Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кездегі диссертацияның геоморфология және неотектоника саласында Іле өзені аңғарының геодинамикалық процестерінің нәтижесінде бедер пішіндерінің даму тарихын талдайтын болсақ, геологиялық құрылымы, тектоникалық құрылымы, эндогендік процестері, экзогендік процестері мен антропогендік процестері Іле өзені аңғарын өзгеріске ұшыратады, жалпы климат жағдайына және тұрақты географиялық жағдайларына, адам өміріне қатысты болады. Іле өзені аңғарына әсер етуші экзогендік, эндогендік процестерінің бедер пішіндеріне әсерін, Іле өзені аңғарына әсер етуші антропогендік процестерінің геоэкологиялық жағдайын жақсарту.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Іле ойпатының сол жағалауының шығыс бөлігін 1944 жылы Е. Д. Шлыгин осы ауданның физикалық-географиялық, геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасын беріп, Т. А. Мордвилко (1943 ж), Н. А. Волошинова (1943 ж), Б. С. Соколова (1944 ж), Л. Я. Продникова (1944 ж), Г. В. Машадова (1950 ж), Ф. И. Корсакова, М. А. Авакова (1951 ж), В. К. Василенко (1952 ж) және т. б ғалымдардың пікірінше Іле ойпатының облыстарында мезакайназойдың шөгінді жыныстарының жиналуынан қалыптасқанын айтты. 1950 жылы «Іле өзенін су шаруашылығына пайдалану мәселесі» жинағы экспедициясында У. М. Ахмедсафин, Н. Г. Рыбин, Г. Р. Юнусов, М. К. Вяткин, Н. И. Суворов, Л. П. Гвоздева және т. б зерттеулері Іленің сағасының табиғат ресурстары мен игеру мүмкіндіктеріне шолу жасады. В. И. Демченконың «Шөлді игеру тәжірибесі» атты мақаласында Балқаш ауданының бірнеше ауылдарының жетістіктері көрсетілді. В. М. Боровский 1957 жылы «Қазақстанның шөлді облыстарын игерудің проблемалары мен жерлерді мелиорациялау» атты еңбегінде Каспий, Арал мен Балқаш көлдерінің ірі өзендері бассейндерінің ағын суларын қарастырған Іле өзенінің оң жағалауына Ф. И. Корсаков пен М. А. Аваков, 1945 жылы М. С . Калецкий, Г. А. Авсюк, 1959 жылы В. А. Николаев, 1959 жылы В. Б. Дриз, Л. А. Гринчук, В. Н. Калинин мен Г. А. Суханов, 1963 жылы М. И. Ломонович, 1961жылы З. А Сваричевская Шығыс Қазақстанның геоморфологиясын, Іле, Шарын, Шелек аңғарларына, Іле ойпатына қысқаша геоморфологиялық сипаттама берді. Жұмыстың мақсаты: Іле өзені аңғарына әсер ететін геодинамикалық процестерінің әсерінен (эндогендік, экзогендік, антопогендік процестерден) пайда болатын бедер пішіндерінің даму тарихы тұрғысынан талдау.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Жалпы геодинамикалық процестерден болатын өзен аңғарында пайда болатын бедер пішіндерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Негізгі зерттеу әдістері. Картографиялық, статистикалық, геоморфологиялық, жүйелік талдау, салыстырмалы әдістері арқылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қорытындыланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. - Іле өзені аңғарының (қазақстандық бөлігі) толық қамтитын масштабы 1:5 топографиялық негізде тектоникалық, геологиялық, геоморфологиялық карталары жасалынды. - Нақты деректер негізінде Іле өзені аңғарының геодинамикалық процестеріне толық талдау жасалынды. - Антропогендік процестердің қазіргі күні геоэкологиялық маңызы тұрғысынан қарастырылды.

Зерттеу нәтижелерінің жариялануы . Зерттеу жұмысының материалдары «География және табиғат» ғылыми-педагогикалық республикалық (№6 (60) - 2012, №2 (62) - 2013), журналында жарық көрген. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен басылымдарда жарық көрді. Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диссертациялық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, суреттен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 5 кесте, 12 сурет, қосымшадан көлемі компьютерлік мәтінмен терілген 88 беттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 53.

1 ІЛЕ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Іле өзенінің географиялық орны. Зерттелу тарихы

Іле өзені - Балқаш көлі алабындағы өзен. Қазақстанның Алматы облысында және Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аудан аумағында, Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алатын Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 1469 шақырым, Қазақстан аумағында 815 км. Су жинау алабы 14 км², Қазақстан аумағында 77400 км². Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесік атырау және Тауқұм шөлі аралығымен ағады. Ірі салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Өсек, Қорғас. Балқаш ауданында Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады. Ең үлкен салалары - Жиделі мен Топар салалары. Жиделі мен Топар өзендері - Іле арнасының басты су күре тамырлары. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км². Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12, 35 км³, Балқашқа құятыны 11, 85 км³. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) - 320 - 345 мг/л. Іле өзенінің арнасы 8 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3, 7 - 4, 5 км³/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 - 500 млн. м³/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады Бұл Балқаш көлінің 80 пайыз суын құрайтын үш үлкен су көзінің бірі. Екі фактіге назар аударайық: көлдің батыс және солтүстік жағалауының жартастылығы және Іле өзенінің орта ағысындағы каньонның болуы. Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, «Әнші құм» атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық қорлар бар[1] . Балқаш тұщы суының басты көзі - Іле, Қаратал және т. б. өзендері соңғы жылдары көлден қашықтап бара жатыр. Балыққа бай, атырауында ондатр ауланады. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы. Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т. б. құстар қазір өте сирек кездеседі. Зерттелу тарихы . Іле өзенінің бұрынғы және қазіргі аңғары, Қапшағай бөгенімен бірге Оңтүстік Балқаш шекарасына дейінгі кең аумақты алып жатыр. Оңтүстік Балқаштың [1, 2, 8] шөлді аудандары Балқаш ойпатының шығысында Жетісу Алатауы мен батысындағы Шу - Іле тауларымен шектесетін аймақтарына біраз уақытқа дейін көңіл аударылмай келді. XX ғасырдың басында И. В. Мушкетов (1915) «Түркістан» атты екі томдық шығармасы мен А. В. Шнитников алқасының басшылығымен 1925 жылы шыққан «Жетісу» жинағында жариялады. Саяхатшы осы аудандарды бірінші болып зерттеп қана қоймай, осы аудан туралы толық әрі нақты мәлімет қалдырған. Оңтүстік Балқаш құмдарын бірінші болып зерттеген зертеушілердің бірі ретінде 1841 жылы А. И. Шренк болып табылады. Оның қысқаша берген есебінде ауданның өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылымына тоқталады. Тау инженері А. Влангали Жетісу өңірінің геологиясымен танысты. Осы аймақтың батыс ауданы құмды үйінділермен көмкерілген, бұрындары теңіз түбі болып, Сасықкөл, Алакөл мен Балқаш көлдерін алып жатқан. Осы жылдары Нифантьев Балқаш көлінің, тереңдігі мен жағалауларының құрылымын, географиялық орнын анықтаған. Балқаш көлін Аралмен салыстыра келе оның тұздылығының аз екенідігін түсіндірді. Сонымен бірге кеме шаруашылығы туралы, 1855 жылы Кузнецов пен Поклевский сипаттады. И. В. Мушкетов пен Г. Д. Романовский Түркістанда геологиялық зерттелулерін 1874-1880 жылдарда жүргізді. Түркістан облысының басқа өңірлерінде Оңтүстік Балқаштың таулы өңірлерінде де болды. В. Фищера «Балқаш көлі мен Іле өзенінің ағысы мен сағасына дейін» 1884 жылы Іле өзені жайында сипаттады. Балқаш көлінің суының шығыс бөлігінің тұздылығын, Балқаш аралдарының топырағы туралы қысқаша сипаттама берді. Зоолог А. М. Никольский 1884 жылы Балқаш көлі мен Жетісу өлкесіне саяхат жасады. Ол Балқаш маңының фаунасы мен өлкенің табиғатына (өсімдігі, жер бедері, жануарлар дүниесіне) толық сипаттама жазды. А. М. Никольский Л. С. Бергтің Балқаш көлін жас көл ретінде есептегенін қате пікір ретінде санады. Оның пікірінше Балқаш көлі - Орталық Азияны Жоңғар қақпасымен жалғастыратын Хангой бассейнінің шығанағының қалдығы ретінде санады. 1886 жылы ботаник - географ А. Н. Краснов Шу-Іле тауларында, Балқаш көлі мен Іле өзенінде болып, бірінші болып Орта Азияның зоналылығын жер бедерімен байланыстыра өсімдік жамылғысына сипаттама берді. 1900 жылы венгер зоологы Г. Алияши мен С. С. Штуммер фон Траусенфельс Верный мен Іле өзенінің төменгі ағысынан Балқашқа дейін саяхаттады. Бірақ өкінішке орай ол туралы мәліметтер қалдырмаған. 1903 жылы Д. Федоровтың «Іле өңірінің әскери-статистикалық сипаттамасының тәжірибесі» атты еңбегінде ерте кезеңдердегі өңірдің тарихы жағдайы мен Ресеймен стратегиялық қарым-қатынасы туралы сипаттаған. 1903 жылы Л. С. Берг Іле өзені арқылы Балқашқа дейін қайықпен жүзіп, жоғарғы арнасында атпен Іле өзенінің оң жағалауымен Іленің ескі арнасы Бақанаста болған [7, 9. 12] . Оның мақсаты көлдің гидрологиясын сипаттау болатын. Оның есептеуінше Балқаш көлінің суы тұщы. Л. С. Бергтің алдыңғы саяхатынан ерекшелігі гидрологиялықпен қатар метеорологиялық бақылаулар жүргізді. Сол жылы П. К. Залесский Іле мен Қаратал өзендері аралығындағы бірнеше нүктелердің географиялық координаттарын анықтады.

Сурет 1 - Іле өзенінің физикалық географиялық көрінісі

* Дерек көзі. http. //www. google. kz

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бедер түзуші эндогендік факторлар
Рельеф қалыптасуындағы қазіргі физикалық-географиялық жағдайлары
Мойнақ су электр станциясы салынуына байланысты Шарын өзені аңғарының табиғаты мен жануарлары әлемінде болуы ықтимал өзгерістер
Топографиялық карталарды жаңартудағы заманауи технологиялар
Іле өзенінің алабында
Кеген өзені алабы
Балқаш көлінің су деңгейі
Оңтүстік Балқаш маңы аумағының шөлдену мәселелері
“Қытай Халық Республикасының Синьцзян автономиялық ауданына қарасты Іле – Қазақ облысының экономикалық, географиялық сипаттамасы”
Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz