Еңбек өнімділігін кешенді түрде арттыру жолдары



Кіріспе
1.2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері
1.3. Еңбекті мөлшерлеу түсінігі мен рөлі
1.4. Еңбек мөлшерін функционалды бөлу
1.5. Еңбек шығында құрамы
1.6. Еңбек мөлшерін анықтау әдістері
1.7. Еңбек қарқындылығының басқа экономикалық категориялармен және көрсеткіштермен өзара байланысы.
1.8. Еңбек қарқындылығының түрлері
1.9. Еңбек қарқындылығын тұрақты ету факторлары.
1.10. Еңбек қарқындылығын өлшеу әдістері
1.10.1. Биологиялық әдіс
1.10.2. Психофизиологиялық әдіс.
1.10.3. Әлеуметтік әдіс
1.10.4. Экономикалық әдіс
1.10.5. Жұмыс қарқыны бойынша еңбек қарқындылығын бағалау әдісі.
ІІ бөлім. Кәсіп орын персоналы мен жалақы қорын пайдалануды талдау
2.1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздандырылған талдау
2.2. Жұмыстық уақыт қорын пайдалануды талдау
2.3. Еңбек өнімділігін талдау.
2.4. Кәсіп орын персоналын пайдалану тиімділігін талдау.
Ел президенті студенттер алдында сөйлеген сөзінде «Біз еліміздің экономикалық өсуін негізінен өндіруші сектордың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғарғы қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.
Бірақ та біздің экономика негізінен экстенсивті тұрғыда дамып келе жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән.
Егер біз мұндай ахуалды өзгерте алмасақ, 20-25 жылдан кейін
Қазақстан әлемдік экономиканың шеткі аймағында қалып қоюы мүмкін.
Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдерді сыртқы нарықтарды сұраныс туғызатын жаңа, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жахандық бәсекелес рыноктар жағдайында жұмыс істеуге бағдарланған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше қол жеткізу мүмкін емес».
Елбасының айтқанындай қазіргі нарық жағдайындағы экономикамызда еңбек өнімділігінің деңгейі төмен көрсеткіштерді көрсетеді. Кез – келген кәсіпорын өзінің еңбек өнімділігін арттырып, сол арқылы өз пайдасын арттыруға тырысады.
Еңбек өнімділігі бұл өндіріс процесінде еңбектің тиімділгі. Өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемі мен екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың ара қатынасын түсүнуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды
Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік процесс факторларының шығыны ара қатынасы
Экономикалық қайта құру жылдарында еңбек өнімділігін төмендетудің негізгі себебі қызығушылықтың төмендеуі болды, әсіресе ірі тауар өндірушілердің тек өсуге емес, жеткен деңгейді сақтауға да қызығушылығы төмен болды. Кенеттен бағаны бос жіберудің жағдайында кәсіпорынның технологиялық өзара байланысын анықтайтын монополді сипаты еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс көлемін өсіруге деген ынтасын жойып жіберуге мүмкіндік жасады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ел президенті студенттер алдында сөйлеген сөзінде Біз еліміздің
экономикалық өсуін негізінен өндіруші сектордың дамуына байланысты екенін
түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғарғы
қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі,
ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.
Бірақ та біздің экономика негізінен экстенсивті тұрғыда дамып келе
жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны
шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән.
Егер біз мұндай ахуалды өзгерте алмасақ, 20-25 жылдан кейін
Қазақстан әлемдік экономиканың шеткі аймағында қалып қоюы мүмкін.
Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдерді сыртқы нарықтарды
сұраныс туғызатын жаңа, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр.
Ал бұған жахандық бәсекелес рыноктар жағдайында жұмыс істеуге бағдарланған
жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше қол
жеткізу мүмкін емес.
Елбасының айтқанындай қазіргі нарық жағдайындағы экономикамызда еңбек
өнімділігінің деңгейі төмен көрсеткіштерді көрсетеді. Кез – келген
кәсіпорын өзінің еңбек өнімділігін арттырып, сол арқылы өз пайдасын
арттыруға тырысады.
Еңбек өнімділігі бұл өндіріс процесінде еңбектің тиімділгі. Өнімнің
бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір
өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең
мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемі мен
екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың ара қатынасын
түсүнуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін
болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды
Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік процесс
факторларының шығыны ара қатынасы
Экономикалық қайта құру жылдарында еңбек өнімділігін төмендетудің
негізгі себебі қызығушылықтың төмендеуі болды, әсіресе ірі тауар
өндірушілердің тек өсуге емес, жеткен деңгейді сақтауға да қызығушылығы
төмен болды. Кенеттен бағаны бос жіберудің жағдайында кәсіпорынның
технологиялық өзара байланысын анықтайтын монополді сипаты еңбек
өнімділігін арттыруға, өндіріс көлемін өсіруге деген ынтасын жойып жіберуге
мүмкіндік жасады. Бұл бағаның өсуіне әкеледі, ол өз кезегінде инфляцияны
тудырады, бұрын қалыптасқан шаруашылық байлықтың, көптеген нарық
қатынасушылары үшін қарым-қатынастың бұзылуына және сонымен қатар, еңбек
өнімділігінің әрі қарай төмендеуіне әкеледі. Еңбек
өнімділігі мен тауар өндірісі тиімділігінің мәні және мағынасы
Экономика - бұл қоғам қажеттілігін жоғары қанағаттандыру үшін шектелген
ресурстарды пайдалану жөніндегі ғылым.
Қоғамның материалдық қажеттіліктері шексіз болғандықтан, оларды
толық қанағаттандыруды, мүмкіндігінше, барлық қорларды неғұрлым тиімді
пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. Осылайша, экономика - бұл ең
алдымен тиімділік жөніндегі ғылым. Экономикалық тиімділік ″шығындар-
өндіру″ деген мәселеден тұрады.
Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік процесс
факторларының шығыны ара қатынасы.
Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең
мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемі мен
екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың ара қатынасын
түсүнуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін
болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды.
Ұзақ мерзімді кезеңде мұндай ара қатынастың өсуі тек технологиялық,
энергетикалық, материалдық және қаржылық ресурстарды ғана жақсы
пайдаланғанды емес, соныменн қатар еңбек ресурстарын да жақсы
пайдаланғандығын білдіреді, бұл экономиканың жоғары дамып келе жатқанын
көрсетеді. Ал біршама қысқаша кезеңде мұндай ара-қатынастың дамуы өмір
деңгейі мен сапасының міндетті түрде дамуын көрсетпейді , яғни экономикалық
дамудың әлеуметтік құрамының өсуін көрсетпейді.
Бұл ара- қатынастың азаюы, тек экономикалық құлдырауды ғана емес, сонымен
қатар әлеуметтік құлдырауды да білдіреді.
Жоғарыда айтылып өткендей, өнімділік кең мағынада, еңбек шығындары мен
капитал шығындарын және материалды шығындарды да қамтиды. Ол кез- келген
таза табысқа бағытталған ұйымдарға қолданбалы. Бұл көрсеткіштің мәні –
өнімділігі жоғары елдер материалдық және энергетикалық ресурстары мол
елдерге қарағанда экономикалық көшбасшылар болуында.
Тауарлар өндірісінің тиімділігі еңбек және өндірістік қорларды,
материалдық шығындар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстардың әртүрлі
түрлерін пайдалану жағдайын суреттейтін бірқатар көрсеткіштермен сипатталуы
мүмкін. Мысалы, өндіргіш күштің бір бөлігі болатын негізгі өндірістік
қорларды пайдалану жағдайы қор қайтарымы көрсеткішімен бағалануы мүмкін.
Қор қайтарымы – бұл өндіріс нәтижесінің негізгі қорлар құнына
қатынасы. Негізгі қорлар дегеніміз өндірісте бір жылдан жоғары қолданылатын
натуралды формадағы еңбек құралдары. Бұл көрсеткіш статикада өз деңгейінің
абсолютті мәнінің маңыздылығымен ғана емес, көбірек өз динамикасы арқылы
маңызды. Негізгі қорларды пайдаланудың басқа қорытынды көрсеткіші, қор
сыйымдылығы – негізгі өндірістік қорлардың орташа құнының сатылған өнім
көлеміне қатынасы.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі материал
сыйымдылығымен өрнектеледі –олардың құнының тауарлар мен қызмет құнына
қатынасы. Бұл көрсеткіштің шамасы неғұрлым аз болған сайын сол тауарлардың
белгілі көлемінің өндірісі тиімдірек болады.
Еңбек өнімділігі – бұл өндіріс нәтижесінің оған сәйкес адам еңбегінің
шығынына қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек процесінің тиімділігінің
көрсеткіші.
Еңбек өнімділігінің келесідей түрлерін ажыратуға болады. Дербес еңбек
өнімділігі – бұл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның өндірістік
бөлімінің өнімділігі; локальды еңбек өнімділігі – аймақтағы немесе саладағы
еңбек өнімділігі; қоғамдық еңбек өнімділігі – бұл халық шаруашылығы
бойынша, толығымен ел экономикасының еңбек өнімділігі.
Кез- келген еңбек өндіріс к2езінде затқа айналады, мұндай болуы үшін, ол
бірінші кезекте, макроэкономикалық деңгейде және ұзақ мерзім кезеңінде
еңбек өнімділігін экономика бойынша тауарлар өндірісінің тиімділігін жанама
түрде көрсетуі керек. Сондықтан, қоғамдық еңбек өнімділігін тиімділіктің
интегралды көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Жалпы экономикалық еңбек
өнімділігі барлық халық шаруашылығы тиімділігінің коэффициенті ретінде
жүреді. Соның ішінде еңбек өнімділігінің динамикасы экономикалық
процестердің, қоғамдық, мемлекеттік басқарудың алдыңғы қатарда екенін
көрсететін дәрежесі мен тікелей байланысын жанама сипаттайды. Қоғамдық
өнімділіктің динамикасы мен жағдайын бақылау экономиканы мемлекеттік
реттеудің маңызды функциясы болып табылады.
Бірақ, нақты кәсіпорында, салада немесе елде, сол уақыт аралығында өнім
мен қызмет массасының нәтижесінің өзгеруі еңбек өнімділігінің өсуінен ғана
емес, сонымен бірге қарқынды еңбекке байланысты өзгерістің нәтижесі болуы
мүмкін. Еңбек қарқындылығы мен қауырттылығы - бұл уақыт бірлігінде
жұмыскерлер жұмсайтын адам ағзасындағы энергияның саны.
Еңбек процесіндегі бұл көрсеткіштің физиологиялық сипаты бар, бірақ ол
өндірісте әлеуметтік-еңбек қатынастарын және оның жағдайын көрсетеді. Еңбек
қарқындылығының еңбек өнімділігінен негізгі айырмашылығы келесідей. Еңбек
өнімділігінің өсімі өнім бірлігіне жұмсалатын денелік энергия шығындарының
азайғандығын білдіреді. Бұл энергия шығыны көп тауар өндіруге мүмкіндік
береді. Еңбек қарқындылығының өсімі өнім бірлігіне жұмсалатын энергия
шығындарын өзгеріссіз қалдырса да, бірақ бірлік уақытта оның көлемі
ұлғаяды. Сондықтан жұмыс қарқындылығының шамадан тыс өсімі жұмсалатын
энергия көлемі бойынша жұмыс күнінің ұзақтығының ұзаруына тепе-тең.
Еңбектің қауырттылық деңгейі уақыт бірлігінде жұмысшылардың жұмыс
ырғақтылығының, жұмыскерлердің атқаратын функция санының, олардың қызмет
атқаратын машиналар санының мөлшерімен анықталады.
Еңбек қарқындылығының деңгейі оны ұйымдастыру түріне, еңбек ақы және
оны мөлшерлеуге, табиғи-биологиялық факторларға (климат, жынысы, денсаулық
жағдайы); әртүрлі ұлттық-тарихи жағдайларға, сондай-ақ осы кезеңдегі еңбек
қатынасына тәуелді.

Еңбек қарқындылығының критерийі ретінде белгілі бір жұмыс кезеңінде
немесе жұмыскердің еңбек іс-әрекеті кезеңінде оның жұмысқа деген
қабілеттілігін біртекті сақтауға мүмкіндік беретін деңгейі қабылданады.
Еңбек өнімділігі жөнінде айтқанда, біздің қоғамымызда бұл сұрақтың
маңыздылығы материалды игіліктер мен қызметті тұтынудың жан басына
шаққандағы орташа шамасының артуының жоғары қажеттілігімен анықталады. Бұл
мақсатқа жету үшін, еңбек өнімділігі деңгейін арттырудың басқа жолын
пайдалану өндірісте тиімсіз, өйткені, нәтижесінде олар белгісіз сыртқы
экономикалық тәуелділікке соқтырады, бірақта бұл жағдайда да проблемаларды
шеше алатындай мүмкіндік болмайды.
Қоғамдық өндіріс тиімділігін арттырудың маңызы экономика үшін әрқашан
өзекті, әсіресе өндірістің ұзақ мерзімді құлдырауы кезеңінде оның дамуы өте
маңызды болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімділікті басқару технологиясын
жасайтын арнайы мекемелер қызмет етеді. Мысалы, Батыс Еуропада еңбек
өнімділігінің көптеген ұлттық орталықтары өнімділіктің ұлттық орталығының
Еуропалық ассоциациясы болып бірігеді.Оңтүстік-Шығыс Азияда еңбек
өнімділігінің Азиялық ұйымы, АҚШта-еңбек өнімділігінің Американдық орталығы
қызмет етеді.
Сонымен қатар, жоғарыда келтірілгендерден басқа тиімділікті арттырудың
басқаша түсінігі болуы мүмкін екендігін естен шығармау керек. Италияндық
экономист Вильфред Парето (1848-1923) атымен байланысты, мұндай түсінік
келесідей түрде болады.″ Біреулер үшін нашар болмай, өз жағдайын жақсарта
алмаса , ресурстардың тиімді орналасқаны ″.
Мұны түсіну үшін өндірістік мүмкіндіктер шегі деген ұғым қолданылады.
Өндірістік мүмкіндіктер шегі -бұл нақты экономикадағы білім мен
ресурстардың көмегімен нақты тауар түрін өндірудің максималды мүмкін
көлемі, ал басқа тауарлардың көлемі бұл жағдайда тұрақты түрінде қалады.
Келтірілген сызбанұсқаға түсінік берейік. Экономикалық теорияда ол
абстракты мысалға сәйкес тұжырым бойынша түсіндіріледі. Қазіргі жағдайда,
экономиканың көп түрлілігі 1 екі сала Ох және Оу түрінде көрсетілген.
Парето бойынша өндірістік мүмкіндіктер доғасында орналасқан (Э, Э2) кез
келген нүкте ресурстардың тиімді орналасқандығын білдіреді, біздің
мысалымызда мұндай нүктелер Э және Э2. Доғамен шектелген сектор ішіндегі
кез-келген нүкте олардың тиімсіз орналасқандығын білдіреді, біздің
мысалымызда мұндай нүкте Н. Өндірістік потенциал секторының сыртында
орналасқан 3 нүктесі өндірістік мүмкіндіктің секторының шегінен тыс
орналасқан, бұл экономика үшін қол жетпейтін жағдайды көрсетеді.
Осылайша Парето тұжырымдамасы тауарлар өндірісінің ресурстарын бөлуді
бағалауға әкеледі. Егер экономикада басқа тауарларды шығаруды
төмендетпей, қандайда бір таурларды көп өндіру мүмкіндігі болмаса, бар
ресурстар тиімді бөлінген болып табылады.
Бұл теорияда, шынында, өндіріс тиімділігі тек тауарларды шығару үшін
керек ресурстарды бөлу жағынан ғана кең түсіндіріледі. Өндіріс шеңберінде
тиімділікті талқылау келесідей болып қарастырылады. Берілген көлемді оны
өндірушілер арасында қайта бөлу жолымен нақты игіліктің көлемін өндірудің
жиынтық шығындарын төмендету арқылы іске асыруға мүмкіндік болмаса, онда
мұндай салалық өндіріс тиімді болып табылады. Бұл жағдайда барлық
өндірушілерде шектік шығындар тең болады.
Технологиялық тиімділік түсінігі басқаларға қарағанда өзгешілігімен
көзге түседі. Егер өнім көлемін аз ресурстармен өндіре алатын әдіс болмаса,
онда бұл жағдайда қолданылатын өндіріс әдісі технологиялық тиімді болып
табылады. Берілген ресурстар көлемінде өндірілген өнім көлемі максималды
болса, онда технологиялық тиімділікке қол жеткізілді деп саналады.
Экономикалық тиімділік шығынның альтернативті құнын азайтатын өндіріс
әдісі ретінде анықталынады, басқаша айтқанда, шығынның минималды құны
болады.

7.2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің
еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар
өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге
асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.
Экономиканың кез-келген бөлігінде, әрбір шаруашылық жүйеде,
өнімділікті өлшеуде, өндірістің іс- әрекетінің нәтижесін, яғни өндірілген
тауарлар көлемін мүмкіндігінше дәл өрнектеуді қамтамасыз ету маңызды.
Әсіресе сала, кәсіпорын, жекелеген шаруашылық субъект деңгейінде өнім,
қызмет, жұмыс көлемін неғұрлым дәл өрнектейтін натуралды көрсеткіштер болып
табылады. Өнім түрлері ұқсас өндірістерде, еңбек өнімділігін бағалауда,
өнімді өлшеудің шартты-натуралды бірлігі қолданылады. Бұл үшін тауарлардың
ұқсас түрлері, техникалық параметрлер және тұтынушылық қасиеттердің
айырмашылығын көрсететін коэффициенттердің негізінде, алдын-ала
анықталынған тауарлар өкілі деп аталатын бірлікте өрнектеледі (мысалы, 15
күшті тракторлар, 4-білікті вагондар, жақсартылған шойын, шартты
портландцемент және т.б.)
Өнім, жұмыс және қызмет көлемінің өнімділігін натуралды немесе
шартты-натуралды бірлікпен өлшегенде, келесідей формула қолданылады:

Ө=T ЕШ

мұндағы: Т-тауарлар көлемі
ЕШ-еңбек шығындары

Бірақ, бұл тәсілді пайдалану облысы аз, өйткені олар әр түрлі өнім
және қызмет өндірісінде еңбек өнімділігін салыстыру үшін қолдануда
қолайсыз. Еңбек өнімділігін салалық салыстыру кезінде натуралды және шартты-
натуралды көрсеткіштердің қисыны келмейді. Еңбек өнімділігін өрнектеудің
бұл екі түрі, экономиканы макроэкономикалық реттеуде жеткілікті икемді және
кең қолданыл- майды.
Сондықтан, еңбек өнімділігін өлшеудің неғұрлым кең тараған жолы
өндірілетін тауарлар көлемін құндық, ақшалай бірлікте өрнектеу. Әртүрлі
кезеңдерде біркелкі өндірістердің деңгейлерін салыстыру және оған
инфляцияның әсерін болдырмау үшін есептеу жүргізу салыстырмалы бағада
жүзеге асырылады. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің құндық көрсеткіші оның
нақты мәнін асырып жібермес үшін, оны қайталап есептеуді болдыртпау үшін
керек.
Осы мақсатта өндіріс көлемінің көрсеткіші ретінде өндіріс
факторларымен өндірілетін жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), сол елдің азаматтарына
тиісті соңғы тауарларының жиынтық құны болып табылады. Немесе жалпы ішкі
өнім (ЖІӨ)-сол елдің аумағында орналасқан өндіріс факторларымен өндірілген
соңғы тауарлардың жиынтық құны ретінде қолданылады.
Ұқсас екі көрсеткіштің әрқайсысы әрбір шаруашылық субъектілердің
қосымша құн жиынтығын көрсетеді. Қосымша құн- осы кәсіпорынның сатылған
өнімнен түскен табысы мен бұл тауар өндіру үшін сатып алынған материалдар
құнының арасындағы айырмашылық. Басқаша сөзбен айтқанда, ЖҰӨ (ЖІӨ) алу үшін
табыстан материалдық шығындарды шегеру қажет.
Бұл көрсеткіштің жақсы қасиеті өнім өндірісінің энергия сыйымдылығы,
материал сыйымдылығы өскенде, оның шамасының азаюында. Басқа жағдайда,
материал сыйымдылығы жоғары болған сайын, қосымша құн аз болады, сәйкесінше
сол өнім көлеміне адам еңбегі аз мөлшерде сай келеді, осылайша, өнімнің
барлық көлемінің құндық құрылымында өнім бірлігіне тиісті адам еңбегінің аз
шығыны байқалады.
Егер А кәсіпорындағы еңбек өнімділігін ЕӨа=ҚҚаСа-пен өрнектесек,
мұндағы ЕӨ- еңбек өнімділігі, ҚҚ- қосымша құн, С- жұмысбастылар саны,
онда, сәйкесінше Б кәсіпорнындағы еңбек өнімділігін келесідей етіп
өрнектеуге болады. ЕӨб=ҚҚбСб. Базалы кезеңде Са=Сб, ал ЕӨа=ЕӨб болса,
онда ҚҚа=ҚҚб. Бірақ ҚҚ=Т-М анықтамасы бойынша, мұндағы Т-табыс, ал М-
материалдық шығындар және екі кәсіпорыннан алынған бұл көрсеткіштер
сәйкесінше өзара тең болғанда Та=Тб және Ма =Мб. Келесі кезеңде материал
сыйымдылығы (М) “Б” кәсіпорнында өсті делік және “А” кәсіпорнына қарағанда
көбірек болып (МдМб), ал адам еңбегінің үлесі, сәйкесінше, төмендеп, бірақ
табыс екі кәсіпорында да бұрынғыдай болды делік. Онда бұл кезеңнің
қорытындысы бойынша ҚҚаҚҚб көреміз. Сәйкесінше, басқа бірдей жағдайда
ЕӨаЕӨб екенін анықтаймыз.
Осылайша, қосымша құн арқылы өрнектелген еңбек өнімділігі көрсеткіші,
материал сыйымдылығы өсімін өз деңгейінің төмендеуімен көрсетеді, ал
материал сыйымдылығының төмендеуі және өнім бірлігіне адам еңбегі санының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің жоғарылауымен өрнектеледі.
Бірақ, еңбек өнімділігін өлшеу тәсілін мүмкіндігінше, тек материал
сыйымдылығына қатысты емес, өнімнің қор сыйымдылығы динамикасына кері
байланысты ұсынатындай етіп таңдау қажет. Сондай-ақ, қор сыйымдылығы
өскенде еңбек өнімділігі шамасының кемуін және керісінше тауар бірлігіне
капитал сыйымдылығы төмендегенде, оның өсуін қамтамасыз ететіндей болуы
керек .
Еңбек өнімділігін бұлайша есептеу үшін таза ұлттық өнім (жалпы ұлттық
өнім мен амортизациялық бөлінулер арасындағы айырмашылығы) қолданылуы
мүмкін. Онда бұл көрсеткіш жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық бөлінулерді
шегеру арқылы қалыптасады және адам еңбегінің қайтарымын неғұрлым дәл
өлшейтіндей етеді. Шын мәнінде, тауар өндірісінде қолданылған негізгі
қорлар құны жоғары болған сайын, бірдей жағдайда оның қор сыйымдылығы
жоғары болады, яғни өнім бірлігіне немесе бекітілген өнім көлеміне
амортизациялық бөлінулер жоғары болады. Сәйкесінше, амортизациялық
бөлінулер жоғары болған сайын ЖҰӨ-нен үлкен шама шегеріледі де, сол өнім
көлемінің жалпы құнындағы таза ұлттық өнім аз болады, сәйкесінше осы
көрсеткішпен өлшелінген еңбек өнімділігінің деңгейі төмендейді. Қор
сыйымдылығы аз болған сайын, өнім бірлігі, таза ұлттық өнім көп болады,
сәйкесінше, осы көрсеткішпен өрнектелген еңбек өнімділігінің деңгейі жоғары
болады. Осылайша, ол жоғарыда көрсетілгендей (ЖҰӨ) өнім бірлігіндегі
адам еңбегі қайтарымының деңгейін көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, еңбек өнімділігінің көрсеткіштері адам еңбегін
қолдану тиімділігін ғана емес, затқа айналған (негізгі қор, капитал түрінде
ұсынылғандар, сондай-ақ материалдық айнамалы қоры - ішкі зат және материал
түрінде көрсетіледі) еңбек белгісінің тиімділігін көрсетеді.
Жалдамалы жұмыскерлердің нақты еңбегінің тиімділігін, кәсіпорын
басқарушыларының тапқырлығын көрсететін, неғұрлым тура көрсеткіш ұлттық
табыс болып табылады.
Ұлттық табыс - бұл өндіріс факторлары иелерінің өндірістегі үлесі үшін
алатын табыстарының жиынтығы. Бірақ, қазіргі жағдайда бізді қызықтыратыны -
бұл таза ұлттық өнім мен тауар бағасын өсіретін жанама салық арасындағы
айырмашылық (шаруашылық қызметті жүргізу үшін рұқсатқа төлемдер, қосымша
құн салығы, акциздер, сатуға салық және т.б.).
Еңбек өнімділігін бағалаудың бұл түрлері бөлшектің тек алымына ғана
қатысты. Бірақ бұл қатынастың бөлімін, яғни еңбек шығындарын табуда неше
түрлі амалдар қолданылуы мүмкін.
Еңбек шығындары немесе тауар өндірісіндегі жұмыс күшінің шығындары -
бұл бір жұмыскерге қатысты алынған жұмыс уақытының шығындары. Ол адам-
сағат, адам-күн бірлігімен өлшенеді. Сонымен қатар, бұл кезде еңбек
қарқындылығы тұрақты деп қарастырылады.
Еңбек өнімділігі, мысалы бір адам-сағат уақытында өндірілген сағаттық
өнім арқылы анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда, барлық жұмыс кезінде жұмыс
уақытын пайдалану сипаты ескерілмейді.
Күндік өнімділік, яғни атқарылған адам-күнде шығарылған өнім, ауысым
кезінде жұмыс уақытының пайдалану жағдайын көрсетеді, мерзімнен тыс
жұмыстарды немесе ауысым ішіндегі тоқтауларды ескереді, бірақ - ай, квартал
немесе жыл ағымындағы жұмыс уақытының пайдалану жағдайын көрсетпейді.
Жылдық өнімділік бір жылдағы орташа тізімдік бір жұмыскердің шығарған
орташа өнімі арқылы анықталынады және жұмыс уақытының жылдық қорының
барынша жоғары пайдалану деңгейін, оған күндік тоқтатулар ықпалын, жұмысқа
шықпауды, әр түрлі себептер бойынша демалыстарды, ереуілдерді және т.б.
әсерін көрсетеді.
Еңбек шығындарының өндіріс нәтижесінің бірлігіне қатынасы өнімнің еңбек
шығындылығын өрнектейді және жоғарыда аталып өткендей, еңбек өнімділігінің
кері көрсеткіші-еңбек сыйымдылығы арқылы көрсетіледі.
Еңбек сыйымдылығы-бұл өндірілген тауар бірлігіне жұмсалған еңбек
шығындарының шамасы. Ол өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмсалған адам-сағат
санымен есептеледі.
Еңбек өнімділігінің жоғарыда аталған көрсеткіштері макроэкономикалық
деңгейінде, сондай-ақ кәсіпорын деңгейінде қолданылады.

Кәсіпорын деңгейіндегі макроэкономикалық көрсеткіштерге ЖҰӨ-не қосымша
құн көрсеткіші сәйкес келеді, сондай-ақ ол қосымша өңдеу құны деп те
аталады. Ол сатуға жіберілген өнім құнынан өндіріс процесінде қолданылған
шикізат, материал, сырттан алынған жартылай фабрикат, энергия және жылу
құнын шегеру арқылы анықталынады.
Ұлттық табысқа сәйкес көрсеткіш ретінде, кәсіпорында жалпы табысты
алуға болады. Ол сатылған өнім құнынан материалдық және энергетикалық,
басқада оған тең шығындар құнын, сондай-ақ, негізгі қорлардың амортизация
сомасын шегеру арқылы анықталынады. Сонымен, жалпы табыс - кәсіпорынның
өндірістік-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесінің жалпы көрсеткіші. Өзінің
экономикалық мазмұны бойынша таза өнім көрсеткішіне жақын. Онда өндіріс
процесінде қайта пайда болған құн мен кәсіпорын жұмыскерлерінің нақты
еңбегінің нәтижесі бар. Ол мәні бойынша еңбек ақы қорынан және таза
табыстан тұрады. Таза табыс-бұл салықтарды, бюджетке және басқада
мемлекеттік қорларға төлемдерді төлегеннен кейінгі кәсіпорынның қарамағында
қалатын табыс. Сондай-ақ зерттеу және әдістемелік мақсатта шекті немесе
бастама еңбек өнімділігі деп аталатын түсініктің қолданылатынын атап өту
керек. Шекті еңбек өнімділігі (шекті, бастама еңбек өнімі) - бұл қосымша
еңбек бірлігін қолданудан алынған, кәсіпорын шығаратын өнімнің заттай
өрнектелген қосымша өнімі. Сандық қатынаста, ол өндірісте қызмет ететін
барлық еңбек бірлігіне қатысты есептелетін, еңбек өнімділігінің орташа
мәнімен толығымен сәйкес келмеуі мүмкін. Шекті еңбек өнімділігінің
динамикасы басқа бастамалық шамалар сияқты кемімелі қайтарым деп аталатын
заңға бағынады. Бұл жетілген бәсеке нарығында, басқа бірдей жағдайларда,
өндірістің басқа факторларының бекітілген шамасында, сол өндірістегі еңбек
бірлігінің артуымен әрбір еңбек бірлігінің шекті өнімділігі алғашқы кезде
өседі, бірақ бұл бірліктің бір санынан кейін, керісінше, төмендейді. Шекті
(бастама) шамалар және оның динамикасы нарықтық байланыстардың теориялық
моделдерін қарастыруда қолданылады.

7.3. Еңбекті мөлшерлеу түсінігі мен рөлі

Сөздің кең мағынасында, еңбекті мөлшерлеу - бұл еңбек шығындарын
макроэкономикалық - жалпымемлекеттік немесе аймақтық, сондай-ақ
микроэкономикалық - салалық немесе ішкі фирмалық деңгейде реттеу,
регламенттеу.
Еңбек мөлшерінің маңызды аспектісі - еңбек нарығы механизмінің
негізгі элементтерінің бірі болып табылуында.
Еңбектің сыртқы нарығында еңбек қызметінің ұсынысын немесе сұранымын
ұсыну, оның саны және сапасы бойынша нақтылығын білдіреді. Осылайша, жұмыс
күнінің бағасы сол жұмыс түрі көлемінің салыстырмалы тұрақты түрінде
келісіліп бекітіледі. Бұл көлемнің жұмыскер үшін барынша объективті шегі,
еңбек процесінің ұзақтығы мен қарқындылығы бойынша шектеулері болады.
Олардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік және техникалық сипаты болады.
Еңбекті мөлшерлеуге мемлекет қатысуының басты себебі жұмыс уақытын
пайдаланудың негізгі параметрлерін реттеу. Әр түрлі параметрлері бар жұмыс
күшін пайдалану шегі, әдетте, институтты, құқықтық сипатта болады.
Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі Заңында жұмыс аптасының барынша
ұзақтығын 40 сағат деп бекітеді, ал 16-18 жастағы жұмыскерлер үшін және
денсаулыққа зиянды жағдайда жұмыс істейтіндер үшін - 36, ол 14-16 жасқтағы
жұмыскерлер үшін -24 сағат. Еңбек заңының бірқатар ережелері
кәсіпорындарда күннің ішкі тәртібінде қарастырылады. Сонымен қатар,
жалдамалы еңбек ережесінің шегін ғана емес, демалыстың ең кем параметрлері
де бекітілген. Сондай-ақ жұмыскерлерге жыл сайын 24 күнтізбектік күннен кем
емес мөлшерде ақылы демалыс ұсынылуы керек, кей жағдайда оданда көп
демалыстар беріледі (ҚР еңбек жөніндегі заңы. -Алматы: Юрист, 2003, 19, 22-
23 бет.).
Кәсіпорындарда мөлшерлеу әдісін қолдану әрі қарай дамуда және ол әдіс
бөлшектенеді . Еңбек қызметін сату және сатып алу актісі олардың уақыты,
кезектілігі, мазмұны және көлемі бойынша анықталуына қарай бағаланады.
Осылайша, еңбекті мөлшерлеу сыртқы еңбек нарығына ғана емес, көп жағдайда
ішкі еңбек нарығы үшін негіз болып табылады. Бұл жерде, еңбекті мөлшерлеу
еңбек ақыны ұйымдастырудың басты құралына айналады. Еңбек ақы мен сыйлық
ақының барлық жүйесі еңбек қызметінің нақты және нормативті нәтижесін
салыстыруға негізделген.
Бірақ, еңбекті мөлшерлеу еңбек процесін ұйымдастырудың бірден бір
құралы бола отырып, барлық өндірістік процесті анықтайды. Бұл еңбекті
мөлшерлеудің екінші аспектісі өндірістің басқа факторларымен көбінесе,
капиталмен еңбек арасындағы тиімді қатынастың әрбір технологиясын
қалыптастыруда оның үйлестірушілік рөлімен анықталады. Сонымен қатар,
мөлшерлеу тауарды өндірудің берілген көлемін жоспарлауда, сол технология
кезінде еңбек санын және басқада керекті өндірістік ресурстар қажеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді. Өндірісте қойылған мақсатқа жету, бір
жағынан, энергия және материал, станоктардың, еңбек операциялары санынының
арасындағы қажетті ара қатынасын сақтауға тәуелді, екінші жағынан, сондай-
ақ, өндірістік аудан мөлшеріне байланысты. Осылайша, еңбекті мөлшерлеу
технологиялық және ұйымдастырушылық дайындықтың, сондай-ақ кәсіпорынды
ағымды басқару және өндірісті толығымен ұйымдастырудың маңызды бағыттарын
ұсынады. Өндірістің ұйымдастырушылық немесе технологиялық элементінің кез-
келген мәнінің өзгеруі еңбектің жаңа мөлшерін жасау қажеттілігіне әкеледі.
Кәсіпорында еңбекті мөлшерлеу - бұл өндірісте қолданылатын қорларға
сәйкес өндірістік процесс кезінде белгілі бір операциялар мен жеке
жұмыстарды орындауға кететін еңбек шығындарының тиімді деңгейін анықтау
және сақтау.
Өндіріс құралдары - бұл өндіріс процесінде қолданылатын заттық және
энергетикалық элементтердің жиынтығы. Өндірістік бағытқа қарай олар еңбек
құралдары мен заттарына бөлінеді. Еңбек құралдарын мөлшерлеу үшін, еңбек
саймандарының мәні ерекше. Оған жататындар: жұмыс машиналары,
қозғалтқыштар, берілетін және реттейтін құрылғылар.
Неғұрлым тиімді пайдалану, яғни жұмыс бірлігіне адам капиталын және
физикалық энергияны үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін еңбек шығындары
оптималды деп есептеледі.
Еңбекті нақты мөлшерлеу- белгілі бір технология мен жұмысты
ұйымдастыру барысында кәсіпорында еңбек қарқындылығының нормативті деңгейін
анықтайды. Ал белгілі бір еңбек қарқындылығында жеке жұмыс орны үшін, еңбек
өнімділігінің нормативті деңгейі жеке және ұжымдық жұмыс бірлігінің еңбек
сыйымдылығының шамасы түрінде беріледі.
Еңбекті мөлшерлеуге, қазіргі кезде, Қазақстанда мемлекеттік ықпал ету
жалпылама және тым кең шеңберде ғана қанағатталынып отыр. Әлеуметтік
нарықтық экономиканың тұжырымдамасында, мемлекет еңбекті мөлшерлеудің
әлеуметтік қорғаныс функциясын жүзеге асыра отырып, едәуір рөл ойнайды. Ол
еңбек шартын қорғауда және еңбек қарқындылығының физиологиялық және
әлеуметтік қолайсыз деңгейіндегі қиянатшылдықты болдырмауға бағытталған.
Заңды негізін қамтамасыз ету және жеке еңбек, сондай-ақ, оның шартын
мөлшерлеу шеңберіндегі белгілі бір стандарттарды жүзеге асыру мемлеккеттің
құзыры болып болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттің бұл функциясы
Конституция баптарында белгіленген.
Еңбектің негізгі параметрлері мен нормативті шарты тікелей шаруашылық
субъектілерінде қалыптасады да, кәсіпорында менеджмент функциясының,
еңбекке микроэкономикалық ықпалын орындауын ынталандыратын және
ұйымдастыратын құрал болып табылады. Көбінесе, олар екі жақты ұтымды
келісімді жасау, сондай-ақ трипартизм негізінде жұмыс беруші мен жұмыс
алушы арасындағы әлеуметтік серіктестіктің нәтижесінде қалыптасуы мүмкін.
Өндірістің циклдық құлдырауы кезінде, әсіресе, мәжбүрлі толық емес
жұмысбастылық уақытында кәсіпорында еңбекті мөлшерлеудің маңыздылығы
төмендейді, экономикалық өсу шартында, еңбекке сұраныстың өсуі сақталынған
жағдайда жұмыс күшінің бағасы, еңбекті ұйымдастыру мәні және оны тиімді
мөлшерлеуге қажеттілік артады.

7.4. Еңбек мөлшерін функционалды бөлу

Еңбекті мөлшерлеудің негізгі түрлері өзінің функционалды бағыты
бойынша уақыт мөлшері, өнімділік мөлшері, қызмет көрсету мөлшері болып
табылады.
Жеке уақыт мөлшері - бұл берілген техникалық жағдайда және белгілі бір
квалификациядағы бір жұмыскердің жұмыс бірлігін (өнімін) орындауға
жұмсалған жұмыс уақыты.
Ұжымдық кешенді уақыт мөлшері (іріленген, операциялар кешеніне)-
берілген техникалық жағдайда белгілі бір жұмыскерлер тобының, олардың
квалификациялық құрылымын ескергенде, жұмыс бірлігін орындау үшін
бекітілген жұмыс уақыты.
Уақыт мөлшері (еңбек сыйымдылығының мөлшері) әдетте адам-минут, адам-
сағатпен өлшенеді.
Еңбекті мөлшерлеуде ескерілетін жұмыс уақыты оның белгілі бір еңбектің
түрлеріне қарай топталу мүмкіндігі.
Даярлық-қорытынды уақыт (ДҚУ) - бұл жұмыс тапсырмасын орындауға
керекті дайындыққа кететін және соңғысын аяқтауға қажетті уақыт. Оған
келесідей әрекеттер орындауға кететін уақыттар кіреді: технологиялық және
есепке алу құжаттары, қажетті арнайы құралдар мен құрылғыларды алу,
сызулармен танысу, нұсқау алу, жұмыс соңында құралдар мен құрылғыларды
өткізу және т.б. Уақыттың бұл түрінің шамасы жұмыс көлеміне тәуелді емес.
Оперативті уақыт (ОУ)- еңбек затының өзгеруіне және сол өзгеріске
жұмсалатын қосалқы әрекеттерге қажетті уақыт. Сондықтан оперативті уақыт
қосалқы (К) және негізгі (Н) уақыттан тұрады. Қосалқы уақыт - бұл, мысалы,
дайындаманы бекітуге, шикізатты салуға, дайын өнімді алуға, станокта кесу
режимін өзгертуге жұмсалатын және т.б. уақыттар. Негізгі уақыт-
(технологиялық) - еңбек затының заттық құрамын, оның қасиетін, жағдайын,
мөлшерін, түрін қайта қалыптастыруына кететін уақыттың мөлшерімен өлшенеді.
Жұмыс орнына қызмет ету уақыты (ЖОҚ) - құрал-жабдықты күтуге және
жұмыс орнын ретке келтіруге жұмсалатын уақыт. Жұмыс орнына қызмет көрсетуді
екі түрге бөлуге болады -техникалық және ұйымдастырушылық. Біріншісі, нақты
жұмыс тапсырмасын орындаумен байланысты, мысалы, құрал-жабдықты арнайы
жайғастыру және т.б. Екіншісі тапсырманың (тазалау, майлау және т.б.)
ерекшелігіне қарамай жұмыс ауысымының ағымында құрал-жабдықты күту.
Сәйкесінше ЖОҚ техникалық қызмет көрсету (Тех) уақыты және ұйымдастырушылық
қызмет көрсету уақытына (Ұ) бөлінуі мүмкін.
Жұмыс уақытының құрамында регламенттелген үзілістер (РҮ) уақыты
бөлінеді. Ол сондай-ақ техникалық үзілістерден (ТҮ) және жеке қажеттілік
пен демалыс (ЖҚД) уақытынан тұрады. Мәжбүр болған техникалық үзілістер
құрал-жабдықтың орнатылған тәртібіне сәйкес негізделген. Жеке қажеттілік
пен демалыс уақыты жеке бастық гигиенаны және жұмысқа қабілеттілікті
сақтауға арналған. Және ТҮ және ЖҚД уақыт мөлшерін жасау кезінде
ескеріледі.
Регламенттелмеген үзілістер уақытына - өндірісте белгіленген
ұйымдастыру және технологияның бұзылуынан болатын тоқтатулар уақыты жатады.

Уақыт мөлшері еңбек шығындарының айқындалған мөлшеріне жатады, осымен
оның функционалды бағыты анықталады.
Өнімділік мөлшері - бұл белгілі бір техникалық жағдайда және сәйкес
квалифиликакциялы жұмыскерлер тобының (өнімділіктің ұжымдық мөлшері)
немесе бір жұмыскердің (өнімдліктің жеке мөлшері) уақыт бірлігінде орындау
немесе дайындау үшін бекітілген өнім бірлігінің саны немесе жұмыс көлемі.
Өнімділік мөлшері көбінесе натуралды бірлікпен өлшенеді және уақыт
мөлшеріне кері пропорционалды шама болып табылады.
Өнімділік мөлшерінің жалпылама варианты ретінде мөлшерленген тапсырма
қабылданады.
Мөлшерленген тапсырма - бұл тек заттай бірлікте ғана емес, еңбек
шығындарының бірлігінде (мысалы, адам-сағат) немесе ақшалай түрде
бекітілетін берілген уақыт аралығында бригада немесе жеке жұмыскер
орындайтын жұмыс көлемі. Өнімділік мөлшері еңбек нәтижесін айқындайтын
мөлшерге жатады, сондықтан да оның функционалдық рөлі осында көрінеді.
Қызмет көрсету мөлшері уақыт бірлігінде берілген техникалық жағдайға
сәйкес квалификациялы жұмыскерлер тобымен (қызмет көрсетудің ұжымдық
мөлшері) немесе бір жұмыскермен (жеке адамның қызмет көрсету уақыты) қызмет
көрсететін бірдей өндірістік объектілердің, жұмыс орнының, басқада
жұмыскерлер мен жұмыс орындарының , өндірістік алаң бірлігінің,
станоктардың санын анықтайды. Жұмыс көлемінің негізгі сипаттамасы ретінде
оның атқаратын аумағы анықталынады. Мұндай амал көмекші жұмысшылар
(қалақшылар, реттеуші) үшін ғана емес, сонымен бірге, мысал үшін, бір
тоқымашымен қызмет көрсететін станоктардың санын анықтағанда, негізгі
жұмысшылар үшін де қолданылады. Мәні бойынша қызмет көрсету мөлшері - бұл
өндіруші объектілердің қызмет істеу жағдайын қамтамасыз ету бойынша
жұмыстың, еңбек іс-әрекетінің мөлшері.
Басқарушы қызметкерлер үшін арнайы қолданылатын қызмет көрсету
мөлшерінің бір түрі ретінде басқарушылық мөлшері қарастырылады.
Басқарушылық мөлшер - бұл сәйкес мамндығы бар бір жетекшіге белгілі бір
ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда басқаруға берілетін жұмыскерлер мен
әкімшілік бөлімшелерінің саны. Мұнда, сондай-ақ басқарушылық мөлшері,
шын мәнінде жұмыскерлердің белгілі бір санының жұмысын басқару бойынша
еңбек мөлшері екендігін анықтап алған жөн.
Қызмет көрсету мөлшері - бұл өндірістік процесте еңбек затының еңбек
өніміне тікелей технологиялық өзгеруіне байланысты өндіріс процесін
сипаттайтын параметрлер. Олардың функциясы технологиялық әсер ету үшін
мақсатқа сай шартты ұстап тұру бойынша жұмысты реттеу.
Қызмет көрсету мөлшері жұмыскер күшін дұрыс пайдалану болып табылады.
Сонымен қатар, олар өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру тиімділігін сипаттайды
және анықтайды, кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының мөлшерін
көрсетеді, жұмыскерлер тобы мен әртүрлі категорияларының санының арасындағы
ара- қатынасқа ықпал етеді, сондай-ақ жұмысшылар саны мен өнім көлемінің,
құрал-жабдықтар және өндірістік алаң арасындағы қатынасқа ықпал етеді.
Сондықтан, олардың функциясы көбінесе, еңбек процесінің ұйымдастырушылық
құрылымын реттеуден тұрады.

7.5. Еңбек шығындарын өлшеу: мәні және негізгі

құрамы
Еңбекті мөлшерлеу өндірісті толық ұйымдастыру, тұрақты жетілдіру,
еңбекті ұтымды ұйымдастыру жобасының негізгі, маңызды салдары болып
табылады.
Еңбек шығындары бір уақытта екі түрде жүзеге асады: жұмыскерлердің
энергия шығыны мен оның жұмыс уақытының шығындары түрінде. Бұл екі түр
жұмыскерлердің шеберлігі мен білімі (біліктілігі) сияқты еңбек шығындарының
маңызды сипатымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Сондықтан, жұмыскер
еңбегінің шығындарын уақыт немесе энергия шығындарының жиынтығы ретінде
анықтай отырып, жұмыскердің квалификациясын, берілген еңбек түрінің
күрделілігі мен интеллектуалды құрамын ескеру қажет.
Бұл сөздің жай мағынасында, білім және шеберлік әдеттегідей жұмсалмайды.
Олар қор сақтаушысында азаймай, тауар өндірісі процесінде жұмсалынады. Оны
толықтырмаса немесе жаңартпаса квалификация рухани ескеруі мүмкін, бірақ
бұл азаюды емес, жетіспеушіліктің пайда болуын көрсетеді. Еңбек затына
әсер ету процесінде адам капиталы өндірілетін өнімге өтеді, cонымен
қатар ол уақыт өткен сайын құнсыздануы да мүмкін, бірақ көлем жағынан
азаймайды.
Еңбектің күрделілігі қолданылатын техника мен технологияның түріне
қарай, сондай-ақ өндірілетін жұмыс пен бұйымның күрделілігіне қарай
қалыптасады.
Еңбектің күрделілік деңгейінің динамикасы, оған сәйкес өндірісте
қолданылатын кәсіби білімнің деңгейі, жұмсалған энергия мен уақыттың
құндылығын тікелей төмендете немесе жоғарылата отырып, түбегейлі еңбек
шығынын бағалауда көрінеді. Бұл еңбек шығынының құнын анықтағанда белгілі
болады. Жұмыстың күрделілігіне қарай (тарифтік разряд) уақыт бірлігінде
оған ақы төлеу мөлшері белгіленеді, мысалы - сағаттық тарифтік ставка .
Осыған байланысты қандайда бір жұмыс көлеміне байланысты еңбек ақының
құрылуы жайлы әдістемелік мысалын қарастырайық. Жұмыс бірлігіне байланысты
еңбек ақы мөлшері, өнім бірлігінің жалақы сыйымдылығы, қандайда бір еңбек
операциясының немесе олардың жиынтығы еңбек мөлшері арқылы, сонымен қатар
осы жұмысқа кететін уақыттың нормативті шығындары, еңбектің күрделілігін
тарифтік разряд бойынша өрнектейтін тарифтік ставка арқылы анықталады.[ҚР
Еңбек туралы заңы, Алматы, 2003, 25-27 бет.]
Тарифтік разряд - жұмысшының квалификация деңгейінің және ол
орындайтын жұмыс күрделілігінің көрсеткіші. Атап айтқанда:

Р=Cтар*Нуақ,

Мұндағы: Р - берілген бұйымның, операцияның бағалануы (теңге дана),
Стар - еңбек ақы тарифінің мөлшері (егер уақыт
бірлігіне
1сағат алынса, онда ол бөлінгіш арқылы
тенге сағат болып
өрнектеледі.);
Нуақ - бұйым немесе операция өндірісінің уақыт
мөлшері ( уақыт бірлігінде ол бөлшек
арқылы
сағатдана арқылы өрнектеледі).

Сәйкесінше, берілген жұмыстың барлық көлемі үшін еңбек ақы шамасын
келесідей түрде өрнектеуге болады:

3жосп = р * n,

мұндағы: 3жосп- еңбек ақы қоры,
р- бағасы,
n- берілген бұйымның немесе еңбек операциясы
бірлігінің саны.

Жұмыскер энергиясының шығыны - физикалық және жүйкелік шығындар,
олардың шамасын бүгінгі күнде өлшеуге оншалықты мән берілмейді. Оларды
анықтау, басқаша айтқанда, еңбектің ауырлығын анықтау үшін қарқындылық
деңгейі қолданылады. Осылайша өндірістік орта жағдайының (санитарлы-
гигиеналық, эстетикалық және жұмыстың басқада жағдайы), оны мөлшерлеудің
сапасы мен деңгейінің (шу, температура, шаң, жарық мөлшерін сақтау және
бекіту және т.б.) жұмыскерге әсері бағалануы мүмкін.
Бірақ еңбектің қарқындылығын кешенді бағалаудың жеткілікті дамыған
әдістемелік базасы жоқ және, сәйкесінше, қазіргі нарықты экономика
жағдайында тәжірибеде қолданылмайды.
Кез келген жұмыстың еңбек мөлшері жұмыс процесінің жекелеген
элементтерін орындауға жұмсалатын жұмыс уақытының шығынын анықтау арқылы
белгіленеді. Сондықтан, жұмысқа белгілі бір шапшандық пен ырғақ бере
отырып, еңбек мөлшері оның қауырттылық деңгейін өрнектейді. Жұмыс
күрделілігі бірдей болғанда, бірдей құрал-жабдықтар пайдаланғанда, бірдей
техникалық және басқада еңбек жағдайлары болғанда, уақыт мөлшерінің немесе
өнімділік мөлшерінің айырмашылығы еңбек қарқындылығындағы ерекшелікті
білдіреді. Жұмысқа берілген уақыт мөлшерінің аздығы уақыт бірлігінде
жүйкелік энергия мен физикалық энергияның үлкен қарқындылығын,
тығыздылығын, шығындары көп екенін көрсетеді.
Бағаны қалыптастырудың нарықтық заңына сәйкес, еңбек мөлшерінің азаюына
сәйкес тарифтік ставка тікелей пропорционалды өсуі керек. Уақыт бірлігінде
жұмсалатын жұмыс күшінің бағасы сол уақыт бірлігінде энергетикалық
өрнектегі шығын артқан сайын өсуге тиісті. Осылайша, тарифтік ставка
қандайда бір нақты кәсіпорында, еңбек ақыны ұйымдастыру кезінде еңбек
күрделілігін ғана емес (жұмыс разряды) оның қауырттылық деңгейін, жалдамалы
жұмыскерлердің уақыт бірлігіндегі энергиясын жұмсау шамасын да ескеруі
қажет. Жұмыстың сол күрделілігіндегі уақыт мөлшері аз болған сайын, ол
қымбат тұрады.
Нақты жағдайда, еңбек (уақыт) мөлшерін анықтау кезінде еңбек
қарқындылығының әдетте қоғам деңгейіне сәйкес орташа өзгермейтін шамасы
алынады. Өмірде жеке кәсіпорындарда еңбек ақыны есептеу кезінде ол
ескерілмейді.
Белгілі жұмыс көлемін орындау үшін керекті еңбек шығындарын өлшеу үшін,
ең ақырында, белгілі бір квалификацияда және орташа қарқындылықта еңбекті
орындауға жұмсалатын жұмыс уақытын өлшеуге әкеліп соғады.

6. Еңбек мөлшерін анықтау әдістері

Еңбек мөлшерін анықтау еңбек операциясының құрылымы жөнінде, жұмыс
уақытының шығындары мен еңбек әдістері жөніндегі ақпараттардың негізінде
жүзеге асырылады. Мөлшердің негізделуі еңбек мөлшерін анықтау нәтижесінің
дәлдігі болып табылады.
Еңбекті мөлшерлеу аналитикалық немесе жиынтық әдістермен орындалады.
Еңбекті мөлшерлеудің аналитикалық әдістері - еңбек мөлшері еңбек
операциясының немесе жұмысының жекелеген құрамдас бөліктері бойынша уақыт
шығынының синтезі негізінде анықталады. Сонымен қатар, еңбек операциясының
(жұмысының) құрамдас бөліктерге аналитикалық бөлінуі жүзеге асырылады және
жеке әрбір элементтің ұзақтығын негіздеу қарастырылады. Қолданылатын
техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі; жұмыс орнын ұйымдастыру
деңгейі; тізбектілігі, еңбек тәсілінің ұтымдылығы; психофизиологиялық
факторлардың әсері, оның ішінде санитарлы-гигиеналық жағдайлар және тағы
басқалары ескеріледі.
Техникалық негізделген еңбек мөлшері осылайша есептеледі. Олар еңбек
бойынша нормативтерге негізделген. Уақыт сияқты мөлшерлеудің мұндай
параметріне сәйкес бірінші мен екіншінің арасындағы айырмашылық еңбек
операцияларын (жұмыс бірлігін) жекелеген әрекеттерге бөлу деңгейінен
тұрады.
Еңбек бойынша негізгі нормативтерге- еңбек (жұмыс күші) шығындарының
нормативтерін жатқызуға болады, ал қосалқыға - құрал-жабдықтың (жұмыстың)
жұмыс істеу және қызметкерлердің регламенттелінген үзілістерінің
нормативтері жатады.
Жеке еңбек шығындарының нормативтері уақыт нормативтері және сан
нормативтері болып екіге бөлінеді.
Уақыт нормативі - бұл бір жұмыскерге еңбек процесінің жекелеген
элементін орындау үшін бекітілген уақыт аралығы. Осылайша, еңбек процесі
бұйымды дайындаудан, құрал-жабдыққа немесе құрылымдық бөлімшелерге қызмет
көрсетуден тұрады. Еңбек процесінің элементі ретінде қозғалыс, тәсіл немесе
олардың кешені болуы мүмкін. Сәйкесінше, аз немесе көп бөлшектелінген
немесе керісінше, іріленген уақыт нормативтеріне бөлінеді. Неғұрлым
бөлшектелінген уақыт нормативтері көбінесе ірі сериялы өндірістерде
қолданылады. Егер, еңбек әрекетін қарапайым қозғалыстарға жіктеу керек
болғанда, еңбекке микроэлементті мөлшерлеуді қолдануға болады. Ұсақ сериялы
және бірлік өндіріс үшін өзара байланысты еңбек қозғалыстарын, тәсілдер
кешеніне анықталған, іріленген уақыт нормативтерін қолданған жөн.
Сан нормативтері - бұл белгілі бір уақыт ішінде берілген жұмыс
көлемін немесе бірлігін орындау үшін керекті квалификациялық және кәсіби
құрамдағы жұмыскерлер тобының саны.
Құрал-жабдық жұмысының режимдік нормативтері- бұл жабдықтың неғұрлым
мақсатқа сай қолданылуын қамтамасыз ететін, оның жұмысының тәртіптік
параметрлерінің кешені. Олар жұмыскер еңбегінің мөлшерін анықтау үшін
машина уақытын есептегенде қажет.
Машиналық (аппараттық) уақыт - бұл станок берілген пайдалану тәртібіне
сәйкес, жұмыскердің машинаның жұмысына тек қарап отыру арқылы өндірістік
процеске өзінің ықпалын шектеу мүмкіндігі болатын уақыт. Бұл уақыт кезінде
өндірістік процестің негізгі операциясынан басқа да операцияларды, мысалы
көмекші сипаттағы өлшеу, бекіту сияқты операцияларда орындалуы мүмкін.
Регламенттелінген үзілістер уақытының нормативтері - бұл жеке қажетттілік
үшін және жұмыскерлердің қауырттылығын азайтуға арналған үзіліске, сондай-
ақ құрал-жабдықтарды пайдаланудың техникалық талаптарына (яғни құрал-
жабдықтардың қызмет ету тәртібінің нормативтеріне) негізделген үзілістер
үшін керек уақыт аралығы.
Еңбекті аналитикалық әдіспен мөлшерлеуде қажеттілігіне қарай еңбек
процесін ұйымдастыруды жетілдіру және толығымен өндірісті ұйымдастыру
бойынша шаралар жүргізілуі мүмкін. Нақты мәліметтерді алдын-ала зерттеу
нәтижесінде алынған нормативтерді салыстыру негізінде техника-технологиялық
мүмкіндіктерді пайдалануды және жұмыс орнын ұйымдастыруды тиімді ету,
жұмыскер айналасындағы психофизиологиялық ортаның ықпалын жақсарту, еңбек
және демалыс тәртібін жетілдіру т.б. жоспарланады. Мұның барлығы еңбек
мөлшерін қайта жасау арқылы еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етеді. Еңбекті
мөлшерлеудің аналитикалық әдістері аналитикалық-зерттеушілік және
аналитикалық-есептеу әдістері болып екіге бөлінеді. Олардың арасындағы
негізгі айырмашылығы еңбек процесінің жекелеген элементтерін орындауға
жұмсалатын уақыт шамасын анықтау тәсілінен тұрады.
Аналитикалық-зерттеу әдісі- бұл жұмыс орнында зерттеу және талдау арқылы
еңбек операциясының элементтеріне, сондай-ақ бүкіл операцияны орындауға
жұмсалатын уақыт шығынын анықтайтын әдіс. Бұл жағдайда уақыт шығындары
арнайы зерттеу эксперименттердің нәтижелерін өлшеу жолымен, немесе нақты
уақытын белгі бір мезгілде байқау арқылы анықталады. Соңғысы өзінің атын
кездейсоқ таңдап алынған мезгілдердегі бір атаулы уақыт шығындарын
қадағалауды жүзеге асыру бойынша әдістемелік талаптардан туған.
Уақыт нормативтерін есептеу үшін қажетті әдістер: хронометраж, жұмыс
күнінің суреттемесі немесе фотохронометраж (фотоесеп) тәсілдері кеңінен
қолданылады. Мөлшерлеу тәжірибесінде өзін-өзі суреттеу сияқты қадағалау
тәсілі бар. Олардың арасындағы қағидалы әдістемелік сипаттамалардың
айырмашылығы жоқтың қасы, бірақ оларды ерекше жеке қолдану шеңбері мен
бағыты өмірде жақсы қалыптасқан.
Хронометраж - бұл жұмыс (жұмыс операциясының) ұзақтығын, яғни оның
тұрақты қайталанатын элементтерін зерттеу және өлшеу мақсатында жұмыстың
орындалуын қадағалау түрі.
Жұмыс күнінің суреттемесі - жұмыс күнінің ауысымында немесе оның
бөлігінде жұмыс уақытында мүмкін болатын уақыт жоғалтулары және олардың
себептерін анықтау мақсатында еңбекті қадағалау түрі.
Фотохронометраж- бұл жұмыс күнін зерттеуде хронометраж және жұмыс күні
суреттемесін аралас түрде пайдалану.
Аналитикалық-есептеу әдісі - бұл құрал-жабдықтар жұмысы режимінің
нормативтері мен уақыт нормативтерін, сондай-ақ белгілі ұйымдастырушылық-
техникалық жағдайда жұмыс көлемінен уақыт шығынының тәуелдік формуласы
негізінде есептеу жолымен барлық операцияларға және еңбек операцияларының
элементтеріне кететін уақыт шығынын анықтайтын әдіс.
Мөлшерлеудің бұл әдісі алдыңғыларға қарағанда мамандардан тікелей жұмыс
орнында еңбек процесін зерттеу және қадағалауды талап етпейді, сондықтан ол
еңбекті көп қажет етпейді. Бірақ, ол әртүрлі кәсіпорындар немесе бөлімдерде
өндірістің ұқсас немесе типтік ұйымдастырушылық-техникалық жағдайы үшін
мөлшерлеудің орташа сипатын болжайды, оның дәлдігі оншалықты көп емес,
сондықтан жеке адамдардың еңбек мөлшерін анықтауда қолданылмайды.
Жұмыс орны - бұл жұмысшылар тобымен немесе бір жұмысшымен белгілі бір
жұмысты орындау үшін арналған кәсіпорынның кеңістік жері.
Жұмыс орнын аттестациялау-бұл кәсіпорында бекітілген мөлшерге, сондай-
ақ алдыңғы тәжірибеге және құрал-жабдықтар мен қызмет көрсету
көрсеткіштерінің сәйкестігін кешенді бағалау. Жұмыс орнын аттестациялау
нәтижесінде жұмыс орнындағы өнімділік, оның әлеует деңгейін жоғарылату,
сөйтіп еңбек өнімділігінің арту резерві анықталуы мүмкін.
Еңбектің аналитикалық әдісі еңбекті мөлшерлеу, жұмыс орнын ұйымдастыру
бойынша кеткен кемшіліктерді жоюға мүмкіншілік береді.
Жалпы, жиынтық әдіске қарағанда мөлшерлеудің аналитикалық әдістері
неғұрлым жоғары дәлдікте еңбек мөлшерін табуды қамтамасыз етеді және
сондықтан еңбек операциясы жаппай сипатта өтетін көпсериялы өндірісте
неғұрлым тиімді болады. Еңбекті мөлшерлеудің жиынтық (тәжірибелі-
статистикалық) әдісі-бұл еңбек операциясын элементтерге бөлмей толығымен
еңбек мөлшерін болжайтын әдістер.
Жиынтық әдістерімен еңбекті мөлшерлеуде еңбектік тәсілдердің тиімділігі
және жекелеген әрекеттері арнайы зерттелмейді. Еңбек мөлшерін анықтаудың
жиынтық әдістері тәжірибелік, статистикалық және салыстырмалы әдістері
болып бөлінеді.
Тәжірибелік әдіс- мөлшерлеушілердің жеке тәжірибесінің негізінде
бекітілетін мөлшерді қарастырады.
Статистикалық әдіс- өткен жылдағы осындай жұмыстарға жұмсалған шығындар
жөніндегі есептемелік -статистикалық мәліметтер бойынша еңбек мөлшерін
бекітуді ұсынады.
Еңбек мөлшерін бекітудің салыстырмалы әдісі- бұрын орындалған және ұқсас
еңбек операциясы бойынша жұмыс көлемі мен күрделілігін салыстыру жолымен
жаңа мөлшерді бекітуді қарастырады.
Аналитикалық –зерттеу әдісіне қарағанда еңбекті мөлшерлеудің жиынтық
әдісі еңбек өнімділігінің өсу резервтерін табуда және оның кәсіпорында
немесе өндірістік бөлімшеде өсуіне аз ықпал жасайды деп есептеледі.
Нақты нарықтық экономикада еңбек мөлшерін анықтау мен жетілдіру кезінде,
еңбекті мөлшерлеу әдістерін қатаң жеке бөлу әрқашан тиімді болмайды. Кейбір
жағдайларда кәсіпорындар еңбектің кейбір мөлшерлерін анықтауға және
сәйкесінше әртүрлі әдістерді біріктіру негізінде еңбек мөлшерін белгілей
алады.

7.7. Еңбек қарқындылығының басқа экономикалық категориялармен және
көрсеткіштермен өзара байланысы.

Еңбек процесін өндіріс факторы ретінде зерттеу кезінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Кәсіпорынның персоналын басқару
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандыру
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандырудың мәні
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Ынталандырудың кәсіпорынның тиімділігін арттыру факторы ретіндегі теориялық мәні, мәселелері
Пәндер