Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері

1.1. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастырудың мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлаудың жіктелуі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3. Нарық жағдайында кәсіпорын қызметін жоспарлауды ұйымдастырудың қағидалары мен көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... 18

2. Нарық жағдайында «Ассоль компани» ЖШС кәсіпорнының экономикалық белсенділігін және көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыруды талдау

2.1. «Ассоль компани» ЖШС кәсіпорнының экономикалық белсенділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. «Ассоль компани» ЖШС кәсіпорнының көрсеткіштерін жоспарлауды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

3. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

3.1. Қазақстан Республикасында жиһаз өндіретін шағын кәсіпорындарды дамытудың мемлекеттік жоспарлары ... ... ... ... .. 54
3.2. «Ассоль компани» ЖШС кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлуды ұйымдастыруды оңтайландыру бойынша ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 77

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 80
Қосымшалар
Өзінің келешекте қалай жақсы дами алатынын, өзінің мүмкіншіліктерін, бәсекелестіктердің жағдайы туралы ақпаратты білмейінше нарық жағдайында сәттілікке жету мүмкін емес. Сондықтан да әр кәсіпорын өзінің еңбек және қаржы ресурстарының есебін, материалдық қажеттілігінің есебін білу керек. Осы барлық есептеулердің арқасында кәсіпорындар өз қызметінің келешекте сәтті дами алатынын қамтамасыз ететін жоспарын құра алады.
Жоспарлау коммерциялық және өндірістік қызметте ғана емес, сонымен бірге барлық кәсіпорынның ұйымдық-құқықты түрлері үшін өте қажетті болып табылады.
Баяғыдан бері әртүрлі бизнес аясында сәтті қызмет жасау мен нарық жағдайындағы жоспарлау арасында жоғары жағымды корреляция бар екенін, АҚШ–тың көптеген мамандары зерттеулер жасап, анықтап білген.
Өзінің қызметін жоспарлауға негізделіп жасаған кәсіпорын жүйелік жоспарлаусыз істеген кәсіпорынға қарағанда жоғары экономикалық нәтижелерге ие болатыны бәрімізге мәлім.
Мемлекет деңгейінде де жоспарлар құрастырылады. Ел басшымыз қазақ халқына өз Жолдауын айтқан кезде келешек даму жөнінде былай деген: «Біздің стратегиялық мақсатымыз – бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарында лайықты орынға ие болу. Сондықтан да мемлекет өзінің орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерін анықтады. Бұл міндеттер еліміздің нақты жоспарларын анықтауға негіз болады»[1]. Ел басшымыз, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның келешек дамуы жөнінде құрастырған ең басты жоспарларының бірі 2030-стратегиясы болып саналады. Бұл стратегияда Ел басшымыз былай деген: «Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсаттарымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анықтап, өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз» [2].
1. Нұрсұлтан Назарбаев. Жаңа уақыт - жаңа экономика // Егеменді Қазақстан, 16 желтоқсан, 2004 жыл.
2. Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Алматы: Білім, 1997. -176 б.
3. Қазақстан Республиксының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инноавциялық бағдарламасы // Қазақстан Республикасының президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы.- 2003 жыл, №3.
4. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Егемен Қазақстан, 19 ақпан, 2005 жыл.
5. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Бәсекеге қабілетті ұлт үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін // Егеменді Қазақстан, 19 наурыз, 2004 жыл.
6. Қ.Р Үкіметінің Ағаш өңдеу мен жиһаз өнеркәсібін қалпына келтірудің және дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы: Қаулысы // Қазақстан Республикасының президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы.- 2004 жыл.
7. Смагулова Н.Т. Планирование и организация предпринимательства // Алматы: Экономика, 2002г.
8. Ильин А.И. Планирование на предприятии //Минск: Новое знание, 2000г.
9. Сундетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики // Алматы, 2004г.
10. Егоров Ю.Н., Варакута С.А. Планирование на предприятии // Москва: Инфра-М, 2001г.
11. Прогнозирование и планирование в условиях рынка, Под редакцией Т.Г. Морозовой, А.В. Пикулькина // Москва: Юнити-дана, 2000г.
12. Черныш Е.А. и др. Прогнозирование и планирование в условиях рынка // Москва: Приор, 2000г.
13. Индикативное планирование: теория и пути совершенствования. Монография. – СПб.: Знание, 2000г.
14. Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы // Москва: Финансы и статистика, 2001г.
15. Бухалков М.И. Внутрифирменное планирование // Москва: Инфра-М, 2000г.
16. Горемыкин В., Бугулов Э. Планирование на предприятии // Москва: Филинъ, 2000г.
17. Тулегенов Б.Т., Абдильханова А.Б. Планирование деятельности хозяйствующих субъектов // Алматы: LEM, 2001г.
18. Владимирова Л.П. Планирование в условиях рынка // Москва: Издательский дом «Дашков и К», 2000г.
19. Самочкин В.Н. Гибкое развитие предприятия. Анализ и планирование // Москва: Дело, 1999г.
20. Шепеленко Г.И. Экономика организация и планирование производства на предприятии // Ростов на Дону, 2000г.
21. Организация производства. Под редакцией Фатхутдинова // Москва: Инфра-М, 2000г.
22. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта // Москва: Финансы и статистика, 2000г.
23. Ковалев В.В. Финансовый анализ // Москва: Финансы и статистика, 2000г.
24. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия // Минск: Новое знание, 2000 г.
25. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Г., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау // Алматы: Экономика, 2001 ж.
26. Дюсембаев К. Ш., Егембердиева, Дюсембаева Аудит и анализ финансовой отчетности //Алматы: Экономика, 2001г.
27. Горемыкин В. Л., Богомолов Л. Ю. «Бизнес-план. Методика разработки 25 реальных образцов бизнес-плана» // Москва: Филинъ, 2000г.
28. Байшалова К.С. Оптимизация плана производства зерноперерабатывающих предприятий в услових рынка, Автореферат, Алматы: 2000г.
29. Бурлибаева Д.Я. Формирование производственной программы предприятия в условиях рыночной экономики, Афтореферат, Алматы: 2001г.
30. Зусик С. И. Формирование стратегии развития предприятия в условиях рыночной экономики, Афтореферат, Алматы, 2003г.
31. Джиенбеков С.М. Оптимизация планирования произвоственного и социального развития предприятия стройиндустрии в новых условиях хозяйствования, Афтореферат, Алма-Ата: АИНХ, 1991г.
32. Саттар А. «Қара» жиһаздары: Итальяндық үлгі, отандық озық өндірісі // Алматы ақшамы.- 2003 жыл, 22 ақпан.
33. Шөпеғұл Ж. «Айна-жасаудың» жиһаздары шетелдік кәсіпорындар да тапсырыспен жасалатын тауарға айналды // Егемен Қазақстан.- 2004 жыл, 25 шілде.
34. Экономика предприятия: перевод с нем. / под ред. Ф.К.Беа, Э. Дихтла, М. Швайтцера. – Москва, 1999г.
35. Басовский Л. Е. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. – Москва: Инфра-М, 1999 г.
36. А.В. Виленский. Вексель как денежный суррогат в российском финансовом обращении. - Проблемы прогнозирования. – 1998. - N 4.
37. Т.И. Волкова, А.Л. Немиров. Система планирования производства и сбыта продукции текстильного предприятия в условиях формирования рыночной экономики. // Межвузовский сборник научных трудов. - Иваново: Ивановская ГТА, 1994 г.
38. Ю.В. Кузнецов. Организационные структуры промышленности и их влияние на оборотный капитал. - Проблемы прогнозирования. – 1997. - N 5
39. «Ассоль компани» ЖШС кәсіпорнының 2003-2004 жылдардағы қаржылық және бухгалтерлік есеп мәліметтері.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстірлігі

Дипломдық жұмыс
Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыру
(Ассоль компани ЖШС мысалында) тақырыбына жазылған

520830 Экономика (бакалавр) мамандығының 4 курс студенті

Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында қорғауға жіберіледі

Алматы 200
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастырудың
теориялық аспектілері

1.1. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастырудың
мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлаудың жіктелуі және
түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
1.3. Нарық жағдайында кәсіпорын қызметін жоспарлауды ұйымдастырудың
қағидалары мен көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... 18

2. Нарық жағдайында Ассоль компани ЖШС кәсіпорнының экономикалық
белсенділігін және көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыруды талдау

2.1. Ассоль компани ЖШС кәсіпорнының экономикалық белсенділігін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26
2.2. Ассоль компани ЖШС кәсіпорнының көрсеткіштерін жоспарлауды талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
41

3. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыруды
жетілдіру жолдары

3.1. Қазақстан Республикасында жиһаз өндіретін шағын кәсіпорындарды
дамытудың мемлекеттік жоспарлары ... ... ... ... .. 54
3.2. Ассоль компани ЖШС кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлуды
ұйымдастыруды оңтайландыру бойынша
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. ... ... ... ... ... 64

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 77

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80
Қосымшалар

КІРІСПЕ
Өзінің келешекте қалай жақсы дами алатынын, өзінің мүмкіншіліктерін,
бәсекелестіктердің жағдайы туралы ақпаратты білмейінше нарық жағдайында
сәттілікке жету мүмкін емес. Сондықтан да әр кәсіпорын өзінің еңбек және
қаржы ресурстарының есебін, материалдық қажеттілігінің есебін білу керек.
Осы барлық есептеулердің арқасында кәсіпорындар өз қызметінің келешекте
сәтті дами алатынын қамтамасыз ететін жоспарын құра алады.
Жоспарлау коммерциялық және өндірістік қызметте ғана емес, сонымен
бірге барлық кәсіпорынның ұйымдық-құқықты түрлері үшін өте қажетті болып
табылады.
Баяғыдан бері әртүрлі бизнес аясында сәтті қызмет жасау мен нарық
жағдайындағы жоспарлау арасында жоғары жағымды корреляция бар екенін,
АҚШ–тың көптеген мамандары зерттеулер жасап, анықтап білген.
Өзінің қызметін жоспарлауға негізделіп жасаған кәсіпорын жүйелік
жоспарлаусыз істеген кәсіпорынға қарағанда жоғары экономикалық нәтижелерге
ие болатыны бәрімізге мәлім.
Мемлекет деңгейінде де жоспарлар құрастырылады. Ел басшымыз қазақ
халқына өз Жолдауын айтқан кезде келешек даму жөнінде былай деген: Біздің
стратегиялық мақсатымыз – бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарында лайықты
орынға ие болу. Сондықтан да мемлекет өзінің орта мерзімді және ұзақ
мерзімді міндеттерін анықтады. Бұл міндеттер еліміздің нақты жоспарларын
анықтауға негіз болады[1]. Ел басшымыз, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның
келешек дамуы жөнінде құрастырған ең басты жоспарларының бірі 2030-
стратегиясы болып саналады. Бұл стратегияда Ел басшымыз былай деген: Біз
ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсаттарымызға алып
келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін
анықтап, өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, мықты стратегияға
ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген
күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз [2].
2030-стратегия негізінде жасалған индустриалды-инновациялық
стратерияның орны ерекше. Бұл бағдарлама ғылым мен техника жетістіктерін
пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының
бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргізуге бағытталған. Бұл
стратегия экономиканың диверсификациялануына бағытталған келешектің
бағдарламасы [3].
Сонымен бірге кәсіпорындарды дамыту бағдарламалары, негізгі бағыттары
көптеген көрініс тапты. Соның ішінде ҚР-ң Президентінің 2005 жылғы 18
ақпан Жолдауында былай айтылған: Біздің шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түсінуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік
ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек
[4].
Сондықтан да кәсіпорынды жоспарлау, дамыту қазіргі кезде өте өзекті
мәселенің бірі болып отыр. Көптеген ғылымдар өз зерттеулерінде былай айтып
өткен: Егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда
сізді ол жерге кез-келген жол алып баруы мүмкін. Осыны естен шығармай,
болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді жоспар
түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз[2].
Нарық жағдайында кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарда жақсы пайда табу
үшін жан-жақты негізделген, ойластырылған жоспар болуы тиіс. Жоспар – бұл
бизнестің стратегиялық және тактикалық жақтарын анықтайтын құжат, сонымен
бірге кәсіпорын мақсатын, техникасын, технологиясын, өндірісті
ұйымдастыруын таңдау және өнім өткізу құралы болып саналады. Жақсы жасалған
жоспардың болуы кәсіпкерліктің белсенді дамуына, инвесторларды және несие
берушілерді, серіктерді тартуына мүмкіндік береді.
Жоспар қызметті басқарушы және іске асырушы құрал болып табылады. Ол
идеяларды, мақсаттарды тексеру үшін, кәсіпорын басқарылуының тиімділігін
және қызмет болжауының нәтижелігін көтеру үшін қолданылады.
Жаңа жағдайларға байланысты тұрақты жоспарлаудың болуы кәсіпорын
жұмысының сараптамалы нәтижелігін бағалау құралы ретінде қолдануға
мүмкіндік береді.
Нарық жағдайында кәсіпорын қызметінің нәтижелі жұмысы даму жоспары,
өндірістік бағдарламасы, кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму
болжамдары жетілдіріп жүргізілсе ғана мүмкін болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып жалпы кәсіпорындағы жоспарлауды
ұйымдастыру әдістерін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыс мынадай міндеттерді шешуге
бағытталған:
- кәсіпорын көрсеткіштерінің жоспарлаудың теориялық аспектілерін танып-
білу;
- кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау;
- кәсіпорында жоспарды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру жолдарына
бағытталған ұсыныстарды жасап беру.
Талдау және зерртеу объектісі ретінде Ассоль компани ЖШС кәсіпорны
алынды. Ол жиһаз жасауға, құрастыруға маманданған кәсіпорын .
Дипломдық жұмыс теориялық және әдіснамалық негізіне Ресей, Қазақстан
және шет елдердің ғылым экономистердің еңбектері, Ассоль компани ЖШС
кәсіпорнының бухгалтерлік балансы, қаржы-шаруашылық есебі және т.б.
мәліметтер жатады.
1. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастырудың
теориялық аспектілері

1.1. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастырудың
мәні мен қажеттілігі

Қазақстан экономикасының нарықтың даму жағдайында қоғамның көптеген
әлеуметтік және экономикалық сұрақтарын, мәселелерін жаңа көз қараспен
қарастыруға тура келеді. Нарық қатынастарының қалыптасуы жаңа шаруашылық
механизімнің шаруашылық субъектілер деңгейінде құрылуымен қатар жүреді.
Бұндай қатынастар кезінде маңызды орын шаруашылық субъектілердің өндірістік-
шаруашылық қызметін жоспарлауға беріледі.
Қазіргі кезде экономиканың мәселелерін шешу жоспарлау мен болжау
салдарына негізделген экономикалық үрдістерді тиімді ұйымдастырусыз мүмкін
емес. Қатаң бәсекелестік күрес жағдайында өзінің тұтынушыларын жоғалтпау
үшін нарық жабдықтаушыларды өз қызметін ұқыпты жоспарлауға мәжбүр еткізеді.
Өзінің бәсекелестерінің артында қалмау үшін әрбір өндірістік ұйым өз
қызметінің мүмкіншілікті дамуын және нарық қажеттіліктерін кем дегенде 2-3
жылға арналған дұрыс ойластырылған жоспар жасау керек. Бұл жоспарларын
өндірістік ұйым дұрыс ұйымдастырып, әрбір кезең бойынша бейімділігін майда-
шүйдесіне дейін қадағалап отыруы қажет. Жоспарды тек жасап қана қоймай,
оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру мен басқару өте маңызды мәселе. Дұрыс
ұйымдастырылған жоспар - бұл кез-келген өндірістің негізгі жетістікке жету
шарты болып табылады.
Мұқият ойластырылған және нақты ұйымдастырылған жоспарсыз нарыққа өз
өнімімен шығу - өндірістің сәтсіздікке ұшырауының кепілі.
Нарық жағдайында экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорын қызметін
жоспарлау басты элемент болып табылады. Қазіргі нарық қатынастары кеңінен
тараған уақытта, еліміздің кәсіпорындары мен ұйымдарында істің нысандары
мен әдістерін жетілдіру жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілуде, жеке
бастаманы және шағын кәсіпорындар құру жаңа импульс алып дамуда. Жұмыс
істеп жатқан өндірістік және өндірістік емес үрдістерді басқару тәсілін,
ұйымдастыру және шешім қабылдаудың қағидаларын өзгертуді талап етеді.
Барлық меншік иелері мен менеджерлері, бизнесті жалпы қабылданған
өркениетті ережелер шегінде жүргізіуге толығымен дайын емес. Тәжірбие
көрсеткендей жаңа басқару органдары, күнделікті пайда болып отыратын
тәжірбиелік сұрақтарды шешуге, оларды дұрыс ұйымдастыруға әдістемелік
көмекті керек етіп отыр.
Бұндай сұрақтардың бірі, кәсіпорын бейімділігін анықтау үшін өндірістің
құрылымдық қайта құрылуын іске асыру үшін, ұйымның пайдалы жұмыс жасау
үшін дұрыс ұйымдастырылған жоспар жасау қажет.
Ұйымдастырылған жоспар кез-келген қызмет түріндегі және меншік
нысанындағы кәсіпорынның маңызды құжаты болып табылады. Бәсекелестік
жағдайда әрбір шаруашылық жүргізу субъектісі нарықта белгілі бір деңгейді
иеленеді және бәсекелестік күресте өзінің күшті жақтарын пайдаланады.
Негізделген жоспар кәсіпкерлік қызметтің сенімділігіне кепіл болады.
Жоспар болашақ коммерциялық бастаулардың негізгі аспектілері бар құжат. Бұл
құжат кәсіпкердің келешекте алдынан шыға алатын мәселелерді және осы
мәселелерді шешу жолдарын анықтайды.
Жоспарды жасау келесі негізгі себептерге байланысты:
- аяқталған жоспар дұрыс қолданған жағдайда кәсіпорынның қызметін және
жоспар жасау үрдісі және ойдың қалыптасуы, істің бүкіл жобасын қатаң,
объективті түрде бағалауға итермелейді;
- басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін басқарушы құжат болып табылады.
Ұйымдастырылған жоспар ең қолайлы шешімдер қабылдауға жағдай тұғызады
және осы шешімдерге жету құралдарын анықтайды. Ал бұл өз кезегінде
кәсіпорындар үшін өте қажет.
Жалпы, Қазақстанда жоспарлар жасаудың тәжірбиесін және бизнесте өзінің
идеяларын құрастыруды, бағалауды тек енді қолдана бастады. Жоспарды жасау
ерекшеліктеріне көбінесе ұйым басшылары және кәсіпорынның барлық жеке
меншік түрлерінің кәсіпкерлері көп көңіл бөледі.
Жоспар көптеген міндеттерді орындау үшін құралады. Ол кәсіпорынның
мақсаттарын анықтауға көмек көрсетеді және кәсіпорынның дамуын анықтайды.
Келешекте бола алатын мәселелерді болдырмау шараларын қарастырады, яғни
оларды шешудің тиімді жолдарын анықтайды.
Жоспар – кәсіпкерліктің нысанына, қызмет ету аясына және масштабына
байланыссыз, қазіргі заман экономикасында қолданылатын менеджменттің
ерекше құралы. Кәдімгі нарықтық саудада табысқа жету, өз өнімімен шығу, іс-
әрекеттің жоспары мен алдын ала сенімді бағдарламасы болмаса, қолға алынып
жатқан іс туралы толық сипат алу мүмкін емес.
Жоспар жасаудың мақсаты - кәсіпорынның шаруашылық қызметін қысқа және
ұзақ уақыт аралығында нарық қажеттіліктері мен керекті ресурстарды иелену
мүмкіндіктерімен сәйкестендіре отырып жоспарлау және технико-экономикалық
негіздеу.
Жоспарлаудың қаншалықты маңызды екенін бағалау мүмкін емес. Заттарға
объективті көзқарас оның күшті және әлсіз жақтарын, қажеттіліктерді толық
анықтауға, алғашқы кезеңдерден мүмкіндіктерді белгілеуге және кәсіпорынның
мақсатына жетудегі іс-әрекеттерді оңтайландыру бойынша жоспар жасауға
кірісуге мүмкіндік береді. Жоспар сіздің кәсіпорныңызды құлаушы
кәсіпорындар қатарынан сақтап қалады. Егер кәсіпорын аз пайдалы болса, онда
жоспар бұның себебін іздеп табуға көмектеседі және қателіктерден бас
тартуға жәрдемдеседі.
Еліміздің экономикалық дамудың жаңа кезеңіне өтуіне байланысты және
шаруашылық қатынастарының даму жағдайында жоспарлау жаңа қасиеттерге ие
болып, қалыптасқан мәселелермен бірге, жаңа мәселелерді шешуге бейім болуы
қажет. Жоспарлаудың жаңа қасиеттерінің ең негізгісі жоғарғы директивті
жоспарлауды бағыттаушы жоспарлаумен алмастыру, яғни орталық ұйымдардың,
облыстардың және жергілікті ұйымдардың, кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы
өзара келісімділікті білдіреді. Нарық өнімнің жоспарлы реттеудегі экспертті
реттеушісі ретінде саналып, жоспарлау мен шаруашылық субъектілердің тура
және кері байланысын қамтамасыз етеді. Нарықтың өзбетімен реттеушілігі
жаһанды, экономикалық және әлеуметтік үрдістердің құлдырауына және
сәтсіздікке ұшырауына әкеледі. Үкімет, жоспарлау мен экономикалық реттеу
мүмкіндігіне сүйене отырып, қалыптасқан өзгерістерді түзетіп, нарық
қатынастарын мезгілді түрде қайтадан осы заманғы бәсекелестік жағдайына,
экономиканы жаңа балансталған күйіне қайтарады.
Жоспарлы жүйе нарықсыз, нарық қатынастарсыз, механизімсіз және
керісінше шаруашылықтың нарық жүйесі жоспарсыз, реттеусіз және болжаусыз
жеткілікті, нәтижелі дами алмайды. Нарық еркіндігінің кез-келген
деклорациясында экономика дамуының жоспарлары (нақты жоспарлар, бұйрықтар
мен директивтер емес) барлық елдерде жасалынады. Жоспарлар мен болжаудың
объективті қажеттілігі бір қатар жағдайларға байланысты болып келеді.
Біріншіден, экономиканың тұрақты даму кезеңінде ғылыми техникалық
прогресстің ықпалы артуда, осы заманғы және күрделі технологияларға,
өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың ұтымды күйлеріне көшіп барамыз. Ал
бұл, өз кезегінде, зардаптың жоспарлауын, болжауын қажет етеді. Екіншіден,
жоспарлау мен болжау басқарудың қажетті қызметі болғандықтан, экономикалық
дамудың циклдылығын болжап беру, тепе-теңдіктің серпінді күйін қолдау,
пайда болған бұзылуларды қалпына келтіру үшін, сонымен бірге экономикалық
және әлеуметтік нәтижелер арасында байланысты қалыптастыру, орта деңгейден
төмен өмір сүретін халықтың мүддесін қорғау үшін үкіметпен қолданылады.
Үшіншіден, нарық жағдайында кез-келген фирма немесе кәсіпорын құқықтық
нысанына және шаруашылық түріне, құрылған мерзіміне және өндіріс мөлшеріне
қарамастан өзінің даму стратегиясын және кәсіпорын қызметінің ақырғы
мақсатына жету үшін кәсіпкерлік қызметінің тактикасын жасау тиіс. Сол
сияқты ғылыми дәлелденген жоспарлау мен болжау негізінде дұрыс даму бағыты
таңдалған жағдайда экономика да ойдағыдай дами алады. Жалпы айтқанда,
жоспарлау бұл алдына қойған әрекеттерді қажетті деректермен қамтамасыз
етуге бағытталған ақпаратты ой еңбегімен өңдеу болып саналады. Жоспарлауға
қарама-қарсы ұғым импровизация.
Жоспарлау мен болжау - бұл, ең алдымен, қоғамдық өндіріс нәтижелерін
және дамуын, оның заңдылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік және
ғылыми техникалық прогресс тенденцияларын, обьективті тәуелділікті және
экономикадағы себеп-салдар қатынастарын ғылыми болжап білу.
Зерттеу үрдістерге әсер ету сипаттамасының нақтылық деңгейіне қарай
болжаудың үш түрлі нысаны ажыратылады: гипотеза (жалпы ғылыми болжау),
болжау және жоспар.
Гипотеза грек тілінен аударғанда – негіздеу, шамалау деген ұғымды
білдіреді.
Болжау грек тілінен аударғанда күн бұрын білу деген ұғымды білдіреді.
Яғни қандай да болмасын жағдайда, құбылыста, үрдісте алынған ақпарат
негізінде болған өзгерістерді болжап білу. Жоспарлаудың құрамына нақты
анықталған мақсаттар қойылымы, зерттеліп жатқан обьектінің бөлшекті, нақты
жағдайды болжап білу кіреді. Жоспардың алдына қойған міндеттерді нақтылау
және дамыту жолдары белгіленеді және қабылданған басқарушылық шешімдері
дәлеледенеді. Сонымен, болжау жоспарда нақтылыққа және анықтылыққа ие
болады. Болжау сияқты жоспар да нәтижелер мен нақты-қолданбалы теория
жетістіктерге негізделеді. Жоспарлау кезінде мына үлгі қолданылады:
мақсаты - директивті, оған жету құралдары мен жолдары –детерминивті,
ресурстары – шектеулі. Ал болжау кезінде басқа үлгі қолданылады:
мақсаттары - теориялық барып жетерлік, оларға жету құралдары мен жолдары –
мүмкін, ресурстары – ықтимал. Жоспарлау ғылымы қоғам дамуының пропорциялар
мен қалыптасу қарқынмен байланысты экономикалық заңдылықтары мен
үрдістердің ерекше көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның міндеті мына
сұрақтарға жауап беру. Экономикалық заңдылықтарына сүйене отырып экономика
дамуының жоспарын қалай жасау және жүзеге асыру. Бұл міндеттердің жүзеге
асырылуы, біріншіден, экономикалық дамудың заңдылықтарының қаншалықты нақты
анықталғанына және олардың сараптамалық қызметінде қаншалықты толық
қолданылатындығына байланысты болады.
Жоспарлау міндеттерінің сараптамада қолданылуы мына жолдармен іске
асырылады:
- экономика (кәсіпорын) дамуының мақсаттарын белгілеу;
- оларға оңтайлы түрде жету құралдарын іздеу;
- қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтау.
Жоспралаудың маңыздылығын бағалаған кезде мына жағдайларды атап өтуге
болады. Біріншіден, жоспарлау кезінде негізгі мақсаттар анықталып, осы
мақсаттарға жетудің басым міндеттері мен құралдары анықталады. Екіншіден,
жоспарда еңбек, материал және қаржы ресурстарының тепе-теңдігін қамтамасыз
етіліп, экономика (кәсіпорын) дамуының қажетті инфрақұрылымы ұсынылады.
Үшіншіден, жоспар – бұл нарықтағы әртүрлі субъектілер арасындағы келісімге
жетудің нәтижелі құралы, ол үкіметтің (басқарушының) экономика саясаты
жөнінде ақпаратты қоғамға жеткізу құралы болып саналады. Төртіншіден,
жоспарда экономикалық болжау беріледі. Бұл болжауға сәйкес экономика дамуы
мүмкін және қажет.
Сонымен үкімет жоспар және болжау көрсеткіштері арқылы жеке
компанияларды, кәсіпорындарды белгіленген экономика саясатымен таныстырады,
ал жеке кәсіпорындар, компаниялар соған негізделіп өзінің ұзақ мерзімді
және орта мерзімді бағдарламаларын, жоспарларын жасайды.

1.2. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлаудың жіктелуі және
түрлері

Шаруашылық субъектінің даму жоспары келесі кепілдемелік сипаттағы
негізгі бөлімдерді кіргізеді. Олар:
- өнімді өткізу жоспары немесе өндірістік жоспар;
- техникалық даму жоспары;
- өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарлату жоспары;
- капиталды салымдар мен капиталды құрылыс жоспары;
- материалды–техникалық қамтамасыз ету жоспары;
- еңбек және кадрлар жөніндегі жоспар;
- өнім өткізу және өндіріс шығындар жоспары;
- қаржылық жоспар;
- кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары;
- табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жұмыстары
жөніндегі жоспар.
1. Шаруашылық субъектінің даму жоспарының орталық бөлімі өнімді өндіру
жоспары болып табылады. Бұнда өнімнің жеке түрлерін натуралды және құндық
көрінісіте өндіру тапсырмалары және өнімнің келешекте сапасын жоғарлату
жұмыстары белгіленеді. Құндық көріністегі өнім көлемін анықтау үшін
өткізілген, жалпы және тауарлы өнім көрсеткіштері қолданылады. Маңызды
орынды өндірісті мамандандыруды, кооперациялауды және біріктіруді жоспарлау
алады.
2. Шаруашылық субъектінің даму жоспарының маңызды бөлімі - ғылым мен
техниканың даму жоспары. Еңбектің ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын
енгізетіндіктен бұл жоспардың негізгі бекітілген міндеті – ғылыми
техникалық прогрессті жеделдету. Бұл бөлімнің ажырамас бөлігі
метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттауды жоспарлау болып табылады.
Техника және ғылым жоспарының көрсеткіштері негізгі және көмекші өндірісті
ажыратудағы еңбектің механизация және автоматизация деңгейі; елде алғашқы
рет өндірісті меңгеріп алу өнімі; өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату
жұмыстары арқылы жоспарланған кезең ішінде тауарлы өнімнің өзіндік құнының
төмендеуі және еңбек өнімділігінің өсуі, жұмысшылар санының қатыстық
төмендеуі және оның өндірістік үрдісі үшін шығарылатын өнім сапасының,
құрал-жабдықты пайдаланудың, өндіріс материал сиымдылығының, натуралды
көріністегі еңбек өнімділігінің ерекшелік көрсеткіштері.
3. Шаруашылық субъектінің даму жоспарлауындағы маңызды болып
өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарлату жоспары табылады. Бұл
жоспарда өндірісті экономикалық тиімділігін жоғарлатудың жинақталған
көрсеткіштерімен бірге материалдық ресурстарды, капиталдық салымдарды,
айналым құралдарды, негізгі құралдарды және нақты еңбекті пайдаланудың
тиімділігін жоғарлату көрсеткіштері беріледі. Бұл көрсеткіштер есебінде:
А. Ақша және натуралды көріністегі өндіріс өнімінің өсу қарқындары;
шығарылған өнімнің 1тг-ге шаққандағы шығындар, жалпы рентабельділік; еңбек
өнімділігінің өсу қарқындары және осы өсу қарқындарының жоғарлауынан
болған өнім шығару бөлігінің өсуі.
Б. Қорқайтарымдылығы. 1тг-ге тауарлы өнімнің өндірісіне кеткен негізгі
өндірістік құралдардың орташа жылдық құны.
В. Айналым құралдардың айналымдылығы; капитал сиымдылығының және материал
сиымдылығының көрсеткіштері.
4. Күрделі құрылыс жоспары жаңа жолдар салуын, істеп жатқан шаруашылық
субъектіні кеңейту мен қайта қалпына келтіру, объектілер мен цехтарын
кеңейтуін мен құрастыруын және істеп жатқан өндіріс техникасының
қайтақарулануын, яғни құрал-жабдықтардың жаңарылуын, ескі құрал-жабдықтарды
өнімділігі едәуір жоғары жаңасына ауыстыруын, өндіріс технологиясын
жетілдіруін және өндірістік үрдістердің механизациясын және
автоматизациясын көрсетеді.
Күрделі құрылыс жоспарының көрсеткіштері: өндірістік қуаттылығын және
негізгі құралдарды бөлек объектілер мен өндірістік құрылыстар белгілеуін
ұйымдастырушы-техникалық және техникалық қайтақарулану жұмыстарының жүзеге
асырылуы арқылы өндірістік қуаттылығының өсуі; күрделі салымдар мен құрылыс-
монтажды жұмыстарының көлемі; аяқталмаған өндіріс көлемі.
5. Материалды-техникалық қамтамасыздандыру жоспары өнімнің ең негізгі
түрлерін өндіру мен пайдаланудың материалдық есептер жүйесін және оның
өткізілу жоспарын ұсынады. Өндірістегі материалдық ресурстарға деген
қажеттілігі, оларды бөлу және қолдануы ғылыми дәлелденген шикізат,
материал, отын мен энергия шығындарының нормасы және ғылыми дәлелденген
құрал-жабдықтарды, машинаны, механизмдерді қолдану нормативтерінің
негізінде жүзеге асырылуы қажет. Материал-техникалық қамтамасыздандыру
жоспары шикізат, материал, отын мен энергияның үлестік шығындарды төмендету
есептеулерімен жасалынады.
6. Еңбек пен кадрлар жоспарын жасаған кезде басты міндет - өндіріс
көлемінің көбеюі мен оның тиімділігін жоғарлатудың негізгі шарты ретінде
еңбек өнімділігінің жүйелік жоғарылауын ескеру болып табылады. Еңбек
өнімділігінің көрсеткіштері: өндірістік-өнеркәсіптік персоналдың орташа
тізімдік жұмыскеріне есептегенде, тауарлы өнімнің жылдық шығарылуы сәйкес,
оның бағасы бойынша есептелінеді. Бұл бөлімнің басқа маңызды көрсеткіші
болып еңбек ақы қоры табылады. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбек ақысы
есептелінеді. Кәсіпорынның жұмыс күшіне қажеттілігін анықтау үшін қосымша
жұмысшылар мен жұмыскерлер қажеттілігінің және оларды қамтамасыз ету
көздерінің теңестірілген есептеулері жүргізіледі.
7. Барлық жоғарыда айтылған жоспарлардың жалпылама бөлімі болып өндіріс
шығындары және өнімді өткізу бойынша жоспары саналады. Бұл бөлімді жасаған
кезде кәсіпорын алдына мынадай міндеттер қойылады: өндіріс тиімділігін жан-
жақты жоғарылату, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын мейлінше
ұтымды пайдалану.
Өзіндік құнды жоспарлаудың тікелей мақсаты - жоспар көздеген қажетті
өнім өндіру үшін кеткен шығындарының экономикалық дәлелденген мөлшерін
анықтау. Ал пайданы жоспарлаудың міндеті бұл өндірістік қызмет нәтежесінде
алған табыс мөлшерін есептеу. Шығындар бойынша жоспар өнімді өткізу мен
өндіру, жоспардың басқа бөлімдерін, техника мен ғылым жетістіктерін енгізу
негізінде жасалынады.
8. Қаржылық жоспарда қаржы көрсеткіштерінің ең бастылары
орналастырылады:
А. Айналым құраладарына деген қажеттілікті есептеулер мен олардың
айналымдылығын тездету тапсырмасы;
Б. Кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен әріптестікке бөлу;
В. Негізгі құралдарды құру және қолдану, табыс бойынша тапсырма.
9. Ұжымның әлеуметтік даму жоспарында шаруашылық субъект ұжымының аса
актуалды әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстар, еңбек ету, демалу
және тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері қарастырылады. Өндіріс дамуына
және оның тиімділігін жоғарлатуға әлеуметтік жұмыстар әсерінің күшеюі
қарастырылады.
10. Шаруашылық субъектінің даму жоспарының қорытынды бөлімі - табиғат
ресурстарын ұтымдыды пайдалану және табиғатты қорғау бойынша жұмыстар
жоспары. Ол келесі бағыттарды кіргізеді: жерді ұтымды пайдалану және
қорғау, минералды ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау. Бұл жоспар аз
қалдықты және қалдықсыз технологиялық үрдістерді кеңінен енгізуді және
табиғат ресурстарын толығымен немесе кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін
және қоршаған ортаға ықпалын мейлінше аз немесе мүлдем төмендететін
өндірістерді дамытуды қарастырады.
Егер жоспарлау үрдісі ең басынан дұрыс ұйымдастырылса, ол кәсіпорынды
жақсы жетістіктерге әкеледі. Ең алдымен жоспарлауға кірісудің алдында,
кәсіпорында жоспарлауға жауапты адамдарды, жоспарлау мазмұнын және
кезектілігін анықтау қажет.
Жоспарлау үрдісінің элементтерін анықтағаннан кейін, осы қызметке
жауапты адамдар жоспарлау әрекетінің кезектілігін орнату қажет.
Жоспарлау үрдісінің сызбасына байланысты стратегиялық жоспарлаудан
кейін тактикалық жоспарлау жүреді. Көбінесе менеджерлер стратегиялық
жоспарлауды бастамай, оперативті жоспарлауды болжамдау қызметінің негізі
ретінде санап, оперативті жоспар жасайды. Бұл жерде керісінше бірінші
оперативті жоспар, содан кейін стратегия таңдалады. Бірақ тәжірбие
көрсеткендей, біртіндеп 2-3 жылдық циклдан кейін менеджерлер қажетті
дағдыларына ие болып, стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығын көріп,
стратегиядан тактикаға көшуі ыңғайлы екенін айқындайды.
Егер үрдістің мазмұны мен кезектілігі анықталған болса, онда
ұйымдастыру үшін үлгі жағымды болып табылады. Бұл үлгі жоспарлау үрдісін
календарлық кезектікте жүзеге асырады. Үлгілер әртүрлі күйде болуы мүмкін:
диаграмма, сызба, графикалық тізбек, графикалық-пирамида және т.б. Бұл
үлгілер мыналарды ұйымдастыруға көмектеседі:
- жалпы жоспарлау үрдісін дұрыс түсінуге;
- жоспарлау үрдісін жіктеуге және үрдіс сатыларын жыл кезеңінің өзгерісі
бойынша орналастыруға;
- жоспарлау үрдісінің әрбір кезеңінің жүзеге асырылу жұмыстарындағы
бақылау үрдісін ұйымдастыруға.
Әрине кезекті үлгілер жоспарлаудың жан-жақты құжаты бола алмайды,
себебі:
- біріншіден, үлгілер кәсіпорын ішіндегі барлық өзгерістерді бейнеле
және жоспарлау үрдісінің бүкіл элементтерін көрсете алмайды;
- екіншіден, үлгі бойынша жоспарлау үрдісінің барлық элементтерінің
арасындағы басты, ақпарат ағымын және күшті ықпалын белгілеу қиынға
түседі.
Жоспарлауды ұйымдастыру мен жалпы жоспарлар туралы көпшілік ақпараттар
ауызша түрде, яғни арнайы хабарлама ретінде жиналыста және т.б. кезде
жіберіледі. Сонда да үлгілерді жасау жоспарлау үрдісінің қатысушылары үшін
өте маңызды, себебі бұл жоспарлау қызметін тәртіптендіреді. Әдеттегідей
қаржылық жылдың 1 және 2 тоқсанда стратегиялық жоспар, ал қалған
тоқсандарда оперативті жоспар жасалады. Жоспарлау үрдісі үзіліссіз болу
үшін, көптеген кәсіпорындар өтпелі жоспар жасайды. Бұндай жоспарларда әрбір
өтіп кеткен жыл орнына жаңа жыл қосылады. Мысалы, 1999-2003 жылдар
аралығындағы 5 жылдық гоизонт анықталды. 1999 жыл өтіп кеткеннен соң 2003
жылдан кейінгі 2004 жыл қосылады. Сөйтіп келесі жаңа 5 жылдық горизонт
анықталады, яғни 2000-2004 жылдар аралығы. Бұндай жағдайда нарықтағы,
технологиядағы, саясаттағы, кәсіпорындағы ішкі факторлардың да жаңа
құрылған жоспарға қажетті өзгерістер ескеріледі.
Жоспарлаудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жоспарлау үрдісіне мыналар
қатысады:
А. Ұйымның жоғарғы басшылары
Б. Жоспарлаушы топ
В. Бөлімшелердің басшылары мен мамандары.
Егер ұйымның барлық қызметкерлері жоспардың жасалуына және талқылауына
қатысатын болса, бұл жағдай тілек-мүдде көрінісі болып табылады.
Қатысушылар арасында міндеттер былай бөлінеді: жоғарғы басшылар
жоспарлаудың архитекторлары болады және кезекті жоспардың негізгі фазаларын
анықтайды.
Жоғарғы менеджмент жоспарлау үрдісін ұйымның барлық жұмыскерлері үшін
түсінікті және қолжетерлік болатындай етіп жасау қажет және жоспарлауға
өзінің қызметкерлерін қатыстыруды қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге
кәсіпорын басшылары дамудың негізгі мақсаттарын және оларға жету құралдарын
анықтайды. Стратегияны жасау жоғарғы менеджменттен аналитикалық
қабілеттілікті және масштабты ойластыруды талап етеді.
Жоспарлау қызметі кәсіпорын стратегиясын жасауға қатысады және оның
негізгі мақсаттарын белгілейді. Бұл қызметті жоспарлаушы жүзеге асырады. Ол
кеңес беруші ретінде болады. Көпшілік жағдайда стратегия сұрақтарын
жоспарлаушы мен жоғарғы басқарушы бірге әңгімелесіп, шешеді. Бірақ соңғы
шешімдерді, стратегияны бекіту туралы шешімдерді жоғарғы басқарушы
қабылдайды.
Жоспарлаушы, басқа мамандармен бірге ұйымның сыртқы және ішкі орта
талдауын және бағалауды жүргізеді. Жиі жоспарлаушы кәсіпорынның бағалы
ақпаратын біледі.
Менеджерлермен бірге жоспарлаушы кәсіпорын келешегі жөнінде болжам
жасайды. Жоспарлаудың соңы болжамдарын жасауды ұйымдастырады. Жоспарлаушы
жоспарлау техникасы туралы кеңес береді және жоспарлаудың қәсіпқой
әдістерін таратуға қатысады.
Жоспар жасаушының жеке бас қасиеттері. Жоспарлаушы жоспар жөнінде
шешім қабылдамаса да, ол жоспарлау үрдісіндегі мазмұнды және
ұйымдастырушылық аспектілерін анықтаудағы өте маңызды мүшесі болып келеді.
Кәсіпорын келешегін көру және жасау жоспарлаушының жеке бас қасиеттеріне
келесі салмақты талаптар қойылады:
- жақсы теоретик, абстрактылы ойлау дағдылары және дипломат
қасиеттерінің болуы;
- кәсіпорын стилін сезіну, өз білімін кәсіпорын саясатында қолдана алу;
- әртүрлі жоспарлау технологияларын білу;
- ұйымда істеп жүрген әртүрлі деңгейдегі мамандармен кәсіпқой деңгейде
қарым-қатынаста бола алу;
- кәсіпкерлік, өндірістік жұмыс саласында тәжірбиелі болу және басқарушы
тәжірбиелі болу және басқарушы тәжірбиесіне ие болу;
- жан-жақты, терең ойлайтын адам болу.

1.3. Нарық жағдайында кәсіпорын қызметін жоспарлауды ұйымдастырудың
қағидалары мен көрсеткіштері

Жаңа заман жағдайында шаруашылық субъектілерінің даму жоспарын жасаған
кезде жоспарлаудың әдіснамасын жетілдіруге көп мән беріліп отыр. Яғни
жоспар жасалу әдістері мен тәсілдердің біріктірілуі.
Жоспарлау әдіснамасын жетілдірудің негізгі бағыттары:
- жоспардың ғылыми-техникалық және есепті-экономикалық негіздемесінің
деңгейін жоғарлату;
- есепті-баланстық, технико-экономикалық нормативтер мен нормаларының
озықты жүйесін кең қолдану;
- өндіріс нәтежелігін жоғарлату мақсатында көрсеткіштер жүйесін
жақсарту, яғни – материал сиымдылығын төмендету, еңбек өнімділігінің
өсуі, жоғары сапалы өнімдер түрлерінің шығарылуын көбейту, жоспардың
мұқият тепе-теңдігімен және ынта қоюшылығымен қамтамасыз ету.
Шаруашылық субъектілерінің даму жоспар негіздемесі технико-экономикалық
нормативтер мен нормаларының озықты жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Қолданып отырған технико-экономикалық нормативтер мен нормалар озықты
болуы қажет, яғни оларды жете зерттеу кезінде ғылымның, техниканың,
технологияның, еңбек өнімділігін ұйымдастыруының жаңа заманға сай даму
деңгейін ескеріп, өндірістік қуаттылығын және өндірістік тәжірбиені
қолайлы, толығымен пайдалану керек.
Нормаларға жоспар кезеңінің технико-экономикалық және жұмыстың
ұйымдастырушылық жағдайлары негіз ретінде қарастырылады.
Технико-экономикалық нормалар мен нормативтер келесі негізгі топтар
арқылы жасалынады:
• нақты еңбек шығындарының нормалары, өнімнің бірлігіне кеткен жұмыс
уақытының шығын нормасы, уақыт бірлігіндегі шығарылған өнімнің
нормасы, қызмет көрсету нормасы, сандық нормалары.
• материалдық шығындар нормалары, материалдар, отын мен энергия,
құрастырушы бұйымдар, шикізат шығындарының үлестік нормасы.
• еңбек құралдарын қолдану нормативтері, механизімді, құралдарды, құрал-
саймандарды, машиналарды қолдану нормативтері.
• өндірістік үрдісті ұйымдастыру нормативтері, өндірістік циклдың
ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, материал, отын мен энергия,
шикізат запастары.
• кәсіпорын, цехтар мен өндіріс әрекетіне кіргізілген қуат жобаларының
қамту нормаларының ұзақтығы.
Жалпы нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін
есептелінеді, жасалынады.
Технико-экономикалық негіздемесінің және өндіріс тиімділігін
жоғарлатудың қажеттілігін жоспарлы көрсеткіштер жүйесін анықтайды.
Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер сандық және сапалық, көлемді және
үлесті болып бөлінеді.
Жоспардың сандық көрсеткіштер абсолютті мөлшерде көрсетіледі. Оларға
мыналар кіреді: тауарлы жалпы өнімнің көлемі, өткізу көлемі, жұмысшлар
саны, жұмыскерлер саны, еңбек ақы қоры, табыс сомасы, әртүрлі өндірістік
шығындар мөлшері және т.б.
Жоспарлаудың сапалық көрсеткіштері қатысты мөлшерде көрініс алады. Олар
өндірістің бөлек факторларының экономикалық тиімділігін көрсетеді. Яғни
бұл еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі және т.б.
Сонымен бірге сапалық көрсеткіштерге сандық көрсеткіштер де кіреді, мысалы
өндіріс пайдалылығы, қорқайтарымдылығы, өнім сапасы және т.с.с.
Көлемді және үлестік көрсеткіштер. Көлемді көрсеткіштер өндіріске
қатысатын жеке үрдістердің және факторлардың жалпы абсолютті мөлшерін
белгілейді. Мысалы жалпы өндіріс көлемі, еңбек материалдық ресурстар
шығындарының көлемі және т.б.
Үлестік көрсеткіштер екі немесе одан да көп көрсеткіштердің қатынасын
белгілейді. Мысалы, өнім бірлігіне кеткен шикізат шығындары, өндірістік
қуаттылығының бірлігіне кеткен капиталды шығындар. Жоспар көрсеткіштерін
есептеу үшін натуралды, еңбекті және құндық өлшем бірліктері қолданылады.
Натуралды өлшемдер өндіріс көлемін, материалдық ресурстарын жоспарлаған
кезде қолданады. Оларды артықшылығына көрсеткіштердің сандық көрінісі және
сапалық мінездемесі жатады. Бірақ бұл өлшемді қолдану шегі бар. Яғни
әртүрлі натуралды сипаттамасы бар көрсеткіштерді жалпылап алмауында.
Белгілі бір белгі бойынша әртүрлі біртекті бұйымдардың өндіріс көлемін
өлшеу үшін шартты-натуралды өлшемдер қолданылады. Бұл жағдайда бір шартты
бірлік үшін біртекті бұйым есептеліп, қалғандары оған белгілі бір белгі
бойынша теңестіріледі. Әдеттегідей еңбек сиымдылығы бойынша.
Құндық өлшемі тауарлы-ақша қатынастар кезінде өзінің көп мәнділігін
сақтап отыр. Бұл өлшем арқылы шаруашылық субъектінің өндіріс қызметінің
даму серпінділігін, қарқын мен пропорцияны анықтайды және жоспардың барлық
бөлімдерін байланыстырады. Құндық өлшемдерде өткізу көлемі жалпы және
тауарлы өнім жоспарланады.
Шаруашылық субъектінің қызметін жоспарлау мыналарға жол береді:
• келешек дамудың мүмкіндіктерін болжап білуге;
• материалды, қаржылық және еңбек ресурстарын мейлінше ұтымдыды
пайдалануға;
• банкроттық тәуекелді болдырмауға;
• ғылыми-техникалық саясатты мейлінше нәтижелі және мақсаткерлікпен
жүргізуге;
• нарық конъюктурасына сәйкес өнімнің сапасын жоғарлатуға оның
модернизациялауын өз уақытында жаңартуға;
• өндіріс тиімділігін жоғарлатуға және қаржылық жағдайын жақсартуға.
Жоспарлау осы қасиеттерді жүзеге асыру үшін ғылыми қағидалар мен
әдістерге сүйену керек. Қағидалар деп фирманың жоспарлау үрдісін басқару
кезіндегі жоспарлаудың негізгі теориялық ережелері. Жоспарлаудың негізгі
қағидалары:
1) Жоспарлаудың үздіксіздігі, ол өзгерген жағдайларды ескеріп және
оларды жүйелік түрде тексеріп өзгерткен ұзақ, орта және қысқа мерзімді
жоспарлар арқылы жүзеге асырылады.
2) Ғылымилығы. Бұл жоспарлаудың ғылыми негізде жасалынуы керектігін
білдіреді. Яғни тексерілген соңғы жетістіктер және әлемдік тәжірбие
әдістеріне, нақты ақпаратқа негізделуі тиіс.
3) Жоспарлаудың мақсаттылығы. Яғни ресурстарды ұтымдыды пайдалану,
максималды таза табысқа және өндіріс тиімділігіне жету.
4) Басты звенолар қағидасы және олардың жүзеге асырылуының басымдылығы.

5) Өзара байланыс және координация қағидасы. Жоспарлау барлық
бөлімшелер субъектілерін біріктіріп, олар арасындағы жұмысты теңестіруі
қажет.
Жоспарлау қағидалары экономиклық ұйымдағы жоспарлау қызметінің мазмұнын
және мінездемесін анықтайды. Жоспарлау қағидаларын дұрыс пайдалануы
фирманың тиімді қызмет жасауына бағдар беріп, жоспарлау нәтижесіннің
жағымсыз болу мүмкіндігін азайтады.
А. Фойоль жоспарлаудың негізгі 4 қағидасын анықтаған. Оларды жақсы іс-
әрекет бағдарламасының жалпы шегі деп атаған.
Бұл қағидалар, бірлік, үздіксіздік, икемділік және нақтылық. Біраздан
соң Р. Акофф жоспарлаудың тағы бір маңызды қағидасын дәләлдеп берді. Бұл
қағида – қатысу қағидасы.
Бірлік қағидасы. Бұл қағида экономикалық ұйымдағы жоспарлау жүйелі
түрде жүруі керек деп болжайды. Жүйе ұғымы мынаны білдіреді:
- элементтердің бірлік нысанда болуы;
- олар арасындағы байланыс;
- жүйе элементтерінің даму тәртібі, ортақ мақсаттарға бағытталуы, жету
жолдары бір бағытта болуы.
Жүйе ұғымның негізгі құрама бөліктері ішкіфирмалық жоспарлауда қалай
баяндалады? Оларды мына категория ретінде суреттеуге болады,
координация және итеграция. Жоспарлау элементтері болып ұйым бөлімінің
бөлімшелері, оған кіретін әртүрлі жоспарлау үрдісінің бөліктері табылады.
Бөлімшелер арасындағы байланыс көлденең деңгейдегі координация негізінде
жүргізіледі, яғни функционалды бөлімшелер деңгейінде (маркетинг бөлімі,
өндіріс бөлімі, қаржылық бөлім және т.с.с.).
Экономикалық ұйымның барлық элементтерінің ортақ мақсаттылығы, жоспарлы
қызметінің бір бағыттылығы, бөлімшелер бірлігінің тік шегінде және олардың
интеграция жағдайында мүмкін болады (яғни басқарушы иерархия шегіндегі
бірлік, мысалы жалпы ұйым= азық-түліктік бөлімше = цех= бригада). Бөлек
функционалды бөлімшелердің жоспарлау қызметінің кординациясы мынаны
баяндайды:
• Егер бұндай жоспарлау нақты берілген деңгейдегі бөлек бірліктердің
жоспарлау қызметтерімен байланыссыз болса, ұйым қызметінің ешбір
бөлігін нәтижелі жоспарлауға болмайды.
• Бөлімшенің бір жоспардағы болған өзгерістер, басқа бөлімшенің
жоспарларында өз әсерін беруі тиіс.
Сонымен, өзара байланыс пен бір мезеттілік – бұл кәсіпорындағы
жоспарлау координацияның негізгі ерекшелігі болып табылады.
Жоспарлау қызметінің интеграция ұғымы мыналарды болжайды: жоспарлау
үрдісінің қатысты ерекше әртүрлілігі және жеке жоспар бөлімшелері бар, яғни
жоспарлау жүйесінің әртүрлі екендігін көрсетеді, бірақ әрбір жүйе
бөлімшесінің қызметі жалпы фирма стратегиясынан шығады, ал әрбір бөлшек
жоспар жоғары бөлімше және жалпы ұйым жоспарының бөлігі болып саналады.
Ұйымда құрылған жоспарлардың барлығы - жай жиынтық немесе құжаттар жиыны
емес, бұл олардың өзара байланысқан жүйесі.
Қатысу қағидасы. Бұл қағида бірлік қағидасымен тығыз байланысты.
Қағиданың мағынасы: экономикалық ұйымның әрбір жұмыскері, оның істейтін
жұмысына және лауазымына қарамастан жоспарлау қызметінің қатысушысына
айналады. Яғни жоспарлау үрдісі өзіне қатысты адамдардың барлығын жұмысқа
тартуы керек. Қатысу қағидасына негізделген жоспарлауды партисипативті деп
атайды. Қатысу қағидасын жүзеге асырудың артықшылықтары: Біріншіден,
ұйымның әрбір қатысушысы ұйымдастыру бойынша және оны жүзеге асырудың түрлі
жақтарын біле алады. Баяғыдан гөрі қатысушы ұйымдастыру жөнінде кең және
объективті ақпарат алады. Жалпы фирмаішілік ақпаратпен алмасу үрдісі
жеңілге түседі. Екіншіден, жоспарлау үрдісіне ұйым мүшелерінің жеке
қатысуы ұйым жоспарын жұмыскерлердің жеке жоспарына айналдырады. Ал ұйым
мақсаттарына жету жұмыскерлердің жеке қажеттіліктеріне қанағаттануына
әкеледі. Ұйымдағы топ рухын көтеріп, әрбір жұмыскерде еңбекке деген
тиімділікті, жаңа және жарқын ынта пайда болады. Үшіншіден, қатысу
қағидасын қолдануы ұйым жұмыскердің жоспарлаумен айналысқаны оның жеке
тұлға ретінде дамуына әкеледі. Жұмыскердің жаңа дағдылары, жаңа білімі
пайда болады, олардың жеке мүмкіншіліктердің ой-өрісі кеңейеді. Яғни бұл
ұйым өзінің келешекте пайда бола алатын мәселелерін шешуге қосымша
ресурстарды тапты деуге болады. Төртіншіден, партисипативті жоспарлау
менеджменттің екі қызметін біріктіреді, бірақ олар жиі бір-біріне қайшы
келеді. Олар оперативті, яғни жедел басқару және жоспарлау.
Үздіксіздік қағидасы. Қағиданың мәні:
- кәсіпорындағы жоспарлау үрдісі белгіленген цикл шегінде тұрақты
жүргізілуі керек;
- жасалған жоспарлар үздіксіз бір - бірін алмастыру үрдісінде болуы тиіс.
Кейбір компанияларда жоспарлау үрдісін үзіп жіберетін кездер де болады.
Фирмалар жоспарлауды жылдың белгілі бір кезеңінде жасап, оны бекітеді де,
келесі кезеңнің басына дейін жоспарлауды тоқтатады. Ал жоспарлау үрдісі
үздіксіз болуы керек, себебі:
• сыртқы ортаның анықсыздығымен алдын-ала қарастырылмаған өзгерістер
фирманы сыртқы ортаға және жоспарлаудың түзетулер мен анықтауларына
байланысты тұрақты түзетулер жасауды мәжбүр етеді.
• тек нақты бағыттар емес, сонымен бірге фирманың мүмкіндіктері мен
байлықтарына деген көзқарасы да өзгереді. Егер фирма осыларды
ескермесе, онда жоспарланған және алынған нәтиже ешқандай пайда
әкелмейді.
Жоспарлау үрдісінің үздіксіз болуы фирма жұмыскерлердің жоспар
қызметіне тұрақты қызығуын қамтамасыз етеді.
Икемділік қағидасы. Бұл қағида үздіксіз қағидасымен тығыз байланысты.
Оның мәні жоспарлау үрдісінің және жоспарлардың болжамданбаған жағдайларға
байланысты өз бағыттылығын өзгерте алу қасиетінде. Икемділік қағидасын
жүзеге асыру үшін, сыртқы және ішкі жағдайларда болған өзгерістерді
байланыстырып, өзгертулер енгізе алатындай жасау керек. Сондықтан да
жоспарлауда қорлар болады, немесе оларды қауіпсіздік қосымшалары,
жастықтар деп атайды. Бірақ-та жоспарлаудың белгіленген қорлар шегі
болады:
- көрсеткіштерге салынған қорлар, олардың көлемі үлкен емес болуы керек,
әйтпесе жоспар нақты емес болуы мүмкін.
- өте төмен шектер жоспарлаудағы жиі өзгерістерге әкеледі, ал бұл фирма
қызметіне кері әсер тигізеді.
Қаржылық жағынан қарағанда икемділік қағидасы қосымша шығындарды қажет
етеді. Бұл шығындардың деңгейі болжамданбаған, мүмкін болатын бәсеке
деңгейіне сәйкес келуі керек. Жоспарға икемділікті қосымша шығындар арқылы
берудің де өз шектері болады. Шығындар көлемі өте үлкен болса, онда жоспар
икемділігі және оған байланысты артықшылықтар да аз болуы мүмкін.
Нақтылық қағидасы. Қандай болмасын жоспар ең жоғарғы деңгейіндегі
нақтылықпен жасалынуы керек Басқа сөзбен айтқанда, жоспар фирма қызметінің
сыртқы және ішкі жағдайлары мүкіндік беретін деңгейінде бөлшектенуі және
айқындалуы керек.
Стратегиялық, ұзақ мерзімді жоспарлау негізгі мақсаттарымен және жалпы
қызмет бағыттылығымен шектелуі керек, себебі болашақ жөніндегі нақты
ақпарат жеткіліксіз, ал өзгерістер жылдамдығы тұрақты өсіп келеді. Қысқа
уақыт мерзіміне және ұйым бөлімшелеріне негізделген жоспарлар үшін
анықтылық және нақтылық тән болуы тиіс.

2. Нарық жағдайында Ассоль компани ЖШС кәсіпорнының экономикалық
белсенділігін және көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыруды талдау

2.1. Ассоль компани ЖШС кәсіпорнының экономикалық белсенділігін талдау

Ассоль компани 2001 жылы 22 мамырда жауапкершілігі шектеулі
серіктестік ретінде құрылды. Кәсіпорынның қызмет ету аясының негізі жиһазды
Қазақстан нарығында өндіру және сату болып табылады. Компанияның жалғыз
иесі, Қазақстан Республикасының азаматы – Маканов Бейбітғазы Ибатоллаұлы
болып табылады. Ол жарғылық капиталдың 100 пайыздық иесі. Ассоль компани
ЖШС Ассоль тауарлық марканы ұсынып отырған фирмалардың бірі.
Ассоль тауарлық маркасы - Қазақстан Республикасындағы жиһаз өндіру
мен сатуда ең танымал бренд болып табылады. Ол шет елдерден жиһаз өнімдерін
әкеліп, сатумен және жұмсақ, корпусты жиһаз өндірумен айналысады.
Өзінің жұмысын Ассоль тауарлық маркасы 1997 жылы Алматы қаласында BV
& Company ЖШС кәсіпорнынан бастайды. Бұл кәсіпорын Польша Республикасынан
жиһаз әкеліп, Қазақстан нарығында сатады. Ассоль тауарлық маркасы өзін
жақсы жағымен көрсетіп, сату көлемін ұлғайта берді. Пайданың өсуімен бірге
Ассоль тауарлық маркасы 2001 жылы Ассоль компани ЖШС-ті ұйымдастырды.
Ассоль компани клиенттердің кез-келген сұранысын және қалауын
қанағаттандыратын сериялық және жеке тапсырыстармен жұмыс жасайды.
Ассоль жұмысының негізгі қағидасы – технологиялық мамандану. Бұнда әр
бір сала мінсіздікке әкелетін нақты технологиялық қызметін орындайды.
Ассоль компани фирмасы өз жұмысын Германия, Италия, Польша
(шығарылған жыл 1994 – 2000) жетілген құрал – жабдықтармен жасайды. Ассоль
компани фирманың өндірістік мекемесінің жалпы көлемі 300 кв. м. Бұл
Ассоль тауарлық маркасының сапалы өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.
Компанияның жұмысшылары мен жұмыскерлері – жоғары маманданған адамдар.
Ассоль компани №3 ықшам ауданында, 72 А үй мекен-жайында орналасқан.

Кәсіпорын басшылары: директор – Таболин Андрей Алксейұлы, бас бухгалтер
– Баранчиева Айгуль Болатқызы.
Бұл кәсіпорын шағын кәсіпорын ретінде сипатталады. Себебі жұмысшылар
саны 20 адам.
Ассоль компани фирмасы өз тауарларын негізінен табысы орта деңгейдегі
адамдарға ұсынады. Сондықтан да фирма ұсынған ассортимент өнімдеріне
тұрақты сұраныс болады.
Барлық жиһаз келесі материалдардан жасалынады: натуралды ағаш (жаңғақ,
емен), шпон, ҰАФ (ұсақ ағаштық фракция), ЛДСП. Тапсырысқа берілген жиһаздар
Германия және Италия құралдармен, соңғы технологиямен (ПВХ, софт
технологиясы) жасалады. Өндіру кезінде жоғары сапалы және кең таңдаулы
материалдар, әртүрлі танымал Маркопола фабрикасының фурнитурасы
қолданылады.
Жұмсақ жиһаз өндірген кезде испаниялық және канадалық флок, шенил,
велюр қолданылады. Түстік гаммасы өте түрлі болып келеді.
Дивандар мен креслолар пружиналық блоктан жасалады. Жастықтарды
синтетикалық жүнмен толтырады. Барлық үлгілер ыңғайлы және сәнді.
Компания жетекшілері тұрақты халықаралық семинарларға және көрмелерге
барып тұрады. Бұл өз кезегіде ұсынылатын өнімдерге жағымды әсер етеді.
Компания сонымен бірге көрмелерге қатысып, сатылып жатқан өнімнің жоғары
сапалығы үшін дипломға ие болған.
Соңғы жылдары кәсіпорын өзінің өндіретін өнімнің ассортиментін
кеңейтіп, сату көлемін ұлғайтты. Ассоль компани өндіретін өнімдерінің
барлығына өнім сапасын, қолдануда және қоршаған ортаға қауіпсіз екенін
дәлелдейтін ISO 9001 халықаралық үлгідегі сертификаттары бар.
Бұйымдар кәсіпорын материалдарынан жасалады, материалдар клиенттердің
қалауынша таңдалады. Материалдар жергілікті фирмалардан сатылып алынады
және кейбіреулері шетелден әкелінеді.
Жұмысшылардың мамандану дәрежесі жоғары, олар бұйымның сапалығын
өндіріс үрдісінің әр сатысында тексеріп отырады. Өнімнің ерекшелігіне қарай
келесілерді бөліп шығаруға болады:
• натуралды өнімнен өндіріледі;
• ұзақтылығы , жоғары сапалығы;
• сыртқы түр сипаты;
• ерекшелігі және кереметтілігі.
Жалпы тексерумен технолог айналысады. Кейде тексеруді администратор
жүргізеді. Бұл клиенттің қалауына немесе бұйымның күрделілігіне байланысты
болады.
Ассоль компани 2001 жылдан бастап жұмысын жалғастыруда. Бұл компания
сапалы жиһаз өнімдерін өндіруге маманданған кәсіпорын. Бірте-бірте
кәсіпорын өз жұмысын кеңейтіп, жақсы атқа ие болды. Клиенттермен қарым-
қатынасқа, кәсіпорында жақсы ортаны қалыптастыруға әрқашанда ерекше көңіл
бөлінеді, өйткені бұл табысты маркетингтің негізі болып табылады. Өнім
үлгілерін таңдау, қазіргі сәнді ескере отырып, клиент қалауына байланысты
жасалады.
Фирма менеджерлері көп жылдар бойы Республиканың танымал Караван,
Рек-тайм және Плюс газеттермен жұмыс істейді. Сонымен бірге жарнама
Рахат, Южная столица, ТРК 31канал каналдарда, NS және Авторадио
радио эфирінде айтылады. Сонымен қатар Ассоль тауарлық маркасы туралы жыл
сайынғы жарнама-ақпараттық анықтамалықтарда, Наш город және Бизнес
Қазақстан, көп ақпарат беріледі.
Құқықтық тұғыры ретінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік таңдалған.
Бұл меншіктің нысаны іске асырылуы бойынша ыңғайлы. Кәсіпорынның 12000000
теңге жарғылық қоры бар. Иесі болып Қазақстан Республикасының азаматы –
Маканов Бейбітғазы Ибатоллаұлы табылады. Ассоль компани ЖШС кәсіпорнының
қызметінің нәтижелерін келесі экономикалық көрсеткіштер сипаттайды.

1 кесте – Ассоль компани ЖШС кәсіпорнының 2003-2004жж өндірістік
қызметінің экономикалық көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өлшем 2003 жыл 2004 жыл Ауытқуы
бірлігі
% +; -;
1 2 3 4 5 6
1 Өндірілген өнім көлемімың теңге11126,0 11957,3 107,5 +831,3
2 Өндірілген өнім көлемі дана160 170 106,2 +10
натурал-
ды шамада
3 Өткізілген өнім мың теңге11126,0 11957,3 107,5 +831,3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлау түсінігі, мақсаты және міндеті.
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
Қаржылық жоспарлау және болжау
«Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері туралы
Қаржылық жоспарлау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Өнімді өткізуді жоспарлау
Қаржылық жоспарлау процесі
Пәндер