмегімен мәліметтерді көру және өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Өзгертулер алдымен TdataSource компонентіне, содан кейін деректер базасына жіберіледі.
Деректер базасы қосымшаның жалпы жұмысын қарастырғаннан кейін қосымша құруды кезеңдерге бөліп қарастырайық.
Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері деректер базасының негізі болып табылады. Жұмыс барысында бұл компоненттермен тығыз байланыста болады. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері визуалды емес, яғни программаның жұмыс істеу барысында олар көрінбейді [9,24-37].
Жаңа форма құрып алған соң мәліметтерді көрсету компоненттерін формаға тасып , мынадай әрекеттер жасау керек:
Деректер базасын компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторындағы Database қасиетін пайдаланамыз. Бұл жерде BDE - де тіркелген деректер базасының лақап атын көрсету керек. Лақап атты ашылатын тізімнен таңдап алуға болады.
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторы терезесіндегі TableName қасиеті пайдаланылады. Бірінші кезеңді орындағаннан кейін берілген деректер базасының барлық кестелері тізімде көрінуі керек. Бұл тізімнің құрамы TableType қасиеті арқылы анықталады. Егер мәні ttDefault болса, онда таңдап алынған кестенің барлық файлдары кеңейтулерімен көрсетіледі. Кестені таңдап алған соң ол компонентпен байланысады. Деректер базасы мен компонент арасындағы байланысты активтендіру. Ол үшін Active қасиеті пайдаланылады. Егер объектілер инспекторында True мәнін меншіктесек, байланыс активтенеді [9,124-140].
TdataSource компонентін баптау:
Формаға TdataSource компонентін қойып, оны баптау керек. Баптау үшін мынадай әрекеттер орындау керек:
* Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттерін TdataSource - пен байланыстыру. Ол үшін DataSet қасиеті пайдаланылады. Бұл тізімде пайдалануға болатын компоненттердің тізімі көрсетіледі [9,10-34].

1.4 Мәліметтерді көрсету

Деректер базасы қосымшасын құруда мәліметтерді көрсету компоненттерінің көмегімен пайдаланушылық интерфейс жасау керек. Бұл компоненттер мәліметтерді көруге және өзгертуге арналған. Олар міндетті түрде TdataSource компонентімен байланысқан болуы керек.
Деректер базасының қосымшасында TDBGrid компонентінің мәні зор. Ол мәліметтерді кесте түрінде көрсетеді.
Мәліметтерді көрсету үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:
* Мәліметтерді көрсету компонентін TdataSource компонентімен байланыстыру. Ол үшін dataSource қасиеті пайдаланылады. Бұл жерде қажетті TdataSource компонентінің атын көрсету керек.
* Мәліметтер өрісін (поле) көрсету. Ол үшін DateField қасиеті пайдаланылады [8,24-30].
Мәліметтерді көрсету компоненттерінің ішінде TDBNavigator компоненті ерекше орын алады. Ол кесте жолдарында орын ауыстыруға арналған. Ол әдетте TDBGrid компонентімен бірге жүреді.
Енді мәліметтер қорымен жұмыс барысында қажет болатын Delphi ортасының беттеріне тоқтала кетейік.
Delphi-де ДҚ кестелерінің форматы болмайды , бірақ көптеген ДҚБЖ-мен қатынас жасайды, жергілікті -dBase Paradox, өнеркәсіптік - SyBase InterBase ДҚ-мен жұмыс істеуге арналған Delphi құралдарына жатады :
* Аспаптық құралдың ( арнайы бағдарламалар және пакеттер )
* Компоненттер , қосымшаларды құруға арналған ДҚ операция, жүзеге асырады .
Delphi ДҚ операцияларына арналған құралдарға келесілер жатады :
* BDE ( Borland DataBase Engine ) - мәліметтер базасының кітапхана қорын құрайтын процессоры.
* BDE Administrator - күйге келтіруге арналған утилит .
* DataBaseDesktop - SQL және QBE шақыруларының кестесін құру, түзеуге арналған программа.
* SQL Explorer - ДҚ жол бастаушысы , БД параметрлері жөндеуге рұқсат етеді .
* Monitor - SQL сұраныстарының орындалуын қадағалайтын программа .
* SQL Links - ДҚБЖ жойылған программалар драйвері мыс; MSSQL Server Oracle ;
* Local InterBase Server - Borland InterBase-дағы жергілікті SQL - серверінің версиясы.
* InterBase Server Server for Windows 95 - Borland InterBase - дағы SQL -серверінің төртеуін бір уақытта қосуға есептелген көп қолданушы версиясы [3,16-31].
ДҚ жұмыс жасау үшін қолданылатын компoненттер, DataAccess, DataControls, Midas, Qreport және DesisionCube беттерінде болады. DataAccess бетінде визуалды емес компонент орналасқан, олардың көмегімен мәліметке қатынасты ұйымдастыруға болады:
* DataSourse - мәліметтер көзі ;
* Table - ДҚ кестесіне негізделген мәліметтер жиыны ;
* Query - SQL сұрауына негізделген мәліметтер жиыны ;
* StoredProc - серверде сақталған процедураға негізі мәліметтер жиыны;
* DataBase - ДҚ мен байланысуы;
Session - БД да ағымдағы жұмыстар сеансы.
DataControls бетінде келесі визуалды компоненттер орналасқан;
* DBGrid - тор ( кесте )
* DBNavigator - навигациялы интерфейс
* DBText - жазу
* DBEdit - бір жолдық редактор
* DBImage - графикалық бейне
* DBListBox - қарапайым тізім
* DBComboBox - қиыстырылған тізім
* DBCheckBox - тәуелдісіз ауыстырып- қосқыш
QReport бетінде келесі визуалды компоненттері орналасады.
QuckRep - есептеу:
- QRSubDetail - байланысқан кестелерге арналған есепберу жолағы
* QRBand - есеп беру жолағы
* QRGroup - топ
* QRLabel - жазу
ADO беті. Бұл беттің компоненттерінің функциялары BDE беті компоненттерінің функцияларына өте ұқсас, айырмашылығы ADO технологиясын қолдайтындықтарында. Барлық компоненттері 5-нұсқада енгізілген [3,64-78].
InterBase беті. Мәліметтер қорының сервері InterBase ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейрамхана бизнесіндегі брондау және резервтеу жүйесін дамыту жолдары
Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
Туризмдегі ақпараттық технологиялар
Мақсаттардың танымдық функциялары
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Архитектуралық дизайнның негізгі принциптерін және олардың тұрғын және жазғы ғимараттарға қолданылуын түсіну
Қазақстан Республикасында заманауи-ақпараттық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайын талдау
Пәндер