Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтерің басқару


Диплом жұмысы
Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтерің басқару (мысал)
Орындаған: Паткен. А. С
Тобы:
Алматы 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ МӘНІ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ
КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ . . . 9
1. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері . . . 9
1. 2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі . . . 20
1. 3 Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі мемлекеттегі іс-шаралар . . . 27
2 БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ КОМАНИЯСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . . 32
2. 1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы . . . 32
2. 2 «Казком Полис Сақтандыру» компаниясының қаржылық қызметін талдау . . . 43
2. 3 «Казком Полис Сақтандыру» компаниясының инвестициялық қызметін бағалау . . . 51
3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ . . . 59
3. 1 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары . . . 59
3. 2 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
ҚОСЫМША А
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады.
Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, нарықтық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр.
Қазақстанда жеке меншіктің дамуымен бірге сақтандырудың да рөлі өсуде, алайда отандық сақтандыру қызметінің халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіп отырған сақтандыру қызметтерінің көлемі тар, тиімділігі аз болып отыр.
Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және қарқынды дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айту қиын.
Диплом жұмысының тақырыбы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтерін басқару.
Сақтандыру қызметі нарығының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді сақтандыруға, халықтың отандық қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді салымдар жасауға көп халықтың сенбеуінде болып отыр. Сақтандыру нарығының дамымай қалғандығын және оның Қазақстандағы институционалдық аяқталмағандығы мемлекеттік мәселе болып отыр, егер осы мәселені мемлекет шешсе сақтандыру қызметі нарығы экономикалық өсудің маңызды тұрақты факторы болар еді.
Отандық сақтандыру қызметі нарығының дамуын тежеп отырған негізгі себептер тек сақтандыру қызметін ұсыну тәжірибесінің жеткіліксіздігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі мен төлемқабілеті бар кәсіпорындардың санының аздығында болып отыр. Осы себептер сақтандыру қызметінің потенциалын анықтап және құру механизмдерін жетілдіруге бағытталған және болашақтағы тенденцияларын қорытындылайтын зерттеулердің жоқтығынан болып отыр. Осы себептер тақырыптың өзектілігін ашады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі . Қазіргі кезде қалыптасып отырған ұлттық экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған жағдайлар кезеңінде сақтандырудың жаңа рөлін жан- жақты зерттеу өте маңызды. Атап айту керек, У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т. б. ғұлама ғалымдардың математика және экономика бойынша еңбектерінде сақтандырудың негізі қаланып, сақтандыру қорының мәні ашылды және өмірді сақтандыру теориясы ғылыми негізделіп, сақтандырудағы өзекті есептердің мәселелері өз шешуін тапты деп айтуға болады. Нарықтық әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметінің даму мәселелері сақтандыру бизнесін ұйымдастырушы мамандардың еңбектерінде кең талқыланған. Сақтандыру қызметінің мазмұны, оның әлеуметтік- экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған.
Олардың ішінде К. К. Жүйріков, У. Б. Баймұратов, К. Г. Воблый, Э. А. Вознесенский, А. Г. Грязнова, Е. Ш. Качалова, А. К. Сембеков, Е. Р. Хандшке, Э. С. Гребенщиков, Ю. М. Журавлев, С. Л. Ефимов, Л. А. Мотылев, А. М. Годин, В. Д. Мельников, О. Э. Лер, және т. б. көптеген ғалымдар бар. Бұл авторлардың еңбектерінде сақтандыру қызметінің және өнімдерінің жіктелуі қарастырылған және сақтандырудың жеке типтері, түрлері бойынша ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерінің мәні ашылып көрсетілген, сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларындағы өндірістік және қаржылық қызметтермен байланысты түрлі тәуекелдерді сақтандыруды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері анықталған.
Сондықтан, жаңа қоғамдағы сақтандыру қызметінің қалыптасу және даму мәселелерінің өзектілігі, тәжірибелік маңыздылығы және теориялық тұрғыдан жеткіліксіз өңделуі дипломдық жұмыстың объектісін, пәнін, мақсатын және міндеттерін анықтап отыр.
Дипломдық зерттеудің мақсаты және міндеттері . Дипломдық жұмыстың мақсаты - сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтерің басқарылуын талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлерін зерттеу;
- экономикада сақтандырудың мәні мен рөлін анықтау;
- сақтандыру секторын дамыту жөніндегі мемлекеттегі іс-шараларын зерттеу;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайын талдау;
- «Казком Полис Сақтандыру» компаниясының қаржылық қызметін талдау;
- «Казком Полис Сақтандыру» компаниясының инвестициялық қызметін бағалау;
- Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шараларын бағалау;
- Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмін талдау.
Зерттеу объектісі - «Казком Полис Сақтандыру» компаниясының сақтандыру қызметі.
Зерттеу пәні - бәсекелестік орта жағдайындағы Қазақстан Республикасы сақтандыру қызметінің ұйымдастырушылық және экономикалық аспектілері, инвестициялық қызметі болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - сақтандыру теориясының мәселелері, тұрақты даму теориясы, сондай-ақ күрделі әлеуметтік- экономикалық жүйені стратегиялық басқару сұрақтарын жан-жақты талдаған танымал отандық және шетелдік ғалымдардың еңбегі дипломдық зерттеудің жалпы теориялық негізі болып табылады.
Зерттеу нәтижесінің тәжірибелік маңыздылығы дипломдағы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды сақтандыру ұйымдары мен брокерлік компаниялар қызметтерінде, сақтандыру нарығын зерттеушілер кеңінен пайдалануы мүмкін.
- САҚТАНДЫРУ МӘНІ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері
Сақтандырудың алғашқы нысандары ерте кезде пайда болған. Осы уақыттың бастауына дейін жетуі бойынша, сол құл иеленуші қоғамы кезінде сақтандырудың шарт түрлерін қарауға болатын уағдаласулар жасалған. Бұл уағдалар қозғалмайтын мүліктерге, саудаға, ссудалық шарттарға, сондай-ақ теңіз кемелеріне тиісті болады. Бұл уағдалардың негізгі мәні теңіз бойынша тасу кезіндегі жүктер және суда шығындалу мүмкіндігінің тәуекелінен, берілген келісімге мүдделі, тұлғалар арасында таратып берілуі көзделеді.
Сақтандырудың негізгі нысандарының шығуы негізінде өзара міндеттерімен қамтамасыз етілген ұжымдық өзара көмек болады.
Сақтандыру - экономикалық қатынастардың жүйесін көрсететін экономикалық категория болып табылады және біріншіден, ақша қаражаттарының арнайы қорының заңды және жеке тұлғалар жарнамаларының шотының құрылуы және екіншіден, оның материалдық залалдарды өтеу үшін қолдануы және сақтану жағдайының басталуы кезінде ақшалай көмек көрсетіледі.
Сақтандыру, қаржылар және несиелерден берілген категорияларды төлейтін, белгілі бір ерекшеліктерге ие: Сақтандыру қатынасының ықтималды сипатына байланысты ақшаның қайта бөліну қатынасының қол ақшалары. Сақтандыру қорының қаражаттарын қолдану, сақтандыру жағдайларының болуына және зардаптарына байланысты.
Сақтандыру бұл сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында белгіленген, сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының сақтандыру нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын қамтиды.
Нарықтық экономикада сақтандыру ісіне мемлекеттің монополиясы бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның - Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтандыру нарығында бірнеше сақтандыру компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюталық бағамның өзгеруі, ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т. б. ) сақтандыру.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпарация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.
Сақтандыру нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі «ерекше тауар» - сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:
1. сақтандыру нарығы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
3. сақтандыру нарығының техникалық, инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін айқындауға тиіс;
4. құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін айқындауға тиіс;
5. сақтандыру нарығының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
Сақтандыру нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші, коммерциялық, бағалық, сенімділік.
Бөлу функциясы : бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы операциялардың жүргізілуін ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.
Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды мейілінше жоғары деңгейге көтеру.
Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын қалыптастыруда көмек көрсетеді. Және ол тұтынушылардың сұранысына байланысты қалыптасады.
Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз немесе басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді, яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.
Сақтануға қатысушылар арасындағы тұйық қайта бөлу қатынасы. Мұндай қатынастарды ұйымдастыру үшін сақтануға қатысушылардың сақтану жарналарының шотынан ақшалай сақтану қоры кұрылады. Осы қордың шотынан қаржылай көмек көрсетілу, оның құрылуына қатысқандарға ғана көрсетіледі.
Қаражаттарды қайта бөлу аумақтық бөліктерде қалай болса, уақытта да солай болады. Сақтандыру қорының аумақтық қаражаттары сол және басқа нақты жылда елдердің түрлі аудандарындағы азаматтар шаруашылығына және шаруашылық субъектілерінің экономикасына, табиғат құбылысының қолайсыз әсері дәрежесіне байланысты қайта бөлінеді. Мұндай қайта бөлу Қазақстанның орасан зор территориясы жағдайынан үлкен экономикалық нәтижелілігінен ерекшеленеді. Қаражаттарды қайта бөлу кезінде әр сақтанушы үшін мыналар жүзеге асырылады: қолайлы жылдарда ол тек қана сақтандыру жарналарын төлейді, ал қолайсыз жылдарда - сақтандырушыдан материалды көмек алады [1, б. 47] .
Сақтану қорына іске қосылған сақтану төлемдерінің қайтарылуы. Аталмыш сақтандыру категориясының нышаны несие категориясына тәмәмдатады.
Сақтандырудың экономикалық маңызы аталмыш категорияның қоғамда тағайындалуын көрсететін, оның қызметіне сәйкес. Сақтандыру категориясының қызметі ретінде келесіні алып көруге болады:
1. Тәуекелді қызмет. Аталмыш қызметтің орындалу шегінде сақтандыру оқиғасының себебіне байланысты, сақтандыруға қатысушылар ортасында сақтандыру қорында, қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі.
2. Ескерту қызметі. Аталмыш қызмет кең өлшем кешенін көздейді, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар, зілзала нәубетінің келеңсіз жағдайларының азаюы немесе оны болдырмау бойынша шараларды қаржыландыру. Залалды азайту және сақтандыру жағдайларын ескерту бойынша сақтанушы шараларын превенция атауы алады. Сақтандырушы осы қызметті өткізу мақсатында, ескертілген шаралардан ерекше ақшалай қор құрайды [2, б. 102] .
Сақтандыру нарығы - бұл сатып алу-сату объектісі болып сақтандыру қызметі табылатын, оған сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі. Сақтандыру нарығы дамуының объективті негізі - алдын-ала болжалмаған жағымсыз жағдайлар оқиғасында зардап шеккен шаруашылықтар мен азаматтарға ақшалай көмек көрсету мен қалыпты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету қажеттілігі.
Сақтандыру нарығын сақтандыру қызметтерін көрсетуге қатысатын сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушылар) жиынтығы ретінде де қарастыруға болады.
Сақтандыру нарығы буындарының бірі болып сақтандыру компаниялары саналады. Тек сақтандыру компаниясында ғана қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатымен, сақтандыру қорын пайдалану және құру процесі жүзеге асырылады.
Сақтандыру нарығының құрылымын институционалдық және аймақтық аспектілерде қарастыруға болады.
Институционалдық аспектіде ол акционерлік, корпоративтік өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары ретінде берілген. Аймақтық аяда жергілікті (аумақтық), ұлттық (ішкі) және әлемдік (сыртқы) сақтандыру нарықтарын алып көрсетуге болады.
Сақтандыру қызмет көрсетуіне сұраныс пен ұсыныс масштабына байланысты ішкі, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарықтары деп қарастыруға болады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру қызмет көрсетулерін қолданатын нарықтың шартын екі сегментке бөлуге болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар нарығы.
Заңды және жеке тұлғалар нарықтары әр - түрлі (сақтандыру түрлерінің психологиялық нұсқаулары бойынша), олардың жалпы ерекшеліктері болса да сақтандыру компаниясының кез келген клиенті аз шығын кезінде де жеке басын сақтандырғысы келеді.
Сақтандыру делдалдарына жататындар:
- сақтандыру агенті - бұл бір компания талабы бойынша және оның атынан жұмыс істейтін өкіл;
- сақтандыру брокері - бұл өз атынан шығатын, сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы тәуелсіз делдал (жеке және заңды тұлға) ;
- сақтандыру полисін таратудың баламалы жүйесі - бұл сақтандыру агенті ретінде шығатын заңды тұлғалардың жиынтығы (танысу бюросы, саяхат агенттігі, заңдылық кеңес беру, нотариалдық кеңселер) .
Қоғамдық бірлестіктерге сақтандырушылардың қауымдастығы, сақтандырушылар одағы, сюрвейерлер институты, рейтингтік, кеңес 5 беру агенттігі және басқалар.
Сақтандыру нарығы және жеке (жеке меншік) сақтандыру сомасын қамтиды және сақтандыру компаниясы мен олардың клиенттері арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Сақтандыру нарығының ерекше тауары болып сақтық қорғаныс - сақтандыру ұйымдарымен ұсынылатын қызмет саналады. Кез келген тауар сияқты сақтандыру қызмет көрсетуінің тұтынушылық құны бар.
Тұтынушылық құны сақтандыру қызметінің мәні, сақтандырушылық қорғанысты қамтамасыз етуде. Сақтандыру оқиғасы болған жағдайда бұл сақтандыру қорғанысы сақтандыруды, өтеу немесе сақтандыруды қамтамасыз ету нысанында материалданады [3, б. 98] .
Сақтандыру қызметінің құны немесе оның бағасы, сақтанушының сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысында көрсетіледі. Сақтандыру сыйақысы сақтандыру келісім шартына қол қою кезінде бекітіледі және егер келісім шарттың шарттарымен қарастырылмаса, қызмет көрсету мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Сыйақы салыстырмалы түрде белгілі бір база негізінде есептеледі, база ретінде келісім шарт бойынша сақтандыру сомасы саналады. Сақтандыру сыйақысы үлесінің базаға қатынасы сақтандыру тарифін береді. Сақтандыру тарифы 100 немесе 1000 ақшалай бірлік есебіндегі пайызбен анықталады. Сақтандыру сыйақысының мөлшері келесі жағдайлар үшін жеткілікті болу керек:
- сақтандыру кезеңі аралығында күтілетін шағымдарды жабуға;
- сақтандыру резервтерін құруға;
- сақтандыру компаниясының ісін жүргізудегі шығындарын жабуға;
- табыстың белгілі бір мөлшерін қамтамасыз етуге.
Сақтандыру қызметінің бағасы, кез келген нарықтық баға сияқты сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құбылып тұрады. Бағаның төменгі шегі сақтанушылардан келісім шарт бойынша сақтандыру төлемдерінен түсетін төлемдер арасындағы тепе-теңдік пен сақтандыру компаниясының шығындарына қосу арқылы анықталынады. Табыстар мен шығыстардың эквиваленттілігі сақтандыру іс-қызметінің шығынсыздығының шарты болып табылады. Алайда осылай бола тұра сақтандыру компаниясы сақтандыру операциялары бойынша ешқандай пайда алмайды.
Сақтандыру тарифтерінің жалпы деңгейіне әсерін тигізетін маңызды макроэкономикалық фактор болып банктік пайыздың мөлшері саналады. Банктік пайыз сақтандыру іс-қызметіне екі бағыт бойынша әсер етеді. Біріншіден, банктік пайыздарды сақтандыру тарифтерімен салыстырғандағы динамикасының үрдісі, клиенттің өзінің тәуекелдіктеріне қалайша төтеп беру шешімдерін анықтайды. Екіншіден, сақтандыру компаниясымен сақтандыру төлемдері түрінде алынған және сақтандыру төлемдері берілгенге дейінгі уақытша бос ақша қаражаттары қозғалыссыз жатпайды.
Сақтандыру компаниясы ұсынып отырған сақтандыру қызмет көрсетуінің бағасы осы нақты сақтанушы ісінің жағдайынан, яғни оның сақтандыру портфелінің құрылымы мен мөлшерінен, басқару шығындарынан, компания уақытша бос ақша қаражаттарын салудан түскен табыстардан тәуелді. Сондықтан да қаржылық қатынастардағы қуатты компаниялар өз портфельдерінде салыстырмалы түрде төмен рентабелді сақтандыру түрлерінің бар болуын қалайды.
Нақты бір сақтандыру қызметінің өмірлік цикл кезеңдері кез келген тауарлардағыдай: нарыққа ену, сұраныстың өсуі, қанығу мен жетілу, сату мен пайдалылық деңгейінің төмендеуі және нарықтан шығуы. Сақтандыру қызмет көрсетуінің өмірлік циклі «сақтандыру аумағын» қамту көрсеткіштерімен, яғни циклдық қоғамдастық, және жасалған келісім шарттар санының динамикасымен сипатталады. Сақтандыру аумағы қаныққан жағдайға жақын орналасса, болашақ клиенттерді келісім шарттармен қамту өсімі күрт азаяды.
Сақтандыру қызмет көрсетуінің өмірлік циклдың бағасы екінші кезеңде минимумына жетеді, үшінші кезеңде ол тұрақтанады, ал төртінші кезеңде оны төмендету немесе сақтандырудың бұл түрін модификациялау қажет.
Сақтандыру қызмет көрсетуін сатып алу-сату сақтандыру келісім шартына отыру арқылы рәсімделеді, ал растаушы құжат ретінде сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі.
Сақтандырушыдан сақтанушыға сақтандыру қызметін жалғастыруды сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлері атқарады.
Сақтандыру агенті - сақтандырушының атынан және оның берілген құзіретіне сәйкес талаптар бойынша әрекет жасайтын жеке немесе заңды тұлға. Ол сақтандыру өнімдерін сатумен, сақтандыру сыйақысын инкассалайды, сақтандыру құжаттарын рәсімдейді және жекелеген жағдайларда сақтандыру өтеуін (бекітілген талаптар бойынша) төлейді. Сақтандыру агентінің негізгі қызметі - сақтандыру өнімін сату.
Сақтандыру агенттері - өз қызметтерінің негізгі профилі бойынша қызмет көрсетулермен қатар, басқа да сақтандыру шарттарын рәсімдеуді ұсынатын туристік агенттіктер, неке таныстық бюролары, нотариалдық конторалар мен заң жөнінен кеңес беретін мекемелер заңды тұлғалар болып саналады.
Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметтері олар бойынша келісілген келісім шарт немесе сақтандыру сыйақыларының көлемінен бекітілген мөлшері бойынша пайызбен төленеді. Сақтандыру агентінің еңбекақысы шектелмеген және табысты жұмыс кезінде сақтандыру ұйымының президенттің еңбегінің ақысын жоғарылатуы мүмкін.
Сақтандыру агенттері сақтандыру компанияларының штатына тіркелмейді және олардың сыртқы қызметін немесе агенттік желіні құрайды.
Сақтандыру брокері - сақтандыру бойынша сақтандырушы (қайта сақтандыру шарттары) немесе сақтанушының тапсырмасы негізінде өз атынан сақтандыру бойынша делдалдық қызметті кәсіпкер ретінде, бекітілген тәртіпте тіркелген заңды немесе жеке тұлға [4, б. 25] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz