Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістері мен нысандары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
ШАЙГУЗОВА СЫМБАТ ҚАЖЫҒАЛИҚЫЗЫ
«Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістері мен нысандары»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық: 522530 - Қаржы
Астана - 2007
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
э. ғ. д. ., профессор С. Е. Керімқұловпен
қорғауға жіберілді
«»2007 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістері мен
нысандары
Мамандығы: 522530 - Қаржы
4 курстың студенті С. К Шайгузова
Ғылыми жетекші Р. А Байжолова
э. ғ. к., доцент
Астана - 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. НЕСИЕ ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
НЫСАНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі . . . 6
1. 2 Кепіл және кепіл механизмі . . . 10
1. 3 Нарық жағдайындағы кепілдік пен кепіл болушылық . . . 18
1. 4 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз етудің басқа да нысандары . . . 24
2. ”БАНКЦЕНТРКРЕДИТ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНДАРЫН ТАЛДАУ . . . 32
2. 1 Банк қызметіне жалпы сипаттама . . . 32
2. 2 Банктің кепіл саясаты мен кепіл мүлігін бағалау әдістерінің
тәжірибесіне сипаттама . . . 36
2. 3 Тендерлік кепілдікті ұсыну тәртібі . . . 53
3. НЕСИЕ ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 59
3. 1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының
мәселелері мен оларды шешу жолдары . . . 59
3. 2 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының даму
перспективалары . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыз айындағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру болып табылады. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда: ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту бағытына көңіл бөлу керек», - дегендей, Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсыну керек. /1/.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпан айындағы Президенттің Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсеке қабілеттілігінің жаңа деңгейі бағытының орындалуы үшін банктердің өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік тартысқа және қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, энергетикалық, инфрақұрылымдық және серпінді жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу керек», - аталып өтілгендей, банк жүйесі тарапынан экономикасы зор секторына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсету үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту керек, яғни ол үшін сол мәселелерге бетбұрыс жасау. /2. /.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2006-2008 жылдарға арналған Үкімет Бағдарламасында»: «Ақша - несие саясатының міндеті қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау - Үкіметтің басты міндеті», - деп аталып өтілгендей, ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы шаралар мынадай бағытта жүзеге асырылатын болады: қаржы секторындағы, әсіресе, банк секторындағы одан әрі ырықтандыру және бәсекелестікті арттыру болып табылады. /3/.
Екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығындағы алатын орны ерекше болып келеді. Коммерциялық банктер нарықтық экономика жағдайында клиенттермен несиелік қарым-қатынастарды құрастырғанда, көптеген қиын міндеттерді шешеді. Олардың барлығы да үлкен несиелендіру үрдісінде көрініс табады. Несиелендіру - бұл банктердің маңызды операциялардың бірі болып табылады. Ол субъектілердің несиелендіру үрдісіне көз қарастарын, несие берушілер мен қарыз алушылардың қарым-қатынастарын, қарыз алушылармен несиелерді пайдалануын, несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарын, борыштың пайда болуы сияқты мәселелерді қамтиды. Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалардың тиімділігі банктік несиелендіруге жатқызылатын, басқарудың және реттеудің қаржы құралдарының толық және тиімді қолданудың мүмкіндігімен байланысты болады. Ұлттық табыс пен қоғамдық өнімді және өндіріс процесінде туындайтын несиелік қатынастардың мәні, банктік несиенің өндіріске және елдің экономикалық келешектің үздіксіз дамудың ынталандыруына белсеңді әрекет етуін дәлелдейді. Сонымен бірге, банктердің республиканың инвестициондық процесіне қатысуына, қазіргі уақытта экономикадағы несие қайтарымдылығына қатысты мәселелердің сақталуына байланысты жол бермейді. Макроэкономикалық деңгейде саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері салдарынан, несиелік қатынастардың «дағдарыс» себептеріне несиелендіру тәртібінің жетілдірілмегендігін, елдің қаржы саласына жағымсыз әсер туғызған, банктердің негізсіз несиелердің ұсынғанын жатқызуға болады. Елдің тұрақты дамуы үшін және өндірістік секторларды банктік несиелендіруді кеңейту мақсатында мезгілінде несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешу өте маңызды және өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта қазақстандық экономика дамуының жағымды тенденциялардың пайда болуына байланысты коммерциялық банктер несиелік қарекеттерінің саласын кеңейтуге тырысады, яғни, өндірістік секторлардың қаржылық қажеттіліктерін несиелендіруге және ұзақ мерзімді несиелік қатынастардың дамуына мүмкіндік пайда болды. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанының қорытындыларына назар салсақ, облыстағы банк ұйымдарының заңды және жеке тұлғаларға несие беру қарқыны өсіп келеді. Өткен жылдың соңғы төртінші тоқсанымен салыстырғанда биылғы жылдың алғашқы несие көлемі 22, 1 млрд. теңгеге жеткен. Қарыз алушыларға несиені бере отырып, банктер өздерін қауіпқе төдіреді. Осыған орай банктік несиелендіру зерттеу процесіне одан әрі көңіл бөлуге және оның мәнін қайта қарастыруға, несиелік қатынастар субъектілерінің өздерінің міндеттемелерін орындаудағы жауапкершіліктерін және рөлдерін күшейту механизмді іздестіру қажеттілігі туындайды. Осыдан дипломдық жұмыстың өзектілігін байқауғаболады. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктері. Ал зерттеу пәні несие қайтарымдылығын қамтамасыз етуіндегі банктердің қарыз алушылармен несиелік қатынастары болып табылады. Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарымен және әдістерімен танысу. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер белгіленген: - несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының теориялық негіздерін білу;
- «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қамтамасыз ету нысандарына талдау жасау;
- несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының мәселелерімен және даму перспективаларымен танысу.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі болып, банктік несиелендіру және теориясы саласында қазақстандық, Сейітқасымов Ғ. С., Мақыш С. Б., Саниев М. С., Давлетова М. Т. және ресейлік Коробова Г. Г., Колесников В. И., Ольшанный А. И., Лаврушин О. И. ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, экономикалық бағдарламалары табылады. Сонымен қатар, қазақстандық газет-басылымдар, мысалы «Банки Казахстана», «Мир финансов», «ҚазҰУ хабаршысы», «Предприниматель и право» т. б.
«Несие қайтрымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен әдістері» атты тақырыбымызға қатысты Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеттің э. ғ. к., Зиябеков Б., ауыл шаруашылық мәні бар жер кепіліне қатысты мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады. Стефановский А., құқық магистрі, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның заңгері жер теліміне немесе жер қойнауын пайдалану құқығының кепіліне несиелендіру проблемалары туралы атап шықты.
Дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады. Бірінші тарау төрт бөлімшеден, екінші тарау үш бөлімшеден, ал үшінші тарау екі бөлімшеден құрылған. Оның ішінде 11 кесте және 9 сурет келтірілген. Қолданылған әдебиеттердің саны - 38 дана.
1. НЕСИЕ ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
НЫСАНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бірінші тарауда несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі, кепіл және кепіл механизмін жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, кепілдік пен кепіл болушылық және олардың арасындағы айырмашылық, сонымен қатар, несие қайтарымдылығын қамтамасыз етудің басқа да нысандары қарастырылған.
1. 1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі
Несиенің қайтарымдылығы несие қатынастарын басқа экономикалық қатынастардан ажырататын, тәжірибеде белгілі бір механизмде көрініс табатын, негіз қалаушы қасиетін ұсынады. Бұл механизм, бір жағынан, несиенің қайтарымды қозғалысының негізіндегі экономикалық процестерге, ал екінші жағынан - несиелік мәміледен шығатын, қарыз алушы мен несие беруші арасындағы құқықтық қатынастарға негізделеді.
Несие қайтарымдылығының экономикалық негізін, қайта өндіріс процесіне қатысушылардың қор айнылымдары және ауыспалы айналымдары, сонымен қатар несиенің іске асыру заңдылықтары құрайды. Дегенмен, несие қайтарудың объективті экономикалық негіздің болуы, осы процестің автоматизмін білдірмейді. Тек қана несие құнының қозғалысын мақсатты бағытталған басқару арқылы ғана оның сақталуын, қайтарылатын құндылықтың және қарызға берілетінін эквиваленттігін қамтамасыз етеді.
Несие мәмілесіне екі субъект - несие беруші және қарыз алушы қатысатындықтан, несие қайтаруды ұйымдастырудың механизмі олардың әрқайсысының осы процестегі орнын есепке алып отырады.
Несие беруші, несиені ұсынғанда, өзінің мүддесін қорғауға тырысады да, несиелік процестің ұйымдастырушысы болады. Объективті экономикалық негізге сүйене отырып, несие беруші қарызға берілген құнның толық және уақытылы қайтарылуына алғышарттардың құрылуына мүмкіндік беретін, қарыз қаражаттарды салу сфераларын, несиенің сандық параметрлерін, оны өтеу әдістерін, несие мәмілесінің шарттарын таңдайды. Дегенмен, аталған құнның кері қозғалысы өзінің айналымында қолданатын қарыз алушының несие қабілеттігіне, ақша нарығының экономикалық конъюнктурасына байланысты болады.
Несие мәмілесі несие алушының тиісті борышты қайтару міндеттеменің туындауын білдіреді. Экономикада инфляциялық процестердің туындауы берілген несие сомасының құнсыздануына, ал қарыз алушының қаржы жағдайының әлсіреуі - несие қайтару мерзімінің бұзылуына әкелуі мүмкін, сондықтан банктердің халықаралық тәжірибелері несие қайтаруын ұйымдастыру механизмін әзірледі. Оған кіретіні:
- ақшалай түсім есебінен нақты несиені өтеу тәртібі;
- несиелік келісім-шартта өтеу тәртібін заңды тіркеу;
- несие құнының кері қозғалысының толық және уақытылы қамтамасыз етудің алуан түрлі нысандарын қолдану.
Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысаны деп, бар борышты өтеудің нақты көзі, несие берушінің оны пайдалану құқығын заңды тіркеуі, берілген көздің тиімділігі мен жеткіліктігіне банктің бақылауды ұйымдастыруын атаймыз /4, 337-338 б. /.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине сол кездегі экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді /5, 155 б. /.
Қазіргі уақытта несие операциялары тәуекел дәрежесі жоғары болатын банктік операцияларға жатады. Бұл несиелендіру процесінің ерекшелігіне байланысты болып келеді. Несиелендіру кезінде тәуекел дәрежесіне әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет, тәуекелдің мәнін және мүмкін болатын залалдардың мөлшерін теңдестіру және анықтау өте маңызды болып келеді.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында банк ешкімге, ешқашанда несие бермейді, егер оның мезгілінде қайтарылуына сенімі болмаса (несие қайтарымдылығының қағидасы) . Несиенің қамтамасыз етілу қағидасы бұрынғыдан да қатаң түрде қолданылып жүр. Қазір банктен несие алу үшін бұрынғыдай, жеткілікті сомада тауарлы-материалды құндылықтардың барлығын және оларды өндіріс процесінен өткізгеннен кейін, несиені қайтаруға толық мүмкіншілік туатынын дәлелдейтін мәліметтер беру жеткіліксіз. Банктер қамтамасыз етудің басқа (нысандарын) тәсілдерін талап етеді /6, 67 б. /.
Ағылшын-американдық мектеп банкирлерінің пікірінше, егер қарыз алушы өз міндеттемелері бойынша жауап бермесе, несие берушіні екі немесе үш «белбеу» қорғайды.
«Бірінші белбеу» - бұл қолма-қол ақшалардың ағымы, табыс - қарыз алушының несиені өтеудің басты көзі.
«Екінші белбеу» - бұл несие өтелуін қамтамасыз ететін, қарыз алушы ұсынатын активтері.
«Үшінші белбеу» несиені қамтамасыз ету негізінде заңды және жеке тұлғалар ұсынатын кепілдіктермен байланысты болады /7, 99 б. /.
Банктік несиені қамтамасыз етудің нысандарын А-қосымшадан көруге болады /8, 205 б. /.
Жоғарыда көрсетілген несиенің қайтаруын қамтамасыз ету нысандары, міндеттеме бойынша жауап беру мерзімі келгенде, қарыз алушыда қаражаттардың болмай қалу жағдайында, заңды күші бар және несие берушінің артынан несиені өтеудің нақты бір көзін бекітетін, арнайы құжаттармен ресімделеді /9, 175 б. /.
Жалпы алғанда, несие ұсынуына байланысты мүмкін болатын залалдардан несие берушіні қорғауына қатысты мәселелерді қарастырғанда, істің заңды жағына көңіл бөлу өте маңызды болып келеді. Несиелік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін жақтар жазбаша нысанда қосымша келісімдерді жасасуы мүмкін. Оларда қарыз алушының немесе үшінші тұлғаның несиелік мәміле бойынша толық немесе ішінара атқарылмауынан міндеттемелердің орындалуын міндеттейтін қосымша міндеттемелері тіркелінген. Олардың жалпы мағынасы - қарыз алушыларды міндеттемелерді орындауға бағындыру болып табылады /10, 205 б. /.
Қамтамасыз ету нысандарының әрқайсысының мақсаты, қарыз алушыны өзіндік қаражаттардың болмауы кезінде басқа қаржы көздерімен (кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен табыс, кепілгерлер мен кепіл болушылардың қаражаттары, сақтандыру қоғамдары, т. б. ) несие міндеттемелері бойынша жауап беруді талап ету болып табылады /11, 317 б. /.
Егер де ақшалай түсім есебінен несиені өтеу механизмі және оның несиелік келісім-шарттарда тіркелуі, несие қайтаруының негізгі алғышарты болса, онда қайтарудың қамтамасыз ету нысандарын анықтау осы қайтарудың кепілдігін білдіреді. Осындай кепілдік тәуекел дәрежесі жоғары болған жағдайда қажет /4, 337-339 б. /.
Несиені өтеу көздерін бастапқы және қайталама деп екіге бөлуге болады.
Бастапқы көзі - бұл қарыз алушының табысы (заңды тұлға үшін - өнімді өткізуден түскен қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда болатын ақшалай түсім, ал жеке тұлға үшін - еңбек ақы немесе басқа да табысы) /12, 185 б. /.
Шет елдегі банкирлер несие мәмілесін жасасу мүмкіндігін қарастырғанда, өздерінің «алтын» ережесі деп, алдымен бастапқы көзге бағытталуын санайды /13, 210 б. /. Сондықтан несие өтінімін қарастырған жағдайда, клиенттің ақша ағымдарына, саланың даму перспективаларына және осы клиенттің іскерлігіне, клиенттің жабдықтаушылармен және сатып алушылармен қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлінеді. Егер де банкте несие алушының ақшалай түсімдеріне қатысты күмән туындаса, онда несие мәмілесі орындалмауы да мүмкін.
Несие қайтарымдылығының нақты кепілдігі болып, қаржы жағдайы тұрақты болатын кәсіпорындардың ақшалай түсімдері табылады. Олардың қатарына табыстылықтың деңгейі жоғары болатын және өзіндік капиталмен жоғары қамсыздандырылған кәсіпорындар жатқызылады. Осындай кәсіпорындарда ақша қаражаттарының жүйелі түрде түсімімен қатар, таза табысты қалыптастырудағы ақша қаражаттарының өсімі және өзіндік капиталдың толтырылуын байқауға болады.
Банктің қаржы жағдайы тұрақты, бірінші сыныпты клиенттер болып табылатын кәсіпорындар үшін келіп түсетін ақшалай түсім есебінен несиелік келісім-шарттарда несие өтелуін заңды тіркеу тиісті мөлшерде жеткілікті болады. Осы жағдайда банк пен қарыз алушы арасында белгілі бір қосымша кепілдіктерді көрсетпей-ақ, несие өтелуінің өз міндеттемелерін орындауды білдіретін сенімді қарым-қатынастар туындайды.
Көбінесе тәжірибеде келесі жағдай қалыптасады. Ақшалай түсімнің уақытында келіп түспесе, белгілі бір тәуекел туындайды. Тәуекел факторлары өндіріс процесімен немесе құндылықтарды өткізумен, сонымен қатар сатып алушылармен есеп айырысу қалпымен, нарық конъюнктурасының өзгеруімен, маусымды ауытқулармен, т. б. байланысты болуы мүмкін.
Осы барлық жағдайларда да несие қайтаруының қосымша кепілдігіне ие болу қажет, ал ол қайталама көздерді іздестіруді талап етеді /4, 338-339 б. /.
Қайталама көзі деп, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен ақшалай түсімдерін, мүлік пен құқық кепілін, кепілдік пен кепіл болушылықты, сақтандыруды, цессияны атаймыз /13, 210 б. /.
Банктердің несиені өтеудің бастапқы және қайталама көздерін қолданудың тәртіптері әртүрлі болады. Қарыз алушының табысы есебінен несиені өтеу несиелік келісім-шартпен, жедел міндеттемемен немесе тиісті қаражаттарды аудару тапсырмасымен реттелінеді. Осы жағдайда несие төлем мерзімі келген күні немесе басқа бір анықталған период ішінде өтеледі. Несиені қолма-қол ақшамен өтегенде, клиент тиісті мерзімде банктің кассасына ақша салады. Осылайша, осы жағдайда несие келісім-шартының шарттарына сәйкес, клиенттің банк алдында өзінің төлем міндеттемелерін орындаудың ерікті нысаны көрініс табады.
Дегенмен, бірінші сыныпты қарыз алушылар және несиелендіру үлкен немесе кіші тәуекелмен байланысты болады. Барлық жағдайларда да несие қайтаруының қосымша кепілдіктерін иелену қажеттілігі туындайды, демек несие қайтарымдылығын қамтамасыз ететін қайталама көздерге бағытталады. Несиені қайталама көздер есебінен өтеуі банктің, өзіне тиесілі ақша қаражаттарын өндіріп алудың, мәжбүрлі нысанын қолданатынын білдіреді.
Қайталама көздерін пайдалану механизмі, сонымен қатар құқықтық қамтамасыз етуді иеленеді, бірақ та ол еңбекті көп қажет ететін және ұзақ мерзімді процесс болып табылады. Сондықтан да, осы мәселені шешкен кезде, несиені өтеудің бірінші көзіне - табысқа мұқият талдау жасау өте маңызды болып келеді. Егер несиені өтеудің негізгі көзі ретінде ұсынылған табыстың нақты пайдалануына қатысты күмән туындаса, онда несиені беруден бас тарту қажет, себебі қайталама көздер бастапқы көзін қуаттайды, бірақ оны ауыстырмайды /12, 185-186 б. /.
Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметтері туралы» Заңына сәйкес, несие қайтарымдылығы айып төлеу, кепiл, кепілдік, кепіл болушылық, басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Егер де клиенттің несие қабілеттілігі мен сенімділігі жоғары болатын болса, банк несиені қамтамасыз етуді ұсынбай-ақ беру туралы шешімді қабылдай алады /14, 33 б. /. Айтып кететін жағдай, қамтамасыз ету - бұл тек қана қосымша кепілдік және банктің қарыз алушымен несиені өтей алмау тәуекелінен қорғайтын соңғы қорғаныс сызығы /6, 91 б. /
Айып төлеу - бұл борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес /15, 137 б. /. Қазіргі уақытта кепіл, кепіл болушылық, банктік кепілдік сияқты қамтамасыз етудің тәсілдері ең сенімді болып саналады /6, 67 б. /.
Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының тиімділігі, құқықтық механизмнің пәрменділігіне, тиісті құжаттардың құқықтық және экономикалық мазмұнының сауаттылығына, төлем міндеттемелері бар кепілдік берушілердің іскерлік этика нормаларын сақталуына тәуелді болады.
Қазіргі уақытта несиені уақытылы қайтарылуының кепілдіктер жүйесінің құру банктер үшін ерекше өзекті мәселеге айналды, бұл әртүрлі меншік нысанында пайда болған кәсіпорындардың дамуына байланысты болады. Олардың несие қабілеттіктерін бағалау көптеген жағдайда қиынға түседі, сондықтан да кәсіпорындармен несие байланыстарын құрудың маңызды шарттарының бірі, несиелердің қайтарылуын қамтамасыз етудің қосымша нысандарын пайдалану болып табылады /9, 174 б. /.
1. 2 Кепіл және кепіл механизмі
Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады /15, 149 б. /.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты нысаны ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет /5, 156 б. /.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz