Халықаралық лизингтiк қатынастар


- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫҢПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ . . . 5
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГТIҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕЕРЕКШЕЛIКТЕРI . . . 9
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГ ШАРТЫН
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ . . . 14
4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТАНАСТАРДАҒЫ МӘНI . . . 21
ҚОРТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КiрiспеХалықаралық лизингтiк қатынастары әлемнiң көптеген елдерiнде кең дамып бұл күнде кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастырудың аса тиiмдi әдiстерiнiң бiрiне айнала бастағаны белгiлi. Алайда өкiнiшке орай Қазақстанға бұл құбылыс тым кенжелеп жетiп нарықтық- экономикалық айналымға тек ендi ғана енiп, танымал бола бастады деуге болады.
Қазақстанда алғаш рет лизингтiк қатынастардың пайда болып, қалыптасып дамуына зор ықпал жасаған ең басты факторлардың бiрi ол нарықтық-экономикалық қатынастардың пайда болуы. Жалпы Қазақстан мен ТМД елдерiнде лизинг қатынастары алғаш рет 1989 жылдан бастау алады. Сондықтан да қазiргi кезеңдi Қазақстандағы лизинг институтының қалыптасу даму кезеңi деп бағалауға болады.
Оның үстiне нарықтық экономика жағдайында көптеген кәсiпорындар өндiрiске техникалық iрi мөлшердегi қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншiк нысаныдағы отандық өндiрiстi қолдауға, соның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi және өндiрiс аясын дамыту үшiн қосымша жеке инвестициялар тартуға мүмкiндiк беретiн лизингтiк бизнестi дамыту қажеттiлiгi туындап отыр.
Мiне сондықтан да көптеген кәсiпорындар үшiн техника-құралдарын жаңарту мол ақша қаражаттарын тартуды талап етедi, осы орайда инвестициялық қаражаттар тартуда лизингтiк бизнестiң ролi аса маңызды.
Осы тұрғыдан алғанда халықаралық лизинг қатынастарының экономикалық қатнастардағы мәнi аса зор әрi өзектi деп бiлемiз.
Қазақстанда қазiрге тек қана қаржылық лизинг компаниялары және лизинг операцияларымен айналысатын коммерциялық банктер дамып отыр.
Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты халықаралық лизинг қатнастарының ерекшелiктерiне оның құқықтық, экономикалық және теориялық аспектiлерiне талдау жасау болып табылады.
- Халықаралық лизингтiк қатынастардың пайда болу тарихы
Ежелгi грек оқымыстысы Аристотель (б. э. д. 350. ж) өзiнiң “Риторикасындаң “Байлық - мүлiктi меншiк құқығы негiзiнде иеленуде емес, оны пайдалануды құрайдың1 деген болатын. Бұл пiкiр лизингтiң негiзгi мағынасын анықтап көрсететiндей: пайда табу үшiн мүлiктi өз меншiгiнде ұстау мiндеттi емес, оны пайдалану және пайда табу құқығын иеленудiң өзi жетiп жатыр.
Ағылшын авторы Т. Кларк лизинг сонау Аристотель заманынан белгiлi деп санап, Хаммурапи заңдарынан лизинг туралы бiрнеше ережелердi атап көрсетедi.
Лизингтiк шығу тарихы қазiргi кездегi еуропалық құқықтық жүйенiң дамуының негiзi болып табылатын Рим құқығынан бастау алады. Рим құқығында мүлiктi оған меншiк құқығынсыз шарт түрiнде және заттай құқық негiзiнде иелену институты кеңiнен белгiлi. Бiрiншi жағдайда бұл мүлiктi жалдау шарты(locatio-conducto rerum), екiншiден заттық құқық-бұл сервитуттық құқық, нақтырақ айтсақ, сервитуттың бiр түрi. Осы институтардың қайсысы лизингтiң түп тамыры болғанын анықтау, әрине қиыңға соғады.
Лизинг, көптеген ғалымдардың пiкiрiнше, меншiктiң қандай да бiр нақты түрлерiн жалға алумен ғана шектелмейдi. Тек қана ауылшаруашылығы құралдары мен қол-өнер құрал-жабдықтары ғана емес, сонымен қатар әскери техникалар да жалға берiлгенi тарихтан белгiлi.
