Электрондық оқу-әдістемелік кешендері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ8

1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КШЕНДЕР ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДЕҢГЕЙІ10

1. 1Электрондық оқу-әдістемелік кешендердің пайда болуының тарихи алғышарттары10

1. 2Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен құрылымы11

1. 3Оқу-әдістемелік кешендердің қызметі14

1. 4Электрондық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар17

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ19

2. 1Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді жобалау19

2. 2Электрондық оқу-әдістемелік кешенді құру технологиясының кезеңдері19

2. 3Электрондық оқу құралын жобалау және құру шарттары21

2. 4Оқу-әдістемелік кешеннің жалпы құрылымы22

2. 5Оқу-әдістемелік кешеннің ішкі құрылымы24

2. 6“Java-технологиялар” пәнінен оқу-әдістемелік кешеннің алгоритмдік сұлбасын қалыптастыру28

3. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ30

3. 1Электрондық оқу-әдістемелік кешенді құруда қолданылған тілдер сипаттамасы30

3. 2Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің негізгі бетінің ұйымдастырылуы31

3. 3Жұмыс бағдарламасы блогын құрастыру34

3. 4Дәрістер блогын ұйымдастыру37

3. 5Лабораториялық жұмыстар блогын құру39

3. 6Өзіндік жұмыстар блогын қалыптастыру41

3. 7Глоссарий беті42

3. 8Қашықтан оқыту бетін ұйымдастыру44

3. 9Электрондық оқу-әдістемелік кешенді пайдалану тиімділігі44

4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ47

4. 1Жобаның жалпы тиімділігі47

4. 2Оқу-әдістемелік кешенді құруға кеткен шығындарды есептеу47

4. 3Программалық қамтаманы енгізудің тиімділігін есептеу50

4. 4Жүйенің өтеу мерзімі52

4. 5Жылдық экономикалық эффект52

5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ53

5. 1Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік53

5. 2Техника қауіпсіздік ережелері53

5. 3Өндірістік микроклимат54

5. 4Электр қауіпсіздігі56

5. 5Жарықтандыру56

5. 6Өрт қауіпсіздігі57

ҚОРЫТЫНДЫ59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ60

ҚОСЫМШАЛАР


КІРІСПЕ

Қазіргі жаһандану барысында еліміздің бәсекеге қабілеттілігі үшін материалдық өнімнен интеллектуалдық өнім өндіруге өту - мемлекетіміздің бүгінгі басты мақсаттарының бірі болып отыр, яғни бұған басты әсер ететін жоғарғы білім деңгейі, адам капиталы және инновациялық даму секілді көрсеткіштер десек, жаңа технологиялардың, оның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамып, күнделікті қоғамда пайдаланылуы - сапалы мамандардың қалыптасуын талап етеді [3] .

Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Білім алудың заманға сай моделін қалыптастыру қоғам дамуының болашақтағы жағдайына ғылыми болжам негізінде жүргізілуі тиіс және ол болашақтың талаптарына бағытталуы керек. Себебі, білім беру мемлекеттің және, жеке жағдайда, аймақ экономикасының тұрақты даму базисін қалыптастыруда үлкен мүмкіндіктерге ие болады [4] . Осы заманғы жоғары техникалық білім берудегі маңызды міндеттер - оқушыларды ғылыми ойлауға, білімді өздігінен игеруге және жаңа мәліметтерге сын көзбен қарауға үйрету, ғылыми жорамалдарды құра білуге, оларды тәжірибеде тексеріп көруге қатысты жоспар жасауға баулу. Бұл міндеттерді жаңа ақпараттық технологиялардың көмегінсіз шешу мүмкін емес.

Интернет ауқымды компьютерлік желісінің дамуы дүниежүзілік білім беру жүйесін жетілдірудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Бұл білім беру мекемелерінің техникалық жабдықталуымен қатар, студенттердің белсенді танымдық қызметіне және өзара көмек көрсете отырып оқуға бағытталған оқытудың жаңа түрлері мен әдістерінің қолданылуында көрініс тапты. Осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының арқасында жаңа педагогикалық технология - қашықтан оқыту пайда болды. Қашықтан оқытуда студент пен оқытушы кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан, бірақ олар тұрақты өзара байланыста болады. Бұл байланыс оқу үрдісін құрудың ерекше тәсілдері, бақылау түрлері және электрондық пошта мен басқа интернет-технологияларды қолданып байланысу әдістерінің көмегімен ұйымдастырылады [5, 6] .

Қазіргі әлемде қашықтан оқытудың жедел дамуының негізгі себебі - әлемдік экономиканың ғаламдануымен итермеленетін білім алуға деген өсіп жатқан сұраныс. Бұл сұранысты дәстүрлі білім беру институттары және дәстүрлі оқыту тәсілдері қанағаттандыра алмайды, компьютерлік технологияларға негізделген қашықтан оқытудың кең қолданылуы, онлайн тәртібінде оқытудың дамуы, осындай қызметке маманданған жаңа құрылымдардың пайда болуы осы жағдаймен түсіндіріледі.

Қашықтан оқытуды жоғарғы білім алу үшін, білім деңгейін жоғарылату және мамандарды қайта дайындау, қызметкерлердің білімін тексеріп отыру үшін пайдалануға болады. Тыңдаушының өз үйінде, жұмыс орнында немесе өз қаласындағы компьютерлік класта білім алуға мүмкіндігі бар, ендеше ол оқу орнына баруға уақыт пен ақша жұмсамайды. Сонымен қатар, тыңдаушы оқу курстарын кез келген ретпен және өзіне тиімді жылдамдықпен өте алады. Осының бәрі қашықтан оқытуды дәстүрлі оқытуға қарағанда сапалы, қол жетерлік және әлдеқайда арзан етеді. [5, 7] .

Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттық ресурсы оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) болып саналады. ОӘК оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету үшін құрылады және ол мемлекеттік талаптарға сай болу керек. ОӘК деп негізі оқулық болып саналатын дидактикалық-әдістемелік құралдар жиынтығын атайды. Оқулық оқушының танымдық қызметін басқарудың әдістемелік жүйесінің (оқыту-жоспарлаушы құжаттар, сабақ жоспарлары, оқытушыға арналған әдістемелік нұсқаулар, теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны, көрнекіліктер, арнайы терминдер сөздігі, әдебиеттер) бүтіндігін қамтамасыз етеді [8] .

Электрондық оқу басылымдарының қарыштап дамуы осы саланы сауатты түрде дамыту үшін құрастырушылардан келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

  • Электрондық оқу-әдістемелік кешен қандай болу керек, оның құрылымы мен мазмұны қандай талаптарға сай болуы тиіс? ЭОӘК-нің оқу үрдісіндегі орны қандай?
  • Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді құру үшін қандай программалық құралдарды пайдаланған жөн:Программалау тілдерін, Macromedia стандартты программаларын, Дайын программалық қоршау.
  • Электрондық оқу-әдістемелік кешен интерфейсіне қандай талаптар қойылады?

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, осы диплом жұмысын орындаудағы алға қойылған негізгі мақсаттарды анықтайық:

  1. Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді құрудың техникалық және технологиялық алғышарттарына талдау жасау, қойылатын талаптарды анықтау.
  2. Анықталған әдістемелік талаптарға сүйене отырып, “Java-технологиялар” пәнінен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен құрылымын қалыптастыру.
  3. Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді құрудың техникалық шарттарына негізделіп, “Java-технологиялар” пәнінен оқу-әдістемелік кешенді құрудың тәсілі мен құралдарын таңдау.
  4. Қалыптастырылған құрылымы мен таңдалған құралдар негізінде “Java-технологиялар” пәнінен оқу-әдістемелік кешенді құрудың алгоритмі мен программасын жазу.
  5. “Java-технологиялар” пәнінен құрылған оқу-әдістемелік кешеннің білім беру кеңістігіндегі маңызын көрсету.
  1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КШЕНДЕР ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДЕҢГЕЙІЭлектрондық оқу-әдістемелік кешендердің пайда болуының тарихи алғышарттары

Қоғамның заманға сай әлеуметтік-экономикалық өмір сүру шарттары мамандарды сапалы дайындауда өз қажеттіліктерін алға қояды. Жоғарғы оқу орындарында оқыту барысында студенттерде мамандыққа сәйкес білімдер аясына жатпайтын білім мен біліктердің кең ауқымын игеруге деген себепкерлікті тудыру қажеттілігін профессор-оқытушылар құрамы түсіну керек. Бір уақытта бірнеше мамандыққа оқыту қазіргі кезде мүмкін болып қана қоймады, бұл қажеттілікке айналды [10] .

Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестікті талап ету оқытушы үшін бірінші орынға студенттердің өзіндік жұмысын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және басқару мәселелерін шығарды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің енгізген нормативтік жаңашылдықтары және 1997 жылы елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қоюы ЖОО-да оқу үрдісін қайта бағыттауға мүмкіндік берді. Студенттердің өзіндік жұмысын қамтамасыз ету бөлімі заманауи ақпараттық технологияларды, ең алдымен, комьютерлік технологияларды қолдануға бет бұрды.

Оқу үрдісін ақпараттық қамтамасыз етудің нәтижелі тәсілдерінің бірі ЖОО-да оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) енгізу болып табылады. ОӘК-ді құрудың білім беру мекемелерінде әр түрлі пәндерден оқу-әдістемелік жинақтарды (ОӘЖ) және т. б. енгізумен тарихи байланысы бар. Әдетте, осындай ОӘЖ жеке оқу-әдістемелік модульдерден (ОӘМ) тұрды және алдын-ала әзірленген жоспармен қатар, оқытушыға дайын модульдерден оқу жоспарын өз бетінше құруға мүмкіндік беретін техникалық және әдістемелік құралдардан құрылды [5, 9] .

Дәстүрлі мағынасында ОӘК - бұл тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуы тиіс оқу-тәрбие үрдісін жүйелі сипаттаудың жобасы болатын барлық оқу-әдістемелік құжаттардың (жоспарлар, программалар, әдістемелер, оқу құралдары және т. б. ) жиыны, ол мамандарды даярлауды басқарудың дидактикалық құралы болып табылады.

Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты мектептер мен ЖОО-ның оқу үрдісіне программалық құралдарды енгізудің нәтижелілігін жоғарылату және оқытушылардың жаңашылдық педагогикалық тәжірибесі мен әдістемелік қолдауын тарату мақсатында электрондық оқу-әдістемелік кешендерді (ЭОӘК) құру идеясы пайда болды [10] .

Жоғарғы және дипломнан кейінгі білім берудегі оқыту қызметінің заманға сай шарттары оқу үрдісіне электрондық оқытудың кіріктірілуімен және дамуымен сипатталады. Электрондық оқытуға сандық, мультимедия, виртуалды және желілік технологияларды қолдану жатады.

Мамандандырылған әдеби ақпарат көздерінің мәліметтеріне сәйкес электрондық оқыту (ЭО) термині Интернет, жергілікті Интранет желісі, электрондық пошта немесе CD-ROM арқылы интерактивті, қашықтан білім алу форматында оқытуды білдіреді. ЭО-ды ойлап тапқан және алғаш құрған авиаторлар болып саналады, бұл олардың жұмыстарының ерекшеліктері орталық бөлімнен қашық орналасқан қызметкерлерді оқытуды талап етуімен байланысты болды [11] .

  1. Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен құрылымы

Электрондық оқыту құралдарын ғылыми негізделген түрде байланыстыру тек оның қайта құрылуы мен түпкілікті жақсаруына ғана емес, түбегейлі түрде жаңа, әлдеқайда нәтижелі білім беру жүйесінің орнығуына алып келуі мүмкін. Қалыптасқан жағдайда электрондық технологиялар бойынша оқитын студенттер мен тыңдармандарды әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз ету мәселесінің барынша толық шешімі және оқытудың дәстүрлі түрлерінде айтарлықтай толық шешімі жергілікті, сондай-ақ желілік жағдайда электрондық оқу-әдістемелік кешендерді (ЭОӘК) құру және жобалау болып табылады [5] .

ЭОӘК электрондық тасушыларда орналастырылатын және ақпараттық-білім беру ортасында тұлғаға бағытталған оқытудың негізгі жағдайларын жүзеге асыру мақсатында орындалатын нақты пәндік қызметті игеру құралы болып табылатын ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік, программа-техникалық жабдықтаудың кіріктірілген жиынын білдіреді. Берілген материалдардың арналуы мен көлеміне байланысты ЖОО-да оқу-әдістемелік жабдықтауды әртүрлі күрделілік деңгейлеріне бөледі [12] :

  • жалпы мамандық үшін;
  • пәндер тобы үшін;
  • жеке пән бойынша және т. с. с.

Пән бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешеннің құрамына төмендегі

элементтер кіреді:

  1. Типтік бағдарлама.
  2. Жұмыс бағдарламасы:
  • алғы сөз;
  • дәріс сабақтарының мазмұны;
  • СОӨЖ өткізудің әдістемелік жоспары;
  • СӨЖ тапсырмалары;
  • әдебиеттер тізімі;
  • қорытынды емтиханға дайындалуға арналған бақылау сұрақатары;
  • курс саясаты;
  • бағалау критерийлері (рейтингтік бақылау жүйесі) ;
  • ағымдық, аралық және қорытынды бақылау кестесі.
  • Дәріс сабақтарының әдістемелік құраушысы.
  1. Демонстрациялық және қосалқы материалдар кешені.
  2. СОӨЖ-нің (студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы) әдістемелік құраушысы.
  3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауды өткізуге арналған материалдар.
  4. Жобаларды орындауға әдістемелік кеңестер.
  5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің картасы.

Пәннің типтік бағдарламасын Білім Министрлігі бекітеді, ол курстың жұмыс бағдарламасын құруға негіз болады. Типтік бағдарлама бес жылда бір рет бекітіледі. Ал жұмыс бағдарламасы ЖОО-ның, мамандықтың ерекшеліктерін есепке алуы тиіс және экономикада, әлеуметтік салада және бизнес-ортада болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жыл сайын дамытылып отыру керек.

Пәннің жұмыс бағдарламасын оқытушы құрастырады. Бағдарлама міндетті түрде кафедра отырысында қарастырылады [13] .

Жұмыс бағдарламасын алғы сөз бастайды. Ол келесі элементтерден тұрады:

  • курсты оқудың өзектілігі мен қажеттілігі;
  • курстың мақсаты мен міндеттері;
  • курстың пререквизиттері мен постреквизиттері;
  • курстың ұзақтығы.

Курстың өзектілігін сипаттағанда пәнді оқудың қажеттілігі мен уақыт талабына сәйкестігінің студенттер қызығушылығын тудырарлық дәлелдерін табу керек. Берілген курс арнайы пәндер жағдайында олардың болашақ мамандар ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқаратынын және жалпы білім беретін пәндер жағдайында топтық жұмысқа баулитынын, кең дүниетаным қалыптастыратынын атап өткен ерекше маңызды.

Курстың мақсаты мен міндеттерін сипаттау да аса маңызды. Олар арқылы студенттер қандай білімдер мен біліктерді меңгеретіні, олар қандай экономикалық және әлеуметтік функцияларды өз бетімен атқара алатыны түсінікті болу керек.

Алғы сөздің келесі элементі пререквизиттер мен постреквизиттерді - сәйкесінше берілген пәнді оқуға дейін және оқудан кейін меңгерілуі міндетті пәндерді сипаттау болып табылады. Оларды сауатты сипаттау берілген пәнді оқудың маңыздылығы мен қажеттігін ерекшелеуге мүмкіндік береді.

Алғы сөздің келесі элементі - курстың ұзақтығы, ол пәнді меңгеруге қажет болатын кредит-сағаттар санын дәл есептеуді қарастырады.

Келесі кезең - СОӨЖ (Office Hours) құру. Әрбір СОӨЖ-ге дәріске кірмеген және қандай да бір сұрақтарды тереңдетуге, кейбір жағдайларды талдау, шешімдерді қабылдау біліктіліктерін қалыптастыруға септігін тигізетін материалдар әзірленуі керек. СОӨЖ өткізудің қалыптасқан әдістемесі өте маңызды [12] .

СӨЖ-дің тиімділігі көп жағдайда оның әдістемелік қамтамасыз етілуіне, яғни оқу әдебиетінің, әдістемелердің, Интернет ресурстарының баршылығына және оқу залының мүмкіндіктеріне байланысты.

Оқытушы жұмысының тұрақты жаңартылатын бөлігі әдебиеттер тізімі болып табылады. Ол екі бөліктен тұрады: негізгі және қосымша әдебиеттер. Негізгі әдебиеттер тізімі әдетте үлкен болмайды: екі-үш іргелі кітап және нормативтік-құқықтық база. Қосымша әдебиеттер өзіндік жұмысты орындауға негіз болу керек.

Әрбір пәнді оқу кредиттік технология ережелері бойынша емтиханмен аяқталады. Ол тест, кешенді емтихан, т. б. түрде өткізілуі мүмкін. Қалай болғанда да студент қорытынды емтиханға дайындалуға арналған сұрақтармен қамтамасыз етілуі керек [14] .

Студенттерге қойылатын талаптар жүйесі (курс саясаты) :

  • сабақтарға кешікпеу;
  • сабақ үстінде сөйлеспеу, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіру;
  • сабақтан қалмау, ауырған жағдайда анықтама алып келу;
  • үй тапсырмаларын уақытында орындау;
  • оқу үрдісіне белсенді қатысу;
  • барлық тапсырмаларды уақытында әрі міндетті түрде орындау;
  • аудиторияда темекі шекпеу және т. с. с.

Бақылаудың үш түрі бар:

  • ағымдық (апта сайын),
  • аралық (деканат кестесі бойынша өткізіледі),
  • қорытынды (семестр соңында бір рет өткізіледі) .

Балдарды қою реті :

ағымдық бақылауға - 40 балл,

аралық - 20 балл,

қорытынды - 40 балл,

барлығы -100 балл.

1. 1-кесте. Емтихан нәтижесі бойынша балдар қою.

Студент жауабының бағасы %-пен: Студент жауабының бағасы %-пен
Балдар: Балдар
Баға: Баға
Студент жауабының бағасы %-пен: 90-100
Балдар: 37-40
Баға: 5
Студент жауабының бағасы %-пен: 75-89
Балдар: 31-36
Баға: 4
Студент жауабының бағасы %-пен: 50-74
Балдар: 20-30
Баға: 3
Студент жауабының бағасы %-пен: 0-49
Балдар: 0-19
Баға: 2

1. 2 - кесте. Қорытынды баға.

Жалпы рейтингтік балл: Жалпы рейтингтік балл
Баға: Баға
Жалпы рейтингтік балл: 90-100
Баға: 5
Жалпы рейтингтік балл: 75-89
Баға: 4
Жалпы рейтингтік балл: 50-74
Баға: 3
Жалпы рейтингтік балл: 0-49
Баға: 2

Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді дайындау үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген жұмыс оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады [12] .

Оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы:

Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің негізін төмендегі бөлімдер [5] құрау керек (1. 1-сурет) :

1. басқару модулі (аңдатпа, жұмыстық оқу жоспары, оқытушы қолданатын техникалық және программалық құралдар тізімі, оқу үрдісінің қатысушыларына нұсқаулар мен кеңестер, пән бойынша жұмыс бағдарламасы, студенттерді тіркеу және т. с. с. ) ;

2. оқыту модулі (қатты жинақтаушылардағы және электрондық түрдегі, оның ішінде гипермәтіде жазылған оқулықтар мен оқу құралдары, презентациялық оқу құралы, әртүрлі тәсілдермен басып шығарылған, курс бойынша бағдар беретін және барлық ақпараттық қолдау құралдары бойынша іздеуді жеңілдететін дәрістердің қысқаша конспектісі, әдістемелік нұсқаулар, программалар мен тапсырмалар, лабораториялық, практикалық жұмыстарды, міндетті типтік, курстық жұмыстар мен жобаларды, дипломдық жоба мен бітіру жұмысын орындауға арналған есептер жинағы, программалық-педагогикалық құралдар, сонымен қатар, әдебиеттер тізімі және барлық бөлімдер мен модульдердің толық тізімі) ;

3. үлгерімді және оқу үрдісінің нәтижелілігін бақылау модулі (бақылау есептерінің жинағы, сұрақтар мен жауаптардың тізімдері, әдістемелік нұсқаулар, түсініктемелер мен талаптар, сонымен қатар, қорытынды, аралық аттестациялауды, ағымдық және жедел бақылауды, өзін-өзі тексеруді техникалық қолдау құралдарының сипаттамалары) ;

4. ақпараттық-анықтамалық модуль (оқу құралдарына қосымша мақалалар, курс бойынша немесе жеке тақырыптар бойынша материалдар, қосымша түсініктемелер мен жоғарыдағы аталған барлық оқу қызметі түрлерінің орындалу мысалдары, сервердегі немесе ақпараттың негізгі тасушысындағы материалдар, сыртқы орталарға сілтемелер мен адрестер жүйесі, технологиялық сипаттағы қосымша түсініктемелер, курс бойынша шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі ақпараттық материалдар) .

  1. Оқу-әдістемелік кешендердің қызметі

Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз - үйренушілердің таным қызметін басқаратын әдістемелік жүйенің толықтығын қамтамасыз ететін оқу құралдарының жиыны. Оқу-әдістемелік кешен білімнің барлық сатысына араналған бірыңғай коммуникативті-танымдық тұжырымдаманы есепке ала отырып әзірленуі керек [12] .

Қазіргі кезде ЭОӘК мен оның компоненттерінің мазмұны мен безендірілуін, оларға қойылатын әдістемелік және программалық-техникалық талаптарды анықтайтын сәйкес ережелер құрастырылды, оларды құрудың мақсаты төмендегідей [15] :

  • оқу үрдісінің белсенділігін арттыру;
  • жаңа материалды қабылдау мен түсінуде студенттердің танымдық қызметінің белсенділігін қолдау;
  • автоматтандырылған құралдарды бақылаудың барлық түрлерін пайдалану;
  • қажетті оқу материалдарымен және қосымша материалдармен, сонымен қатар, мультимедиалық негіздегі материалдармен қамтамасыз ету және оларды оқыту кезеңдеріне, әдістеріне және студенттермен жұмысты ұйымдастыру түрлеріне қатысты қолданудың дұрыс реттілігін қамтамасыз ету;
  • студенттердің болашақ кәсіби қызметтеріне жақын есептерді өндірісте қолданылатын программалық құралдар көмегімен шешу арқылы олардың себепкерлігін арттыру;
  • бірыңғай оқу-ақпараттық кеңістікті құру;
  • студенттердің оқу қызметінің барлық компоненттері мен бағыттарын құрастыру және дамыту;
  • студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру;
  • оқыту үрдісін ақпараттық материалдармен қосымша ақпараттық қолдау.

Ақпараттық-білім беру ортасына кіріктірілген ОӘК-нің қызметі [5] :

  • оқу орнының ақпараттық ресурстарына алыстан ену;
  • студенттерді және олардың әрекеттерін тіркеу;
  • студенттерге оқытушылар мен басқа студенттер жағынан консультациялық қолдау көрсету;
  • студенттердің оқу үрдісінде алған білімдерін тестілеу және бақылау;
  • жеке практикалық тапсырмаларды орындауды қолдау (қажетті қосалқы программалар пакеттері мен компьютерлік үлгілеу құралдарын қосу) ;
  • алыстан ену лабораториялық практикумын ұйымдастыру.

Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешенінің құрылымдық сұлбасы 1. 1-суретте көрсетілген: ДМ - дидактикалық материалдар (таратылатын материалдар және т. б. ) ; ГМ - графикалық материалдар (схемалар мен суреттер) ; АОЖ - автоматтандырылған оқыту жүйесі; АОК - автоматтандырылған оқу курсы; СОЖ - сараптамалық оқытушы жүйе; ИОЖ - интеллектуалды оқытушы жүйе; ЭО - электрондық оқулық; ВЭ - виртуалды экскурсия; АІҚ - ақпараттық іздеу құралдары; КТ - компьютерлік тренажер; ПТ - практикалық тапсырма; ЛЖ - лабораториялық жұмыс; ЕГЖ - есептеу-графикалық жұмыс; КС - кейс-стади; ІО -іскерлік ойын; ЖТ - жеке тапсырма; ОҒЗЖ - оқу ғылыми-зерттеу жұмысы; БЖ - бақылау жұмысы; ЭЖ - электрондық журнал; AV - AV-материалдар.

1. 1-сурет. Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешенінің құрылымдық сұлбасы:

  1. Электрондық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар

Дидактикалық талаптар. Жаңа заманғы ЭОӘК-дер, сөзсіз, әдеттегі «қағаз» оқулықтарға, оқу және әдістемелік құралдарға қойылатын дәстүрлі дидактикалық талаптарды қанағаттандыру керек. Оларға оқудың ғылымдығы, қол жетімділігі, көрнекілігі, жүйелілігі және реттілігі талаптары, оқу үрдісінде студенттердің белсенділігі мен саналылығын қамтамасыз ету талаптары, ОӘК көмегімен жүргізілетін оқытудың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің бірлігі талаптары жатады.

Сонымен қатар, жаңа заманғы ОӘК-ді құру мен пайдалануда осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану осындай кешендерге өзгеше дидактикалық талаптар қояды, мысалы, оқытудың индивидуалдылығын қамтамасыз ету талабы, оқытудың интерактивтілігі талабы, оқытудың бейімділігін қамтамасыз ету талабы, оқу материалын бейнелеудің жүйелілігі мен құрылымдық-функционалдық байланыстылығы талаптарын, оқытудың дидактикалық циклының бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, оқу ақпаратын компьютерлік бейнелеу мүмкіндіктерін максималды жүзеге асыру талаптары [9, 16] .

Мазмұн құрылымына қойылатын талаптар. ОӘК-нің контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 - модульдер, 2 - блоктар, 3 - сабақтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты
Жалпы биология курсын оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесі
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Ақпараттық технология түсінігі
Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары
Қазақ ұлттық техникалық университет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz