Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 266 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАУЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3

КІРІСПЕ 5

  1. ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫНЫҢ КӨНЕ ЗАМАНДАРДАҒЫ ТАРИХЫЖылқы атасы-керқұлан. 21Ботай жылқышылары-бақташылдық кезең. 25

1. 3 Сақ-скифтер жылқышылдығы - салтаттылық кезең. 30

1. 4 Ғұндардың атпаздығы мен жылқышылдығы. 38

1. 5 Көне түркілер, қыпшақтар, моңғолдар. 51

2. ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2. 1 Қазақи байырғы жылқы тұқымдары. 56

2. 2 Жылқы бағу. 70

2. 3 Жылқы азығы. 81

2. 4 Жылқылы байлар және жылқы саны. 83

2. 5 Жылқы саудасы. 90

3. ЕР-ТҰРМАН.

  1. Ер-тұрманның шығу тегі, дамуы, қалыптасуы. 96
  2. Ер қосу өнері және ер жабдықтары. 99
  3. Ерлердің түрлері және аймақтық ерекшеліктері. 110
  4. Қамшы және қамшыгерлік өнер. 117
  5. Ат тағалау. 122

3. 6 Атқа мінудің қазақи (шығыстық) және батыс еуропалық үлгісі. 125

4. АТТЫҢ СЫНЫ МЕН БАБЫ

  1. Жүйрік, бәйге аттардың түрлері. 129
  2. Сыншылық өнер. 130
  3. Аттың сыны. 133
  4. Аттың сыры (жылқы психологиясының мәселелері) . 140
  5. Бәйге атын баптау мен жарату. 146
  6. Жорға шықтыру және салыстыру. 152
  7. Қазақ жылқысының төзімділігі мен шыдамдылығы. 156

5. ЖЫЛҚЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫНДАР

  1. Қымызмұрындық. 160
  2. Бәйге. 172
  3. Атты соғысқа үйрету. 179
  4. Ат ойындары. 184
  5. Құлан аулау-әскери ұжымдық аңшылықтың белгісі. 188

6. ЖЫЛҚЫ ЖӘНЕ БИЛЕР СОТЫ

6. 1 Қазақтың әдеттік құқығындағы жылқының орны мен ролі. 195

  1. Барымта. 203

6. 3 Жылқы ұрлығы. 208

7. ЖЫЛҚЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ӘЛЕМ

  1. Жылқы түстеу: жіктелуі мен жүйеленуі және этномәдени қызметі. 211
  2. Жылқы саз өнерінде. 226
  3. Жылқы және көшпенділердің ту, байрақтарының шығу тегі және ту

ұстау дәстүрі. 231

  1. Жылқыға байланысты кейбір әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдер. 245
  2. Эпикалық жырлардағы батыр мен аттың образы. 251

ҚОРЫТЫНДЫ 271

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 274

ИНФОРМАТОРЛАР ТІЗІМІ 297

ҚОСЫМША

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

АВН - Архив ветеринарных наук

АОВ - Акмолинские областные ведомости

АӨЖМ - Автордың өзінің жинаған материалдары

БжЕ - Білім және еңбек

ВАН- Вестник Академии наук

ВВ - Ветеринарный врач

ВИ - Всемирная иллюстарция

ВДИ - Вестник древней истории

ВНИИК - Всесоюзный научно-исследовательский инстиут коневодства

ВОВ - Вестник общественной ветеринарии

ВС - Военный сборник

ВСХ - Вестник сельского хозяйства

ВФ - Ветеринарный фельдшер

ГАИМК - Государсвенный институт материальной культуры

ГМИРиА - Государственный музей истории религии и атеизма

ГИПЛ - Государственное изательство политической литературы

ДУГ - Дала уәлаятының газеті

ЕҚ - Егемен Қазақстан

ЖМВД- Журнал министерство внутренних дел

ЖК - Журнал коннозаводства

ЗГ - Земледельческая газета

ЗГООЭ - Записки русского географического общества по отд. этнографии

ЗИРГО - Записки императорского русского географического общества

ЗО - Закаспийское обозрение

ЗОО - Записки Оренбург. отдела русского геогроф общества

ИВ - Исторический вестник

КиК - Коннозаводства и коневодство

КиКС - Конневодство и конный спорт

КСГ - Киргизская степная газета

КСИЭ - Краткие сообщения института этнографии АН СССР

КСИИМК - Краткие сообщения Института истории материальной культуры

ҚӘ - Қазақ әдебиеті

ҚОМ - Қазақстанның Орталық музейі

ҚРОМА - Қазақстан Республикасының мемлекеттік архиві

ҚМКӘБ - Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы

ҚСҒАБ - Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы

ҚСЭ - Қазақ совет энциклопедиясы

ҚХР - Қытай халық республикасы

МАЭ - Музей антропологии и этнографии АН СССР

МСХ - Министерство сельского хозяйства

МХР - Моңғол халық республикасы

ОҒК - Орталық ғылыми кітапхана

ОҚ - Орталық Қазақстан

ОҒҚ- Орталық ғылыми кітапхана

ОГВ - Оренбургские губернские ведомсти

ОК - Оренбургский край

ОПОУАК - Отчеты и протоколы Оренбургской ученой архивной комиссии

ПВ - Практическая Ветеринария и коневодство

ПКиК - Практическая коневодство и коннозаводство

ПКСИ - Памятная книжка Семипалатинской области

ПТКО - Памятная книжка Тургайской области

РВ - Русские ведомости

РТ - Русский Туркестан

СА - Советская археология

СК - Степной край

СҚ - Социалистік Қазақстан

СОВ - Семиреченские областные ведомости

СПБ - Санкт-Петербург

СТ - Советская тюркология

СХ - Сельский хозяйн

СХиЛ - Селское хозяйство и лесоводство

СЭ - Советская этнография

ТВ - Туркестанские ведомости

ТГ - Тургайская газета

ТИИАЭ - Труды института историй археологий и этнографии АН Каз. ССР

ТИЭ - Труды института этнографии АН СССР

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ТОВ - Тургайские областные ведомости

ТО - Туркестанский охотник

ТС - Тюркологический сборник

ТУГ - Торғай уәлаятының газеті

УВВ - Уральские войсковые ведомости

ЭО - Этнографическое обозрение

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Өркениет тарихында адамның қолға үйреткен жануарлардың ішнен жылқыдай жасампаздық роль атқарғаны жоқ. Осы бір тамаша сұлу және күшті жануар алғашқы адамдардың негізгі серігі болып, тарихтың келесі белестерінде де ұмыт қалмай, басқа бір сапалық құндылықтарды иемденді. Жылқыны қолға үйретіп, кейін келе оны мініс көлігіне айналдырудың арқасында көне қоғамның мәдени-тарихи көкжиегі айтарлықтай кеңейген еді. Үйретілген жылқының көмегімен адам бір теңізден бір теңізге дейінгі аралықтағы орасан құрлықтар мен кеңістіктерді игерді. Уақыт пен кеңістікті бағындырған ат өз кезегінде адам тарапынан құдайдай сыйланып, оған небір тамаша мифтер мен аңыз-ертегілер арналған болатын.

Жылқыны қолға үйрету ең алдымен төрт түлік мал бағуды жеңілдетті, егіншіліктің дамуына тікелей әсер етті (жер жырту, азық-түлікті тасу т. б) Атты арбаға жегу арқылы адамзат дөңгелекті ойлап тапты. Дөңгелек кейінірек бүкіл техниканың ең басты тетігі болды. Атты мініске пайдалану арқылы адамзат екі үлкен нәтижеге жетті: салт атты өзінің жаяу жүрген жүрісінен асып түсіп жылдамдығын арттырды, әскерде атты қосындардың пайда болуы соғыс өнерінде революциялық жаңалық еді.

Рухани және материалдық игіліктерге бай жоғары дамыған аттылы-көшпенділер өркениеттінің (конно-кочевая цивилизация) іргетасын жылқы және жылқымен біте қайнап бірге өскен салтаты: еңбекші-салтатты, жасампаз-салтатты, жауынгер-салтатты қалады.

Қазақтар тарих сахнасына атпен шықты, ат әрдайым олардың адал досы және киесі болды, соның көмегімен олар қашан тұрмыста немесе майдандағы қандай да болмасын қиындықтарды жеңе алды. Шексіз әрі құлпырған кең өлкелерді олар ат жалында жүріп игерді. Ұлы Омар Хайям түркілердің билеушісі Афрасиабтың сөзін келтіреді: «Аспанда ай қандай маңызды болса, адам үшін ат та сондай маңызды». Адам өміріндегі аттың орны Махмұд Қашғари сөзінде одан да бейнелі: «Ат-түріктің қанаты». Қанатсыз құс ұша алмайды, жылқысыз түрік өзін асырай алмайды деген мағына береді. Әлі күнге дейін қазақтың жерінің ұшы-қиырсыз әйдіктігі және осы жерде жасаған халықтың тілінде диалектінің болмауы бөтен жұрттың қарапайым адамынан бастап, зертеушісіне дейін бей-жай қалтыра алмайды. Байлығының құны жылқымен өлшенетін қазақ жүздеген мың жылқысы үшін жаңа жер, жаңа жайылым іздеп жерін кеңейткен, сол жерді жылқылы жасақпен қорғаған. Барыс-келіс, алыс-беріс, ас-той-деп аттылы алаш өзара айқара араласқандықтан тілінде диалекті болмаған. Демек қазақ халқының осы екі феномені жылқы арқылы жүзеге асқанын жоққа шығара алмаймыз. Басқа мәселені былай қойғанда қазақтың шығу тегі жылқымен тікелей байланысты, көшпенділер арбаның екі түрін пайдаланғаны белгілі: екі доңғалақты соғыс арбасы, төрт доңғалақты жүк арбасының суреттері қола дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі петроглифтерде жиі кездеседі. Соғыс өнерінің тарихын зерттеушілер адамзат алғашында жылқыны мініске емес, жегу жұмысына пайдаланып арбаны, кейінірек әскери арбаны (колесница) ойлап тапқан деп қорытынды жасайды. Әдетте арбаның бел ағашының үстінен салынған ұзын екі ағашты- арыс десе, 2-ші мағынасы ескі ру тайпа [1. 49б. ] . Алты алашты» «алты арыс». Арыс-өзен аты, тарихи қайраткерлерді «алаштың арыстары»-деп жатады. Бұған шежіреде қазақты құрайтын үш жүздің Ақарыс, Жанарыс, Бекарыстан тарайтынын еске алсақ «арыс» сөзі этникалық тарихпен астасып жатқанын көреміз. Бұл фактіден қазақ халқын құрайтын үш жүздің феномені қола дәуірінде арбамен көшіп-қонып жүрген дәуірді меңзейді. Орыс тілінде «лошадь» сөзі ХV ғасырдан бастап пайдаланыла бастады. Бұл сөздің шығу төркінін тексерген орыс ғалымдары «alasa» және «at» деген түркі сөздерінің қосылуынан шыққанын дәлелдеп отыр [2. 3. 4. ] . Халқымыздың ХV ғасырда «қазақ»-деген есім алғанша атауы алаш болғаны белгілі . Алаша-жылқы тұқымы «Алаша аттың басы-деп, қақ жүректің тұсы деп» (Ер Тарғын) «Алаш та алаш болғалы, Алаша атқа мінгелі, Алашұбар ту байлап, Алашқа ұран бергелі» [5. 57-58 б. ] .

«Алаш этнонимі «Алаша»-деген жылқыны бейнелейтін сөзден шығып тұрса орыстың «лошадь» сөзі « алаштың аттары» , «алаштың жылқылары»-дегенмен мағыналас. Көне гректер көшпенділерді атпен тұтасып кеткен «кентавр», орыс аңыздары жолындағыны жалмап жүта беретін «змей горыныч»-жеп атаса, жастайынан атқа мініп, жылқымен бірге жаралған қазақтардың ертеде өздерінің есімдерінің алдына сәйгүләктерінің есімдерін қою әдетке айналған. Бұл әдет ескі қазақ аңыздарында анық байқалады (Керқұла атты Кендебай, Дөненқара Бағыс, Жирен атты Кенже т. с. с. ) . «Жайылымдағы мал сүйгенін жейді, қорада тұрған мал бергеніңді жейді»-дейді француз ғалымы Вуазен. Шөптің асылы бетеге, тарлау бөз, балауса жеп судың тұнығын ішкен, аптап ыстыққа күйіп қарлы боранға қарылып шыныққан дала жылқысы таза кірпияз, кінәмшіл болып өссе, ғасырлар бойы жылқының етін жеп, қымызын ішкен қазақ халқы өзін «жылқы мінезді халықпыз» -дейді. Керісінше «Қазақ жылқыға тартқан» десекте артық айтпаймыз. «Мал иесіне тартады» -дейді қазақ. Көшпенділер қоғамында ері де әйеліде атқа қонып күнделікті тұрмыста да, жаугершілікте де бірге жүргендіктен белгілі дәрежеде ер мен әйел тең болған. «Утверждается разумное равноправие женщин»-деп түйіндейді В. Н. Массон [6. 34-35 б] . Халқымыздың жылқыдан алған тағы бір қасиеті қан араластырмау салты. Үйір дегеніміз (15-20 бие) бір айғырдың семьясы. Үйірдегі айғыр өзінің байталдарына (қыздарына) шаппайды, сәуріктері (ұлдары) енесіне шаппайды. Осы орайда К. Маркстің мына сөздері еріксіз еске түседі: «Священно первоначально то, что мы переняли от животного мира». Олай болса қазақтың отбасы мен некесінің жалпы бүкіл моральдік құндылықтарымыздың темірқазығы-жылқы. Жылқы қазақтың халық өнерінің басты бір тұлғасы. Оның жүрісі мен дүбірі-ән мен күйде, екпіні эпоста, кескін келбеті бейнелеу өнерінде бедерленіп отырған. Бұл көрініс-халқымыздың қанында жылқы рухы мәңгі сақталып біте қайнасып қалғанының айқын куәсі іспетті. Қазақ түсінігінде жылқы айбындылық пен батырлықтың, достық пен жолдастықтың, сұлулық пен асқақтықтың, бостандық пен егемендіктің символы Ежелден еркіндік аңсаған қазақ тәуелсіздік рухын жылқыдан алған. Сондықтан ұлттық идеямыздың, мемлекеттің идеялогиямыздың квитэссенциясы тұлпар болуға тиіс. Кәзіргі таңда жылқы туралы білімдердің аясы кеңейіп жылқыны зерттеу жеке ғылымға айналды. Түркия ғалымдары жылқы мәдениеттің бір саласы дей келе «Жылқы мәдениеті» деген ұғымды енгізсе, еуропа, орыс зерттеушілері «салтаттылық мәдениет» (всадническая культура) [7] деген терминді ойлап тапты. Қазақтар әлемдік өркениетке не берді -деген сұраққа профессор Су Бихай: «Қазақтар күлте жолды арғымақтар өсіріп ат мәдениетін дүниеге әкелді»-деп түйіндейді [8. 11-12 б. ] . Әлемдік ғылыми пайымдауларға сәйкес жұмысымызды «Қазақ халқының жылқы мәдениеті»-деп атағанды жөн көрдік. Әлемдік өркениеттер тарихында және жылқы тану ғылымында жылқының қай жерде пайда болғаны және қай жерде алғаш үйретілгені туралы мәселе ХІХ ғ. басында басталып күні бүгінге дейін талас туғызып келе жатқан үрдіс. «Жылқының Отаны»-болу деп-көне өркениеттің Отаны болу деген ұғыммен бірдей.

Мәселені зерттеудің дәрежесі 1980 жылдары Көкшетау облысы, Ботай қонысынан табылған б. з. д. ІV-мың жылдықтың аяғы-ІІІ-мың жылдықтың бас шенінде энеолит дәуірінде пайда болған ежелгі жылқышылар мекені-әлемдік маңызы бар археологиялық нысан болып, бұған дейінгі жылқы алғаш қай жерде, кімдер үйретті деген көптеген сұрақтарға өзгеріс әкелді. Жалпы Орталық Азияның оның ішінде қазақ даласының жылқының-Отаны екені туралы бұрындарда зерттеушілер тарапынан жорамалдар айтылғанды. Мысалы: «Жануарлар энциклопедиясының» авторлары былай деп жазады: «Қолға үйретілген жылқылар б. з. д ІІІ-ІІ мың жылдықтардың басында Қосөзен (Месопотамия) және Кіші Азияда жаратылған деген алғашқы мәліметтер кездеседі. Бірақ жылқыны қолға үйрету ертерек (5000-6000 жыл бұрын) Оңтүстік Сібір, Моңғолия және Қазақстан көшпенділерінде жүзеге асқан болу керек. [9] Жылқы тарихының ірі маманы В. И. Цалкин «Қазіргі кездегі жылқының қай жерде қолға үйретілгені жайындағы дәлелдемелер топшылаудан, мөлшермен айтушылықтан аса алмай жүр, бұларға әлі де әсіресе остеологиялық (сүйек) материалдар жетіспейді» [10] . Дәл осы сұраққа жауап секілді, қазіргі таңға дейін 20-жылдан астан уақыт ішінде Ботайдан қазылып алынған 133 мың сүйектердің 99, 9 % жылқынікі болып шықты. Әлемде бірде-бір елде бұғанға дейін 1000-астам жылқы қаңқалары бір қоныстан табылған емес. Бұл сүйектердің жылқынікі екенін 1981 жылы Л. А. Макарова, 1983-1986 жылдары Л. А. Макарова және Т. Н. Нұрымов дәлелдеді [11] .

1992 жылы С. М. Ахинжанов, Л. А. Макарова, Т. М. Нұрымов Қазақстан территориясында энеолит және қола дәуірінде табылған бүкіл мал мен жануарлар сүйегіне сараптама жасап Ботай материалдарымен салыстыра зерттеді [12] . Бұл сүйектердің нақпа-нақ қолға үйретілген жылқылардікі екенін орасан көп сүйектердің (ондаған тонна) бір жерден табылуында. Жабайы жылқылардың сүйектері әр жерден біреуі, тіпті табиғат апатынан, өлім, індет шалған жылқы табындарынан шашылып бірлі-жарымды әрі кеткенде оншақтысы бір жерден табылады. Осы тұрғыдан алғанда В. Зайберт дұрыс тұжырым жасап былай деп көрсетеді: «Еще одним доказательством одомашненности ботайской лошади является факт массового нахождение костей одного вида на поселении» [13. 283 б] . Жылқы сүйектерінің көпшілігі соншалық, ботайлықтар сүйектерді құрылыс материалы ретінде үй-баспана, қора-қопсылардың қабырғасын бекіту үшін пайдаланған.

Ботай жаңалығына 1980 жылдардан бастап-ақ әлемнің жылқы танушы ғалымдары құлақ түре отырып Сарыарқаға келіп аты шулы жерге келіп ғылыми жұмыстарға қатысуға тілек білдіре бастады. Мұндай үміт тек Қазақстан егемендік алып ғылыми зерттеулерді жеке өзі жүргізе бастағанда ғана мүмкін болды. 1994 жылдардан бастап В. Ф. Зайберт бірнеше британ университетерінде ботай мәдениеті жөнінде дәріс оқып, Кембридж университетінің архиеологиялық музейінде ботай артефактілерінің көрмесі өткен соң бүкіл әлемде бұл аты шулы жаңалыққа қызығушылық арта түсті. Осындай талапты қанағаттандыру мақсатымен Ботайда 1995 жылы «Евразияның алғашқа жылқышылары»-деген тақырыппен 16 мемлекеттің жылқы танушы 80-астам ғалымдар қатысқан халықаралық симпозиум өткізілді. Ботай феномені В. Ф. Зайберт бастаған отандық ғалымдардың бірнеше іргелі моногрфияларына арқау болды [13. 14. 15. 16. 17] .

Шетелдік ғалымдардың арасында Американың жылқы тарихы иниституның деректоры Дэвид Энтонидің Ботай жылқыларының тістеріндегі ауыздықтың іздерін анықтауға арналған әдістемесін [18], ағылшын ғалымы Алан Отрамның қыш ыдыстардағы бие сүтінің (қымыз А. Т. ) жұғындарын тапқан жаңалықтарын айтуға [19] болады. Демек ботайлықтар жылқыны қолға үйретіп мініске пайдаланып қоймай, бие сауып қымыз ішкен нағыз жылқышылар болған. Сонымен қымыздың 5, 5-6 мың жыл тарихы бар деп айтуға толық негіз бар. Ең бастысы Ботай жаңалығы «Жылқыны мыңдап өсірген, Арқаның тарлау бозы екен» -деп айтылатын қазақтың аталы сөзінің жылқының - отаны Сарыарқа екенін тағы да бір дәлелдеп берді. Ботайда ашылған жаңалық Қазақстан мен Оңтүстік Сібір территориялярының жылқының жаратылған және қолға үйретілген отаны екеніне дау тудырмайтынына кепіл болса, екіншіден арийлердің б. з. д. ІІ жылдықтың басында (дәлірек б. з. д. ХХІ-ХХVIII ғасырлар) Синташты-Арқайым андронов мәдениетін жасаған арийлердің бір легінің біртіндеп көше отырып Орта Азияға одан әрі ілгерілеп Солтүстік Үндістанға кіруін, екінші легінің б. з. д. ХІІІ-ІХ ғасырларда Кавказды, Мауренахрды, Ауғанстанды, Белуджстанды көктей өтіп Иран тайпаларының ядросы құрағанын дәлелдей түседі [20] .

Ботайда басталған жылқы бағу-бақташылдық дәуір 1500 жылға дейін созылып б. з. д. ІІ-мың жылдықтың басында салтаттылық дәуірге алып келді. Ат тікелей мініс көлігіне және әскери күшке айналды. Сол себепті арийлердің орасан үлкен территорияны бағындырып Иран мен Индияға жетуіне аттың арқасында ғана жүзеге асты деуіміз керек.

Скифтер мен сақтар Ботайдан бастау алатын далалық жылқы мәдениетінің мирасқоры бола отырып Алтай мен Қаратеңіз аралығында табынды жылқы шаруашылығын дамыта келе, дала жылқысының төзімділігі мен шыдамдылығы, алыс қашықтықтарға мойымайтындығы сияқты қасиетін сақтай білді.

Cақтар мен скифтердің, сарматтардың, массагеттердің атпаздығы мен жылқышылдығы жөнінде антикалық авторлардың жазбалары қаншама ғасырлар өтседе тірнектеп жинаған фактілермен, бұлтартпас дәлелдерімен зерттеушілердің назарын аударады. Бұрын бұл тарихи қайнарлар үздік-создық әр жерде, әртүрлі жинақтарда кездесетін, іздеп табу қиын соғушы еді. Осы тұрғыдан алғанда А. Н. Гаркавец көшпенділер туралы бүкіл антикалық, византиялық деректерді бір жинаққа топтастырып, түсініктемесімен, ғылыми апаратымен жарыққа шығаруы көшпенділік тануда беласқан кесек хрестоматиялық-жинақ. Сонау антикалық замандардың өзінде скиф-сақтарды «ерекше төзімді ат мінгендер», «бие сүтін ішушілер, жылқы етін жеушілер», «атпен бітісіп кеткендер» (кентавр), «арба үстінде өмір сүрушілер», «жылқы пішушілер», «қашып бара жатып соғысушылар»-деп көшпелі тайпалардың характерін дәлме-дәл бере білген антикалық зерттеушілердің аңғарымпаздығы қайран қалтырады. Сол замандағы көптеген фактілер мен мәліметтер қазақ өмірінен әлі күнге дейін сақталғанып көрініп тұрады [21] .

Осы орайда көрнекті археолог М. П. Грязновтың мына сөздері жөн сияқты: «Мы должны изучать историю развития культуры кочевых племен отдельно взятых районов (будь то пазырыкские племена Алтая или скифы Северного Причерноморья саки Средней Азии или аржанские племена Тувы) не изолированно от других, близких и далеких кочевых объединений, а обязательно в общей их связи с исторей всего кочевого мира в целом [22. 60 б. ]

Аржан, Пазырық, Укок қорғандарынан шыққан археологиялық табындылар скиф-сақтардың жылқышылдық мәдениеті, өз заманында теңдесі жоқ екенін бадырайтын тұрып көрсетсе, Берел қазбасы В. О. Виттің Алтайда өз заманында асыл текті жылқылар өсіретін бір орталық болды деген жорамалын айқындай түседі. [23] Француз этнографы К. Ферре ондаған жылдар бойы якут, қазақ, қырғыз, хакас, тува және Орта Азия елдерінің жылқы шаруашылығын зерттей отырып алтай жылқы өркениеті деген терминді кіргізді. Үлкен көлемдегі диссертациялық1 жұмысында автор якут жылқышылдық мәдениетін түркілердің қиырындағы шекарасы деп, бұған ең жақын қазақ, қырғыз жылқылары деп атап көрсетеді. Сонымен В. О. Витт Пазырық қорғандарындағы сақ жылқыларын, К. Ферре кәзіргі этнографиялық өмірді жаза келе бірін-бірі толықтырды десек те болады алтайдың жылқышылдық өркениеті деген тоқтамға келген. [24. 232-247б. ] Берел жылқыларын жан-жақты зерттеу: реконструкция -жаңғырту, морфологиялық және патоморфологиялық саралау Самашевтың басшылығымен Л. М. Макарова, Қ. Алтынбеков, Қ. Қашқынбаев т. б. мамандар жүзеге асырды. [25. 26]

Хұндар мен гундердің жылқы шаруашылығы туралы сөз болғанда қытай және латын деректерінен бастап, кәзіргі зерттеушілерге дейін көбінесе жылқыларды әскери мақсатта пайдалану, атты әскер мен соғыс тактикасын сөз етеді, бұл туралы қыруар әдебиеттер баршылық [24. 25. 26] . Соңғы кезде табылған 383-450 жылдары аралығында жазылған рим әскерлерінің мал дәрігері Вегецийдің «Әскери өнердің қысқаша сипаттамасы» еңбегінде гүн жылқылары қақаған аяз бен шіліңгір ыстыққа айрықша шыдамды, қыста жайылып, өз қорегін өзі тауып жейтін, құлын кезінен барлық қиыншылыққа төзуге дағдыланғанын сүйіспеншілікпен жазады [27] . Осы фактілерге қарап отырсаң ғүн жылқысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ жылқысының еш айырмасы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы. Жылқының арғы тегі
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Ғұндардың атпаздығы мен жылқышылдығы
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Жылқы шаруашылығы және жылқы өнімдері
Қазақы жылқы тұқымдары
“Қытай Халық Республикасының Синьцзян автономиялық ауданына қарасты Іле – Қазақ облысының экономикалық, географиялық сипаттамасы”
Авеста кітабы
Башқұр жылқы тұқымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz