Қазақстанда қалалардың қалыптасуы мен олардың орналасу ерекшеліктері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

беттер

КІРІСПЕ… . . .
3
КІРІСПЕ… . . .:
3:
КІРІСПЕ… . . .: 1 ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
3: 7
КІРІСПЕ… . . .: 1. 1 Қазақстан қалаларының теориялық сипаттамасы . . .
3: 7
КІРІСПЕ… . . .: 1. 2 Кіші және орта қалалардың қалыптасу кезеңдері мен аймақтық орналасу ерекшеліктерін талдау . . .
3: 13
КІРІСПЕ… . . .:

1. 3 Қазақстаннның кіші және орта қалаларының дамуының әлеуметтік-

экономикалық саясаты . . .

3: 19
КІРІСПЕ… . . .:
3:
КІРІСПЕ… . . .: 2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІШІ ЖӘНЕ ОРТА ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . .
3: 28
КІРІСПЕ… . . .:

2. 1. Қазақстанның кіші және орта қалаларының қазіргі даму жағдайы мен өндірістік инфрақұрылымына талдау жасау . . .

2. 2 Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық қалыптасуы мен даму жағдайын талдау . . .

3:

28

36

КІРІСПЕ… . . .: 2. 3 Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеудің қолданыстағы әдістерін талдау . . .
3: 48
КІРІСПЕ… . . .:
3:
КІРІСПЕ… . . .:

3 КІШІ ЖӘНЕ ОРТА ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІН ДАМЫТУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .

3. 1 Кіші, орта қалалардың дамуын жетілдірудің қолдаудың негізгіжолдары мен мақсаты . . .

3. 2 Кіші, орта қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу әдістерін жетілдіру жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

3:

59

59

71

75

79

КІРІСПЕ

Қазіргі қазақстандық ғылымда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық проблемаларына деген қызығушылық артып отыр. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын зерттеуге деген қызығушылықтың артуының себебі, қазіргі таңда Қазақстан осыларға ұқсас процесстерді бастан кешіруде. Ғасырлар тоғысында еліміз экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірді жылдам қарқынмен реформалаудың жолына түсті, дамудың басты бағдары ретінде әлеуметтік нарықтық мемлекет, рухани қайта өрлеу мен белсенді шығармашылық тұлға таңдалды. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығынан бері ел экономикасын бүгінгі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізіліп, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері атқарылуда.

Қазақстандағы кіші және орта қалаларының дамуы республиканы социалистік жаңғырту және өндірістік салалардың негізгі қорын құру арқылы жүзеге асырылды.

Жалпы республика қалаларының географиялық жағдайлары олардың барлығының көліктік тораптар болып табылатынымен ерекшеленеді. 90 жылдарда Алексеевка, Ерейментау, Булаево, Есіл, Ақсай сияқты өндірістік-көліктік қалаларда пайдалы қазбаларды игеру мен өңдеу жұмыстарының қысқарылуына байланысты жұмыс күштерінің босатылуы орын тапты, ол өндіріс пен көлік салаларындағы қамтылу қатынасын кәдімгідей өзгертті. Егер 1980 жылдың мәліметтері бойынша бұл қалалар өндірістік-көліктік қалалар санына жатса, 90-шы жылдары олар жәй ғана көліктік қалалар болып қалған.

Қазақстандық қалалардың көбісінің ауыр индустрия орталықтары болып табылатындығын (көмір өндіру, таукен өндірісі, мұнайхимия, қара және түсті металлургия), әрі олардың өндірістік сипаттамасын ескере отырып, ауыр индустрия орталықтары болып табылатын қалалар тобын айырып бөлуге болады. Өйткені бұл қалалардың тұрғындарының қамтылуы құрылымында өндірістік өнеркәсібінде ауданды ұйымдастыру мәнін құрайтын жеңіл және тамақ өніркәсіптерінде, құрылыс заттарын өндіру өнеркәсіптерінде қамтылғандар бөлігі аздау.

Қазақстандағы жаңа қалалардың (оның басым бөлігі кіші қалалар) санының өсуі аумақта тың (ауылшаруашылық) және өндірістік игеру ісінің қарқындылығымен байланысты деп айтуға болады. Бұл қалалардың экономикасында Қазақстанның ауыр индустрия салаларының әсіресе қара және түрлі-түсті металлургия, отын, химия және мұнайхимиялық өндіріс, электрэнергетиканың үлес салмағы басым болды. Оның үстіне жеке қалалар немесе қалалар топтамасы бүкіл Қазақстанның белгілі бір өнімінің жартысынан көбін өндірді. Алайда, Кеңес Одағының күйреп, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде Қазақстанның кіші қалаларының экономикасы өзінің маңыздылығын төмендетіп, құлдырау жағдайына ие бола бастады.

Қазіргі жағдайда жалпы заңдылықтарды экологиялық ортаны және өмір сүрудің қолайлығын жақсарту проблемалары, кенттену үдерісі мен қалалық агломерацияларды тиімді пайдалану мәселелері толықтырады. Кез-келген қалалық жүйенің дамуы оның қаншалықты ерекше бола тұрғанына қарамастан әлемдік қаланың даму тенденцияларына тәуелді деп айтуға болады.

Қаланы бөлек құрылым ретінде қарастырсақ, оның өзіне тән қызығушылық түрі бар екендігін және дербес әлеуметтік-экономикалық жүйе екендігін ескеру қажет. Бұл жерде біз қаланың жеке организм екенін түсіну туралы айтып отырмыз. Бұл организмде түрлі профильді әрі деңгейді өндірістер шоғырланып, бір-бірімен қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр, бұл жерде өзіндік инфрақұрылымдық орта қалыптасып, тұрғындардың өндіріс құрылымына сәйкес әлеуметтік қатпарлары мен топтары құрылған. Олай болса қала жекеменшіктің дербес объектісі болып табылады .

Қалалық тұрғындардың өмір сүру әдістерінің интенсивті мінездемесі уақытты үнемдеумен байланысты. Жұмыс уақытын үнемдеу қажеттілігі ғылыми-техникалық прогресстің әр еңбек адамына қойған шарттарымен белгіленеді. Оған қоса бұл шарттар қаланың өзі қойып отырған шарттарымен тығыз байланысты - жаңа ақпаратты қабылдау реакциясының жылдамдығы, көптеген варианттан ең қажеттісін таңдай білу және т. б. Қалалық жағдайдағы уақытты үнемдеу өмір сүрудің өндірмейтін салаларының қоғамдастырылу факторымен байланысты - әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің жағдайы, үй жұмыстарының механизациялануы. Осылардың даму деңгейінің жетілгендігі азаматтардың күнделікті отбасылық-тұрмыстық шаруаны жеңілдете отырып, олар пайдаланатын бос уақыттың шеңберін кеңейтеді. Уақыт үнемдеу еңбек өнімділігі базасының өсуінің арқасында жүзеге асырылады. Бұл ретте еңбектік қорлардың босатылуына алып келетін ірі қалалардағы жоғары өнімді еңбек ондағы өндіріс пен қоныстанудың тым шоғырлануын шектеуді қамтамасыз етеді. Шағын қалаларда бұл олардың кешенді дамуына экономикалық жағдай туғызады - қамтылу мен өндіріс құрылымын кеңейту, әлеуметтік қызмет көрсету саласының сапалық деңгейін көтеру және қормен қамту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локомотиві» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы даму стратегиясы қажет. Мұны бәрі де Қазақстанның 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында бейнеленуге тиіс» - деп атап айтты .

Осы мақсатта республиканың кіші қалаларына жаңа дем беру үшін ең бастысы оларды сауықтыру және дамыту үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қажет. Ал мұндай бағдарламаны жасау үшін ең алдымен кіші қалалардың әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу, олардың әлеуметтік-мәдени және экономикалық аясының инфрақұрылымдық қалыптасу ерекшелігін жан-жақты сараптау қажет. Бұндай жан-жақты сараптау соңғы он жылдықтардағы кіші қалалардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайдың тамырын анықтау мүмкіндігін береді.

Бұл мәселені зерттеу маңыздылығы оған қоса кіші қалалар тұрғындарының қазіргі кездегі өткір әлеуметтік-демографиялық мәселелерін шешу мақсатында сандық, әлеуметтік, ұлттық, білім құрылымдарының өткен кезеңдердегі өзгерулерінің ғылыми тұрғыдағы бағалануының қажеттілігіннен туындаған.

Жоғарыда айтылған мәселелердің бәрі диссертацияның ең алдымен тәжірибелік және болжамдық аспектісінің маңыздылығын көрсетеді. Кіші қалалардың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және мәдени дамуын зерттеу бүкіл Қазақстан экономикасының тұрақты өсу мәселелерімен тығыз байланысты. Сол себепті кіші қалалардағы жағдай бүкіл мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саласындағы ауру нүктелері деп айту артық болмас және де олардың дамуын зерттеусіз, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді сараптаусыз бүкіл Қазақстанның болашақ дамуын болжамдау мүмкін емес.

Осылайша, жоғарыда айтып кеткендерді қорытындылай келе, біз зерттелініп отырған мәселенің ғылыми және тәжірибелік маңызының зор екенін, сондай - ақ бүгінгі таңда өзекті екенін айта аламыз.

Мәселені зерттеудің қаншалықты пысықталғанын қарастырудан бұрын келесі өте маңызды жайтқа назар аударғымыз келеді. Демографтар мен экономистер қалалар дамуы мен қалалық тұрғындар тақырыбын кең зерттеген. Қалалардың экономикалық және демографиялық даму мәселелері, олардың қоныстау жүйесіндегі рөлінің маңыздылығы жайлы кеңес ғалымдарының көптеген жұмыстарында қарастырылған.

Қортындылай келе Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық даму проблемаларын қазақстандық зерттеушілер кең зерттегенін айтуға болады. Алайда бұған қатысты көп мәселелер әлі күнге дейін шынайы зерттеулерде тұжырымдық позицияға ие болмаған. Мысалға қазақстандық ғылымда тек қана жанама және үзінді ретінде зерттелген Қазақстанның кіші қалаларының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуының мәселелері тіпті зерттелмеген. Дегенмен де, Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кіші қалалардың қосатын үлесі мол. Сондықтан бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі олардың даму ерекшеліктерін әлеуметтік - экономикалық тұрғысынан зерттеу болып отыр.

Қазақстанның кіші және орта қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен оларды талдау мәселесін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау - ғылыми зерттеудің мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • Қазақстанда кіші және орта қалалар тұрғызуды дамыту ерекшеліктері мен кезеңдеріне сипаттама беру;
  • Қазақстанда кіші және орта қалаларды қоныстандыру құрылымының қалыптасу факторларына құрылымдық-функционалдық талдау жасау;
  • кіші және орта қалалардың экономикалық даму ерекшеліктері мен бұл мәселеге ықпал етуші факторларды анықтау;
  • республикадағы кіші және орта қалаға тоқтала отырып, оның әлеуметтік және экономикалық жағдайын талдау;
  • Қызылорда облысында отрналасқан Арал қаласын мысалға ала отырып, кіші қаланың әлеуметтік-экономикалық дамытудың басты бағыттарын негіздеу.

Зерттеудің теория-әдістемелік негізі болып осы зерттеуге байланысты кіші және орта қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен оларды дағдарыстан шығару жолдарын ұсынған отандық және шет елдік ғалымдардың фундаменталды еңбектері танылады. Зерттеудің ақпараттық базасын ҚР үкіметінің бағдарламалық құжаттары, заңдық және нормативтік актілері, ҚР статистика Агенттігінің кіші және орта қалалар туралы материалдары және басқа да сұрақнама және нұсқаулық материалдар құрады.

Методологиялық аппарат келесі зерттеу әдістерін қосқан: жүйелі-функционалды, сарапты, экономика-статистикалық, аймақтық салыстырмалық және жүйелік-құрылымдық, салыстырмалық-тарихи және нақты-экономикалық.

Дипломдық жұмыс барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:

  • талдау жасау негізінде Қазақстан Республикасында кіші және орта қалаларды қоныстандыру құрылымын айқындалды;
  • әдістемелік ережелерді жинақтап, қорытындылау негізінде кіші қала және орта қалалардың еліміздің экономикасындағы рөлі мен алатын орны негізделді;
  • нақтылы түрде талдау жасай отырып кіші және орта қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамалық негізі мен бағыттары әзірленді және аймақтық айырмашылықтары мен ерекшеліктері анықталды;
  • еліміздің кіші және орта қалаларының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту динамикасына, сандық және сапалық өлшемдеріне салыстырмалы түрде жасалған талдау негізінде олардың даму тенденциясы анықталды;
  • Қызылорда облысы мен Арал ауданы, қаласы бағдарламалық құжаттары негізінде Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары белгіленді.

1 ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1Қазақстан қалаларының теориялық сипаттамасы

Қазақстандағы шағын және орта қалалардың дамуы республиканы социалистік жаңғырту және өндірістік салалардың негізгі қорын құру арқылы жүзеге асырылды. Оның нәтижесінде Қазақстанның бай табиғи қорларын игере жүріп, тұрғындар саны 20 мыңға жуық шағын қалалардан тұратын, қалалардың тұрғын санының үлес салмағы 62, 6% құрайтын қалалық қоныстанулар құрылымы қалыптасты.

Әкімшілік сипаттағы республикадағы иерархиалық типтегі қалаларды төрт түрге бөлуге болады: республикалық орталық, облыстық орталықтар, аудандық орталықтар, басқа қалалар. Белгіленген иерархиалық түрлерді дәстүрлі қалалардың ірілігі бойынша түрге бөлумен салыстыра қарастырайық.

1 Кесте - Қазақстан қалаларының әкімшілік дәрежесі мен ірілігі бойынша сипаттамасы

Қаланың ірілігі

(мың адам)

Әкімшілік орталығы
барлығы
Қаланың ірілігі(мың адам):
Әкімшілік орталығы: республикалық
барлығы: облыстық
аудандық
басқа
Қаланың ірілігі(мың адам): 20 мың. дейін
Әкімшілік орталығы: -
барлығы: -
16
5
21
Қаланың ірілігі(мың адам): 20-50
Әкімшілік орталығы: -
барлығы: -
21
8
29
Қаланың ірілігі(мың адам): 50-100
Әкімшілік орталығы: -
барлығы: 1
2
9
12
Қаланың ірілігі(мың адам): 100-250
Әкімшілік орталығы: -
барлығы: 9
1
2
12
Қаланың ірілігі(мың адам): 250-500
Әкімшілік орталығы: -
барлығы: 7
-
-
7
Қаланың ірілігі(мың адам): 500 жоғары
Әкімшілік орталығы: 1
барлығы: 2
-
-
2
Қаланың ірілігі(мың адам): Барлығы
Әкімшілік орталығы: 1
барлығы: 18
40
24
83
Қаланың ірілігі(мың адам): Ескерту: Искаков У. М. Города в системе расселения Казахстана: (экономико-демографический аспект) . - Алма-Ата: Гылым, 2006, 216 с.

Берілген көрсеткіштер бойынша республикадағы кіші қалалардың басым бөлігі аудандық орталықтар функциясын атқаратынын, ал тұрғындар саны 100 мыңнан асатын 85% - облыс орталықтары екенін көруге болады. Қазақстан қалаларының сыныптамасынан көріп отырғанымыздай республикада ірілігі және иерархиалық түрлері бойынша қалалық қоныстану бір-бірінен айырмашылығы көп қалалардың күрделі көп сатылы жүйесін құрайды. Б. С. Хорев ұсынған және де У. Ысқақов Қазақстанға қосымша орындап шыққан кезеңдер бойынша әдістемесіне сәйкес Қазақстан қалаларының тұрпаттық сипаттамасын қарастырайық [22] . Бастапқы кезеңде тұрпаттық халық шаруашылығы салаларының негізгі топтамасымен салыстырылып отырып қарастырылады - материалды өндіріс (материалды өндірістік сала) және өндірмейтін сала (өндірістік емес материалды сала) .

Атап өтілген көрсеткіштер негізінде қалалардың екі іріленген түрін айрықша атап өтуімізге болады.

1) кешенді қалалар (материалды өндірістік сала

мен өндірістік емес материалды сала қатынасы 65-75 және 35-25% шектеуінде орналасқан) ;

2) кешенді емес қалалар (материалды өндірістік сала

мен өндірістік емес материалды сала қатынасы кешенді қалаларға қойылған шектемелерден жоғары немесе төмен) [26] .

Келтірілген салалар бойынша қамтылуды үйлестіру көрсеткіштерін ескере отырып, қаланың атқарымын анықтаудың шарты деп халықшаруашылығының бір саласының басым болуын санауға болады. Бұл көрсеткіштерден өндірістік және көліктік функциялары едәуір дамыған қалаларды бөлуге болады.

Қазақстандық қалалардың көбісінің ауыр индустрия орталықтары болып табылатындығын (көмір өндіру, таукен өндірісі, мұнайхимия, қара және түсті металлургия), әрі олардың өндірістік сипаттамасын ескере отырып, ауыр индустрия орталықтары болып табылатын қалалар тобын айырып бөлуге болады. Өйткені бұл қалалардың тұрғындарының қамтылуы құрылымында өндірістік өнеркәсібінде ауданды ұйымдастыру мәнін құрайтын жеңіл және тамақ өніркәсіптерінде, құрылыс заттарын өндіру өнеркәсіптерінде қамтылғандар бөлігі аздау.

Материалдық өндіріс саласында, транспортта, өнеркәсіпте, ауыр өнеркәсіпте және басқа да материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтіндердің үлесіне байланысты негізгі тұрпаттық белгілері бойынша Қазақстанда қалаларды келесі түрлерге біріктіруге болады [37] .

1-і түр. Алматы - маңызды әкімшілік-саяси, экономикалық және мәдени орталық.

2-і түр. Ауданқұру функциялары басым кешенді көпфункциялы орталықтар (Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Орал, Семей) . Бұл топқа индустриалды даму деңгейі жоғары емес, тұрғындар саны 100-250 мың адам құрайтын облыстық орталықтардың алтауы кірді.

3-і түр. Индустриалды функциялары басым кешенді көпфункциялды орталықтар - оған қоса ауыр өндірісінің машинақұрылысы, металөңдеу, химиялық өндіріс сияқты салалары басым жетекші әкімшілік, экономикалық және мәдени орталықтар. Бұл топ ірі облыстық орталықтары болып саналатын облыстық сегіз орталықты қамтиды (Арқалық, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Астана, Шымкент) .

4-і түр. Транспорттық функциялардың дамуы басым кешенді көпфункциялды орталықтар. Бұл топ құрамы басқаларға қарағанда аз - Атырау, Қызылорда - ірілігі жағынан облыстық орталықтар, алайда олардың халық-шаруашылық құрылымы басқа облыстық орталықтардан негізінен өндірістік дамудың деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді.

5-і түр. Өндірістік типтегі кешенді қалалар - бұл қалалар өндірісті дамытуды негізге алып, кешенді даму жолымен келе жатқан қалалар. Бұл топқа он қала кіріп отыр, олардың 5-і аудандық орталықтар функциясын атқарса, қалған 5-інің ресми әкімшілік дәрежесі болмаса да олар қосымша орталықтар болып табылады. Соңғы бесеуінің функционалды құрылымында өндірмейтін салалар басым. Аталмыш топтың ең ірі әрі дамыған қалалары - Сәтбаев пен Балқаш, олардың тұрғындар саны 50-100 мың адам ауқымында.

6-ы түр. Агроөндірістік типтегі кешенді қалалар - негізінен едәуір дамыған ауылды аудандардың аудандық орталықтары. Аталмыш тұрпаттық топқа аудандық орталық дәрежесі жоқ, алайда 90-шы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ірі ауыл шаруашылық орталығы болып танылған Қапшағай қаласы да енді.

Келесі функционалды түрлер республиканың кешенді емес қалаларын біріктіреді:

7-і түр. Индустриалды типтегі кешенді емес қалалар. Бұл топқа соңғы 15 жылда қарқынды индустриалды дамуға ие болған екі облыстық орталық кіріп отыр. Қарапайым мысал - Ақтау қаласы. Материалды өндіріс салаларында қамтылған үлестік көрсеткіші 15 жылдың ішінде 19, 8 ден 81, 8%-ға көтеріліді, ал бұл өз кезегінде әлеуметтік инфрақұрылымының дамуының артта қалуына әкеліп отыр.

8-і түр. Кешенді емес көліктік қалалар - бұл негізінен қала-станса болып есептелетін және темір жолдар салу барысында пайда болған кішігірім (50 мың адамға дейін) аудандық орталықтар (18 қаланың тұрғындар саны 50 мың адамға дейін және тұрғындар саны 50 мыңнан жоғары екі қала - Түркістан, Щучинск) . Бұл қалалардың экономикалық базасының айырмашылығы олардағы өндірістің әлсіз дамуы болып табылады, оның нәтижесінде материалды өндіріс салаларында қамтылған бөлік саны республиканың қалалары бойынша орташа көрсеткіштен аз болып отыр. Бөлек жағдайларда (бес қала) керісінше материалды өндіріс салаларында қамтылғандар саны республика бойынша орташа көрсеткіштен едәуір жоғары болып тұр, оны көлікте қамтылған бөлік көрсеткішінің (40-60%) жоғары болуымен түсіндіре аламыз.

Бұдан басқа атап өтілуге тиіс факті - аталмыш типтегі қалаларда (Мамлютка) теміржол көлігі өнеркәсіптері басым болуы бұл қалалардың біржақты мамандандырылуын көрсетеді.

9-ы түр. Өндірісті типтегі кешенді емес қалалар - барлығы 17. Көлікті типтегі қалаларға қарағанда бұл топқа негізінен әкімшілік орталықтар дәрежесі жоқ (81%) қалалар енген, яғни дамуы негізінен пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеумен байланысты қалалар (таукен өндірісі орталықтары, көмірөндіру, мұнайхимия) . Бұл топқа кірген қалалардың айырмашылық өзгешеліктері олардағы әлеуметтік инфрақұрылымның дамуының артта қалғандығында.

10-ы түр. Кешенді емес ауылшаруашылық қалалар - жергілікті мәнділіктегі әкімшілік-шаруашылық функция атқаратын қалалар. Олардың көбі ескі егіншілік аудандарда орналасқан (Арал, Сарқанд) ; бұдан басқа бұған минералды-шикізат қорлары таусылғанына байланысты атқарушы функцияларын өзгерткен қалалар да (Арал, Жаркент т. б. ) кіреді. Бұл тұрпаттағы қалалардың сипаттамалық өзгешелігі - өндірмейтін салалардағы халықтың сыбағалы салмағының артуына алып келеген материалды өндіріс салаларының даму деңгейінің төмендігі.

Бұл жерлерде негізінен ауыл шаруашылығы (жеке жағдайларда ауылшаруашылғына қамтылғандар саны материалды өндірістік салада

қамтылғандар сандарынан 20-30% жоғары болады), құрылыс өндірісі, сауда, материалды-техникалық жабдықтау мен дайындамалар жақсы дамыды.

Келесі кезеңде “тізбек” ретінде топтап, түрлі функционалды тұрпаттағы қалаларды бөлуімізге болады.

1-ші топ. Экономиялық базалары негізінен ұйымдастырушылық функцияларды атқаратын қалалар;

  • ұйымдастырушы түрдегі кешенді көпфункционалды орталықтар;
  • кешендік агроөндірістік қалалар;
  • жергілікті кешенді емес ауылшаруашылық орталықтар.

Бұл қалалардың экономикалық базасы материалды өндірістік салалардың мына түрлеріне құрылыс индустриясы, саудаға маманданған. Аталмыш қалаларда жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің өндірістері басым. Әрине қалалардың түрлі иерархиялық деңгейдегі даму деңгейі, әрі өндірілетін өнім көлемі әр түрлі болып келеді. Дәл осы айырмашылықтардың арқасында осы қалалардың экономикалық базасын әлеуметтік инфрақұрылымдарының дамуымен үйлестіре келе гүлдендіруге бағытталған нақты қорытындылар шығарып, ұсыныстар жасай аламыз.

Қалалардың ірілігін ақықтайтын демографиялық дамуындағы елеулі айырмашылықтарды атап өту қажет.

Келесі иерархиялық деңгейде негізінде аудандық орталықтардан тұратын кешенді агроөндірістік қалалар орналасқан. Бұл республика аудандарының ең дамыған ауылшаруашылық орталықтары, негізінен 20-50 мың тұрғыны бар кіші қалалар. Кешенді агроөндірістік орталықтар негізінде ауыл шаруашылығының жер суару және мал шаруашылығымен айналысатын экономикалық аумағы Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған. Ауыл шаруашылық өнімдерін қарқындандырудың арқасында соңғы он жылдықта аталмыш қалалардың экономикалық базасын дамытуда ауыз толтырарлық серпін орын тауып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалалардың орналасу факторы
Қазалы қаласының құрылу және даму тарихы
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарындағы әлеуметтік - демографиялық мәселелер
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Урбанизация тарихы және перспективасы
Қaзaқстaндaғы шaғын қaлaлaрдың пaйдa болуы мен дaмуы және әлеуметтік-экономикaлық дaмуының aрттa қaлу себептері және олaрды бaсқaру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz