Қазақстан Республикасының табиғаты



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ...4


ЌОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

ЌОЛДАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қазақстанда неше жыл тұрсаңыз да, бұл елдің ұланғайырлығы тыныс алады. Бұл елге алғаш рет сапар шеккендердің барлығы оның кең өрісің таңданады. Қазақтын жерінің сипаты - асқар таудың биіктігі мен шексіз даланың кеңдігі - қазақтың мінезінің кең пейілдігіне мен көшпелі өнер-мәдениетіне жер еткені даусыз.
Қазақстан шығыстағы Алтай тауынан батыстағы Каспий теңізіне дейін 3000 километрге, солтүстіктегі Орал тауынан оңтүстіктегі Тянь-Шань тауына дейін 2000 километрге созылып жатқан ұланғайыр өлке. 1991 жылғы санак, бойынша қазақ халқының жалпы саны 10 миллионға жетті. Оның ішінде, Қазақстанда туратыны - 6.797.000, бұрынғы ССРО мемлекеттерінде тұратыны - 1.665. 000, басқа мемлекеттерде тұратыны -1.535.000.
Көшпелі қоғамның мәдениеті мен өнері біздің қазіргі ұғымымыздағы, өз-өзіне жетіскен мәдениет пен өнер емес, парқы одан да биік - қоғамды сақтаудың және көркейтудің ең басты құралы болып табылады. Көшпелінің өнерін түсіну үшін, әүелі оның дәстүрлі мәдениетінің ерекшелігін танып алу керек. Көшпелінің байырғы ұғымында жер тағдыры мен ел тағдыры біртұтас, тіршілік пен шаруашылық жайы, тұрғын салты, киімі, тамақ ішуі, адамның мінез құлқы Табиғат Анамен екі арадағы жарасыммен өлшенеді, соның низамдарымен қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде көркем безендірілген фотоальбом, бейтаныс халык,пен білісудің, оның рухын танудың ең тамаша құралы болып саналар еді. Елдің келбетін тану, әуезін естуоны тұрған бойында тұтас түйсіну, оның жанымен тіл қатысу деген сөз. Ал нәсілдің жаны - қара жерден айырып алғысыз.
1. В.И.Фурсов, Т.Ергалиев “Общая экология Алматы” 1996 г.
2. Эколого – географическое исследование Казахстана (межвузовский сборник трудов) Алматы 1994 г.
3. Экологическое состояние окружающей среды в Республике Казахстан. Алматы 1998 г.

ЖОСПАР

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Қазақстан республикасының табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ...4

ЌОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

ЌОЛДАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кiрiспе

Қазақстанда неше жыл тұрсаңыз да, бұл елдің ұланғайырлығы тыныс алады. Бұл елге алғаш рет сапар шеккендердің барлығы оның кең өрісің таңданады. Қазақтын жерінің сипаты - асқар таудың биіктігі мен шексіз даланың кеңдігі - қазақтың мінезінің кең пейілдігіне мен көшпелі өнер-мәдениетіне жер еткені даусыз.
Қазақстан шығыстағы Алтай тауынан батыстағы Каспий теңізіне дейін 3000 километрге, солтүстіктегі Орал тауынан оңтүстіктегі Тянь-Шань тауына дейін 2000 километрге созылып жатқан ұланғайыр өлке. 1991 жылғы санак, бойынша қазақ халқының жалпы саны 10 миллионға жетті. Оның ішінде, Қазақстанда туратыны - 6.797.000, бұрынғы ССРО мемлекеттерінде тұратыны - 1.665. 000, басқа мемлекеттерде тұратыны -1.535.000.
Көшпелі қоғамның мәдениеті мен өнері біздің қазіргі ұғымымыздағы, өз-өзіне жетіскен мәдениет пен өнер емес, парқы одан да биік - қоғамды сақтаудың және көркейтудің ең басты құралы болып табылады. Көшпелінің өнерін түсіну үшін, әүелі оның дәстүрлі мәдениетінің ерекшелігін танып алу керек. Көшпелінің байырғы ұғымында жер тағдыры мен ел тағдыры біртұтас, тіршілік пен шаруашылық жайы, тұрғын салты, киімі, тамақ ішуі, адамның мінез құлқы Табиғат Анамен екі арадағы жарасыммен өлшенеді, соның низамдарымен қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде көркем безендірілген фотоальбом, бейтаныс халык,пен білісудің, оның рухын танудың ең тамаша құралы болып саналар еді. Елдің келбетін тану, әуезін естуоны тұрған бойында тұтас түйсіну, оның жанымен тіл қатысу деген сөз. Ал нәсілдің жаны - қара жерден айырып алғысыз.

Қазақстан республикасының табиғаты

Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік бөлігін алып жатқан алаптың басты бедері, табиғатының дені, және тиісінше оның шаруашылық жайы мен мәдениетінің басты сипаттарын белгілейтін тау мен ойпаңы емес, орман-тоғай, өзен-көлі емес - сахарасы.
Сахара белдері Каспий жазығының солтүстігі мен Алтайдың етегі аралығындағы 2200 км жерді алып жатыр. Бірде тозаңды, қуаң, бірде қар мен мұз құрсанған, бірде хош иісі аңқып, мың сан шөбі жайқалған, өмір жырына бөленген сахара... Бір қараған көзге тұлдыр болып көрінетін сахара, шындығында өсімдік, жануар және адам тіршілігінің қайталанбас симбиозы болып табылады! Сахара жүрекпен шомған адамға өзінің бар сырын ашады, рух силайды, жіпсіз байлайды. Сахараның бернесі, символы - жусанның кермек иісі. Қазакдың арғы атасы болып саналатын көне қыпшактардың аңызында Сыршан хан өзінің інісі Атрақты туған сахараға қайтып кел деп шақырғанда осы жусанның иісін есіне салады...
Сахараның ең жақсы кезі - көктем. Көлеміне көз жетпес ұлы дала өзінің көгімен көз қарықтырады. Ауада сарайыңды ашар жұпар бар. Бозторғайдың неше атасы, бірі сонау зеңгір көкте, бірі найза бойы ұшып, бірі жер буырлап -ертеден кешке дейін сахараны әнге бөлейді. Ауаны айқұш-ұйқыш тілгілеп қарлығаш пен күшіген ұшады, жерде жорға құс жүгіреді, балпаңдай басып дуадақ жүреді. Суда таз үйрек шолпылдата шомылады, аспанда айнала өзіне жем іздеп лашынның кенжесі ұшады. Жерде құжынаған қоңыз, шегіртке мен кесіртке. Жабайы жуаның сабағында бір аяғын алға созып дәуіт отыр. Қазақтың ескі нанымы бойынша жолдан адасқан адам осы дәуітті тауып алуы керек. Оның алға созылған аяғы тура жолды көрсетеді - мыс. Алаңқайда маңғаз тауық ойнайды, даланың өзендері мен көлдерінде манар менен табан балық, алабұға, шортан, жайын, қаяз, көксерке, қарабалық, су тасбақасы мен шаян өнеді.
Сыр мен Есіл, Ертіс пен Тобыл, Жайык, пен Жетісу өзендері бойындағы, Арал алабындағы (Қазақстанда бірнеше мың көл бар, оның көбі - 1 шаршы километр көлеміндегі көлдер) жайылма мен қарасулардың маңайында қисапсыз тіршілік түрлері бар. Тау бөктерлеріне қарай бұлбұл ұялайды, бүркіт мекендейді, түлкі мен қасқыр үйрек-қаз, қоян аулайды, аңшылар киік пен құлан аулайды. Құм шағылды қыста да к,ар баспайды, есесіне жаздың аптабында құмды қазған адам су табады... Түнде жер тұсауы шешіліп, сахара жазыла түседі, алқаракөк аспанға бадырайған алтын жүлдыз шашылып шығады. Тынық ауада жылқының кісінегені, түйенің бык, еткені алыстан естіледі. Жаздың ми қайнатқан аптабы мен қыстың сүйектен өтетін ызғарының ығында өскен қазақ (мысалы, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы жаз бен қыс температу-раларының айырмасы 41 ° С жетеді) ыстык, пен суыкқа бірдей шыдамды. Көшпелінің осындай төзімді болуы шарт. Қар алғаш ери бастағанда - ақ қазақтар бүкіл малымен жайылым қуалап көше бастайды. Мұндай маусымдык, көші-қон 50-100 шақырым аумағында жүріп отырады, алайда кейбір рулардың жылдық көш аясы 2000 шақырымға дейін барғаны белгілі. Әрбір ру жылдан жылға ауытқымай тек бір жолмен ғана жүреді, осыдан жүз мың жыл бүрын өмір сүрген аталарының токдаған бүлақтары мен құдыкдарына тоқтайды, солар қыстаған жерді қыстайды. Қазақстан жерінің 95% жылдың жауыншашын көлемі 400 миллиметрден аспайтын қуаң дала, Моңғолия мен Араб сахарасы сияқты отырықшылыққа қолайсыз жер. Қазақстан жерінің жартысын дерлік жылдық жауын-шашын көлемі 80-180 миллиметрден аспайтын шөл алаң алып жатыр. Қуаңшылықсыз мерзім мұнда жоқ десе де болады. Бұл түсінікті де, себебі Қазақстан мұхиттардан алыс, Еуразия құрлығының орта тұсын, 40-55 гр. солтүстік ендіктері мен 46-87 гр. шығыс үзақтылықтарының аралыкдарын алып жатыр. Жерінің 40% артык, - шөлейт, 20% артык, - жартылай шөл, 20% - далалық аймакдар, ал 7% ғана - орманды дала алып жатыр. Қазақстанның недәуір жерін үстірттер (мысалы, Маңғыстау, Торғай, Орал жем үстірттері) және тақырлар (мысалы, Бетпақ дала), сондай-ақ Алтай, Тарбағатай, Жоңғар мен Іле Алатауы және Тянь-Шанның басқа да батыс сілемдері сияқты қарлы шың, сарқыраған өзен мен тұнған көлді тау жүйелері құрайды. Қазақстанда жазық жер көп болғанымен біркелкі бедер, бірқалыпты ландшафт аз кездеседі. Сахарада көз тоқтайтын белгі, адыр мен төбе, тау көп кездеседі. Жол бойындағы бұндай адастырмас белгілерді қазақтар қасиетті санайды. Бұрабай көлінің ортасынан өсіп шыққандай болып көрінетін Оқжетпестің асқақ сұлулығын, аспандағы бұлтпен жанасқан, шыңдарындағы аппақ қар еріп етекке зәмзәм суы болып жететін Тянь-Шаньдағы Хан-Тәңірі тауын халық жырға, әнге қосқан (биіктігі 6995 м болатын Хан Тәңірі 8848 м болатын Эвересттен сәл ғана еңкіш). Қазақстанның оңтүстігіндегі Қазығұрт жайлы аңызда топан суы қаптаған кезде Нұх пайғамбардың кемесі осы таудың шыңына ілініп қалыпты да, тұрағына айналыпты деп айтылады. Осылайша Енжіл аңызы жер кіндігі - Әлемдік тау дегенді уағыздайтын мифпен, осы мифтен туындаған, тауды киелі санап оған табыну дәстүрімен астасқан.
Қазақтың негізгі қөшіқон аймағы - Тұран және Каспий ойпаты, Балқаш жазығы, Орталық Қазақстандағы адырлы дала және соның аумағындағы үстірттер.
Көне замандардан бері қазіргі Қазақстан жерін көшпелі малшы тайпалар жайлаған. Көшпелі мал шаруашылығы (негізінен жылқы, түйе және қой сияқты тебін мал) өзен-көлдері аз, жауын-шашыны жетімсіз континенталдық қуаң ықылымға лайық жалғыз ғана шаруашылық түрі еді. (Арал теңізі мен Балқаш көлі - республикадағы ең үлкен екі табиғи су қоймасы, оның үстіне Арал теңізі бүгінде экологиялык, апатты бастан кешіріп отыр).
Құрамына қазақ сахарасы кіретін Еуразиядағы көшпелілік - көне феномен. Оны б.д. дейінгі ІІ-І-ші мыңжылдық шегінде пайда болды деп жорамалдайды. Ол негізінен табиғат және ықылым шарттарынан - яғни жайылым мен судың жетімсіздігінен туындаған. Бүгін де Қазақстан жер қазынасының 190 млн. гектардайын (85,5%) жайылым мен шабындық құрайды. Бір саулықтың бір жылда жейтін жері далалык, жерде 5-7 гектар болса, шөлейт және шөл аймақтарда 12-24 гектар болатын болған. Даланың аша тұяқ қоңыр аңдарының (киік, қарақұйрық, құлан, тарпаң, қаптағай) жайылу-көшу реті негізінен көшпелілердің көшіқон ретімен қосанжарлас келетіні байқалған. Шамасы аңшылықпен күн көрген малшы халықтар о баста жабайы аңдардың соңынан еріп отырған, аңшылықтың арқасында жабайы аңдар азайып, үй хайуанының өрісі кеңейген.
Жылқы - қазақ көшпелі тұрмысының символы болып табылады. Жылқы эпоста, ертегілерде жырланған. Қанатты тұлпар Батыс жұртының қаһарман жырларында айтылатын Пегас сияқты ақын шабытына нәр беретін көшпелілер әдебиетінің сүйікті кейіпкері, Қазақстанда ұланғайыр даланы кезіп жүрген жабайы жылқы - құландар әлі де бар. Сұрыптау барысында жүріске төзімді жылқы тұқымдары өсірілді. Өзінің шыдамдылығы мен беріктігі, үйірсектігі және тебіндей алатын қабілетіне орай жылқы көшпелі тұрмыстың тірегіне айналды. Сондай-ақ жылқы жем мен суға кірпияз, жайылым аумағы үлкен, 5-6 жаста кемелденеді. Сол себепті профессор Нұрболат Масановтың пікірінше жылқының Қазақстан бойынша табындағы салмақ үлесі 13% сәл ғана асатын болған. Көшпелі шаруашылықтың табан тірер тиянағы жайылым талғамайтын, қоренде мал-қой, еді. Қойдың мал басындағы үлесі 60% болатын. Көшпелілер өздеріне керекті ет, сүт және киім мен киізге қажетті жүнді осы қойдан алған.
Қуаң даланың орны бөлек ерекше малы - дала кемесі атанған түйе. Түйе алып күш иесі, 10 күнге дейін от оттамай, су ішпей жүре алады. Ол да сүт пен ет, түбіт жүн береді. Түйенің мал басындағы үлесі шамамен 4% болады, ал Қазақстанның кейбір батыс аймақтарында оның үлесі үш еседей көп. Ешкі малының үлесі - 10%, ірі қараның үлесі - 12% болған. Солтүстік пен таулы аймақтарда қазақтар қодас өсірген. Бұлар биік таулы аймақтың ауа райына әбден төселген хайуан.
Жер құнары аздау болғандықтан көшпелілер малымен бір жерге көп тұрақтамаған. Кері жағдайда жер тамыры қырқылып ұзақ уақытқа шаруашылык, айналымынан шығып қалар еді. Малды жайылымға қай күні алып келіп, жерге дамыл беріп қай күні қай бағытта аттанып кету керек – осының барлығын көшпелі малшы жақсы білу керек болған. Мал сүмесін көздеген көші қон - күнкөрістің ғана қамы еді. Табиғат шарттарына орай Қазақстанда екі түрлі көштің жөні болған. Бірі -ендей көшу (оңтүстік-солтүстік). Екіншісі - өрлей көшу. Бұл таулы аймақтарда, таудың етегінен шыңға қарай көшу жөні. Шөлді аймақтарда көштің үшінші түрі - құдықты, суатты айнала көшу жөні болған. Көштің жөні егжей-тегжейлі тиянақталатын болған. Әдетте құдық пен суат бір рудыкі болып, белгілі бір тәртіппен кезектесе пайдаланылар еді.
Жайылым да осылай жыл маусымдарына орай жайланатын болған. Қыс қыстауға оңтүстікке қарай көшетін болған. Ықтасын жерлерде тұрақты жұрт болған, аз-маз пішен сақталған. Малдың көптігі мен жайылымның тарлығынан шаруашылықтар бір-бірінен алшақ орналасатын болған.
Қыс - көшпелі үшін тынымсыз күреске толы жылдың ең ауыр мезгілі. Ерте көктемде - ақ сахара жұрты малын айдап көктемеге шығатын болған. Мал осы жерде төлдеп, көктемгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм Қазақстандағы басты сала
Қазақстанның туристік жерлері
Саясат тарихы туралы ақпарат
Туған жердің табиғи байлығы
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда экологиялық білім мен тәрбие
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Азаматтық құқық субъектілігі мен сабақтас құқықтық санаттардың пікірталас мәселелері
Қазақстан Республикасындағы кепіл ннститутынын орнын, маңызын, құқықтық табиғатын және оның біздің мемлекетімізде практикалық колданылуы
Пәндер