Осыған сәйкес, иелену мен жеке меншiктi және иеленуден пайда алу мүмкiндiгiнiң болу идеясы құқықта ерте кезден-ақ белгiлi болған.
Көптеген ғалымдардың ойы, пiкiрi бойынша қазiргi мағынадағы лизинг 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ең бiрiншi Лизинг компаниясының ашылуымен тұспа-тұс келедi.
Босх мырза Калифорния штатындағы азық-түлiк өндiрiсiмен айналысатын кiшiгiрiм фирманың басшысы болады. Әскери ведомстваның үлкен тапсырмасын орындау үшiн оған автокөлiк паркiн ұлғайту керек болады. Бұл фирманың қоры шағын болмағандықтан бұл мақсатта қолдану үшiн қаржы көздерi болмаған. Сонда Босх керектi автокөлiктердi жалға алуды жөн көрдi, сонымен оларды алу үрдiсiн қаржыландырды.
Мұндай операцияның өте тиiмдi екенiн байқап және кейбiр фирмалар оның жасаған операциясын қайталағысы келетiндiгiн естiп, Босх 20 мың доллар қоры бар"U. S. Leasing" фирмасын құрды.
Екi жылдан кейiн бұл фирма құны үш миллион доллар асатын автокөлiктер мен құрал жабдықтарды жалға берiп отырды. Осыдан кейiн Босх мырза акцияларға жария жазылу хабарландырып, қорында 400 мың доллар бар екiншi "Bothe Leasing Corporation" фирмасын ашады.
1990 жылы Төменгi Новгородта "Россия" лизингтiк фирмасын құрылады. Сонымен қатар, Россияда, әсiресе Москва мен Санкт-Петербург қалаларында "Колумб", "Агролизинг", "Лизинг", "Батлиз" сынды лизингтiк фирмалар құрыла бастады.
Қазiргi кезде Қазақстанда лизинг төрт жолмен дамып отыр:
1. Аймақтық көтерме делдал фирмалар және Қазақстан келiсiм-шарт корпорацияларындағы компаниялардың басқаруындағы техникалық құралдарын жалға берумен айналысатын кәсiпорындар мен бөлiмшелер;
2. Коммерциялық банкiлердiң лизингтiк операциялары;
3. Жаңа құрылып жатқан маманданған лизинг фирмалары;
4. Халықаралық лизинг фирмаларының экспорттық, импорттық компенсациялық және тағы басқа да дамуы және шетел лизингтiк компанияларының республика территориясындағы қызметi.
Казақстанда 1992 жылдың ортасында экономиканың мемлекеттiк емес секторында 120-дай коммерциялық банкттер мен 20 лизингтiк фирмалар, соның iшiнде "Техникализинг", "Туранлизинг" сынды фирмалар қызмет еттi2.
Алғаш рет Қазақстан заңдарында "лизинг", терминi "ҚазССР-гi кәсiпкерлiктiң дамуы және шаруашылық қызмет еркiндiгi туралы" ҚазССР-нiң заңының 21 бабында қолданылады. Кейiн "лизинг" терминi келесi нормативтiк құқықтық актiлерде, көбiнесе, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында көрiнiс тапты: 1994 жылғы 18 наурыздағы "Қазақстандық фрактарлық компаниялар және транспорттық лизингтiк компаниялар құру туралы", 1994 жылғы 10 қазандағы "Азия лизинг" мемлекеттерiнiң қатысуымен лизингтiк компаниялар құру туралы", 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "АӨК машинақұрылыс өнiмдерiн лизинг негiзiнде қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы" 1998 жылғы 15 сәуiрдегi "Ауылшаруашылығындағы ұйымдастыру шарттары мен тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы", сондай-ақ басқа да нормативтiк актiлерде.
Бiрақ та жоғарыда келтiрiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң бiреуiнде де "лизингке" анықтама берiлмедi. Тек, ""Агро-өндiрiс кешеннiнiң машинақұрылыс өнiмдерiн лизинг негiзiнде қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Үкiмет қаулысы "ауылшаруашылығы лизингiне" анықтама берiлдi: "Ауылшаруашылығы кешенiндегi лизинг- бұл уақытша тартылған немесе еркiн ақша қаражаттарын инвестициялау есебiнен ауылшаруашылық кәсiпорындарын техникамен қамтамасыз ету деңгейiн жоғарылатуға бағытталған, көлiк, құрал-жабдықтарды және өндiрiстiк мақсаттағы үйлердi ұзақ мерзiмдi жалға алу".
Лизинг әлемнiң көптеген елдерiнде өз дамуын тауып, кәсiпкерлiк ұйымдастырудың пайдалы әдiстердiң бiрi болып саналғанмен, Қазақстанда әлi де болса оның даму нысандары мен жолдары анықталуда. Қәзiргi жағдайда көптеген кәсiпорындар өндiрiстiң техникалық жанаруына iрi мөлшердегi қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншiк нысандағы отандық өндiрiстi қолдауға, соның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi және өндiрiс аясын дамыту үшiн қосымша жеке инвестицициялар тартуға мүмкiндiк беретiн лизингтiк бизнестi дамыту қажеттiлiгi туындап отыр. Шағын кәсiпкерлiктiң инвестициялық лизингтiк жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын негiзгi субъектiлерiн анықтауға негiзделуi қажет- олар ретiнде лизингтiк компаниялар түсуi керек.
Қазақстан Президентi 1990 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" жарлығында атап көрсеттi: "Лизингтiк қатынастарды тезiрек енгiзу мақсатында оларды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi бiрнеше шаралар жүргiзу керек. Солардың бiрi- Қазақстан Республикасының қазақстандық нарыққа әлемнiң алдынғы лизингтiк компанияларын тарту үшiн 1989 жылғы "Лизинг туралы" Оттава конвенциясына қол қоюы"3.
- Халықаралық лизингтiң ұғымы және ерекшелiктерi
Лизинг әлемiнiң көптеген елдердiң кең дамып, кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруды тиiмдi әдiстерiнiң бiрi болып саналғанымен, Қазақстанда әлде де болса оның даму жолдары анықталу үстiнде. Қазiргi кезде көптеген кәсiпорындар өздерiнiң техникаларын жаңартуға iрi мөлшердегi ақша қаражаттарын салуға мүмкiншiлiгi жоқ дағдарыс жағдайында өндiрiс шеңберiн кеңейтуге қосымша инвестициялық қаражаттар тартуда лизингтiк бизнестiң ролi маңызды екенi белгiлi болып отыр.
Өндiрiс орындарындағы жабдықтардың тозуы және моральдi ескiруi, негiзгi қорды жаңартуға қаржылық ресурстардың болмауы Қазақстанды лизинг қатынастарының дамуының ыңғайлы алаңына айналып отыр.
Қазақстан мен Ресей заң әдебиеттерiнде лизинг жалға алудың бiр түрi, дәлiрек айтсақ, қаржылық жалға алу ретiнде қарастырылады.
Қаржылық жалға алу (лизинг) шарты бойынша жалға берушi жалға алушы көрсеткен мүлiктi ол көрсеткен сатушыдан сатып алуға және бұл мүлiктi ақы үшiн жалға алушыға (пайдалануға) иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға беруге мiндеттенедi.
Лизинг терминi ағылшын етiстiгi “to lease”, “жалдау” немесе “жалға алу” деген сөзден шыққан.
“Лизинг” ұғымын кең мағынада талқыланушылардың қатарындағы Е. Кабатова, Е. Чекмарев, В. Петровтың ойларынша, лизинг шартты қатынастардың күрделi кешенi және ол екi және одан көп шарттар негiзiнде, оның iшiнде ең алдымен сатып алу-сату және мүлiктi жалдау шарты негiзiнде жүзеге асырылады4.
Қазiргi кезде лизинг дегенiмiз кәсiпкерлiк қызмет деген әр түрлi ойлар бар. Мысалы, Рессей ғалымы Горемыкин В. А. лизингтi банкiлiк немесе коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсiпкерлiк қызметтiң жоғарғы деңгейiне жатқызады, өйткенi ол қаржылық бизнесте, өндiрiсте және құрал-жабдық пен мүлiк нарқында кең көлемде бiлiмдi қажет ететiнiн айтады5.
Лизингтiң жалға алудан айтарлықтай айырмашылығы бар. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлiктi тек ұзақ пайдалануға ғана алмайды, сонымен қатар оған меншiк құқығымен байланысты сатып алушының мiндеттерi жүктеледi: мүлiк үшiн ақы төлеу мүлiктiң кездейсоқ жойылуынан болған зиянды өтеу, мүлiктi сақтандыру және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жөндеу т. б. Бiрақ, мүлiктiң меншiк иесi лизинг берушiнiң өзi болады. Лизинг шарты нысанасының жойылуы немесе оны пайдаланудың мүмкiнсiздiгi қарызды толық өтеу мiндетiнен босатпайды. Егер жалға алу екi жақты мәлiме болса, лизинг келiсiм шарты үш жақты немесе көп жақты болады.
Толығымен былай деп айтуға болады: лизинг шартының негiзгi ерекшелiгi сонда, ол лизинг берушiнiң кепiлдi, жауаптылықты және тәуекелдi бөлу барысында, жалға алушылық шарттық қатыныстар сатып алу-сату шарты негiзiндегi құқықтық реттеумен ауысады.
Қаржылық лизингтiң ерекше маңызды белгiсi болып шартта бекiтiлген және өзгертiлмейтiн, тараптардың құқықтық жағдайына кепiлдiк беретiн мерзiм табылады.
Жалға алу шарты мен лизинг шарты тараптарының арасында тәжiрибеде қалыптасқан басқа да айырмашылық бар.
Лизинг бойынша төлемдердi есептегенде мүлiктiң сатып алу бағасы, лизинг шарты жасалған мерзiм, қалдық құны және үстеме бағалары есептелiнедi. Жалға беру кезiнде төлем мөлшерi көбiнесе нарықтық конъюктураға (сұраныс және ұсыныс) байланысты есептелiнедi. Жалға алу шартына қарағанда лизингте тәжiрибе көрсеткендей шарттың әрекет ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн алдын ала келiсiлген баға бойынша мүлiк лизинг алушының жеке меншiгiнде қалады. Мұндай жағдайда бөлек шарт жасасу қажеттiгi туады.
Көптеген ғалымдар халықаралық лизингтiк қатынастардың бiрнеше түрлерi жөнiнде сөз етедi. Олардың арасын ашып көрсету көп жағдайда қиынға түскенмен де, тараптардың мақсаттарына байланысты лизинг шартында оның бiрнеше түрлерi көрiнiс табуы мүмкiн.
Лизигтiң негiзгi түрлерi ретiнде қаржылық (finance leasing) және жедел (operative leasing) лизинг қарастырылады. Лизингтi мұндай түрге бөлуге лизинг берушiнiң мiндеттерiнiң көлемi мен лизинг нысанасының қолданылуы уақыты себеп болып отыр. Қаржылық лизингте лизинг берушi үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн құрал-жабдықты сатып алады, яғни мүлiктiң болашақта пайдаланылуын, оның құнын лизинг алушының кезектi төлемдерi арқылы, қалпында келтiре отырып, қаржаландырады. Лизингтiң басқа түрлерiнде де лизинг берушiнiң осындай мақсатының болуымен қатар, оған осы мүлiкке байланысты бiрқатар мiндеттерде жүктеледi (мысалы, техникалық қызмет көрсету) .
Мiне, қаржылық лизинг мұндай мiндеттемелердiң жоқтығымен ерекшеленедi.
Қаржылық лизинг лизингтiң ең көп тараған түрлерiнiң бiрi және ол мүлiктiң пайдалануға берiлген уақытының оның қызмет көрсету мерзiмiне сәйкес келуiмен айқындалады. Мұнда лизинг берушi ретiнде, әдеттегiдей, сатушыдан мүлiктi өз меншiгiне сатып алатын лизингтiк компаниялар түседi.
Лизинг шартының мерзiмi бiткеннен кейiн лизинг алушы мүлiктi өз меншiгiне алуы, жеңiлдiк жағдайларын пайдалана отырып шартты қайта жасасуы немесе шарттық қатынастарды тоқтатуы мүмкiн.
Қаржылық лизингтiң бiр түрi ретiнде қайтарымды лизингте қарастырылады. Бұл жағдайда мүлiктiң меншiк иесi (сатушы) өзiндiк мүлiктi лизингтiк компанияға сатады және сонымен бiр мезгiлде лизингтiң нысанасына қатысты пайдаланушы ретiнде онымен шарт жасасады. Осыған орай, мүлiктiң бастапқы меншiк иесi лизинг берушiден оның толық құнын ала отырып, өз кезегiнде мүлiктi иелену құқығын сақтап қалады және тек оны пайдаланғаны үшiн мерзiмдi төлемақысын төлеп отырады.
Лизингтiң тағы бiр көп тараған түрi жедел лизинг. Жедел лизинг қаржылық лизингтен лизинг берушi мiндеттерiнiң көлемдiлiгiмен қатар, оның мерзiмiмен де ерекшеленедi: жедел лизингте мүлiктi пайдалану мерзiмi оның қызмет көрсету мерзiмiмен төмен болады. Бұл ретте мүлiктiң толық құнын өндiрiп алу үшiн лизинг берушi мүлiктi уақытша пайдалануға бiрнеше рет берiп отырады. Жедел лизингте мүлiкке техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру және өзге де қызметтер лизингтiк компаниялардың өздерiне жүктеледi. Әдетте, жедел лизингтiң нысанасы тозу жағдайы жоғары болып келетiн мүлiктер болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жедел лизингтiң келесi белгiлерiн көрсетуге болады:6
1. Лизинг шарты, әдетте, 2-5 жылға жасалады, әрине бұл мерзiм мүлiктiң физикалық тозу мерзiмiнен әлдеқайда төмен және де мұнда шарт лизинг алушымен кез-келген уақытта бұзылуы мүмкiн.
2. Лизингтiң пәнi болып табылатын заттың жоғалу немесе бұзылу тәуекелi, негiзiнен лизинг берушiге жүктеледi. Лизинг шартында лизинг алушының жауаптылығы қарастырылуы мүмкiн, бiрақ оның мөлшерi мүлiктiң бастапқы құнынан төмен болады.
3. Лизингтiк төлемдердiң мөлшерi қаржылық лизингкке қарағанда жоғарырақ болады. Өйткенi, лизинг берушiде өзiне келген шығындардың өтелетiнiне толық кепiлдiк болмағандықтан, әр түрлi коммерциялық тәукелдердi (шарт нысанасының бүлiнуi, шарттың ұзақ мерзiмдiк бұзылу тәукелi және т. б. ) ескеруiне тура келуi, ал бұл өз кезегiнде көрсетiлген қызметке қатысты бағаны жоғарлатуға әкеп соғады.
4. Шарттың нысанасы болып көлiк пен құрал-жабдықтардың көп таралған түрлерi табылады. Жедел лизинг кезiнде лизингтiк компаниялар мүлiктi нақты лизинг алушыны алдын-ала анықтамай отырып, сатып алады. Сондықтан да, жедел лизингпен айналысатын тұлғалар инвестициялық тауарлар нарқының конъюктурасын жақсы бiлуi қажет.
5. Лизингтiк компаниялар, сондай-ақ жалға берiлетiн мүлiктi өздерi сақтандырулары және оның техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын мерзiмдi жүзеге асырып отыруы тиiс.
Лизингтiң күрделi түрлерiнiң бiрi ол- “левиридж лизинг” (leveraged leasing) . Бұл қатыныастардың күрделiлiгi сол, мұнда қатысушылар санының (алтауға дейiн және одан көп) көптiлiгiмен ерекшеленедi. Лизингтiң бұл түрiнiң қаржылық лизингтен айырмашылығы “левиридж-лизингте” лизингтiк компаниялар мүлiктi сатып ала отырып өз қаражаттарынан оның толық құнын төлемейдi, тек бiр бөлiгiн, мысалы, 20%, ал қалған сомасын бιр немесе заем берушιлерден (банктер, сақтандыру компаниялары немесе басқа да қаржылық ұйымдар) несиеге алады.
“Левиридж лизингтιң” нысанасы ретιнде көбιнесе коммуналдық қызметтер жөнιндегι кәсιпорындардың құрал−жабдықтары, жүк көлιктерιнιң паркι, темιржол қозғалмалы құрамасы және т. б. болады. Бұл лизинг түрιнιң тағы бιр ерекшелιгι сонда, лизинг берушι заем берушιден нисиенι “қайта талап ету құқығынсыз” қалады. Бұл лизинг берушιнιң заем берушι алдында жауаптылығы жоқ екендιгιн бιлдιредι, ал несие сомасы лизинг алушының мерзιмдι төлеп тұратын төлемдер есебιнен жабылады.
3. Лизинг шартын құқықтық реттеу
Халықаралық лизинг қазιргι заманның азаматтық құқығында маңызды және айтысты сұрақтарының бιрι лизинг шартының түсιнιгιне анықтама беру, оның азаматтық құқықтық шарттар жүйесιндегι орны және де оның құқықтық табиғаты анықтауға байланысты. Лизингтιң заңды және экономикалық табиғаттың анализдеуге анықталған көптеген ұлттық және шетел әдебиеттерι шығарылған. Бιрақта, кейбιр авторлар өз жұмыстарында экономикалық және заңды деген ұғымдарды қосып қарастырады, осыған орай олар лизингтι экономикалық құқықтық категория ретιнде қарастырады, ол дұрыс емес деп ойлаймыз. Мысалы, Е. Н. Чекмарева лизингтιң экономикалық негιздерιн қарастыра отырып, коммерциялық кредитпен салыстырады. Оның ойынша лизинг пен коммерциялық кредиттιң негιзгι айырмашылығы меншιкке байланысты.
Ол былай жазады: ∀лизингте пайдалану құқығы иелену құқығынан бөлιнедι. Лизинг берушι лизинг мүлкιн берген соң иелену құқығынан сақтап қалады, ал лизинг алушыға тек пайдалану құқығы өтедι∀ дейдι7. Бιрақта лизинг нысынасын пайдалана отырып, оған иелιк етпеу мүмкιн ба? Менιмше бұл ой дұрыс емес. Мүлιк жалдау шартында жалға алушыға тек пайдалану және иелену құқығы өтедι, бιрақ лизинг берушι меншιк құқығын сақтап қалады. Лизинг алушыға пайдалану құқығы мен иелену құқығының берιлуιнιң негιзι бар, лизинг алушы тек пайдалы заттарды алғаннан басқа, ол титульдιк иесι ретιнде қарастырылады.
Лизинг алушы лизинг мүлкιнιң титульдιк иесι ретιнде, үшιншι тұлғалардың құқықка қарсы әрекеттерιнен қорғалу құқығы берιледι. Ондай құқық заңда көбιне меншιк иесιне берιледι.
05. 07. 2000 ж. ҚР ∀Қаржылық лизинг туралы∀ заңының 7 бабына сәйкес лизинг алушыға лизинг заттың қорғау құқығы лизинг берушιмен бιрдей берιледι. Лизинг алушы лизинг шартының мерзιмι ιшιнде сотқа талап арыз беру және басқа да әдιстердι қолдану арқылы өз атынан қорғай алады8.
Лизинг алушыға тек титульдιк иесι статусынан басқа, заң шығарушыларға лизинг мүлкιне меншιк құқығын қарастырған кезιнде, қолдану (следование) құқығын қарастырған жөн, өйткенι ол да мүлιктιк құқықтың негιзгι белгιлерιнιң бιрι ҚР ∀Қаржылық лизинг туралы∀ заңының 5−шι бабына сәйкес лизинг мүлкιнен меншιк құқығы, шаруашылық жүргιзу және оралымды басқару құқығы басқа тұлғаға өтуι лизинг шартының бұзылуына негιз бола алмайды. ҚР азаматтық заңдарында лизинг шартына байланысты көптеген даулы мәселелер бар. ҚР АК−де лизингтι мүлιк жалдаудың бιр түрι ретιнде, кәсιпкерлιк қызмет ретιнде қарастырылады. ҚР АК−нιң 565 бабына сәйкес лизинг шарты бойынша лизинг берушι лизинг алушы көрсеткен мүлιктι сатушыдан меншιгιне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлιктι ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсιпкерлιк мақсатта пайдалануға беруге мιндеттенедι9.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz