Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру жолдары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

“Экономика кафедрасы”

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3

І-Бөлім. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдіру . . . 6

1. 1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және процесі . . . 6

1. 2. Кәсіпорынның типтері және олардың бірігу нысандары . . .

1. 3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары . . .

ІІ-Бөлім. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуы мен дамуын талдау . . .

2. 1. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік субъектілер іс-әрекеттері мен даму

ерекшеліктері . . .

2. 2. Кәсіпорынның даму жағдайын талдау . . .

Кiрiспе.

Нарықтық экономиканың қозғаушы күшi кәсiпкерлiк - бұл өнiм өндiру, белгiлi бiр жұмыстарды, қызметтердi орындауға байланысты ерекше әрекет.

Нағыз кәсiпкерлiк- бұл ерекше қасиет және ерекше iскерлiк этикасы мен өмiр сүру және моральдық эстетикалық құндылықтың ерекше жүйесi депатап көрсеткен белгілі экономис Шумпетер. [ 4. 6-бет ]

Кәсiпкердiң ең ерекше қасиетi - ұйымдастырушылық қасиетi. Жалпы алғанда кәсiпкер кәсiпорынның әрекетiн бағыттайтын және көптеген жағдайда осы әрекеттi басқарушы кәсiпорынның негiзгi қолдаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Ол еңбек құралдарының иесi де болуы мүмкiн, сондай-ақ өз иелiгiне жатпайтын мүлiктi жалға алу арқылы пайдалануы да мүмкiн.

Кәсiпкердiң қызметiн бағалай отырып, А. Смит өзiнiң жеке мүдделерiн көздей отырып, ол қоғам саналы түрде қызмет еткiсi келгенiнен де артық еңбек сiңiрдiң - деп атап көрсеттi. [ 4. 8-бет ]

Кәсiпкерлiктi дамытуды бiрден-бiр маңызды мақсаттарының бiрi болып өтпелi кезең экономикасында елiмiздiң өндiрiстерiнiң құлдырап, тоқтап қалуына жол бермеудiң ынталандырушы әрекеттерiнiң бiрi. Кәсiпкерлiктi дамыту және қолдауда мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру қажет.

Қазiргi кезеңнiң негiзгi мiндетi - жинақталған тәжiрибенi зерделей және тұжырымдай отырып ең тиiмдi кәсiпорындарды дамыта отырып, қолдау көрсетудiң кешендi жүйесiн жасау, барлық тәжiрибенi аймақтарға тарату және қалалар мен аудандарға, түпкi тұтынушыларға жеткiзу.

Кәсiпкерлiк белсендiлiк субъектiлерiнiң негiзi - кәсiпкерлiк функцияны атқарушы, яғни кәсiпкерлердiң өзi. Кәсiпкерлiк процестi қозғаушы субъект. Кәсiпкер кәсiпкерлiк процестi мүмкiн болатындай етушi байланыстар орнатып, олардың ортасында орналасады. Бiрақта кәсiпкер бұл процестiң жалғыз субъектiсi емес, кәсiпкерлiк функцияны атқара отырып идеяны iске асыруға тартылатын капитал иесiмен және идеяны тиiмдi iске асыру процесiн басқаруға қажет маман менеджерлермен байланыс орнатады.

Кәсiпкерлiктi қазiргi кезеңде, мемелкеттiк және қоғамдық қолдауды, оны дамытудың жолдарын тереңдете, әдiстемелiк негiздеудi өте қажет етедi. Сонымен бiрге экономиканы реформалау соңғы бiрнеше жыл бойы бiрқатар проблемаларға тап болып, олар нарықтық қатынастарға көшудiң ол үшiн пайдаланатын модельдердiң, әдiстерiнiң және құралдарының бiрдей емес екенiн көрсеттi.

Кәсiпкерлiк қызметтiң орны ең алдымен - кәсiпорын. Экономикалық категория ретiнде ол өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастарды ұйымдас-тырудың негiзгi буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектiсi өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктердi пайдалана отырып, өнiм өндiредi, түрлi жұмыстар атқарады, әр түрлi қызмет көрсетедi.

Кәсіпорын - белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен басқада тұтыну қорлардың жиынтығынан қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді.

Кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорларыөнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

Кәсіпорын экономикасы пәнін түсіндіру үшін ең алдымен негізгі экономикалық проблемаларды шешуде кәсіпорындардың алатын орны мен рөліне сүйенуіміз қажет.

Кәсіпорын экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жаратады.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т. б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызсметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқарну органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

Дипломдық жұмыс барысында кәсiпкерлiк-экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы ретiнде айқындалып кеттi. Яғни мұнда негiзгi қарастырылып отырған кәсiпкерлiктi дамыту, және дамытуда кездесетiн мәселелер шешiмiн қарастыру тақырыбымның маңыздылығын айқындайды.

Дипломық жұмысымның бiрiншi бөлiмiнде: кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдіру және экономикалық мазмұнына бірігу нысандары, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары, бәсекенің әлсіз және күшті жақтары, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, баға бәсекенің пайда болуы, және оның әрекет етуі және т. б. сипаттама берiп өттiм.

Қазақастан Республикасында кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ұйымдастырылуы мен даму ерекшелiгiн талдау дипломдық жұмыстың екiншi бөлiмiнде маңыздалған, сонымен қатар тақырыбыма байланысты «НИМКЕС Корпорациясы» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі бойынша кәсiпкерлiк қызметтiң ұйымдастырылу ерекшелiктерi мен даму жағдайы көрсетілген.

І - Бөлім. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдіру.

1. 1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және процесі.

Өндірістік процестің жекелеген тобы:

  • негізгі өндірістік;
  • көмекші өндірістік;
  • қызмет көрсету шаруашылықтары;
  • кәсіпорындарды басқару органдары;
  • жұмысшылардың қызметтері бойынша бірігуді ұйымдастыру болып бөлінеді.

Кәсіпорынның құрылымын бөлу өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар, жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал - жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру кәсіпорынның құрылымы деп аталады.

Кәсіпорынның жалпы құрылымы:

  • өндірістік (ғимарат, құрылыс) ;
  • өндірістік емес (қойма, асхана, мәдениет сарайлары, клуптар, стадион, балабақша) болып бөлінеді.

Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс алаңын, дайын өнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер көрсету жөнініде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды лайықты еңбек құралдарымен қамтамасыз етудің бөлігі.

Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте, өнім бөлігін дайындауда немесе технолгиялық процестерді жүзеге асырытын өндірістік учаскелерде қалыптасады. [ 1, 64-бет]

Ең алғашында бірнеше операция қатар орындалады, одан кейін бір операция, демек, технологиялық мамандандыру жүзеге асырылады.

Бірнеше учаскеден цех құралады.

Кешенді құрылымға цехтың барлық түрлері кіреді. Мұнымен кәсіпорын зауыт аспаптарын мамандандыру қызметтері, энергия өндіру, шаруашылықтарды жөндеуді пайдаланады. Кәсіпорын құрылымы мамандандыру түрлері бойыншы кешенді міндеттер белгілейді. Мұнда ең алдымын ресурстар, сондай - ақ жұмысшылырдың саны, негізгі және айналым капиталының құны, өндірілетін өнім көлемі, өндірістік алаңның өлшемі және т. б.

Кәсіпорынның негізгі капитал салымдары бойынша:

-ең оңтайлы бөлу межелерін негіздеу;

-цехтарды бөлімшелерді және жұмыс орындарын мамандандырудың деңгейін арттыру;

-цехтардың қуаттылығына қарай сәйкестілігін қамтамасыз ету;

-кәсіпорынның жер, құрылыс объектілерінің коэффиценттерін есептеу;

-капитал салымдарының құрылымын бағалау жұмыстары жүзеге асырылыды.

Кәсіпорын құрылымына әсер ететін факторлар:

-өнім өндірудің күрделілігі;

-кәсіпорын өлшемі;

-өндіріс процесінің сипаттары мен ерекшеліктері;

-өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;

-орналасқан жері.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымын жүзеге асыру өндірісті қайта құру, оны техникалық және технологиялық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыру, саланы жаңғарту мен мамандандыру тереңдету ісінің тиянақты атқарылуымен тікелей байланысты.

Кәсіпорынның негізгі бөліктері технологиялық процесс бағыты бойынша:

  • қоймалық;
  • қызмет көрсету шаруашылықтары болып бөлінеді.

Бұл тасымалдау ұзақтылығын және жүк айналымы көлемін қысқартуға тікелей әсер етеді.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымының басты шарты - кәсіпорында еңбек келісімдерін жетілдіру арқылы жұмысшылырдың әлеуметтік - материалдық жағдайын жақсартуды бірінші кезекте шешуді, өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігінің өсуін, жұмыс уақтын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету. [ 1, 66-бет]

Өндірістік процес.

Кез - келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.

Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс - қимылдар.

Өндірістік процес өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:

  • жай;
  • күрделі болып бөлінеді.

Өндірістік процестің күрделілігі - кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен цехтарының, сондай - ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байланысты. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы, тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын өнім өндіру бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр.

Өндірістік процестер екіге бөлінеді:

-еңбек заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процестерді технологиялық процесс деп атайды.

-еңбек заттары нысандары өзгермейтін процестерді технологиялық емес процестер деп аталады.

Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай.

-негізгі;

-көмекші;

-қызмет көрсетуші (оның ішінде: әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени) ;

-басқару болып бөлінеді.

Негізгі процес технологиялық процес болып табылады, яғни бұйымдардың шамасы, өлшемі, физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Технологиялық операция технологиялық қуаттардың жетілуіне қарай:

  • қолмен атқарылатын операция;
  • машина - қолмен;
  • машиналық;
  • автоматты;
  • аппаратты болып бөлінеді.

Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталыды. Технологиялық операция - бір жұмыс орныныда, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс - қимылы болып табылатын өндіріс процесінің бөлігі.

Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал - жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т. б. )

Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім шығармайтын процесс, оған қатыстылар:

  • тасымылдау;
  • қоймалық операциялар;
  • технодогиялық бақылау.

Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы - көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап етеді.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:

-жеклеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандандыруды тереңдету - еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;

-үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің бірдей екнін білдіреді;

-қатар даму - өндірістік процнстердің кәсіпорынның жеклеген құрылымларында қосарласа орындалуы. Мақсат - еңбек аясын кеңейту;

-аралас даму принципі - бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс - әрекеттерді қамтиды;

-үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толасыз өндірісті алуға болады;

-ырғақтылық - технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы;

-автоматтандыру принципі - өндіріс процесін әлемдік деңгейде автоматтандыру.

Өндірістік цикл

Өндірістік цикл өнім өндіруге жұмсалған уақыттың ұзақтылығымен және оның құрылымымен сипатталады.

Өндірістік цикл ұзақтығы дегеніміз өндірістік процесте белгілі бір бұйымды өндіруді бастау мен аяқтау арасындағы күнтізбелік уақыт аралығы.

Өндірістік цикл:

  • жұмыс уақты;
  • табиғи уақыт;
  • жұмыстағы үзіліс болып бөлінеді.

1. Жұмыс уақты - еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар жұмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылайға жұмсайтын уақыт. Жұмыс уақты тиісінше тағы да екіге бөлінеді:

-негізгі процестерді атқаруға;

-көмекші, яғни цех аралық және цех ішінде түрлі жұмыстарды олындауға жұмсалатын уақыттар. Мәселен, дайын өнімдерді буып - түю және т. б.

Т жұмыс = Т негізгі + Т көмекші

Т жұмыс - жұмыс уақты;

Т негізгі - негізгі уақыт;

Т көмекші - көмекші уақыт.

  1. Табиғи процестер уақты еңбек заттарының еңбек жұмсалмай - ақ табиғи негізде, тиімсіз өзгеріске ұшырауын білдіреді, мысылы, ағаштың текке кеуіп кетуі, жүзім сөлінің ашып кетуі.

Табиғи процестардың ауысып тұруы:

  • өнім өндіруде;
  • технологияны жетілдіруде;
  • өндірістік цикл ұзықтылығын қысқартуда едеуді аөл атқарады.
  1. Жұмыстағы үзіліс - еңбек заттарын өңдеу процесіндегі қажетті үзіліс.

Бұлар:

  • демалыстар ;
  • мереке күндері;
  • түскі үзіліс;
  • демалыс алу;
  • шикізаттарды күту.

Сонымен өндірістік цикл жұмыс уақты, табиғи уақыт және жұмыстағы үзіліс уақыттарының қосындыларынан тұрады:

Тц =Т жұмыс + Т табиғи Т үзіліс

Тц - өндірістік цикл уақыты;

Т жұмыс - жұмыс уақыты;

Т табиғи - табиғи уақыт;

Т үзіліс - үзіліс уақыты.

Өндірістік цикл ұзақтығы:

  • қолданылып жүрген техника мен технологияға,
  • өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастыруға,
  • өндірілетін өнім көлеміне,
  • аяқталмаған өндіріс шамасына,
  • кәсіпорын жұмыстарының басқа да экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді.

Олай болса, өндірістік циклдің ұзақтылығын қысқартудың қандай жолдары бар?

Олар мыналар:

-өндірістік процесті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, өндірістің толассыз жұмыс істеуін арттыру. Бұл жағдайда табиғи процестер уақыты мен үзілістер күрт қысқарады;

-Шығарылатын өнімдер конструкциясы және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

-Технологиялық бақылауға озық әдістерді енгізу және оны технологиялық операциялардың орындалу мерзіміне сәйкес жүргізу;

-Жұмыс орындарын ауыстыруға байланысты еңбек заттарын ауыстыруға кететін уақытты қысқарту;

-Көмекші операцияларды орынлауда, ішкі кезек аралығындағы үзілістерді пайдалану.

Өндіріс типтері.

Қазіргі кезде өндірістің мына типтері кең тараған:

  • жаппай;
  • сериялық;
  • жеке - дара;
  • аралас өндірістер.

Өндіріс типтері әдете жұмыс орнын мамандандыру коэффиценттерімен немесе сериялық коэффиценттермен немесе сериялық коэффиценттермен (Кс) сипатталыды, яғни бұл орта есеппен бір жұмыс орнында қанша бөлшек операция орындалатынын көрсетеді:

R x n

Кс=

P

Кс - сериялық коэффицент;

P - жұмыс орнының саны;

R - әр бөлшекті дайындау арқылы орындалған орташа операция саны;

n- жұмыс орнының топтарында өңделетін аталған бөлшектер саны.

Бұл коэффиценттің мөлшері өнеркәіп кәсіпорындарының көпшілігінде, мәселен:

  • жаппай өндіріс бойынша 1-ден 3-ке дейін,
  • ірі сериялықта - 4-10,
  • орта сериялықта - 20 және одан жоғары құрайды.

Жеке - дара өндіріс типінде өнім түрі мен көлемінің тез өзгеруі стандартты конструкциялы технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндіктерін шектейді.

Жек - дара өндіріс типінің айрықша ерекшеліктері:

-цехтардың, учаске мен жұмыс орындарының технологияық жағынан мамандандыру деңгейінің басымдығы және бұлар үшін бұйымдардың үнемі бір түрін өндірудің міндетті еместігі;

-әмбебап жабдықарды пайдалану және оларды бір типті топтарға орналастыру;

-қолмен атқарылатын жұмыстар үлес салмағының көптігі және өндірістік циклдің ұзақтығы;

-жұсышылардың жоғары біліктілігі.

Жеке - дара өндіріс типінің өнімдеріне қатыстылар:

  • бірегей станоктар;
  • темірді жұқарту станоктары;
  • автоматты реакторлар;
  • қуатты электр машиналары,
  • құрылыс объектілерінің көпшілігі жатады.

Сериялық өндірістер:

  • аз сериялы;
  • орта сериялы;
  • көп сериялы болып бөлінеді.

Сериялық өндіріс типі дүркін - дүркін біркелкі партия (серия) күйінде келіп түсуімен сипатталады, ал жеке - дара өндірісте жұмыс орнына қарай еңбек заттары бір - екі данасы ғана түседі.

Мұның жеке - дара өндірістен ерекшелігі: өнімнің белгілі бір бөлігін дайындау жыл бойынша немесе жылдар аралығында қайраланып отырады, ал бұл өнім өндіруді технологиялық мамандандырылған учаскелер бойынша ұйымдастыруға бірден - бір қолайлы жағдай жасайды.

Жаппай өндіріске тән сипат: үнемі бір - екі операцияны орындауға бағдарланып, жұмыс орны мамандандырылады (көп жағдайда Кс =1) .

Жаппай өндіріс типінің негізгі белгісі - шығарылуы ұзақ мерзімге көзделінген біртекті өнімді неғұрлым көп өндіру. Сондықттан жаппай өндіріске жататын кәсіпорындарға шығарылған бұыйымдардың номенклатурасын шектеп отыру тән. Өнім өндіру көлемінің ауқымдылығы және жүйе тұрақтылығының биік деңгейде болуы егжей - тегжейлі орындалған технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Өндірісті арнайы құрал - жабдықтармен жарақтандыру еңбек өнімділігінің қарқынды өсуіне бірден - бір қолайлы жағдай жасайды.

Жаппай өндірісте мамандандыруды тереңдету өнімнің өзіндік құнын төмендететін өнім сапасын, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі фактор. Мәселен, жеке - дар өндіріс тәсілімен шығарылған автокөліктің өзіндік құны жаппай өндіріс әдісімен шығарылған автокөліктерге қарағанда 20-30 есе жоғары келетін тәжірибеден белгілі.

Сонымен қатар жаппай және ірі сериялық өндірістерде кемшіліктерде жоқ емес. Солардың қатарынан мыналарды атап көрсетуге болады.

-өндірістің нақты тұтынушы сұранымына емес, негізінен орташа станлартқа бейімділігі;

-қолда бар арнайы жабдықтарды қайта құрудағы қиындықтардың техникадағы өзгерістерді қысқа мерзім ішінде атқаруға болмайтындығына байланыстылығы.

Жаппай өндірістің осал жақтарын жою үшін дайын өнімнен комплектелетін материалдарды, бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды стандарттаудың және оларды бір жүйеге келтірудің технологиялық тәсілделін қолдануға болады. [ 1, 74-бет, 2 ]

1. 2. Кәсіпорынның типтері және олардың бірігу нысандары.

Шағын кәсіпорындардағы жұмысшылырдың шектеулі саны:

-өнеркәсіпте, құрылыста және көлік саласында (автобус, троллейбус парктері) - 100адам;

-инновациялық қызметтерде - 60;

-көтерме саудада - 50;

-ғылыми техникалық ортада - 60;

-бөлшек сауда мен тұрмыстық қызмет көрсетуде-30;

-басқа да салалар мен қызмет түрлкрінде - 50 адам.

Шағын кәсіпкерліктің негізгі артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

-алғашқы капитал салымдары мен айналым қаржылары тапшы болған жағдайда көптеген кәсіпкерлер үшін тиімді нысан;

-нарықтық сұраным өзгерістеріне тез бейімделу мүмкіндігі мен икемділігі;

-жұмыссызжықпен күресудегі орны мен рөлі.

Жұмыс орындарын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктің болуы;

-үстеме шығын шамасыының анағұрлым төмендігі;

-басқару апаратының ықшамдылығы;

-жергілікті шикізат қорларын іске жарату, тіпті өндіріс қалдықтарын да іске асыру және басқа мүмкіндіктерді пайдалану.

Кәсіпорындарда сапа көрсеткіштері бойынша саралағанда мына төмендегілерді ескерген жөн:

-меншік түрі (жеке меншік және мемлекеттік меншік) ;

-қызметтерінің мазмұны мен сипаты;

-өндірілген өнімдерлің алуан түрлілігі және көлкмі;

-бәсекеде жеңіп шығудың әдістері мен тәсілдері;

-әр түрлі одақтар мен бірлестіктерге мүше болу;

-кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық - құрылымдық нысандары;

Кәсіпорын типтері:

  1. Шағын кәсіпорын немесе шағын бизнес;
  2. Орта кәсіпорын немесе орта бизнес;
  3. Ірі кәсіпорын немесе ірі бизнес;

Кәсіпорындардың бірігуіндегі негізгі бағыттар:

  1. Көлденең құрама негізінде: өндірістік процестері бір сатыда тұрған кәсіпорындардың бірігуі, мысалы, бөлшек саудадағы дүкендер желісі.
  2. Тікелей құрама негізінде: әр түрлі сатыда тұрған кәсіпорындардың бірігуі. Мәселен, іріленген тәжірибесі мол фирма темір рудасын іздетірумен, өңдеумен және қорытумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіріп, комбинат құрады.
  3. Кәсіпорындардың әртараптылығы негізінде: экономиканың әр түрлі саласындағы кәсіпорындардың бірігуін “конгламерат” деп атайды. Мысалы, АҚШ - тың «ІТТ» конгломераты телефон және телеграф құрал - жабдықтарынан басқа, нан өнімдерін, сондай - ақ оқу құралдарын да шығарумен айналысады, оған қоса мұнда қонақ үйлерді, сақтандыру қызметін пайдалану істері біріктірілген. [ 1, 76-бет, 2 ]

Кәсіпорындардың қызмет көрсету салалары мен орталары бойынша деңгейі (қызметкерлер санына қарай)

1-кесте

Қызмет көрсету салалары мен орталары: Қызмет көрсету салалары мен орталары
Кәсіпорын: Кәсіпорын
Қызмет көрсету салалары мен орталары: Жұмысшылар мен қызметкерлер саны
Қызмет көрсету салалары мен орталары: Шағын
Кәсіпорын: Орта
Ірі
Қызмет көрсету салалары мен орталары:

Тау-кен, өндіру металлургия және химия өнеркәсіптері.

Машина мен приборлар жрсау және құрылыс.

Ғылым мен ғылыми-зерттеу саласында.

Жеңілжәне тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылықөнімдерін өндіру мен оларды дайындау және сақтау.

Өндірістік емес сала, көтерме және бөлшек сауда және қызмет көрсету салалары.

Кәсіпорын:

200адамға дейін

100-ге дейін

75-кедейін

50-ге дейін

25-ке дейін

201-2000

101-300

76-100

51-200

25-50

2000-нан жоғары

300-ден жоғары

100-ден жоғары

200-ден жоғары

50-ден жоғары

Интеграция дегеніміз белгілі бір бөлшектерді, элементтерді қалыпқа келтіру, толықтыру, тұтастыра біріктіру; макро деңгейде екі немесе одан да көп мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының өзара бейімделуі және бірігіп жұмыс арқаруы.

Кәсіпорын қызметінің экономикалық ұйымдық тетігін жетілдіру белгілі бір бағыттарда жүзеге асырылады.

Кәсіпорын қызметінің экономикалық - ұйымдық тетігін жетілдіру бағыттары.

2-кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
Кәсіпорын экономикасы жайында
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы
Өндірісті жоспарлау
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz