Delphi программалау ортасы және мәліметтер қоры


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ

ТҮСІНІК . . . 5

1. 1 Delphi ортасы туралы жалпы мағлұматтар . . . 5

1. 2 Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру . . . 17

1. 3 Database Desctop программасы . . . 19

2 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ . . . 21

2. 1 Мәліметтер қоры туралы жалпы түсінік . . . 21

2. 2 Мәліметтер қорының негізгі модельдері . . . 23

2. 3 Мәліметтер қорын басқару жүйесі . . . 26

2. 4 Нормаланған қатынас ұғымы . . . 28

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ ТІЗІМІ . . . 33

ҚОСЫМША . . . 34

КІРІСПЕ

Курстық жобаның өзектілігі: Мәліметтер қоры - бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді. Кестені қандай да бір объектілер жиынының атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді.

Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің характеристикаларына, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты -идентификатор. Ол әртүрлі программалардағы мәліметтерді манипуляциялау үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі мәліметтер өрісінде сақталғандардың типтерін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен текстер, кескіндер т. с. с. болуы мүмкін. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық, оның көмегімен мәліметтер қоры құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз - мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшілік қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін локальды (желілік) мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ - не Paradox, dbase, FoxPro, Access т. б жатады. Көпшілік қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпшілік қолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т. б жатады.

Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуінің негізі Borland Database Engine (BDE) - Borland фирмасы мәліметтер қорының процессоры болып табылады. BDE мәліметтер қоры мен қосымша арасында делдал қызметін атқарады. Ол мәліметтер қорын реализациялауда қолданушыға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мәліметтер қоры реализациясын ауыстырғанда қосымшаны өзгертуге болады. Delphi қосымшасы ешқашан да мәліметтер қорымен тікелей жұмыс істемей, BDE арқылы ғана жұмыс істейді.

Менің курстық жобамның тақырыбы: Навигациялық тәсілдерді қолданып есептер шығару.

Зерттеу мақсаты: Delphi программалау ортасының мүмкіндіктерін пайдалана, Quick Rep компоненті арқылы есеп беруді ұйымдастыру, «Навигациялық тәсілдерді қолданып есептер шығару туралы мәліметтер жинап, көпшілікке мәлімет беру.

Зерттеу міндеттері:

  • Мәліметтер қоры туралы жалпы мағлұматтар жинақтау;
  • Мәліметтер қорының негізгі модельдерімен, мәліметтер қорын басқару жүйесімен танысу;
  • Delphi программалау ортасы туралы материалдар жинақтау;
  • Quick Rep компоненті туралы мәліметтер және материалдар жинақтау;

Зерттеу объектісі: Delphi программалау ортасы, Database Desktop мәліметтер қорын басқару жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Delphi программалау ортасы мен Database Desktop мәліметтер қорын басқару жүйесі - әр түрлі дәрежедегі мәліметтер қорын құруға мүмкіндік береді. Құрылған мәліметтер қоры бойынша формалар құруға, жазбалармен жұмыс істеуге, ондағы мәліметтерді іздеуге, сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдістері: Теориялық мәліметтерді саралап, салыстырып талдау, оларды іс жүзінде көрсету, нақтылау, нәтижелерін жанақтау, қортындылау.

Курстық жобамның құрылымы: кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Delphi ортасы туралы жалпы мағлұматтар

Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі-бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi т. б.

ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын қосымшасы тез, қуатты тіл.

Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққы шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6 - нұсқалары жарық көрді.

Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруға компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Компоненттер визуалды компоненттер кітапханасында (VCL-Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент пайдаланып, оны осы панелге қосуына да болады.

Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

Жұмыс тәсілдері:

1. Delphi-ді Windows арқылы іске қосу командасы:

Іске қосу - Программалар - Borland Delphi6 - Delphi 6.

Экранда Delphi ортасының терезелері көрінеді.

1. Негізгі терезе (Project1) ;

2. Объектілер инспекторының терезесі (Object inspector) ;

3. Форма конструкторының терезесі (form1) ;

4. Кодтар редакторының терезесі (Unit1. pas) ;

2. 1-сурет. Delphi ортасының негізгі терезесі

Ортада программа құруға арналған төртінші терезе, модуль терезесі де қосылады. Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.

Қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек қана бір уақытта бір проектімен жұмыс жасауға болады.

Delphi-дің негізгі терезесі құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналасқан. Компоненттер палитрасында орналасқан компоненттер түріне қарай топтасады және әрбір топ жеке жапсырмаларда орналасқан.

Жапсырмаларда компоненттер жеке пиктограммалар түрінде берілген. Оны формаға қою үшін тышқанның сол жағымен түртіп таңдап, формадағы орынды көрсету қажет.

Төмендегі жапсырмалар қарастырылған:

  • Стандартты (Standard) ;
  • Қосымша (Additional) ;
  • Windows 32 разрядты интерфейсі;
  • System (жүйелік файлға қатысты компонент) ;
  • Data Access (мәліметтер қорына BCI арқылы шығу) т. б.

OleContainer компоненті. Компонент байланысқан немесе енгізілген OLE-объектіні орналастыру үшін қолайлы контейнер болып табылады. Мұндай объектілер (таблицалар, суреттер, текст фрагменттері т. б. ) Delphi формасында әдеттегідей көрінеді немесе пиктограммалармен алмасады. OLE-объектінің тамаша ерекшелігінің бірі - оны активтендіру (тышқанмен екі рет шерту арқылы) OLE-сервер деп аталатын, жүктелгеннен кейін қолданушыға объектіні редакциялауға мүмкіндік беретін, объектімен байланысқан программаның да активтенуіне әкелетіндігі.

Текстік процессор Word, кестелік процессор Excel, Paint және NotePad сияқты жүйелік утилиттер т. б. OLE-сервер болып табылады.

Проект. Форма. Қасиеттер. Объект - инспектор терезесі. Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде Form1 атауымен көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View/Forms командасын беру жеткілікті.

Delphi-де құрылған қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше элементтерден тұрады. Олар:

  • Проект коды (DPR кеңеймелерімен берген формада сақталады) ;
  • Форма сипаттамасы (DFM) ;
  • Форма модулі (PAS) ;
  • Модулдер (PAS) ;
  • Объектілер параметрі (OPT) ;
  • Ресурстар сипаттамасы.

Ең қарапайым проектінің өзі көп формадан тұрады. Сондықтан кез келген проект құру барысында оның барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.

Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т. б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (қасиеттер) және Events (оқиғалар) . Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Propertiеs бөлімі ашулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар - олардың мәндері.

Delphi-де қосымша 2 этаптан тұрады: 1) Қосымшаның интерфейсін құру. Қосымша интерфейсін компоненттер құрайды. Компоненттер визуалды (көрнекті) және визуалды емес (жүйелік) болып бөлінеді. Визуалды компонеттерге: түймешелер, тізімдер, ажыратқыштар, форма т. б. жатады. Визуалды емес компоненттерге қосымша әрекеттерді орындайтын компоненттер жатады; 2) Қосымша функционалдығын анықтау. Интерфейс құрылғаннан кейін мұнда қойылған компоненттердің әрқайсысының қолданушының әрекетіне қарай (түймешені таңдау, тышқанның оң жақ, сол жақ тетігімен сілтеу) атқаруға тиісті функцияларының жағдайын анықтау болып табылады.

Көрнекті компоненттер жеткілікті мөлшердегі әртүрлі жағдайларды қорыта алады. Ең көп пайдаланылатын жағдайлар тобына төмендегілерді атауға болады:

  • Басқарушы элемент таңдау;
  • Тышқан сілтегішінің орнын ауыстыру;
  • Клавиатурадан клавиш басылғанын анықтау;
  • Объектілердің drag - and - top әдісімен көшірілгені.

OnСlick - тышқанның сол жақ тетігінің бір рет басылғанын күтіп тұрады. OnMouseDown - тышқан батырмасының басылуын анықтайды. OnMouseSellp - тышқан түймесінің жіберілгенін анықтайды. OnDblclick - тышқанның сілтегішінің компонент облысында тұрып екі мәрте басылуын анықтайды. Көрнекті компонент үстіне тышқан сілтегіші жүріп өткенде үзіліссіз түрде OnMouseMove жағдайы генерацияланып отырады. Жағдайларды қорыту кезінде Sender параметрі тышқан сілтегішінің қайсы басқарушы элементтің үстінде тұрғанын, ал Integer типті x, y параметрлері курсордың координатын анықтайды. Shift параметрі Alt, Ctrl, Shift клавиштерінің және тышқанның барлық түймелерінің жағдайын анықтайды.

Клавиатурамен жұмыс кезінде OnKeyPress және OnKeyDown жағдайлары генерецияланады, ал клавиша жіберілгенде OnKeyUp жағдайы генерацияланады.

Форманың кейбір қасиеттері:

Name (Атау) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің бірі. Программаның жұмыс барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан теріледі.

Font (Шрифт) - формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте ( . . . ) түймесін шерткен кезде Windows-тің шрифтін таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz 10), ОК батырмасын шерту керек.

Caption (Тақырып) форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.

Проект файлы. Негізгі проект программасы төмендегідей құрылымда болады:

Program project1 ;

Uses Forms,

Unit1 in 'Unit1. pas' {Form1},

Unit2 in 'Unit2. pas' {Form2};

{$R *. RES}

begin

Application. Initialize;

Application. CreateForm(TForm1, Form1) ;

Application. CreateForm(TForm2, Form2) ;

Application. Run;

end.

Проект аты проект файлының атымен сәйкес келеді және дискіге сақталу барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері файлы да осы атпен аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы файл аттары өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында орындалады және қосымшаның exe файлы проект атымен аталады.

Проект файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол үшін Progect/View Sours (проект/просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау үшін View/Forms немесе shift+F12 командалары орындалады. Формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті модулді ашу үшін View/Unit немесе ctrl+F12 командалары орындалады. Модульдер файлында кез келген формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Delphi-де ресурстар файлымен жұмыс жасауға арналған графиктік редактор қарастырылған. Бұл Tools/image Editor 3. 0 командасы арқылы алынады.

Ресурстарға:

  • Компoнеттер пиктограммасы (. DCR) ;
  • Расторлық бейнелер (. BMP) ;
  • Қосымшалар пиктограммалары (. ICD) ;
  • Курсорлар (. CUR) жатады.

Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.

Проектіні компиляциялау және орындау. Проектіні компиляциялау барысында орындалуға дайын файл немесе динамикалық кітапхана (ДLL) құрылады. Компиляциялау процесі Project/Complile <проект аты > немесе crtl+F9 командалары арқылы орындалады және мынадай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан кейін мәні өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін . DCU кеңеймесімен анықталған модульге өзгеріс енгізілген болса, онда осы модульге пайдаланылатын модуль қайта компиляцияланады. Барлық модульдер компиляцияланғаннан кейін проект файлы компиляцияланады да, қосымша орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде жүктейді. Delphi ортасында проектіні жүктеу үшін Run/Run немесе F9 тетігі басылады. Егер қосымша жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run/Program Reset немесе Crtl+F12 командалары арқылы тоқтатылады.

Өте ерте нұсқаларынан бастап Delphi жүйесінде мәліметтер қорының ең белгілі форматтарына енудің қажет драйверлер жиыны, локальдік дискіде және жойылған серверде орналасқан мәліметтерге ену үшін арналған ыңғайлы және жақсы дамыған мүмкіндіктер бар. Өнімді жеткізудің ішінде пайдаланушы мен орындаушы код арасындағы ыңғайлы интерфейсті жасауға қажетті экран бетінде көрсетілетін терезелерді құруға арналған визуалды компонент жиынының үлкен көлемі болды.

Мәліметтер қорын пайдалану әртүрлі ұйымдардың өмір сүруіне негізделген ең маңыздысы болғандықтан, мәліметтер қорының қосымшаларын жасаушылардың көңілі осындай қосымшаларды ұйымдастыратын құралдарға бөлінген. Оларға берілетін талаптарды жалпы түрде былай көрсетуге болады: жылдамдық, қарапайымдылық, нәтижелілік, сенімділік.

Ұйымдастыруға арналған өнімнің алуан түрлілігі ішінде Delphi қосымшасы ең басты орында тұр. Delphi-ді әртүрлі стажы, қылықтары мен маманданған қызығушылығы бар ұйымдастырушылар қалайды. Delphi көмегімен үлкен көлемде қосымшалар жасалған және ондаған фирмалар мен мыңдаған жеке дара программисттер Delphi үшін қосымша компоненттер құруда.

Бұндай жалпы қабылданған кең таралғандық негізінде мына ақиқат жатыр: программалаудың басқа жүйесіне ұқсамайды, Delphi жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес келеді. Шынымен де, қосымшалар Delphi көмегімен шұғыл түрде жасалады. Сондай-ақ ұйымдастырушы мен Delphi интерактивті ортасы арасындағы қатынасы ішкі жайсыздықты тудырмайды, ол керісінше жайлылық сезімін қондырады. Егер ұйымдастырушы арнайы талаптарды орындаса, Delphi - қосымша нәтижелі (және егер орындалмаса, онда өте жие) . Бұл қосымшалар сенімді және пайдалануы кезінде болжай алатын әрекеттерге ие болады.

Delphi пакеті - Borland компаниясының Pascal тілінің компиляторының желілер жалғасы. Pascal тілі негізінде өте оңай, ол деректер түріне қатаң бақылауы қателерді ерте байқауға әсер етеді және тез арада сенімді, нәтижелі программаларды жасауға мүмкіндік береді. Borland компаниясы тілді тұрақты толықтыруда. Бір кездері 4. 0 нұсқасын бөлінген трансляция құрылғылары қосылған еді, кейінірек 5. 5 нұсқасынан бастап объектілер пайда болды, ал пакеттің алтыншы нұсқа құрамына видеоадаптердің мәтіндік жұмыс істеу режимінде терезелік жүйені тарататын Turbo Vision класы толық ктапханасына енді. Бұл құрамында интеграциялық ортасы бар программа жасаудың ең бірінші өнімі болды.

Алғаш бастауыш программисттерге арналған құрылғылық құралды санайтында Borland компаниясының өнімдеріне жұмыстың ыңғайлылығы мен интеграция сұрақтары тиімді шешілген MicroSoft коорпорациясының Visual Basic ортасымен бәсекелесуге тура келді. 70-жылдардың басында Н. Вирт Pascal туралы жарияланған кезде бұл ықшам құрылғыда студеттердің білім алуына бағытталған программалау тілінің архивте сақталған сөздермен негізгі түсініктер өте аз көлемде бар болатын. Ал Delphi пайдаланушысының жұмыс істейтін тіл бастапқыдан тек көптеген жаңа түсініктер мен конструкциялар енгізілуімен ғана ерекшеленбейді, сондай-ақ онда түсініктер санын азайту мен ең оңай конструкцияларды пайдаланудың орнына маманданған пайдаланушының жұмыс ыңғайлылығына көңіл аударылады. Turbo Pascal сияқты жақын бәсекелестерімен салыстыру керек, Basic тілінің тақырыбындағы көптеген нұсқаулармен (ең біріншіден MicroSoft коорпорациясының Visual Basic-тегімен) және С++-пен . Delphi-де қолданылатын тілдің ең соңғы нұсқасы өз мүмкіндіктері жағынан С++-ке жақын. С++-ке тән негізгі механизмдердің ішінде тек көптік меншік ету ғана жоқ (Бірақ жаңа кластарды тудырушы көркем және алып механизмді, программисттердің өте аз бөлігі пайдаланған екен) .

Pascal тілін қолдану кезіндегі артықшылықтар қарапайым: бір жағынан, аралық код интерпретациясына негізделген Visual Basic-ке қарағанда онда механикалық кодты генерациялайтын компилятор болады, бұл шұғыл программаларды тез арада алуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан С++-ке қарағанда Pascal тілінің синтаксисі шұғыл компиляторларды құруға әсер етеді.

Програмалау ортасы бірнеше бөлек терезелер бейнесінен тұрады: меню және құрылғы пакеті, Object Inspector (бұнда объектінің қасиеттерін және онымен байланысқан көріністерден көруге болады), Object Browser (ол иерархия класын зерттеуге және олардың өрістері, тәсілдері мен қасиеттерін қарауға мүмкіндік береді), жобаны басқару терезесі (Project Menager) және редактор.

Delphi құрамында Brief түріндегі толық мәтіндік редактор бар, ондағы пернелер Windows стандарттарында қабылданғандарға сәйкес келеді, ол Undo операциясының иерархия тереңдігі шексіз. Бағдарламаның лексикалық элементтерінде алуан түрлі шығарылымы ұйымдастырылды. Бұл қазіргі таңда міндетті болды. Қосымшаларды жасау процесі өте оңай. Формасын таңдау керек. (Форма түсінігіне қарапайым, диалогты, MDI-дің ата-аналық немесе (родительские) және (дочерние) терезелері кіреді), оған қасиеттерді белгілеу және қажетті компаненттерді енгізу (көзге көрінерлік және қажет болса көрінбейтіндерді де) : меню құрылғы панелі, жағдай жолын және т. б олардың қасиетін белгілеу және жағдайды өңдеуді жазу (бастапқы код редакторының көмегімен) Object Browser түріндегі Object Browser терезесі объектілі бағыттауыш тілдерде программалау жүйесінің ажырамас бөлігі болып қалды. Олармен жұмыс істеу сіз қосымшаны компиляцияланғаннан кейін ғана мүмкіндік болды.

Project Manager - бұл жобаны жасайтын модульдер мен формалар өткізетін бөлек терезе. Әрбір модульде бастапқы мәтін орналасқан каталогқа өтетін маршрут көрсетіледі. Қалың шрифт арқылы жобаның мәтіндік файлымен терезе құралын синхрондау және опцияларын белгілеу, бұл Pascal тілінде бастапқы бағдарлама деген сөз.

Опциялар, компиляция режимдерімен қоса, жалпы жобаның барлығына беріледі. Ондай жағдайларда С++ тілінің компиляторларында пайдаланылатын дәстүрлі make файлдар өте икемді болып келеді.

Пайдаланушының интерфейсті жасауға арналған объектілердің палитра көмегімен Visual Component Library (VCL) - көзбен қарап программалау құрылғысын таңдағанда ең бастапқы факторлардың бірі. Сонымен қатар бұл жағдайда пайдаланушыға тікелей ортаға қосылған элементтер саны мен парақтағы тиісті форматты элеметтердің қол жетерлігі маңызды болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шымкент қаласы самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасы, жобасын құру
Delphi7 объектілі бағытталған программалау ортасы
Мәліметтер қоры. Delphi ортасы
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы ақпарат
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Кестені қолдан құру
Автосалон жұмысының деректер қорын жобалау
Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған бағдарлама құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz