Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары


44862
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИАЛЫҚ
РЕСУТСТАРЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕР
ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
1. 1 Географиялық орны және жер бедері . . . 5
1. 2. Климаты және ішкі сулары . . . 7
1. 3Флора мен фауна . . . 9
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы . . . 11
2. 2 Облыстың туристік - экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы . . . 14
2. 3Игерілген туристік - экускурсиялық нысандар және оның құндылығы . . . 23
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
3. 1 Табиғи және жасанды көрнектілікті жерлердегі туризмді дамыту . . . 31
3. 2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37
Кіріспе
Туризм дүние жүзі бойынша кез - келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т. б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі - бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. Өйткені туризм белгілі - бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, дем алуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің көтерiлуiне республиканың саяси - әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым - қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік - сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:
1) Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын сипаттайды.
2) Шығыс Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық мақсаттың көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.
3) Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді.
Селеулi ақ даласы, жасыл шалғынды өлкесi, қатпар - қатпар құз тастары, мұнар басқан таулары, мың бұратылған өзен - суы, жасыл желектi ну тоғайы, аңы мен малы қатар өрбiген Шығыс Қазақстан жерiне Албания мен Швеция сияқты мемлекеттер бiрге сыйып кеткендей. Халқымыз елдiк дәстүрiн сақтаған, ұлы перзенттерiнің үлгiсiн мұрат тұтқан, ата қадiрiн, ене қасиетiн сақтаған, ұл мен қыз қызығын қастерлей бiлетiн ел. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер cypeткepi дүниеге келiп, өздерiнiң өлмес жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сөз өнерін әлемдік биiгiне көтерген үш алыппен бiрге осы өңірде Шоқан Уәлиханов, Федор Достоевский, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалармен ақын - жазушы, әншілер өмірлерінің талай айлары мен күндерін кешкен.
Курстық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, («Рудный Алтай», «Дидар»), мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т. б. деректер алынады. Жиыны 34 әдебиет және интернет материалдары пайдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан - жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Курстық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл Курстық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. .
Батыс Алтай тауының табиғаты келген қонақтарға өте жақсы әсер қалдырады. Бұл аймақта табиғи қалпында сақталған Катонқарағай ұлттық саябағы, суының тазалығы жағынан дүние жүзінде бірең сараң көлдердің қатарына қосылатын Марқакөл көлі және шипалы емдік суымен әйгілі Рахман бұлағы орналасқан. Ал, облыстың оңтүстік аймағында жағалауында емдік қасиеті бар батпақ пен суы тұзды Алакөл көлі орналасқан. Жалпы Алакөл минералды сулары деректеріне сүйенсек, ертерекке кетеді. Соның бірі Барлық аңғарында Арасан-Тау тау етегінде теңіз деңгейінен 579 м биіктікте, Алакөл көлінен 24 шақырымда орналасқан Барлық-Арасан емдік сауықтыру орны. Бұл аталған объектілерден басқада көптеген табиғи, тарихи-мәдени объектілер жеткілікті.
Бұл аймақтан бұрынғы кездегі атақты адамдар саяхат жасап өткен.
Келесі тарауларда, бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың мәселесін шешу үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілген. Жұмыстың қандай дәрежеде жүргізіліп жатқаны, нақты сандар көрсетіліп анықталған.
Болашақта Шығыс Қазақстан облысының аймағында бірнеше туризм түрлерін дамытуға болады. Мысалы, Катонқарағай ұлттық саябағында қазіргі кезде бірнеше экологиялық маршрут, келген қонақтарға қызмет көрсетеді. Соңғы тарауда болашағы бар туризм түрлері аталып көрсетілген. Аталған туризм түрлерін дамыту үшін, әрине, мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі қажет.
Жалпы Шығыс Қазақстан аймағының экологиялық жағдайын түзеу, тек қана осы облыстың немесе жалпы Қазақстан қоршаған ортасына қажет емес, бұл дүние жүзінің қоршаған ортасына қажет.
Ата-бабамыз бізге табиғатты бұзылмаған қалпында жеткізсе, біз болашақ ұрпағымызға экологиясы таза қоршаған ортаны аманат етуіміз керек. Табиғатты қорғап сақтау, адам болашағын сақтау.
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИАЛЫҚ
РЕСУТСТАРЫНА СИПАТАМА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕР
ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
1. 1 Географиялық орны және жер бедері
Шығыс Қазақстан облысы көлемі бойынша ең кіші аудан. Қазақстан территориясының 10% үлесін ғана алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша 1997 жылдың 3 мамырында Семей облысының территориясы біріктірілді.
Шығыс Қазақстан облысының ауданы 277 мың км. 2 алып жатыр. Халқы - 1442 мың адам, орташа тығыздығы еліміз бойынша шамалы төмен, халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 5, 1 адамнан келеді/1/.
Шығыс Қазақстан облысының жаңа шекарасы бойынша үстінгі Ертіс бассейнінде орналасқан, ол облысты оң жағалауға және сол жағалауға бөлді. Қазіргі кезде оның ауданы 283, 3 мың км2. Солтүстіктен оңтүстікке 30 яғни 480-ден 510 с. е. және батыстан шығысқа 100- қа жуық яғни 770-ден 870 ш. б. созылып жатыр. Облыстың қиыр солтүстік нүктесінің координаты 51004/, оңтүстігі 45050/ с. е., батысы 76050/, шығысы 87020/ ш. б. Бұл территорияға мынадай Еуропаның 3 мемлекеті еркін сияр еді: Болгария (111 мың км. 2), Греция (132 мың км. 2) және Албания (29 мың км. 2) .
Шығыс Қазақстанның көп бөлігін Сарыарқаның шығыс жағы алып жатыр. Ұсақ шоқылы таулар тар, көбінесе шатқал тәрізді болып келетін өзен аңғарлары тілімденіп, өте әдемі түрге ие болған. Көптеген тау төбелер мен жартастар айрықша таңғажайып пішіндерімен көзтартады. Оңтүстік бөлігін Шығыс тауы 1305м биіктікте, оңтүстік-шығысында Тарбағатай жотасы, солтүстік-шығысында Колба жотасы, биіктігі 1600м, Солтүстігін Ертіс маңы жазығы, оңтүстігін Алакөлдің және Сасықкөлдің қазан шұңқырлары алып жатыр.
Ауданның оңтүстігі мен шығысы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бойымен созылып Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтайдың биік тау жоталарына барып тіреледі. Шыңдарының көпшілігі мәңгі қар мен мұздықтар жамылған.
Алтайдың ең биік шыңы-Ақсүмбе. Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзені аңғарында жылына 1500мм жауын-шашын түседі. Бұл еліміздің ең жоғарғы көрсеткіші. Таулардан бастау алған көптеген өзендер мен тау етегіндегі құнарлы жазықтар мен ірі тауаралық қазаншұнқырларды суландырады.
Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры-Ертіс. Аудан аумағындағы ірі көлдер Зайсан, Алакөл, Марқакөл. Зайсан көлінде Бұқтырма ГЭС-ң салынуына байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.
Шығыс Қазақстан Ертістің оң жағын Кенді және Оңтүстік Алтайдың жоталары таулы үстірттері, тау аралық қазан шұңқырлар алып жатыр. Ең биік жер, облыстың солтүстік-шығысындағы “Мұзтау шыңы” Оның биіктігі 4506м.
Жер бедері мен климатының, топырақ - өсімдік зоналарының барынша алуан түрлілігі бұл ауданның табиғатына ерекше, қайталанбас әсемдік береді. Кең алқапты жерледің табиғи климаттық жағдайлары сияқы, топырақ жамылғысы да әр түрлі. Ол таулы жерлер топырағы, таулы жазықтар, биік таулы және ұсақ шоқылы және толқынды жазықты болып келеді. Атмосферадын түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы. Обылыс терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды - дала зонашасы алып жатыр, негізінен, шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ кездеседі. Бұл зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақы дала зонашасы жатыр. Бұл суарылмайтын егістік аймаққа жатады. Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде құрғақ және шөлді далалы қара - қоңыр топырақты зона жатыр, оның терістігінде, яғни көңгірт қара-қоңыр топырақты зонашада суарылмайты жаздық бидай егіледі.
Шөлді дала зонасы солтүстігінде құрғақ далалы аймақ пен оңтүстүгінде шөлді аймақтың аралығындыа жатыр. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, ашық қара - қоңығ болып келеді, топырақтың көбісі кебірленген. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақытта жақсы. Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп тұрақты өнім алу тек суамалы жағдайда мүмкін. Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Мұнда сор шөпі жусан өсетін құба топырақтар. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек/3/.
Енді таулы алқаптың топырағына келетін болсақ, онда белдеулік заналар кездеседі.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориясындағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалданудың орташа мөлшері 250 - 360 мм. Бұл аймақтың топырағының түсі негізінен сұрғылт түсті. Оның өзі тау етегінде жатқан аймақтардың таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, оған сәйкес түсетін ылғал мөлшеріне байланыты. Топырақ түсі де өзгеріп, біршеше зонашаға бөледі. Таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұрғыл түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті және ашық қара - қоңыр топырақтар зонашасы кездеседі. Тау етегі шөлді - дала зонасынан биігірек алқапта аласа таулы - дала зонасы басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Ылғал жақсы түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен қара-қоңыр топырақ пен қара топырақ. Жайылымыда жақсы. Аймақ таулы жыралы болғандықтан, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан көп жері табиғи мал жайылымы, шабындық ретінже де пайдаланылады. Бұл аймақта суарылатын және суарылмайтын жеміс ағаштары, бұталар өседі. Орташа таулардағы шалғынды орман зонасы аласа таулы зонасынан жоғары жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850 - 900 мм. Топырағы - құнарлы, қара топырақ пен күңгірт қара түсті. Жер негізінен жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы/3/.
Биік таулы - шалғынды және шалғынды дала зона биік таулы аймақтарды алып жатыр. Топырақтары - биік таулы альпілік және субальпілік шалңынды және шалғынды далалы топырақтар. Алтайдың таулы аймағында таулы тундра топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе уақ малдың жазғы жайлауы ретінде пайдаланылады.
1. 2 Климаты және ішкі сулары
Шығыс Қазақстан обылысының көп бөлігін тау алып жатқандықтан Монголиядан келетін суық ішке ене алмайды. Ең басты өзендері мен көлдері: Ертіс, Марқакөл, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Таулы бөлігінде шағын тұщы су көлдері көп кездеседі. Ертіс өзенінде Бұқтарма бөгені салынған. Нарын мен Бұқтарманың тау беткейлерінен басталатын салаларының энергетика маңызы зор. Тау бөктерінде бұлақтар да көп. Бұл аудан суға өте бай.
Шығыс Қазақстан өзендері өте тығыз орналасқан. Таулары өте қатты тілімденген. Таулы өзендер 70 астам, ал сарқырамалар 3500-дей үлкенді, кішілі көлдер бар. Суы тущы минералды 0, 07% құрамында иод, фтор, бром тағы басқалары бар. Балыққа өте бай (сазан, табан, хариус, майқан, қара балық) түрлері кездеседі. Өзеннің бастауында андатра кездеседі.
Территориясының оңтүстік-шығысынан, солтүстік-батысына қарай Қазақстанның аса ірі су магистралы және энергияның қуатты көзі - Ертіс өзені ағып өтеді. Ертіс арқылы өтетін Семей-Барнаул жолы еліміздің батыс және шығыс-сібір, оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия республикасына шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Алтай тауының климаты тым континентті. Оңтүстік-шығысқа қарай континенттігі арта түеді. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің климаты ылғалдылау келеді. Батысындағы Ертістің оң салалары-Қалжыр, Күршім, Бұқтарма, Үлбі, Уба өзендерінің суы мол, ағыны қатты келеді.
58, 4млд кв. т Үлкен көлі Марқакөл тұщы Зайсан көліне Бұқтарма СЭСі салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналған. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 155 мм дейін түседі. Вегетациялық кезең солтүстігінде 169, оңтүстігінде 198 күнге созылады.
Алтай тауына батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдер ылғал алып келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Үлбі өзені бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауады. Тау етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30 см, ал тауға биіктеген сайын 2 м дейін қалыңдайды.
Алтайдың Шығыс жеріндегі бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс және оның салалары: Бұқтарма, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық және қар суымен, жер асты, жауын-шашын суымен қорланады. Өзендерінің суы мол, ағысы қатты. Қара Ертіс өз бастауын Монғолия жерінен алады да, Алтай тауын қақ жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен біртіндеп жазық жерде ағатын Ертіске айналады. Ертіс өзенінің жылдық су ағыны Бұқтарма, Өскемен су қоймалары арқылы реттеліп тұрады. Бұқтарма, Өскемен су қоймаларына бірнеше су электр станциялары салынған.
Алтай өзендері Шығыстың су энергетикалық ресурстарының көбін құрайды. Алтай көлге де бай. Ең ірілері - Зайсан, Марқакөл көлдері. Марқакөл тау ішінде-абсолюттік биіктігі 1450 м жерде орналасқан. Суы тұзды. Оның өзіндік қайталанбас әсем табиғаты мен табиғи байлығын қорғау үшін қорық ұйымдастырылған. Зайсан көлінің табиғи жағдайы Бұқтарма су қоймасын салуына байланысты көп өзгерді. Казір Бұқтармамен жалғасып жатыр. Алтай тауының табиғаты әсем, көрікті, адамдардың дем алып, денсаулығын түзейтін сауықтыру орындары көп. Солардың бірі Рахман бұлағы, одан радионды шипалы су шығады.
Зайсан көлі Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының аралығындағы қазаншұңқырда орналасқан. Бұл-ағынды, суы тұщы көл. Зайсанға бірнеше өзен келіп құяды да одан Ертіс өзені ағып шығады. Көлдің беті қыста қатады, ал жазда судың температурасы +26° дейін жылиды. Судың деңгейі жаздың алғашқы жартысында көтеріледі. Зайсан кәсіпшілік маңызы бар балыққа бай. Онда балықтың 23 түрі кездеседі. Өзен көлігін дамытуға қолайлы. Су тышқаны жерсіндірілген.
Бұқтырма өзені-Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма жағалауы жартасты, арнасы шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін кезі қыс айлары. Өзен ағаш ағызуға қолайлы әрі электр энергиясын өндірудің тиімді көзі болып табылады.
Бұқтарма өзеннің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір бұрлысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының биіктігі 200 м-ге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді. Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі.
Ертіс-Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс өзені Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгетінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен тау шатқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп құяды. Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері келіп қосылады. Бүл өзен ағысының жылдамдығын арттырады. Ал, Семей қаласының маңында жазықтыққа шыққаннан кейін өзен баяу және жай ағады. Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты суы мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертіс өзені арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдаланады/7/.
Ертісте балықтың кәсіптік маңызы бар шоқыр, бекіре, шортан, алабұға, тағы басқа түрі ауланады. Ертіс өзені еліміздегі ең ірі өзендердің бірі болып саналады. Оған республика жерінен тыс ірі екі сала келіп құяды.
3. 3 Флора мен фауна
Шығыс Қазақстанның өсімдік топырағы барынша алуан түрлі. Мүнда тік белдеудегі ланшафт жүйесі қалыптасқан. Солтүстік және батыс тау етектерінің 400-700 м биіктігінде шалғынды әртүрлі өсімдіктер мен астық тұқымдасты дала, ал 1200-1700 м биіктіктігінде жусанды бетегелі дала қалыптасқан. Бұл таулы және далалы белдеуінде қара және қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Таулы орман белдеуелдің 70% алып жатыр. Мүнда жалпақ жапырақты орман өседі. Орталық және Оңтүстік ауданда 2200-2500 м биікте қылқанды орман өседі. Бұл жерді самырсынды, бал қарағайлы ағаштар өседі. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеуде субальпілік бұталар мен шалғындар өседі. Сонымен қатар мұнда таулы тундра, одан жоғары жағында жартастар, тас қорымдар, қар алаңдары мен мұздықтар алып жатыр. Тау беткейлерінен қара топырақ, одан жоғары ашық күлгін топырақ тараған. 700 м жоғары астық тұқымдас шалғын шөптер мен қылқан жапырақты ормандар басталады. Осыдан әрі самырсын, шырша, майқарағай аралас орман. Субальпілік және альпілік шалғындар көбінесе жануарлар дүниесінен таулы аудандарға тән түрлері тараған. Өсімдіктердің ішіндегі ең маңызды дәрілік шөптер: итмұрын, ситрус, қайың, емен тағы басқа шөптер. Сонымен қатар дәрілік шөптердің жемістері қарақат, қызылқат, долана, дала жидегі кездеседі. Орманды алқаптың 1638, 9 мың га осы өңірде. Бұл аймақ еліміздегі орман алқабына бай аймақ. Сонымен мәңгі жасыл жапырақты өсімдіктің сан мың түрі осында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz