Жаһандану батыстандыру феномені, қазіргі заман модернизациясының тірегі ретінде ұлттық моделге әсері
КІРІСПЕ
1 ЖАҺАНДАНУ БАТЫСТАНДЫРУ ФЕНОМЕНІ, ҚАЗІРГІ ЗАМАН МОДЕРНИЗАЦИЯСЫНЫҢ ТІРЕГІ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ МОДЕЛГЕ ӘСЕРІ.
1.1 Жаһандану ұғымының ғалымдар көзқарасымен қалыптасу тарихы.
1.2 Қазақстан жаһандану жолында өркениеттер мен мәдениеттер тоғысында.
1.3 Әлемдік діндердің жаһандастыру функциясы
1.4. Дін өркениетаралық қарым.қатынастарды айқындаушы фактор ретінде жаһандану үдерісіне әсері.
2 ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМ
2.1. Ғаламдану үдерісіндегі әлем халықтарының өзін өзі анықтау мәселесі.
2.2. Жаһандану процесіндегі қазақ мәдениетінің, ұлттық болмысының алар орны.
2.3. Әлем өркениетінің қарым . қатынасы немесе мәдениеттер арасындағы доминантылыққа ұмтылу.
2.4 Жаһандану кеңістігіндегі этномәдениеттің жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

XXI ғасырдағы адамзат дамуы, басты екі принцип негізінде жүзеге асып отыр. Ол – өтпелі кезең мен әлемдік жаһандануға ұмтылушылық. Индустриалды қоғам орнына келіп жеткен ақпараттық өркениет, қоғамдық қарым-қатынастың барлық аспектісінде өз тұғырын тек жаңа технологиялармен анықтап отырған жоқ, сонымен қатар адамның жаңа сатыға көтерілуіне, шығармашылық, жаратушылық қабілетін жетілдіруіне негіз жасап отыр. Адам қоғамда маңызды әлеуметтік мәнге ие бола түсуде. Адамзат дамуының жаңа, заманауи қоғамдық сатысына көтерілуі жаһандану жағдайында іске асып отыр. Дамудың осы замандық үлгісінде әлем халықтарын біртұтастылыққа жұмылдыру идеясы жатыр. Жаһандану үрдістерінің жүргізілу барысына орай, ол-адамгершілікке, гумандық идеяларға негізделген немесе адамзатқа қарсы, биліктің және әлем байлығын меншіктегендердің қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат еткен жауыз келбетке ие болуы да мүмкін. Соңғы жиырма жылдың үдерісіне қарасақ біздің елге соңғы айтылған түсінік жақын келуде. Жаһанданудың үрдістері дегенде, оның үш сипаты: елдердің арасындағы тауар қозғалысының нығаюы, капиталдың, . Жаһандану ұғымы осы заманғы “шекараларсыз әлем” тұжырымдамасының негізіне айналды. Тіпті дамушы мемлекеттердің ішкі саясатынада араласып өз үстемдігін жүргізуде
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жаһандану процесінің жедел жүруіне негіз болып отырған, бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттердің алдында өз артықшылығын дәлелдеді. Соңғы жиырма жылдың ішінде әлемдік сауда-саттық әлемдік Ішкі Жалпы Өнімге қарағанда әлдеқайда жедел өсті. Егер 70-ші жылдары халықаралық сауда-саттық көлемі әлемдік Ішкі Жалпы Өнімге көлемінің 30 %-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде 60%-ды құрайды. Жаһандану жолындағы екінші қадам – капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы, соңғы жылда дамушы елдерге тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Бүгінгі бір Қытай ғана жыл сайын алпыс млрд. доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартады, қалған Азия елдері жүз жетпіс екі млрд.доллар, Латын Америкасы елдері жылына жетпіс екі млрд. тартады. Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдеріне, әсіресе, Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді.

1. Чумаков А.Н. «Глобализация. Контуры целостного мира» монография. –М.: ТК Велби, изд. Проспект 2005.-432с.
2. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан» Алматы, Өнер, 1996ж 255б
3. Масалимова А.Р. Культурная антропология – Алматы: «Қазғұрт» баспасы, 2006 - 184б
4. Ясперс К. Смысл и назначение истории.-М.: Республика, 1994.-527с.
5. Тойнби А. Постижение истории.-М.: Политиздат, 1990.-731с.
6. Моска Г. Саяси ғылымдар элементтері //Әлемдік әлеуметтану антологиясы.-Алматы: Қазақстан 2006.-385б.
7. Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары.-Алматы: Раритет; 2005.-544б.
8. Т.Ғабитов, Ж.Мүталіпов, А.Құлсариева, Мәдениеттану.-А.: Раритет; 2004ж
9. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы.-Алматы, Қазақ университеті, 1998.-202б.
10. Хейзенга И. HOMOLUDENS; Статьи по истории культуры. /пер.сост. и вступ. Ст. Д.Д. Сульвестора; коммент Д.Э.Харитоновича.-М.: Прогресс традиция, 1997ж-416с.
11. Хантингтон С.Сталкновение цивилизации/пер. с англ. Т.Велимова, Ю.Новикова. /М.: АСТ 2005.-603с. [5] (Philosophy)
12. Ерасов Б.С. Социальная культурология: Пособие для студентов высших учебных заведений.-2-е изд. Испр.и доп.-М.: АспектПРЕС, 1996.-591с.
13. Жарқанбаев Д. Угрозы национальным интересам Казакстана. 2003 А.: - Қазақ университеті
14. Соколов А.В. Социальные коммуникации.-Учебно-методическое пособие.-М.: ИПО Профиздат, 2001.-224с.
15. Каптерев А.М. Информатизация социокультурного пространство.-М.: ФАИР-ПРЕС, 2004.-512с.
16. Тоффлер Э. Третья волна.-М.: ООО АСТ, 1999.-784с.
17. Жандәулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері.-Алматы: ХКАА, 2004.-164б.
18. Хамидов А.А. Шығыс пен Батыс. –Шаһар.-№1.-1993.-10б
19. Ницше Ф. Жақсылық пен жамандықтың арғы жағынан // Сочинения.-Минск: Беларусь, 1992.-335б.
20. Кессиди Ф.Х. Глобализация и культурная идентичность // Центральная Азия и культура мира.-Бишкек, 2000.-№1-2 (8-9) 106с.
21. Нуржанов Б.Г. Новые информационнные технологии и судьбы рациональности в современной культуре. // Материалы «круглого стола» Вопросы философии.-2003.-№12.-С.3-52
22. Қазақстан Республикасындағы этникалық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан.-1999.-7 тамыз
23. Сатершинов Б.М. Қазақстан мәдениетінің теориясы мен тарихының кейбір мәселелері.-Алматы: Сорос қоры, 2001.-160б.
24. Делез Ж, Гваттари Ф. Номадология туралы трактат // Тамыр.-2001.- №2(4).-с. 94-97
25. Садыков Н.Культурные смысли культуры / / Тамыр.- № 1.1999.-С.69-70
26. Садыков Н.Перспективы модернизации в Казахстане ориентация на пост-(гипер) индустриальное общество в эпоху постмодерна Тамыр.-2001. - 2 (1) –C. 9-12.
27. Құл-Мұхаммет. Алаш қайраткерлері.-Алматы –Атамұра, 1998-360б.
28. Қараш Ғ.Замана.-Алматы Ғылым,1994-240б.
29. Жұмабаев М. Түркістан // Мұстафа мен Мағжан-Тұран елінің даналары.- Алматы Жазушы, 1993.-112б.
30. Қамзабекұлы Д.Алаш және әдебиет.-Астана Фолиант, 2002.-474б.
31. Акишев А.Центральная Азия новое средневековье //Тамыр.- 1 (2).-2000.-С.13-24.
32. Бейбіт мәдениеті жолында.Нұржанов Б.Ғ,.т.т.-Алматы: ҚазМУ,2000.-281б.
33. Қар.: Гулыга А.Л. Ассиология жарығындағы эстетика СПб., 2000. 263-264бб.
34. Косиченко «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениетінің өзектелінуі» Алматы, 2006 ж, -347 б.
35. Ә. Бәйменов. Сұқбат. «Дала мен Қала» газеті № 11, Алматы, 2012 ж, 4 б.
36. Ә. Ғали. Сұқбат. «Дала мен Қала» газеті № 11, Алматы, 2012ж, 4б.
37. Г.А. Бейсенова. «Культурная и национальная идентичность в конексте глобализации». Халықаралық конференция жинағы. Алматы, 2009 ж, 67 б.
38. С. Сартаев. Сұқбат. «Қазақ университеті». Алматы. 2012 ж, -6 б.
39. Қ. Қайсаққызы. Сұқбат. «Қазақ университеті». Алматы. 2012 ж, 7б
40. Robertson R, Knondker H. Discourses of globalization: Preliminary conciderations// International sociology. – L.1999. Vol. 13, №1. – Р. 25-40.
41. Философская глобалистика: проблемы и задачи // \философия ти будущее цивилизации: Тезисы доклады и выступлений 1V Российского философского конгресса. Т.З. – М.: «Современные тетради», 2005. С. 244-245
42. Социальное измерение глобализации // Глобалистика. Международный междисциплинарный энциклопедический словарь. – М. – СПб. – Нью-Йорк: «Елима», «Питер», 2006. – С. 827.
43. Гуманизм и глобальные проблемы современности // Философия в XX1 веке. Онтология, творчество и гуманизм. Т.2. – Уфа: БашГУ, 2008. С 90-96.
44. Проблемы дихотомии «Заад-Восток», «Восток-Запад» в глобалистике // «CREDO NEW». Теоретический журнал. СПб – 2007 №4 – С. 131-156.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
XXI ғасырдағы адамзат дамуы, басты екі принцип негізінде жүзеге асып отыр. Ол –өтпелі кезең мен әлемдік жаһандануға ұмтылушылық. Индустриалды қоғам орнына келіп жеткен ақпараттық өркениет, қоғамдық қарым-қатынастың барлық аспектісінде өз тұғырын тек жаңа технологиялармен анықтап отырған жоқ, сонымен қатар адамның жаңа сатыға көтерілуіне, шығармашылық, жаратушылық қабілетін жетілдіруіне негіз жасап отыр. Адам қоғамда маңызды әлеуметтік мәнге ие бола түсуде. Адамзат дамуының жаңа, заманауи қоғамдық сатысына көтерілуі жаһандану жағдайында іске асып отыр. Дамудың осы замандық үлгісінде әлем халықтарын біртұтастылыққа жұмылдыру идеясы жатыр. Жаһандану үрдістерінің жүргізілу барысына орай, ол-адамгершілікке, гумандық идеяларға негізделген немесе адамзатқа қарсы, биліктің және әлем байлығын меншіктегендердің қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат еткен жауыз келбетке ие болуы да мүмкін. Соңғы жиырма жылдың үдерісіне қарасақ біздің елге соңғы айтылған түсінік жақын келуде. Жаһанданудың үрдістері дегенде, оның үш сипаты: елдердің арасындағы тауар қозғалысының нығаюы, капиталдың, . Жаһандану ұғымы осы заманғы “шекараларсыз әлем” тұжырымдамасының негізіне айналды. Тіпті дамушы мемлекеттердің ішкі саясатынада араласып өз үстемдігін жүргізуде
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жаһандану процесінің жедел жүруіне негіз болып отырған, бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттердің алдында өз артықшылығын дәлелдеді. Соңғы жиырма жылдың ішінде әлемдік сауда-саттық әлемдік Ішкі Жалпы Өнімге қарағанда әлдеқайда жедел өсті. Егер 70-ші жылдары халықаралық сауда-саттық көлемі әлемдік Ішкі Жалпы Өнімге көлемінің 30 %-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде 60%-ды құрайды. Жаһандану жолындағы екінші қадам –капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы, соңғы жылда дамушы елдерге тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Бүгінгі бір Қытай ғана жыл сайын алпыс млрд. доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартады, қалған Азия елдері жүз жетпіс екі млрд.доллар, Латын Америкасы елдері жылына жетпіс екі млрд. тартады. Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдеріне, әсіресе, Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Батыс қалаларында болғанда бір ғана орамнан бірге жұмыс істеп, тұрып жатқан Азияның, Еуропаның, Америка мен Африканың көптеген мемлекеттерінен шыққандарды кездестіруге болады. Қазақстан да бұдан тыс емес. Басқа елдерден келген бес жүз мыңға жуық мигранттар бізде де жұмыс істейді.
Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рынок-тарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік валюта жүйесі үш революцияны: реттеудің алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті. Нәти-жесінде шетелдік рыноктар туралы мәліметтердің сапасы жақсарды және оларды алу жеделдігі артты, “жерді айналу және тәулік бойғы” қаржы операциялары жүргізіледі, жаңа қаржы құралдары пайда болды. Бесіншіден, ақпараттың, интелектуалдық өнім мен идеялардың еркін қоз-ғалысы ғаламдасу факторларының бірі және сонымен бірге салдары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда да тақырыптың өзектілігіне ешқандайда күмән келтіре алмаймыз. Біздің пікірімізше жаһандану процессі жүріп тұрған бұл заманда, бұл тақырып ең бір өзекті проблемалардың бірі екендігіне көз жеткіземіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Мәдени-философиялық ой-пікірлердің даму арақатынасын анықтау мақсатында О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс, Н.Данилевский, П.Сорокин, С.Хантингтон, Л.Гумелев, С.Кляшторный, Ж.Мүтәліповтың, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ж.А. Алтаев, Т.Ғабитов сынды танымал ғалымдардың іргелі еңбектерін магистрлік зерттеу жұмысында қолдандым. Сонымен жазылған пікірлердің барлығы да теориялық көзқарастарға сүйендім.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жаһандану ұғымының Қазақ ұлты мен Қазақстандық халықтардың қоғамдық ой тарихына әсер ету факторларын анықтау. Бүгінгі таңдағы еліміздің саяси жағдайын әлеуметтік және философиялық тұрғыдан зерделей келе Мемлекетіміздің даму үрдісіне Жаһандық құбылыстардың әсерін көрсету. Болашақта қазақ келбеті, қазақ мәдениеті қай тұрғыда дамитындығын саралай салмақтай келе мемлекетіміздің соңғы жиырма жылдығының мүмкіншілігінен баға беру.
Диссертациялық зертеуді жүйелеу мен аталған мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер алға қойылды:
Жаһандану үдерісінің қоғамдық санаға әсер етуін әртүрлі ғылыми тұжырымдамалармен зертеулерге сүйене отырып Жаһандану ұғымының философиялық мәнін ашу;
Жаһандану қоғамында индивидуализммен колективизм арақатынасын анықтай келе жеке тұлғаның қалыптасуымен мүмкіншіліктеріне баға беру;
Қазақстан Республикасының саяси жағдайын ескере келе мемлекеттегі діни әлеуметтік проблемаларға ғылыми тұрғыдан философиялық талдау жасау;
Жаһандану дәуіріндегі ұлттық сана ұлттық мәдениеттің дауына жаһандану процесінің әсерін анықтау;
Зерттеу нысаны: Берілген мәселені зерттеу барысында Ресей ғалымдарының, Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне, шетел әдебиеттеріне, деректерге, мерзімдік басылымдардағы мақалаларға және интернет сайттарындағы ақпараттарға сүйендім. Жалпы бірінші тарауда жаһандану ұғымының теориялық негіздері тарауын жазу барысында басты ақпарат көздері болып отандық ғалымдардың еңбектері қолданылды. Олар: Ғ.Есім, А.Айталы, Ж.Молдабеков сынды бір топ ғалымдар еңбектері өз көмегін тигізді. Ал екінші тарауды жазу барысында ресейлік журналдар мен газет мақалаларын, интернет сайттарын, сонымен қатар ресейлік ғалымдардың тақырыпқа сәйкес газет-журнал беттерінде жариялаған мақалаларын қолдандым.
Зерттеу пәні: Ғаламдық өркениеттер және қазақ мәдениеті.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Қазіргі Қазақстан Жаһандану үдерісінің көріністері сарапталып, оны ұлттық сана мен қоғам тұтастығына кері ықпалының алдын алудың және ұлттық мүддеге беиімдеудің бағыттары анықталды;
Жаһандану жағдайында адамды рухани түлететін және тұтас дүниетанымды білдіретін діни құндылықтарға деген қажеттіліктің қайта сезілетіні көрсетілді;
Экономика, саясат және мәдениет салаларындағы жаһанданудың үстемдік ететін бірыңғайландырушы бағыты айқындалды;
Диссертациялық зерттудің теориялық және тәжірибелік маңызы:
Теориялық қатынасына алғанда зерттеудің нәтижелері мен түйіндері жаһанаданудың әлеуметтік табиғатын, оның қаржылық, экономикалық, технологиялық немесе ақпараттық үрдістерге теңгерілмейтіндігін ана ғұрлым нақты және мазмұнды айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыстың негізгі мазмұны мен оның жекелеген тауарлары жаһанданудың философиялық мәселелері, ғылым тарихы мен философиясы, әлеуметтік философия, мәдениеттану бойынша дәрістік курстарды оқыту үдерісінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының дерек көздері. Диссертацияда қазіргі таңда осы мәселе жөнінде зерттеулер жүргізген отандық ғалымдар мен батыс ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып жазылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. кіріспеден, екі бөлімнен, соның ішінде әр тарау төрт бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖАҺАНДАНУ БАТЫСТАНДЫРУ ФЕНОМЕНІ, ҚАЗІРГІ ЗАМАН МОДЕРНИЗАЦИЯСЫНЫҢ ТІРЕГІ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ МОДЕЛГЕ ӘСЕРІ.
1.1 Жаһандану ұғымының ғалымдар көзқарасымен
қалыптасу тарихы.
Ғылымда “Жаһандану” деген термин өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары пайда болды, ал бүгінде ол макроәлеуметтену саласындағы кең таралған ұғымның бірі. Әлеуметтік ғаламды біртұтас етуші үдерістердің өзара байланыстылығын көре білген американдық Роланд Робертсен әлеуметтану ғылымында “жаһандану” терминін алғаш рет қолданады. Алайда, терминнің шығу тегі американдық атау болса да, бұл ұғым көптеген әлем елдеріне қатысы бар және де әр турлі тілде талқыланады. Әр ғылым жаһандану ұғымына өз анықтамасын беріп жатады. Мысалға, американдық экономист, кәсіпті басқару және ұйымдастыру маманы Т.Левит бұл ұғым аясына үлкен нарыққа тауар шығарып отырған ірі халықаралық корпорацияларды, олардың нәтижелі жұмыстарын кіргізеді. Жаңа термин мән-мазмұны Гарвард бизнес мектебінде ашыла түсті. 1990 жылы “Шекарасыз әлем” атты кітапта жаһандану ұғымына толық түсініктеме беріп өткен, Гарвард мектебінің консультанты жапондық К.Оме болды. Бүгінгі күні әлемдік экономика “ұлы үштік” (АҚШ, Жапония, ЕО) тікелей бағынышты деп жобалаған ол, қандай да бір мемлекеттердің экономикасының ұлттық моделге ұмтылуы мін-мағынасыз, себебі әлемдік экономикадағы “күшті кейіпкер” рөлін “жаһандық фирмалар” ойнайды деп түсіндіреді. Автордың тап осы ой-пікірі Жаһандану ұғымының мән-жайын ашып береді. Жапондық ғалымның жаһандануға байланысты ұстанымын барлық зерттеушілер келіседі деп айту ағаттық болар, алайда осы пікір даулы ойлардың, пікір-сайыстың негізін жасады. Дегенменде соңғы пікір өзіміздің отандық экономикағада кері әсерін тигізіп отыр десек артық айтқандық емес.
Жаһандану ұғымының пайда болуы, дамуы деген тақырыптың аясындағы ұстанымдар мен пікірлердің саналуандығына қарамастан, экономистер бұл феноменді әлемдік экономикадағы басты қаржы жүйелерінің калыптасуы, трансұлттық корпорациялардың жаңа мемлекеттер мен жаңа аймақтарды қамту әрекеттерінен көреді.
Экономистермен салыстырғанда геогрфтар басты мәселе ретінде экономикалық архипелаг атанып жүрген ірі қала мегаполистерге баса назар аударады. Қала шекарасының үлкен аумақтарға таралу, кеңею құбылысын жаһандану үдерісі ретінде қабылдайды. Бүгінде, техника ғылымының өкілдері техноглобализация аталатын мәселемен шұғылдануда. Бұл термин түрлі мемлекеттерде жаңа енгізілген технологиялардың, технологиялық ғылым және білімнің, технологиялық макрожүйе аталатын бір компанияға бірігуін анықтайды. Негізгі мақсаты телекомуникация саласындағы революциялардың салдарын, әрекет ету өрісін, ғаламтордың пайда болуы, бүкіл адамзаттың “планета ауылының” тұрғындарына айналуы деген мәселелерге басқатырып жатыр.
Халықаралық қатынастар ғылымы үшін “қырғи-қабақ соғыстың” аяқталуымен басталған әлемнің биполярлы кейіпке енуі, БҰҰ және де басқа халықаралық ұйымдардың көмегімен жаңа әлемді қалыптастыруы деген сынды дүниелерді басты назарда.
Мәдениеттанушылар мен әлеуметтанушылар түрлі кеңістікте орналасқан мемлекеттер мен аймақтардағы адамдар үшін мәдениеттерге әмбебаптылық тың мысалы ретінде П. Бергер мен Хантингтонның Многоликая глобализация: культурное разнообразие в современном мире деген кітабы. Онда авторлар ғаламдасуды шақыру және жауап ретінде көрсетеді.
Жаһандану үдерісі, оның түрлі қоғамдағы бағалануы, орны деген сынды мақалалары мен жарияланымдары жөнінде АҚШ-тың ғылыми әдебиеттері бірінші орын алады. Жаһандану батыстандыру феномені қазіргі заман модернизациясының тірегі деген мәселені қозғайды. Осы сұрақтарға байланысты екі әдіс қалыптасып отыр. Біріншісінде, жаһандану батыстандыру қоғымынан жоғары әлемді жетілдіру түсінігіне сәйкес келеді. А.Гидденс, Р.Робертсон, У.Конноли және тағы да басқа американдық авторлар жаһандануды ақтап алу ретінде Шығыс Азия елдерін мысалға алады. Ол елдерде жүріп өткен модернизация үдерісі кезінде батыстандыру салқыны елдің өзіне тән мәдениетінің ерекшелігіне мүлдем әсері болған жоқ дегенді алдыға тартады. Екінші әдіс бойынша Жаһандану батыстандыруды, еуроатлантикалық өркениетті, батыстық капиталдың, батыстық институттардың әлемге жаппай таралуында ғаламдық дифузиялық қызмет атқарады. Н.Глейзердің пікірі бойынша жаһандану - ол батыстың ретттеп отыруымен жүзеге асып отырған ойын-сауық құралдары мен ақпараттарының бүкіл әлемдік масштабта таралуы және тиісінше сол ақпараттардың қабылдану нәтижесі. Чех президенті Вацлав Гавел жаһандануды түйеде отырған, ұлттық киім мен қатар джинсы киінген, радиоқабылдағыш пен кока-кола қалбырын ұстаған көшпенді бәдәуи ретінде елестететінін айтқан-ды. Джинсы және кока-кола елеусіз дүние болуы мүмкін алайда радио қабылдағыш пен теледидар және Голливуд өнімдері бәдәуйді барлық алғашқы құндылықтарынан айыра алар мүмкіндікке ие.
Жаһандану үдерісінің формальды түрде бірінші толқыны ретінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы сауда мен инвестицияның кеме, телеграф, темір жол телефон және конвейерлер арасында өте үлкен ауқымда тартылуы әлемның өзара жақындасуына жол ашты. Бұл кезеңде инновация дәстүрді ығыстырды, өткен мен қатар бүгінгіні де мәнсіз етер, өте жылдам қарқынмен болашақтың іргесі қаланып жатты. Осыдан кейін аралық толқын жүріп өтті. Бұл, соғыстан кейінгі үш он жылдықты қамтиды. Осы уақыт аралығында интернационализм идеясы пайда болып ол қазіргі заманды 1970- 1980 жылдың аяғы тұсында орын алар жаһанданудың орын алуына сеп болды. Сандық технология, телекомуникация, информатика саласындағы төңкеріс арқасында қазіргі таңда айтып жүрген Батыстық капитал ұғымы пайда болды. Жақандану үдерісі биік деңгейлерден көріне отырып, адамзат тарихындағы барлық аймақтар мен бүкіл планетаны біріктіруші күшке ие болды. Міне, дәл, осы кезден бастап жаһандану мағынасы ашылды десек те болады.
Бұл келтірілген мысалдардың барлығы жаһандану терминінің пайда болғанынан бастап жүзеге асқан дүниелер болатын. Алайда мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдасу ғаламдасу түсінігі қалыптасқанға дейін-ақ бар болатын.
Зерттеушілердің де пікірі осыған саяды. Адамзатты біріктіруші, қоғамдық құрылымды барынша универсалдандыра түсер ғаламдану процесінің тамыры сонау тереңге кетеді. Ежелгі замандарда, ортағасыр кезеңінің өзінде үлкен территориялар мен халықтарды біріктірген ірі әлеуметтік қауымдар өмір сүреді. Алайда бұл қауымдар саяси әлсіз біріккен, территориясы бойынша бытыраңқы орналасқандықтан ғұмыры ұзаққа созылған жоқ.
Алайда, осындай түрлі халықтардың басын біріктірген мемлекеттер адамзаттың өркениеттілік деңгейіне жетуге себеп бола да білді. Соның бірі- Көшпенділер өркениеті.
Көшпенді халықтар Еуразияның бүкіл аумағындағы өркениеттену процестенінің дамуына үлкен ықпалын тигізген. Көшпенділер өздерінің көшіп-қонуымен бытырап кеткен және сегменттелген кеңістіктерді, континенттерді, әлемдер өркениеттерді біріктіріп, оны әлемдік өркенит кеңістігінің бір бөлігі етіп жасады. Олар материалдық және рухани құндылықтарды, институционалдық қатынастарды күшейтіп, Колумбыға дейінгі әлемдік жаһандану тәсілін қайта таратты. Олар инновациялық мәдениет пен техниканың, сауданың өсуіне, бір сарынды мәдениеттің дамып таралуына үлкен көлемде өзгеріс алып келді. Әлемдік өркениеттің дамуына көшпенділер аумағы арқылы өткен сауда бағыттары әсер етті. Көшпенділер арқасында әлем біртұтас, ал өркениет жүйесі өзара байланысты болды. Көшпенділер мен отырықшылар шекарасында өзара тиімді айырбас пен қарым-қатынастың орталығы ретінде қалалар пайда бола бастады.
Әсіресе мемлекеттік институттардың дамуына көшпенділердің қосқан үлесі ерекше. Британ ғылым академиясының мүшесі, американдық профессор А.М.Хазановтың көзқарасы бойынша, ортағасырлар дәуірінде Еуразия аумағындағы көптеген мемлекеттік білім беру орталықтары көшпенділердің жаулап алуымен қалыптасқан. Нақ осы көшпенділер тұңғыш рет мемлекеттің жаңа үлгісі –орталықтандырылған мемлекет-империяны құрды. Олар отырықшы-шаруашылық қоғамындағы билік институттарының қалыптасуына әсер етті. Отырықшы-шаруашылық тұтынатын халықтың арасында үй жануарларын әкелген де көшпенділер. Жылқыны ерттеп мінген көшпенді жаяу адам үшін айлап жүрер қашықтықты барынша қысқартты. Осының негізінде батыс пен шығыс өркениеттері бір-біріне жақындай түсті.
Көшпенділердің Ғаламдану үдерісіне қосқан үлесін нақты айтар болсақ, ғұндар патшасы Еділдің 452-447 жылдардағы еуропаға жорығы негізінде батыс әлемін темірмен, арбамен, моншамен, бүгінгі күнге жақынырақ киім үлгілерімен таныстырды.
Рим, Ескендір, Парсы империялары өз кезегінде адамзат өркениетінің дамуына өзінше бір үлес қоса алды. Осы топқа бүгінгі таңда үлкен аумақтарға шапшаң таралып келе жатқан әлемдік діндерді-христиан дінін және VIII ғасырдан бастап ислам дінін де жатқызуға болады.
1.2 Қазақстан жаһандану жолында өркениеттер мен мәдениеттер тоғысында.
ХХІ ғ. жер шарын мекен еткен мемлекеттердің, ондағы халықтарға осы кезеңге дейін қауіп төндірген отаршылдық саясат, жер, қазба байлық үшін соғыс я, болмаса ұлт, нәсіл аралық қақтығыстар емес адамдардың өз танымдарымен, қажеттілігімен қол жеткізген жетістіктері өздеріне соққы болып тиуде. ХХ ғ. –тарих сахнасында дүние жүзілік соғыстармен, ҒТР, адамзат баласының жер бетінен айға сапар шегуімен ерекшеленеді. Ғылымның қарқынды дамуын, қажеттіліктердің қанағаттандырылуын "өркениет, жаһандық дүмпү" деп бағалады. Расында, бұл құбылыстытарды жетістік деп танысақ болады. Алайда біз атап өткен өркениет, жаһандану ұғымдары қоғамның сұраныстарына жауап беріп қана қоймай мемлекеттің ішкі саясатына, ұлттық құндылықтарына, тілі мен дініне етене араласып, түпкі мақсаттардан тайдыруға бағытталған. Жақынырақ қарастырғанда, егерде бұл мәдениеттер көптеген ғасырлар бойы өзін мойындатпаған болса, дүниежүзілік мәдениеттің құрамына кірмеген мұндай ұлттық мәдениеттердің өзіндік мазмұнына немқұрайды қарайтынын көруге болады. Өзін дүниежүзілік деңгейде енді ғана көрсетіп келе жатқан ұлттық мәдениетке деген көзқарас оны ең жақсы дегенде экзотикалық, із қалдырмастан ағып өте шыққан бірдеңе ретінде қарастыру [ 1, 347 б ].
Бұл алдыңғы қатарлы алып державалардың жаңа отарлау саясатыма әлде мемлекеттерді құртуға бағытталған жаңа саясатпа? Не десекте бүгінгі таңда өзге мемлекеттермен қатар Орталық Азияда 20 ғ. соңында тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақ еліне де қауіп төнуде.Дүниені дүрліктірген алып держава КСРО-ның күйреуі тек иық тірескен АҚШ, Қытай, Англия, Франция сынды экономикасы озық елдердің пайдасына ғана шешілген жоқ, сонымен қатар 70 жылдық тотолитарлық жүйеде торсыз түрме күйін кешкен, сан жылдар бойы отарлаудың мәдениетті формасын бастан өткерген өзге халықтар үшінде тиімді болды. Әр мемлекет өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, мемлекет атауымен әлемге аяқ басты. Алайда,Социалистік жүйеден демократиялық жүйеге өту, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу қоғам үшін түсініксіз дүние болып сипатталды. Экономикалық додаға, өрекниеттер бәйгесіне қосылу, дамыған, тіпті дамышу мемлекеттермен әлемдік аренада бір ізбен қатар жүру мүмкін болмады. Олай айтуға себеп, біріншіден , КСРО құрамында болған әр мемлекет жоспарлы шашыранды экономикамен күн кешті, екіншіден ата заңнан жұтаңданып жалпы одақтық бір заңмен өрнектелді, үшіншіден дін, тіл, төл мәдениеттен алшақ кетіп, ортақ халықтық нормалармен ерекшеленеді, төртіншіден өндіруші емес тұтынушы елге айналды, өндірседе техниканың бір бөлшегін ғана жасап, сұранысқа ие бола алмады, бесіншіден халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылықпен, шикізатпен шектелді. Тәуелсіздік халық арманы болғанымен алға қойған нық әрі нақты жоспар болмады. Тізімді ары қарай тізбектей берсек ұшы-қиыры жоқ тізім айтар едік. Бұл проблема әліде болса шешімін толық таппай келеме деген алаңдаушылық бар. Себебі, Әлихан Байменовтың Дала мен Қала газетіне берген сұхбатынан анық аңғарсақ болады. Газетте былай делінген: Кеңес одағы ыдырап, әр ел өзіне қолайлы саяси экономикалық жол іздеп жатқанда, бізге елдің әрбір саласын меңгерген қызметкерлер ауадай қажет болды. Сол кезде қандай өзекті болса, әліде сондай [ 2, 4 б ]. Міне сол бір дүрбелең заманда шығысын алпауыт қаһарлы Қытай, батысын-солтүстігін аюдай ақырған Рессей, оңтүстігін өзімен тағдырлас елдер шектеген, сусыз тақыр жерден жарып шыққын гүл секілді тәуелсіз Қазақстанда мемлекет ретінде өзін әлемге жар салды! Ал, Түрік елі төрткүл әлемде бірінші болып тәуелсіздігін таныды, мұның өзі еркіндіктің бірден-бір дәлелі болатын.
Қазақстан мемлекеті үшін ең басты мәселе дүние жүзіне қай бағытпен танылу проблемасы тұрды. Себебі, өзінің төл мәдениетімен, тілімен сыр шерту тиімсіз болды. Осыған орай ХХ ғ соңында Қазақ елі тарих беттерінен таныс халық билігіне жол ашты. Тотолитарлық жүйеде өмір сүрген халық үшін сөз бостандығы, еркіндік, халық билігі, таңдау құқығы сынды, ұғымдар сенгісіз әрі билікке деген үреймен сипатталды. Неге дейсізбе, онда белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғалидың мына бір сөзіне тоқталайық: Бізде басқарушы буынның бірнеше тобы келгенін айтып өткен жөн. Алғашқылары Кеңестік режимнің өкілдері ... Олардың көбі бұрынғы бюрократиямен жұмыс істеп үйренгендіктен де, біраз істерде өзіндік кедергілер де болды- деп, атап көрсетті [ 3, 4 б ]. Ашығында тотолитарлық жүйемен күн кешкен билік демократиялық жүйеге тез төселіп кетті десек артық айтқандық болар. Дегенменде, бір партиялық жүйеден көп партиялық жүйеге, сайлауға, БАҚ-на сөз бостандығын, шет елдермен тығыз байланысқа, шағын және орта бизнеске жол ашты. Одақ кезінде тарихи оқиғаларға байланысты қазақ жеріне өзге ұлттар қоныс аударғандықтан дінге шектеу қойылмады.Мұның өзі тәуелсіз жас мемлекет үшін өз уақытында тиімді саясат тұрғысынан бағаланды. Бүгінгі таңда дін саясатына сын айтушылар еліміздің 20 жылдық өміріне шегініс жасап, сол кезеңдегі саяси жағдаймен баға берсе өз сұрағына биліктен емес, өмірден жауап алар еді.
Мүмкін бұлай дабыл қағудың қажеті де жоқ шығар, бірақ, "өркениетті елміз" деп ұрандатқан Батыс елдерінің даму стилін өз мемлекетімізден көру ақылға сиымсыз. Британдық зерттеуші Ш. Акинердің пікірінше қазақ қоғамының бір тектілігі совет үкіметінен қалған үрдіс дейді [ 4, 67 б ]. Онсызда тарих беттерінде өкінішпен айтар тұстарымыз көп-ақ. Шапқыншылық заманында өзге ұлттармен ассимиляцияға ұшырауымыз, екі ғасырға жуық Ресей патшалығының қол астында күн кешуіміз, 70 жыл бойы тотолитарлық жүйенің құрсауында ашаршылықпен ұлт зиялыларына төнген нәубетті өткеру өзің түгіл өз жауыңа тілемейтін оқиғалар. Талай тарланмен боздақтың қанын төгіп тәуелсіздіктің ақ таңына қол жеткізіп,онсызда шұбарланған тілге, Наурыз айында ғана есімізге алатын төл мәдениетпен ұлттық санаға сызат түсіретін Батыстың жаһандану үрдісімен болашақты улау келер ұрпаққа өз қолымызбен қиянат жасаумен тең.
Жаһандану түсінігі тек біздің елге ғана емес бүкіл мемлекеттерге таныс ұғым болды. Әр қашанда Батыс және Шығыс бір-біріне қарсы тұрған жақтар. Неге? Себебі, Батыс үшін бірінші орында экономика, сауда, ақша саясаты тұрды. Жеке адамның құқығын бірінші орынға шығарып, колективизм ұғымын кейінге қалдырды. Рухани мәдениеттен жұтаңданып, тоқыраудың аз-ақ алдында тұр. Отбасылық тәлім-тәрбие, ұлттық сана, дін, ұлттық рух сынды ұғымдар жай ғана арман қуғанның жас баланың тілегі іспеттес көренді, тіпті мойынсұнбадыда. Ия, сөз жоқ халықтың өмір-сүру деңгейі әлде қайда жоғары тұрды. Шикізатқа тапшы болсада, жоқшылық зардабын тартқан жоқ. Алайда экономиканың озық стилін әлемге паш еткенімен өмірдің жоғалу эволюциясын бастапта кетті. Себебі, рухани дүниеге тапшы. Бұл көрініс жоғалудың ең басты әрі маңызды бөлігі.
Ал, Шығыс жайлы не айтсақ болар еді? Шығыс сан ғасырлық төл мәдениетін алдыңғы орынға шығарып, дамудың руханилық бағытын таңдаған. Расында, Шығыс елдері адамгершілік, мейірімділік, жомарттық ұғымдарынан кенде емес. Шығыс өздігінше бір сырға толы әлем. Осы уақытқа дейін ғалымдардың зерттеу объектісіне айналуыда тегін емес. Тіпті, өз тілінен, дінінен, төл мәдениетінен бас тартпай әлемге өз тілдерінің, экономикасын керек екендігін дәлелдетіпте кетті. Бұл Шығыстың Батысқа деген нақты жауабы.
Қазақстан осы бір Батыс пен Шығыс, Ислам мен Христиан сынды алып мәдениеттер тоғысында орналасқан мемлекет. Сондықтан, бізге сан-салалы мәдени факторлардың әсер етуі заңды. Оларға біздің мемлекеттің тойтарыс беруі заңды. Бірақ олай болмай отыр. Себебі , өз төл мәдениетіміз біз үшін, қазақ халқы үшін аңызға айналып барады. Мәдениетімізді тек мейрамдарда ғана тойлап, қалған уақытта батыстық шайтан мәдениетке жол береміз. Өз тілімізді құрметтеу былай тұрсын, оны білу, қазақ тілінде сөйлеу шет тілі іспеттес болып қалды. Мұхтар Шахановша айтсақ шіріген жұмыртқаға толы қоғамға айналып барамыз. Бұл дегеніміз қазақ тілі қажеттілікке жарамай, көлеңкеде қалып қойған бір дүние іспеттес. Ислам дінін мойындадық, алайда қай бағыттың ұстану керектігін халық былай тұрсын, билік шеше алмауда. Ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі исламды пір тұтсақ таза Исламға жат дейміз, ал таза Исламды ұстансақ төл мәдениетке қол сілтеп, бас тартуға тура келеді. Міне, бұл біздің елдегі шешімін таппаған парадокс. Сонымен қатар, Бұқаралық Ақпарат Құралды 4-ші билікке жатқыздық. Бірақ, БАҚ 4-ші билік екенін ұмытып кетсе керек. Халықтың мұң-мұқтажын сипаттап, әлеуметтік, тұрмыстық проблемаларды қарастырудың орнына, шет елдік, атап айтар болсақ Бразилия, Мексика, Корей, Түрік сериалдарының атынан сөз сөйлеп одан қалса, мәдениеттен жұрдай Голливудтық кинолармен халық санасын шырмауықша бұғаулап, одақтастыруда.
Бүгінгі таңда ғалымдардың Батыс туралы пікірлерінде екі ұдайылық түсінік қалыптасқан. Бірінші топ батыс елдерінің гүлденуін алға тартса, екінші топтағылар гүлденудің салдары қоғамдағы адами құндылықтардың жоғалып бара жатқанын көрсетуде. Бізді де алаңдатып отырған соңғы жағдай. Себебі, батыста кең етек алған индивидуализм, сан салалы мәдениеттің түрлері, шоу бағдарламалар, киім кию стилдері біздің қоғамға, әсіресе кейінгі буынға қатты әсер етуде. Соның себеп салдарынан қоғам рухани жұтаңдануға бет түзеп барады. Тіпті батыс өз қоғамына өзі алаңдаулы. Отбасы, ата-ана сүйіспеншілігі сынды маңызды түсініктер қызметін жойып, қоғам құлдыраудың аз-ақ алдында тұр. Бір жыныстылардың отбасы құруына рұқсат беріліп, оларды заңдастырғанда. Кәмілеттік жасқа толған әр бір азаматқа ата-анасы жеке бастың құқығына нұқсан келтірсе сот алдында жауапқа тартуға құқығы бар. Тастанды балалардың саны артуда. Егерде отбасын құрған саналы екі адам бір-бірін түсіне алмаса екі жаққа айырылысып кетеді, мейлі арада бала болсада. Ал, бала тағдырын сот шешеді. Батыстық шоу бизнеспен сусындалған теле арналар бір бөлек. Осы бағдарламаларды көрген жастардан не болашақ күтуге болады? Неге десек, БАҚ-нан көрсетіліп жатқан кино, сериалдардан өзімізге алар тәрбие, тәртіп, өнеге жоқ. Мазмұнын байқасақ махаббатты жеңіл жүріспен сипаттап, байлықтың, ақшаның соңында әулет қырылып, ата-анаға құрмет көрсетпей, мәдениетсіз қоғамды бейнелеп, одан қалса адамды қойша бауыздап, өмірін ойыншыққа айналдырған сценарилер. Олардың қатарына шекараны талап етпейтін адамзатты жаулаушы нашақорлық, жезөкшелік, алькоголизм, заңсыз қара сауда сынды тирандарды қосыңыз. Бұл дамыған өркениетті қоғам емес құрдымға кетіп бара жатқан қоғам. Әліде болса бал қаймағы бұзылмай отырған біздің мәдениетке осы ортадан не алмақпыз? Төл тарихымыздың қай тұсынан мұндай бассыздықты көріп едік. Жетім мен жесірін жылатпай Тәуке хан Жеті жарғыға өзгеріс енгізгенде болатын. Өлім заңын құн заңымен алмастырып Қазақ қоғамы 18 ғ өркениетке бет бұрыс жасаған. "Балалы үй базар, баласыз үй мазар" деп дана халық тегін айпаса керек. Әр туылған балаға азан шақырып, ырымдап ат қойып,ел алдында еңсесін биік ұстады. Баланың көп болғанын Жаратқанның сиы- деп бағалап,ұрпағының кемелденуіне жол ашқан. Өзінен жасы үлкен адамға ізеттілік көрсетіп, қарсы келмеген. Ал, ата-анаға деген сыи құрмет жоғары бағаланды. Ата-анаға қарсы сөйлеу деген баланың санасына мың ойлансада кірмеген жағдай. Қыз баласын құрмет тұтып, Домалақ, Қарашаш анадай болуын тілеп еді. Мұның бәрі қазіргі таңдағы жаһандық аждаһаның аламаны. Осыдан кеиін жастарға не айтамыз, өзіміз өнеге болар жол ұсынбасақ. Дәл осылай мақтан тұтар мәдениетімізді саралай берсек ұлылардың ұрпағы болып жүргенімізге еңсемізді биік ұстап қуанамыз.Осы арада Үлгі тұтар мәдениетіміз, салт дәстүріміз тұрғанда неге сиқымсыз санамен тәрбиесіз батыс мәдениетіне тәнтіміз?, болмаса Біз осыншалықты еліктегіш халықпыз ба?, Ұлттық санаға жұтаң қоғамбыз ба? сынды заңды сұрақтар туатыны хақ. Шындығын айтсақ біздің қоғам сиқырға толы породокстермен бейнеленген болса керек. Сөз жүзінде мәдениетімізді мақтауда,мақтануда алдымызға жан салмаймыз. Ал, іс жүзінде бәрі керісінше. Тек санымызды соғып қайран қалың елім қазағым-ай деп өкінуден артыққа бара алмай отырмыз. Мұндай тұстарымызда жоқ емес, бар, з.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Сартаевтың: Қыздыр шашты жалбыратуды сәнге айналдырып алған. Қазақта шашты жаю деген болмаған. Тек ері қайтыс болған әйелдер бір жұма бойы шашын жинамаған. Бүгінгі қыздар темекі шегеді ... Олар келешек ана, біреудің жары ғой. Ана, жұбай, келін деген әдепті емес, әдептің өзі болуы тиіс. Өйткені табиғат солай етіп жаратқан деген сөзінен анық аңғаруға болады [ 5, 6 б ]. Бірте бірте қоғамға еніп келе жатқан індеттер санын көріп, адамзат болашақта өзгемен емес өзімен күрес жолында құрбан болмаса игі.
Бүгінгі таңда батыстық оқу стилін қабылдадық, 12 жылдық мектеп, кредиттік технология дегендей. Өркениеттің ыстық оты оқу жүйесінде шарпып барады. Қазіргі студенттер кітап оқу, ғылым жолында іздену секілді ұғымдарды интернеттің ләззатына айырбастады. Әдеби кітаптарды оқу, оның ойлы, тәрбиелі мазмұнымен сусындау тіпті ойдада болмаса керек. ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қ.Қ. Мәдібаева ханымның бір сұхбатында: Жедел, жүрдек, екпінді заман алдамшы, айныған, арзан қызықтарың мың құбылтады. Кеше ұялы телефон, бүгін өрмекші тармақ ғалам тор, резеңке адам, ертең...Ертең бірдеңге шығады. Сөйтіп, кітап біздің ат ізін салыспай кететін алыс ағайынымыз сияқты көңілден өшеді ме деген қауіп бар. Өкінішті. Кітаптың жанға құяр кәрі бөлек. Ол адамның жанын жамандықтан алыс алып жүретін шын досы еді...Жастарды кітапқа баулу отбасында бағыт түзүі керек еді. Ер Төстікті білмей өскен ұрпақ қазір ата ана болып отыр. Осы жағы қауіпті - деген болатын [ 6, 7 б ]. Расында,бұл ұстаздың ұлтына деген жанашырлығы. Бүгінгі ұрпақ қиын қыстау заманда елдің арман тілегімен қоғам санасында пайда болған Ер Төстік, Ер Тарғын сынды образдарды,бертін келе халық жанашырлары Абай, Ыбырай, Шоқанды,ұлтын ұлықтаған үш бәйтерек пен бес арыстың кім екеннін білеме екен? Олардың азаттық үшін өз өмірлерімен қоштасқанын саналы түрде салмақтай аларма екен? Жоқ, әлде интернет торы санамен қосып жүректіде жаулап алғанба? Соңғы уақыттары дәл осылай жанға жара салар сұрақтарды жалғастыра берсек бір кітап жазуға болар. Айтайын дегенім,ертенгі күні сол жас маман нарықтық экономиканың бір жемтігі болып кетеме деп қорқамын.
Не десекте бұл ХХІ ғ қазақ елінің бастан кешіріп отырған өмірі. Дәл осы ізбен жүре берсек, жалаң мақтанышпен айтқан бір Қазақ елінің жеріне бес Франция сияды дегендей, ертең жерімізде бес өзге мемлекеттің пайда болмасына кім кепіл?! Қазақ халқы, тілін дінін, төл мәдениетін құрметтемейінше ел ұлт болудан қалар, ал қадірін түсіне білсек жаһандық құбылыстар біз үшін жай әнгіме болары хақ. Сан ғасырлар бойы армандаған елдікті қолдан бермесек, елімізді қуыршақ елге айналдырып алмасақ сол біз үшін жеңіс болмақ!
1.3 Әлемдік діндердің жаһандастыру функциясы
Дін –адамзат пайда болғаннан бастап келе жатқан, біріктіруші функциясына ие күш.
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр. Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарастырсақ, өткен тарихта –ешқандай қоғам дінсіз болмаған. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Яғни, діннің пайда болуы адамзат қоғамының дамуымен тікелей байланысты. Адам өзі білмеген, түсіне алмаған нәрсенің қыр-сырын табиғат күштеріне арту арқылы натуризм сенімдері пайда болған. Бұл сенім адамдарға қорқынышты, түсініксіз нәрселерді түсіндіруден, олардан сақтанудан бастап, қоғам мүшелерінің арасындағы түрлі қатынастарды, мәселелерді реттеуге шейін барған. Адамдардың ойлау деңгейі дамыған сайын адам баласы да политеистік (көптәңіршілік) ұғымынан, монотеизмге (біртәңіршілік) бет бұрған. Көптәңірлі көне дәуірде инкарнацияланған, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын, антропоморфты, адам кейпіндегі тәңір (пұт) бейнесі көбірек таралған болса, кейінірек біртәңірлі, абстрактылы, көзбен көруге болмайтын, адамға, жалпы, ешнәрсеге ұқсамайтын, бейнесін адамның ақыл-санасы ойлап тани алмайтын, айтып жеткізе алмайтын тәңір (Құдай) сипатына қарай ойысқан. Ғылымның көзқарасын қысқаша түсіндірсек осылай.
Осындай ең алғашқы монотеист дін Тұран ойпатында біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың екінші жартысында –VI ғасырдың орта кезінде пайда болды. Оның негізгі ұстанушылары көшпенді сақ тайпалары болды. Көшпенді халықтардың отырықшы халықпен түрлі деңгейдегі байланыстары негізінде басқа да халықтар монотейстік діннің негіздерін қабылдай бастады. Алайда әр халықтың дәстүріне, мәдениетіне байланысты бұл алғашқы жалғыз тәңірлік діндер түрлі өзгерістермен қабылданды. Мысалға Иран жерінде бұл Зорастризм ретінде, Үндістан жерінде Будда ілімі ретінде, батысқа бірқұдайлық дін Христиан дінінің ең алғаш тармақтары ретінде жетіп жатты.
Осы арада әрбір діннің шығу тарихына тоқталып жатудың қажеті жоқ. Себебі біз үшін маңызды дүние, діннің адамзатты жақындастыра түсер қызметін түсіну болып табылады.
Әлемдік діндердің басты мақсаты адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ дүниені іздеу. Өзара түсінушілікке шақыру. Осы жағынан діннің алдына қойып отырған мақсаттары да негізсіз емес. Себебі, адамзат баласына ортақ дүниелер көп, оның дене мүшелері бірдей, сөз сөйлеудің жүйесі ортақ, тек тілдері мен түрлері ғана басқа. Айта берсек, адамзатқа ортақ нәрсе көп. Дінде адамзат үшін ортақ құндылықтар жетерлік, солардың бірі –достық, жолдастық, махаббат, отбасы, бала тәрбиесі, әйелді қадірлеу, қарт адамдарды қадірлеу, ғаріп-қасірлерге қамқорлық көрсету, білім-ғылымға ұмтылған адамдарға құрмет, үй хайуанаттарын қазына деп бағалау, табиғатты, суды, орманыңды қадір тұтып сақтау, өмір сүріп жатқан әлеуметтік кеңістігің –қалаңды, ауылыңды, үйіңді күту, оларды мақтанышқа, қуаныш орындарына айналдыру...Мұның бәрі бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтар. Кім болсын, ол қай дінде болсын, қай халық болсын бұл оларға ортақ. Енді осы ортақ мәселеге түсінік керек.
Бүгінгі таңда, адамзат баласы үшін, ортақ түсінікке келудің уақыты туды, оның басты себебі, адам қолында күллі адамзатты жер бетінен мүлдем жойып жіберетін қаруы бар, оны қолдану не қолданбауы да адамның еркінде. Осындай жағдайда әркім өзінің діни сезіміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келі өркениеттік сананы қажет етпек.
Дін –қоғам ішіндегі рухани күш. Қай қоғамда болсын діндердің айрықша орны бар. Мысалы, батыс үшін христиан діні үстем болып келсе, шығыста ислам діні. Қазіргі таңда, бүкіл адамзатты толғандырып отырған мәселе діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелер бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген келелі тақырыптар төңірегінде көп идеялар пайда болуда. Себебі діннің бірінші пайда болу, таралу себебі де біртұтас өркениет жасау.
пнаДіннің өрбитін, өсетін, өнетін, көркейетін жері –бір ұлттың, бір аймақтың сол жердегі әлеуметтік уақытына байланысты емес. Жер шарын мекен етіп отырған адамдардың тұрмысына сіңісіп кету, біртұтас идеалды қоғам құру деген мәселе бар. Сондықтан дін деген ұлттан тыс –барлық халықтарға ортақ.
Әлемдік діндер, қазіргі таңда жаһандастыру функциясын атқарып отыр. Оған нақты дәлелдерде баршылық және діннің ғаламдастырушы іс-әрекетінен үрейленудің қажеті жоқ. Себебі адамзат үшін ортақ болып табылатын мәселеге, дін ортақ түсінік қарап келеді. Мысалы, католиктердің аборт мәселесін күн тәртібіне қоюы құптарлық іс, ендеше неге баршамыз бірігіп, тізе қосып осы істе бірікпеске? Қазіргі кезде ерлер мен ерлердің, әйелдер мен әйелдердің некелесуін кейбір мемлекеттер демократиялық үрдіс деп, заңдастыра бастады. Бұған діндер келісе отырып, неге тыйым салмасқа. Мұндай демократияның, атап айтқанда, мұсылман елдеріне керегі шамалы. Бұл құндылықты өсіретін емес, оны өшіретін демократия. Бұл адамзаттың табиғи болмысын қирату, отбасы институтын құрту деген мәселе. Осындай қоғамдағы кесапатты әрекеттерге діндер жағынан қарсылық көрсетілуі де осының дәлелі болса керек.
Әлемдік діндердің барлық қоғамдарды ғаламдастырушы қызметін ескере отырып, бүгінгі қазақ қоғамына да әсерін айтпай кетуге болмас. Қазақстан бүгінде әлем елдерінде этносаралық, дінаралық татулықты ту еткен мемлекет ретінде белгілі. Бұл жай айтылған сөз емес. Бұл –қазақ өркениетінің кемелді көрінісі. Бүкіл адамзат баласына қатысты мәселені көтеріп, сөз айтып отырмыз. Бұл деген Қазақстанның өркениеттік жолға түскендігінінің айғағы.
Сонымен қатар, қазақ этносының бүгінгі өмір тұрмысын және болашағын исламнан тыс қарастыру мүмкін емес. Қазақ даласына ислам діні, осыдан он үш ғасыр бұрын енді. Осы уақыт аралығында Ислам діні, онымен бірге енген ислам мәдениеті, дүниетанымы, тіптен философиясы біздің әдет-ғұрыптарымызға, ұлттық ойлау жүйемізге, бір сөзбен айтқанда, дүниетанымымызға молынан сенген. Ұлттық философиямыздың негізгі тірек ұтымдарына айналған, біз ислам дүниетанымынан тарайтын ұғым түсініктерге тап боламыз. Сол себепті ислам дінінің қазіргі қоғамдағы орны, онын қазақ халқынын тарихында, мәдениетінде, дүниетанымында, психологиялық түсініктерінде ерекше орын алады. Сондықтан, біз ислам құндылықтарын бір бөлек, ұлттық, елдік құндылықтарды бір бөлек оқыту, насихаттауға жол бере алмаймыз. Себебі, елімізде ислам дінінің терең тамырлауына, ұрпақтардың өмір сүру салтына айналуына жағдай туғыза алмаймыз. Біз Алла бір, Пайғамбар хақ, оған түскен Құран-Кәрім ақиқат деп мойындай отырып, Ясауиді, Қашқариды, Қорқытты, Асан-қайғыны, Райымбекті, Махамбетті, Абайды, Жамбылды т.б. данышпан ғұламаларымызды оқып үйреніп отыруға тиіспіз. Мұндай істің ислам дініне тигізген кері әсерін көріп отырған жоқпын. мрарпБіздің кейбір сауатсыз діншілер ислам құндылықтары мен ұлттық құндылықтарды бір-біріне қарсы қойып, халықтың санасында дағдарыс жасауда. Қазақстандағы ислам жолы бұл емес, бұл- бүлікшілікке бастайтын жол. Мәселен бар және оларды дер кезінде зерттеп, біліп, соған орай шаралар, тіптен қажет десеңіз мемлекеттік шаралар жасалуы керк. Олай болмағанда ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін құбылыстар саяси-әлеуметтік үрдіске айналып кету қкупі бар. Бұл мәселеде іс екі бағатта жүруі керек.
Бірінші бағыт, ол елімізде таралып жатқан ислам дінінен тыс, діни ағыстарға қатысты. Мәселенің мәні осы діни ағымдардың құқықтық негіздерін анықтай отырып, олардың шын мәнісінде адамның діни сезіміне қатысты екендігін ғылыми түрде сараптама жасап анықтау керектігінде. Жасыратыны жоқ, кебір діни ағымдар нағыз діни сана сезімге құрылмай, таза сияси арандатушылық қызметтер атқарып жатқан діндер мен діни ағымдарға қайтадан сараптама жасау қажет деген ойдамын.
Екіші бағыт, ислам дінінің тазалығына қатысты. Менің айтпағым, егер өзін мұсылман деп санайтын адамдардың қателесуі - исламның қателігі еместігі. Мәселе исламның тарихи-табиғи негізін дұрыс түсінуде. Осы бағытта жоғарыда айтылғандай, дінді әртүрлі бағытта түсіндірущілер көбейіп кетті. Мұнда әрекеттерге діни басқарма үзілді-кесілді тойтарыс беру қажет. Құқықтық органдар олардың іс-әрекеттеріне заң жүзінде сараптама жасаулары керек. Бұл біздің ұлттық қаупсіздігіміздің басты талабы. Азаматтық қоғам кезінде діни-плюралистік көзқарастардың болуы табиғи нәрсе, бірақ ол ислам дінінің негізгі қағидаларының қайшы болмағаны жөн.
Менің пікірімше, дінге қатысты шешетін басты мәселең алдымен халыққа дін туралы тарихи-мәдени негізді түсінік, мағлұмат беру керектігі. Демек, мектептерде Дінтану негіздері деген пәнді жүргізу дұрыс болады. Бұл бірінші мәселе. Онда діндер туралы қысқаша мағлұмат беру керек. Екінші мәселе оданда күрделірек. Қазірде Ресей мектептерінде Православие мәдениетінің негіздері деген сабақ өткізуде. Себебі Ресей негізінен өзін православиелік кеңістікте өмір сүретін мемлекет деп танытуда. Олай болса, Қазақстан Республикасында жетпіс пайыз халық өзін мұсылман және дәстүрлі мұсылман жолындамын деп есептейді. Демек, біздің елдегі діни кеңістік негізінен исламдық арнада. Олай болса, Ресейдегі қалыптасқан дәстүрді негізге алып, мектептерде Ислам мәдениетінің негіздері деген пәнді еңгізу күн тәртібінде тұрған мәселе, бірақ бұл ислам дінін насихаттауға ғана айналып кетпей, ислам мәдениетінің, ислам өркениетінің, ислам дүниетанымының тарихи-табиғи негіздерін беретін пән болуы керек. Бұл шара қазіргі қоғамда ислам туралы болып жатқан адасушылықтар мен түсінбеушіліктер тамырын қияр еді.
Біз зайырлы мемлекетпіз, яғни дін мемлекеттен бөлек, бірақ қоғамнан тыс бола алмайды. Дін-қоғам мәселесі. Осы тұста араға сынадай қағылып кей-кейде саясат сіңіп кетеді. Оған қырағалық керек. Жалпы дін мен саясат мәселесі өте күрделі. Бұлардын ара-жігін ажырату кейде мүмкін болмай қалады, себебі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz