Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың әдістері мен нысандары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық: 522530-Қаржы
Астана 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1 Дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы қаржылық сауықтыру . . . 8
1. 2 Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды бағалау әдістері . . . 14
1. 3 Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың шетелдік тәжірибелері . . . 23
II. КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ
МҮМКІНДІКТЕРІН БАҒАЛАУ ШАРАЛАРЫН ТАЛДАУ . . . 26
2. 1 Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау
шараларын талдау . . . 262. 2 Қабілетсіздік қатынастары мен қаржылық сауықтыру
процестерін реттеу . . . 35
2. 3 Қаржылық сауықтыру жағдайында инвестициялық тартымдылық стратегиясын қалыптастыру . . . 39
IIІ. КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫ БАСҚАРУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 45
3. 1 Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың басымдылықты
нысандары мен әдістері . . . 45
3. 2 Қаржылық сауықтыру жоспарларының тиімділігін жетілдіру . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
ҚОСЫМША . . . 72
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді. Бұрынғы жүйенің көптеген қайшылықтары нарық заңдарына сәкей келмеді. Шаруашылық субъектілерінің орталықтандырылған жүйеден тәуелділігі экономикалық тұрғыдан негізсіз болды. Кәсіпорындар нарық талаптарына сәйкес дербестікке қол жеткізе бастады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты тақырыбындағы халыққа Жолдауында (2005ж. ) : «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік»-деп көрсеткен/1, 7б/
Ғаламдық дамумен қатарласа жүру Қазақстанның міндеті екендігін айқын мақсат етіп ұстаған Н. Назарбаевтың бұл сөздерінен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жаңарудың қарқынды жолын таңдағандығын көре аламыз. Көптеген дамыған шетелдер тәжірибесі көрсетіп және ол елдердің өкілдері мойындап отырғандай Қазақстанның индустриалды-инновациялық технологияны пайдалану бағытындағы даму қарқыны ерекше. Осы бағытты ұстана негізінен аймақтағы «көш басшыға» айналғандығымыз да белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа Жолдауында: «Экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару» керектігін баса көрсетті. /2, 6б/ Бұл осыған дейінгі ауыр да, қиын кезеңдерден Қазақстанның үлкен жеңіспен шыққандығын және осы қалыптан таймай, оны ары қарай қарқынды дамыту керектігін білдіретін сөздер. Өйткені, Қазақстанның қазіргі жағдайы Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасында саяси тұрақты, экономикалық дамудағы көрсеткіштерді білдіріп тұр. Әлбетте, жетістікке жету салыстырмалы түрде алғанда оңай болғанымен, оны ұстап тұру және ары қарай дамыту өте қиын іс екені белгілі. Осы реттен қарағанда Елбасының саяси-экономикалық көзқарастары да осы жылғы жолдауда негізінен әлеуметтік секторға назар аударудан басталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген /2, 5-6 б/. Осы орайда, өнеркәсіптің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштері және Қазақстанның негізгі өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының қаржысының жағымды даму тенденциясы Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кірігуі жағдайында импортты ауыстыратын және экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметтердің жүзеге асырылуы үшін үлкен мүмкіндік береді.
Атап айтсақ, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «2000 жылға қарағанда ІЖӨ-ні сеслеу жөніндегі біздің міндетімізгі келесі жылы-ақ қол жеткізуге әбден болады. Бұл - тар өрісті мақсат емес, экономикалық өсудің жай нанымды көрсеткіші де емес, бұл - қазақстандықтардың өмірін жақсарта берудің біздегі нақты мүмкіндіктері», - деген сөздері астарлы саясаттың діңгегі екені көрініп-ақ тұр. Себебі, әлеуметтік жағдайы түзелмеген халықтың елбасына да, оның саясатына да сенімі болмайтыны белгілі. Ал, Қазақстанның қазіргі жағдайы атап кеткеніміздей, бұл аталған істердің тар өрісті мақсаты еместігін айғақтайды. Сондықтан, әлеуметтік-экономикалық іргесі нық қаланған қазіргі Қазақстан болашақтағы зайырлы, өркениетті, халқымыздың рухани, материалдық құндылықтарын толық сақтайтын қоғам құруға негіз бола алатындығын Елбасы сөздерінен байқаймыз.
Қазақстан өзінің даму стратегиясын өтпелі кезеңдегі ауыр өзгерістерден аман алып шығып, болашаққа жаңа қарқынмен аяқ басу жолында. Бірақ, оның барлығы оңайлықпен келетін шаруа емес. Көптеген кәсіпорындар дұрыс ұйымдастырылмаған менеджменттің салдарынан нарық заңдарына төтеп бере алмай, бұрынғы стереотипті ұстанып экономикалық дағдарыстарға ұшырауда. Дағдарыстың негізі қаржылық тұрақтылықтың болмауы. Басқару менеджменті жоқ кәсіпорындарда “төлемқабілетсіздік” ұғымдары кеңінен пайдаланылатын болды.
Қазақстандық автор Жүйріков К. К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін анықтау үшін кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет /3, 3-5 б/. Себебі кәсіпорынның тұрықты қаржылық жағдайы - оның үздіксіз және тиімді қызметінің басты шарты болып табылады. Оған жету үшін субъектінің тұрақты төлемқабілеттілігін, баланс өтімділігін, қаржылық тәуелсіздігін және шаруашылықтың жоғары табыстылығын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын кешенді талдау жеке көрсеткіштерді басқару үшін және сәйкесінше, қаржылық климаттың жақсаруына олардың әсерінің күшеуі үшін нақты алғышарттарды туғызады.
Қазақстандық автор Мейірбеков А. Қ. бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті капиталы, өтемпаздылығымен сипатталады. / 4, 149б. /
Сонымен қатар, Дүйсенбаев К. Ш. бойынша банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғыни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. / 5, 252 б. / Бұл жерде, егерде кәсіпорын тұрақсыздық жағдайына ұшырап, қаржылық сауықтыру әдістері мен нысандарын уақытылы қолданбаса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Демек, өндірістік процесс дербес қаржы көздерімен байланысты ұйымдастырыла бастады. Бірақ, көбіне бұрынғы тәртіпті ұстанған немесе нарық заңдарын бұрыс түсінген көптеген кәсіпорындар өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтап қала алмады. Сол себептен оларды қаржылық сауықтыру жұмыстарын жүргізу қажеттігі өмір талабына айналды. Осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі объективті. Ұлттық экономикалық жүйенің
нарық жағдайындағы дағдарысқа қарсы ғылыми теориясы мен практикасы, нақты кәсіпорын мысалында (“Көктас” АҚ)
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік базасы мен негізгі нышандарын айқындау дипломдық жұмыстың мақсаты және де осы тақырыпқа сәйкес бірнеше міндеттер алға қойылып отыр:
- кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мәселесінің ғылыми-теориялық негізін зерттеу және дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы ксәіпорынды қаржылық сауықтыруды бағалау әдістерін салыстыру;
- шаруашылық субъектілерін қаржылық сауықтыру жұмыстарын жүргізудің шетелдік тәжірибесін зерттеу;
- нақты субъекті мысалында қаржылық сауықтыру мүмкіндіктерін бағалау шараларын талдау және кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды басқару жұмыстарының басымдылықтары мен жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі ретінде барлық дерлік қазақстандық кәсіпорындар секілді нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдерде қаржылық дағдарыс жағдайын басынан өткерген, бірақ дұрыс ұйымдастырылған дағдарысқа басқару менеджменттің арқасында қазір компаниялардың біріне айналып аяғынан нық тұрған «Көктас» акционерлік қоғамы.
Зерттеу жұмысының субъектісі ретінде ғылыми зерттеуді жүргізген дипломант пен оның ғылыми жетекшісін, өндірістік тәжірибеден өту ісі бойынша жетекшісін атаймыз.
Тақырыптың зерттеліну дәрежесі. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мәселелері біздің тәжірибемізде нарықтық экономикаға көшумен байланысты болғанымен, ол экономикалық ғылымға бұрыннан танымал мәселе. Сондықтан, тақырыптың зерттеліну дәрежесін экономикалық ғылымның классикалық өкілдерінің еңбектерінен бастап қазірге дейінгілерді толықтай атай аламыз. Бұл мәселе, шетелдік ғалымдар Э. Альтмана, И. Лис, Х. Таффлер, М. Тишоу еңбектерінде, ресейлік Р. С. Сайфуллин, О. П. Зайцева, Г. Г. Кадыков жұмыстарында, отандық Н. К. Мамыров, Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, А. Е. Есентугелов, Н. С. Ихданов, У. С. Байжомартов, т. б. еңбектерінде қаралған.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік базасы . Зерттеу жұмысының даярлау барысында экономикалық ғылымға танымал ғылыми әдістермен қатар шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған қаржылық дағдарысты есептеу модельдері, Үкімет пен министрлік-ведомостволық заңды-нормативтік құжаттар, статистикалық-аналитикалық мәліметтер, бұқаралық-ақпарат құралдары мен интернет желісінің материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш тараудан, сегіз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім ғылыми жұмыстар жазу тәртібіне сәйкес рәсімделген.
Бірінші, «Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың теориялық-тәжірибелік негіздері» тарауында зерттеу проблемасының негізінен ғылыми-теориялық астары талқыланды. Үш бөлімнен (1. 1 Дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы қаржылық сауықтыру; 1. 2 Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды бағалау әдістері; 1. 3 Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың шетелдік тәжірибелері) тұратын бұл тарауда дағдарысқа қарсы менеджмент теорияларына салыстырмалы-аналитикалық талдау жасалып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелді. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру сұрағына ғылыми анықтама беріліп, оның түрлі тәсілдер бойынша бағалау әдіснамасы қаралды. Қаржылық сауықтыру мәселесінің экономикалық жүйелер арасындағы айырмашылығы, тек нарықтық қатынастарға көшумен ғана байланысты еместігі дәлелденді. Сонымен қатар, дағдарысқа түскен кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мәселесінің шетелдік тәжірибесі зерттеліп, оның артықшылықтары мен кемшіліктері ұсынылды. Мысалы, барлық дерлік шетелдік модельдер біздің экономикамызға тікелей көшіріле алмайды, олай болуы мүмкін де емес. Өйткені шетелдерде, ондаған-жүздеген жылдар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан бизнес субъектілерін қаржылық сауықтыру мен нарыққа көшкен бес-он жылдың ішінде қалыптасқан отандық кәсіпорындарды сауықытырудың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Сондықтан, бұл жерде экономикалық реформалары мен қалыптасу кезеңдері Қазақстанға ұқсас немес көршілес елдер тәжірибесін пайдаланған дұрыс.
Екінші, «Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру мүмкіндіктерін бағалау шараларын талдау» тарауы да үш бөлімнен (2. 1 Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау; 2. 2 Қабілетсіздік қатынастары мен қаржылық сауықтыру процестерін реттеу; 2. 3 Қаржылық сауықтыру жағдайында инвестициялық тартымдылық стратегиясын қалыптастыру) тұрады. Бұл тарауда, жұмыс зерттеу объектісімен тікелей байланыстырыла жасалды. Кәсіпорынның тарихынан басталып, оның басқарушылық құрылымдары зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, зерттеу объектісі - «Көктас» АҚ, барлық дерлік отандық кәсіпорындардай өтпелі кезеңдерде ауыр кездерді басынан өткерді. Сондықтан, негізгі зерттеу кезең ретінде 1993-1995 жж. алынды. Дәл осы жылдар кәсіпорын үшін ең дағдарысты жылдар болды. Зерттеу объектісі кейіннен нық дамушы компаниялар қатарына қосылғанға дейінгі кезеңдер қаржылық сауықытыруды қажетсіну кезеңдері болды деп санап, зерттеу жұмысын осы аралыққа арнадық. Сондықтан, төлем қабілетсіздік пен оны реттеу жолдары да негізінен осы аралықтағы (1993-1995 жж. ) қаржылық жағдайды талдау жұмыстарын қамтыды. Қаржылық сауықтыру жағдайындағы инвестициялық тартымдылық мәселелерін қарастыру кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайына баланстық талдау жасаумен жүргізілді.
Үшінші тарау, «Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды басқару басымдылықтары мен жетілдіру жолдары» деп аталып, екі бөлімді (3. 1 Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың басымдылықты нысандары мен әдістері; 3. 2 Қаржылық сауықтыру жоспарларының тиімділігін жетілдіру) құрады. Жүргізілген зерттеу жұмысының барысында айқындалған басым бағыттарды жетілдіру жұмыстарын әрбір кәспорын өз стратегиясына жасақтауы тиіс. Сондықтан, біз де зерттеу объектісінің болашақтағы мүмкін даму жолдарын осы тарауда қарастырып, өз тарапымыздан ұсыныстар жаздық. Негізгілерінің бірі қайта құрылымдау, санация жасау, диагностикалық әдіс, кәсіпорынды басқаларымен қосу, бөлу, қайта құру, т. б. тәсілдеріне түсінік беріліп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері талданды.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Барлығы 13 кесте, 6 диаграмма және қосымшалар пайдаланылған. Мәтін беттерінің жалпы саны компьютерлік теру бойынша - 75 бет.
Бірінші бөлім КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру - кәсіпорындарды трансформациялау мен оның басқаруды жақсартуға бағытталған принциптерін өзгерту, өндірістің тиімділігі мен шығарылатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын төмендету, мемлекеттік қолдау, қаржылық сауықтыру жоспарларын даярлау мен дағдарысқа қарсы кампаниялар ұйымдастыру іс-әрекеттері арқылы кәсіпорынның қаржы-экономикалық нәтижелерін жетілдіру.
- Дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы қаржылық сауықтыру
Нарықтық экономиканың салыстырмалы түрде алғанда «терең бойлаған» бүгінгі күнгі тәжірибе кәсіпорындар мен компаниялардың дағдарыстан шығу және ұзақ уақыт бойына бәсекелестікті сақтау үшін жан-жақты қойылатын талаптарды есепке ала отырып, өз жұмысын үнемі түзетіп отыруы бизнесті жүргізуде дағдыға айналған бірден-бір құбылыс болып отыр. Өйткені, бизнес жүргізудің жаңа шарттары өзгерістерге ұдайы дайын болуды қажет етеді.
Ұйымның сыртқы ортасы тез және күтпеген жағынан өзгеріп отыр. Бірақ әрбір өзгеріс тек қана қауіп емес, болашақ бизнес-табысқа қол жеткізу үшін жаңа қосымша мүмкіндіктер туғызады. Ұйым өз бизнесінің құрылымының дұрыс және жаңаша түрленіуіне қабілетті болуына ұдайы баламалы стратегиялық және оперативті өзгерістер жасауы тиіс /6, 12 б. /
Шаруашылық жүргізу жағдайының түбегейлі өзгеруі отандық кәсіпорындардың көпшілігінде қаржылық сауықтыру қажеттілігін, жұмыс жүргізудегі әміршіл-әкімшілік әдістерден жаңа нарықтық әдістерге ауысу қажеттігін көрсетті. Өйткені бұрынғы жүйенің кейбір ретсіз ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің салдарынан экономиканың барлық дерлік салаларында терең бойлаған дағдарысты жағдай орнықты.
Белсенді стратегия шеңберінде кәсіпорынды қаржылай сауықтырудың негізгі мақсаты - маркетинг өткізу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуде өткізудің жаңа нарығын игеру. Өткізудің жаңа нарығын игеруді жүзеге асыру дәстүрлі өнімді жаңа аумақтық нарыққа шығару есебінен, сонымен бірге жаңа өнімді өнімдік нарыққа шығару үшін игеру жолымен де жүзеге асырылады. Бұл екі бағыт та шығарылатын өнімнің сапасын көтеру және технологиялық қайта жабдықтау негізінде ресурс сыйымдылығын түсіру мақсаттарын шешуге әкеледі.
Белсенді стратегияны таратуды қамтамасыз етуші реформалаудың маңызды бағыты жеткізушіні ауыстыру болып табылады. Бұл бір жағынан, дәстүрлі өнімнің сапасына, соның ішінде жинақтаушы материалдар мен шикізаттың сапасына талаптың өсуінің, жаңа өнім өндірісін игеру мен пайдасыз өнім өндірісін тоқтатудың, ал екінші жағынан өндірістегі энергия сыйымдылығы мен ресурс сыйымдылығын түсіру шараларын өткізудің салдары. /6, 19 б. /
Макроәлем параметрлерінің үнемі өзгеруі жағдайындағы дағдарыстың туындау ықтималдығы ұлғайған кезде дағдарыстық жағдайлардың, оның себептерін, алдын алу мүмкіндіктерін, басқару ерекшеліктерін зерттеу маңыздылығы артады.
Дағдарыс ұғымын анықтау тұрғысынан қарағанда (кәсіпорын деңгейінде) екі көзқарас бөліп көрсетіледі. Кейбір мамандар оны «дағдарысты», бірақ кәсіпорын үшін күтпеген құбылыс деп санайды. Оның алдын алу үшін кәсіпорындар дағдарыс белгілерінің ізін басу жүйесін қалыптастырулары қажет. Ал, егерде дағдарыс келсе, басқарудың бастапқы шараларының бірі оның ұйым ішіне таралмауын шектеу. Басқа мамандар дағдарысты, уақыттық және кеңістік дәрежелерге созылатын салдары бар процесс деп санайды. Олар дағдарыстық процесті төрт фазаға бөледі: дағдарыстың алғышарттарының пайда болуы (кішігірім қателер мен ұйым қызметтерінің бұзылуы) ; көптеген факторлардың өзара араласуымен туындаған негізгі құбылыс; дағдарыстың таратылуы; дағдарыстың шешілуі /6, 12 б. /
Өйткені, көптеген ғылыми түпнұсқаларда көрсетіліп жүргендей дағдарысқа қарсы менеджмент - бұл, ең алдымен, кәсіпорынның бәсекеқабілетті жағдайын сақтауы мен ірілетуі, банкроттықты болдырмау немесе төлемқабілетсіздік жағдайда қабілеттілікті қайтару, оны жұмыс жасайтын халге жеткізу.
Кез келген өнімнің (қызметтің) өзіндік өмірлік циклы болады. Оның шектеулі мүмкіндіктері, бастапқы мүмкіндіктерін белгілі бір уақыт аралығында сақтап тұрып болашақтағы дамуы осы циклда айқындалған. Кезекті бәсекеқабілетті артықшылықтың пайда болуы белгілі бір уақытқа дейін кәсіпорынның өміршеңдігін нығайтады. Бұл, бәсекеқабілетті артықшылықтың әлсірей бастаған кезін уақытылы анықтап, оның алдын алуға байланысты дұрыс шешімдер қабылданған кезде жемісті болады.
Белгілі бір уақыт кәсіпорын пайдамен де, пайдасыз да жұмыс жасауы мүмкін. Бірақ бұлар кәсіпорынның негізгі мәнін тайдырмайтын қысқамерзімді эпизодтық жағдайлар болып саналады. Ал, егерде кәсіпорын жалпы алғанда тиімсіз жұмыс жасайтын болса, экономикалық дағдарыс созылмалы ұзақмерзімді сипатталады және оның салдары кәсіпорынды жабуға, тіптен кредиторлармен есептесу үшін мүлкін сатуға әкеледі.
Сондықтан, дағдарысты жағдайлар кәсіпорынның өмірлік циклының кез-келген уақытында туындауы мүмкін және осыны шаруашылық субъектілерінің нарық жағдайында өмір сүру ерекшелігі болып табылады. Дағдарыстың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: стратегия дағдарысы; қызмет нәтижелерінің дағдарысы; өтімділік дағдарысы. Дағдарыс типтерін анықтау бастапқы шараларды қабылдауға, қайта құру әдістері мен бағыттарын айқындауға жағдай жасайды. Дағдарысты жағдайлардың уақытылы анықталмауы оларды болдырмау шараларын шектейді. Дағдарысқа қарсы басқарудың негізгі қызметтері: кәсәпорынды дағдарысты жағдайдан шығаруға бағытталған басқару; дағдарыс салдарында болатын шығындарды минимизациялау; дағдарысты жағдайларды ескертудің кешенді шараларын жүзеге асыру. Кәсіпорындар өз бизнестерінің құрылымын дұрыс әрі уақтылы трансформациялай алу, және сәйкесінше стратегиялық немесе жедел түзетулерді үнемі жасай алу қабілетіне ие болулары тиіс. Белсенді стратегия аясында кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың маңызды шарттарының бірі - жаңа өткізу нарықтарын игеру. Бұны қамтамасыз етуде маркетинг жүргізу іс-шаралары қаралады. Дәстүрлі өнімдерді жаңа территориялық нарықтарға шығару есебінен, немесе жаңа нарықтарға басқа өнімдер шығару арқылы жаңа өткізу нарықтарын игеру шығарылатын өнімнің сапасын көтеру мен технологиялық қайтақарулану, жеткізушілерді ауыстыру негізінде ресурссыйымдылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Дағдарысты жағдайдан шығу жолдарын табудың бірдін-бір маңызды шарттарының бірі қаржылық сауықтырудың жоспарын дұрыс құру болып табылады. Өйткені, көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің дәлелдеуінше нарық жағдайында кәсіпорынды қаржылық сауықтыру іс-шараларының ішіндегі ең маңыздысы осы қаржылық тетік болып табылады екен.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жоспарының мүмкін бағыттары мен варианттары жүйеленген түрде келесідей болуы мүмкін: /8, 118 б. /
- Ұйымдастыру стратегиясындағы өзгерістер.
Бизнес стратегиясының қайта құрылу варианттары:
Өсу стратегиясы.
- Интегрирленген өсу (сала ішінде жаңа құрылымдар қосу арқылы кеңею) - вертикальды интеграция: тікелей (сатушы-фирмаларды алу) ; қайыра (өткізуші-фирмаларды алу) ; горизонтальды интеграция (бақылауды күшейту немесе бәсекелес-фирмаларды алу) .
- Концентрацияланған өсу (дәстүрлі сала аясында нарықтың немесе өнімнің өзгертілуі) : нарықты жаулап алу (дәстүрлі нарықтардағы үлестің ұлғайтылуы) ; нрықты дамыту (бұрынғы өнімдерге жаңа нарықтар) ; өнімді дамыту (дәстүрлі нарықтағы жаңа өнім) .
- Диверсификацияланған өсу (саланың, нарықтың, өнімнің өзгеруі) : орталықтанған диверсификация (негізгі профильге сәйкес келетін жаңа өндірістер) ; горизонтальды диверсификация (дәстүрлі нарықтарға жаңа профильдік емес өнімдер) ; конгломераттық диверсификация (жаңа нарықтарға жаңа профильдік емес өнімдер) .
Бизнесті қысқарту стратегиясы: бөліну/бөлініп шығу (қайта құрылған компанияға акйиялардың бір бөлігін беру) : «жоғары» қайтақұрылымдау (әрқайсысы өз акцияларының белгілі-бір бөлігін беретіндей етіп бірнеше тәуелсіз компнаияларға ортақ аналық компанияның құрылуы) ; «төмен» қайтақұрылымдау (қызмет етіп тұрған компаниядан тәуелсіз дочерний кәсіпорынның бөлінуі) ; горизонталды қайтақұрылымдау (белгілі-бір сфераларға мамандаған фирмалар құру арқылы ұқсас компаниялардың бөлінуі) ; акциялардың бір бөлігін сату; деинвестициялау (құрылымдардың, бизнестің жекелеген сегментттерін сату) ; жою (түгелімен/жартылай) .
Сырттан басқару процедуралары аясындағы қайта өзгерулер («Банкроттық туралы» ҚР Заңы) : өндіріс профилінің қайта өзгертілуі; тиімсіз емес өндірстерді жабу; мүлітің бір бөлігін сату; кәсіпорынды (бизнесті) сату. /9, 5 б. /
Мұндай жағдайларда мүмкін шешімдер диапазоны едәуір тар, өйткені сырттан басқару жоспарын жүзеге асыру мен өңдеу бойынша іс-шаралар уақытпен («Қәбілетсіздік (банкроттық) туралы» заң бойынша максимум 18 ай) және құралдармен шектелген. Көп жағдайда бұл, шығындарды қысқартуға, рентабельді емес құрылымдар мен активтердің бөлінуіне негізделген қорғану стратегиясы.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес ұйымды-құқықтық құзырын айқындау: шаруашылық серіктестіктер; шектелген және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер; акционерлік қоғамдар; өндірістік кооперативтер; мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындар; коммерциялық емес ұйымдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz