Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Макенова М
Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050503-« психология»
Алматы 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының меңгерушісі
психол. ғ. д., профессор Сангилбаев О. С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері
050503-« психология» мамандығы
Орындаған Макенова М
Ғылыми жетекшілер:
Психол. ғ. к., доцент м. а Аксакалова Ж. К
аға оқытушы Тукебаева С. А
Алматы 2010
«Бекітемін»
Жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының мәжілісінде
«»2009ж.
кафедра меңгерушісі пс. ғ. д., проф.
Сангилбаев О. С.
4 курс 050503-«Психология» мамандығының студенті Макенова Мақпалдың дипломдық жұмысты орындау кестесі.
Диплом жұмысының тақырыбы : Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері
1 кезең
1. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау.
2. Зерттеу мәселесі туралы ғылыми еңбектермен танысу.
3. Тақырыпты кафедрада тіркету, бекіту.
2 кезең
1. Зертеу әдістеріне сүйене отырып, әдебиеттерге шолу жасау.
2. дипломдық жұмысты дайындау жоспарын жетекшімен бірге талдап, нақтылау.
3. Зерттеу проблемасына қатысты материалдар жинау.
3 кезең
1. Тақырыптың өзектілігін ғылыми негіздеу.
2. Зерттеу нысанын, пәнін, мақсатын, болжамын, міндеттерін анықтау.
3. Зерттеу әдістемелері бойынша психологиялық әдіс-тәсілдердің мазмұнын оқып-үйрену, өз зерттеуіне қажеттілерін анықтау.
4. Орындалған жұмыс туралы жетекшіге есеп беру.
4 кезең
1. Дипломдық жұмыстың бірінші теориялық бөлімін жазу.
2. Жазылған бөлімді жетекшімен талқылау, кеңес алу.
3. Зерттеу нәтижесін өңдеу, кесте, сызба, сурет құру.
5 кезең
1. Жұмыстың екінші эксперименттік бөлімін жазу.
2. Тәжірибелік-эксперимент жүргізуге қажетті әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру.
3. Қорытындыларды жүйелеу.
4. Ұсыныстар даярлау.
6 кезең
1. Зерттеу жұмысының барлық бөлімін өңдеу.
2. Қорытынды жазу.
3. Жетекшінің ескертулері бойынша жұмыс жасау.
4. Әдебиеттер тізімін құру.
7 кезең
1. Қосымшаның мазмұнын нақтылау.
2. Дипломдық жұмысты талаптарға сай компьютермен теріп, толық қарап шығу.
3. Жұмысты рецензентке оқуға беру.
Ғылыми жетекшілері:
Психол. ғ. к., доцент м. а Аксакалова Ж. К
Аға оқытушы Тукебаева С. А
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ . . .І. ТАРАУ. МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МӘСЕЛЕСІ МЕН КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Өзін- өзі тану, өзіндік сана- сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері туралы
шет елдік және кеңестік психологтардың еңбектеріне теориялық шолу . . .
1. 2. Мектеп психологының өзін-өзі тануы мәселесі мен кәсіби
қызметінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздері . . .
1. 3. Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесінің кәсіби қызметімен байланысын ғылыми теориясын анықтау . . . 1. 4. Мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері . . .ІІ. ТАРАУ . МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МӘСЕЛЕСІ МЕН КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
2. 1. Зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамы . . .
2. 2. Зерттеу әдістеріне сипаттама . . .
2. 3. Зерттеу барысы . . .
2. 4. Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау, интерпретатциялау, қорытындылау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”, “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”, “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын гуманитарландыру” тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе оқушының психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Сондай-ақ адам бойына рухани-адамгершiлiк - адамның тұлғалық бағытын, оның рухани келбетiн және ақыл-ой эмоционалдық сенiмi не? Өз бетiмен қорытынды шығаруы мен оның қызығушылығына және өмiрлiк көзқарасына негiзделген әлеуметтiк-психологиялық бiлiмi.
Елiмiздiң болашақ азаматтары әрекетiнiң негiзi ретiнде мемлекет идеологиясының бағдарын анықтауда адамгершiлiк тәрбиесiнiң маңызы зор болғандықтан, адамгершiлiк мәдениетi қазiргi заманға тәрбиелiк деңгейiнiң негiзгi өлшемi болып табылады.
Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инновациялық жаңашылдыққа көшуге психолог маманның іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Қазіргі қоғамызда болашақ ұрпақтың дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс.
Осыған байланысты мектеп психологы қызметінің негізгі психикалық, этикалық принциптеріне сүйене отырып, мектеп психологының кәсіби өзін-өзі қалай ұстауы керек екендігін елестету оңай.
Қазіргі заманғы психологияда басқа анық сипаттамалар беруге, жеке өзіндік танымды қалыптастыруға, әрине өзіндік сипаттама беруге мүмкіндік беретін көптеген мағлұматтар бар.
Алдымен психолог өзін-өзі танудың ең кең таралған тәсілдеріне өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандайда бір «өлшеммен» салыстыру жатады
Адамның бірін- бірі тануы мен тұлғааралық қарым-қатынас роліне А. А. Бодалевтің, Г. В. Дьянконовтың, Ю. М. Забродиннің т. б. жұмыстары арналған өзін-өзі тану әлеуметтік перцепция мәселесі ретінде В. А. Богдановтің, А. Г. Гусеваның, И. И. Льсенконның, Г. Л. Розеннің еңбектері арналған. Адамның өзін-өзі тануы өзгелерді тану сияқты жүреді. Өзін-өзі тану таным диалектикасының заңдарына бағынады және оның барлық сатылары арқылы өтеді. Өзін-өзі тану белсенді мақсатқа бағытталған, саналы процесс.
Өзін-өзі танудың механизмдеріне авторлар өзін-өзі сезіну, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау процестері жатқызады. Психикалық процестердің маңыздылығын бөліп көрсету үшін Спиркин А. Г өзін-өзі танудың субъективті әдісі ретінде өзін-өзі бақылауды қарастырады. Мұны түсіну үшін өзін-өзі бақылау мен интроспекцияны ажырату маңызды.
Кеңес психологтары С. Л. Рубинштейн, П. Р. Чамата, Г. Я. Розен өзін-өзі танудың жетекші механизмдерінің бірі өзін-өзі бақылаудың мәні туралы мәселені түсіндіруге тырысты олар өзін-өзі тануды интроспекцияға келтіретін сананың классикалық психологиясын сынады.
Өзін-өзі танудың кеңестік теориялары мен әдіснамалық аспектілері Б. Г. Ананьевтің, Л. С. Выготскийдің, И. С. Конның, Д. В. Ольшанскийдің, А. Г. Спиркиннің, Г. Я. Розеннің, И. И. Чеснокованың еңбектерінде қарастырылады, өзін-өзі тану бойынша эксперименталды зерттеулер М. И. Лисинаның, А. И. Сильвеструдың, В. В. Сталиннің жұмыстарында талап қорытылған; өзін-өз тану бойынша Г. А. Максимова, А. Г. Гусева диссертациялық зерттеу жүргізген. Өзін-өзі тану мәселесі бойынша кеңес авторларының еңбектерін талдау кезінде оның зерттелуінің екі негізгі бағытын көрсетуге болады:
1) Өзін-өзі танудың өзіндік сананың құрылымдық компоненті ретінде зерттелуі (И. С. Кон, М. И. Лисина, А. Г. Спиркин, И. И. Чеснокова) ;
2) Өзін -өзі танудың танымдық іс-әрекет аспектісі, спецификалық түрі ретінде, негізінен, өзге адамдарды танумен байланысты зерттелуі (А. А. Бодальев, А. Г. Гусева, н. В. Крогиус, Г. Я. Розин) ;
Өзіндік сананы зертеу кезінде психологтар өзін-өзі танудың дамуына, құрылымы мен генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелере басты назар аударады.
Психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н. В. Кузьмина [6], Ю. Н. Кулютк, А. А. Реан, Е. И. Степанова, П. А. Просецкий, Е. М. Никиреев, В. А. Сластенин [7], В. А. Якунин, И. А. Зимняя [8] және т. б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ. Б. Жарықбаев [9], С. М. Жакупов [10], З. Ә. Исаева, Г. К. Ахметова, Ш. Т. Таубаева, М. А. Құсайынова және т. б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген.
Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе нақты мектепте психологтың қызметінің ерекшеліктері туралы мәселелері әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.
Яғни, жалпыға ортақ адамгершiлiк нормалары туралы бiлiмi, (танымдық компонент), олардың қабылдауы мен сақтауы, адамгершiлiкпен таңдау бiлiктiлiгi, жағымсыз ойларға рухани төзiмдiлiгi (мiнез-құлықтылық компонент), ар-ұяты бойынша әрекет етуге ұмтылуы, әлемдiк дiндердiң рухани құндылықтарын игеру (мотивациялық компонент) .
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т. б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Осы орайда мектеп психологының қызметінің мәні ерекше. Қоғамның даму жағдайы педагогтар мен психологтардың алдына тұлғалық және кәсіби даму, сондай-ақ оқушы тұлғасының мектеп жағдайында даму проблемасын, ол жедел өзгеріп отыратын жағдайларда табысты әлеуметтену, үнемі өзгеріп отыратын өмірлік болмысқа психологиялық және моральдық әзір болу.
Мектептегі психологтың пайда болуымен мектеп педагогтарының үстінен жүк түскендей болды. Өйткені әр баланың психикалық күйін, оның психика-лық денсаулығын, оның тұла бойындағы ерекшеліктері мен қабілет-қасиетте-рін, оның икемділігі мен қызығушылықтарының әр нәтижесін психолог қада-ғалап, зерттеп отырады. Әр оқушыға тұлғалық индивидуалды профиль жаса-лады (тест Кеттелла), оның ішіне мінездің негізгі ерекшеліктерінен басқа, сен-сомоторлы реакциялардың жылдамдығы мен темперамент, психикалық про-цестер: қабылдау, ес, сөйлеу, ерік-жігер, қиял және т. б. кіреді.
Сондықтан мектепте психологиялық-педагогикалық көмек беретін психолог маманның қызметінің өз деңгейінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, диплом жұмысының тақырыбын «Мектептегі психологының өзін -өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері » -деп таңдауға себепші болды.
Зертеудің мақсаты: Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен және кәсіби қызметінің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу обьектісі : Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерін анықтау үшін мектеп психологтары мен психологтар тобы алынды.
Зерттеудің теориялық мәні: Мектептегі психолог қызметінің қалыптасу үлгісі мен тәжірибелік эксперименттер жүргізіледі.
Зерттеу пәні: Өзін-өзі тануы және кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты мектеп психологтары мен психологтар тобы зерттеуге тартылады.
Зерттеуде қолданылған әдістемелер :
1. Т. Лиридің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемесі.
2. «Мен кіммін» әдістемесі.
3. Дембо-Рубинштейн өзіндік бағалау шкаласы.
4. «Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын модельді түсініктер» әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мектептегі психолог қызметін ғылыми негізде талданып, психологтардың психологиялық даму ерекшеліктерінің өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.
Зерттеудің болжамы:
а) Егер мектеп психологының өзін-өзі тануы саналы түрде жүзеге асса, онда кәсіби қызметінің ерекшеліктері арта түседі;
ә) Мектеп психологының қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы, өзін-өзі тануына, саналы түрде түсінуіне, құндылық бағыт-бағдарының қалыптасуына ықпал етеді.
Қосымша болжам:
Мектеп психологының өзін-өзі тануы және кәсіби қызметінің ерекшеліктері, өзін-өзі бағалауына, өзін-өзі жетілдіруіне, өзіндік сана- сезімінің дамуына ықпал етеді
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеу тақырыбына қатысты теориялық мағлұматтарды талдау;
- Психологтың өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау туралы шет елдік отандық психологтардың еңбектерін теориялық тұрғыда талдау;
- Мектептегі практик- психологтың қызметінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі бағалауын кәсіби маман ретінде «өзін-өзі жетілдіру» мәселесін қарастыру;
- Өзін-өзі тануына, өзіндік бағалауына, өзіндік санасына қалыптасуына тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіруіне мектеп психологының кәсіби қызметінің ерекшеліктерінің алатын орны мен әсерін психологиялық зерттеу;
- Осы зерттеу мәселесіне, зерттеу өзектілігі, зерттеу болжамына сәйкес зерттеу әдістерін іріктеу;
- Зерттеу әдістерін жүргізу алғашқы эмперикалық мәліметтерін жинақтау, сандық-сапалық мәліметтерін алу, интерпретациялау және нәтижелерін қорытындылау.
Практикалық мәні: Мектептегі психолог қызметінің ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктеріне эксперимент жасау және оны практикаға енгізу жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І- ТАРАУ. Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық психологиялық негіздері.
1. 1. Өзін- өзі тану, өзіндік сана- сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері туралы шет елдік және кеңестік психологтардың еңбектеріне теориялық шолу.
Өзін-өзі танудың кеңестік теориялары мен әдіснамалық аспектілері Б. Г. Ананьевтің, Л. С. Выготскийдің, И. С. Конның, Д. В. Ольшанскийдің, А. Г. Спиркиннің, Г. Я. Розеннің, И. И. Чеснокованың еңбектерінде қарастырылады, өзін-өзі тану бойынша эксперименталды зерттеулер М. И. Лисинаның, А. И. Сильвеструдың, В. В. Сталиннің жұмыстарында талап қорытылған; өзін-өз тану бойынша Г. А. максимова, А. Г. Гусева диссертациялық зерттеу жүргізген. Өзін-өзі тану мәселесі бойынша кеңес авторларының еңбектерін талдау кезінде оның зерттелуінің екі негізгі бағытын көрсетуге болады:
1) Өзін-өзі танудың өзіндік сананың құрылымдық компоненті ретінде зерттелуі (И. С. Кон, М. И. Лисина, А. Г. Спиркин, И. И. Чеснокова) ;
2) Өзін -өзі танудың танымдық іс-әрекет аспектісі, спецификалық түрі ретінде, негізінен, өзге адамдарды танумен байланысты зерттелуі (А. А. Бодальев, А. Г. Гусева, н. В. Крогиус, Г. Я. Розин) ;
Өзіндік сананы зертеу кезінде психологтар өзін-өзі танудың дамуына, құрылымы мен генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелере басты назар аударады.
Адамның өзін-өзі тануының объектісі не деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез-келген адамнан «өзің туралы не ?» деп сұрасаң, онда әрбір адам өзі туралы бірнеше жалпылама сипаттамалардан тұратын жауап бере бастайды, мысалы: «Мен көпшілмін, бірақ кішкене ұялшақтаумын, жалпы ақкөңілмін» деген сияқты. Сол себепті өзін-өзі тану процесінде де өз тұлғамыздың танығымыз және зерттеп білгіміз келетін аймақтары мен сфераларын анықтау қажеттілігі туады. Психологияда алғашқылардың бірі болып өзін-өзі танудың сфераларын американ психологы У. Джемс белгіледі. Адам санасындағы таным элементтері ретінде ол физикалық тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны, рухани тұлғаны бөледі.
Физикалық тұлға- бұл адамның тәні және адамға қатысты барлық нәрселер: киімі, отбасы, жағдайы, өзінің еңбек өнімдері.
Әлеуметтік тұлға- бұл өзге адамдар тарапынан біздің тұлғамыздың мойындалуы. У. Джемстің айтуынша, адамды қанша индивид тұлға деп мойындаса және ол туралы пікірлері болса, онда сол адамда сонша әлеуметтік тұлға болады.
Рухани тұлға- бұл сананың жеке күйлерінің нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттерінің бірлігі. Тұлғаның аталған үш типі иерархиалы түрде ұйымдасқан. Ең жоғарғы деңгейінен рухани тұлға орын алады, төменгісінде- физикалық, әлеуметтік тұлғалар аралық орын алады. Демек, У. Джемс бойынша өзін-өзі тану физикалық, әлеуметтік және рухани деңгейлерде жүзеге аса алады. Кеңестік психологияда ғалымдардың басым бөлігі адамдардың биоәлеуметтік табиғаты туралы қағиданы ұстанады. Осыған сәйкес оның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері ажыратылады. Сондықтан ғылымда ұзақ жылдар бойына адамның екі түрлі деңгейде ұйымдасуы туралы түсінік жетекші болды, яғни индивид және тұлға ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап қана аралық айнымалы- әлеуметтік индивид ұғымы енгізіледі. Атап айтқанда, кеңес психологы, В. В. Столин адамның үш түрлі деңгейін бөледі: организм, әлеуметтік индивид және тұлға.
Биологиялық индивид ретінде (организм) адам жүйке жүйесінің типі, мидың нейродинамикалық қасиеттері, түрлі биологиялық қасиеттері бойынша сипатталады.
Әлеуметтік индивид қоршаған әлемді меңгеру қабілетімен, білім мен білікті, жүріс-тұрыс нормалары мен ережелерін игеру қабілетімен сипатталады. Тұлға рет таңдау қабілетіне, өзінің өмір жолын құру және қоршағандармен қарым-қатынас жасау жүйесінде өз жүріс-тұрысын реттеу қабілетіне ие.
Тұлғалық - мінез-құлықтық ерекшеліктері: адамның өзге адамдарға қатынасы (кеңпейілділік, көпшілділік, сыпайылық және т. б. ) ; іс-әрекетке, еңбекке, оқуға қатынасы (еңбекқорлық және т. б. ) өз-өзіне қатынасы (өзін-өзі сыйлау, сенім, сенімсіздік) ; заттарға қатысы (ұқыптылық, тазалық) ; табиғатқа, өнерге, ғылымға және т. с. с. қатынасы көрініс табатын тұлғаның сапалары мен мінез-құлық қасиеттері. Тұлғаның мотивациялық құндылықтық сферасы- адамның өз іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын анықтайтын өзінің қызығушылықтары мен мотивтерін, құндылықтарын тануы;
Тұлғаның эмоционалды-еріктік сферасы-өзінің эмоционалды күйлерін, сезімдерін, стресс жағдайларына жауап беру тәсілдерін, мақсатқа ұмтылушылықтарын, қайсарлығын тануы; Қабілеттер мен мүмкіндіктер сферасы- адамның тіршілік әрекетінің, түрлі сфераларындағы өз қабілеттерін талдауы, ойларын жүзеге асыру үшін өз мүмкіндіктерін бағалауы.
Тұлғаның танымдық сферасы- психикалық үрдістердің, қызметтерін сезінуі мен ұғыну, мысалы: қабылдау, ес, ойлау, қиял, ақыл-ой және т. с. с.
Сыртқы келбет және темперамент ерекшеліктері сферасы- адам өзінің сыртқы келбетін, түрін, жүрісін, сөйлеу, өзін-өзі ұстау, мәдениетін және темпераментті анықтайтын қасиеттерді талдайды.
Өзге адамдармен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас сферасы-адам өзінің өзгелермен жақын және алыс адамдармен байланысын өзара әрекетін талдайды. Іс-әрекет сферасы-адам қандай білім, білік дағдыларды, меңгерген және оларды өмірде және іс-әрекет барысында қалай пайдаланады, соны білуі қажет.
Өзінің өмірлік жолы сферасы- әрбір адам қандай да бір дәрежеде өткен өмірін талдайды, қандайда бір қорытынды шығарады, болашыққа жоспар құрады, өз тұлғасына болжам жасайды.
Бұл схеманың шартты екендігі белгілі, мұнда өзін-өзі талдауға және өзін-өзі тануға болатын тұлғаның және адам өмірінің түрлі қырларын бейнелеуге мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz