Адам даму индексі Алматы облысы мысалында


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Адам даму индексі Алматы облысы мысалында

Орындаған:

4 курс студенті

(қолы, күні)

Ғылыми жетекші:

г. ғ. к., доцент

(қолы, күні)

Норма бақылаушы:

г. ғ. к., доцент

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

09 06 2010ж.

Кафедра меңгерушісі:

г. ғ. к., доцент

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы «Алматы облысы мысалында Адам даму индексі».

Бұл жұмыста жалпы Адам даму концепциясына түсінік беріле отырып, оның теориялық негізі, сондай-ақ көрсеткіштері, соның ішінде Адам аму индексіне кеңіне талдау жүргізілді. Жұмыста Қазақстандағы Адам дамуының мәселелері де кеңінен талқыға салынады. Нақты БҰҰ-нің мәліметтеріне сүйене отырып дүние жүзінің дамыған мемлекеттерімен салыстырылады.

Дүние жүзінде Адам даму концепциясының пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ, алайда қазір ол кез-келген мемлекеттің жалпы ахуалын анықтайтын ең танымал индекс десек қателеспейміз. Соның ішінде 1995 жылдан бастап жыл сайын есептеліп келе жатқан еліміз үшін де бұл индекс өте маңызды. Негізгі акцент Алматы облысына аударылады.

Отандық білім беру, денсаулық сақтау және елдегі маңыздылығы жоғары тұрмыс жағдайына сипаттама беріледі. Кемшіліктері мен артықшылары туралы пікір айтылады.

Түйінді сөздер: экономика, жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім(ЖІӨ), күтіліп отырған өмір ұзақтығы, білім беру, оқумен қамтылу, Сатып алу парутеті(САП), Халық кедейлік индексі(ХКИ), Гендрлік факторларды ескеретін даму индексі(ГФДИ), адам капиталы, БҰҰ .

Бітіру жұмысыныңң өзектілігі Қазақстан Республикасында Адам даму коннцепциясының, оның ішінде Адам даму индексін барынша жақсартудың маңыздылығы.

Тақырыптың зерттеу мақсаты Адам даму индексіне кіретін үш көрсеткішті Қазақстанда жақсарту арқылы, мемлекеттегі адамдарға барынша кең таңдау мүмкіндігін ұсына отырып, олардың ұзақ әрі сау, білім алып және қалыпты өмір сүру үшін қажетті ресурстарға қолын жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады.

Жұмысқа келесідей тәсілдер қолданылды: ғылымми ізденістер, ақпаратты жинақтап, сұрыптап, анализдеу тәсілі, түрлі әдебиетпен танысу.

ГЛОСАРИЙ :

Адам даму индексі -мемлекеттің жеткен жетістігін үш -күтіліп отырған өмір ұзақтығы, сауаттылық деңгейі және жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім(ЖІӨ) көрсеткіштерінің көмегімен бағалау болып табылады.

Депопуляция -халық санының азаюы.

Сауаттылық - бұл адамның күнделікті өмірде қысқа мәтін оқып, түсініп, оны қысқаша жазып беру мүмкіндігін айтады.

Оқумен қамтылу -5-пен 24 жас аралығындағылардың оқу үрдістерімен қамтылуы.

Жұмыссыздық(unemployment) - халықтың экокномикалық белесенді бөлігінің еңбек нарығында сұранысқа ие болмау деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық үрдіс.

Жалпы ішкі өнім -жыл ішінде мемелекеттегі барлық өндірілген тауар мен қызметтердің жиынтық құндылығы.

Жалпы ұлттық өнім -ол да жалпы ішкі өнім секілді, тек мұнда шет мемлекеттерден алған табысы қосылып, шет мемлекетке алып кеткен табыс алынады.

Халықтың кедейлік индексі(ХКИ-1, ХКИ-2) - таза ауыз суға қолы жетпейтін халықтың үлесі; 5 жасқа дейінгі салмағы жетпейтін балаларың үлесі; ересек халықтың сауатсызық көрсеткіші.

Адам дамуы -адам өмірінің барлық аспектісінде адамды неғұрлым үлкен таңддаумен қамтамасыз ету. Ең бастысы ұзақ әрі сау өмір сүру, білім алу және қалыпты өмір сүру үшін қажетті материальдық ресуррсарға қол жетімді болу.

Білім алу - Адам даму концепциясы тұрғысынан қарағанда адам өмрінің көп бөлігін қамтитын күрделі, әрі ұзақ процесс.

Білім беру даму индексі(БДИ) - халықтың жалпылама бастауыш оқу үрдісімен қамтылуы, ересек халықтың сауаттылық көрсеткіші, орта мектепті бітірушілер үлесі мен гендрлік паритет секілді көрсеткіштердің жиіні.

Жоспар:

Кіріспе . . . 5

  1. Адамзат даму потенциалының мәні және мазмұны (теориялық негіздері) . . . 6

1. 1 Адамзат дамуына концептуальды көзқарас . . . 6

1. 2 Адамзат дамуының негізгі көрсеткіштері және олардың сипаттамасы . . . 9

1. 3 Адам даму индексінің есептеуіштері және құрамдас бөлшектері . . . 14

1. 4 Адамзат дамуының Қазақстандағы ерекшеліктері . . . 20

2. Қазақстандағы адамзат дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері . . . 24

2. 1. Халық. Денсаулық, өмірдің ұзақтығы, өлім-жітім, сәбилік өлімді қоса есептегенде . . . 24

2. 2. Білім беру және оның дамуы . . . 29

2. 3. Халықтың тұрмыс жағайы . . . 32

3. Алматы облысы бойынша АДИ. Алматы облысы халқына жалпы сипаттама . . . 39

3. 1. Денсаулық және өмірдің ұзақтығы . . . 39

3. 2. Білім беру және адамзат дамуы . . . 41

3. 3. Тұрмыс жағдайы және адамзат дамуы . . . 43

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47

Кіріспе

Соңғы он жылдықта бүкіл әлемде адам даму концепциясы терминінің өте танымал болып бара жатқаны байқалуда. «Ұлттың ең басты байлығы-ол оның адамдары. Дамудың мақсаты - бұл адамдардың ұзақ, сау әрі шығармашылық өмір сүретін ортаны қалыптастыру болып табылады. Бұл қарапайым, алайда басты шындық материалдық және қаржылық игіліктерге жету процесінде жиі ұмытылып жатады». Бұл 1990 жылы шыққан адамзат дамуының бірінші есебінің алғашқы қатарларында айтылады. Концепция адамды саяси, экономикалық және әлеуметтік үрдістердің басты мақсаты қылып қояды. Ал көптеген экономикалық теорияларда адам капиталға, яғни байлыққа жететін құрал ретінде ғана қарастырылған.

Осы концепцияның қарапайымдылығы мен тиімділігі халықаралық қауымдастықтың көңілінен шығып, қазіргі уақытта кеңінен қолданып келеді. Бұл мемлекетттердің өздерінің ұлттық есептерін жасай оырып, мемелекет ішіндегі кейбір даму мәселелерін шешуге септігін тигізуде.

Адам дамуы есептері кедейлік, мемлекеттік дұрыс басқару, білім алу, денсаулық, теңдік және тағы басқа осы сияқты өзекті мәселелерге көңіл аудартты.

Жалпы бұл анализ Адам даму индексін (АДИ) есептеу арқылы мүмкін болды. Осы индекс арқылы дұрыс саяси шешімдер қабылдау үшін қажетті мемлекеттегі жалпы ішкі ахуалды анализдеуге болады. АДИ-мен мемлекеттерді бір-бірімен салыстыруға өте қолайы. Алайда тек АДИ-ге сүйене отырып мемлекеттегі адам дамуы туралы пікір айту дұрыс емес.

Осы себептен біздің елде халықтың кең ауқымын осы концепциямен таныстыру мәселесі тұр. Қазіргі уақытта елімізде адам дамуына арналған әдебиеттер өте аз. Ал мемелекеттік тілде жоқ десек те қателеспейміз.

Осы бітіру жұмысымда Адам даму концепциясын ашып сипаттауға тырыстым, әрине, Адам аму индексіне акцент қоя отырып. Қазақстандағы АДИ-нің негізгі көрсеткіштері мен олардың даму тенденциялары кеңінен талқыа салынады. Елдегі есептеудің осал жерлері сөз болады.

  1. Адамзат даму потенциалының мәні және мазмұны (теориялық негіздері)

1. 1 Адамзат дамуына концептуальды көзқарас

Адам дамуы (ағылшын сөзінен «Human development») кей кездерде адам даму потенциалының дамуы ретінде аударылады. Бұл адамдарды кең ауқымды таңдаумен қамтамасыз ететін үрдіс. Ұстанымды, бұл таңдаулар уақыт ағымына сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін. Алайда адам дамуының барлық кезеңінде басты аспекті болып ұзақ әрі сау өмір сүріп, білім алу және қалыпты өмір деңгейінде ғұмыр кешу үшін керекті ресурстарға қол жетімді болуы болып қала береді. Егер адамда осы негізгі таңдауларға қолы жетпесе, онда адамның басқа мүмкіндіктерге жолы болмайды.

Алайда адам дамуы осыменен ғана шектеліп қоймайды. Қосымша аспектілер саяси, экономикалық және әлеуметтік дербестіктен мүмкіндігіне, өзіндік адамдық қасиетке ие болу және кепілденген адам құқығына иемденуге дейін құбылып тұрады.

Концепция адам дамуының екі жағын бөліп қарайды. Біріншісі-денсаулықты және білімді жақсарту секілді адам қасиеттерінің қалыптасуын қарастырса, ал екіншісі- осы қасиеттерді жұмыста, мәдени, әлеуметтік және саяси өмірде пайдалануын қарастырады. Егер адам даму деңгейі осы екі жақтың тепе-теңдігін қамтамасыз ете алмаса, онда ол өз кезегінде адамда өз өміріне деген қанағаттанбауына әкелуі мүмкін.

1980 жылдың ортасынан бастап адамзат және адамзат дамуы қоғамық прогрестің мақстаты туралы идеялар экономикалық зерттеулерде, дүниежүзілік қоғамдастық проектілерінде және ұлттық даму бағдармаларында қолдау таба бастады(Haq and Kirdar, 1986, 1987, 1988, 1989) .

1987 жылы БҰҰ дамуды жоспарлау комитеті өзінің 1988 жылғы есебін экономиканы құрылымдық қайты құрудың гуманитарлық аспектілеріне арнауға шешім қабылдады. Адам дамуының концептуальды көзқарас негізіне Махбуб аль-Хак, К. Гриффин және Дж. Найта жасалған зерттеу нәтижелері жатты(VN Committee for Deveopment Planning, 1988; Griffin, Knight 1989, 1990) .

БҰҰ-нің даму программасы бойынша жұмыс жасайтын эксперттер құрастырған адам дамуына концептуалды көзқарас адам таңдау мүмкіндігін ұлғайтумен қатар, адам жеткен ауқаттылық деңгейін көрсетеді(VNDP, 1990:10) .

Таңдау мүмкіндігінің ұлғаюын айтқан кезде, бұл таңдау уақыт өте келе өзгеретін адамды толғандыратын мәселелерді қамтитінің ескеруіміз керек. Адамдарды саяси, экономикалық-әлеуметтік дербестік, көшу және тұрақтау еркіндігі, жанұя құру, өзінің шығармашылық қасиетін таңыту, адам құқығына кепілдік, сыйластық сияқты құқықтар тізімі жоғары бағаланады. «Қоғам дамуының басты мақсаты, - деп жазады өзінің бірінші 1990 жылғы «Адам даму есебінде» Махбуб уль-Хак - бұл адам ұзақ, сау, әрі қалыпты өмір сүретін ортаны қалыптастыру». Халықтардың шынайы байлығы-адамдар. Бұл қарапайым шындықты кейде ұмытып жатады.

Аристотель: « Байлық- бұл біз өмірде іздейтін игілік емес, ол тек пайдалы және басқа мақсаттарға жету үшін қажет» деп жазғандай(БҰҰ-ң 1994 жылғы Адамзат дамуы есебінде айтылып өтті) .

Адам өз потенциалын ашу үшін таңдау мүмкінігіне ие болу керек. 2001 жылғы «Адам дамуы бойынша есебінде < . . . > - бұл адамдар өздерінің қызығушылығы мен қажеттілікткріне сай өздерінің толық потенциалын дамытатын, шығармашылық, продуктивтік салтын жүргізетін орта қалыпттастыру болып табылады ». Адам дамуының басты шарты болып ұзақ әрі сау өмір сүру, жақсы хабардар болу, қоғам өміріне қатысу болып табылады. Осылардың барлығы болмаса, басқа мүмкіндіктер қол жетімсіз болады.

Алдыңдағы даму концепциялар материальдық байлықтың дамуына негізделді. Шынымен де, материальдық байлық адамдар өмірінде үлкен маңызға ие, дегенмен бұл маңызыдылықты асыра сілтеуге болмайды:

  1. Байлық демократия, әйелдер мен ерлердің тең құқығының, ұлттық дәстүрдің сақталуына алғышарт бола алмайды;
  2. Байлық өздігінен құқықтық тәртіпке және әлеуметтік өмірге кепілдік бере алмайды;
  3. Адамның барлық қажеттіліктері материальдық баюға келіп тірелмейді. Мәселен, ұзақ және сау өмір салты, мәдениетке және ғылымға қатысу, шығармашылық және қоғамдық белсенділік қоршаған ортаның сақталуы байлықтың көбеюіне қарағанда маңыздырақ құдылыққа айналып келе жатыр.

Адам даму концепциясы экономикалық және адам дамуын төрт түрлі жолмен оптимизациялауды ұсынады:

  • Білімге, денсаулық сақтауға, кәсіби дайындыққа инвистицияны көбейту ; Адам дамуының материалдық негізін қамтамасыз ете отырып, байлық пен табыстың барынша адал таралуына қол жеткізу;
  • Дүние жүзілік әлеуметтік сфераның экономикалық базасын нығайта отырып, әлеуметтік шығындарды теңестіруге жету.

Адамдардың таңдау мүмкіндіктері, соның ішінде белгілі жағдайларға байланысты мүмкіндіктері шектеліп келген топтарға (әйелдерге) ерекше назар аудара отырып, саяси, экономикалық және әлеуметтк сфераларда іске асыру.

Негізінен Адам дамуы идеясы жаңа емес, ол тек ескі қалған мұраға жаңа көзқарас болып табылады. Адам дамуының ең алғашқы көріністерін адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінде байқауға болады. Осылайша, Аристотель атап өтті, байлық- бұл біз өмірде іздейтін игілік емес, ол тек пайдалы және басқа мақсаттарға жету үшін қажет(БҰҰ-ң 1994 жылғы адамзат дамуы есебінде айтылады) .

Ең бірінші экономикалық дамуда адамның ролін қарастырған экономикалық теория классиктері. А. Смитт және оның ізін жалғастырушылар адамды тек байлықтың шығар көзі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық байлықтың бөлігі ретінде ретінде қарастырады.

ХХ-ғысырдың аяғына дейін негізінен экономикалық ой капиталдың жиналуы аналысында қалыптасқан. Прогресті анықтайтын әмбебап факторлар болып, капиталдың жиналуы және материальдық-тауарлық факторлар есептелінді. Алайда материальдық байлықтың шығу тегін анализдеу адамның экокномикадағы роліне деген жаңа көзқарасқа алып келді.

Бұндай түсінік Т. Шульцтің(Shulz T. W. ) адам каптиталы теориясымен келді. ХХ-ғасырдың басында өндірістік еңбекті көтерудің мақсатымен ол «қалдықты фактор» сияқты белгісіз факторды анықтап берді. Одан кейін бұл факторлар осы ғалымның «білім алу арқылы капиталдың жиналуы», «адам капиталына инвестиция»сияқты атақты жұмыстарында адам қалыптастыратын және дамытатын еңбекке деген мүмкіндіктің артуына өзгертілді.

Осы теорияның бөлек қаралуы өндірістік емес сфера болып қарастырылып келген білім алу, ғылым мен денсаулық сақтаудың экономикадағы дұрыс ролін анықтауға мүмкіндік берді.

Кесте - 1

Негізгі экономикалық теориялардың адам даму концепциясынан айырмашылығы

Экономикалық өсу теориясы
ЖІӨ-нің өсуі маңызды, алайда адамзат дамуына жеткіліксіз. Кейбір қоғамда жалпы табыс көзінің жоғары болғанына қарамастан, жалпы даму мардымсыз. Өйткені кейбір құндылықтар ескерілмеген.
Экономикалық өсу теориясы: Адам капиталы теориясы
ЖІӨ-нің өсуі маңызды, алайда адамзат дамуына жеткіліксіз. Кейбір қоғамда жалпы табыс көзінің жоғары болғанына қарамастан, жалпы даму мардымсыз. Өйткені кейбір құндылықтар ескерілмеген.: Адам капиталы және адам ресурстарының дамуы теориялары адамды даму мақсаты емес, тек құрал ретінде қарастырады. Бұл теориялар көбінесе дамудың ресурстық жағын қарастырады. Бұл теорияларда адам тауардың өндірісін қолдап отыратын құрал ретінде ғана қарастырылады. Алайда адам-бұл тек өндіріс құралы ғана емес, сонымен қатар бұл процесстің соңғы мақсаты және бенефициариі. Адам капиталы теориясы адамзат дамуының бір бөлігі ғана.
Экономикалық өсу теориясы: Ауқаттылық теориясы
ЖІӨ-нің өсуі маңызды, алайда адамзат дамуына жеткіліксіз. Кейбір қоғамда жалпы табыс көзінің жоғары болғанына қарамастан, жалпы даму мардымсыз. Өйткені кейбір құндылықтар ескерілмеген.: Бұл теория адамды даму үрдісіне қатысатын белсенді мүшесі ретінде емес, тек даму бенефецариясы ретіне қарасырады. Теорида көңіл көбінесе өндірістік құрылымына емес, таралуына аударылады.
Экономикалық өсу теориясы: Негізгі қажеттіліктер теориясы
ЖІӨ-нің өсуі маңызды, алайда адамзат дамуына жеткіліксіз. Кейбір қоғамда жалпы табыс көзінің жоғары болғанына қарамастан, жалпы даму мардымсыз. Өйткені кейбір құндылықтар ескерілмеген.: «Негізгі қажеттіліктер» концепциясында тамақ, су, киім, үй, денсаулық сақтау сияқты елдің кедей бөлігіне керекті тауар мен қызмет көлеміне назар аударылады. Концепцияда адамға таңдау мүмкіндігі емес, жоғары айтылып кеткен тауарлар мен қызметтерді халыққа жеткізу болып табылады.
Экономикалық өсу теориясы: Адам даму концепциясы
ЖІӨ-нің өсуі маңызды, алайда адамзат дамуына жеткіліксіз. Кейбір қоғамда жалпы табыс көзінің жоғары болғанына қарамастан, жалпы даму мардымсыз. Өйткені кейбір құндылықтар ескерілмеген.: Адам даму концепциясы осы барлық теорияларға қарама-қарсы. Адам мүмкіндіктерін ұлайту мен пайадлануды және өндірістік таралуды қосып қарайды. Теорияда адам қажетті тұрмыс деңгейінде өмір сүру үшін керекті ресурсарға қол жеткізу керектігі сипатталады. Жалпы Адам даму концепциясы-кешендік және динамикалық процесс.
  1. Адам дамуының негізгі көрсеткіштері және олардың сипаттамасы

Адам даму потенциалының көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:

  1. Адамзат дамуына интегральды баға беретін;
  2. Адамзат дамуы интегральды бағалаудың негізгі құраушыларын сипаттайтын;
  3. Адамзат дамуының басқа аспектілерін сипаттайтын.
  1. Адам дамуына интегральды баға беретін көрсеткіштерге:

- адам даму индексі(АДИ) ;

- гендерлік факторларды ескеретін даму индексі(ГФДН) ;

- әйел мүмкіндіктерінің ұлғаю көрсеткіші(ӘМҰК) ;

Адам даму индексі (АДИ) төменде нақты сипатталады.

Келесі көрсеткіш -гендерлік факторларды ескеретін даму индексі. Бұл көрсеткіш АДИ-ға корректировка ретінде қолданылады. Өйткені бұл көрсеткіштің құрамдас бөліктері АДИ-дан айырмашылығы жоқ, тек екі жынысты бөліп, бөлек-бөлек есептейді.

Бұл көрсеткіш әйелдер мен ерлердің қоғамдағы теңсіздігін анықтау үшін қолданылады.

Әйел мүмкіндіктерінің ұлғаю коэффициенті (ӘМҰК) - әйелдердің саяси және экономикалық өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін сипаттайды. ГФДИ-дан айырмашылығы -ӘМҒК жекелеген салаларда теңсіздікті анықтайды.

Келесі көрсеткіштің бірі, бұл-халық кедейлік индексі(ХКИ-1, ХКИ-2) Егер АДИ жалпы прогресты анықтайтын болса, ХКИ прогрестің таралуын және халықтағы мұқтажддықтың сақталуын өлшейді. Дамушы елдердегі кедейлік деңгейін өлшеу үшін халық кедейлік индексі ХКИ-1, ал дамыған елдерде ХКИ-2 қолданылады.

Кесте - 2

Адам дамуын көрсететін индекстер

Күтіліп отырған өмірдің ұзақтығы
Білім беру
Қалыпты өмір сүру
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік шектелу
: 1
Күтіліп отырған өмірдің ұзақтығы: -
Білім беру: 3
Қалыпты өмір сүру: 4
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік шектелу: 5
: АДИ
Күтіліп отырған өмірдің ұзақтығы: Туылғандағы болжанып отырған өмір ұзақ-ы
Білім беру: 1) Ересек халықтың сауаттылық көрсеткіші 2) Балалардың мектептік біліммен қамтылу қосындысы
Қалыпты өмір сүру: Жан басына шаққандағы Ж1Ө (САП АҚШ долл)
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік шектелу:
: ХКИ-1
Күтіліп отырған өмірдің ұзақтығы: Адам туылғандағы, оның 40жасқа дейін жетпей ықтималдығы
Білім беру: Ересек халықтың сауатсыздық көрсеткіші
Қалыпты өмір сүру: Экономикалық мұқтаждық: өлшенетіндер қауіпсіз суға қолы жетпей жүрген пайызбен шаққандағы халықтың үлесі, қалыпты салмаққа жетпейтін 5жасқы дейінгі балалардың үлесі.
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік шектелу:
: ХКИ-2
Күтіліп отырған өмірдің ұзақтығы: Адам туылғандағы, оның 60жасқа жетпеу ықтималдығы
Білім беру: Ересек халықтың толығымен және бөліктік функциясы сауатсыз ересек халықтың пайыздық үлесі.
Қалыпты өмір сүру: Кедейлік сызығынан төмен өмір сүретін халықтың үлесі.
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік шектелу: Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі(12 ай және одан да көп)
:
Күтіліп отырған өмірдің ұзақтығы: Еркектер мен әйелдер туылғандағы болжанып отырған өмір ұзақтығы.
Білім беру: 1) Еркектер мен әйелдердің сауаттылық коэффициенті 2) Ұлдар мен қыздардың 1, 2 және 3деңгейлі білім алумен қамтылу коэффициенті
Қалыпты өмір сүру: Әйелде мен еркектердің еңбек табысының бағалау көрсеткіші.
Қоғамдық өмірге қатысу немесе әлеуметтік шектелу:

2 . Адам дамуына интегральды баға беретін көрсеткіштерге адам дамуының негізгі(базалық) көрсеткіштері жатады. Осыларға қос жыныстағыларға да бірдей келесі көрсеткіштер жатады.

- Туылғандағы болжанып отырған өмірдің ұзақтығы, белгілі жасқа дейін жетпеген халық үлесі (40 және 60 жасқа дейін) ;

- Ересек жастағы халықтың сауаттылық көрсеткіші (15 және одан жоғары жастағылардағы сауатты адамдардың үлесі ), ересек халықты сауатсыздық деңгейі (немесе функционалдық сауаттылық) ;

- 5-24 жас аралығындағыларда оқып жатқандардың үлесі (5-24 жылғы оқумен қамтылуы) ;

-Жан басына шаққандағы табыс (сатып алу мүмкіндігі бойынша, ЖІӨ доллармен жан басына шаққанда) .

Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш компонентіне сәйкес келеді, олар ұзақ өмір сүру, білімділік және тұрмыс деңгейі. Осы компоненттердің әрқайсысы адам мүмкіндіктерінің негізгілерін қамтиды. Осылайша, ұзақ өмір сүру -ұзақ әрі сау өмір сүруді білдірсе, білімділік-білім алу, қоғамдық өмірге араласуды, өмір сүру деңгейі-қалыпты өмір сүруге қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді.

Адамзат даму потенциалының көрсеткіштері. Ұзақ өмірді сипатттайтын көрсеткіштер. Ұзақ өмірді сипаттайтын көрсеткіш ретінде туылғандағы күтіліп отырған орташа өмір ұзақтығы алынған. Қысқаша көбінесе күтіліп отырған өмір ұзақтығы деп айтылады. Осы көрсеткіш дүние жүзілік статистикада кеңінен қолданылады.

Бұл көрсеткішті толықтыратын қосымша ретінде белгілі жасқа дейін өмір жасы жетпеген халықтың үлесі көрсеткіші бар. Бұл көрсеткіш Халықтың кедейлік индексін (ХКИ) қолданады және халықтың ұзақ әрі сау өмір сүру мүмкіндігін есептеуде шектелуін сипаттайды.

Білімділікті сипатттайтын көрсеткіштер. Білімділік-15 және одан жоғары сауатты халықтың үлесі мен 5 және 24 жастың аралығындағылардың оқумен қамтылу көрсеткішімен сипатталады.

Сауаттылық-бұл күнделікті өмірге байланысты мәтінді оқып, түсініп және соны қысқаша жазу мүмкіндігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат дамуының Қазақстандағы ерекшеліктері
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Мемлекет бюджетінің шығыстарын талдау
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы
Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті басқаруды жетілдіру
Ауыл шаруашылығын цифрландыру терминдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz