Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 81′373. 512. 122 Қолжазба құқығында
ТАНАБАЕВА ГҮЛЗИРА ӨМІРТАЙҚЫЗЫ
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
10. 02. 02 - қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші
филология ғылымдарының
докторы, профессор
Смағұлова Г. Н.
Қазақстан Республикасы
Алматы 2007
МАЗМҰНЫ
І
1. 1
1. 2
1. 3
1. 4
1. 5
1. 6
1. 7
ІІ
2. 1
2. 2
2. 3
2. 4
ІІІ
3. 1
3. 2
3. 3
3. 4
Ауру атауларының жасалу жолдары мен тәсілдері
Ауру атаулары жасалуының морфологиялық (синтаксистік)
тәсілі
Ауру атаулары жасалуының синтаксистік (аналитикалық) тәсілі
Ауру атауларының байланысу тәсілдері
Ауру атаулары жасалуының лексика-семантикалық тәсілі
Заттанған ауру атаулары
Калька жолымен жасалған ауру атаулары
Ауру атаулары жасалуының басқа да жолдары
Ауру атауларына ономасиологиялық талдау
Тілдік номинацияның теориялық мәселелері
Сөзжасамның ономасиологиялық аспектісі
Уәжділік мәселесі және оның ауру атауларымен байланысы
Қазақ тіліндегі ауру атауларының уәжділік жүйесі
Қазақ тіліндегі ауру атауларының семантикалық және этимологиялық сипаты
Ауру атауларының семантикалық құрылымы
Ауру атауларының лексикалық мағынасы
Ауру атауларының түсіндірме сөздікте берілуі
Ауру атауларының тұрақты тіркестер арқылы берілуі
8
10
15
20
23
24
25
26
29
30
32
36
36
43
43
44
46
3. 5
3. 6
3. 7
ІV
4. 1
4. 2
4. 3
4. 4
4. 5
V
5. 1
5. 2
5. 3
5. 4
Ауру атауларын этимологиялық талдау
Табу және эвфемизм арқылы жасалған ауру атаулары
Терминденген ауру атаулары
Ауру атауларының функционалды-стилистикалық сипаты
Әдеби ауру атаулары
Ғылыми ауру атаулары
Халықтық ауру атаулары
Диалектілік ауру атаулары
Кірме ауру атаулары
Қазақ тіліндегі ауру атауларының түрленуі
Ауру атауларының морфологиялық варианттары
«Ауру» сөзінің лексикалық синонимдері және синонимдес ауру атаулары
Ауру атауларының лексикалық варианттары
Ауру атаулары және омонимдер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
52
57
63
69
69
69
72
73
78
81
81
81
86
91
94
100
Жұмыс қазақ тіліндегі ауру атауларының зерттелуіне арналады. Олар лексика-семантикалық, құрылымдық жағынан күрделі, бірақ белгілі бір жүйеде қарастырылады. Ауру атаулары өте көп және алуан түрлі болып келеді.
Жұмыста ауру атауларының 2000 жуығы сипатталып, зерттелінді. Оның ішінде адамға, малға қатысты ауру атаулары да кездеседі. Олар белгілеріне, түр-түсіне, таралуына, т. б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.
Ауруға ат қою оның өзіндік белгісіне, түр-түсіне байланысты. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, диалектологиялық сөздік, этимологиялық сөздік, фразеологиялық сөздіктердегі ауру атауларына талдау жасалынып, олардың тіліміздегі алатын орнына мән берілді
Қазақ тілінде бір ауру атауы бірнеше мағынада жұмсалынады. Мұның себебі - аурудың әдеби, ғылыми атауларымен қатар халықтық, диалектілік атауларының да мол қолданылатындығында.
Ауру атауларының жүйесі өте күрделі, олардың ішінде көне атаулар да, жаңа атаулар да бар.
Кейбір ауру атауларының таралу аймағы өте кең, бірақ олардың әр аймақтағы мағыналары бір-біріне сәйкес келе бермейді.
Ауру атауларын қазақ тілінде айтпай, көбі орыс тіліндегі атауларын қолданады. Мұның өзі сол ауру атауының тілімізден жойылып кетуіне әкеледі.
Ауру атаулары сан ғасырды араға салып, қазақ тілімен бірге жасап келеді. Олар қазақ тілінің сөздік қорынан ерекше орын алады. Ауру атауларының алуан түрлілігі олардың атауларынан көрінеді. Олар қазақ тілінің сөздік қорына мықтап еніп, сөйлеу тілімізде белсенді қолданысқа ие.
Қазақ тіл білімінің негізгі мәслесінің бірі ауру атауларын зерттеу болып табылады. Оларды жинастыру, зерттеу - бүгінгі күннің талабы.
Ауру атауларының жүйелілігі, олардың аймақтық қарым-қатынасына, сөздердің морфологиялық сипатына, олардың қасиеттері мен семантикалық тәуелділігіне негізделген.
Ауру атауларының ерекшелігі олардың фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және грамматикалық жақтан зерттелінуі. Ауру атауларын құрайтын лексика-семантикалық топ синонимдер, омонимдерінің молдығымен де ерекше. Өзіне тән ерекшеліктері олардың тілдік және тілден тыс факторларының болуынан көрінеді.
Ауру атауларының әлемі де кең, олар адам өмірімен тығыз байланысты, әрі маңызды роль атқарады. Ауру атауларының барлық түрін қарастыру зерттеудің өзектілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу өзектілігі.
Қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі ауру атауларының лексика-семантикалық, морфологиялық функционалды-стилистикалық құрылымын, сондай-ақ оның этимологиясын тереңірек зерттеу болып табылады. Ал мұның өзі жалпы алғанда, қазақ тілінің лексикасын зерттеудегі, ал жекелей алғанда оның терминдік-номенклатуралық жүйесіндегі беті ашылмаған бірқатар мәселелердің шешілуіне мүмкіндік береді.
Қазақ тіліндегі халықтық, ғылыми және әдеби ауру атауларының жасалу заңдылықтары; халықтық атаулардың ғылыми, әдеби ауру атауларын қалыптастырудағы өзіндік орны, олардың бір-бірімен өзара байланысы әлі толық зерттелінбеген.
Номинация, уәжділік мәселелері де жеткілікті қарастырылмаған. Бұл тақырып тек қазақ тілі үшін ғана емес, сондай-ақ басқа да түркі тілдері үшін де өзекті болып табылады.
Зерттеу нысаны. А уру атауларының тілдік табиғаты.
Зерттеу пәні. Ауру атауларының тіліміздегі жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты - қазақ тіліндегі ауру атауларын кешенді зерттеу. Кешенді зерттеу ең алдымен көптеген ауру атауларының лексикалық, морфологиялық, семантикалық аспектілерді өзіне қабылдауына негізделсе, екінші жағынан - ауру атауларының бұл ерекшеліктері өзара байланыста, өзара әрекетте болады. Жан-жақты кешенді зерттеу арқылы кейбір мәселенің беті ашылады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсатының бірі ауру атауларының өзіндік сипаты мен олардың басқа лексика-семантикалық топтардан айырмашылығын ашу, әдеби ауру атауларының басқа да халықтық, ғылыми, диалектілік топтармен өзара байланысын, қарым-қатынасын зерттей отырып талдау болып табылады. Бұл қазақ тіліндегі ауру атауларына қатысты мәселелерді шешудің теориялық негізін анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыстың келесі мақсаты тілімізде қалыптасқан ауру атауларының өзгеру және даму процестерін сипаттау болып табылады.
Бұл мақсаттарға жету үшін зерттеу жұмысы мынадай мәселелерді ғылыми жақтан айқындап, саралап алу міндеттерін қойды:
- ауру атауларының лексикалық құрамын анықтау;
- ауру атауларының жасалу жолдары мен тәсілдерін көрсету;
- ауру атауларының қалыптасу, даму процестерін қарастыру;
- ауру атауларының сөзжасамдық құрылымын сипаттау;
-ауру атауларына тән модельдерді жасау ;
- қазақ тіліндегі ауру атауларының уәжділік жүйесін ашу;
- ауру атауларын топтастыру;
- ауру атауларының омонимдері мен синонимдерін зерттеу;
- ауру атауларын функционалды-стилистикалық жақтан және ғылыми атауы мен халықтық, әдеби атауы мен диалектілік атауларының өзара байланысын сипаттау;
- ауру атауларын лексика-семантикалық жақтан сипаттау; ауру атауларының этимологиясын анықтау.
Зерттеу жұмысының әдістері. Диссертацияда қазіргі қазақ тіліндегі ғылыми әдістемеге негізделген дәстүрлі лингвистикалық әдістер пайдаланылған.
Зерттеуде біз ономасиологиялық және семасиологиялық тәсілдерді пайдалануға тырыстық. Бұл тілдің лексикалық жүйесіндегі ауру атауларының орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Ауру атауларын талдаудың негізгі әдісі - сипаттама әдісі. Бұл әдіс ауру атауларының құрамын, олардың қалыптасу және даму жолдарын, сөзжасамдық құрылымын анықтауда қолданылды.
Салыстырмалы әдіс арқылы жалпы түркі тілдеріндегі, қазақ тіліндегі, сондай-ақ басқа тілдерден енген ауру атаулары сипатталады.
Ауру атауларының жүйелі қатынасын көрсетуде құрылымдық әдіс пайдаланылды. Салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы көптеген ауру атауларының шығу төркіні, алғашқы мағыналары анықталады.
Ауру атауларының семантикалық құрылымы компоненттік талдау әдісі арқылы зерттелінеді.
Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері ретінде сөздіктер пайдаланылды: қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі, қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер, терминологиялық сөздіктер, ауру атауларына арналған медициналық анықтамалықтар, медициналық сөздіктер, қазақ совет энциклопедиясы.
Ғылыми және ғылыми-көпшілік сипаттағы арнайы әдебиеттер, дәрігерлердің еңбектері, медицина саласы бойынша оқулықтар мен оқу құралдары да жұмыстың дереккөзі ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ ауру атауларына байланысты мысалдар газет материалдары мен көркем шығармалардан алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері . Қазақ тілінің лексикология саласындағы тіл бірліктері - ауру атауларының алғаш рет жан-жақты зерттелу нәтижесінде жаңа пайымдаулар жасалды.
Нәтижелері төмендегідей:
-ауру атаулары тіліміздегі басқа да сөздер сияқты лексикологиялық (семасиологиялық, ономасиологиялық, этимологиялық), лексикаграфиялық, грамматикалық, сөзжасамдық, функционалды-стилистикалық, сондай-ақ номенкклатуралық аспектілерде зерттелінді;
- ауру атауларының лексикалық құрамы, сөзжасамдық сипаты анықталдыауру атаулары топтастырылып, лексика-семантикалық жақтан сипатталды;
- қазақ тіліндегі ауру атауларының уәжділік жүйесі ашылды;
- ауру атауларының жасалу жолдары мен тәсілдері қарастырылды;
- ауру атауларына тән модельдер жасалынды;
- ауру атаулаарының омонимдері мен синонимдері анықталды; ауру атауларының этимологиясы зерттелінді;
- ауру атауларын функционалды-стилистикалық жақтан және ғылыми атауы мен халықтық, әдеби атауы мен диалектілік атауларының өзара байланысына сипаттама берілді.
Зерттеудің теориялық маңызы . Зерттеу жұмысындағы ауру атауларының сипаты мен саны, олардың лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері лексикологияның лингвистикалық сала ретіндегі маңызды теориялық жақтарын кеңейтуге өз үлесін қосады.
Зерттеудің практикалық маңызы . Зерттеу нәтижесінде қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді жоғары оқу орындарында қазақ тілінің лексикология саласы бойынша оқылатын дәрістерде, арнайы курстарда білім беруде пайдалануға болады. Ауру атауларына байланысты жинақталған мысалдардың қазақ тілін өзге аудиторияда үйрету кезінде де көмегі тиетіні сөзсіз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- ауру атауларының лексикалық құрамы анықталып, сөзжасамдық сипаты берілді; ауру атаулары топтастырылып, лексика-семантикалық жақтан сипатталды;
- қазақ тіліндегі ауру атаулары уәжділік жүйесі негізінде толық уәжділік, жартылай уәжділік, абсолюттік уәжділіктерге топтастырылды.
- аналитикалық тәсіл арқылы жасалған ауру атаулары матаса, қабыса байланысады;
- морфологиялық тәсіл арқылы жасалған ауру атауларының бірнеше модельдері көрсетілді;
- омонимдес, синонимдес ауру атауларына талдаулар жасалынып, мысалдар келтірілді;
- ауру атауларын ғылыми атауы мен халықтық, әдеби атауы мен диалектілік атауларының өзара байланысы сипатталды;
- этимологиялық талдау кезінде ауру атауларының мағыналық реңкі айқындалып, жандана түседі.
- ауру атауларының синонимдері мен омонимдері халықтық, диалектикалық ауру атауларының негізінде пайда болады.
- ауру атауларының сөз табына қатысы анықталды;
- ауру атаулары табу және эвфемизм арқылы жасалады.
Жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының негізгі материалдары мен мазмұны бойынша республикалық ғылыми-теориялық, халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамалар жасалды.
Сондай-ақ, жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ филологиясы кафедрасында өткен лингвистикалық семинарда және кафедра мәжілісінде талқыланды. Зерттеу жұмысы бойынша 6 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, бес бөлім, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
І ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУРУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ
Ауру атауларының танымдық табиғаты да, грамматикалық сипаты мен семантикалық құрылымы да ерекше. Мұндағы әрбір ауру атауының өзіндік, танымдық, дүниетанымдық мәні, қойылу ерекшелігі мен уәжі бар.
Ауру атаулары сан алуан, көпқырлы.
Ауру атауларын түріне қарай былайша топтастыруға болады:
1. Дәстүрлі медициналық ауру атаулары: боткин, анемия, ликемия, ревматизм, минингит, пневмония, туберкулез, гайморит, геморрой, рак, рахит, грипп, аппендицит, миома, цистит, мастит, астма, ангина, эпилепсия, инфаркт, инсульд, дифтерия, язва, гипертония, артрит, сифилис, бруцеллез, экзема, фурункул, стенокардия т. б.
2. Аурудың халықтық атаулары: сары ауру, соқыр ішек, тұмау, жөтел, қызамық, тырысқақ, бауыр ауруы, сыздауық, шемен, мешел, демікпе, баспа, теміреткі, теріскен, шиқан, күбіртке, қызылша, қышыма, ісік, тіс ауруы, шешек, ақ қан ауруы, алапез, безгек т. б.
Ауру атауларының көбі анатомиялық (дене мүшелері) атаулар арқылы жасалады: жүрек, бауыр, ішек, асқазан, жатыр, бас, аяқ, иек, құлақ, ми, ауыз, көз, мұрын, іш, тамақ, өкпе, төбе, шүйде, иық сүйек, білезік, толарсақ, өкше, шыбық сүйек, балтыр т. б. Мысалы:
Асқазан: асқазан жарасы.
Ауыз: ауыз уылу.
Бас : бас ауруы, бастың сақинасы.
Бауыр : бауыр ауруы, бауыр церрозы, бауырдың қабынуы.
Буын: буын қабынуы, буын сарысуы, буынқұрт, шорбуын, сорбуын.
Ен: енбау, ен қосалқысының қабынуы, ен қабығы шемені.
Жақ : жақтың шірілігі, жақ рагі.
Жүрек: жүрек бұлшық етінің іруі, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек қыжылы.
Жауырын: жауырынтақ.
Иек: қызыл иек іріңдігі, қызыл иектің көпсіп қабынуы, қызыл иектің қабынуы.
Кеуде, омырау, емшек : омыраулық беріштеме, омырау рагі, ит емшек.
Көз : көздің ағы, көз жасы қалташасының қабынуы, жыланкөз.
Көмей: көмей туберкулезі, көмей мерезі.
Құлақ : құлақ мүкістігі, құрқұлақ.
Қабақ: қабақтың қабынуы.
Қарын, ұлтабар : қарын мен ұлтабардың ойық жарасы.
Ми: мидың шайқалуы, милық.
Мұрын: мұрынның тілме ауруы, мұрын шиқаны, мұрын дифтериясы, мұрын алды экземасы.
Өкпе : өкпенің қабынуы, өкпе рагі.
Өт : өт тасы ауруы.
Өкше : өкше мүйіз.
Тамыр: күре тамырдың кеңіп түйінделуі.
Тамақ : қылтамақ, без тамақ.
Тобық : қоян тобық.
Табан : майтабан.
Тіс: тіс ауруы.
Тіл: тіл қабынуы, тілме.
Тері: терінің қабынуы.
Ішек: соқыр ішек, ішек құрт ауруы, ішектің түйінделуі, ішектің қабынуы.
Іш : іш өту, іш сүзегі.
Сондай-ақ мынадай ауру атаулары да кездеседі: тыныс демікпесі, шаш жегі, ұйқысыздық, меңіреулік, мылқаулық, үрпі қабынуы, шалқалатпа, семіздік, сүйел, маңқа, нақұрыстық, несептің жоқтығы, маскүнемдік, кекжиме, ұшпа шешек, көршиқан, қайталама сүзек, жіті тұмау, сасық тұмау (озена), шөптік тұмау (поллиноз), вазомоторлы (тамыр қозғалтқыш нерв) тұмау. Бұл ауру атауларының да өзіндік ерекшеліктері бар.
Ауру атауларындағы аурудың сипаты да әр түрлі болып келеді. Ауру сипатын көрсететін белгілер: сырқырау, қақсау, шаншу, сыздау, солқылдау, дірілдету, қалшылдау, ісу, қышу, қабыну, көлкілдеу, көгеру, қызару, сарғаю, қалтырау, құсу, бас айналу, іш өту, қыжылдау, тартылу, ағару, сасу, күлбіреу, қараю т. б.
Ауру атауларының қойылу үрдісіндегі ерекшеліктер мен өзіндік сипатты ескере отырып, оларды былайша да жүйелеуге болады:
- Жүрек аурулары;
- Бас аурулары;
- Тері аурулары;
- Көз аурулары;
- Тамақ аурулары;
- Ішек аурулары;
- Өкпе аурулары;
- Ісік аурулар;
- Жұқпалы аурулар
- Аяқ-қол аурулары;
- Буын аурулары;
- Мұрын-құлақ аурулары т. б.
Қазақ тіліндегі ауру атауларының жасалу тәсілдері мен жолдары сан алуан, әр түрлі.
Зерттеу барысында ауру атауларының басқа да лексика-семантикалық топтар сияқты белгілі бір құрылымдық модельдер мен тәсілдер арқылы жасалатынын көз жеткіздік.
Қазақ тілі лексикасы жүйесінің баю тәсілдерінің негізгі және аса өнімді тәсілі ауру атауларының, яғни сөзжасамның жасалуы. Лексиканың толығуы мен баюында сөзжасамның орны ерекше.
Ауру атаулары сөзжасам құралдарының көмегімен қазақ тілі материалдарының негізінде жасалады.
Ауру атаулары әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған. Олардың негізгілері мыналар: 1) морфологиялық, 2) синтаксистік, 3) лексика-семантикалық және т. б Бұл тәсілдердің барлығы таббиғаты жағынан алуан түрлі, ауру атауларының жасалуына белсенді қатысады.
- Ауру атауларының морфологиялық (синтетикалық) сөзжасам тәсілі арқылы жасалуы
Ауру атауларының жасалуындағы өнімді тәсілдердің бірі - морфологиялық тәсіл. Осы тәсіл арқылы қосымша және сөз құрамы ерекшеленеді, сонымен бірге ауру атауларының туынды және күрделі атаулары жасалады.
1) Туынды ауру атаулары
Туынды ауру атаулары түбірге түрлі сөзжасамдық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, сіреспе деген ауру атауы сірес - сіресу етістік түбіріне -пе жұрнағының жалғануы арқылы жасалған.
Морфологиялық (синтетикалық) сөзжасам тәсілі арқылы жасалған ауру атаулары сан жағынан едәуір. Олар мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:
а) -ық, -ік, -ақ, -ек тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: жарық, шешек, түйнек, сүзек, кезік, көнек, сырылдауық, сынық, жылауық, сыздауық.
ә) -лы, -лі тұлғасы арқылы жасалған ауру атауы: ұстамалы.
б) -дық, -дік, -тық, -тік тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: маскүнемдік, нақұрыстық, семіздік, ұйқысыздық, іріңдік, кереңдік.
в) -ба, -бе, па, -пе, -ма, -ме тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: жайылма, көгерме, баспа, қышыма, қатпа, қозба, қызба, сіреспе, тілме, бөртпе, демікпе, ентікпе.
г) -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: сірескі, жегі, күйдіргі, теміреткі.
ғ) -ды, -ді тұлғасы арқылы жасалған ауру атауы: қағынды.
д) -шық, -шік тұлғасы арқылы жасалған ауру атауы: қояншық.
ж) -лық, -лік тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: милық, мықырлық, мылқаулық, меңіреулік, соқырлық.
з) -қан, -кен тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: бөрткен, шиқан, теріскен.
и) -ша, -ше тұлғасы арқылы жасалған ауру атауы: қызылша
Профессор Н. Оралбай: «Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды түбір атауларға етістік те нгіз сөз болады, ондай туынды түбір атаулар етістік негізді туынды түбір деп аталады. Тілімізде етістік негізді туынды түбір атаулар көп. Зат есім сөзжасамның бұл өнімді жолы болып саналады, өйткені тілде етістіктен зат атауларын жасайтын жұрнақтар көп және олар түрлі мағыналы зат атауларын жасайды» - дейді [70; 129 б. ] . Олардың негізгілері мыналар дей келе, ауру атауларын жасайтын жұрнақтарға тоқталады. Сонымен ауру атауларын жасайтын жұрнақтар:
- ма, -ме: шойырылма (радикулит), баспа (ангина) ;
- қақ: тырысқақ, тышқақ;
- у: ауру;
- кі: есірткі.
Зерттеуші Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» атты зерттеу еңбегінде синтетикалық жолмен жасалған ауру атаулары ұшырасады. Олар мынадай жұрнақтар арқылы жасалған:
- лық, -лік, -дық, -дік тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: милық, күдеулік, бедеулік, мықырлық, қаралғылық, ауыздық
- ды, -ді тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: жынды, қағынды
- қы, -кі, -ғы, -гі тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: ұмытқы, күйдіргі, жегі, бұлаққы, бітелгі, қиғы, сірескі.
- ма, -ме, -па, -пе тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: ұйықтама, шоқтама, бұқпа, індеме, шуыртпа.
- шық, -шік тұлғасы арқылы жасалған ауру атауы: қояншық.
- дақ, -дек тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: қырылдақ, дуылдақ.
- қақ, -кек, -ғақ, -гек тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: сатқақ, жарылғақ, шықшытқақ, шиғақ, қиғақ,
- сақ, -сек тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: бүпсек, күпсек.
- ша, -ше тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: дүлше, қызылша, белдеуше.
- са, -се тұлғасы арқылы жасалған ауру атаулары: жолаңса, қолаңса.
- қан, -кен тұлғасы арқылы жасалған ауру атауы: теріскен.
Туынды ауру атауларының көп бөлігі жұрнақтар арқылы жасалады. Олар жиырмаға жуық сөзжасамдық жұрнақтың түрлі варианттарымен жасалады. Жоғарыдағы жұрнақтардың көрсеткішінен байқағанымыздай, етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар өнімді қолданылады, мұндай жұрнақтар арқылы жасалған ауру атаулары да мол кездеседі. Ал есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтардың өнімділігі төмен болғандықтан, осы жұрнақтармен жасалған ауру атаулары сан жағынан аз көрсеткішке ие.
Біз зерттеу жұмысымызда жинақталған ауру атауларын құрылымдық ерекшелігіне қарай былайша топтастырамыз:
- дара тұлғалы;
- туынды тұлғалы;
- екі құрамды;
- көп құрамды немес күрделі тұлғалы.
Бұл сөздердің құрылымдық сипатымен сәйкес келеді, әрі тілдегі атаулардың жасалу үрдісімен байланысты.
- Дара тұлғалы ауру атаулары: сарып, таз, күл, шемен, әпсін, бөсір, бәдік, бетеге, жөтел, мешел, соз, оба, маңқа, оқыра, серең, мерез, сом.
- Туынды тұлғалы ауру атаулары: тырысқақ, тілме, теріскен, шешек, іріңдік, ұйқысыздық, теміреткі, қызба, қозба, милық, мылқаулық, меңіреулік, нақұрыстық, соқырлық, сынық, сіреспе, семіздік, жарық, кезік, күйдіргі, кереңдік, қызылша, қызамық, құтыру, бөрткен, баспа, делбе, демікпе т. б.
- Екі құрамды ауру атаулары: ақтаңдақ, ақшам соқыр, алапес, алаөкпе, буынқұрт, шырымталқатпа, безтамақ, бұғақ ауруы, биіктік ауруы, бас ауруы, буын қабынуы, есекжем, жел құз, бастың сақинасы, көксау, көктүйнек, т. б.
- Көп құрамды ауру атаулары: күре тамырдың кеңіп түйінделуі, жүрек бұлшық етінің іруі, мұрынның тілме ауруы, ішек құрты ауруы, қарын мен ұлтабардың ойық жарасы т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz