Бейіндік оқу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Бейіндік оқу туралы жалпы түсінік қалыптастыру . . . 5
1. 2 Бейіндік оқытудың білім беру мазмұны . . . 8
1. 3 Бейіндік оқуды ұйымдастыру ережелері . . . 12
1. 4 Бейіндік сыныптарға оқушыларды
іріктеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері . . . 21
1. 5 Элективті курстар арқылы оқушыларға
кәсіби бағдар берудің психологиялық ерекшеліктері . . . 26
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Химияның элективті курстары арқылы
оқушылардың бейімдік бағдарын дамытудың
теориялық негіздері . . . 28
2. 2 Химияны оқытудағы іс-әрекеттік көзқарас
пен мотивацияны қалыптастыру . . . 33
2. 3 Химияны бейіналды элективті курстардың
мазмұны мен әдістемесі . . . 36
2. 4 «Химиялық ойындар» атты элективті курс
бағдарламасының құрылымы . . . 46
2. 5 Бейімді мектептегі химияны оқытудағы
элективті курс бағдарламасы бойынша
жүргізілген эксперимент нәтижесі . . . 60
3 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан - жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелері- нің бірі - жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
Қазақстандағы білім берудің негізгі мақсаты мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларының қазіргі заман талаптарына және оның дамуының негізгі бағыттарына сәйкес келетін жаңа сапаға жету болып табылады. Экономика мен қоғамдық өмірдегі өзгерістердің дамуы - білім беру жүйесінің мәнісі мен негізі болып табылатын тұлғаға жаңа талаптар қойылады. Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік саласы және экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Яғни, білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану, жетілдіру болып табылады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оқушылардың заман талабына сай өмір сүруіне үлкен ықпал жасамақ. Əрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой -өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пəнге деген қызығушылығын тудыру нысанасын таңдайды. Ендеше, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нəтижелігінің желісі əлеуметтік - экономикалық дамуындағы өзгерістерге жол ашу. Білім беру ешқашан қызметтің тұрып қалған саласы болған емес. ҚР «Білім туралы» заңының негізгі ережелеріне сәйкес 2006/2007 оқу жылынан бастап республика мектептері жоғары сатысында бейінді оқыту енгізілді. Бейінді оқыту тұлғалық - бейімделген оқу үрдісін іске асыруға және оқушының арнайы курстарды таңдауы есебінен дербес білім беру траекториясын құру мүмкіндігін кеңейтуге көмектеседі. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз болашақтарын жобалау мүмкіндігін беру және таңдап алған кәсіптік мамандығына қажетті ресурстарды қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Бейіндік оқыту оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейінделуді қамтамасыз ететін оқыту. Элективті курс (латын тілінен аударғанда - таңдаулы) бейінді мектепте оқушының білім алу қызметіндегі тұлғалық - бағыттылық әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Элективті курстарды енгізу мақсаттарының бірі - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту, оқушының химиялық эксперименттен эстетикалық әсер алып, химияны басқа ғылымдармен байланыстыра білуі. Бейіналды дайындық - бұл болашақ кәсіби іс-әрекеті есепке ала отырып, бейіндік оқуды таңдау барысындағы 9-10 сыныптардың өзін-өзі анықтауға бағытталған ақпараттық жүйе және ұйымдастыру іс-әрекетіндегі педагогикалық ұжымдық, психологиялық - педагогикалық демеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бейінді мектепте химияны оқытуда элективті курстарды дайындау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артырып, білім, білік және дағдысын қалыптастырып, танымдық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оқу үрдісінде зерттеушілік қабілетін қалыптастыру;
- оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдысын және танымдық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- тапсырмаларды орындау барысында ойлау дәрежесінің артуын қалыптастыру;
- оқушылардың белгілі бір бағытта білім таңдауы, мамандықты дұрыс таңдай алу жолдары;
- мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасын игеруге даярлау;
- қолданбалы және элективті курстарға арналған жекелеген пәндерді тереңдете үйрету.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
Элективті курс бағдарламасын жасай отырып, педагогикалық практикада сол бағдарлама тақырыптары бойынша сабақтар өткізіп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Бейіндік оқыту туралы жалпы түсінік қалыптастыру
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру көкейкесті мәселе болып отыр. Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой - өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірбиесінде, жаңа жағдайларда қолдану білікті, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден - бір жолы мектепте бейіндік оқыту енгізу [1] .
Бейіндік оқыту дегеніміз не? Неге мектептің жоғарғы сатысы бейіндік оқытуға тиісті? Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, дұрысқа, пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда біз неге бүгінгі мектептің жоғарғы сытысын бейіндік оқытумен ауыстырғалы отырмыз? Басқа сөзбен айтқанда бүгінгі мектептің жоғары сатысының кемшілігі неде, бейіндік оқытудың жетістігі неде?
Бейіндік оқыту дегеніміз - оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейінделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағыттылған. Әр топтағы оқыту үдерісі түрліше жүреді, білім мазмұнымен ерекшеленеді, онда қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынас стилі өзгереді. Бейіндік мектептің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері оқушының өмірлік жолын жобалауда субъективті қатынасының жоғары сатылығы, таңдаған бейіндік оқытуға өзінің қабілеті мен қажетіне сәйкес қанағаттылығы болады.
Бейіндік оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады [2] .
Бейіндік оқытуға көшудің көптеген себептері бар [3] . Оның ішіндегі негізгілерін бөліп көрсетсек:
- оқушылардың қызығушылықтары мен өмірлік жоспарларының саралануы;
- мұғалімдер мен оқушылардың пікірінше қазіргі мектеп болашақ кәсіби іс - әрекетке және карьералық өсуге жағдай жасай алмай отыр;
- болашақ мамандықты саналы таңдау білім берудің экономикалық тиімділігін арттыруы, сол сияқты түлектерді әлеуметтендірудің нәтижелі болуына әсер етуі тиіс;
- мектеп түлектеріне жоғары кәсіби білім беру мекемелері тарапынан қойылатын спецификалық талаптардың күшеюі, жоғары оқу орнына дейінгі даярлықтың келеңсіз тұстарын жою.
Осы қажеттіліктерден келіп бейіндік оқытуға көшудің негізгі мақсаттары шығады:
- жекеленген жалпы білім беретін пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;
- оқытуды саралауға және даралауға, оқушылардың өздерінің қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес дара білімдік траекторияларын таңдауға жағдай жасау;
- оқушыларды әлеументтендірудің, оның ішінде түлектерді кәсіби өзіндік анықталуының мүмкіндіктерін кеңейту;
- жалпы орта және кәсіби білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету [4] .
Бейіндік оқытудың негізгі, жүйе құраушы мақсаты болып оқушының әлеуметтік, оның ішінде кәсіби өзіндік анықталуы болып табылады. Бұл мақсат бейіндік мектептің мәнін анықтауға көмектеседі, ол төмендегілерден тұрады:
- бейіндік мектептің негізгі жұмыс қорытындысы - жоғары сынып оқушысының тұлғалық дамудың нұсқаларын өз бетімен құрастыру дағдыларына ие болуы;
- таңдаудың негізіне оқушының өзінің қабілеттері мен қажеттіліктерін сәйкестендіре алуы жатады;
- бұл нұсқалардың саны оқушы даралығының жан - жақтылығын ашу үшін жеткілікті болуы шарт;
- оқушы таңдаған тұлғалық дамудың нұсқасы тек оның өзі үшін ғана емес, сонымен бірге қоғам үшін де маңызды болуы керек;
- таңдаған іс -әрекет сферасындағы іскерліктер мен дағдылар, жетістіктер оқушының портфолиосын құрайды.
Оқушы жетістіктерінің портфолиосы оның болашақ өмірлік траекториясының негізі болып табылады. Сондықтан бейіндік мектептің міндеті - белгілі бір іс- әрекет сферасында оқушының жетістікке жетуіне қажетті жағдайлар жасау. Бұл жерде оны қалай қамтамасыз ету қажет деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін бейіндік оқытуды ұйымдастырудың принциптерін анықтау қажеттігі туындайды. Ғалымдардың пікірінше бейіндік оқытудың принциптері болып мыналар табылады:
- Ашықтық - бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу мекемелерінің, сондай - ақ қосымша білім беру мекемелерінің өзара әрекеті және ынтымақтастығы;
- Оқытуды ұйымдастырудың дара және топтық формаларын кіріктіру;
- Өзіндік даму және өзіндік ұйымдастыру.
Бейіндік оқытудың жүйесінің ерекшеліктері - оның жалпы білімінің жоғары сатысында енгізілуі, бейіндердің санының әрқилы болуы, бейіндік емес оқытудың сақталуы, инварианттық оқу жүктемесінің азаюы, сол арқылы вариативтік жүктеменің көбеюі. Бейіндік оқытуға көшу тек қосымша оқу курстарын енгізумен шектеліп қалмайды. Бұл жерде жалпы білім берудің мазмұны мен ұйымдастырылуын қайта құру қажет. Бейіндік оқытуды іске асыру барысындағы білім беру мазмұны бейіндік мектеп әлеуметтік белсенді оқушыны даярлауға, түлекті социумға бейімделуге бағытталған мектеп немесе дәстүрлі тәжірибені басқаша түрде беруге және меңгертуге негізделген мектеп болып қала ма? деген сұраққа жауап береді.
Бейндік оқыту мақсатты түрде жүзеге асыруда мұғалім негізгі кілт болып табылады. Сондықтан да бейіндік оқытуда мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда облысымыздың аудандарының мұғалімдері бейіндік оқыту бойынша республикалық, облыстық білім жетілдіру курстарынан білімдерін жетілдіріп отырады [5] (1 - сызбанұсқа) .
1 - сызбанұсқа. Бейінді оқытудың тұжырымдамасы
Бейінді оқытуға көшу мынадай негізгі міндеттерді шешуге көздейді:
- қолданбалы және элективті курстарға арналған жекелеген пәндерді тереңдете үйрену;
- жоғары сынып оқушыларын сараптай оқытуды жүзеге асыру;
- оқушыларды ерте әлеуметтендіру;
- білім алушылардың әр түрлі санаттарына олардың қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес толыққанды білім алуға теңдей қол жетімділігі;
- мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасын игеруге даярлау.
1. 2 Бейіндік оқытудың білім беру мазмұны
Бейіндік оқыту үш бағыт шеңберінде: жаратылыстану - математикалық, қоғамдық - гуманитарлық және технологиялық бағытта жүзеге асырылады.
Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден, бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекеленген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталуы керек. Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т. б. деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі. Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), қызығушылығы бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.
Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер оқытылу тіліне қарамастан барлық оқушылар үшін үш бағыт міндетті болып табылады. Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің инвариантты компонентінің тізімі: ана тілі, қазақ тілі (оқытылу тілі қазақ тілінде емес мектептер), орыс тілі (оқытылу тілі орыс тілінде емес мектептер), шетел тілі, матеметика, қазіргі әлемдегі Қазақстан, адам және қоғам, өзін - өзі тану, жаратылыстану, дене шынықтыру, АӘД, ақпараттық технологиялар мен жүйелер.
Жалпы білім беретін бейіндік мазмұндағы пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту бағытын, мамандыруды қамтамасыз етеді. Жаратылыстану -математикалық бейіндік бағыты келесідей пәндер құрамымен: химия, биология, география, физика, информатика қамтамасыз етілетін болды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды. Бейіндік оқытудың технологиялық бағытының мазмұны үшін клесідей пәндер құрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика және жобалау. Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.
Таңдау бойынша міндетті пәндер оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.
Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету [6] .
Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің, бейіндік жалпы білім беретін пәндердің, таңдау бойынша курстардың шамамен көлемдік ара- қатынасы 56:26:10:8 пропорциямен анықталады.
Бейіндік оқытуда ең алдымен оқушылар мен ата-аналар сұранысы ескеріліп, мұғалімдермен келісіп отырып, тестілер мен сауалнамалар алынады. Бұл болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты облысымыздың аудан мектептерінде қолданбалы және таңдау курстарының сағат саны көбейтіліп отырады. Бейіндік оқытуда даярлық, оқу жоспарының жылжымалы бөлігін өз мәнінде пайдаланылып, дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Облысымыз бойынша бейіндік оқытуды жүзеге асыруда сабақ беретін мұғалімдердің санаттарына да ерекше мән беріледі. Бейіндік оқытуда бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу, адам өміріндегі еңбектің ролін арттыруға мән берілсе, 5-8 сынып оқушыларының қызығушылығын арттыруға, қоғам құндылығын білуге негізделеді, оларға берілген таңдау курс сағаттарында баланың мүмкіндігін толық ашу, қабілет икемділігін қалыптастыру, 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік шеберлікпен даму жолдары қарастырылады.
Жалпы білімнің үшінші сатысында 2006 - 2007 оқу жылынан бастап 2002 жылы қабылдаған стандарт негізінде әзірленген базистік оқу жоспары енгізілуіне байланысты орта білім беретін әр оқу мекемесі өзінің жұмыстық оқу жоспарын соған негіздеп құрады. Ол жоспардың алдыңғыларынан ерекшілігі - жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуды ұйымдастыруда.
Базистік оқу жоспары және соған әзірленген типтік оқу жоспары 10-11 сыныптарда қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды көздейді. Яғни, оқу жоспарлары осы бағыттарға байланысты құрылуы қажет. Бұл оқу жоспарларының өзіндік ерекшелігі - оның вариативті бөлігі аясында бейіндік пәндерге жеке орын берілуі. Бейіндік білім беру мекемесінің оқу жоспарын жасау барысында есте ұстайтын қағидаттар бар. Оның алгоритмін былайша көрсетуге болады:
Оқушының
бейімі
Мектеп
мүмкіндігі
2 - сызбанұсқа. Бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмі
Жоғарыда көрсетілген бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмінің әр кезеңіне тоқталып өтейік:
1-кезең - мектеп бейінін анықтау. Оны анықтау оқушылардың қабілеттері мен бейімдеріне орай өздерінің және ата -аналарының сұраныстарына және оқу орнының мүмкіндіктеріне байланысты жүреді. Бірінші кезекте нақ оқушының өзінің қызығушылығы қойылады, ал мектеп басшысының және мұғалімдердің міндеті - оны мектеп мүмкіндігімен сәйкестендіру болып табылады. Оқушылардың бейімі мен қабілеті, сұраныстары мен қызығушылықтары бейіналды даярлық барысында түрлі әдістемелер арқылы анықталуы тиіс.
2 - кезеңде мектеп тиісті бейіннің мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламаларын ұсынады, әрі ол бағдарламалардың баламалылығын қамстамасыз етеді. Бұл кезеңде алдымен базистік оқу жоспарына сәйкес міндетті және бейіндік пәндер анықталып, мектеп ұсына алатын білім бағдарламаларының тізбесі жасалады. Ол тізбе оқушылардың қызығушылықтарына орай толықтырылып, бағдарламалардың баламалы болуы ойластырылады. Ұсынылатын бағдарламалар тек бейін бағытына ғана емес, сонымен бірге жалпы дамытуға бағдарланған болуы керек.
Үшінші кезеңде әр оқушы ұсынылған бағдарламалар ішінен өзінің сұранысына жауап беретіндерін таңдап, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды. Одан кейінгі кезеңде оқушылардың жеке жұмыс жоспарлары сыныптар бойынша оқу жоспарларына біріктіріледі. Тиісінше сыныптардың оқу жоспарынан мектептің жұмыстық оқу жоспары құрылады. Осылай еткенде ғана әр оқушының жеке даму траекториясы қамтамасыз етіледі [7] .
Стандарт бойынша бейіндік оқыту бейіндік пәндер және қолданбалы курстар, сол сияқты таңдау курстары арқылы жүзеге асады. Бейіндік пәндер мен қолданбалы курстар оқушы үшін қатысуға міндетті, ал таңдау курсын оқушы өзі таңдайды. Белгіленген талаптарға жауап беретін қолданбалы және таңдау курстары тиісті оқу - әдістемелік кешені болғанда тиімді нәтиже береді. Қазақстан - 2030 стратегиясы анықтап берген білім беру жүйесінің алдында тұрған міндет - егемен еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті, іскер жастарды тәрбиелеу болып табылады.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімді адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Соңғы жылдар жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген жаңалықтар ұсынылуда [8] . Атап айтсақ:
Бейінді оқыту және бейіналды дайындық мәселесімен отандық педагог-ғалымдарымыз, М. Ж. Жадрина, Е. А. Ушуров, Р. С. Омарова, К. У. Қонақова, С. Д. Мұқанова, М. Р. Көпжасарова, С. А. Тәжібаева және т. б. айналысуда.
Оқыту үрдісіне элективті курстарды ендіру мәселелерінде А. А. Кузнецов, Е. Я. Аршанский, О. С. Габриелян, А. Г. Касприжак, В. А. Орлов, Д. С. Ермаков, Г. Д. Петрова, К. А. Сарманова, Д. М. Қазақбаева, А. Е. Касенова, А. С. Звягин және т. б. еңбектерінің маңызы зор.
Оқыту үрдісінің психологиялық - педагогикалық мәселелерімен
А. Е. Голмшток, Е. А. Климов, Л. И. Божович, Е. П. Ильин және т. б. айналысты.
Еліміздегі оқытудың дифференцияциялану және тұлғаға бағытталу көзқарастары А. Е. Әбілқасымова, Ә. К. Қағазбаева, Ж. А. Қараев және т. б. еңбектерінде кеңінен қарастырылады.
Химия пәні бойынша мектептегі білім беру үрдісін жаңа қөзқарас тұрғысынан Қ. А. Аймағамбетова қарастырса, химиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, оған ғылыми-әдістемелік талдауды И. Н. Нұғыманов, Ж. Ә. Шоқыбаев, У. М. Мақанов, С. Ж. Жайлау жасады.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мәселесінде
Н. К. Ахметовтың, ал бейінді оқыту жағдайларындағы мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты анықтауда К. А. Сарманова,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz