Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5

1. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Негізгі өндірістік құралдың экономикалық мәні мен жіктелуі .. 7
1.2. Негізгі өндірістік қорлардың құрлымы мен қозғалысы ... ... .. 19
1.3. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1. «Шымкент май» іс.әрекетінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2. Кәсіпорында негізгі өндірістік қорларды пайдалануын талдау.. 51

3. ХОЛДИНГ СЕРIКТЕСТIГIНIҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
3.1. ОҚО май комплексін тік интегралды жасаудың алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
3.2. «Шымкент май» ААҚ материалдар базасында холдингті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78

Қорытынды 95

Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Өндірістің материалдық негізін өндірістік құралдары құрайды, еңбек құралдары және еңбек заттары. өндіріс процесінің мақсаты материалды игіліктерді өндіруі. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезде еңбек құралдары және еңбек заттары әр түрлі қызмет атқарады. Еңбек заттары өнімге өзінің қасиеттерін беріп, оның материалдық субстанциясын өнімге айналуы еңбек құралдары арқылы асырылады (ақпараттар, механизмдер, приборлар және т.б.).
Қазақстанның бүгінгі агроөнеркәсіп кешенінің потенциалын халқын асырауға ғана емес, сонымен бірге аграрлық өнімдердің көптеген түрлерінің экспортына өндіру есебінен дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық мемлекет болуына мүмкіндіктері бар. Ұзақ болашақта дайын өнімнің экспортына бағдарлану, ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіретін технология мен техниканы пайдалану негізінде қайта өңдеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.
Май өнеркәсiбi - елiмiздегi тамақ өнеркәсiбiнiң маңызды салаларының бiрi. Соның негiзiнде алынатын өсiмдiк майлары мен өнiмдерi соңғы жылдары Қазақстан тұрғындарының тамақтану құрылымының негiзi болып отыр.
Май шығару өнеркәсiбiнiң шикiзаты ретiнде майлы өсiмдiктердiң тұқымы қолданылады. Майлы деп, шартты түрде өз органдарында (әсiресе, тұқымында) майдың көп мөлшерiн жинақтайтын өсiмдiктердi айтады.
Қосымша қоректену материалы ретiнде майды барлық өсiмдiктер жинақтайды. Қосымша материал ретiнде бойына сутегiн (углевод) жинайтын кейбiр өсiмдiктердiң тұқымындағы майдың мөлшерi көп емес. Дәндi өсiмдiктердiң тұқымы крахмалға бай, бiрақ сонымен қоса тұқымның ұрығында майларды жинақтайды.
Жыл сайын алынатын майлардың ассортиментi өсуде, өйткенi оны алу үшiн көптеген жаңа майлы дақылдарды пайдаланады және де май шығару техникасының дамуымен (мысалы, май алудың экстракциялық әдiсiне көшуiмен) тiптi, майлы шикiзаттардан май бөлiп алу мүмкiндiктерi ашылуда.
Май өнеркәсiбiнiң дамуы - тiкелей оның шикiзат базасының өсуiмен байланысты. Ауыл шаруашылығының қол жеткен табыстары өнеркәсiптiң шикiзат ресурстары едәуiр кеңейтуге және де оның тиiмдiлiгiн майлы күнбағысты көбейту есебiнен жоғарылатуға мүмкiндiк бердi.
Соңғы 10 жылда отандық май өнiмдерi өндiрiсi жылдан жылға дайын өнiмдерiн импорттау мен шетелге арзан май шикiзаттарын шығару бақылаусыз қалғанының салдарынан қатты төмендедi.
Елiмiздегi мұндай жағдайды тұрақтандыру үшiн, қажеттi түрде өсiмдiк майы нарығын қалыптастыру керек яғни бақылауға алынатын өндiрiстi, атап айтқанда май тұқымын өндiрушiден бастап соңғы өнiмдi өндiрушiге дейiн және отандық тұтынушыларды тәртiпке келтiру қажет.
Осы мақсатта жалпы мемлекет деңгейiнде және жеке кәсiпорындар мен бөлiмшелер деңгейiнде бұл саланы басқарудың тиiмдi механизмiн жасау қажет.
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi, алдыменен май комплексi өнiмдерiне деген сұраныстың өсуiмен және жалпы бұл саланы басқарудың нәтижелi механизмiн жасау қажеттiлiгiмен негiзделедi. Сонымен, май кешенiндегi проблемалар жылдам әрекет ететiн шешiмдi талап етедi, бұл үкiметтiң қабылдаған импорттың орнын алмастырудың ұзақ мерзiмдi бағдарламасын, әсiресе, осы салада бәсекелестiктi дамыту арқылы шығарылатын өнiмнiң сапасының жақсаруын және де холдингтi басқарудың формалары мен әдiстерiн енгiзу негiзiнде орталықтандырылға компаниялар құруды қоладуды қамтамасыз етедi.
Осы жұмыс, жоғарыда көрсетiлгендердiң негiзiнде, ҚР нарықтық экономикасының даму сатысында өзетi болып саналады. Әсiресе, отандық және де шетелдiк әдебиет көздерiн зерттеу негiзiнде май кешенiнiң қазiргi кездегi жағдайына толық талдау (анализ) жүргiзiлген, және де үшiншi тарауында май өнiмдерi - өндiрiсiне негiзделген холдинг серiктестiгiн тәжiрибеге енгiзу қажеттiгi дәлелденген.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану
көрсеткіштерін талдау
Дайындаған:
Специальность:
Жетекші:

АННОТАЦИЯ
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау
жүргізілген. Әлемдік нарықтық өнім өндіру саласының жағдайы экономикадағы
алатын орны қарастырылған.
Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштеріне
жан-жақты талдау жүргізіліп, оның ішінде өнеркәсіптік өнімдердің алатын
орны, жағдайы және оны ұйымдастырудың қажеттілігі анықталынған.
Май өнімдері нарығын дамыту қажеттілігі ескеріп, кәсіпорынның бизнес-
жоспары әзірленіп экономикалық тиімділігі анықталынған.
Зерттеу объектісі – май өнімдерін өнідіретін кәсіпорындар
Зерттеу заты – өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар іс-әрекеті.
Зертттеу мақсаттары мен мәселелері: Өнеркәсіптік өнім сферасының теориялық
негіздерін зерттеу, дамыған елдердегі қызмет көрсету саласының
экономикадағы алатын рөлін анықтау, ҚР және ОҚО да май өнімдері нарығының
қазіргі жағдайына және өнеркәсіп саласындағы жалпы қызмет көлеміндегі
үлесіне талдау жүргізу, кәсіпкерлік іс-әрекетте өнеркәсіптік қызметті
ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін жоғарылату үшін бизнес-жоспар
әзірлеу.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
1. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1.Негізгі өндірістік құралдың экономикалық мәні мен жіктелуі .. 7
1.2.Негізгі өндірістік қорлардың құрлымы мен қозғалысы ... ... .. 19
1.3.Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер24
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1.Шымкент май іс-әрекетінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін 40
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Кәсіпорында негізгі өндірістік қорларды пайдалануын талдау.. 51
3. ХОЛДИНГ СЕРIКТЕСТIГIНIҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГIЗДЕРI
3.1.ОҚО май комплексін тік интегралды жасаудың алғы шарттары 67
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Шымкент май ААҚ материалдар базасында холдингті ұйымдастыру 78
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды 95
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Өндірістің материалдық негізін өндірістік құралдары құрайды, еңбек
құралдары және еңбек заттары. өндіріс процесінің мақсаты материалды
игіліктерді өндіруі. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезде еңбек құралдары және
еңбек заттары әр түрлі қызмет атқарады. Еңбек заттары өнімге өзінің
қасиеттерін беріп, оның материалдық субстанциясын өнімге айналуы еңбек
құралдары арқылы асырылады (ақпараттар, механизмдер, приборлар және т.б.).
Қазақстанның бүгінгі агроөнеркәсіп кешенінің потенциалын халқын
асырауға ғана емес, сонымен бірге аграрлық өнімдердің көптеген түрлерінің
экспортына өндіру есебінен дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық
мемлекет болуына мүмкіндіктері бар. Ұзақ болашақта дайын өнімнің экспортына
бағдарлану, ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіретін технология мен
техниканы пайдалану негізінде қайта өңдеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.
Май өнеркәсiбi - елiмiздегi тамақ өнеркәсiбiнiң маңызды салаларының
бiрi. Соның негiзiнде алынатын өсiмдiк майлары мен өнiмдерi соңғы жылдары
Қазақстан тұрғындарының тамақтану құрылымының негiзi болып отыр.
Май шығару өнеркәсiбiнiң шикiзаты ретiнде майлы өсiмдiктердiң тұқымы
қолданылады. Майлы деп, шартты түрде өз органдарында (әсiресе, тұқымында)
майдың көп мөлшерiн жинақтайтын өсiмдiктердi айтады.
Қосымша қоректену материалы ретiнде майды барлық өсiмдiктер
жинақтайды. Қосымша материал ретiнде бойына сутегiн (углевод) жинайтын
кейбiр өсiмдiктердiң тұқымындағы майдың мөлшерi көп емес. Дәндi
өсiмдiктердiң тұқымы крахмалға бай, бiрақ сонымен қоса тұқымның ұрығында
майларды жинақтайды.
Жыл сайын алынатын майлардың ассортиментi өсуде, өйткенi оны алу үшiн
көптеген жаңа майлы дақылдарды пайдаланады және де май шығару техникасының
дамуымен (мысалы, май алудың экстракциялық әдiсiне көшуiмен) тiптi, майлы
шикiзаттардан май бөлiп алу мүмкiндiктерi ашылуда.
Май өнеркәсiбiнiң дамуы - тiкелей оның шикiзат базасының өсуiмен
байланысты. Ауыл шаруашылығының қол жеткен табыстары өнеркәсiптiң шикiзат
ресурстары едәуiр кеңейтуге және де оның тиiмдiлiгiн майлы күнбағысты
көбейту есебiнен жоғарылатуға мүмкiндiк бердi.
Соңғы 10 жылда отандық май өнiмдерi өндiрiсi жылдан жылға дайын
өнiмдерiн импорттау мен шетелге арзан май шикiзаттарын шығару бақылаусыз
қалғанының салдарынан қатты төмендедi.
Елiмiздегi мұндай жағдайды тұрақтандыру үшiн, қажеттi түрде өсiмдiк
майы нарығын қалыптастыру керек яғни бақылауға алынатын өндiрiстi, атап
айтқанда май тұқымын өндiрушiден бастап соңғы өнiмдi өндiрушiге дейiн және
отандық тұтынушыларды тәртiпке келтiру қажет.
Осы мақсатта жалпы мемлекет деңгейiнде және жеке кәсiпорындар мен
бөлiмшелер деңгейiнде бұл саланы басқарудың тиiмдi механизмiн жасау қажет.
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi, алдыменен май комплексi өнiмдерiне
деген сұраныстың өсуiмен және жалпы бұл саланы басқарудың нәтижелi
механизмiн жасау қажеттiлiгiмен негiзделедi. Сонымен, май кешенiндегi
проблемалар жылдам әрекет ететiн шешiмдi талап етедi, бұл үкiметтiң
қабылдаған импорттың орнын алмастырудың ұзақ мерзiмдi бағдарламасын,
әсiресе, осы салада бәсекелестiктi дамыту арқылы шығарылатын өнiмнiң
сапасының жақсаруын және де холдингтi басқарудың формалары мен әдiстерiн
енгiзу негiзiнде орталықтандырылға компаниялар құруды қоладуды қамтамасыз
етедi.
Осы жұмыс, жоғарыда көрсетiлгендердiң негiзiнде, ҚР нарықтық
экономикасының даму сатысында өзетi болып саналады. Әсiресе, отандық және
де шетелдiк әдебиет көздерiн зерттеу негiзiнде май кешенiнiң қазiргi
кездегi жағдайына толық талдау (анализ) жүргiзiлген, және де үшiншi
тарауында май өнiмдерi - өндiрiсiне негiзделген холдинг серiктестiгiн
тәжiрибеге енгiзу қажеттiгi дәлелденген.

1. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні мен жіктелуі

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды
сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер
ықпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық
туғызады.
Қайсыбір еңбек құралын негізгі қорға жатқызу мәселесін шешуде екі
критерий пайдаланады:
- қызмет ету мерзімі;
- еңбек құралдарының бірлік құны.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы материалдық өндіріс
саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да, еңбек құралы ретінде
қызмет еткен (бір жылдан астам) және бірлік құны айталықтай мәнге ие
материалдық активтер.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүлік (жер телімдері,
ғимараттар, құрылымдар, көпжылдық көшеттер және басқа да, жермен тығыз
байланысқан және оларды оның міндетіне залал келтірусіз қозғалту мүмкін
болмайтын нысандар), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, аулау құралы,
өндірістік және шаруашылық құрал – саймандар, ересек жұмыс және өнімдік мал
басы, арнайы саймандар және өзге негізгі құралдар.
Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі құрал, тауарлық –
материалдық қор немесе қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.
Негізгі капиталға пайдалы қызмет мерзімі бір жылдан асатын мүлік
жатқызылады.
Негізгі қорларға тән қасиеттері оған кейбір еңбек заттарын да жатқызуға
болады деп тұжырымдауға мүмкіндік береді (сонымен қатар, көп еңбек
құралдарын айналым қорларына жатқызуға да болатыны белгілі). Негізгі
қорларға кейбір қосалқы материалдар, мысалы атомэлектр стансаларындағы,
кемедегі атомдық отын, химиялық өндірістегі катализаторлар және т.с.с.
кіруі мүмкін, егер олар еңбек құралдарының басым бөлігі секілді өз құнын
өнімге беретіне қарамай, олар еңбек құралдары болып табылмайды.
Жердің табиғи байлығының, пайдалы қазбалардың және т.с.с. басқа да
құндылардың экономикалық табиғаты ерекше қызығушылық тудыруда. Өз бетінше
табиғи байлықтардың құны жоқ, демек ол өндірістік қорға кірмейді.Бірақ
оларға жұмсалған шығын оның құнын құрайды да осылай оны өндірістік қорларға
жатқызады. Мысалы, жер, жеке алғанда, өндірістік қорға жатпайды. Бірақ оған
салынған қаржы, каналдар, суарушы құрылымдар тұрғызуда, қойнау бетін
тегістеу, шаруашылық құрылыстар салу және т.б. өндірістік негізгі қорларды
құрайды.
Жердің экономикалық болмысын және құнын бағалауды бекіту оқшауланған
телімдерді кәсіпорын балансына тұрғызуға мүмкіндік береді, ал бұл жағдай
жерді ұқыпты пайдалануға әкеледі. Айтылғандар басқа да табиғи ресурс
түрлеріне, соның ішінде пайдалы қазба кендеріне де қатысты.
Өндірістік процеске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік
және өндірістік емес болып бөлінеді. Соңғылары өндірістік емес салаларда
қызмет етеді (тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету,
ағарту ісі және т.б.) және өндірістік емес тұтынуға арналған.
Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық – техникалық негізінің
едәуір маңызды бөлігін құрайды. Ол қаншалықты тиімді пайдаланылуы, оның
қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын бөліктегі еңбек
өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі тәуелді.
Халық шаруашылығын үнемі даму және жетілдіру жағдайында негізгі қорлар
құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары пайда болуда. Оның барлығы
негізгі қорларды дұрыс жіктеуді қажет етеді. Мұндай жіктеу кәсіпорын
шаруашылық іс-әрекетін, өндірісті есепке алу, негізгі қордың ұдайы
өндірісін пайдалану мен жоспарлауды, амортизация төлемдерінің мөлшерін
санағанда керек болады.
Барлық негізгі қорлар экономикалық белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін.
Олардың ішіндегі маңыздылары – қызметтік міндеті, тозу қарқыны және қызмет
ету мерзімі, пайдалану дәрежесі, кәсіпорын жұмысына ықпал ету дәрежесі,
техникалық жаңалығы, мобильділік дәрежесі (қозғалатын және қозғалмайтын),
халық шаруашылығы саласы, меншіктік иелігі. Негізгі капитал жеке капиталдар
жиынтығы ретінде қаралады.
Халықшаруашылығының әртүрлі даму сатыларында негізгі қорларды жүйелеу
әр түрде болғандығын айта кеткен жөн. Жіктеу топтары саны және олардың
құрамы өзгеріп отырды. Бірақ ұлттық экономиканың барлық даму кезеңінде
негізгі қорларды жіктеу ісінде аталған әдістемелік тәсіл пайдаланып келді.
Қазақстан Республикасының халықтық шаруашылығында барлық қызмет
салалары мен меншік түрлері үшін міндетті негізгі қорларды жіктеу жүйесі
қолданылады. Жіктеудің біртұтастығы оны халықтық шаруашылықтың салаларында
есепке алу, салыстыру саланың дамуын анықтауда маңызды шарты болып
табылады.
Өзінің құрамы, мақсаттық міндетіне және еңбек процесінде атқаратын
қызметіне қарай негізгі қорлар келесі топтар мен кіші топтарға бөлінеді:
ғимараттар, құрылымдар, өткізгіш қондырғылар; машина және құрал-құрал-
жабдықтар (өндірістік негізгі қорлар құрамындағы бұл топ ең маңызды әрі көп
санды болып табылады және ол келесі шағын топтарға бөлінеді; күш машиналары
мен құрал-құрал-жабдықтар, жұмысшы машиналар мен құрал-құрал-жабдықтар;
өлшеу және реттеу қондырғылары; есептеуіш техника; басқа да машиналар және
техникалар, сонымен қоса автоматты машиналар мен құрал-құрал-жабдықтар
болып бөлінеді); көлік құралдары (көтергіш көлік құрал – құрал-
жабдықтарынан басқасы); құрал – сайман; өндірістік мүлік және құрал-құрал-
жабдық; жұмыс және өнімдік мал басы; көп жылдық көшеттер; жерді жақсартуға
жұмсалған капиталдық шығындар (құрылымдарсыз); өзге де негізгі қорлар.
Осылар, негізгі қорлар 15 категорияға бөлінеді. Негізгі құралдарды есепке
алып отыру үшін оларды ұлттық экономикалық салаларына жіктеу, яғни келесі
топтарға бөлу қарастырылған: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, байланыс,
құрылыс, материалдық – техникалық қамту және өткізу (сату), ақпараттық -
есептеуіш құрылғылар және т.б.
Екінші жағынан алғанда негізгі қорларды басқа әдістемелік амалды
пайдалана отырып жіктеуге болады. Мұндағы басты қағида – негізгі капиталды
мыңдаған түрі бар жеке капиталдар жиынтығы ретінде қараудан бас тартып,
жаңа тұжырымдамаға көшу. Әр қайсысына сәйкес негізгі капиталдың мөлшерлі
қызмет ету мерзімі бойынша жіктелу топтарын барынша мол қолдану болып
табылады, яғни оның құнын жою мерзімі түзілетін ауқымды жіктеу топтарын
құруға кірісу. Негізгі капитал жіктемесін құрудағы мұндай тәсіл бірқатар
экономикалық дамыған елдерде қолданылады [Экономика предприятия под
редакции Е.Л. Кантора – СПб: Питер, 2002. 30 – 42 с.]
Қазақстан Республикасының салық және басқа да міндетті бюджеттік
төлемдер туралы кодексіне сәйкес амортизациялауға жататын мүлікті жаңадан
жіктеу түрі енгізіліп, қалдық құнға салық салу мақсатында шектік
амортизациялық мөлшерлер бекітілген. Соған сәйкес негізгі капитал сәйкес
амортизация мерзімімен бірге келесі категорияларға бөлінеді:
1. Ғимараттар, құрылыстар – 12,5 жыл;
2. Құрылымдар – 14 жылдан 25 жылға дейін;
3. Өткізгіш құрылғылар 10 жылдан 14 жылға дейін;
4. Күш машиналары мен құрал-жабдықтар – 6,67 жылдан 14 жылға дейін;
5. Жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар (мобильді көліктен өзгесі) – 5
жылдан 12,5 жылға дейін;
6. Басқа да машиналар мен құрал-жабдықтар (мобильді көліктен өзгесі) –
5 жылдан 12,5 жылға дейін;
7. Мобильді көлік- 6,67 жылдан 14 жылға дейін;
8. Компьютерлік, перифериялық (қосалқы) құрылғылар және мәліметтер
өңдеуші құрал-жабдық - 4 жылдан 14 жылға дейін.
Негізгі міндеті мен атқаратын жұмыс (қызмет) сипатына қарай салалар,
кәсіпорындар, бірлестіктердің негізгі қорлары сәйкес келесі жіктеме
түрлеріне бөлінеді:
I. Ғимараттар (халықтың еңбек етуіне, өмір сүруіне, әлеуметтік –
мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасайтын, материалдық
құндылықтарды сақтауға арналған сәулетті – құрылыс нысандары)
II. Құрылымдар (еңбек заттарын өзгертумен байланыспайтын өндірістік
процесті жүзеге асыруға және техникалық функцияларды атқаруға
жағдай жасайтын инженерлік – құрылыс нысандары. Мысалы, шахта
бағанасы, мұнай, газ скажиналары, мұнаралар, эстакадалар,
бөгеттер, құдықтар, резевуарлар, көпірлер көлік жолдары, кең
аймақтары, карьерлер, түтін құбырлары – жеке фундаменттегі
тоннельдер, бұрылыс айналымдар, стапельдер, доктар, тазартқыш
құрылымдар, дамбалар, каналдар, су ағызғыштар, дуалдар және
т.с.с.).
III. Беріліс құрылғылар. (қозғалтқыш - машиналардан жұмыс
машиналарына электр, жылу немесе механикалық энергияларды
беретін, сондай – ақ сұйық және газ тәрізді заттарды беру
құрылғылары. Мысалы, беріліс құрылғыларына мыналар жатады: электр
тораптар, трансмиссиялар, құбырлар және т.с.с.)
IV. Машиналар мен құрал-құрал-жабдықтар, соның ішінде:
а) күш машиналары мен құрал-құрал-жабдықтар;
б) жұмыс машиналары мен құрал-құрал-жабдықтар;
в) өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен құрылғылар және зертхана құрал-
құрал-жабдықтары;
г) есептеуіш техника;
д) өзге де машиналар мен құрал-құрал-жабдықтар.
“Күш машиналары мен құрал-жабдықтар” тобына электр және жылу
энергияларын өндіруге пайдаланатын генератор – машиналар, сондай- ақ әр
түрлі энергия түрлерін (жел, жылу, су, электр энергиясын т.с.с.) қозғалыс
энергиясына, яғни механикалық энергияға түрлендіруге пайдаланылатын барлық
қозғалтқыш – машиналар жатады. Аталған топқа өнеркәсіптің барлық
саласындағы бу машиналары мен қазандықтар, локомобильдер, турбинаның барлық
түрі, атомдық реакторлар, электр қозғалтқыштар мен электр генераторлар,
іштен жану қозғалтқыштары, тракторлар және өз бетінше жүретін шасси,
энергопоездар мен жылжымалы электростансалар, электрлі аппараттар мен күш
трансформаторлары, түзеткіштер және т.с.с. құрал-жабдықтар кіреді.
Жұмыс машиналар мен жабдыктар тобына жұмыс машиналарының, агрегаттар
мен құрал-құрал-жабдықтардың өнім өндіруде немесе өндірістік сипаттағы
қызмет көрсетуді орындау кезінде еңбек заттарына механикалық, химиялық және
қызулық әсер етуге арналған, өндіріс процесінде еңбек заттарын
қозғалтқыштар, адам немесе малдың күшімен қозғалтуға арналған (конвейер,
траулерлер, көтергіштер, крандар) барлық түрі, сонымен қатар технологиялық
процеске тікелей қатысатын сауыт тәрізді әр түрлі нысандар (домна және
элект пештері, кептіргіштер, автоклав және т.с.с.) жатады.
Өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен құрылғылар және зертхана құрал-
жабдығы тобына барлық түрдегі диаметр, аудан, қалыңдық, салмақ, қысым,
уақыт, қуат, кернеу және т.с.с. өлшеулерді жүргізуге арналған әртүрлі
аспаптар мен құралдар, электрлі, пневматикалық және гидравликалық реттеу
құрылғылары, автоматты басқару, бақылау және сигнал беру пульттері, сондай
– ақ, зауыт және ғылыми –зерттеу зертханалар аппаратурасы мен құрал-
жабдықтары кіреді.
Есептеуіш техника тобына әртүрлі ЭЕМ – дер, басқару, аналогтық және
сандық есептеу машиналар мен құрылғылары (перфорациялық, пернелік есептеуіш
машиналар) сонымен бірге, есептеуіш машинамен бірге пайдаланатын, ақпарат
жинау, белгілеу және беруге арналған қосалқы құрал-жабдықтар кіреді.
Аталған топтарға енбеген машиналар мен құрал-жабдықтар Өзге машиналар
мен құрал-құрал-жабдықтар тобына жатқызылады. IV тобынан ерекше есепке алу
мен талдау үшін автоматтық машиналар, құрал-құрал-жабдықтар мен желілердің
барлық түрін бөліп алады. Егер орындалатын барлық өндірістік процес
операциялары, белгілі бір технологиялық ретпен, белгілі бір ырғақта
(тапсырылған бағдарлама бойынша), адамның тікелей қатысуынсыз жүретін
болса, онда оны құрал-жабдық автоматты құрал-құрал-жабдық деп санайды, Бұл
кезде адам процестің барысын бақылап отыруы, оны реттеуі, құрал –құрал-
жабдықтарды алмастыруды, жүктеу құрылғыларын толтыруды, өнімді түсіру
жұмыстарын атқаруы мүмкін. Жылу – техникалық параметрлері арнайы аспаптар
мен автоматты құрылғылар көмегімен өлшеніп, реттелетін құрал-жабдықтар мен
қондырғылар да автоматты құрал-құрал-жабдықтарға жатқызылады.
V. Көлік құралдары. Оларға адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған
әртүрлі құралдар кіреді, яғни темір жол, теңіз, өзен, әуе, көлік және
зауытішілік көліктің (вагонеткалар, тепловоздар, вагондар, платформалар,
мотоциклдер, велосипедтер т.с.с) барлық түрінің жылжымалы құрамдары кіреді,
өндірістік құрал-жабдықтар қатарына енгізілген конвейер, транспортер
секілді құралдардан өзгесі. Көлік құралдарына, сондай –ақ, магистральды
көліктік мұнай- газ құбырлары, құбыр өткізгіштер және оның тармақтары, яғни
сұйық және газ тәрізді заттарды тасымалдау құралдары да кіреді.
VI. Құрал – сайман тобына барлық қолмен атқаратын және
механикаландырылған құралдар кіреді: кескіш, соққыш, жаншу құралдары,
нығыздаушы және т.с.с., соған қоса, еңбек заттарын өңдеуге, бекітуге,
құруға және т.б. арналған әртүрлі құралдар жатады. Осы топқа қызмет мерзімі
бір жылдан асатын саймандар мен құралдар жатқызылады.
VII. Өндірістік саймандар мен құралдар тобына өндірістік операциялардың
орындалуын жеңілдетуге арналған (жұмыс үстелдері, верстактар), қауіпсіз
жұмыс жағдайын құруға (қоршаулар, желдеткіштер және т.с.с.) еңбек заттарын
сақтауға арналған (әртүрлі қораптар, күбілер, резервуарлар, стеллаждар және
т.б.) әр түрлі бұйымдар жатады.
VIII. Шаруашылық саймандар. Бұл топқа кеңселік және шаруашылық мақсатта
ұсталатын заттар кіреді (шкафтар, үстелдер, ілгіштер, сейфтер, жазу
машиналары, көбейткіш және көшірме құрылғылар, әртүрлі шаруашылық және
өртке қарсы саймандар).
IX. Жұмысшы және өнімдік малбасы (жылқылар, өгіздер, сиырлар, түйелер
және т.б.)
X. Көпжылдық көшеттер (жасанды ағаштар жеміс –жидек, көгалдандыру және
сәндік, қардан қорғау жолақтары, өсімдік бағы және т.б.)
XI. Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар (құрылымдардан
басқасы). Бұл топқа құрылымдар тұрғызумен байланысты емес шығындар кіреді
(жер телімдерін жоспарлау, бұталадан тазарту, су қоймаларды тазалау).
XII. Өзге де негізгі қорлар. Бұл топ құрамына құны қандай болса да
кітапханалар қоры, мұражай құндылықтары (өнер, көне тарих пен тұрмыстық
туынды болып табылатын мұрағаттардан басқасы), іш-киім, төсек–орын,
бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің негізгі қорына жатқызылатын бұйымдар
кіреді. Балансқа енгізілетін, жалға алынған негізгі қорға жұмсалған күрделі
шығындар да осы топқа жатқызылады.
Өндіріс – шаруашылық қызметке пайдалану сипатына қарай негізгі қорлар
қолданыста (әрекеттеуші), қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтауда,
қорда (резервте), тоқтап тұрғанда тұрған қорлар болып бөлінеді
Негізгі қор топтарының ара қатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы
құн ішіндегі меншікті үлесі өнеркәсіптегі өндірістердің техникалық деңгейін
көрсететін негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылымды талдау және оны жетілдіру шаруашылық қызметтің барлық
деңгейінде маңызды тәжірибелік мәні тек кәсіпорын және бір сала ішінде ғана
емес, цехта да, өндірістік телімде де маңызы зор, себебі өнеркәсіптік халық
шаруашылық саласы да, жекелеген өндірістер де тек өзіне тән негізгі қорлар
құрылымына ие. Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипаттамаларының бірі болып
табылады деп айтуға болады.
Барлық аталғаннегізгі өндірістік қор (НӨҚ) актив немесе пассив бөлікке
жатқызылуы мүмкін.
Актив бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық
деңгейін белгілейтін өнімді жасайтын негізгі қорлар жатады. Актив бөлігі
басым түсетін негізгі өндірістік қорлар едәуір озық құрылымды болып келеді.
Кең мағынасында негізгі қорлардың активті бөлігіне еңбек затына кез
–келген түрде әсер етуші және осы процесті қамтамасыз етуші еңбек
құралдарын жатқызады. Бұл топтың негізін машиналар мен құрал-құрал-
жабдықтар құрайды, сонымен бірге, мұнда құрал – құрал-жабдықтар мен бақылау-
өлшеу құралдары кіреді.
Бірақ, негізгі қорлар құрылымы оның жекелеген элементтерінің ара
қатынасымен ғана емес, өзінің динамикасы арқылы да анықталады. Негізгі
қорлар құрылымының динамикасында белгілі бір заңдылықтар орын алады.
Егер негізгі қорлар құрылымының тиімділігі оның актив бөлігінің, соның
ішінде машиналар мен құрал-жабдықтар, меншікті үлесімен сипатталатын болса,
оның тиімділігін арттыру осы элементтер үлесін көбейту бағытында жүргізілуі
тиіс екендігі белгілі. Шын мәнінде негізгі қорлардың бұл озық өзгеріс
беталысы әрқашан сақтала бермейді. Ауытқулар әртүрлі себептерге байланысты
туындауы мүмкін: жекелеген салалардың дамуының, жаңа құрылыстар немесе
қайта жаңартулар аумағы мен ырғағының төмендеуі немесе тежелуі және т.б.
Пассив бөлігіне өндіріске жағдай жасайтын, бірақ тікелей өнім
өндіруші болып табылмайтын негізгі қорлар жатады. Бұл бөлікке әдетте
ғимараттар мен құрылымдарды, көбінше - өткізгіш құрылғылар, көлік
құралдары, құрал –құрал-жабдықтар т.б. жатады.
Қолданылып жүрген жіктеме негізгі қорларды өнеркәсіп өндірісіндегі рөлі
тұрғысынан жан – жақты зерттеуге мүмкіндік бере бермейді. Өз кезегінде
негізгі қорлар құрылымын актив және пассив бөліктерінің ара қатынасы
түрінде дәл көрсету, олардың салалық шығу тегін, функционалдық құрамын
зерттеу де мүмкін бола бермейді. Бұл жағдай жіктемеде негізгі қорладың
іріленген топтарының болуымен түсіндіріледі, мысалы тау –кен өндіру
саласында (скважиналар, кейбір таулы қазбалар және т.б.)
Негізгі қордың актив бөлігінің үлесі өсуі тікелей нәтижесі - өнім
шығарудың артуын және кәсіпорын қызметтік көрсеткіштерінің жақсара түсуін
береді. Ғылыми – техникалық прогресс үдеуімен бірге негізгі қорлардың актив
бөлігі жалпы өнеркәсіп бойынша да, жеке салалар бойынша да жоғарылау бет
алысы күшейіп келеді. Жаңа кәсіпорындарда негізгі қор құрал-жабдықтарының
құнының меншікті үлесі ескі кәсіпорындарға қарағанда жоғары болатыны мәлім.
Пассив бөлігінің талдауын да естен шығармау керек. Кейбір жекелеген
жағдайларда пассив бөлік өсуі мүмкін. Бұл ерекше өндірістік шарттарды талап
ететін (мысалы, тазалығы, ылғалдылығы, ауа температурасы бойынша), демек
жаңа өндірістік ғимараттар салуға жұмсалатын шығындарды күрт жоғарылататын
өнім түрін өндіруге көшкенде орын алуы мүмкін. Пассивті бөліктің өсімі
кейде әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі кәсіпорынды қайта жаңғырту ісіне
қомақты капиталдың салым жасауы есебінен жүреді. Бірақ, басқа шарттар
бірдей болған жағдайда ең озық құрал-жабдық түрлерін қондыру, неғұрлым
ұтымды түрде жобалау арқылы негізгі қорлардың актив бөлігінің үлесін
арттыруға ұмтылу қажет.
Негізгі қорлар құрылымына, ең алдымен, кәсіпорынның техникалық деңгейі
ықпал етуі мүмкін. Өндірістік процестерді механикаландыру, кәсіпорынды озық
техника үлгілерімен құрал-жабдықтау негізгі қордың жалпы құнындағы жұмыс
машиналары мен құрал-құрал-жабдықтарының меншікті үлесін арттыра
түседі.Өндірісті автоматтандыру және электрлендіру жұмысшы құрал-құрал-
жабдықтың мәнін күшейте түседі. Өндірістің толассыз әдісін ендіру цехішілік
және цехаралық көлік құралдарының меншікті үлесін арттырады.
Кәсіпорынның техникалық деңгейінің өсуі өндіріске әр түрдегі аспаптар
мен реттеу құрылғыларын қарқындап енгізуге жол ашады.
Техникалық прогресс өзінің қазіргі сатысында еңбекті қоғамдық бөлісуді
дамыту ісінде сапалы өзгерістерге негіз болады. Негізгі қорлардың актив
бөлігінің өсуі еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін көтерудің басты
резерві болып табылады. Соңғы жылдары байқалып отырған негізгі қорлардың
активті бөлігінің төмендеуі ғимараттар мен құрылымдардың құнының өсуі
есебінен, яғни өндірістің капиталсыйымдылығы жоғарылауынан орын алып отыр,
Негізгі қор құрылымының озық өзгерістерінің экономикалық мәні, демек, оның
өзгерістерін басқарудың мақсатқа сәйкестілігі мен қажеттілігі негізгі
қорлардың тиімділігін арттыру міндетімен байланысты.
Негізгі қорлар құрылымы кәсіпорынның географиялық орналасуына да
тәуелді. Суық климаттық жағдайда ғимарат құрылысына капитал салымы көбірек
қажет етіледі. Кәсіпорын шаруашылық жағынан әлі игерілмеген аймақта
орналасса, инфрақұрылым тұрғызу шығындары арта түседі. Елдің оңтүстік және
солтүстік негізгі қорлар құрылымы арасындағы айырмашылық осы жағдайлармен
түсіндіріледі.
Кәсіпорынның көлемі негізгі қорлар құрылымына ықпал ететін маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, ірі
кәсіпорындарда машиналар мен құрал-құрал-жабдықтардың үлес салмағы жоғары,
ал ғимараттар мен құрал – құрал-жабдық үлесі –төменірек болып келеді,
өндіріс алаңы ұтымды пайдаланатындықтан, онда құрал-жабдықтар саны көбірек
сыйысады, бұл жағдай ғимараттар (өндіріс алаңдары), құрылымдар мен құрал –
құрал-жабдыққа күрделі салымды үнемдейді.
Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі де әсер етеді.
Мысалы үшін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының ара қатынасы өндірістің
мамандануы мен ұжымдану деңгейіне байланысты. Өндірісті қиыстыру
(комбинирование) қойма орындарының қажеттілікті біраз қысқартады. Өндіріс
алаңдарын бұл кәсіпорынға керексіз өндіріс құралдарының қосымша
қызметтерінен босату, құрал-жабдықтарды дұрыс орналастыру, технологиялық
процестерді жетілдіру, автоматтандырылған және аз габаритті машиналарды
ендіру негізгі өндірістік қорлардың басты бөлігіндегі құрал-құрал-
жабдықтардың үлес салмағын арттыруға жағдай жасайды.
Өңдеу және өндіру өндірістеріндегі негізгі қорлар құрылымы әртүрлі.
Егер бірінші түрінде машиналар мен құрал-құрал-жабдықтар үлесі басым болса,
екіншілерінде – құрылымдар үлесі жоғары.
Негізгі қорлар құрылымына өндірістің ұжымдануы, шоғырлануы және
мамандануы да үлкен ықпал етеді. Шоғырлану мен мамандану, механикаландыру
деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым машиналар мен құрал-жабдықтардың
үлес салмағы да жоғары болады.
Әрбір саланың экономикалық өзгешелігіне байланысты әр саладағы негізгі
қорлар құрылымы әр түрлі болып келеді. Мысалы, жұмыс машиналары мен құрал-
жабдықтар металлургия және металл өңдеу, қара металлургия секілді
салалардың негізгі қорлар құрамының үлкен бөлігін алып отырады; құрылымдар
мен өткізгіш құрылғылардың үлес салмағы отын, мұнай өндіру және газ
өнеркәсіптерінде жоғары болса, жұмысшы машиналары мен құрал-құрал-жабдықтар
– электр энергетикасында, көлік құралдары – орманды игеру негізгі
қорларында басым болып келеді.
Негізгі қорларды өндірістік құрылымы өнімнің қор сыйымдылығына, жалпы
ішкі өнім мен ұлттық табысқа да үлкен ықпалын тигізеді.
Негізгі қорлардың салалық құрылымында қорсыйымдылығы жоғары салалардың
үлес салмағы жоғары болған сайын, басқа жағдайлар бірдей болғанда,
өндірістік өнімі мен ұлттық табыстың қор сыйымдылығы жоғарылай береді.
Негізгі қордың өндірістік құрылымында машиналар мен құрал-құрал-
жабдықтардың, әсіресе технологиялық, үлес салмағы артқан сайын өнім
шығарылуы артады, нәтижесінде өнім мен ұлттық табыстың қорсыйымдылығы
төмендейді.

1.2. Негізгі өндірістік қорлардың құрлымы мен қозғалысы

Кәсіпкерліктің пайда табу басты мақсатының қажетті шартын жүзеге асыру
түрі –инвестициялау, өндіру, сату және тұтынудың барлық сатыларын қамтитын
капиталды қайта жаңғыртуды жоспарлау болып табылады.
Нақты айналым кезеңіне сәйкес әртүрлі кейіпке еніп отырғанымен капитал
үздіксіз қозғалыс процесі үстінде болады. Капитал айналымы капиталдың
шеңберлік айналымымен сәйкес келмейді. Әрбір айналымның нәтижесінде
кәсіпкерге алдын-ала төленген капиталдың тек бір бөлігі ғана ақшалай түрде
қайтады; ал жалпы капиталдық құн иесіне өзінің бастапқы қалпында, яғни
ақшалай түрде қайтып келеді. Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы
бірдей жүрмейді. Капитал құнының айналымдағы әртүрлі қызметіне қарай
капитал негізгі және айналымды болып бөлінеді. Негізгі капиталға еңбек
құралдарының құны, айналма капиталға - еңбек заты мен жұмыс күшінің құны
кіреді.
Батыстық әртүрлі экономикалық оқу құралдар авторларының негізгі және
айналым қорларына қатысты біртұтас түсінік жоқ, оның себебі әр елде
қолданатын бухгалтерлік есеп пен есеп беру ерекшеліктеріне байланысты.
Отандық теория мен тәжірибе жүзінде негізгі қорлар және айналым қаржылар
деген терминдер жиі кездеседі. Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін
жетілдіріп, оны жалпыға ортақ әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге
байланысты отандық терминология да байып келеді. Осылайша, Негізгі
капитал терминімен қатар айналымнан тыс активтер ұғымы да белсенді
қолданыс табуда. Бірқатар авторлар айналымнан тыс активтер және негізгі
қор ұғымдары барабар деп санауы орынды. Негізгі капиталға негізгі
құралдар, сондай – ақ жұмсалып бітпеген ұзақмерзімді инвестициялар,
материалдық емес активтер және жаңа ұзақмерзімді қаржы инвестициялары
(салымдар) кіреді.
Негізгі қорлар құрылымының өзгеріс беталысын зерттеп, тереңінен талдау
жасау үшін және оларды іс жүзінде пайдалану тиімділігін арттыру резервтерін
анықтау үшін келтірілген жіктемемен қатар басқа да топтаулар қолданылады.
Мысалы, негізгі қордың актив және пассив бөліктері құрылымын зерттеу
көпшілік қабылдаған тәртіп. Пассив бөлікке, әдетте, құрылымдар шаруашылық
құрал – құрал-жабдық және т.с.с., ал актив бөлікке - машиналар мен құрал-
құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, саймандарды және т.б. жатқызылады.
Негізгі өндірістік қорлардың актив бөлігінің үлес салмағы оның
құрылымының озықтығын жалпылама түрде сипаттайды. Ол саланың, бірлестіктің,
кәсіпорынның, цехтың, телімнің, қорларының жалпы құнына қатысты актив
бөлігінің (машиналар, аппараттар, аспаптар, құрал-жабдықтар т.с.с.)
пайыздық үлесін бейнелейді.
Негізгі қорлардың технологиялық құрылымы негізгі қорлардың әр түрінің
белгілі бір топ ішіндегі меншікті үлес салмағын (пайызбен) сипаттайды.
Мысалы, металлкескіш құрал-жабдықтар тобында жекелеген токарьлық,
фрезерлік, бұрғылау, аралап кесу және т.с.с. станоктардың олардың жалпы
құнына немесе жалпы көлеміне (заттық бірлікте) пайыздық үлесін анықтауы
мүмкін.
Құрал - жабдықтың технологиялық құрылымын тереңірек талдау мақсатында
басқа көрсеткіштер де анықталуы мүмкін, мысалы: құрал-жабдықтың озық
топтарының үлес салмағы, толассыз желілерде орнатылған құрал-құрал-
жабдықтардың үлес салмағы және т.б. секілді.
Құрал-құрал-жабдықтың озық топтарының (жинақ) меншікті үлесі оның
баланстық құнының немесе бірлік санының (арнайы, автоматты, программалық,
басқарылатын және т.б. топты) цех, кәсіпорын, бірлестік немесе саланың осы
құрал-жабдық түрінің бүкіл паркінің құныныа (немесе санына) қатынасын
сипаттайды.
Толассыз желілерде орнатылған құрал-құрал-жабдықтың меншікті үлес
салмағы толассыз желіге біріктірілген құрал-құрал-жабдық бірлігінің осы
құрал-құрал-жабдық түрінің цех, кәсіпорын, бірлестік немесе сала ішіндегі
жалпы паркіне қатынасымен сипатталады.
Негізгі қорлардың жұмыс істеу мерзімінің құрылымы негізгі қорлардың
әртүрлі жұмыс істеу мерзімімен айырмашылығы бар топтардың жалпы құнына
шаққандағы меншікті үлесімен (пайызымен) сипатталады (ал бір түрлі қорлар
үшін – олардың табиғи көрінісін көрсететін жалпы мөлшерімен). Мысалы,
станок, ұсталық – пресстеу құрал-жабдығы немесе басқадай машиналардың
меншікті үлес салмағын келесі топтық құрал-құрал-жабдықтың жұмыс істеу
мерзімі бойынша анықтау мүмкін: 5 жылға дейінгі; 5 жылдан 10 жылға дейінгі,
10 жылдан 20 жылға дейінгі және 20 жылдан жоғары деп.
Қолданыстағы цех, бірлестік, саланың негізгі қорларының орташа жұмыс
істеу уақыты формуламен анықталады:
Т= ∑ Tif Fi ∑ Tif
мұнда: Fi – негізгі өндірістік қордың нақты i – ші түрінің бастап- қы
құны, мың теңге;
Tif – негізгі өндірістік қордың i – ші түрінің нақты жұмыс
істейтін уақыты, жыл.
n – талданып отырған өндірістік қордың і –түрлері саны.

Телім, цех, кәсіпорындағы құрал-құрал-жабдықтың орташа жұмыс істеу
уақыты Т осы түрдегі (топтағы) барлық машиналардың (аппараттардың,
агрегаттық нақты пайдалану жылдар санын) ∑ Ti талданып отырған өндірістік
қордың осы құрал-құрал-жабдықтың санына n бөлу арқылы анықталады;
∑ Ti n
Кәсіпорындарда, бірлестіктерде негізгі қорлардың (негізгі құралда)
барлығы мен қозғалысын анықтау үшін есеп ұйымдастырылады. Бұл есеп
(тіркеу) бухгалтерлік есептеу стандарты БЕС негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен бірлестіктер негізгі қызмет балансында тіркелген
барлық негізгі қорлар саны мен қозғалысын, соның ішінде өндірістік және
өндірістік емес қорларды олардың бастапқы және қалдық құндары бойынша
есепке алып отырады.
Негізгі құралдар қозғалысын бақылау, бухгалтерлік есептің берген
мәліметі дұрыстығы мен толықтығын және оның әртүрлі нысандар күйіне
сәйкестігін тексеру мақсатында мекеме (кәсіпорын) жүйелі түрде мүлікті
хаттау жүргізіп отырды. Негізгі құралдар хаттамасы жылына бір рет 1 –
қарашадан кейін өткізіледі.
Негізгі қорлар (құралдар) болмысы мен қозғалысын сипаттау үшін келесі
деректер пайдаланылады:
а) Есептік (жоспарлы) жылдың басы мен соңындағы негізгі қорлардың
баланстық құны. Негізгі қорлардың есептік (жоспарлық) жыл аяғындағы құны
Ғ2 баланстық әдіс бойынша жыл басындағы Ғ1 негізгі қорлар құны мен жыл
ішінде істен шығуына (тозуына немесе басқа мекемелерге өткізуге байланысты)
байланысты есептен шыққан Ғ шық және осы кезең ішінде жаңадан енген
қорлардың Ғ жаңа (қайта салу немесе басқа мекемелерден сатып алуға
байланысты) құнының алгебралық қосындысы ретінде анықталады, яғни:
Ғ2 = Ғ1 + Ғ жаңа - Ғшық
б) Берілген кезең ішінде (жыл) барлық түсу көздері арқылы, соның ішінде
қорларды қосымша бағалау, жаңадан енген қорлар құны, сондай – ақ қорлар
үшін төлем ретінде алынған қордың құны, бұрын есептелмеген қорлар құны,
айналым қорынан негізгі қорларға өткізуден пайда болған қор құны, өзге
ұйымдардың төлеусіз келіп түскен қорлардың құны;
в) Берілген кезең ішінде барлық қаржыландыру көздері бойынша, банктік
несиелер, басқа да ассигнациялау есебінен де, қайта қозғалысқа келтірілген
(салынған, дайындалған) негізгі қорлар құны;
г) Берілген кезең ішінде есептен шығарылған негізгі қорлардың құны,
қорлар бағасын арзандату, сатылған және төлеусіз берілген қорларды, негізгі
қордан айналым қорына өткізуді қоса алғанда.
Осы мәліметтерге сүйеніп, төменде келтірілген негізгі өндірістік
қорлардың қозғалысын бейнелейтін көрсеткіштер есептелінеді. Берілген кезең
ішінде негізгі өндірістік қордың өсімі ( Ғ - берілген жыл ішінде жаңадан
енген Ғ жаңа және есептен шыққан Ғшық негізгі қорлар құнының айырмасымен
анықталады, яғни:
( Ғ = Ғ жаңа - Ғшық

Негізгі қордың өсімі, сонымен қатар, берілген жыл ішіндегі күрделі
салымдардың жалпы көлемі К1 шыққан қорлардың Ғ1шық орнын толтыруға
жұмсалған қаражат сомасы мен берілген жылдың басы К1H мен соңында К2H
аяқталмаған құрылыс нысандарының құны арасындағы айырма түрінде анықталуы
мүмкін, яғни:
( Ғ = К - Ғ1шық -( К2H - К1H )
Негізгі қорларды жылдық қолданысқа енгізу Ғ жаңа көлемі – кәсіпорынның
күрделі салым жоспарының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады және
ол (құрылыс – сметалық құнына сәйкес) келесі формуламен анықталады:
Ғ жаңа = К1H + К - К2H
Жоспарлы кезеңде қолданысқа енгізілетін негізгі қорлардың жалпы көлемін
осы қорлардың жобалық (тұтыну ) өсімімен (Ғ есептен шығатын қорлардың Ғ1шық
орнын толтыру құнын қосу арқылы да анықтауға болады:
Ғ жаңа = ( Ғ + Ғ1шық
Негізгі қорлардың өсім коэффициенті К(Ғ негізгі қорлардың жаңарту
есебінен олардың саны қашалықты өскенін көрсетеді және ол келесі қатынаспен
өрнектеледі:
К( Ғ = (Ғжаңа - Ғшық) * 100 Ғ2
мұндағы: Ғжаңа – берілген кезең ішінде жаңадан енгізілген қорлардың
құны;
Ғшық - осы кезең ішінде есептен шығарылған қорлар
құны;
Ғ2 – негізгі қорлардың берілген кезең аяғындағы құны.
Негізгі қорлардың шығым коэффициенті Кшық есептен шыққан негізгі
қорлар құнының Ғшық берілген кезең басындағы қорлар санына Ғ1 қатынасымен
анықталады:
Кшық = Ғшық Ғ1
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті Кжаң қарастырылып отырған
кезеңнің әр жыл ішінде (і =1,2,3 ... n) жаңадан ендірілген қорлардың (жоспарға
сәйкес, немесе нақты мағынасы) жылдық көлемін ∑ Ғі жаң сараптау кезеңінің
аяғында Ғ2 қолданыстағы негізгі қорлар құнына бөлу арқылы анықталады:
Кшық = ∑ Ғі жаң Ғ2
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық (жоспарлық, нақты) құны Ғ
қордың есептік рентабельділігі көрсеткіші мен қор үшін төлем ақысын
есептеуге негіз болып табылады және ол жоспарлық немесе есептік жылдың Ғ1 1-
қаңтарына және келесі (жоспарлы жылдан кейінгі) жылдың Ғ2 1- қаңтарына
жарамды негізгі өндірістік қорлардың ½ құндарының қосынды сомасын 12 – ге
бөлген бөлінді түрінде, сондай –ақ берілген (жоспарлық есептік) жылдың
қалған айларының әр бір күніне осы қорлардың баланстық жоспарлық немесе
нақты құнына қарай анықталады.

1.3. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

Негізгі капиталды тиімді түрде пайдаға асыру - кәсіпорынға түсетін
пайданы арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Негізгі құралдарды барынша толық пайдалану да өндіріс көлемін арттыра
отырып, жаңа өндірістік қуаттар енгізу қажеттілігін төмендетуге алып
келеді, демек кәсіпорынның пайданы одан әрі дұрыс пайдалануға әкеледі
(тұтыну қорына пайдадан түсетін төлемдер үлесі артады, жинақтау қорының
едәуір бөлігін өндірісті механикаландыру мен автоматтандыруға, басқаруды
автоматтандыруға жұмсалуы және т.с.с.)
Негізгі қорларды пайдалану жағдайы мен дәрежесі өндірісті техникалық
деңгейін, оның даму ырғағы мен ауқымын, оның тиімділігін көрсетеді.
Негізгі қорлардың тиімділігі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде өндірілген
өнім көлемімен немесе негізгі қорлар қайтарымымен анықталады.
Негізгі қорларды өндірісте пайдалану тиімділігі бір қатар факторларға
тәуелді:
- біріншіден, кәсіпорынның негізгі қорларының жалпы құнындағы активті
бөліктің меншікті үлес салмағына, яғни олардың құрылымына, себебі өнім
өндіруді тікелей осы актив бөлік қамтамасыз етеді;
- екіншіден, қайсы бір машина, құрал-жабдық түрін орнату дұрыстығын
анықтайтын бастапқы сапалық сипаттамаларына (сенімділік, ұзақмерзімділік,
автоматтандыру, жөндеуге жарамдылық, конструктивтік жетілу дәрежелері,
бірлік қуаты);
- үшіншіден, осы кездегі кәсіпорындағы негізгі қорлардың күйіне (құрал-
жабдықтың жасы, тозу дәрежесі, жаңартылу ауқымы, істен шығу ауқымы, өсім
мөлшері);
- төртіншіден, негізгі қорларды кәсіпорында пайдалану деңгейіне (құрал-
құрал-жабдықтар құрамы қаншалықты толығымен пайдаланады, оның қуаты, жыл
ішіндегі жұмыс уақыты).
Негізгі қорларды пайдаланудың объективті көрінісін негізділген жеке
және жалпы деген көрсеткіштер жүйесі арқылы алуға болады.
Жекелеген негізгі қор түрін пайдалануды, негізгі қорларды жеке
кезеңдерде пайдалану, өндірістік процес уақытында пайдалану, жекелеген
сәттердің сипаттамасын алғашқылары нақты, ықшам міндеттер атқарады.
Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың барлық көрсеткіштерін үш топқа
біріктіруге болады:
- негізгі өндірістік қорларды уақыт бойынша пайдалану деңгейін
бейнелейтін экстенсивтік пайдалану көрсеткіштері;
- қарқындық және экстенсивтік барлық факторлардың жиынтық нәтижеін
ескеретін негізгі қорларды интегралдық пайдалану көрсеткіштері.
Көрсеткіштердің бірінші тобына мыналар жатады: құрал-құрал-жабдықты
экстенсивтік пайдалану коэффициенті, құрал-құрал-жабдық - тың жұмыс
істеу коэффициенті, құрал-құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті,
құрал-құрал-жабдықтың жұмыс уақытының ауысымдық режим коэффициенті.
Құрал-жабықтың экстенсивті жұмыс істеу жайлы әртүрлі көрсеткіштерін,
кәсіпорынның, цехтың өндірістік қуатының көрсеткіштерін анықтағанда
бастапқы мәлімет ретінде құрал-құрал-жабдық жұмыс істеу уақытының қоры
алынады. Құрал-құрал-жабдықтың жұмыс істейтін уақытының келесі қорларын
айтуға болады: орнатылған құрал-құрал-жабдық бірлігіне немесе тобына
қатысты күнтізбелік, режимдік (номиналды), жоспарлық (тиімділікті) және
нақты қорлар деп аталады.
Күнтізбелік қор - бұл жалпы уақыт қоры берілген кезең ішіндегі
күнтізбелік күндер санын тәуліктегі сағат санының көбейтіндісіне тең
(жылдық күнтізбелік қор 365(24 көбейтіндісіне тең).
Машинаның, агрегаттың жұмыс уақытының номиналдық қоры Тр жыл ішіндегі
күнтізбелік Ткк. және жұмыс емес күндер Тбк санына, сонымен қатар
жұмыстың ауысым режиміне тәуелді және ол келесі формуламен анықталады:
Тнқ =( Ткк – Тбк) Тс.с.
Мұнда: Тс.с. – тәулік ішіндегі машинаның орташа жұмыс сағаттар саны
–жұмыс күндері ауысым режиміне сәйкес және мереке алды күндері қысқартылған
ауысым уақытын ескере отырып, немесе
Тнқ =[( Ткк. – Тбк) Т с – Тмк Тс( орнатылған
құрал-жабдық бірлігіне немесе тобына белгіленеді] m,
Мұнда: Тбк – жоспарлы кезеңдегі демалыс және мереке күндер саны;
Тс – жұмыс ауысымының ұзақтығы, сағ;
Тмк – берілген кезеңде жұмыс ауысым уақыты қысқартылған
мерекеалды (демалысалды) күндер саны;
Тс( – мереке және демалыс алдындағы күндері жұмыс ауысым
ұзақтығының қысқару уақыты (берілген салада), сағ,
m - кәсіпорында қабылданған жұмыс ауысымдылық режимі
(1,2,3 ауысым).
Демалыс күндерісіз үздіксіз жұмыс режимінде 365 жұмыс күні және
тәулігіне 24 жұмыс сағаты деп есептеледі. Маусымдық режимде атқаратын
машиналар үшін жұмыс күндер саны мен жұмыс уақыттар қоры (ауыл шаруашылығы,
орман ағаштарын өңдеу және т.с.с.) жұмыс маусымының орташа ұзақтығына
сәйкес алынады (нормативтер немесе техникалық жобаға сәйкес). Номиналды қор
жұмыс уақытының тиімді қорын есептеуге пайдаланылады.
Машинаның, агрегаттық, құрал-жабдықтың Ттуқ жұмысының тиімді (барынша
мүмкін болатын) уақыт қоры берілген кезең ішіндегі номиналдық қор
(сағатпен) мен құрал-құрал-жабдықты бір жыл ішінде жөндеуге, түзету, қайта
түзетуге, қайта қондыруға жұмсалған мөлшерлі уақыт шығындар қосындысының
Тжс (сағ) арасындағы айырмаға тең, яғни:
Ттуқ = = Тнқ - Тжс
Сондай – ақ, есептеу келесі формула бойынша да жүргізілуі мүмкін:
Ттуқ = Тнқ [1- (dжс + dжжу) 100]
мұнда: dжс – берілген құрал-құрал-жабдықты жөндеуге жұмсалған уақыттың
режимдік қорға пайыздық қатынасы;
dжжу – құрал-жабдықты түзету, қайта түзету, ауыстыру және
т.с.с. жұмсалған уақыттың режимдік қорға пайыздық қатынасы;
Құрал-жабдықтың орнын өзгерту, жөндеу, түзетуге жұмсалған уақыт
шығындар көлемі құрал-жабдық типі мен орындалатын жұмыс түріне байланысты
айтарлықтай өзгеріп отырады. Бұл шығындар мөлшері әр қор түріне қарай
(машина, агрегат, станок) нақты жұмыс шарттарын ескере отырып, осы құрал-
жабдықты пайдаланатын салаларда қабылданған мөлшерге сәйкес анықталады.
Біртиптес (өзара алмасатын) машиналардың (агрегаттардың) n бірлігінен
құралған типтес құрал-жабдықтар тобы жұмысының тиімді уақыт қоры ∑ Тжс
(сағ) машина – сағат, станок – сағат, аппарат – сағат, пеш – сағ арқылы
келесі формуламен анықталады:
∑ Ттуқ = Ттуқ ( n
Жұмыс уақытының нақты қоры берілген кезең ішіндегі құрал-жабдықтың шын
мәніндегі жұмыс істеу уақытын бейнелейді және шұғыл есеп мәліметтері
бойынша анықталады.
Күнтізбелік, режимдік (номиналдық), жоспарлық (тиімді) және нақты уақыт
қорлары негізінде құрал-жабдықты экстенсивті пайдалануды төменде
келтірілген бірқатар көрсеткіштері бойынша есептеледі.
Кк.қ. уақытының күнтізбелік қорын пайдалану коэффициенті құрал-
жабдықтың жоспарға сәйкес (нақты) жұмысының тиімді уақыт қорының Ттм
есептік кезең ішінде жалпы күнтізбелік уақыт қорына қатынасын Тк
білдіреді, яғни бір машина үшін:
Кк.қ. = Ттм Tк
немесе құрал-жабдықтар тобы үшін:
Кк.қ. = Ттм nр Tк nу
Мұнда: nр, nу – тиісінше нақты жұмыс істеген және орнатылған құрал-
жабдық бірліктері саны. Бірқатар жағдайларда бөлімінде нақты құрал-
жабдықтың жалпы саны туралы (орнатылған және орнатылмаған) мәліметті
пайдалануға болады.
Құрал-жабдық жұмысының режимдік уақыт қорын пайдалану коэффициенті Кк.қ
келесі формуламен анықталады:

Кк.қ = Ттм nр Tр nу
мұндағы: Ттм, TР - берілген кезеңде құрал-жабдық бірлігі жұмысының
тиісінше нақты және режимдік уақыт қоры.
Құрал-жабдық жұмысының жоспарлық уақыт қорын пайдалану коэффициенті
Кж.қ былай анықтайды;
Кж.қ = Ттм nP Tж nУ
Тж– берілген кезең ішінде құрал-жабдық жұмысының жоспарлық уақыт қоры.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорының іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің талдауы
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайданудың теориялық негіздері
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
Негізгі қорлардың амортизациясы
«Жартас» ЖШС туралы
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Пәндер