Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің несиелік ресурстарын қалыптастырудағы депозиттер



Кіріспе

1.Бөлім. Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің несиелік ресурстарын қалыптастырудағы депозиттердің ғылыми теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Депозиттер мен несиелiк ресурстардын экономикалық мәнi, түсiнiгi және олардың жiктелуi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Депозиттік операциялар немесе депозиттер нарығының экономикалық қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .23
1.3 Шетел тәжібиресіндегі банктердiң депозиттерiнiң түрлерi мен оларды сақтандырудың экономикалық зерттемелері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
1.4. Қазақстан Республиканың нарықтық экономика кезеңіедегі коммерциалық банктерінің депозиттік саясатты белгілеу ... ... ... ... ... ... ... 37
2.Бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің депозит нарығын ғылыми талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 42
2.1 Коммерциялық банктердiң несие және депозит нарықтарындағы операцияларын салыстырмалы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.2. АҚ “Қазақстан Халық банк” қызметінде депозиттік операциялардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
2.3 Коммерциялық банктердiң депозиттiк портфелiнiң құрылымын талдау .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50
3.Бөлім. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын қалыптастырудағы депозиттедің рөлін жетілдіру жолдары ... ... ... ... 57
3.1 Депозиттер нарығының дамуындағы өзекті мәселелері ретінде салымдарды кепілдеуінің өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57.
3.2 Депозиттiк портфельдi басқару және ондағы тәуекелдердi азайту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
3.3 Коммерциялык банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi жетiлдiрудегi жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 77
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 80
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қызмет етуi тұрақталды десек те, кейбiр банктердiң кенеттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы мiндеттемелерiн орындай алмауы әлi де болса бұл жүйенiң қызмет етуiнде кемшiлiктердiң бар екендiгiн көрсетедi. Бұл кемшiлiк тек қана осы банкротқа ұшыраған банктiң менеджментiнде ғана емес, сонымен бiрге осы жүйенiң бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетiп отыр деп ұғуға болады. Өйткенi, Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктерге қолданатын өз реттеушiлiк құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргiзуiнде қателiктерге жол берiп отыр. Сондықтан банк жүйесiнiң қызмет етуi әр уақытта тәуекелмен байланысты болып отыратындығын дәлелдеудiң қажетi жоқ, ол әлемдiк банк тәжiрибесiнде әлдеқашан дәлелденген.
ҚР Коммерциялық банктерiнiң қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуiр жоғары деңгейге көтерiлiп, экономика секторларының барлығына дерлiк толық қызмет көрсетуде. Бүгiнгi таңдағы бұл жетiстiктердi олардың несие ресурстарымен қарыз алушыларды қамтамасыз етуiнен көруге болады. Қазiргi кезде жақсы бизнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесiндегi алдыңғы қатардағы кез келген банктен әртүрлi шартпен, әртүрлi мерзiмге несие алу мүмкiндiгi бар.
Бүгiнгi күндерi несие ресурстарын құруда салымдардың, депозиттердiң рөлiнiң жоғары екенiн түсiнген үкiмет Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердегi жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын құрды.
Бұл қордың тәжiрибесi бүкiл дүние жүзi елдерiндегi нәтижелi қызмет көрсетiп жатқан осындай қорлардың тәжiрибесiнен тандап iрiктелiп алынып жатыр. Мұндай озық тәжiрибедегi қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония және т.б. елдерде бар. Сонымен бiрге, елдiң көлеңкелi бизнесте жүрген және шетелдегi банктерде ашылған депозиттiк шоттарда сақталынып жатқан ақшаларын жария ету арқылы банк жүйесiне 500 млн.долларға жуық ақшалай қаражат тартылды. Yкiмет тарапынан Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерiнiң несиелiк ресурстарын көбейту мақсатында әр түрлi несиелiк ресурс тарту көздерi, яғни, шет ел үкiметтерi, Халықаралық қаржы ұйымдары және т.б. пайдаланылуда.
Бұл үкiмет тарапынан көрсетiлiп отырған қолдаулар болса, банктер өздерiнiң рейтингiсiнiң өсуiне байланысты халықтың, заңды ұйымдардың, резидент еместердiң уақытша бос ақшалай қаражатын депозит есебiнде тарта отырып, несиелiк ресурс ретiнде пайдаланып жатыр. Қазақстан Республикасы Коммерциялық банктерiнiң қызметiне iшкi және сыртқы инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Олай деуiмiзге себеп - бiздiң елiмiздiң банктерiнiң акцияларының әлемдiк нарықта АДҚ және ДДҚ түрiнде айналыста болуы, банктердiң шетелдiк инвесторлардың қатысуымен ашылуы, шетел тұлғаларының Қазақстандық банктерде депозиттiк шоттар ашып, ақшаларын сақтауы және т.б. Казкоммерцбанк, ТұранӘлембанк және т.б банктердiң акциялары Лондон, Нью-Йорк, Франкфурт қор биржаларында айналыста жүр.
1. Вступление Президента Республики Казахстан Назарбаева Н. А. На 1-2 конгрессах финансистов Казахстана РЦБК, декабрь 1999-2000 гг.
2. "ҚР-ғы банктер және банктiк қызмет туралы ҚР заңы" 31.08.1995 ж.
3. Иванов В.В. Как надежно и выгодно вкладывать деньги в коммерческие банки. Москва. ИНФРА. М. 1996 г. 127 стр.
4. Канцеленленбаум 3. С. К вопросу о сущности банковского депозита. // Деньги и кредит- 2003 г. №4
5. Финансово- кредитный словарь, т. I,
6. Сейткасымов Г. С. Банковское дело. Учебник.- Алматы: Каржы- каражат, 1999г.
7. Грязнова А. Г. Молчанов А. В., Лаврушин О. И., Панова Г. С., Питателков В. А., Тавасиев А. М. Банковская система России. Книга II. Москва: ТОО Инжиринго-консалтинговая компания. 2004 г. 322 стр.
8. Современный словарь иностранных слов. М: 1995 г. 167 стр.
9. Финансово-кредитный словарь, т. I, 127 стр.
10. Деньги, кредит, банки // Под ред. Саниева М. С.- Алматы, 2005 г.
11. Соколовский О. В. Финансы, деньги, кредит.- М: Юристь, 2006 г.
12. Каляева Г. Т. Кредитное дело. Алматы, Каржы-каражат, 2004 г.
13. Банковское дело. // Под ред. Бабичевой Ю. А.- Москва: Экономика, 1994 г.
14. Банковское дело. // Под ред. профессор В. И. Колесникова, проф. Л. П. Кроливецкой, М: Финансы и статистика, 1996 г. 116 стр.
15. Сейткасымов Г. С. Банковское дело. Учебник.- Алматы: Каржы- каражат, 1998г.
16. Лаврушин О. И. Банковское дело- М: Финансы и статистика 1998 г. Деньги, кредит, банки // Под ред. д.э.н., под ред. д.э.н, член-корр. РЕАН Е.Ф. Жукова- Москва: Банки и биржи, Изд. «ЮНИТИ», 1999 г.
17. Челекбай А.Д., Давлетова M.T., Игликова Г.А. Международный бизнес: сборник задач, практических ситуаций, деловых игр, тестов. Алматы, Экономика, 2000 г. 45 стр.
18. Банки и банковские операции. Под ред. профессора Е. Ф. Жукова М: 1997 г.
19. Рынок ценных бумаг. Под ред. В. А. Галанова, А. И. Басова. М: 2003 г.
20. Фондовый рынок. Н. И. Берзон и др. М: 2005 г.-211 стр.
21. "Қазақстан республикасының Ұлттық банкi туралы" ҚР заңы.
30.03.1995 ж.
22. Мадиярова Д. М., Марчевский В. С. Основы современного банковского дела: Учебное пособие, КазГау. Алматы: Экономика. 1997 г.
23. Банковское дело. Под ред, Лаврушина О. И. М: 1992 г. 72 стр.
24. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. М: Финансы и статистика, 1993 г.
25. Гарнер Д. и др. пособия Эрнст Энд Янг. Привлечение капитала: перев. с англ. М: 1995г.
26. Матук Жан. Финансовые системы Франции и других стран: в 2 т.- М: 1999 г. т.l
27. Страхование депозитов - основа доверия казахстанцев к банковской системе. Понорама, 7июля 2000 г.
28. Фонд гарантирования вкладов - гарант личной финансовой безопасности. Ахметов А. Р. Банки Казахстана №6. 2006 г.
29. Банки и депозитный рынок. А. Алпамысов. Панорама 2006 г.
30. Воронин. Страхование депозитов - экономический и социальный стабилизатор рыночной экономики. // Банковское дело. 2005 г. №1
31. ҚР YБ Статистикалық бюллетень. Тамыз, 2006 ж.
32. Халық Жинақ банкiнiң 2006 жылғы есебi.
33. Банк Түран Әлемнiң 2006 жылғы есебi
34. Казкоммерцбанктiң 2006 жылғы есебi
35. БанкЦентркредиттiң 2006 жылғы есебi
36. Алматы Сауда- Қаржы банкiнiң 2006 жылғы есебi
37. ҚР Yлттық банкiнiң 2006 жылғы есебi
38. ҚР Yлттық банкiнiң 2006 жылғы есебi
39. Мамыров Н. К.,Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. Алматы, Экономика, 1998 г. 44стр.
40. Сагындыкова М. О. Правила включения банков второго уровня в систему обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов депозитов физических лиц. Банки Казахстана № 9. 2004ғ.
41. Қазақстандық жеке түлғалардың салымдарын кепiддендiру
Қорының материалдары. 2002 ж.
42. Панова. Г. С. Кредитная политика коммерческих банков. М: 2003 г.
43. Казигомедов А. А. Операции и услуги коммерческих банков для населения- СПб., 2004 г.
44. Воронин.В.И. Страхование депозитов - экономический и социальный стабилизатор рыночной экономики. // Банковское дело. 2005г. №1
45. Романов. А. Коллективное страхование депозитов: ваши деньги будут целы. /Интервью/ Казахстанская правда, 27.05.2005 г.
46. С.М.Найманбаев «Банктік құқық.» 2005ж.
47. Қ.Қ Ілиасов , С. Құлпыбаев – «Қаржы» Алматы 2005
48. Н.Н Хамитов «Банк ісі»Алматы экономика 2006

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1-Бөлім. Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің несиелік
ресурстарын қалыптастырудағы депозиттердің ғылыми теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Депозиттер мен несиелiк ресурстардын экономикалық мәнi, түсiнiгi және
олардың
жiктелуi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6
1.2. Депозиттік операциялар немесе депозиттер нарығының экономикалық
қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. .23
1.3 Шетел тәжібиресіндегі банктердiң депозиттерiнiң түрлерi мен оларды
сақтандырудың экономикалық зерттемелері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
1.4. Қазақстан Республиканың нарықтық экономика кезеңіедегі коммерциалық
банктерінің депозиттік саясатты белгілеу ... ... ... ... ... ... ... .37

2-Бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің депозит нарығын
ғылыми
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 42
2.1 Коммерциялық банктердiң несие және депозит нарықтарындағы операцияларын
салыстырмалы талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42
2.2. АҚ “Қазақстан Халық банк” қызметінде депозиттік операциялардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 44

2.3 Коммерциялық банктердiң депозиттiк портфелiнiң құрылымын талдау ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 50

3-Бөлім. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын қалыптастырудағы
депозиттедің рөлін жетілдіру жолдары ... ... ... ... 57
3.1 Депозиттер нарығының дамуындағы өзекті мәселелері ретінде салымдарды
кепілдеуінің өзекті мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57.
3.2 Депозиттiк портфельдi басқару және ондағы тәуекелдердi азайту
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...62
3.3 Коммерциялык банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi
жетiлдiрудегi
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 77
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 80

Кіріспе

Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қызмет етуi тұрақталды десек
те, кейбiр банктердiң кенеттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы
мiндеттемелерiн орындай алмауы әлi де болса бұл жүйенiң қызмет етуiнде
кемшiлiктердiң бар екендiгiн көрсетедi. Бұл кемшiлiк тек қана осы банкротқа
ұшыраған банктiң менеджментiнде ғана емес, сонымен бiрге осы жүйенiң бас
буыны Ұлттық банк тарапынан да кетiп отыр деп ұғуға болады. Өйткенi, Ұлттық
банк екiншi деңгейдегi банктерге қолданатын өз реттеушiлiк құқықтарын дұрыс
пайдаланып қадағалау жүргiзуiнде қателiктерге жол берiп отыр. Сондықтан
банк жүйесiнiң қызмет етуi әр уақытта тәуекелмен байланысты болып
отыратындығын дәлелдеудiң қажетi жоқ, ол әлемдiк банк тәжiрибесiнде
әлдеқашан дәлелденген.
ҚР Коммерциялық банктерiнiң қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуiр
жоғары деңгейге көтерiлiп, экономика секторларының барлығына дерлiк толық
қызмет көрсетуде. Бүгiнгi таңдағы бұл жетiстiктердi олардың несие
ресурстарымен қарыз алушыларды қамтамасыз етуiнен көруге болады. Қазiргi
кезде жақсы бизнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесiндегi
алдыңғы қатардағы кез келген банктен әртүрлi шартпен, әртүрлi мерзiмге
несие алу мүмкiндiгi бар.
Бүгiнгi күндерi несие ресурстарын құруда салымдардың, депозиттердiң
рөлiнiң жоғары екенiн түсiнген үкiмет Қазақстан Республикасының
коммерциялық банктердегi жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын
құрды.
Бұл қордың тәжiрибесi бүкiл дүние жүзi елдерiндегi нәтижелi қызмет
көрсетiп жатқан осындай қорлардың тәжiрибесiнен тандап iрiктелiп алынып
жатыр. Мұндай озық тәжiрибедегi қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия,
Жапония және т.б. елдерде бар. Сонымен бiрге, елдiң көлеңкелi бизнесте
жүрген және шетелдегi банктерде ашылған депозиттiк шоттарда сақталынып
жатқан ақшаларын жария ету арқылы банк жүйесiне 500 млн.долларға жуық
ақшалай қаражат тартылды. Yкiмет тарапынан Қазақстан Республикасының
Коммерциялық банктерiнiң несиелiк ресурстарын көбейту мақсатында әр түрлi
несиелiк ресурс тарту көздерi, яғни, шет ел үкiметтерi, Халықаралық қаржы
ұйымдары және т.б. пайдаланылуда.
Бұл үкiмет тарапынан көрсетiлiп отырған қолдаулар болса, банктер
өздерiнiң рейтингiсiнiң өсуiне байланысты халықтың, заңды ұйымдардың,
резидент еместердiң уақытша бос ақшалай қаражатын депозит есебiнде тарта
отырып, несиелiк ресурс ретiнде пайдаланып жатыр. Қазақстан Республикасы
Коммерциялық банктерiнiң қызметiне iшкi және сыртқы инвесторлар қызығушылық
танытып отыр. Олай деуiмiзге себеп - бiздiң елiмiздiң банктерiнiң
акцияларының әлемдiк нарықта АДҚ және ДДҚ түрiнде айналыста болуы,
банктердiң шетелдiк инвесторлардың қатысуымен ашылуы, шетел тұлғаларының
Қазақстандық банктерде депозиттiк шоттар ашып, ақшаларын сақтауы және т.б.
Казкоммерцбанк, ТұранӘлембанк және т.б банктердiң акциялары Лондон, Нью-
Йорк, Франкфурт қор биржаларында айналыста жүр.
Банк жүйесiнiң капиталдануы дамып отырса да, әлi де көптеген
кемшiлiктердiң бар екендiгiн атап айтуға болады. Бұл жiберiлiп отырған
кемшiлiктер Қазақстанның нарықтық экономика жолына түскенiне онша көп бола
қоймағандығымен түсiндiрiледi. Ең бiр өзектi проблемалы мәселенiң бiрi - ол
банктiк жүйенiң халық пен кәсiпорындар алдындағы мiндеттемелерiн, яғни,
депозиттiк салымдарын қайтарып беру бойынша кейбiр жағдайларда өз
мiндеттемелерiн мезгiлiнде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Жалпы банк тәжiрибесiнде бiр банктiң сенiмдi ақтай алмауы барлық
банктерге, сонымен бiрге жалпы мемлекет экономикасына әсер ететiндiгiн
ескеретiн болсақ, онда қадағалау органдары өз қызметтерiне мұқият болғаны
дұрыс.
Коммерциялық банктердiң негiзгi қызметi салымдарды тартумен байланысты
депозиттiк операциялар және осы кұрылған ресурстарды орналастырумен
байланысты болған несиелiк операциялар болса, осы операцияларды жүргiзуде
банктер өз кәсiби шеберлiктерiн, заңдық, әдiстемелiк, техникалық негiздерiн
және т.б. тұстарды әр уақытта жетiлдiрiп отыруы қажет.
Бүгiнгi таңда банктер арқылы экономикаға инвестиция тарту барысында
iшкi инвесторлардың қаражаттарын тарту мәселесi басты орында тұр. Ішкi
инвестиция елдiң экономикасын несиелендiруге пайдаланылатын ұзақ мерзiмге
арналған несие ресурсы бола алады. Қалай болған жағдайда да банк жүйесiне
деген ел сенiмiн арттырып, олардың мүдделерiн жан-жақты қорғап, экономикаға
қызмет етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын тарту әрбiр атқан күннiң басты
мәселесi.
Коммерциялық банктердiң өздерiндегi бар несие ресурстарын сұранысқа ие
болып отырған ұзақ мерзiмдi несиеге бере алмауы, ол да ресурстарды
орналастыру барысындағы әлi де шешiлмеген мәселелердiң бар екенiн
көрсетедi. Атай кетер болсақ, олар:
-депозиттiк салымдар көлемiнде қысқа және орта мерзiмдегi салымдар
үлесiнiн көп болуы, бұл банктердiң ресурстарды ұзақ мерзiмге бере алмауына
алып келедi;
- ұзақ мерзiмге қаражаттарды инвестициялау экономикалық тұрақтылықтың
нағыз орнаған уақытында жүргiзiледi. Мұндай уақыт банк тұсынан қарағанда
әлi де болса келе қоймаған сияқты және тағы басқа да көптеген себептерi
бар.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерi қазiргi уақытта жеке
және занды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесiне депозит
түрiнде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз
тәжiрибелерiмен бiрге шетелдiк банктердiң озық тәжiрибелерiн де енгiзуде.
Олар әр түрлi шарттармен, мазмұнмен, мерзiммен жаңа депозиттiк
салымдар түрлерiн ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу,
электронды есеп айырысулар жүргiзу, сейфтiк сақтау қызметтерiн, интернет-
банкинг қызметтерiн көрсету және т.б. тәжiрибелердi енгiзуде. Бұл
қызметтердiң барлығы да банктерге депозиттiк салымдарды тартуга және несие
ресурстарының көбейуiне әсер етiп отыр.
Несиелiк ресурстарды құрудағы депозиттердiң алатын рөлi мен
экономикалық мәнi бойынша теориялық зерттеуте көптеген ғалымдарының
еңбектерi арналған. Бұл ғалымдар: C.А. Аханов, A.B. Аникин, Ю.A. Бабичев,
В.И. Колесников, О.И. Лаврушин, Г.Т. Калиева, Ж.O. Ихданов, Н.К. Мамыров,
Г.С. Сейткасымов, Н.Н. Хамитов, А. Челекбай, және т.б.
Қазақстанда депозиттердiң несиелiк ресурстарға айналуындағы жағдай
ғылыми-теориялық және тәжiрибелiк тұрғыдан ғалымдармен аз зерттелiп,
әдебиеттерде көп жарияланбағандықтан, бүгiнгi нарықтық экономиканың
жағдайында аса бiр зерттеудi талап ететiн өзектi тақырыптардың бiрi.
Сондықтан, зерттелмеген мәселелерiнiң бар болуы ғылыми-теориялық
зерттеулердi талап етедi және осы дипломдық жүмыстың тақырыбын тандап алуға
негiз болды. Дипломдық жұмыстың құрылымы кiрiспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің экономикалық
тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша
ұсыныстарды дайындау болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- ақша-несие қатынастары жүйесіндегі депозит
экономикалық категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке
тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
- коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында
оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы
бағыттарды анықтау;
- депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай
отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.

1- Бөлім. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің несиелік
ресурстарын қалыптастырудағы депозиттердің ғылыми теориялық негіздері.

1.1 Депозиттер мен несиелiк ресурстардын экономикалық мәнi, түсiнiгi
және олардың жiктелуi
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерi Қазақстан
Республикасының Ата Заңы Конституцияға, "Қазақстан Республикасындағы
банктер мен банктiк қызмет туралы"№2444 1995 жылдың 31 тамызындағы (2006
жылдың 17 мамырында қосымша енгізілді) Қазақстан Республикасының заңына,
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 12-мaycым
2001 жылғы, ҚР Кодексiне, "Валюталық реттеу және Волюталық бақылау туралы"
Заңға, "Екiншi деңгейдегi банктердегi клиенттердiң банктiк шоттарын ашу,
жүргiзу және жабу тәртiбi туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы және 17 мамырда
2006 жылы толтырылулар енгізілген заңға сәйкес депозиттiк операцияларды
жүргiзедi.
Қандай болмасын банктің кредиттік ресурстарын негізінен алғанда банк
клиенттерінен тартылып жұмылдырылған депозиттер (заңды және жеке
тұлғалардың банкке сақтауға салған уақытша бос ақша қаражаттары) құрайды.
Депозит (латын тіліндегі мағынасы depositium-сақтауға берілген,
қойылған зат) банк клиентінің банктік депозиттік (салымдық) шарт негізінде
өз банкіне уақытша пайдалануына ақша қаражатын беруіне байланысты
туындайтын банктік (экономикалық) қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасының заң шығарушысы депозит деп депозитордың
қайтарымдылық шарттылығымен оның алғашқы талап етуі бойынша немесе
белгіленген мерзім өткеннен кейін толық мөлшерде бірден не болмаса бөліп-
бөліп банктік депозит шартында келісілген үстемесімен не ондай үстемесіз
(процентсіз) қайтарылуға тиіс банкке беретін ақша қаражатын есептеген.
Біздің ойымызша депозит банк клиентінің кез келген уақытта талап етуін
және банктік депозит шартында көздеген мерзімнің аяқталуына орай толығымен
немесе бөліп-бөліп, процентімен не процентсіз өзіне қайтару шарттылығымен
өз банкіне сақтауға беретін ақша қаражаты болып табылады.
Банктер капиталының 90 пайызға жуығын әдетте, клиеттерден тартылған
ақша қаражаттары құрайды. Нарықтық қатынастар аясындағы заңды немесе жеке
тұлғалардың уақытша бос және өзге де қаражаттарын депозит (салымдар)
ретінде банкке тарту депозиттік операциялар деп аталады.
Банктер үшін депозиттік операциялар олардың пасивті операцияларының
басты түрі, ал осындай операциялардың нәтижесінде жұмылдырылған депозиттер
(ақша қаражаттары) активті банктік операциялар жүргізудің негізгі ресурсы
болып салынады.
Банкке қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, ұлттық немесе шетелдік
валютада белгілі бір мән-жайларды көздеп меншік иесі (клиент) берген
депозиттер банктегі ақшалар ретінде өзінің иесіне ақшасын қандай болмасын
түрде жұмсауына әрі капитал ретінде проценттік табыс алуына мүмкіндік
береді.
Банктік депозиттер:
1) талап етілгенге дейінгі (талап етілмелі) депозит;
2) мерзімді депозит;
3) шарттылы депозит болып бөлінеді.
Талап етілгенге дейінгі депозит депозитордың өз ақша қаражатын банктен
бірінші талап етуі бойынша бірден (толығымен) немесе ішінара (бөліп-бөліп)
қайтарылады.
Мерзімді депозит банктік депозит шартында көзделген мерзімге салынады
және осы келісілген мерзім өткеннен (аяқталғаннан) кейін қайтарылады.
Шарттылы депозит банктік депозит шартында белгіленген мән-жайлары
туындағанға дейін салынады.
Талап етіліп алынатын депозит банкті алдын ала хабардар етпей
(ескертпей) кез келген уақытта талап ету арқылы алынатын ақша қаражаттары
болып табылады.
Бұл ретте талап етіліп алынатын депозитке ағымдағы, есеп айырысу,
бюджеттік және т.б. шоттардағы есеп айырысуға немесе белгіленген мақсатта
пайдалануға арналған қаражаттар жатады.
Ағымдағы есеп айырысуға арналған талап етілмелі депозиттердің банктер
арқылы қозғалысы қолма қол ақшамен, чекпен, аудару жолымен және т.б.
құжаттармен рәсімделеді.
Банктердің корреспонденттік шоттарындағы (Қазақстан Ұлттық Банкінің
Есеп айырысу кассалық орталығындағы немесе корреспондент (коммерциялық)
банктегі) қаражатар да талап етілмелі депозит болып табылады.
Дүниежүзілік банктік практикада пайдаланылатын контокорренттік
(ағымдағы) шоттардағы қаражаттар даталап етілмелі депозитке жатады. Осы
орайда көрініс табатын кредиттік сальдо банк клиентінің өз қаражатын, ал
дебеттік сальдо банкттік шот иесінің банкке қарыз екенін білдіреді.
Талап етілмелі депозит банктік кореспонденттік шоттарда сақталатын,
тұрақсыз (қалдық мөлшері әр дайым өзгеріп отыратын) сипаттағы депозит
(салым) түрі болғандықтан аталмыш шот бойынша проценттік өсім төленбейді
(тек сапалы әрі қосымша қызмет көрсетіледі).
Депозиторлар (салымшылар) санатына орай заңды тұлғалардың депозиті мен
жеке тұлғалар депозиті көрініс табады.
Мерзімді депозит банк клиентінің табыс табу мақсатында нақтылы
белгіленген мерзімге банкке салған (сақтауға, пайдалануға берген) өз
меншігіндегі ақша қаражатын білдіреді.
Белгілі мерзімге өз қарамағына берілген депозитке орай банк төлеуге
тиіс проценттік ставка мөлшері салынған қаражат (депозит) шамасына
(көлеміне) және оны сақтау (пайдалану) мерзіміне байланысты болады.
Мерзімді депозит (қаражаттары) депозиторға тек банктік депозит
шартында көзделген мерзім аяқталған кезде ғана қайтарылады.
Мерзімді депозит белгілі бір негіздерге (себептерге) байланысты
көзделген мерзімінен бұрын алынған жағдайда осы депозит түрі бойынша
айқындалған проценттік өсім мөлшері айтарлықтай кемиді.
Депозиторларды қызықтыру үшін мерзімді депозит бойынша оларға күрделі
пайыз түріндегі табыстар төленеді. Мерзімді депозит тек мерзімі аяқталғанда
ғана алынады және ол бойынша банктік депозит шартында белгіленген пайыз
мөлшері депозит (салым) сомасына белгілі кезең сайын есептелініп, осы
есептелінген табысқа келесі кезеңде тағы да тиісті пайыз есептелінеді.
Мерзімді депозит бойынша белгіленген жай пайыздардың табысы сақтаулы
қаражаттың нақтылы мөлшеріне банктік депозит шартында көзделген пайызды
есептеу арқылы төленеді.
Банктер үшін депозит ссудалық капитал болып табылады.
Депозиттік операциялар еліміздің банктерінін Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының 30-бабының
2)-тармақшасымен, 36-1-бабымен, 49-бабымен, 52-1-бабының 5)-тармақшасымен,
57-бабының тиісті ережесімен; Қазақстан Даму Банкі туралы Қазақстан
Республикасы заңының 5-бабының 5), 7) және 12)-тармақшаларымен; Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасы
заңының 2-бабымен, 26-бабымен, 30-бабының 2-тармағының а), б) және в)-
тармақшаларымен, 31-бабының 2-тармағының а), б), в)-тармақшаларымен, 33-
бабымен, 41-бабының тиісті ережесімен; Лицензиялау туралы Қазақстан
Республикасы заңының 11-бабының 1) – тармақшасымен: Қаржы рыногы мен
қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан
Республикасы заңының 9 - бабының 1 – тармағының 3) – тармақшасымен, 10 –
бабының 5) – тармақшасымен: Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 756
– 767 – баптарымен, сондай – ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті
нормативтік құқықтық актілерімен және жасасылған банктік депозиттік
шарттармен регламенттеледі.
Банктік депозит шартында жазбаша нысанындағы, заттай (депозит сомасы),
ақылы және біржақты міндеттеуші сипаттағы клиент пен банктің өзара
келісімі, сондай- ақ тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативті
құқықтық актілер негізінде жасалған құжатта банкке берілетін (салынатын
)депозит сомасы, оның мерзімі, пайыздары, оларды есептеу және төлеу
тәртібі, депозиттердің міндеттері мен құқықтары, банктің міндеттері мен
құқықтары, талаптардың шартта белгіленген мән- жайларды сақтау жөніндегі
жауапгершілігі, талас- тартыстарды шешу тәртібі көзделеді.
Банктік депозит шартының нысанын (әдетте жазбаша нысанда) депозит
түрлеріне орай банктер дербес әзірлейді.
Банктік депозит шарты бойынша бір тарап – банк екінші тараптан
депозитордан депозит алуға және оны пайдаланғаны үшін аталмыш шартта
көзделген мөлшерде және белгіленген тәртіппен оған сыйақы төлеуге әрі
депозит түріне қарай ақша қаражаттарын уақытылы міндеттенеді.
Банкке тартылған депозиттердің түрлеріне орай клиенттің ақша қаражатын
есепке алу мақсатында банктер өз клиентіне біріздендірілген жекелей код
(БИК) береді.
Банктік депозит (салым) шарты жазбаша нысанда, сондай- ақ банктік
заңнамада, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және
банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында белгіленген
талаптарға сай жасалады.
Депозитордың (салымшының) талабына сәйкес депозиттің салынғанын
куәландыратын құжат депозитордың атына не болмаса көрсетілген үшінші
тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін.
Банктік депозит шаты келісілген депозит сомасының банктегі шотқа келіп
түскен күнінен бастап жасалынды деп есептелінеді.
Банк клиенттері (депозиторлар) депозиттерін қолма – қол ақшамен де,
қолма- қол ақшасыз аудару арқылы да енгізе алады.
Талап етілгенге дейін (талап етілмелі) депозит кез келген сомада және
кез келген кезеңде жекелеген жарналар түрінде енгізіледі.
Мерзімді депозиттер мен шарттылы депозиттер бір жолғы жарна түрінде
бірден енгізіледі.
Банк өз депозиторына банктік депозит шартында айқындалып көзделген
мөлшерде және белгіленген тәртіппен депозит сомасына сыйақы төлейді.
Депозитор талап етілмелі депозит бойынша өзіне тиесілі сыйақыны
депозит сомасынан бөлек алуға құқылы.
Талап етілмелі банктік депозит шарты мерзімсіз болып табылады.
Мерзімді депозит бойынша депозиторға тиесілі сыйақыны сақтау мерзімі
аяқталғанда ғана берілетін депозит сомасынан бөлек алуға болады.
Мерзімді депозит бойынша белгіленген мерзімнің аяқталуына орай
депозитор өзіне тиесілі сыйақыны да және депозит сомасына да толық мөлшерде
алуға құқылы.
Депозиттардың алғашқы талап етуі бойынша банк депозиттінемесе оның бір
бөлігін:
1) Талап етілмелі депозит бойынша – депозитор талабының банкке келіп
тұсуіне орай;
2) Мерзімді депозит бойынша – банктік депозит шартында көзделген
мерзімнің басталуына байланысты;
3) Шарттылы депозит бойынша- банктік депозит шартының басталуын және
депозиттің қайтарылуын байланыстыратын мән- жайлар орын алған кезде
беруге міндетті.
Шетел валютасымен салынған депозит тиісті заңнамада, банктік депозит
шартында немесе банк пен депозитордың қосымша келісімінде өзгеше
көзделмесе, шетел валютасымен қайтарылуға тиіс.
Депозитор банктердің депозиттік операциялары барысында өзіне
көрсетілген банктік қызметтер шартта белгіленген тәртіппен ақы төлеуге
міндетті.
Сонымен, депозитор талап етілмелі депозитті тиісті банктік шотқа кез
келген сомада және кез келген кезеңде (уақытта) жекелеген жарналармен
енгізе алады. Ал банкке мерзімді депозит пен шарттылы депозит салу кезінде
депозитор қажетті мөлшердегі ақша қаражаты сомасын бірден енгізеді.
Жеке тұлғалардың жинақ кітапшасында шот ашқан банктің немесе оның
филиалының орналасқан орны және атауы; депозиттің түрі; мерзімі; депозит
шотының нөмірі; депозитордың фамилиясы, аты-жөні; шотқа салынған депозиттің
сомасы; шоттан шығарылған ақша қаражатының сомасы; есептелген пайыз шамасы;
шоттағы қаражатының қалдығы көрсетіледі.
Банктік депозит (салым) шарты біржақты міндеттеуші сипатта
болғандықтан, міндетті тарап банк өзі жүзеге асыратын банктік операцияның
депозитор құқығы мен талабына сай болуын қалайды.
Осыған орай банк:
1) жеке тұлғалардан депозит қабылдау және оларға қаражаттар беру
орнында, көпшілікке көрінетін жерде тиісті банктік операцияларды жүзеге
асыруға Қазақстан Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасының Қаржы
рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі
берген лицензиялардың көшірмесін; бухгалтерлік баланспен, пайда және шығын
туралы есептемемен және т.б. құжаттармен танысуға болатын адресті;
белгіленген нысандағы баланстық есептемені; белгіленген нысанда жасалған
пайда және шығын туралы есептемені; аудиторлық фирманың атауы және
аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Агенттігі
берген лицензияның нөмірі көрсетілген аудиторлық қорытындыны іліп қоюға;
2) депозитке қабылданған ақша қаражаттарының сақталымдығын қамтамасыз
етуге;
3) шартта көзделген тәртіппен депозиторға депозит сомасын қайтаруға;
4) шартта көзделген жағдайлар мен тәртіпке орай депозит сомасына
процент есептеуге және төлеуге;
5) депозитордың банктік шотына үшінші тұлғалардан келіп түскен
қаражаттарды есептеуге;
6) жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті сақтандыру жолымен және
заңнамада көзделген жағдайларда өзге де тәсілдер арқылы қайтаруға
міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды
төлегенін растайтын құжат ұсынуы қажет болатын жаңадан құрылған заңды тұлға
үшін банктік депозит шарты (шарттылы депозит) негізінде банк уақытша жинақ
шотын ашады.
Уақытша жинақ шоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық
капиталын қалыптастыруға және оларға банктік депозит шарты бойынша банк
көрсететін қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, сондай-ақ
осындай мән-жайлар аталмыш шартта көрсетілуге тиіс.
Уақытша жинақ шотын ашу үшін клиент банкке:
— уақытша жинақ шотын ашу туралы өтінішті;
— қол қою үлгісі бар құжатты;
— құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ шотын ашуға
және жабуға уәкілеттік берілген жеке тұлғаны тағайындау туралы
хаттамасының көшірмесін тапсырады.
Сонымен, банктік депозит шарты бойынша жинақ шотын ашқан кезде банк
депозитордан ақша (депозит) қабылдауға, ол бойынша банктік депозит шартында
көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және депозиттік салымның
осы түрі үшін заңнамада және банктік депозит шартында көзделген талаптар
мен тәртіп негізінде депозитті қайтаруға міндеттенеді.
Банктік депозит шарты бойынша жинақ шотын ашқан кезде ақшаны
салымшының өз атына не белгілібір үшінші адамның атына салуға болады.
Банктік депозит шартында:
1) шарттың мән-жайы;
2) салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеушінің-
клиенттің тіркеу нөмірі;
3) банктің қызмет көрсету шарттылықтары және оған ақы төлеу тәртібі
болуға тиіс.
Банктік депозит шарты жасалынғаннан кейін банк депозитордың талап
етуімен оның банктік шотына салынған салымды растайтын, банк клиентінің
атына ресімделген құжат (депозиттік құжатты) береді.
Депозитордың кітапшасы (жинақ кітапшасы) депозиттік құжаты болып
табылады. Депозиттік құжат банктік ішкі ережелері мен талаптарына сәйкес
беріледі.
Жинақ шотын ашу кезінде депозитор клиенттер:
1) Қазақстан Республикасының депозитор заңды тұлғалары-резиденттері
және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
қол қою үлгілері және мөртаңбасы бар құжатты;
клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық қызметі
органы берген құжаттың көшірмесін;
статистакалық карточкасының көшірмесін;
уәкілетті орган берген олардың мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден)
өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін;
филиалдар мен өкілдіктері-Қазақстан Республикасының резидент заңды
тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысынаберген сенімхаттың көшірмесін;
жарғының (ереженің) не клиенттің қызметін үлгі жарғы негізінде
растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін:
2) Қазақстан Республикасының депозитор жеке тұлғалары-резиденттері:
қол қою үлгісі бар құжатты;
клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық қызметі органы
бергенқұжаттың көшірмесін;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
уәкілетті орган берген, өздерінің мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден)
өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін;
жеке басын куәландыратын құжатты.
3) Қазақстан Республикасының резидент емес депозитор заңды тұлғалары
және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдарымен өкілдіктері):
қол қою үлгілері және мөртаңбасы бар құжатты;
сауда тізілімінен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны
тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны туралы ақпарат бар,
мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару арқылы белгіленген тәртіппен
расталған (құрылу үшін арнаулы тіркеу талап етілмейтін ұйымдарды
қоспағанда) және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының
заңнамасына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып
табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген құжаттан үзінді-
көшірмені;
резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері уәкілетті
орган берген өздерінің мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін
растайтын, белгіланген нысандағы құжаттың көшірмесін, сондай-ақ тиісті
филиал немесе өкілдік туралы ереженің мемлекеттік және немесе орыс
тілдерінде жазылған, нотариат куәландырған көшірмесін және Қазақстан
Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің
басшысына берген сенімхаттың көшірмесін: қол қою және мөртаңбасының
үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге ( жинақ
шотындағы ақшаға иелік жасауға ) байланысты операциялар жасау кезінде төлем
құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмесін:
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес салымшы жеке тұлғалар:
қол қою үлгісі бар құжаты:
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
уәкілетті орган берген өздерінің – мемлекеттік тіркеуден өткендігін
растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін және жеке басын
куәландыратын құжатты тапсырады.
Белгілі бір үшінші адамның – клиенттің атына жинақ шотын ашу барысында
депозиторлар:
1) заңды тұлға және оның оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен
өкөкілдіктері ):
шот ашу және шотты иелену құқығына берілген нотариалды куәландырылған
сенімхатты:
жинақ шотын ашу кезінде клиенттің салық есебіне қойылу фактісін
растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі:
уәкілетті орган берген, заңды тұлғаның – клиенттің мемлекеттік
тіркеуден өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін.
2) жеке тұлға:
есепшот ашу және есепшотты иелену құқығына берілген нотариалды
куәландырылған сенімхатты:
клиенттің салық есебіне қойылу фактісі растайтын (егер клиент салық
заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылған және оған салық төлеушінің
тіркеу нөмірі берілген жағдайда) салақ қызметі органы берген құжаттың
көшірмесін:
он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар – клиенттер үшін
тууы туралы куәлікті:
депозитордың жеке басын куәландыратын құжатты тиісті банкке тапсыруға
міндетті.
Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері банкке
мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған № 1 қосымшаға сәйкес нысан
бойынша бірінші және екінші қол қою үлгілері және мөртаңба белгісі бар
құжаттарды ұсынады.
Жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке тұлғалар банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған №2
қосымша сәйкес нысан бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.
"Банктер және банктiк қызметi туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес "депозит - бiр тұлғаның екiншi тұлғаға-банкке
(сонын iшiнде Ұлттық банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен,
бiрiншi ретте талап еткенде сондай-ақ белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн
қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөлiктеп, алдын-ала
келiсiлген өсiммен немесе өсiмсiз, тiкелей депозиторға (салымшыға) немесе
оның тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаға берiлетiн ақшалар".
Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi
болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Барлық жұмсалымдардың түрлерi жинақ ақша болып табылады. Депозит -
жинақ ақшаларды сақтаудың бiр түрi. Депозиттiң экономикалық категорияларын
сипаттайтын мынадай белгiлерiн бөлiп айтуға болады:
Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөлiну пайыздарын қарастырады,
яғни салынған салымдардың алу мерзiмi келген кезде салынған ақша
қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.
Депозиттер жеке табыс бөлiгi ретiнде капиталмен тығыз байланысты.
Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттiк салымдарды өтеу
кезiнде есептелген пайыздар түрiнде табыс алу жағдайының болуына
негiзделген.
Депозиттер қайтарылу мерзiмдерi бойынша көп түрлiлiгiмен
сипатталады. Бұл мерзiмдiк салымдар және ұзақ мерзiмге салынған
салымдар және мезгiлсiз салымдар болуы мүмкiн.
Депозиттiк операциялармен пайда болған қайта бөлу қатынастарының
келтiрiлген ерекшелiктерi, оған мынадай анықтамалар бере алады:
Депозиттер - бұл банк пассивi балансында көрiнетiн, депозиттiк
портфельге ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесi бойынша, олардың
қатысушылары арасындағы iрi қайта бөлiну қатынастарының жиынтығы.
Осы уақытқа дейiн осы экономикалык категориялардың талдау көзi ретiнде
қаралатын ортақ қабылданған депозиттер анықтамасы жоқ. Бiрақ, ғылыми-
экономикалық әдебиеттерде депозитке оның қалытасу көздерi, субектiлерi,
орналастыру жағдайы және т.б. сипаттамалары негiзiнде әр түрлi анықтамалар
мен түсiнiктер берiледi.
Депозиттер және банк тәжiрибесiнде қолданылатын депозиттiк шоттар
мәселесi бойынша әр түрлi және бiр-бiрiне қарама-қайшы көзқарастар бар.
Әлемдiк банк тәжiрибесiнде депозит ретiнде банктiк немесе басқа да қаржы
мекемелерiне сақтауға тапсырылған ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар
қарастырылады.
Депозиттердi ақшалай қаражаттар немесе әртүрлi құндылықтар деп зерттеу
бойынша жалпы экономист-ғалымдардың арасында қарама-қайшылықтар кездеседi.
Бұл қарама-қайшылық қазiргi заманда банк операцияларының немесе
қызметтерiнiң өркендеп дамуымен өз шешiмiн тауып жатыр. Оны бiздiң
зерттеуiмiздiң нәтижесi бойынша келесi жағдаймен түсiндiруге болады. Ол:
• коммерциялық банктердегi депозиттер тек ақша қаражаты ретiнде
ғана қарастырлады;
• бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар қазiргi уақытта
банктерменен депозиттiк операция жүргізу мақсатында емес, тек
қана сақтау және сенiмдi басқару мақсатында ғана клиенттерден
тартылады. Клиенттер банктiң көрсететiн қызметi үшiн
комиссиондық жарналар немесе төлемдер төлейдi.
Бағалы заттар мен бағалы тастар екiншi деңгейлi коммерциялық банктер
жүйесiнде қазiргi уақытта екi мақсатта сақталынуы мүмкiн:
а) банктер өзiнiң өтiмдiлiгiн белгiлi бiр деңгейде ұстап демеп
отыру үшiн, бұл жағдайда қымбат бағалы металдар өтiмдiлiгi өте
жоғары бiрiншi реттегi резервтiк активтер рөлiн атқарады.
б) табыс табу үшiн.
Шетел әдебиеттерiнде депозит түсiнiгiне барлық мерзiмдi және мерзiмдi
емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерiнiң басқа да құндылықтары
түрiндегi салымдары жатады.
Отандық банктiк әдебиеттерде депозиттерге тек кәсiпорындардың және
жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын
қоспағанда, бюджеттiк және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық
ақшалар жатады. Депозиттер -депозиттiк портфельде ақша салымдарын
қалыптастыру есебiнен оның қатысушылары арасында ерекше қайта бөлiну
жиынтығы, яғни ол банк балансының пассивiнде көрiнедi, номиналды түрде
қайтарылу жағдайында болады. Депозиттiк операциялар банктермен несие ақшаны
белгiлi бiр уақытқа немесе уақыты көрсетiлмеген мерзiмге қабылдау.
Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және
несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот
ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң
құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында
мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке
қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi,
депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген
қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы өзгермейдi.

Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн,
мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктеге негiзделген несиелiк
қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденiс тек қана депозиттер мен
несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң
ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.
Ал бұл өз кезегiнде коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелiн бiртұтас басқару объектiсi ретiнде қарастырса, банк
менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттырары сөзсiз. Себебi банктiң қаржылық
орнықтылығы және өтiмдiлiгi осындай бiртұтас басқарудың нәтижесiнде
қамтамасыз етiледi. Осыған байланысты коммерциялық банктердiң депозиттiк
және несиелiк портфелдi тиiмдi және әрi үйлесiмдi ететiн жаңа кешендi
басқару әдiстерiн қарастыру керек. Қазақстан Республикасының нарықтық
экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн
ескеретiн болсақ, онда депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлуi
керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиiс болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылусыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.
Егер бiз депозит категориясын ғылыми-экономикалық тұрғыдан талдап,
оған анықтама беретiн болсақ, онда депозиттiң атқаратын қызметтерiн де
зерттеп, нақты тұжырымдар беруiмiз керек, яғни бiз алғаш рет депозиттiң
қызметтерiн анықтап айтқалы отырмыз. Депозиттiң атқаратын қызметтерiн
ешқандай экономист-ғалымдар анықтап, ғылыми әдебиеттерде жариялаған емес.
Егер ақшаның, несиенiң және тағы басқа экономикалық ұғымдардың қызметтерi
өздерiнiң пайда болуымен және дамуымен әр түрлi сипатқа ие болып әр түрлi
экономист ғалымдардың еңбектерiнде жарияланып жүрсе, ал депозит қызметiн
отандық және шетелдiк те ғалымдармен ұсынылмаған. Бiздiң зерттеуiмiздiң
нәтижесi бойынша депозиттiң келесi қызметтерiн атап айтуға болады:
Коммерциялық қызмет - жеке және занды тұлғалардан ақша
қаражаттарын депозитке белгiлi бiр мүдде төлеу шартымен тарта
отырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзiнiң
белгiлi үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктiң осы
қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негiз болады.
Ынталандыру қызметi - депозиттiк салымдардың әр түрлi
шартпен қүрылуы, салымшылардың белгiлi бiр шарттағы салым
түрiне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын
тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкiндiгi және белгiлi бiр
сыйлық есебiнде ұтыс алу ж,т.басқа түрiнде болуы мүмкiн.
Қорлану қызметi - депозитке тартылатын қаражаттар ақша
түрiнде болғандықтан, ол банктiң белгiлi бiр қорларын құруға негiз
болады. Олар - банктiң өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде ұстап тұруға
негiзделген қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеушi
органдардың талап етуiмен және өз қызметiн тиiмдi атқару үшiн өз
еркiмен кұрады.
Банк ресурстарын құру қызметi - депозиттiк салымдар тарихи
қалыптасуы бойынша олар банктiк ресурстарды құрудың негiзгi көзi
болып табылады. Өйткенi бұл ресурстар банк үшiн арзан және әр
уақытта бар болып тұратын каражаттар. Депозиттiк қаражаттар банктiң
пассивтерiнiң 70-80 % құрайтын ресурс болғандықтан олар активтiк
операцияларды жүргiзуге қажеттi банк ресурстарының негiзiн құрайды.
Депозиттердiң осы қызметтерiн тиiмдi атқаруына келесi негiзгi
факторлар әсер етедi:
• жеке және заңды тұлғалардың қызметiнiң табыстылғы;
• депозиттiк нарықты реттейтiн тиiмдi нормативтiк-құқықтық
базалардың болуы (жария ету процесi);
• депозиттердi сақтандыру жүйесiнiң қызметi.
Банктердiң пайда болуына тарихи негiз болған несиелiк ресурстар
бүгiнгi күнi нарықтық экономиканың дамуындағы күрделi мәселе болып отыр.
Өйткенi, нарықтық экономиканың дамуы әр уақытта банктер тарапынан
несиелеудi қажет етедi. Банктiк операциялардың түрлерiнiң көбеюiне
байланысты несиелiк ресурстар ауқымы тарылып банктiк ресурстар түсiнiгi кең
көлемдi мағынаға ие болды. Сондықтан болар, қазiргi кездегi ғылыми
экономикалық әдебиеттерде несие ресурсы түсiнiгiне толық және жан-жақты
анықтамалар берiлмей отыр. Қазiргi кезде несиелiк ресурстар банктiк
ресурстардың бiр құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылады және несиелiк
операцияларды орындауға пайдаланылады. Несиелiк ресурстар түсiнiгiн
зерттемес бұрын банктiк ресурстар түсiнiгiн анықтап алу қажет.
Ресурстар (француз сөзi - rеssоurсеs) - белгiлi бiр нәрсенiң қайнар
көзi, құралы, қоры және мүмкiншiлiгi. Банктiк ресурстар түсiнiгiн
зерттеушiлер жалпы экономикалық әдебиеттерде көптеп кездеседi. Қаржылық -
несиелiк сөздiктерде банктiк ресурстарға келесiдей анықтама берiледi:
"банктiк ресурстар – банктердің қарамағында бар және олар несиелiк
операциялар мен басқа да белсенді операциялар үшін пайдаланылатын қаржы
жиынтығы.".
Аталған анықтаманың негiзiн сақтай отырып, жетiспейтiн жерi - мұнда
банктiк ресурстардың құралу көздерiне назар аударылмайды, ал олар өз
кезегiнде банктердiң пассивтiк операцияларына тәуелдi екенi белгiлi.
Несиелiк ресурстар түсiнiгi мен анықтамасын ғылыми түрде зерттеп
тұжырымдамас бұрын экономикалық әдебиеттердегi ғалымдардың берген түсiнiгi
мен анықтамаларын салыстырмалы талдап өтейiк. Бiз несиелiк ресурстарға
жақын аныктамалар мен түсiнiктердi мына авторлардың еңбектерiнен алып
ұсынып отырмыз:
Қалиева Г.Т.:Ссудалар жеке ссудалық шоттар мен арнайы ссудалық
шоттардан берiледi. Жеке ссудалық шоттар ссуданың берiлу мақсатына
байланысты ашылады және өнiмдердi өткiзуден түскен ақша каражаттары
кәсiпорынның есеп айырысу шотына түседi. F.С.Сеиткасымов.: "Қазақстан
Республикасының деңгейдегi банктерi әр түрлi ресурстарды пайдаланады.
Банктер балансының сараптамасы банк мiндеттемелерiнде келесiдей ресурстарды
алып қарастыруға мүмкiндiк бередi:
• меншiктi капитал;
• депозиттер (заңды және жеке тұлғалардың депозиттерi және
салымдары; есеп айырысу, ағымдағы шоттар).
Осы ғалымдардың еңбектерiнiн нәтижелерiн қорытындылай келе, несиелiк
ресурс түсiнiгiн банк ресурстары түсiнiгiнен бөлiп қарау дұрыс емес пе деп
қаласың, бiрақ экономиканың несие ресурстарына деген қажеттiлiгi өсiп
тұрған бүгiнгi таңда несие ресурсын түсiну және тиiмдi пайдалану ең бiр
басты өзектi мәселелердiң бiрi.
Кең мағынада, Коммерциялық банктердiң несиелiк ресурстары дегенiмiз -
бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивтi операциялары нәтижесiнде
құралған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Тар мағынада, Банктiң несиелiк ресурстары - бұл меншiктi капиталдың
және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегi активтi-несиелiк операцияларға
бағытталатын бiр бөлiгi. Несиелiк ресурстар несиеге берiлген уақытында олар
банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы -
тәуекелдi операция), ол орналастырылған несиелiк ресурстарға айналады.
Банктiң барлық тартылған қаражаттары активтiк - несиелiк операцияларды
орындау үшiн әр уақытта бос емес. Бұл банктiң несиелiк әлуетiн түсiнудi
талап етедi.
Несиелiк әлует - өтiмдiлiк резервтерiн есепке алмағандағы банктiң
қалған барлық қаражаттары.
Коммерциялық банктiң өтiмдiлiк резерві - бұл Ұлттық банкте сақталынған
несиелiк мекемелердiң мiндеттi резервтерi.
Бұдан кейiн назарда болатын нәрсе - "банктiк ресурстар" түсiнiгi
"несиелiк ресурстар" түсiнiгiне Қарағанда кеңiрек болып келедi, себебi
алғашқысы тек қана несиелеу мақсаты үшiн ғана емес, сонымен бiрге басқа да
активтi операцияларды жүргiзуге және қаржыландыру үшiн жинақталады. Банк
тәжiрибесiне және теориялық зерттеу негiздерiне сүйене отырып, несиелiк
ресурстарды келесi критерийлерге байланысты жiктеп көрсетуге болиды. Олар:
1) Пайдаланылу көздерiне байланысты:
• жоспарланған;
• орналастырылған.
2) Өтiмділiгiне байланысты:
• мезеттiк;
• ағымдағы.
3) Құралу көздерiне байланысты:
• депозиттiк;
• депозиттiк емес.
4) Орналастыру мерзiмiне байланысты:
• қысқа;
• орта;
• ұзақ.
5) Кепiлдендiру дәрежесi бойынша:
• мемлекетпен кепiлдендiрiлген;
• банкпен кепiлдендiрiлген;
• кепiлдендiрiлмеген.
Жоспарланған несие ресурстары коммерциялық банктердiң несиелiк әлуетi
негiзiнде осы жылдағы жеке және занды тұлғаларға несие беру арқылы өз
табысын жоғарлатуға бағытталған банк ресурсының бiр бөлiгi.
Орналастырылған несие ресурсы банктiң табыс табу мақсатында белгiлi
мерзiмге қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиiс болып жеке және занды
тұлғаларға берiлген несие қаражаты.
Несиелiк ресурстардың қажеттiгi немесе экономикалық тiлде айтқанда
өтiмдiлiгiне байланысты тәжiрибемен ұштастыра отырып, ағымдағы несиелiк
ресурстарға және мезеттiк несиелiк ресурстарға бөлiп айтуды ұсынамыз. Бұл
бөлiп айтылған ресурстардың түсiнiгiн оларды анықтау формулалары арқылы
ашып көрсетуге болады.
Ағымдағы несиелiк ресурстардың есептелу формуласын қолдана отырып,
бiздiң түсiнетiнiмiз - әлi де болса несиелiк салым ретiнде бағыттай алатын
несиелiк салымдардың әлуеттiк мүмкiндiгi:
Ағымдағы несие ресурстары = Несиелiк әлует — ағымды уақыттан ұзақ
мерзiмге орналастырылған банк ресурстары.
Мезеттiк несие ресурстары — бұл дәл осы сәтте несие беру үшiн
пайдалануға болатын несиелiк ресурстар.
Мезеттiк несие ресурстары = Қор шоттағы қалдықтар + Ағымдағы түсiмдер
— Ағымдағы төлемдер + Жоғарғы өтiмдi ресурстар (МКМ) + Банк кассасындағы
артық қолма-қол ақша.
Келесi бiр факторды, яғни Банкаралық несиенiң жоғарғы өтiмдi нарығының
болуын айта кетпеске болмас. Осыны ескерсек бiз осы банктiң несиелiк
ресурсына қосымша ресурс ретiнде кейбiр жағдайларда баска коммерциялық
банктердiң ағымдағы және мезеттiк ресурстарын да есепке алуымызға болады.
Депозиттiк несиелiк ресурстар банктердiң мiндеттемелерi негiзiнде
мерзiмдi және талап еткенге дейiнгi жағдаймен салымшылардан тартқан
қаражатының несиелiк ресурс ретiнде пайдаланылатын белгiлi-бiр бөлiгi.
Депозиттiк емес ресурстар банктердiң несиелiк операция жүргiзу мақсатында
пайдаланатын мiндеттемелерден және меншiктi капиталдан құралған ақша
қаражаттарының бiр бөлiгi.
Қысқа, орта және үзақ мерзiмдi несиелiк ресурстар қарыз алушылардың
және банктiң несиелiк портфелiнiң мерзiмдерiне қарай диверсификациялану
қажеттiлiгiнен туындайтын қаражаттардың орналастыру жағдайы.
Мемлекетпен кепiлдендiрiлген несие ресурстары әртүрлi халықаралық
қаржылық үйымдардан алына отырып, қайтарылу жағдайы Қазақстан Республикасы
Yкiметiмен кепiлдендiрiлетiн және экономиканың мемлекет қолдап отырған
салаларына банктер арқылы орналастырылатын қаражат көзi.
Коммерциялық банктердiң несиелiк операция жүргiзу мақсатында пассивтiк
операциялары негiзiнде тартылған және несиелiк ресурсқа бағытталған ақша
қаражаттары, қайтарылуы банкпен кепiлдендiрiлген несие ресурсы болып
табылады.
Кепiлдендiрiлмеген несие ресурсы - ол коммерциялық банктiң жарғылық
қорын қүру мақсатында акция иелерiнен тартылған қаражаттың несие ресурсы
ретiнде бағытталған белғiлi-бiр бөлiгi.
Коммерциялық банктердiң несиелiк ресурстары мен олардың қалыптасу
жағдайын зерттеп бiлiп, үтымды үсыныстар жасау — бүғiнғi күндегi барлық
экономист ғалымдарды толғандыратын мәселе. Өйткенi, Қазақстан
Республикасының экономикасының барлық салалары қазiргi кезде үзақ мерзiмдi,
арзан және барлық шаруашылық субъектiлерiне тиiмдi несиелiк ресурстарды
қажет етiп отыр. Коммерциялық банктердiң коммерциялық кәсiпорын түрiндегi
басты бiр ерекшелiгi — оның ресурстарының едәуiр бөлiгiн меншiктi
қаражаттармен қатар, сырттан тартылған каражаттар қүрайды. Сондықтан да
банктiң беретiн несиелер көлемi сырттан тартылған қаражаттарға тiкелей
байланысты болып келедi. Олардың басты түрiне банктiң клиенттермен жүмыс
iстеу процесi кезiнде сырттан тартылған, сол сияқты басқа да несиелiк
мекемелерден қарызға алынған қаражаттары жатады.
Депозит (латын тiлiнде dероsitum — сақтауға берлiген зат) — бұл бiр
тұлғаның (депозиттердi) басқа тұлғаға — банкке (оның iшiнде: Ұлттық
банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретiн ақшасы. Мұнда
қайтарылуға депозиттiк келiсiм-шартта белгiленген пайыздық ставкасы мен
депозиттiң негiзгi сомасы жатады. Депозиттер депозиттiк операциялардың
объектiлерi болып табылады.
Депозиттiк операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын
белгiлi бiр мерзiмдегi немесе қажет уақытында талап етуге дейiнгi
салымдарға тартуға байланысты жүргiзiлетiн банктiң операциялары болып
табылады. Әдетте депозиттiк операцияларға пассивтердiң 70-80% үлесi тиедi.

1 сурет - Сырттан тартылған қаражаттар.

Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екi топқа бөлiнедi:
1. Депозиттiк қаражаттар.
2. Депозиттiк емес қаражаттар.
Депозиттiк операциялар субъектiлерiне:
• мемлекеттiк мекемелер;
• кооперативтер;
• акционерлiк қоғамдар;
• шетел капиталының қатысуымен акционерлiк кәсiпорындар;
• қоғамдық ұйымдар мен қорлар;
• қаржылық және сақтандыру компаниялары;
• инвестициалык және сенiмгерлiк компаниялар мен қорлар;
• жеке тұлғалар мен олардың бiрлестiктерi;
• банктер және басқа да несиелiк мекемелер жатады.
Депозиттiк операциялар экономикалық мазмұнына байланысты халықаралық
банктiк тәжiрибеде депозиттердiң 4 iрi тобын бөледi:
1. мерзiмдi депозиттер, олардың басқа да түрлерi
депозиттiк
сертификаттар;
2. қажет уақытында талан етiлетiн депозиттер;
3. халықтың жинақ салымдары;
4. бағалы қағаздар.
Бұл топтардың әрқайсысы өз кезегiнде әр түрлi белгiлерiне байланысты
жiктеледi. Мерзiмдi депозиттер тобы, әдетте мерзiмдерiне қарай:
• 1ай мерзiмге дейiнгi депозиттер;
• айдан 6 айға дейiнгi мерзiмдегi депозиттер;
• 6 айдан 9 айға дейiнгi мерзiмдегi депозиттер;
• 9 айдан бiр жылға дейiнгi депозиттер;
• бiр жылдан жоғары уақыттағы депозиттер.
Депозиттер екi жолмен пайда болуы мүмкiн: бiрiншiсi, банк занды және
жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны олардың депозиттiк
шотына орналастырған жағдайда; екiншiсi, "жасанды" депозиттер, яғни
клиентке чек арқылы есеп-айырысуы мүмкiндiгiн беру барысында.
Көптеген елдерде депозиттiк шоттар мынадай екi жағдайды ескере отырып
жiктеледi:
• депозиттiк мерзiм;
• салым иелерiнiң категориялары.
Қаражаттарды депозиттерге орналастыруды бiрнеше себептермен
түсiндiруге болады. Банктер үлкен қаражат сомасының тұрақты сақталуын
қамтамасыз етедi. Одан кейiн мерзiмдi салымдар банктен төленетiн пайыз
түрiнде табыс әкеледi, ал қажет уақытында талап етiлетiн салымдар төлем
құралы қызметiн атқарады.
Контокоренттiк шот - бұл банктiң клиентпен жасалатын операцияларының
бәрiн есепке алатын бiртұтас шот болып табылады. Контокоренттiк шотта бiр
жағынан банктiк ссуда және клиенттiң тапсырмасы бойынша шотынан
жүргiзiлетiн барлық төлемдер, екiншi жағынан аударымдар түрiнде, салымдар
түрiнде, ссудалардың қайтарылуы және басқадай төлемдер түрiнде түсетiн
қаражаттар көрсетiлдi. Демек бұл шот есеп айырысу және ссудалық шоттардың
бiрiгуi барысында туындайтын активтi-пассивтi шотты бiлдiредi. Бұл шот
бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары туралы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар
Депозит
Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының кұрылымы
Коммерциялық банк қызметтерінің қазіргі нарығы (Банк Центр Кредит мысалында)
Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден алынған несиелер
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарын қалыптастыру мәселелері
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Пәндер