ҚР бағалы қағаздар рыногінің дамуы және қалыптасуының негіздері



Кіріспе 6

Тарау І. ҚР бағалы қағаздар рыногінің дамуы және қалыптасуының негіздері 8
1.1. Бағалы қағаздардың мәні және қызметі 8
1.2. Бағалы қағаздар операцияларың ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі 27
1.3. ҚР бағалы қағаздар түрлерінің дамуы 34
Тарау ІІ. ҚР коммерциялық банктердің бағалы қағаздар операцияларына талдау(«Алматы Сауда Қаржы Банкің АҚ мысалында) 44
2.1. Коммерциялық банктің бағалы қағаздармен байланысты операцияларын ұйымдастыру және реттеу 44
2.2. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар портфелінің жағдайына талдау 57
Тарау ІІІ. ҚР коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларының өзекті мәселелерін шешудің жолдары 65
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78
Қосымша мәліметтер 80
Қазақстан нарықтық экономикаға көшу барысында көптеген оқиғаларды басынан кешірді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесі жүргізілгеннен бастап, бұрын мемлекет меншігіндегі ұйымдар акционерленіп, акционерлік ұйымдар пайда бола бастады. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғы шарттары құрылды. Оның инфрақұрылымы, қатысушылары, институционалдық инвесторлары айқын бейнеленді. Біртіндеп бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылардың қызметі ерекшеленді, соның ішінде коммерциялық банктердің үлесі жоғары еді.
Коммерциялық банктер әмбебап қаржылық институт ретінде бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметінен түскен табыс, пайданың қалыптасуында үлкен роль атқарады. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының кеңеюі мен диверсификациялануы ірі қаржы банктік топтардың ұйымдасуына алып келді. Олар бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары ретінде эмитент, инвестор және делдал ролінде шығады.
Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенеді. Банктердің бағалы қағаздармен операциясының кеңеюі олардың жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
Инвестициялы - банктік филиалдар мен еншілес компаниялардың жүйесін құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына шығады.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге, банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт болғандықтан оның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке және корпоративті инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.
Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы: қазіргі кездегі коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің белсенділігінің қазіргі кездегі маңыздылығы артуда.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қатысушы ретіндегі қызметі, оның негізгі бағыттары, міндеттері және проблемалары, оларды жетілдіру жолдары туралы мәліметтерді анықтау және жиынтыққа келтіру.
1 Рынок ценных бумаг. Под ред. В.А.Галанова, А.И.Басова. Москва, 1999. 15 б.

2 “Бағалы қағаздар рыногы туралы” 1997 жылғы 5 наурыздағы заны

3 Курс экономики. Учебник. Под ред. Б.А.Райзберга. Инфра-М., 1997ж, 373 бет.

4 Каирленов М. От рейдерства до ЕТФ-ов. Natіonal Buіsness, 2006/№10


5 Алексеев Т.А. “Рынок ценных бумаг”. М.: 1995./ 13б.

6 Курс экономики. Учеь-бник. /Под ред. Б.А.Райзберга. М.: – 1997; 368 бет.

7 Казахстан 1991 – 2001 годы. Информационно – аналитический сборник. Агенство РК по статистике, 340бет.


8 Г. Шалгимбаева. Казахстанский фондовый рынок: важнейшие этапы развития.// Рынок ценных бумаг Казахстана. № 12 (104) декабрь, 2004. 30-37 бет.

9 Я. М. Миркин «Ценные бумаги и фондовый рынокң. М.: 1995. 71 бет.

10 Сравнительный анализ национальных биржевых систем экономически развитых стран мира // Рынок Ценных Бумаг.№ 7, 2001.

11 Фондовый рынок стран - членов Европейского союза. // О.Хмыз. МЭ и МО, .№ 4, 1998, 113-122 б.

12 Фондовая биржа. Черников Г.П.- М.: Международные отношения, 1991, 20б.

13 Рынок ценных бумаг Казахстана 11\2006

14 Шалгимбаева Г.Н. Развитие казахстанского финансового рынка в целом и рынка ценных бумаг в частности: достижения и перспективы. РЦБК, 2004г., №3.
15 Мақыш С.Б.Коммерциялық банктер операциялары.Оқу құралы.-Алматы:ИздатМаркет, 2004.

16 .Шалгимбаева Г.Н. Развитие казахстанского финансового рынка в целом и рынка ценных бумаг в частности: достижения и перспективы. РЦБК, 2004г., №3.

17 Брокеры и регистраторы на РЦБ./Учебное пособие.Коллектив авторов -Алматы :ИАФР “ИРБИС”, 2000

18 ШалгимбаеваГ.,Максимова Н.О создании рынка казахстанских депозитарных расписок//РЦБК.2002.№11

19 Банки раскупают ГЦБ.Новости. // Мир финансов. - 2007. №4(45).

20 Супрунович Е.Секьюритизация активов: опыт и перспективы.//Банки Казахстана.-2006.№12

22 Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года № 461-ІІ «О рынке ценных бумагң

23 Гражданский кодекс Республики Казахстан

24 Закон Республики Казахстан «О секьюритизацииң

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе
6

Тарау І. ҚР бағалы қағаздар рыногінің дамуы және қалыптасуының 8
негіздері
1.1. Бағалы қағаздардың мәні және қызметі 8
1.2. Бағалы қағаздар операцияларың ұйымдастырудың шетелдік 27
тәжірибесі
1.3. ҚР бағалы қағаздар түрлерінің дамуы 34
Тарау ІІ. ҚР коммерциялық банктердің бағалы қағаздар операцияларына44
талдау(Алматы Сауда Қаржы Банкің АҚ мысалында)
2.1. Коммерциялық банктің бағалы қағаздармен байланысты 44
операцияларын ұйымдастыру және реттеу
2.2. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар портфелінің 57
жағдайына талдау
Тарау ІІІ.ҚР коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен 65
операцияларының өзекті мәселелерін шешудің жолдары
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78
Қосымша мәліметтер 80

КІРІСПЕ

Қазақстан нарықтық экономикаға көшу барысында көптеген оқиғаларды
басынан кешірді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесі
жүргізілгеннен бастап, бұрын мемлекет меншігіндегі ұйымдар акционерленіп,
акционерлік ұйымдар пайда бола бастады. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығының
қалыптасуының алғы шарттары құрылды. Оның инфрақұрылымы, қатысушылары,
институционалдық инвесторлары айқын бейнеленді. Біртіндеп бағалы қағаздар
нарығында кәсіби қатысушылардың қызметі ерекшеленді, соның ішінде
коммерциялық банктердің үлесі жоғары еді.
Коммерциялық банктер әмбебап қаржылық институт ретінде бағалы
қағаздар нарығының қатысушысы болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық
банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметінен
түскен табыс, пайданың қалыптасуында үлкен роль атқарады. Бағалы қағаздар
нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының кеңеюі мен
диверсификациялануы ірі қаржы банктік топтардың ұйымдасуына алып келді.
Олар бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары ретінде эмитент,
инвестор және делдал ролінде шығады.
Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық
компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы
белсенеді. Банктердің бағалы қағаздармен операциясының кеңеюі олардың
жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану
сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
Инвестициялы - банктік филиалдар мен еншілес компаниялардың жүйесін
құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына
шығады.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік
ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге,
банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет
ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт
болғандықтан оның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке және корпоративті
инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы
қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.
Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы: қазіргі кездегі коммерциялық
банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің белсенділігінің қазіргі
кездегі маңыздылығы артуда.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің бағалы қағаздар
нарығында кәсіпқой қатысушы ретіндегі қызметі, оның негізгі бағыттары,
міндеттері және проблемалары, оларды жетілдіру жолдары туралы мәліметтерді
анықтау және жиынтыққа келтіру.
Дипломдық жұмыстың міндеті бағалы қағаздар нарығындағы банктердің ролін
анықтау және қызметіне Қазақстандағы коммерциялық банктер мысалында толық
талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда банк түсінігі, оның бағалы қағаздар нарығында ролі,
қажеттілігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан реттейтін заңдық,
нормативтік актілер қаралады.
Екінші тарауда коммерциялық банктердің кәсіпқой қызметіне талдау
жасалынған, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар
портфеліндегі үлесі салыстырмалы түрде талдау көрсетілген. ААҚ Алматы
Сауда Қаржы Банкң мысалында банктің брокер-дилер ретіндегі биржалық және
биржалық емес нарыққа қатысуына назар аударылған, бұл банк бойынша дилерлік
және кастодиандық қызмет көрсету келісім-шарттары қосымша берілген.
Үшінші тарауда коммерциялық банктердің кәсіпқой қатысушы ретіндегі
мәселелері, дамуына бөгет жасайтын бағыттар және оларды жетілдіру жолдары
қарастырылған.
Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстандағы коммерциялық
банктер.
Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылым әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі
кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Републикасының
Конституциясы, Қазақстан Републикасының банктердің қызметін реттейтін
Заңдар және басқа нормативтік-құқақтық актілер, Қазақстан Республикасы
Президенттің Жарлықтары, Ұлттық Банктің Қаулылары, Ережелері, оқу
әдебиеттері пайдаланды.

1. ҚР бағалы қағаздар рыногінің дамуы және қалыптасуының негіздері
1. Бағалы қағаздардың мәні және қызметі

Экономикалық теория курсынан белгілі, барлық тауарлар әлемі екі топқа
бөлінеді: тауарлар (материалды игіліктер, қызметтер) және ақша. Өз
кезегінде, ақша – жай ғана ақша және капитал бола алады, яғни, жаңа ақша
алып келетін ақшалар. Бір тұлғадан (заңды немесе жеке тұлға), екінші
тұлғаға ақшаны беру қажеттілігі барлық кездерде де туындайды. Рынок
тәжірибесі аталған ақша берудің екі негізгі тәсілін өңдеп шығарды –
несиелеу процесі мен бағалы қағаздарды шығарып, айналысқа енгізу. Мысалы,
бір тауар қажет болып, оны төлеу үшін ақша бір себептермен болмай қалуы
(қолма-қол ақша болмауы, есеп шотта ақшаның таусылуы), немесе, керісінше,
тауар өндірісі үшін ақша қажет болып, бірақ, тауар бір уақыт өткен соң ғана
шығатын жағдай. Сөйтіп, тауар рыногында тауар жоқ болса да, немесе, ол
өндірілу жолында тұрса, келісім шартты жасау кезіне дейін әлі дайын
болмаған жағдайды айтуға болады.
Осылайша, рынок жағдайында, оның қатысушылары көптеген қатынасқа
түседі, соның ішінде, ақша мен тауарларды бір–біріне беру. Бұл қатынастар
тиісті шарттармен белгіленеді, дайындалып бекітіледі.
Осы мағынада бағалы қағаздар рыногының қатысушылары арасындағы, өзі
осы қатынастардың объектісі болып табылатын, рыноктық қатынастардың
белгілену формасы. Яғни, оның қатысушылары арасындағы келісім–шарт жасау
немесе келісу нәтижесі тауар немесе ақшаға айырбасталатын бағалы қағаздың
сатып алу–сату немесе беруі.
Бірақ, бағалы қағаз – ақша да, материалды қағаз да емес. Оның
бағалылығы өз иесіне беретін құқығында. Иесі өз тауары немесе ақшасына
сенімі – тек, сол берілген бағалы қағаздың құндылығына сенімді, ол бағалы
қағазы ақша немесе тауардан ешқандай да кем емес екендігіне көзі жеткен соң
ғана айырбастайды. Қазіргі кезеңде, тауар да, ақша да капиталдың әр түрін
білдіретіндіктен, бағалы қағаздардың экономикалық анықтамасын беріп кетуге
болады.
Бағалы қағаз – өзінің орнына берілетін, рынокта тауар ретінде
айналысқа түсетін және табыс алып келетін тауарлы, өндірістік, ақшалық
формасынан ажыратылатын капитал формасы. Бұл – тауарлы, өндірістік, ақшалық
формадағы капиталдың ерекше формасы. Капитал иесінде капитал болмаса да,
бағалы қағаз формасында белгіленген оның барлық құқығы қорғалғандығы, оның
негізгі мәні болып табылады.
Бағалы қағаздар формасында – олардың экономикалық (ақшалық) бағалығы
бар, әр түрлі қоғамдық мәнді құқықтар белгілене алады.
Бағалы қағаздар түсінігі көп жақты, себебі, оларды көрсететін
экономикалық қатынастардың өзі өте қиын, және олар өзгертіліп, дамып
отырады, ал осыдан бағалы қағаздардың жаңа даму формалары шығып отырады.
Кеңейтілген мағынадағы бағалы қағаздар – сәйкес бағамен сатылынып және
сатып алынып отыратын әртүрлі құжат (қағаз). Тарихи мысал – орта
ғасырлардағы индульгенцияларды сату. Бағалы қағаздардың теоретикалық
мағынасы өте тар, себебі, олар тек қана нақты бір мүліктік мәнін көрсететін
бағалы қағаздарды қамтиды.
Ссудалық капитал – бағалы қағаздарда: акция, облигация, вексель және
басқа формаларда көрінген капитал. Оның дамуы және қызмет етуі нақты (яғни,
өндірістік) капиталмен тығыз байланысты. Мұндай қағаздардың шығуымен,
капиталдың екіге бөлінуі шығады. Бір жағынан, өндірістік қорлармен
көрсетілген нақты капитал шығады, екінші жағынан – бағалы қағаздар
түріндегі көрінісі.
Нақты капитал өндіріске салынып, осы салада қызмет етіп жатқан кезде,
бағалы қағаздар – тек капиталдың қағаз түріндегі дубликатын көрсетеді.
Ссудалық капиталдың, яғни, бағалы қағаздардың пайда болуы –
коммерциялық және өндірістік қызметтің қиындауы мен тереңдеуі нәтижесіндегі
несиелік ресурстар көлемінің көп мөлшерде қажет етуінің дамуымен
байланысты. Осылай, ссудалық капитал тарихы, ссудалық негізден бастау
алады, себебі, бағалы қағаздарды сатып алу – ақша капиталының бір бөлігін
ссудаға беруді білдіреді, ал қағаздың өзі, оған сәйкес оның иесі қарызға
берілген капитал орнына дивиденд немесе пайыз түріндегі белгіленген бір
табыс мөлшерін алуға құқық беретін, несиелік құжат формасын алады. Мұндай
операция нәтижесінде пайда болған қағаз (меншік мәртебесі) – қарызға
капитал берген иесіне, пайыз немесе дивиденд есебін өсіруге құқық береді.
Ссудалық капитал пайда болысымен жеке өмір сүреді. Бұл оның құнының
(қағаздың жиынтық курстық бағасы) тек қана бағалы қағазды көрсететін
өндірістік капитал қызметінің әсерінен өзгертілуін ғана емес, сонымен қатар
(көбінесе және көп дәрежеде), басқа, мысалы, саяси жағдайлар сияқты
факторлар байланысының өзгерісінен де көрінеді. Ссудалық капиталдың құны,
қызмет етуші капитал мөлшеріне байланысты, өте үлкен шекараларда өзгертіліп
отыруы мүмкін. Өндірістік капиталдан тәуелсіз, бағалы қағаздар рынокта жеке
айналысынан да көрінеді. Теориялық жағынан алып қарағанда, бұл біріншіден,
ссуда актісі нәтижесінде капитал – меншіктік капитал - қызметтен бөлінуінің
нәтижесінде, екіншіден, бағалы қағаз өтімділігінің жоғары деңгейіне ие
болатын, яғни, қолма-қол құралдарға еркін айнала алатын мүмкіндігі бар,
потенциалды ақша капиталын көрсетеді.
Ссудалық капиталдың мөлшері (қағаздардың жиынтық курстық бағасы) –
бағалы қағаздар бойынша табыс капитализациясының жолымен анықталады:

Ссудалық капиталдың негізгі қызметі - ұйымдастыру және өндірісті
кеңейту мақсатында салымшылардың ақша құралдарын мобилизациялау.
Келесі қызметі – ақпараттық. Мұның мәні – бағалы қағаздар рыногындағы
жағдай, мемлекеттегі экономикалық конъюнктура туралы инвесторларға өз
капиталдарын салуға бағыт беретін ақпарат беріліп отырады. Тұтастай
алғанда, ссудалық капиталдың қызмет етуі, рынок қажеттіліктеріне сәйкес
оларды бөлу және өндіру мүдделерінде бос ақша құралдарын
ынталандыратындықтан, тиімді және рационалды экономиканың қалыптасуына
мүмкіндік береді. Осыған байланысты, еліміздің көптеген экономисттері
“ссудалық” терминін (бұл термин К.Маркспен қолданылған), “қор құндылықтары”
терминіне ауыстырылуын ұсынған.[1]
Бағалы қағаздардың жіктелуі. Бағалы қағаздар әр түрлі сипаттары
бойынша топтала алады. Қазіргі әлемдік тәжірибедегі бағалы қағаздар үлкен
екі топқа жіктеледі:

І топ – негізгі бағалы қағаздар;
ІІ топ– туынды бағалы қағаздар.

Негізгі бағалы қағаздар – активке әдетте, ақша, капитал, мүлікке, әр
түрлі ресурстарға және т.б. мүліктік құқығы негізінде жатқан бағалы
қағаздар.
Өз ретінде негізгі бағалы қағаздардың өзін екі топшаға бөлуге болады:
бірінші және екінші ретті бағалы қағаздар.
Бірінші ретті бағалы қағаздар – өздері бағалы қағаздар қатарына
кірмейтін активтерге негізделген. Бұл, мысалы, акциялар, облигациялар,
вексельдер, закладнойлар және т.б.
Екінші ретті бағалы қағаздар – бұл, бірінші ретті бағалы қағаздарға
негізделіп шығарылған қағаздар; бұл, бағалы қағаздардың өзіне бағалы қағаз:
бағалы қағаздарға варранттар, депозитарлық распискалар және т.б.
Туынды бағалы қағаздар – биржалық активтің берілген бағалы қағаз
негізіндегі баға өзгерісіне байланысты пайда болатын мүліктік құқық
(міндеттеме) түріндегі құжатсыз формасы.
Егер бұл анықтаманы жеңілдетілген түрде айтсақ, өндірістік қағаз -
қандай да болмасын бағалық активке; тауарлар бағасына (әдетте биржалық
тауар: астық, ет, мұнай, алтын және т.б.); негізгі бағалы қағаздар бағасына
(әдетте, акция, облигация индекстері); валюталық рынок бағаларына
(валюталық курс) және т.б. бағалы қағаздар деп қарапайым түрде айтуға
болады. Өндірістік бағалы қағаздарға: фьючерстік контрактілерді (тауарлы,
валюталы, пайыздық, индестік және т.б.) және айналысқа еркін түсетін
опциондарды жатқызуға болады.
Бағалы қағаздарға тән барлық сипаттары мен жиынтығы жалпы, бірдей
болып келетін түрлерді бағалы қағаздар деп түсінеміз.
Бағалы қағаздар классификациясы мен бағалы қағаздардың түрлерін
классификациялау деген мәселелерді де ажыратады.
Бағалы қағаздар классификациясы – оларға тән белгілі бір сипаттары
бойынша бөлу.
Бағалы қағаздар түрлерінің классификациясы – бір түрге жататын бағалы
қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздар түрлерін топшаларға бөлу. Өз
кезегінде топшалар әр түрлі тармақшаларға бөліне алады. Әрбір төмен тұрған
классификация, жоғарыда тұрған классификация құрамына кіреді. Мысалы, акция
– бағалы қағаздардың бір түрі. Сонымен қатар, акция жай және артықшылықты
(привилегирленген) болады. Жай акция бір дауысты және көп дауысты,
номиналды және номиналсыз болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай, бағалы қағаздар өздерінің әртүрлілігіне
байланысты белгілі бір сипаттарға (нышандарға) ие. Оларды қысқаша
қарастырып өтейік.
Уақытша сипаттары бойынша:
- бағалы қағаздың бар болуының мерзімі: қашан айналысқа шығарылды,
қаншалықты уақыт мөлшеріне немесе мерзімсіз;
- шығуы: бағалы қағаз өзінің бірінші негізінен (тауар, ақша), әлде
басқа бағалы қағаздардан бастау алады ма;
Кеңістік ерекшеліктер:
- олардың болуының формасы: ақшалық, немесе құқықтық тілде –құжаттық
форма немесе қағазсыз, құжатсыз формасы;
- ұлттық тиістілігі: отандық бағалы қағаз немесе басқа мемлекет, яғни
шет ел бағалы қағазы;
- территориалдық тиістілігі: берілген бағалы қағаз елдің қандай
аймағында шығарылды.
Рыноктық сипаттары:
- бағалы қағаз негізіндегі немесе оның бастапқы негізіндегі (тауар,
ақша, фирманың жиынтық активтері және т.б.) активтер типі;
- иелік сипаты: бағалы қағаз көрсетушісі немесе нақты тұлға (жеке,
заңды тұлға);
- шығару формасы: эмиссиялық, яғни, барлық бағалы қағаздар сипаты
бойынша бірдей болып келетін жеке сериялармен шығарылатын, немесе
эмиссиондық емес (жеке);
- меншік формасы мен эмитент түрі, яғни, рынокқа бағалы қағазды
шығарушы: мемлекет, корпорация, жеке тұлғалар;
- айналыс сипаты: рынокта еркін айнала алатын немесе шегі бар;
-бағалы қағаз көрсететін құқық түрі жағынан алғандағы экономикалық
мәні;
- тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және т.б.
- табыс қолма - қолдылығы: бағалы қағаз бойынша белгілі бір табыс
төлене ме, жоқ па;
- салынған құралдар формасы: ақша қарызға инвестициялана ма, немесе
құқық меншігін алу үшін.
Бағалы қағаздардың жоғарыда аталған сипаттары бойынша құрылатын
класификациялық кестені көруге болады [1] (1 кесте).

1 кесте. Бағалы қағаздар сипатталауының классификациясы

Классификациялық сипаты Бағалы қағаздар түрлері
Бағалы қағаздың мерзімі жылдам мерзімді
мерзімсіз
Шығуы бірінші қатарлы
екінші қатарлы
Ұлттық тиістілігі отандық
шет елдік
Қолданылу типі инвестициялық (капиталды)
инвестициялық емес
Ие болу тәртібі көрсетушілік
атаулы
Меншік формасы мемлекеттік бағалы қағаздар
мемлекеттік емес бағалы қағаздар
Айналыс сипаты рыноктық немесе еркін айналысқа түсетін
рыноктық емес
Тәуекел деңгейі тәуекелсіз және аз тәуекелді
тәуекелді
Табыс қолма - қолдылығы табысты
табыссыз
Салу құралдарының формасы қарыздық
үлесті иелік
Экономикалық мәні акциялар
(құқық түрі) облигациялар
вексельдер және т.б.

Экономикалық мәні жағынан негізгі бағалы қағаз түрлерін қарастыра
кетелік:
АКЦИЯ – акционерлік қоғамның жарғылық капиталына бірлік салым;
ОБЛИГАЦИЯ – белгіленген мерзімге, белгілі бір табыс төлеу немесе
төлемеу бойынша, салынған ақша сомасын қайтарудың бірлік қарыз
міндеттемесі.
БАНКТІК СЕРТИФИКАТ – банкке депозиттік (жинақтық) салымның белгіленген
мерзім өткеннен соң, пайыз төленетін, еркін айналысқа түсетін куәлігі.
ВЕКСЕЛЬ - қарыз алушының қарызды қайтару туралы, жазбаша ақшалық
міндеттеме, оның формасы мен айналысы арнайы заңдылықпен – вексельдік
құқықпен реттелініп отырады.
ЧЕК - чек алушыға чекте көрсетілген соманы банктің чек төлеушіге
төлеуінің жазбаша тапсырмасы.
КОНОСАМЕНТ – жүкті тасымалдауға, оның тиелгенін, тасымалданатыны және
қабылдап алуына құқығын куәландыратын стандартты (халықаралық) формасының
құжаты (келісімі).
ВАРРАНТ – а) складтағы тауар меншігінің складпен берілетін және
құықығын дәлелдейтін құжат; б) оның иесіне – белгіленген баға бойынша
белгілі бір уақыт аралығында бір компанияның акция немесе облигацияларын
сатып алуға мүлікті құқық беретін құжат.
ОПЦИОН – қатысушылардың бір жағының, белгілі бір уақыт аралығында
екінші жағынан премия деп аталатын белгілі бір ақша сомасын төлеу құқығымен
келісім жасалған баға бойынша активін сату (сатып алу) келісім – шарты.
ФЬЮЧЕРСТІК КОНТРАКТ – келісім жасалған уақытында белгіленген баға
бойынша болашақтағы бір уақытта биржалық активті сату – сатып алудың
стандартты биржалық келісім – шарты.
Тездетілген бағалы қағаздар – оларды шығаруда мерзімі қойылған бағалы
қағаздар. Әдетте, тездетілген бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:
- айналыста 1 жылға дейін болатын, қысқа мерзімді;
- 1 жылдан 5 – 10 жылға дейін айналыста болатын, орта мерзімді;
- 20 – 30 жыл айналыс мерзіміне ие, ұзақ мерзімді бағалы қағазар.
Мерзімсіз бағалы қағаздар – айналыс мерзімі еш нәрсемен
регламенттелмеген (тәртіптелмеген), яғни, олар “өмір бойы” айналыста болады
немесе жабу мерзіміне дейінгі, бағалы қағаз шығарылуында уақыты
белгіленбеген бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздардың түрлеріне тоқтала кетсек, түрлеріне байланысты олар
үш түрге бөліне алады.
Ұсынушыға (көрсетуші, мәлімдеуші) бағалы қағазар. Бұл – құжатта, бағалы
қағаздар иесінің аты көрсетілмеген бағалы қағаздар. Көбінесе, олар кіші
номиналды болып шығарылады және халықтың көп бөлігін инвестициялауға
арналған. Олардың басты ерекше қасиеті – еш нәрсемен шектелмеген екінші
рынокқа ие болуға мүмкіндік беретін, қолдан қолға еркін түрде өтуі. Ресейде
соңғы кезге дейін, ұсынушылық акциялар эмиссиясына тыйым салынған заңдылық
ерекшеліктеріне байланысты, өте сирек қолданылады[2]. Бағалы қағазды тек
көрсету арқылы ғана, ие құқығын дәлелдеуге болады. Мұндай бағалы қағаздар
батыс елдерінде кең тараған, ең бірінші Германияда, сонымен қатар АҚШ-
та[3]
Атаулы бағалы қағадар. Бұл қағазға иелік құқық - қағаздың өзіне (немесе
оынң орнындағы сертификат) иесінің аты, реестрі - алғы эмитентпен жазылуы
қажет. Бұндай қағаздар екінші рынокта сатыла алады, бірақ, оны меншік
құқығына өтуін тіркеу үшін, жүргізілінетін мәмілелерді реестрде тіркеу
қажет, ал бұл, ұсынушылық бағалы қағаздарға қарағанда атаулы бағалы
қағаздардың айналымын қиындатады. Қазақстандағы бағалы қағаздардың көбісі
атаулы болып табылады.
Ордерлік бағалы қағаздар. Ордерлік қағаздардың иелік құқықтары –
көрсетілетін қағаздың өзіндегі және қағаз текстіндегі берілетін жазулармен
расталады. Бұл категорияға ең бірінші кезекте, вексельдер мен чектер
жатады.
Бағалы қағаздардың келесі бір топтастырылуы – эмитенттің қарыздық
міндеттемелерін (облигация, вексеь, депозиттік және жинақтаушы
сертификаттар және т.б.) көрсететін олардың қарыздық және қарыздық емес
(акция, опцион) болып бөлінуі.
Эмитенттің мәртебесі бойынша бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы
қағаздар, корпоративті бағалы қағаздар, жеке тұлғалардың (вексельдер,
чектер, опцион және т.б.) бағалы қағаздары және шет ел эмитенттерінің
бағалы қағаздары болып бөлінуі бізге бұрыннан таныс. Сонымен қатар, эмитент
мәртебесі бойынша бағалы қағаздар банктік (депозиттік және жинақтаушы
сертификаттар) және банктік емес түрлері бар.
Қор бағалы қағаздары деп - қор биржасында кең айналысқа түсетін, яғни,
акция, облигация, опциондар сияқты бағалы қағаздарды айтуға болады.
Коммерциялық бағалы қағаздар – тауар айналысы процесі мен әр түрлі мүліктік
келісімдерге қызмет ететін қағаздар, мысалы, вексель, коносаменттерді атап
өтелік.
Бағалы қағаздарды қарастыруда тағы басқа да топтастырулар мен бөлінулер
болуы мүмкін, біз ең маңызды түрлерін атап өттік.
Берілген әдебиеттерде бағалы қағаздар рыногының нақты тұжырымдалған
түсінігі жоқ екенін айта кеткен жөн. Осыған байланысты, бағалы қағаздар
мәселесімен айналысатын бір қатар ғалым – экономисттердің пікірлеріне
тоқтала кетерлік. Мысалы, Т.А.Алексеев: “Өз құны болатын және сатыла
алатын, сатып алынатын және өтелетін арнайы құжаттарды шығару арқылы
көрсетілетін несиелік қатынаспен бірге иемдену қатынасын қамтитын рынок”
деп түсіндіреді[4]
Коммерциялық банктер әмбебап несие-қаржылық институттар ретінде бағалы
қағадар нарығының қатысушысы болып табылады. Коммерциялық банктердің бағалы
қағаздар нарығындағы орны әр мемлекетте әр түрлі. Бірақ та олардың ұлттық
және халықаралық бағалы қағадар нарықтарымен өзара әрекетінің жалпы ұқсас
жерлерін атап кетуге болады.
50ж. аяғынан бастап коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығына
белсене кіруін байқауға болады. Олардың қор нарығына қатысуы заңмен
шектелген мемлекеттерде (Жапония, АҚШ, Канада) олар инвестициондық және
делдалдық әрекетте қатысудың жанама жолдарын табады: трасталық операциялар,
брокерлік фирмалармен жұмыс істеу, инвестициондық компанияларды несиелеу
және т.б.
Бағалы қағаздармен операцияларға ең көп қатысатын Германия банктері.
Бұнда заң жүзінде банктерге бағалы қағаздармен операциялардың барлық түріне
рұқсат берілген: олар эмитент ретінде (айналымға көбінесе облигацияларды
шығару арқылы), делдал және ірі инвестор ретінде бола алады.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығында қатысуының кеңеюі мен
диверсификациялануы барысында коммерциялық банк тұратын өз айналасында
салыстырмалы тәуелсіз құрылымдық бөлімшелер мен инвестициондық қорлар,
брокерлік фималар, трасталық компаниялар, кеңес беру фирмалары т.б.
шоғырландыратын ірі қаржы-банк топтарының құрылуына әкелді.
Коммерциялық банктер қор нарығында әр түрлі еншілес қаржы компанияларын
құру және брокерлік компаниялардың әрекетіне тікелей қатысу арқылы белсене
қатысуда. Бұның себебі,біріншіден, бұл операциялардың жоғары табыстылығы,
екіншіден, тікелей банктік кредиттерді пайдаланудың қысқаруы.
Шетелдік инвестициондық-банктік филиалдар мен еншілес компаниялар
желісін құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар
нарығына шығады.Бұл әсіресе банктердің бағалы қағаздармен операцияларға
тікелей шектеулер бар мемлекеттерде кең етек алған.

Коммерциялық банктердің әрекетінің жаңа формасы капиталды инвестициялау
бойынша кеңес беру болды.Ол банктердің ішкі ақпараттық жүйесіне иек артады,
ол әр түрлі активтердің табыстылығы мен тәуекелділігі арақатынасын терең
зерттеуге және клиенттерге бағалы қағаздар портфелін олардың табыстылық
динамикасын ескере отырып сатып алуға және құруға мүмкіндік береді
Қарыз міндеттемесінің анықтамасы қарыз міндеттемесі анықтамасымен тығыз
байланысты. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа
түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндетемелерінің бағалы қағаздар сияқты
нысаны (формасы) болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында 1-2 бап ретінде
көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі тіркеуден өтеді.Тіркеу инвесторларға
бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол
арқылы инвестор өз инвестициясының сапасын дәл анықтауға мүмкіндік алады.
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі:біріншіден, түсіретін
кірісіне, екіншіден, эмитенттің сипатына, үшіншіден, айналым мезгілі мен
айналым жеріне байланысты (1-сурет).
1.Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге
бөлінеді.Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал
қарыздың күрделі негізгі бөлігін болашақта белгіленген уақытта өтеу
көзделеді.Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны
иемденушінің корпорациядағы үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз
уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді.Ал бағалы қағаздардың басқа
түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2.Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитент) жөнінен де жіктеледі.Олардың
шығарушысы мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы
инститтутары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне
байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
❑ Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығарған бағалы
қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі,
оның төлемін мемлекеттік бюджеттің қаржысынан қамтамасыз етеді.
Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық вексельдер
мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындары
да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
❑ Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы
қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар
мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
❑ Қаржы инститтутары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі
акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы
қағаздары. Оларды өндіріс, сауда, құрылыс, жол қатынасы
кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және
инвестициялық компаниялар, зейнетақы қорлары шығарады.
❑ Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар
(салым құжаты), чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз
міндеттемелері.


2-сурет. Бағалы қағаздардың жіктелуі

3. Бағалы қағаздар сатылу жері бойынша да жіктеледі: ақша нарығындағы
және капитал нарығындағы болып екіге бөлінеді.
Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы
қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл
аралығында созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік
сертификаттар және басқа коммерциялық бағалы қағаздар сатуға түседі.Оларды
шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды
бағалы қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан артық уақытқа шығарылған бағалы қағаздар
түседі.Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін.Олардың
эмитенттері де әр түрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар,
қаржы институттары және тағы басқалар.
Бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге яғни 1 жылға дейін
айналымда болса да капитал нарығында жүреді (опцион).
Я.М.Миркин өзінің “Ценные бумаги и фондовый рынок” деп аталатын
оқулығында, қор рыногын ақшалай рыноктың, капитал рыногының сегменті
ретінде анықтайды, сонымен қатар, бұған тікелей банктік несиелер қозғалысын
кіргізеді, сақтандыру саласы арқылы ақша ресурстарын қайта бөлу, фирма
ішіндегі несиелерді жатқызады.
Б.А.Райзберг: “Бағалы қағаздар – заңды күші бар, иелеріне бір жақты
стандартталған құқық беретін, алдын-ала келісілген шарттар бойынша, бірақ,
эмитенттің келісімінсіз, біреуге беруге немесе сатуға құқығы бар құжаттар
пакеті[5]”.
Қазіргі кезеңгі рыноктық экономикада бағалы қағаздар өте маңызды және
өте ерекше орынға ие.
Бағалы қағаздар тарихына үңілсек, ол, бірнеше ғасырларға тереңдейді.
400 жыл бұрын, 1592 жылы Анртверпенде жергілікті биржада сатылатын, бағалы
қағаздарға баға тізімі көрінген. Осы жылдары қор биржаларының бағалы
қағаздарды сатып алумен айналысатын арнайы ұйым ретінде пайда болуы деп
есептеледі.
Ал, бері келе, пайда болуына тоқталсақ, ең алғаш ресми биржа сол
кездерде Петерборда, қала құрылған жылдарында (1703 жылы) пайда болған. Ол
көп уақыт бойы тауарлы биржа болған, онда қор құндылықтарымен және шет ел
валютасындағы вексельдермен де сауда жүргізілген. Ал, 1913 жылдарға қарай,
Ресейде бағалы қағаздармен қызмет жасайтын, 70 қор биржасы орын алған.
Өте қатаң реттеуші кеңестік кезеңде бағалы қағаздар болмаған деп айта
аламыз. Бағалы қағаз деп айтуға болатын тек мемлекеттік ішкі займдар
облигациясы ғана болған, бірақ оны бағалы қағаз деп айтуға болар ма екен?
Ал, Қазақстанда пайда болуына тоқталар болсақ, бұрынғы КСРО
заңдылықтары негізінде пайда болған акционерлік қоғамдар, брокерлік және
қор биржаларының ашылуына байланысты, 1991 жылдарға сай келеді[1]. Бірақ,
рыноктық қатынастар мен құқықтық базаның, сондай–ақ, бағалы қағаздар рыногы
қызметінің ережелерінің жеткіліксіз дамуына байланысты олардың алдағы
дамуы тоқталынып қалды.
Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекетіміздегі қор рыногының пайда болуы
1991–1994 жылдармен байланысты. Бұл период кеңестік шаруашылық жүйесінен
рыноктық экономикаға ауысуындағы өтпелі кезең болды.
1994 жылдың көктеміне дейін қазақстандық заңдылық қор рыногында тек 4
субъектінің қызмет етуін, яғни – эмитенттер, инвенсторлар, қор биржалары
мен делдалдар, сонымен қатар, акционерлік қоғамдар шығаруға құқығы жоқ
еңбек коллективтері мен кәсіпорындардың бағалы қағаздарын атап өткен.
Сонымен қатар бұл периодта бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуше
өте төмен қаралды, себебі, жекешелендіру процесінің нәтижесінде құрылған
акционерлік қоғамдардың көп бөлігі олардың акциялары тіркелмегендіктен,
құқықтық жағынан қызмет етуге жарамсыз болды. Бұл периодта қор рыногын
мемлекеттік реттеуші ұйым Қаржы министрлігі болды.
Рыноктық инфрақұрылымның дамуының динамикалық кезеңі 1995 жылдардан
басталады, осы кездері Бағалы Қағаздар бойынша Ұлттық комиссия (1995 ж., 11
қаңтар) ұйымдастырылған. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап Қазақстанның қор
биржасы “Орта Азиялық Қор Биржасы” (ЦАФБ) өз жұмысын бастады. 1995 жылдың
21 сәуірінде Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар және қор биржасы”
туралы заңы бекітілді[6].
1995 жылға дейінгі мемлекет қызметі қаншалықты негізін салғаныменен,
қор рыногының нақты дұрыс қызмет етуіне себепкер бола алмады. Бағалы
қағаздар рыногының белсенді қызмет ете алмауына себеп болған экономикадағы
негативті тенденцияларды атап өтуге болады. Бұл:
1) инфляцияның жоғары темптері;
2) өндіріс стагнациясы;
3) сол периодтағы қазақстандық экономика құрылымындағы мемлекеттік
сектордың өте үстем болуы;
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет етуші субъектілердің
психологиялық және профессионалды дайындықсыздылығын атауға болады.

Осы периодта Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздар рыногындағы
делдалдық қызметті лицензиялауы басталды. Нәтижесінде, 1994 жылдың аяғына
қарай заңды тұлғаларға 98 лицензия және жеке тұлғаларға 1460 лицензиялар
берілді.
Аталған периодтың соңына қарай, 1994 жылы Қазақстан Республикасының
Президентінің 1994 жылғы 20 наурызынан “Бағалы қағаздар құрылу шаралары
туралы” жарлығына сәйкес бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық комиссиясының құрылуына байланысты қор рыногы қандай болу керек
екендігі жөнінде нақты мағлұмат пайда болды. Берілген жарғыда бағалы
қағаздар бойынша Ұлттық комиссияның қарамағынан бағалы қағаздардың Орталық
Депозитарийін құру; 1994 жылдың 3 қазанындағы Уақытша Жарғыдағы еңбек
коллективтері мен кәсіпорындардың бағалы қағаздарын шығару мүмкіндігін
тоқтататын және акционерлердің реестрі эмитентпен қатар эмитентпен
келісілген басқа да ұйымдармен шығарыла алатындығы туралы; 1994 жылдың 3
қазанындағы Уақытша Жарғыдағы бағалы қағаздарды шығару мен айналысқа енгізу
және қор биржасын құру туралы мәселелер ең алғаш рет қойылған. Берілген
жағдай, лицензияланатын қор биржаларының қызметін бөлшекті түрде реттеуін
қарастырды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызмет
түрін жүргізуді қарастырып өтті.
1995 жылдың басына қарай бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия
өз қызметіне кірісті. Бағалы қағаздар рыногындағы профессионалды қызмет
түрлері клирингтік, бағалы қағаздар портфелін басқару қызметі, бағалы
қағаздарды ұстаушылар реестрін жүргізу қызметі, бағалы қағаздарды сақтау
қызметі (1997 жылдан “кастодианды”), биржадан тыс бағалы қағаздар рыногын
бағалау (котировочный) жүйесінің қызметтерімен толықтырылды.
Сондай–ақ, мемлекет берілген қор рыногы инфрақұрылымының қабілетсіз
екенін және оны ары қарай дамыту керектігін мойындады. Осы мақсатттарға
орай, Үкімет 1996–1998 жылдарға Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
рыногын дамыту бағдарламасын бекітті.
Берілген период ағымында, 1995 жылдың сәуір айында брокер–дилерлік
ұйымдар саны 21–ден 93–ке дейін өсті. 1996 жылдың аяғында ең алғаш
тіркеушілер мен бағалы қағаздар рыногында қызмет етуші мыңға жуық
мамандарды оқытуға арналған оқу орталықтары ашылды. Осы кезеңде ең алғаш -
бағалы қағаздар рыногының маманданған қатысушылар ассоциациясы, бағалы
қағаздар рыногының маманданған қатысушыларының Ұлттық ассоциациясы және
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы брокерлер мен
дилерлердің Ұлттық ассоциациясы пайда болды.
1996 жылдың желтоқсаны - Қазақстандық қор биржасына инвесторлардың
қызығушылығын туғызған кезең: 14 желтоқсанда Үкіметтің “Бағалы қағаздар
бойынша биржалық сауданы белсендіру шаралары” туралы қаулысы, 31
желтоқсанда – “Акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігі қор биржасында
өткілетін шаруашылық субъектілердің тізімін бекіту” туралы қаулысы жарық
көрді. Бұл қаулылармен қарастырылатын шаралар “көгілдір фишкалар” шартты
атауына ие болған.
1996 жылдың аяғына қарай, бағалы қағаздар рыногында бір – бірімен
бәсекелес екі қор биржасы пайда болды: Орта Азиялық және Қазақстандық Қор
биржалары.
1997 жыл ағымында қазақстандық бағалы қағаздардың базалық
инфрақұрылымы тұтастай өзгертілген. 1997 жылдың наурыз айында қор рыногын
реттейтін – “Бағалы қағаздар рыногы” туралы және “Қазақстан Республикасында
бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу” туралы екі заңы жарық көрді.
Сондай–ақ, “Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлар” туралы заң
шықты, бірақ, бұл заң 1999 жылдың қараша айына дейін, Қазақстанның
Халықтық Жинақтаушы Банкінің ең алғашқы “Халық Капитал” инвестициялық қоры
құрылған кезге дейін іс жүзінде жұмыс істемеді.
1997 жылдың жазында, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу
саласындағы халықаралық стандарты “Отыздар тобының” ұсынысы бойынша
құрылған, Қазақстан қор биржасыменен бірге қор рыногының техникалық
инфрақұрылымының ортасы болған “Бағалы қағаздардың Орталық Депозитарийі”
ЖАҚ құрылды.
1997 жылы тіркеушілік индустрия жаңадан құрылды. Жыл соңына қарай,
Қазақстанда 34 тіркеуші (қазақстандық қор рыногы тарихындағы ең жоғары
саны) болды. Мұндай, тіркеушілер санының күрт өсуіне заңдылық норма себеп
болды.
Сол жылдары алғаш банк – кастодиандар пайда бола бастады.
1997 жылғы және одан кейінгі бағалы қағаздар дамуына үлкен әсер
еткен “Қазақстан Республикасының зейнетақы” туралы Заңы, осыған байланысты
1998 жылдан елімізде жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет ете бастады.
1997 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Президентімен бағалы
қағаздар бойынша, олардың мәртебесін басқару принциптерін өзгертетін Ұлттық
Комиссиясының жаңа ережесі жарық көрді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурызындағы “Бағалы қағаздар
рыногы туралы” заңы бойынша Қазақстан Республикасы территориясындағы бағалы
қағаздар рыногындағы айналымға акциялар, облигациялар және тағы да басқа
бағалы қағаздармен қатар туынды бағалы қағаздар да жіберілді.
Қазіргі кезеңде дамыған капиталисттік елдерде бағалы қағаздардың үш
рыногы қызмет етіп, дамуда:
- биржадан тыс (бастапқы);
- екінші (биржалық) ;
- “көше” рыноктары.
Барлық бағалы қағаздардың айналым рыногы дамыған экономиканың ең
маңызды элементі болып табылады.
1998 жыл - Зейнетақы реформасының іске асу жылы, ол бойынша
зейнетақыны қамтамасыз ету жинақтау жүйесіне ауысты. Қаңтарда Зейнетақы
қорларының Ассоциясының құрылады.
Осы жылы Қазақстан қор биржасының (KASE) бірінші сайты ашылады.
14 ақпанда Қазақстан Республикасының премьер-министрінің № 40
қаулысымен бірінші көгілдір фишкаларң - Ақтөбемұнайгазң АҚ,
Маңғыстаумұнайгазң АҚ, Қазақтелекомң АҚ, Өскемен титан-магний комбинатың
АҚ, Қазақмыс корпорациясың АҚ (бұрынғы Жезқазғанцветметң АҚ) мемлекеттік
акциялар пакетін сатуға инвестициялық тендердің ұтушыларымен келіс сөз
жүргізетін Жұмыс комиссиясы тарқатылады.
10 шілдеде Акционерлік қоғамдар туралың заңы қабылданады.
29 шілдеде Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысы Қор
биржаларында мемлекеттік акциялар пакеттерін алғашқы орналастыру
инвестициялық банктермен және компаниялармен келіссөздердің соңғы
этапындағы нәтижесің (№ 716) қабылданды. Маңғыстаумұнайгазң АҚ, Өскемен
титан-магний комбинатың АҚ, Қазақмыс корпорациясың АҚ мемлекеттік акциялар
пакетін орналыстыруға келісімнің жағдайы қолданды.
19 қазанда Қазақстан қор биржасында (KASE) Қазақстан Республикасының
халықаралық бағалы қағаздарды – еврооблигацияларды сатудың бірінші биржалық
саудаласуы өтті.
6 қараша күні Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысымен
Ұйымдасқан қор биржасы арқылы мемлекетке тиісті акцияларды сату Ережесің
қабылданды. Оған сәйкес мемлекеттік акциялар пакеттерін ұйымдасқан рынокқа
шығару тәртібі анықталған. Осы кезде 25 қараша мен 31 желтоқсанның арасында
ұйымдасқан қор биржасында сатуға екінші эшелондағың 38 акционерлік
қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан қор биржасында (KASE)
сатуға ұсынылды.
1999 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Алматы қаржы
инстументтер биржасы (AFІNEX) бірігіп, ортақ атаумен KASE болып аталды. 15
қаңтарда Қазақстан қор биржасында (KASE) евро арқылы сауда жасау басталды.
Ал 5 сәуірде Қазақстан ұлттық валютасы – теңгенің айырбас бағамы бос
айналмалы режимге көшті. Ұлттық банк валюта сатушы ретінде өзінің
интервенциясын тоқтатып, кейіннен сатып алушы ретінде қатысып отырды.
Елдегі банктерде жеке тұлғалардың депозиттері мен салымдары 400 миллион АҚШ
долларындай.
13 сәуірде Алматыда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының
арасында қор рыноктарын интеграцияландыру бағытында жасалатын шараларды
орындайтын Қазақстан-Қырғыз өзара жұмыс тобы құрылу туралы Келісімге қол
қойылды. 14-15 сәуір – Алматыда белгіленген табысы бар қаржы инструментер
бойынша бірінші Ортаазиялық конференция өтті.
28 мамырда Ел Президенті Назарбаевтің Н.Ә. қатысуымен Қазақстан
қаржыгерлерінің бірінші конгресі өтті. Жинақтарды қорғау және ынталандыру
Бағдарламасын ұйымдастыру комитеті құрылып, осы сұрақтар конгресте
талқылаудың негізі болды. Қазақстан қаржыгерлерінің ассоцияциясын құру
туралы шешім қабылданды.
Бағалы қағаздар рыногында принціпті жаңа қаржы инструменті – Маңғыстау
облысының жылдық муниципалдық облигациялары шықты. 29 маусымда - Қазақстан
қор биржасында (KASE) бірінші муниципалды облигациялар - Маңғыстау
облысының жылдық муниципалдық облигациялары сатылуға жіберілді.
15 қарашада Ел Президенті Назарбаевтің Н.Ә. қатысуымен Қазақстан
қаржыгерлерінің екінші конгресі өтті.
2000 жыл халықаралық конференцияларға бай болды:
• 24-27 тамызда – Ыстыққөлде ТМД елдерінің бағалы қағаздар рыногының
кәсіби қатысушыларының бірінші халықаралық семинары өтті.
• 19 қазан - Бағалы қағаздар бойынша халықаралық ұйым комиссиясының
(ІOSCO) Атқару комитетінің мәжілісінде Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Азия-Тынықмұхит
комитетінен ІOSCO-ның Еуропалық региондық комитетіне ауыстыру туралы
шешім қабылданды.
• 1-3 қарашада Алматыда моделдік ТМД қатысушыларының-мемлекеттерінің
Бағалы қағаздар рыногың заңды дайындау жөніндегі жұмыс тобының
пленарлық сессиясы өтті.
• 7-8 желтоқсан – Варшавада Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде
зейнетақы реформаларың атты халықаралық конференция өтті.
• 14 желтоқсан – Москвада Зейнетақы реформалары және Ресейдегі
мемлекеттік емес зейнетақы қамтамасыздандуруды дамытуң атты екінші
халықаралық конференция өтті. Оның жұмысына Қазақстан зейнетақы
қорларының Ассоциасының өкілдері қатысты.
2001 жылы 2 ақпанда Қазақстан қор биржасында (KASE) халықаралық қаржы
ұйымдарының (МФО) облигацияларының бірінші саудасы өтті. Ал 2 қарашада -
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2001 жылда өткен операциялардың көлемі
тарихта бірінші рет 1 триллионнан асты. Осы жылдың 1 тамызында Қазақстан
Республикасының Ұлттық банктің құрамында бағалы қағаздар рыногын реттеу
жөніндегі Департамент жұмысын бастады. Ал 29 қарашада Ұлттық банк
төрағасының № 272 бұйрығымен бағалы қағаздар рыногы сұрақтары бойынша
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің жанында Эксперттік кеңес туралы
ереже бекітіледі. 6 желтоқсанда Ұлттық банк төрағасының № 281 бұйрығымен
бағалы қағаздар рыногы сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық
банкінің жанында Эксперттік кеңестің құрамы бекітіледі.
2002 жылы 1 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE)
листингтік ережелерге қаржы консультантң деген ұғым енгізілді.
Корпоративтік басқаруды енгізу жөнінде алғашқы қадам жасалады - 17 мамырда
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасында қаржы
рыногын мемлекеттік реттейтін бірыңғай жүйесін ұйымдастырудың сұрақтарың
жарлығы қабылданды. 14 мамырда Алматыда Қазақстандағы корпоративтік
басқарудың негізінің дамуың халықаралық конференция өтті. Ал 24 қыркүйекте
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы сұрақтары бойынша
Эксперттік кеңестің шешімімен (хаттама № 19) Қазақстандық акционерлік
қоғамдардың корпоративтік басқару принциптерін пайдалану жөніндегі
ұсыныстарды бекіту және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының
білікті мамандары мен қәбіби қатысушылардың этика нормаларын бекітті.
Осы жылы халықаралық қауымдастықпен бірге мәселелерді шешу жөнінде
бірнеше халықаралық басқосулар өткізіледі. Маусымда Алтыншы Петербург
экономикалық форумында ТМД мемлекеттерінің-қатысушыларының бағалы
қағаздарын реттейтін мемлекеттік органдардың басшыларының кеңесін құру
туралы сұрақтарды талқылау жөнінде ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылданды.
15-18 тамыз аралығында Ыстыққөлдің жағасында елдерінің бағалы қағаздар
рыногының кәсіби қатысушыларының үшінші халықаралық семинары өтті. Оған
Әзірбайжан, Қызғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан өкілдері қатысты. 17-19
қазан аралығында Санк-Петербургта бесінші бүкіл ресейлік бағалы қағаздар
рыногының кәсіби қатысушыларының Қор рыногы экономикалық даму және
халықтың әлаухатын жақсартуғаң конференциясы өтті.
6 желтоқсанда Алматыда екінші халықаралық семинар өтті депозитарлық
жүйені интеграциялау – бағалы қағаздардың халықаралық рыногында өнімді
қарымқатынасының негізің (бірінші семинар Ташкентте өтті).
2003 жылдың қаңтарында елдің барлық қаржы ұйымдары қаржы есептің
халықаралық стандартқа көшеді.
Наурызда Қазақстан қаржыгерлерінің үшінші конгресі өтеді.
16 сәуірде Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысымен Қазақстан
Республикасының тұрғынүй құрылыс банкі (Жилстройбанк) құрылды. Тамызда ол
өз жұмысын бастады.
2003 жылы осындай заңдар қабылданды: Акционерлік қоғамдар жөніндең(13
мамыр), Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры туралың (маусым)(жинақтау
зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін нарықтық бағалау тәсіліне көшті),
Бағалы қағаздар рыногы туралың (2 шілде), Қаржы рыногын және қаржы
ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндең (4 шілде) (қаржы
рыногында реттеу мен қадағалау органы Ұлттық банкттің қарамағынан шықты).
Халықаралық қауымдастыққа жақындау шаралары ретінде 7-8 тамыз аралығында
ТМД Парламентаралық ассамблеясының жұмыс тобының мәжілісі ТМД елдерінің
қаржы рыногының заңнамаларының ретке келтіруге ұсыныстарын дайындайды, ал
28 қазанда ЕврАзЭС мемлекеттер-қатысушылардың үкімет басшыларымен бағалы
қағаздар рыногы саласында ЕврАзЭС елдері-мүшелерінің қанынастарын
қолдайды.
2003 жылдың 15 қарашасы - Ұлттық валютаның-теңгенің 10 жылдығы және
Қазақстан қор биржасына (KASE) 10 жыл толады. Қазақстан қор биржасында
(KASE) 2003 жылы операциялардың жалпы көлемі 33,7 миллиард АҚШ долларына
жетеді.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қаржы
рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнінде Агенттігі өз
жұмысын бастайды.
22-23 сәуірде Алматыда ЕврАзЭС елдері-мүшелерінің бағалы қағаздар
рыногын реттейтін уәкілетті органдарының басшыларының Кеңесінің үшінші
мәжілісі өтеді.
Осы жылы Инвестициялық қорлар туралың заңы қабылданады.
2005 жылы 17 маусымда Қарагандыда шетел инвесторларының Кеңесінің 13-
ші мәжілісі өтті. 22 маусымда Мәскеуде ЕврАзЭС-тің ел басшыларының
деңгейінде мемлекетаралық кеңестің 13-ші мәжілісі өтті.
29 маусымда Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда жүйесінде Қазақстан
республикасының қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазналық
міндеттемелерінің (МЕККАМ) 84-ші шығарылымы 18 миллиард АҚШ доллары
сомасына маманданылған саудасы өтті.
26 тамызда Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасының үкіметі
өзара 24 миллион АҚШ доллары мөлшерінде займ туралы келісімге қол қойды.
13 қыркүйекте Кишиневте ТМД елдерінің-қатысушыларының қаржы бақылаушы
жоғарғы органдарының басшыларының Кеңесінің алтыншы сессиясы өтті[2].

2. Бағалы қағаздар операцияларың ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі

Бағалы қағаздар тарихы кем дегенде бірнеше жүз жылдарды өткізеді.
Бағалы қағаздар құрылуы орта ғасырдан басталған, олардың ашылуы ХІІІ – ХІV
ғасырлардағы болып тұратын ортағасырлық векселдік жәрменкелер мен тұрақты
векселдік рыноктар болған делінеді.
Кейбір экономист – авторлар көптеген дамыған экономикалық
институттарды, соның ішінде, Бағалы қағаздар институтының дамуын ерте Рим
тарихына жатқызады.
Қазіргі дамыған бағалы қағаздар рыногының пайда болуы деп, ХІІІ – ХІV
ғасырлардағы еуропалық экономиканы айтуға болады.
Экономикалық қатынастардың пайда болу негізіне – ерекше экономикалық
құрал, бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналысқа енгізілуі макродеңгейде -
қалаларды соңғы экономикалық тұрақтандыру (бекіту), олардың аграрлық
сектордан жеке және тәуелсіз қызмет етуі үшін материалды игіліктер құру,
кең даму үшін сауда мен қол өнерді (ремесло) тиімді ету; ақша және тауар
рыноктарының масштабын үлкейту; кейбір территориялық құрулардағы әлеуметтік
жағдайды жақсарту (крепосттық шаруашылық құқығын жою және Еуропадағы
мемлекеттік шаруашылықты республикалық негіздер құру) сияқты әлеуметтік –
экономикалық негіздер жатқызылды.
Экономикада мәні жағынан, территория ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Құнды қағаздар рыногі туралы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Құнды қағаздар рыногі жайлы
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Құнды қағаздар рыногі
ҚР бағалы қағаздар рыногы
«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары
Қазақстандағы қор нарығы: даму перспективасы және экономикалық құқықтарының аспектілері
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы
Пәндер