Кинопарк 7 Ақтөбе деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану



КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ
1.1 Delphi.де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері
1.2 Мәлімметтер қоры туралы түсінік
1.3 Мәліметтер қорының классификациясы мен архитектурасы
1.4 Мәлiметтер қорының басқару жүйесi
1.5 Мәліметтер қорының түрлері
2 БӨЛІМ. “КИНОПАРК 7 АҚТӨБЕ” ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНА НАВИГАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
2.1 "Кинопарк 7 Ақтөбе"деректер қорын құру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Ақпаратты технологияны кеңінен қолдану қазіргі білім беру ұйымдарында ұйымдастыру – басқару қызметі болып табылады. Оның көптеген автоматтандырылған программалық жүйелері мен талдауларын және де электронды деканаттары тәрізді сабақ жоспарлы, бухгалтерлік есеп жүйелері, студенттер мен оқытушылар туралы электрондық қоры көптеген оқу жүйелерінде қолданылады.
Көптеген ақпараттық ресурстар компьютерлік желі арқылы әдістемелік оқу білімімен ғана қамтамасыз етіп қоймай, білім саласының жеткілікті болып, оның жүйелі түрде жоғарылауын қамтыған болар еді.
Бірақ, іс жүзінде ойдан шыға бермейді. Атап өтуге тура келетін жағдай, кейбір жүйелердің болмауына байланысты практикада ақпараттық ресурстар қолданылмайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде кейбір білім беру ұйымдарында принципті түрде әртүрлі әдістемелік және технологиялық салаларында білім мен талаптардың орындалуына күш салатын болса, оқу процессінің жоғарылығына керісінше әсер етеді.
Курстық жұмыстың тақырыбының қойылымы: "Кинопарк 7 Ақтөбе" деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді. Кестені қандай да бір объектілер жиынының атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді. Сондықтан да өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлердің мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және
жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр.
1. Баженова И.Ю. Delphi 6. Самоучитель программиста – М.: Кудиц – Образ, 2012.
2. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі №6 - 2015ж.
3. Бобровский С. Delphi 5: Учебный курс. СПб.: Питер, 2013.
4. Горячев А., Шафрин Ю. Практикум по информационным технологиям. М., 2010.
5. Ғұмыров Ж. Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері: (есеп жинағы). Оқу құралы  Астана: Фолиант, 2010
6. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары 2010.
7. Ерекешева М.М, Әмірғалиева Т.А. “Delphi ортасында программалау негіздері” Ақтөбе - 2014 ж
8. Ермеков Н.Т ., Есептеу техника негіздері: оқулық  Астана: Фолиант, 2010.
9. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2011.
10. Кожамкулова Ж.Ж., Керимбаева В.Ж., Майкотов М.Н., Ақпараттық технологиялар (HTML) Оқулық  Алматы: «Отан» ЖҚ, 2014.
11. Культин Н. Delphi в задачах и премерах СПб.: БХВ - Петербург, 2011г.
12. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
13. Медешов А.Б., Мұхамбетова Ғ.Г., Бағдарламалау: оқулық құралы  Алматы , «Бастау» баспасы 2014.
14. Тукубаева З.Б., Қолданбалы ақпараттар теориясы: оқулықАлматы 2012.
15. Шайқұлова А.Ә., Аманжолова С.Т., Асқарова Н.Т. Бағдарламалық жасақтаманың қазіргі заманғы жабдықтар. Оқулық  Астана: Фолиант, 2013.

кіріспе

Ақпаратты технологияны кеңінен қолдану қазіргі білім беру ұйымдарында
ұйымдастыру – басқару қызметі болып табылады. Оның көптеген
автоматтандырылған программалық жүйелері мен талдауларын және де электронды
деканаттары тәрізді сабақ жоспарлы, бухгалтерлік есеп жүйелері, студенттер
мен оқытушылар туралы электрондық қоры көптеген оқу жүйелерінде
қолданылады.
Көптеген ақпараттық ресурстар компьютерлік желі арқылы әдістемелік оқу
білімімен ғана қамтамасыз етіп қоймай, білім саласының жеткілікті болып,
оның жүйелі түрде жоғарылауын қамтыған болар еді.
Бірақ, іс жүзінде ойдан шыға бермейді. Атап өтуге тура келетін жағдай,
кейбір жүйелердің болмауына байланысты практикада ақпараттық ресурстар
қолданылмайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде кейбір білім беру ұйымдарында
принципті түрде әртүрлі әдістемелік және технологиялық салаларында білім
мен талаптардың орындалуына күш салатын болса, оқу процессінің жоғарылығына
керісінше әсер етеді.
Курстық жұмыстың тақырыбының қойылымы: "Кинопарк 7 Ақтөбе" деректер
қорына навигациялық тәсілдерді қолдану.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер
жиынтығы, мәліметтер қорына процедуралар және басқа объектілер қатары
кіреді. Кестені қандай да бір объектілер жиынының атрибуттары бар екі
өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады,
ол арқылы оған сілтеме жүреді. Сондықтан да өнеркәсіптерде, мемлекеттік
және жеке кәсіпкерлердің мекемелерде, оқу орындарында және басқа да
салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және
жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір
саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер
жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму
жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық
күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделу.
Зерттеу міндеттері: Қазіргі кезде ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолдана
отырып істелінетін жұмыстардың оншақты түрі бар: ұйым ішінде және ұйым
арасында ақпараттық коммуникация жұмыстарын орындау; ақпаратты ізеу,
анықтау, генералдау (құжат оқу, есеп дайындау, хаттарға жауап беру, керекті
мәліметтерді іздеу, мұрағат жүргізу және т.б.); шешімдерді талдау
мен қабылдау; ұйымды қалыптастыруды басқару, бақылау; басқарушыларды
ақпараттық қамтамасыз ету.
Қазіргі кездегі “электронды” кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі
элементтері болып: автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО), текстілерді
редактілеу жүйелері, мәліметтер қоймасы мен оларды басқару жүйелері,
ақпараттық есептеуіш жүйелері, электрондық почта, теле-жиналыс өткізу
жүйелері, баспадан шығару және т.б. табылады. Автоматтандырылған жұмыс орны
(АЖО) – кәсіби іс-әрекетті автоматтандыруға арналған есептеуіш жүйесі.
Негізгі жұмысы АЖО–на негізделетін қолданушылардың ортақ функциялары:
• ақпараттарды сақтау;
• ақпараттарды іздеу;
• құжаттарды (немесе олардың фрагменттерін) қабылдап алу немесе орнату;
• құжаттарды қолдану мен сақтаудың режимдерімен қамтамасыз ету.
Зерттеу әдістері:
• материалдарды жинақтау;
• жүйелеу және салыстыру;
• тақырып бойынша әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
• практикалық бөлімде Delphi ортасымен жұмыс;
Курстық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және
мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады.
Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер
қоры қосымшасын құруда бірден - бір кеңінен таралған құрылғы болып
есептелінеді. Delphi-де мәліметтер қоры қосымшаларын өңдеуші бизнес -
логика және бағдарлама интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу
мүмкіндігі ғана емес, мәліметтер қорымен өзара іс- әрекет архитектурасы
және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау
ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс негізінен екі бөлімнен тұрады:
1–бөлім – Мәліметтер қоры туралы жазылды.
2-бөлім – "Кинопарк 7 Ақтөбе" деректер қорына навигациялық тәсілдерді
қолдану қосымшасының құрылымы және онымен қалай жұмыс істеу жөнінде
қолданушыға нұсқау жазылды.

1 БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

1.1 Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері

Локальдік мәліметтер қорында мәліметтер қоры клиент машинасында, ал
файл–сервер мәліметтер қорында мәліметтер қоры файл–серверде болады.
Локальдік нұсқада мәліметтермен жұмыс істеу бір пайдаланушы режимінде
болады. Бұл нұсқа ұжымдық жұмыста іс жүзінде кездеспейді, себебі бір
мезгілде мәліметтермен жұмыс істеп отырған пайдаланушы саны мен мәліметтер
қоры қөшірмесінің саны тең болатындай бірнеше мәліметтер қор көшірмесінің
құрамын синхрондау қиын.
Файл–серверде бір мезгілде бірнеше пайдаланушы жұмыс істей алады,
сондықтан мұндай мәліметтер қорын қөп пайдаланушы режимінде пайдалануы
мүмкін. Мәліметтер қорындағы мәліметтер жалғыз ғана сақталады, әрбір клиент
әр уақыт мезетінде осы мәліметтердің локальдік қөшірмесімен жұмыс істейді,
мәліметтерді басқару түгелімен клиент бағдарламасына жүктеледі. Олар әрбір
клиент орнындағы мәліметтердің локальдік көшірмесін негізгі мәліметтер қоры
құрамымен синхрондауды жүргізуі тиіс [3, 12-23].
Екеуінде де BDE клиент машинасында болады және бағдарламамен бірігіп
локальдік мәліметтер қорын басқару жүйесін құрады, мұнда қөшірме саны мен
пайдаланушы саны тең болады. Бұл жүйеде қашықтағы орналасқан
компьютерлермен INTERNET желісіне шығуға болады. BDE локальдік және
клиент–серверлік мәліметтер қорын төмендегідей пайдалануды қамтамасыз
ететін PLL кітапхана жиынын білдіреді. Ол Delphi–де жазылған мәліметтер
қорымен жұмыс істеу үшін қолданылатын қосымшаларды пайдаланатын әрбір
компьютерге қондырылады.
Клиент–сервер архитектурасында BDE мен мәліметтер қоры арасында
мәліметтер қор сервері (арнайы бағдарлама, мәліметтер қоры басқарады)
деген маңызды аралық звено пайда болады [4, 16-31].
Клиент–серверге реляциялық мәліметтер қоры (бір–бірімен байланысы бар
кестелерден тұратын мәліметтер қоры) үшін өндірістін стандарт болатын SQL
(Structured Query Language – құрылымдық сұраныс тілі) сұраныс тілінде
сұраныс құрады. SQL сервер сұраныс интерпретациясын қамтамасыз етеді, оны
орындайды және нәтижесін құрады және оны клиентке жібереді. Мұнда клиент
компьютері сұранысты физикалық орындауға қатыспайды, ол тек қана сұранысты
мәліметтер қоры серверіне жібереді және нәтижені алады, содан кейін оны
керекті түрге келтіреді және пайдаланушыға береді. Клиенттің қосымшасына
тек қана сұранысты орындау нәтижесі жіберіледі, ал желімен тек қана
клиентке қажет мәліметтер беріледі. Қорытындысында желіге жүктеме азаяды.
Сондай-ақ SQL–сервер алынған сұранысты тез арада орындау үшін тиімді
жағдайларды қарастырады. Мұның бәрі жүйенің орындалу әрекетін күшейтеді
және сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.
SQL сервердің қолдануымен транзакцияның қуатты аппараты бір мезгілде
бірнеше пайдаланушының бір мәліметті өзгертуіне мүмкіндік бермейді және
өзгеріс енгізу дұрыс аяқталмаса бастапқы мәніне қайтып келуге мүмкіндік
жасайды.
Мәліметтер қоры серверінде мәліметтер физикалық тұрғыдан бір үлкен файл
түрінде дискіде сақталады, жұмыс істеу үшін әрбір пайдаланушыға құпиясөз
беріледі, бұл әдейі бұзу мен ұрлаудан қорғауды күшейтеді.
Клиент–сервер архитектурасын дамыту идеясы (ойы) мәліметтер қорын
ашық пайдаланудың үш звенолы архитектурасының пайда болуына әкелді. (N-tier
немесе multi-tier архитектурасы)
Клиент–сервер архитектурасы екі звенолы: бірінші звено клиент
бағдараламасы, ал мәліметтер қоры сервері мен мәліметтер қоры екінші звено
болады.
Үш звенолы архитектурада қосымша бағдарлама құрылады, онда бұрын клиент
қосымшасының меншігі болып есептелетін барлық мәліметті теру компонеттері,
сондай – ақ қосымша компонеттер TDatabase және TSession кіреді. Содан кейін
бағдарлама COM немесе CORBA сервері ретінде тіркеледі, ары қарай сервер
қосымшасы болады. Клиент машинасында BDE болмауы мүмкін. Серверлік
мәліметті пайдалану үшін олар сервер қосымшасына жүгінеді, ол қажетті
мәлімет алмасуды өткізеді [7, 11-24].
Клиент қосымшасы BDE мен жабдықталған кез келген желілік машинада болуы
мүмкін. Бұл кезде ол орналасқан каталогке басқа желілік машиналар онымен
ашық пайдалануға мүмкіндік жасалуы тиіс, ал машина сервер қосымшасы тұрған
мәлімет серверімен жұмыс істеу периоды кезінде қосылуы тиіс.
Сондай–ақ мұнда мәліметті орналастырудың файл–сервер вариантын
қолдануға болады. Мұнда дұрыс емес мәліметтерді сервер қосымшасы кері
қайтарады, мәліметтер қоры серверіне жіберілмейді.
Клиент бағдараламасында мәліметтер қорының мәліметтер бөлігінің
көшірмесін білдіретін клиенттік мәліметтер теру орналасады. Барлық
өзгерістер осы көшірмені өзгертеді, қажет уақытқа дейін мәліметтер қорына
жіберілмейді. Сондай–ақ үлкен кестелермен жұмыс істегенде сервер
қосымшасынан бір мезгілде клиент экранында орналаса алатындай порциямен
локальді теруді алуға талап қоюға болады. Бұның бәрі желі жүктемесін
азайтады, сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.

1.2 Мәлімметтер қоры туралы түсінік

Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның қолынан
келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер
пайдаланылады. Компьютердегі ақпарат негізінен кесте түрінде сақталады. Осы
кестелер (бірігіп) мәліметтер қорына (МҚ) бірігеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ) мәліметтер банкі болып
табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
1) Есептеуіш жүйе;
2) Бір  немесе бірнеше МҚ;
3) Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
4) Қолданбалы программалар жиыны.
МҚ -   бұл үлкен көлемді өзара байланысқан ақпаратты сақтауға,
өзгертуге және өңдеуге арналған бір немесе бірнеше мәліметтер файлы.
МҚБЖ - бұл МҚ  құруға, жүргізуге және қолдануға арналған тілдік және
программалық құралдар жиынтығы. Қолдану сипатына қарай МҚБЖ дербес
(персональді) және көпқолданушы болып бөлінеді:
Дербес МҚБЖ  бір компьютерде жұмыс жасайтын локальді МҚ-н құруды
қамтамасыз етеді.  Дербес МҚБЖ - не Paradox, dBase, FoxPro, Access және
т.б. жатады [5, 23-37].
Көпқолданушы  МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасайтын
ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Оларға  Oracle, Inter Base,
SyBase, Microsoft SQL Server, Informix және т.б. жатады.
Қолданбалы программалар немесе қосымшалар МҚ-ында орналасқан
мәліметтерді өңдеуге арналады. Қолданушы МҚ-ын осы қосымшалар  арқылы
басқарады.
МҚ-ның  негізі нақты бір объект тобы туралы мәлімет болып табылады.
Жалпы МҚ қандай да бір  мекеме (ұйым)  үшін арналады. Ақпаратты мекеменің
әртүрлі бөлімдері пайдаланылады.  Осы мекеме бөлімдері МҚ - ын құру
негізінде концептуальді  талаптар қояды.  Концептуальды модельді бейнелеу
нәтижесінде мәліметтердің логикалық  моделі алынады.
Екі компьютерді бір-бірімен біріктірген кезде компьютерлік желі
құралады. Жалпы жағдайда, компьютерлік желілерді құру үшін арнайы
аппараттық қамтамасыздандыру (желілік жабдықтар) және арнайы программалық
қамтамасыздандыру (желілік программалық жабдықтар) қажет. Берілгендерді
алмастыру үшін екі компьютерді жай ғана түрде біріктіру тікелей біріктіру
деп аталады. Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын компьютерлерді
тікелей біріктіру үшін не арнайы аппараттық, не программалық
қамтамасыздандыру қажет етілмейді. Бұл жағдайда аппараттық жабдықтар
ретінде енгізушығару стандартты порттары (тізбекті немесе паралельді), ал
программалық қамтамасыздандыру ретінде операциялық жүйенің құрамында бар
стандартты жабдық қолданылады.
Барлық компьютерлік желілердің бір қызметі бар – үйлесімді енуді жалпы
ресурстарға қамтамасыздандыру. Ресурстар үш типті болады: аппараттық,
бағдарламалық, ақпараттық.
 Компьютерлік желілерде аппаратураларға, программаларға компьютерлік
қажетті үйлесімділікті қамтамасыздандыру үшін хаттамалар деп аталатын
арнайы стандарттар әсер етеді. Олар желі компоненттеріне аппараттардың
өзара әсерінің сипатын (аппараттық хаттамалар) және бағдарламалар мен
берілгендердің өзара әсерінің сипатын (хаттамаларды қолдау бағдарламалары)
анықтайды. Хаттамалардың көмегімен орындалатын бағдарламаларды да
хаттамалар деп атайды [9, 21-31].
 Мысалға, егер екі компьютер бір-бірімен тікелей біріктірілген болса,
онда олардың өзара әсер етуші хаттамалары физикалық порттың құрылғыларының
сипатын (параллельді және тізбектелген) және механикалық компоненттерін 
(разъемдар, кабель және т.б.) анықтайды.
 Сәйкесінше компьютерлік желіде қолданылатын хаттамаларды жергілікті
(LAN – Local Area Network) және Ауқымды (WAN – Wide Area Network) түрге
бөлу қабылданған. Жергілікті желі компактілігімен ерекшеленеді, яғни ол бір
ғимаратта, бір бөлмеде, этажда, ғимаратта компакті орналасқан
компьютерлердің тобын біріктіреді. Ауқымды желіден айырмашылығы жергілікті
желі барлық қатысушылардың біртұтас комплект 
хаттамаларын қолданады.
 Жергілікті желіде бір жобамен жұмыс жасайтын қызметкерлер тобы
жұмысшылар тобы деп аталады. Бір жергілікті желіде бірнеше жұмысшылар тобы
жұмыс жасауы мүмкін. Жұмысшы тобындағы қатысушылардың желідегі жалпы
ресурстарға енуінің әр түрлі құқықтары болуы мүмкін. Компьютерлік желіде
қатысушылардың ажырату әдістерінің жиынтығы және құқықтарының шектелінуі
желі саясаты деп аталады. Желілік саясатты басқару (олар бір желіде
бірнешеу болуы мүмкін) желіні администраторлау деп аталады. Жергілікті
желіде қатысушылардың жұмысын басқаруды ұйымдастыратын адам желі
администраторы деп аталады.
 Бөлек мекемелер немесе мекеменің бөлек бөлімдері үшін жергілікті
желіні құру өзгеше. Егер мекеме (немесе сала) кең көлемді аймақты алатын
болса, онда бөлек жергілікті желілер ауқымды желілерге біріктірілуі
мүмкін. Бұл жағдайда жергілікті желілер бір-бірін байланыстардың кез-келген
дәстүрлі каналдарының көмегімен (кабельдік, спутниктік және т.б.) өзара
байланыстырады.
Әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс жасайтын жергілікті желілерді
байланыстыру үшін шлюз деп аталатын арнайы жабдық қолданылады. Шлюздер
аппараттық түрде немесе бағдарламалық түрде болуы мүмкін. Желілік
қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үшін (басқа адамдардың желіге кіруі,
құқығынсыз желінің шегінен шығуы) брандмауэр деп аталатын желілер
арасындағы берілгендерді алмастыруға болмайтын арнайы компьютер немесе
арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылады.
Логикалық модель - бұл мәліметтерді ұйымдастыру түрі.  Негізгі
логикалық модельдерге мыналар жатады:
1. Иерархиялық модель - ағаш құрылымды болады.  Модель ішіндегі
объектілер өзара қатаң түрде байланысқан. Мұнда бір басты объект болады.
Екінші деңгейдегілер соған бағынады.  Ал екінші деңгейге өз негізінде 3-ші
деңгей бағынады. 1-ші деңгей 3-ші деңгейді тікелей басқара алмайды. 
Сондықтан бір деңгейде байланыс жасауға болмайды.
2. Желілік МҚ  граф түрінде ұйымдастырылады. Мұнда басты және бағынқы
объект деген болмайды. Бұл модельдің кемшілігі – ұйымдастыру қиындығында.
3. Реляциялық МҚ өз атын ағылшын тіліндегі relation (қатынас)
терминінен алған. Бұл терминді 70 жж.  IBМ фирмасының қызметкері Эдгар Код
ұсынған. Реляциялық МҚ–бұл қатынас арқылы байланысқан кестелер жиынтығы.
Реляциялық модель құрылымы қарапайым, қолдануға  ыңғайлы.   Дербес
компьютерге арналған МҚ-ның көбісі реляциялық болып табылады.
4. Объектілі–бағытталған МҚ желілік және реляциялық моделдердің 
бірігуі. Оларды күрделі құрылымды МҚ - н  құруға қолданады.

1.3 Мәліметтер  қорының классификациясы мен архитектурасы

Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң
бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ
болып үшке бөлiнедi. 
МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры)
құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс
iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы
және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар. 
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе
сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның
қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен
шыққан. Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әртүрлі белгілерге
байланысты топтауға болады. Ақпарат шығу облысына байланысты былай
бөлінеді:
• Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстармен
процестерді бейнелейді.
• Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді
бейнелейді.
• Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның
тәжірибелік өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның
қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін
ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік,
арнайы және жеке деп жіктеуге болады.
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:
• визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;
• аудиальды – дыбыс арқылы таратылады;
• тактильді – сезім арқылы;
• органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;
• машиналық–есептеу техникасының көмегімен таратылады.
Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады:
1.  Аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере
алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, адам денесінің
қызғаны, музыкалық шығармалар.)
2. Үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және
алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті
процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі
нүкте және тире).
Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:
• оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;
• құрылымдылығы–түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді;
• пайдалығы-ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.
Құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен,
пайдалылығымен анықталады. Кез-келген мәліметтер қоры деректердің
реляционды моделіне негізделеді [4, 34-47].
Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина
XVII ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай,
оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм
Шиккард жасап шығарды.
1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез Паскаль кеңсенің
есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады.
1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль
машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған "Лейбництің тісті дөңгелегі"
деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу және түбір табу
амалдарын орындайтын еді.
XIX ғасырда ағылшын математигі Ч.Бэббидж "Аналитикалық машина" деп
аталатын бағдарламаланатын автоматты есептеу құрылғысының нұсқасын жасады.
Бағдарламалар кодталып перфокарталарға түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж тоқыма
станоктарындағы амалдарды бақылауға алғаш пайдаланған француз өнертапқышы
Ж.Жаккардтан алды.
Бэббидждің ойынша бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын
топтарын бірте-бірте енгізгенде автоматты түрде әр түрлі есептеулер
орындауы тиіс еді. Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың
келу ретін өзгертіп, есептеу ретін өзгертуге болатын еді.
Жобаның меценаты (қамқоршысы) – белгілі ақын Джорж Байронның қызы
графиня Ада Лавлейс (Ada Lovelace) осы "аналитикалық машинаның"
программисті болды. Ондық жүйенің орнына екілік жүйені қолдану
қажеттілігіне Бэббидждің көзін жеткізген сол Ада Лавлейс болды. Ол осы
күнге дейін көкейтесті болып келетін бағдарламалаудың негізгі принциптерін
жасады. Оның құрметіне 1979 жылы жасап шығарған алгоритмдік тіл  Ada – деп
аталды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Герман Холлерит перфокарталарды
сұрыптауға және санауға арналған бірінші электромеханикалық машинаны жасап
шығарды. Табулятор деп аталатын бұл машина реледен, санағыштан және
сұрыптаушы жәшіктен тұрды. Бұл машина 1890 жылы Америкада тұрғындардың
санағын өңдеуге қолданылды. Холлерит 1896 жылы әйгілі IBM фирмасының негізі
болатын фирманы ашты.
Екінші дүниежүзілік соғыс есептеу құрылғыларын және оларды өндіру
технологиясын жетілдіруге дем берді. 1944 жылы Говард Айкен IBM-нің бір топ
зерттеушілері релелік логикалық элементтерге негізделген электрлік
есептеуіш машинасын жасады [6, 56-63].
1943 жылдан 1946 жылға дейін Пенсильвания қаласындағы (АҚШ)
университетте ENIAK деп аталатын түгелімен бірінші электронды–цифрлық ЭЕМ
құрастырылды. Машина 30 тонна тартты, 200 кв.м. жерді алып жатты, 18 мың
лампадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi программалау ортасы және мәліметтер қоры
«Toyota» автосалон деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
Мәліметтер қорын басқару жүйесі бойынша дәрістер
Кинотеатрлар мен прокат салалары
Дүкендегі спорт тауарларын есепке алу қосымшасын жасау
Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер
«Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйе
“Емхана” мәліметтер базасы
Компоненттердің қасиеттерінің мәндері
Пәндер