Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Инвестициялық үдеріс экономикалық даму факторы ретінде ... ... ... ... ... 5
1.2 Инвестициялық жобалар түсінігі және жобалардың негізгі мінездемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың негізгі қағидалары және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ... ... ... ..29
2.1 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі инвестициялық ахуал және оның даму үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының незізгі функциялары мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.3 Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық жобаларды басқару саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
3.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқару қызметін құқықтық.нормативтік қолдау шараларын нығайту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқарудағы менеджмент жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

РЕЗЮМЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76
Ұлттық экономика қазіргі нарықтық жағдайда бәсекеге қабілетті болу үшін әрдайым және тұрақты түрде өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, кәсіпкерлік қызметте жаңа жолдарды игеруге дайын болуы тиіс. Өз кезегінде мұндай экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін инвестицияларды экономикаға тартып, инвестицияларды тиімді басқару әдістерін игеру қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан үшін ел экономикасын әлемдік дамыған елдер деңгейіне жеткізу үшін көп жұмыс жасау керек. Дегенмен, алғышаррттары жасалып жатыр. Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж.ж аралығындағы индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру инвестицияларды елге тартып, тиімді басқара білуді талап етеді. Жалпы алғанда, бұл стратегияның өзі - үлкен инвестициялық жоба, соңғы нәтижесі – еліміздің алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы, халқымыздың әлеуетінің өсуі.
XXI ғасыр - ғылыми-техникалық прогрестің интенсивті даму кезеңі. Сондықтан, көш артында қалмау үшін экономиканы дамыту мақсатында инвестициялық үрдістерді инвестициялық жобалау арқылы басқару негізгі мәселе болып отыр.
Соңғы он жыл аралығында әлемдік экономика мен қоғамдық өмірдегі инвестициялық жобаларды басқарудың маңызы артты. XX ғасырдың 60-жылдары нарықтағы қатаң бәсеке мен жоғары пайда табу жағдайында қызмет көрсететін компаниялар үшін басқарушылық және ұйымдастырушылық деңгейін арттырып қана қоймастан, сонымен қатар жобаларды жоспарлау әдістерін жетілдіру, орындау мерзімін қатаң бақылауға алу, қатысушылар мен орындаушылар арасындағы өзара байланысты арттыру жолдарын іздестіру басталды. Бұл процестің ең негізгі себебі ірі жобаларда әрдайым әр түрлі жағдайларға байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі жиі пайда болатын болды. Сондықтан өзгерістерді алдын ала болжап, бақылауға алу қажеттілігі туындады. Ірі компаниялар бірігіп, 1965 жылы Халықаралық Жобаларды басқару Ассоциациясы құрылды. Бұл ұйым 1995 жылға дейін Интернет атауымен белгілі болды (интернационалды желі). Ал 1995 жыла International Project Management Association деген атауға ие болды.
Жобалық менеджмент – бизнестегі және әлемдік ғылымдағы «ноу-хау», қазіргі замандағы менеджменттегі қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Қазіргі таңда жобаларды басқару нарықтық қатынастар субъектілерін макро- және микродеңгейде жетістіктерге жеткізе алатын прогрессивті құралдардың бірі болып табылады. Жаңа технологиялар мен қатаң бәсеке заманында ел экономикасы үшін жобаларды басқара білудің маңызы зор. Инвестициялық жобаларды басқару арқылы инновацияларды өндіру мен экономикаға енгізу жолдары ашылады, ол өз кезегінде кәсіпорындар мен жалпы ел экономикасының стратегиялық дамуына жол ашады.
1. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы, 08.01.2003 ж. №373-II (№66-IV 05.07.2008 ж. енгізілген өзгерістер және толықтырулармен). – Алматы: ЮРИСТ, 2008.
2. Шарп Уильям Ф., Александр Гордон Дж., Бейли Джефри Ф. Инвестиции. – М.: ИНФРА-М, 1998.
3. Самуэльсон П.А., Норхадс В.Д. Экономика – изд. 15; Бином-кнорус, 1999.
4. Шапиро В.Д және басқалары. Управление проектами. – СПб.: ДваТри, 1996.
5. Золотогоров В.Г. Инвестиционное проектирование: Учебное пособие. – Минск: ИП «Экоперспектива», 1998.
6. Клиффорд Ф. Грей, Эрик У. Ларсон. Управление проектами: Практическое руководство. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2003.
7. Методические рекомендации по оценке эффективности инвестиционных проектов и их отбору для финансирования. – М.: Теринвест, 1994.
8. Васина А.А. Финансовая диагностика и оценка проектов. – СПб: Питер, 2004.
9. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента, М.:1998.
10. Ковалев В.В. Финансовый анализ. – М.:1998
11. Сейтказиева А. М. Инвестиционная деятельность предприятия.- Алматы, 1998.
12. Ньюэл Майкл В. Управление проектами для профессионалов. Пер. с англ.- М.: КУДИЦ – ОБРАЗ. – 2006г.
13. Попов В. М. Бизнес-план инвестиционного проекта. – М.: 2001.
14. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.
15. Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории и практики привлечения и использования. – Алматы: Факсинформ, 1997.
16. Мазур И.И и др. Управление проектами: Учебное пособие. – М.: Омега – Л, 2004.
17. Бланк И.А. Основы инвестиционного менеджмента. – Киев: Эльга – Н, Ника-Центр, 2001.
18. Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. – Алматы: Ғылым, 1998.
19. Вратенков С.Д. Управление проектом по стандарту PMBoK Guide 4th Edition. Материалы тернинга.
20. Баймартов У. Инвестиций и инновации: нелинейный синтез. – Алматы: БИС, - 2005. – ТЗ: Избранные научные труды.
21. Инвестициялық жобаларды қарау ережесі//Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.-2002.-№40.
22. Бижанова Д.Е. Проект и его сущностные характеристики// ҚазҰУ хабарышысы. Экономика сериясы.-2009.-№2.
23. Бижанова Д.Е. Управление проектами как механизм инновационного развития в XXI веке// ҚазҰУ хабарышысы. Экономика сериясы.-2009.-№1.
24. Сырлыбаев М.К. Улучшение управления проектами как способ создания инноваций в АПК Казахстана// Евразийское сообщество.-2010.-№1.
25. Яровой А. К новым системам управления// Континент. – 2008. - №1.
26. Кубаев К.Е. Управление - древняя практика и новая наука.// КазНУ: Горизонты науки. -2008.
27. Кубаев К.Е., Байшоланова К.С. Оценка человеческого капитала компании. // Саясат. - 2007, с. 10
28. Лем С. Мир управления проектами в Казахстане// Я – руководитель. – 2006. - №1.
29. Бушуев С.Д. Развитие инструментов целедостижения в управлении проектами// Логос.-2005.-№1.
30. Игликов Е. Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы // Рынок ценных бумаг Казахстана.- 2005.- №2.
31. Косжанов.Т.Н. Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны //Транзитная экономика.- 2005. № 7.
32. Сембеков Е. Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане // Қаржы-қаражат. – 2004.- №2
33. Сембеков Е. «Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане»// Қаржы қаражат.- 2004.-№2.
34. Кучукова Н. Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики. // Қаржы-қаражат. – 2004.- №1.
35. Смирнов С. Вершки и корешки инвестиций в Казахстане: Перспективы развития ТЭК РК до 2015 года// Невтегазовая вертикаль.-2003.-№1.
36. Төлеубаева М.К. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. – 2003.-№6
37. Мороз С. ҚР инвестициялық Заңнамасы// Ізденіс. Гуманитарлық ғылыми сериясы.-2002.-№4.
38. Шөптібаева Г.Б. Инвестиция және инвестициялық жобаларды әлеуметтік талдау// Еуразия университетінің хабаршысы.-2002.-№3-4.
39. Марченко Г., Мачульская О. Рейтинг инвестиционной привлекательности Казахстана// Эксперт.-08.10.2001.
40. Қаженбаев С. Инвестициялық қорлар: тиімді пайдалану жолдары мен қосымша көздері// ақиқат.-2000.-№6.
41. Махин в. От управления проектами – к управлению экономикой/ Казахстанская правда.-2009.- 9 сәуір.
42. Цеховой А. Управлять проектом – это Вам не фунт изюму/ Известия.-2009.-10 сәуір.
43. Әлжанов Т. Қазақстандағы инвестициялық ахуал/ Егемен Қазақстан.-2001.-2 қазан.
44. С.Тай. Влияние прямых иностранных инвестиций/ Казахстанская правда. - 07.03.2006 г.
45. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан 2003-2015 годы/ Казахстанская правда.- 2003 г.
46. ҚР статистика бойынша агенттігінің ресми сайты www.stat.kz
47. ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайты www.nationalbank.kz
48. ҚР Инвестициялық қорының ресми сайты www.ifk.kz
49. Қаржы әлемә ресми сайты www.wfin.kz
50. ҚР инвестициялық жағдайы бойынша ақпарат беретін ресми сайт www.kazinvest.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
1. Инвестициялық үдеріс экономикалық даму факторы
ретінде ... ... ... ... ... 5
2. Инвестициялық жобалар түсінігі және жобалардың негізгі
мінездемелері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3. Инвестициялық жобаларды басқарудың негізгі қағидалары және
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ... ... ... ..29
1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі инвестициялық ахуал
және оның даму
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..29
2. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының незізгі функциялары мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының инвестициялық жобаларды басқару
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 6
1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқару қызметін
құқықтық-нормативтік қолдау шараларын нығайту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 6
2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқарудағы
менеджмент жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...73

РЕЗЮМЕ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76

КІРІСПЕ

Ұлттық экономика қазіргі нарықтық жағдайда бәсекеге қабілетті болу үшін
әрдайым және тұрақты түрде өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасын арттырып, кәсіпкерлік қызметте жаңа жолдарды игеруге
дайын болуы тиіс. Өз кезегінде мұндай экономикалық дамуды қамтамасыз ету
үшін инвестицияларды экономикаға тартып, инвестицияларды тиімді басқару
әдістерін игеру қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан үшін ел экономикасын әлемдік дамыған елдер
деңгейіне жеткізу үшін көп жұмыс жасау керек. Дегенмен, алғышаррттары
жасалып жатыр. Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж.ж аралығындағы
индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру инвестицияларды
елге тартып, тиімді басқара білуді талап етеді. Жалпы алғанда, бұл
стратегияның өзі - үлкен инвестициялық жоба, соңғы нәтижесі – еліміздің
алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы, халқымыздың әлеуетінің
өсуі.
XXI ғасыр - ғылыми-техникалық прогрестің интенсивті даму кезеңі.
Сондықтан, көш артында қалмау үшін экономиканы дамыту мақсатында
инвестициялық үрдістерді инвестициялық жобалау арқылы басқару негізгі
мәселе болып отыр.
Соңғы он жыл аралығында әлемдік экономика мен қоғамдық өмірдегі
инвестициялық жобаларды басқарудың маңызы артты. XX ғасырдың 60-жылдары
нарықтағы қатаң бәсеке мен жоғары пайда табу жағдайында қызмет көрсететін
компаниялар үшін басқарушылық және ұйымдастырушылық деңгейін арттырып қана
қоймастан, сонымен қатар жобаларды жоспарлау әдістерін жетілдіру, орындау
мерзімін қатаң бақылауға алу, қатысушылар мен орындаушылар арасындағы өзара
байланысты арттыру жолдарын іздестіру басталды. Бұл процестің ең негізгі
себебі ірі жобаларда әрдайым әр түрлі жағдайларға байланысты өзгерістер
енгізу қажеттілігі жиі пайда болатын болды. Сондықтан өзгерістерді алдын
ала болжап, бақылауға алу қажеттілігі туындады. Ірі компаниялар бірігіп,
1965 жылы Халықаралық Жобаларды басқару Ассоциациясы құрылды. Бұл ұйым 1995
жылға дейін Интернет атауымен белгілі болды (интернационалды желі). Ал 1995
жыла International Project Management Association деген атауға ие болды.
Жобалық менеджмент – бизнестегі және әлемдік ғылымдағы ноу-хау,
қазіргі замандағы менеджменттегі қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Қазіргі
таңда жобаларды басқару нарықтық қатынастар субъектілерін макро- және
микродеңгейде жетістіктерге жеткізе алатын прогрессивті құралдардың бірі
болып табылады. Жаңа технологиялар мен қатаң бәсеке заманында ел
экономикасы үшін жобаларды басқара білудің маңызы зор. Инвестициялық
жобаларды басқару арқылы инновацияларды өндіру мен экономикаға енгізу
жолдары ашылады, ол өз кезегінде кәсіпорындар мен жалпы ел экономикасының
стратегиялық дамуына жол ашады. Магистрлік диссертация тақырыбын таңдау
себебі және бұл тақырыптың актуалдығы осы жайтпен түсіндіріледі.
Магистрлік диссертацияның мақсаты теориялық – методологиялық негіздерге
және шетел, Ресей тәжірибелеріне сүйене отырып, инвестициялық жобалау
процесінің маңызын ашып көрсету және инвестициялық жобалауды Қазақстан
жағдайында қолдану мәселелерін талұылау болып табылады.
Магистрлік диссертация мақсатына байланысты негізгі қадамдар анықталды:
инвестициялық үдерістердің экономикалық маңыздылығын зерттеу,
инвестициялық жобаларды басқару түсінігіне анықтама беру;
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының
незізгі функциялары мен қызметі мен танысу;
инвестициялық жобаларды басқарудың заманауи жағдайын талдау;
ҚР инвестициялық жобаларды басқару жолдарын жетілдіру көздерін ашып
көрсету.
Инвестициялық жобаларды басқарудың теориялық және тәжірибелік
аспектілері келесі қазақстандық экономистер еңбектерінде кездеседі:
Аубакиров Я.А., Кубаев К.Е., Джумамбаев С.К., Әлжанова Н.Ш., Сәбден О.С.,
Оспанов М.Т. және т.б.
Ресей және шетел ғалымдары ішінде бұл тақырыпқа қалам тартқандар:
Шапиро В.Д, Золотогоров В.Г., Мазур И.И, Румянцева Е.Е, Медынский В.Г.,
Грей К., Ларсон Э. және т.б.
Магистрлік диссертация зерттеу объектісі – Жамбыл облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық жобалау
саласындағы незізгі функциялары мен қызметі.
Магистрлік диссертация зерттеу пәні – инвестицляық жобаларды басқарумен
байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.
Зерттеудің теориялық – методологиялық негізін қазақстандық және шетел
ғалымдарының еңбектерінде орын алған инвестициялық жобалар мәнін ашатын
мәліметтер құрайды.
Магистрлік диссертацияның негізгі жаңалығы – инвестициялық жобалар
түсінігіне авторлық анықтама беру, ҚР инвестициялық жобаларды басқару
бойынша жетілдіру жолдарын көрсету.
Магистрлік диссертация кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде инвестиция және ивестициялық жобалар түсініктерінің
теориялық-методологиялық негіздері ашылды, ерекшеліктері айқындалды,
негізгі мінездемелері белгіленді, инвестицилық жобалар
Екінші бөлімде Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының инвестициялық жобаларды басқару саясаты,
функциялары мен қызметтері қарастырылды.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды
басқару жолдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
Магистрлік жұмыс көлемі 76 беттен, 13 кесте және 12 суреттерден тұрады.
1. ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. Инвестициялық үдеріс экономикалық даму факторы ретінде.
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша
жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар) , тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын
келеді.1, 13б
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлы жүйелерде инвестицияның
мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік
жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан,
инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық
экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлы экономика жағдайында
инвестициялар ағымындағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана
айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның investire – жұмылдыру сөзінен алынған.
Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол
Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның нақты
капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,қондырғылар,
өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе
капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген
құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу
инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түрінде инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестицияға қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны жатқызуға болады. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың
негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында
инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады.
Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның
өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес ,
бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың
тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар
инвестициялық іскерліктің капиталдық құнының табыс немесе әлеуметтік әсер
түріндегі өсімі алынатын нақты объектіліеріне трансформацияланады.2, 5б
Экономикалық және қаржылық тұрғылық инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез-келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандайда
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын
әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен;
қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мынылар қолданылады:
1. инвестициялардың түрлері
2. ақша құралдарын салу обьектілері
3. инвестицияландыруға қатысу сипаты
4. инвестицияландыру кезеңі
5. меншік түрлері
6. инвестордың қатысу түрлері
7. тәуекел дәрежесі
8. ұдайы өндіріс түрлері
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• Ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
• Жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• Авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• Жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да
мүліктік құқықтар;
• Қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік
тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық,
коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну обьектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
• Нақты нвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге
салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және
айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды
емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер –
ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын
өнімдерге айналдырылған құралдар;
• Материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен
шығындар;
• Қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдардың салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктік
салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар
келесі түрлерге бөлінеді:
• Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша
құралдарын салу обьектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы
қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің
барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін
инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру обьектілірін
жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
• Жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляциаландыратын түрлі қаржылық
делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге
асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру обьектілерін басқаруға
қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас
басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік
деп те атайды.
4. инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына
түрлерге бөледі:
• Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
• Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы
кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• Мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің
бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• Қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену
(шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
• Инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы
немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа
да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп
саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды
анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін
санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
• Тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел
немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным обьектісі
сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан
кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі
инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның
мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың
мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім
түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту,
мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). дәрежені бағалау
критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• Жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың
салынуы;
• Шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе
қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
• Шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру – моральды
тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды
ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту
мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды
ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• Техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау
концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты
бағалау үшін қажет.3, 11б
Инвестициялық қызмет - қоғамдық қайта өндірістің негізгі құрамдас
бөлігі: ол инвестициялық игіліктердің қозғалысы тұрғысынан қайта өндіріс
процесінің барлық сатыларын бейнелейді.
Инвестициялық қызмет келесі түрде жүзеге асады:
• Жеке тұлғалар, мемлекеттік емес ұйымдар, басқа да заңды тұлғалар
инвестициялары;
• Мемлекеттік инвестициялар;
• Шетел инвестициялары;
• Аралас инвестициялар.
Инвестициялық қызмет - қоғамдық қайта өндірістің негізгі құрамдас
бөлігі: ол инвестициялық игіліктердің қозғалысы тұрғысынан қайта өндіріс
процесінің барлық сатыларын бейнелейді.

Инвестициялардың қоғамдық өндірістегі орны





Сурет 1.

Жоғарыда айтылғандай, инвестиция ұғымы жалпы түрде пайда табумен
байланысты. Пайда табу мақсатында инвестициялар, негізінен, бар өндірісті
кеңейтуге, жаңа өндірісті құруға немесе зерттеулер мен инновацияларды
енгізу арқылы бұрын-соңды болмаған жаңа тауарлар енгізуге бағытталады.
Әрине, ең тиімді инвестиция түрі – жаңа тауар шығарып, нарықты жаулап алу.
Дегенмен, бұл инвестициялау процесінің тәуекелі жоғары болып келеді және
қажетті зерттеулер жүргізілуі керек, ал бұл өз кезегінде қомақты
қаражаттарды талап етеді.
Келесі сурет инвестициялар түрлерін анықтап, олар бойынша тәуекел
деңгейін көрсетеді.

Инвестициялар бойынша тәуекелдер деңгейі.

Сурет 2.
Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының мақсаттары мен
мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент болып табылады. Экономикалық
реформаларға сәйкес халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың
мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың
инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістің құрылымдық өзгерісіне
барынша септігін тигізуі керек. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік
табыстардың артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік өсуіне,
тұрғындардың өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін
құруға жағдай туғызады.

2. Инвестициляық жобалар түсінігі және жобалардың негізгі
мінездемелері.
Қазіргі таңда инвестициялық жоба термині біздің лексиконымыздың
ажырамас бөлігі болып отыр. Тіпті ЖОО-да инвестициялық жобалау деген немесе
соған байланысты пәндер енгізілуде, көптеген жұмыстар жазылуда.
Жобалар қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда әрбір ел
экономикасында ірі өзгерістер, ең алдымен, жобалар түрінде бекітіліп, іске
асады. Инвестициялық жобалар және оларды басқару ілімін жетілдіру жолдарын
бекіту нарықтық қатынастары дамыған Батыс елдерінде XX ғасырдың 50-
жылдарында жүргізіле бастады. Бұл жағдай жобалар көлемінің өсуі мен
күрделілігінің артуымен байланысты болды және жобаның тиімділігі деген
түсінік, ең алдымен, жобаның соңғы құны мен оған бастапқыда жұмсалған
қаражаттар шамасын салыстырумен, сондай-ақ экономия және пайда көлемдерімен
сейкестендірумен байланысты болды. 50- жылдары инвестициялық жобаларды
басқарудың алғаш әдістері енгізіле бастады (CPM және PERT әдістері).4,
15б
70-жылдары Батыс елдеріндегі ірі компаниялар қатаң бәсекелестік
жағдайында өз позицияларын орнықтыру үшін инвестициялық жобаларды
басқарудың жаңа әдістерін қолдана бастады.
Инвестициялық жобаларды басқарудың методологиялық негізі – жоба
түсінігі. Жоба термині латынның projectus, яғни алға ұмтылу деген
латын сөзінен шыққан. Жобаның басқару объектісі ретіндегі айрықша
белгілеріне алдын ала модельдеу және инвестициялық жобаны іске асырудың
баламалы нұсқаларын жасау жатады, басқаша айтқанда басқарудың әдістерін
қолдану арқылы жобаның болашағын белгілі бір түрде анықтауға болады. 5,

Қазіргі таңда инвестициялық жобалар күрделілігімен, шешілетін
мәселелерінің жан-жақтылығымен және инновацияларға бағытталуымен
айрықшаланады.
Жоба идея (мәселе), мәселені шешу құралдары мен мәселені шешу
жолдарын біріктіреді. Оны келесі суреттен көруге болады:

Жобаның негізгі элементтері.

Сурет 3.

Көптеген отандық және шетел экономистерінің еңбектерінде инвестициялық
жобалар түсінігі қарастырылған және әр түрлі анықтамалар берілген.
Мәселен, Жобаларды басқару атты еңбектің авторы В.Д. Шапиро жоба
терминін былай деп анықтайды: жоба - физикалық объектілерді, технологиялық
үрдістерді құруға және модернизациялауға бағытталған мақсаттар жүйесі. 4,
18б
Ресей ғалымы В.Г. Золотогоров келесі анықтама береді: жоба – бұл
техникалық құжаттар (есептеулер, схемалар, суреттер, макеттер), жоспар,
идея. Жоба ұғымы, былайша айтқанда, идея (мәселе), оны іске асыру жолдары
(мәселе шешімі) және алынатын нәтижені өзіне біріктіреді. 5, 7б
Американдық ғалымдар Клиффорд Ф. Грей және Эрик У. Ларсон бойынша жоба
- бұл комплексті, қайталанбайтын, бір сәттік, бюджеті, ресурстары және
уақыты шектелген, сондай-ақ тапсырыс берушінің талаптарына сай нақты
шарттарға сай орындалатын іс-әрекеттер жиынтығы. 6, 10б Бұл ғалымдар
Жобаларды басқару: тәжірибелік нұсқау атты еңбектерінде жобаның негізгі
белгілерін төмендегідей жіктейді:
• Анықталған мақсаттың болуы;
• Жобаны іске асырудың алдын ала белгіленген уақытының болуы (яғни
жобаның басталу мерзімі мен аяқталу мерзімінің алдын ала анықталуы
шарт);
• Жобаны іске асыруға қатысатын әр түрлі мамандар тобының болуы;
• Жоба барысында жаңа өнім пайда болады;
• Жұмысты орындау кезінде уақыт, сапа және шығындар бойынша талаптардың
болуы және орындалуы.
КСРО кезіндегі инвестициялық жобаларға берілген анықтамаларды Батыс
елдеріндегі анықтамалармен салыстырсақ, айылмашылығы өте көп. Жоба, КСРО
кезіндегі түсінік бойынша, ғимарат және басқа да объектінің қағаз түрінде
берілген жоспары болып табылады. Осы кезге дейін біздің елімізде де
инвестициляық жоба түсінігі осындай тар мағынада анықталып келді. Ал Батыс
елдерін алатын болсақ, бұл анықтама дизайн сөзіне берілген анықтама болып
келеді.
Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау және қаржыландыру бойынша
методикалық усыныстар жинағында инвестициялық жоба түсінігі екі мағынада
қолданылады: 7, 11б
1. Белгілі бір мақсаттарға жетуді көздейтін іс-әрекеттер жиынтығы;
2. Белгілі бір нәтижеге жету жолдарын бейнелейтін ұйымдстырушылық-
құқықтық және есеп-қаржылық құжаттар жиынтығы.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, инвестициялық жоба
түсінігіне келесідей анықтама беруге тырыстық.
Инвестициялық жоба – белгілі бір әлеуметтік-экономикалық нәтижеге жету
мақсатында берілген ресурстар (адам ресурстары, материалдық ресурстар)
көмегімен және нақты анықталған уақыт аралығында жаңа өнімді өндіруге
бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы. Осы анықтаманы алға алып, инвестициялық
жобаның келесідей ерекше мінездемелерін атап көрсетуге болады:
1. Жоба мақсатының болуы - әрбір жоба белгіленген мақсаттарға жету үшін
іске асырылады. Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаттары келесідей:
• Жоба қатысушыларының қызығушылықтарын қанағаттандыру;
• Жоба өнімін жасау.
2. Жоба өнімі - артефакт, тауар, материал, қызмет түрлері, материалды
емес нәтиже (жүйені жаңарту немесе құжат), т.б.
3. Жоба қатысушылары. Жобаның негізгі қатысушылары:
• Жоба менеджері (басқарушы) – жобанаң мақсаттарына жетуді қамтамасыз
ететін жауапты адам;
• Тапсырыс беруші – жобның негізгі талаптарын айқындайтын жоба өнімінің
иегері;
• Атқарушы ұйым;
• Жоба тобы;
• Спонсор, куратор – қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз
ететін тұлға;
• Инвестицилық жобаларды басқару бөлімшесі – жобаларды басқаруды
бағыттауға және ұйымдастыруға арналған бірлік;
Сонымен қатар, жоба қатысушыларының келесідей тобын көрсетуге
болады:
• Ішкі және сыртқы;
• Позитивті және негативті
4. Жоба айрықшылығы. Әрбір инвестициялық жоба арқылы жасалатын өнім өз
ерекшелігімен сипатталады. Жобалар ешқашан бірдей болмайды, әрбір жоба
ерекше категория, сондықтан осы жоба аяқталғанда алынатын өнім де
басқалардан өзгеше болады.
5. Жоба мерзімі. Инвестициялық жобалардың басталу мерзімі мен аяқталу
мерзімі алдын ала анықталады. Әрбір жоба ерте ме, кеш пе өз мәресіне
жетеді. Жобаның іске асырылу мерзімі жобаның өмірлік циклі деп
аталады.
6. Жоба ресурстары. Инвестициляық жобаларды іске асыру белгілі бір адами,
қаржылық, ақпараттық, ғылыми-техникалық және интелектуалды ресурстарды
қолдану арқылы жүзеге асады.
7. Жоба тәуекелі. Кез келген инвестициялық жобаны жүзеге асыруда инвестор
және жоба қатысушылары тәуекелге бел буады. Тәуекел мен пайда деңгейі
бір - бірімен тығыз байланысты. Сондықтан тәуекелді тиімді басқара
білу қажет.
8. Жобаларды басқару процестері: жобаны дайындау, жобаны орындау,
бақылау, жобаны аяқтау, инициация.
Дегенмен, инвестициялық жобаның негізгі мінездемелеріне жоба
әмбебаптылығы мен жобаның белгілі уақыт аралығында орындалуы жатады.
Инвестициялық жобалар әмбебаптылығы екі аспектіде көрінеді:
1. Жоба шарттары – яғни жобаға қатысты әр түрлі мерзімдер, қатысушылар,
жоба шығындары және т.б.
2. Жоба өнімі.
Жобаның уақыт аралығына бөлінуі жобаның өмірлік циклі арқылы көрініс
табады. Әрбір инвестициялық жобалар өзінің идея ретінде пайда болуынан
аяқталу мерзіміне дейін белгілі бір этаптардан өтеді. Қазіргі әдебиеттерде
жобаның өмірлік циклін анықтайтын әр түрлі қадамдар бар. Ең негізгілеріне
тоқталатын болсақ, оны келесі кестеден көруге болады: 8, 16б

Кесте 1.
Жобаның өмірлік циклі.

№ Өмірлік цикл фазаларының Сипаттамалары
атауы
1 Инвестициялау алдындағы Бұл этапта инвестициялық жобаның
зерттеулер жүргізу фазасы мақсаттары, ерекшеліктері және іске
асырылу жолдары, қажетті ресурстар,
инвестициялық жобаны басқару түрлері,
қаржыландыру көздері анықталады.
Инвестицилық жобаның инвестициялау
алдындағы фазасынынң өзін үш деңгейге
бөледі: жобалардың инвестициялық
мүмкіндіктерін зерттеу (opportunity
studies), жоба алдындағы зерттеулер
жүргізу (pre-feasibility studies),
инвестициялық жобаның іске асу
мүмкіндіктерін бағалау (feasibility
studies). Алдын ала зерттеу жүргізу өте
маңызды, өйткені осыған байланысты тиімді
инвестициялық жоба құрып, оны басқаруға
болады.
2 Инвестициялық жобаны іске Келісімшарртарға қол
асыру фазасы қою,инжинерлік-техникалық жобалау,
құрылыс, марткетингітк зерттеулер жүргізу,
персоналды оқыту.
3 Инвестициялық жобаны Эксплуатацияға беру, содан кейін жобаны
эксплуатацияға беру фазасы айырбастау немесе инновациялар енгізу
немесе көлемін ұлғайту жөнінде шешімдер
қабылданады.
4 Жобаның нәтижелерін бағалай Бұл фазада инвестициялық жобалар
фазасы тиімділігі анықталады, жоспарланған және
нақты мәліметтер салыстырылады.

Инвестициялық жобаларды зерттеу барысында жобалар субъектілері мен
объектілерін ажыратады.
Жоба субъектілеріне жоба басшысы, жоба тобы және жобаға қатысатын басқа
да тұлғалар жатады.
Жоба объектілері – жобалар, бағдарламалар, ұйымдар және жүйелер.
Жалпы, инвестициялық жобалар келесі түрлерге бөлінеді: 8, 22б
• Кіші жобалар – мұндай жобалар көлемі бойынша кіші, күрделі емес және
көлемдері шектелген болып келеді. Мәселен, американдық тәжірибеде кіші
жобаларға капитал салымдары 10-15 млн. АҚШ долларын қүрайтын және
еңбек шығындары 40-50 мың адамсағ. аспайтын жобалар жатады.
Кіші жобалардың мысалы ретінде өндірісті модернизациялау, кішігірім
кәсіпорындарды іске қосу және т.б. жатады.
• Мега жобалар – бұл ортақ мақсатпен біріктірілген, ортақ ресуртар мен
уақыт берілген бірнеше жобалардан тұратын мақсатты бағдарламалар
жиынтығы. Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, аймақтық
немесе ұлттық, салааралық және аралас нышанда болуы мүмкін (мысалы,
тәуелсіз экономикалық зоналарды жетілдіру, аймақтық экономикалық
процестерді жетілдіру, т.б.). Мұндай жобалар мемлекеттік, аймақтық
жоғары басқару орындарымен бақылауға алынады. Мега жобалардың негізгі
айрықша белгілері: құнының жоғары болуы (минимум 1 млрд. АҚШ доллары
және жоғары); капитал және еңбек қажеттілігі жоғары (2 млн.адамсағ
жобалық жұмыстарды жасау үшін және 15-20 млн. адамсағ. Құрылысжүргізу
үшін); іске асырылу кезеңінің ұзақтығы (5-7 жал шамасында); басқа
мемлекеттердің қатысу мүмкіншіліктерінің болуы; жобалардың аймақ,
тіпті бүкіл ел экономикасына тигізетін оң әсерінің бар болуы.
• Қысқа мерзімді жобалар әдетте әр түрлі жаңа тауарлар өндіретін
кәсіпорындарда және қайта құру жұмыстарын жүргізуде қолданылады.
• Дефектсіз жобалардың негізіг факторы сапа болып табылады. Сондықтан
мұндай жобалардың құны өте жоғары. Оған мысал ретінде атом
электростанцияларын құруды көрсетуге болады.
• Мультижобалар – бірнеше жобалар арқылы іске асырылады. Бұл жоабалр
қызмет көрсетеітн кәсіпорындарды жаңарту немесе жаңа кәсіпорын құру
мақсатында жасалады.
• Моножобалар – белгілі ресурстары берілген, қатысушылары анықталған
және жеке жоба болым табылатын бағдарламалар жиынтығы.
• Халықаралық жобалар өте күрделі және құны жоғары жобалар түріне
жатады. Мұндай жобалардың негізгі ерекшеліктері ел экономикасы мен
саясатында маңызды орын алатындығында. Халықаралық жобаларды іске
асыру үшін аралас кәсіпорындар құрылады, қажетті құрал-жабдықтар
әлемдік нарықта сатып алынады, ақапараттық қамтамасыз етілуі жоғары
деңгейде болады.
Айтылған инвестициялық жобалардың барлық айрықша белгілері, жоба
анықтамасын жете түсіну және жоба объектілері мен субъектілерін анықтау
жобаны тиімді басқарудың алғышарттарының бірі болып табылады. Инвестициялық
жоба, қазіргі таңда, әрбір шаруашылық қызметтің ажырамас бөлігі болып
табылады.

3. Инвестициялық жобаларды басқарудың негізгі қағидалары және
әдістері.
Экономиканы басқару күрделеніп келе жатыр, өйткені басқару
субъектілерінің саны артуда, олардың іс-әрекеттері күрделенуде, басқару
персоналының профессионалдық деңгейі төмендеуде. Қазіргі таңда
инвестициялық саясат қысқа мерзімде орындалатын және максималды пайда алуға
бағытталған жобаларды қаржыландаруды көздейді. Осындай жағдайда,
инвестициялық жобаларды дұрыс басқара білу сапасы жоғары инвестициялық
жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Берілген жұмыста инвестициялық жобаларды басқару және жобаларды
басқару түсініктері бір-біріне сәйкес келеді деп қарастырылады. Өйткені
кез келген жобаны іске асыру үшін қаражаттар салымдары қажет, сонымен қатар
кез келген жоба белгілі бір дәрежеде пайда алуды немесе экономикалық және
әлеуметтік жетістіктерге жетуді көздейді.
Инвестициялық жобаларды басқару – инвестициялық жобалардың мақсаттарына
тиімді жетуге бағытталған жобаның өмірлік циклында оны ұйымдастару,
жоспарлау, басқару, қаржылық, еңбек және материалды-техникалық ресурстарды
бақылау методологиясы. 14, 5б
Жобаларды басқару әдістері мен тәсілдерін жетік меңгеру бәсеке
нарығында кәсіпорындар және тіпті ұлттық экономика үшін қолайлы жағдайлар
жасайды. Әлемдік статистика мәліметтері бойынша жобаларды тиімді басқару
инвестицияларды игеру бойынша шығындар көлемін 10-15%-ға, жобаларды іске
асыру мерзімдерінің ұзақтығын 20-30%-ға қысқартады.
Қазіргі таңда инвестициялық жобалардың қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі
болғанын байқаймыз. Ұлттық экономиканың әр түрлі салаларындағы және
әлеуметтік салалардағы да инвестициялық жобалар көлемі тұрақты түрде
артуда, сондықтан инвестициялық жобаларды басқаруға немқүрайлы қарауға
болмайды.
Инвестициялық жобаларды басқару әдістері келесі мүмкіндіктерге жол
ашады:
1. Жобаның мақсаттарын анықтап, она негіздеу;
2. Жобаның құрылымын анықтау;
3. Қаржыландырудың қажетті көлемі мен көздерін анықтау;
4. Орындаушыларды табу;
5. Келісімшарттарды дайындау және оларға қол қою;
6. Жобаны іске асыру мерзімін жасау, қажетті ресурстарды септеу;
7. Жоба бюджеті мен сметасын құру;
8. Тәуекелдерді жоспарлау мен басқару;
9. Жобаны іске асыру жолдарына бақылау орнату.
Инвестициялық жобаларда орын алатын іс-әрекеттерді жобаларды басқарудың
белгілі бір үдерістері арқылы сипаттауға болады. Инвестициялық жобалардың
барлық үдерістерін төмендегі суретте көрсетілген негізгі бес топқа жіктеуге
болады. 16, 23б

Инвестициялық жобаларды басқару үдерістері.

Сурет 4.

Жобаларды басқару үдерістерінің тұжырымдамасын 90- жылдардың басында
алғаш ұсынған Вильям Дункан болатын. Жасалған тұжырымдама 1996 жылы
шығарылған PM-BoK жұмысының негізін құрады. PM-BoK бойынша, жобаларды
басқару үдерістерінің қайсыбірі болсын жобаның өмірлік циклынің әр
кезеңінде кездеседі, тіпті бір-бірімен қатарласып та жүріп жатады.
1. Жобаны бастау, инициация – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін анықтау,
жобаның бастапқы шығындарын анықтау, жобаны негіздеу, көзделген
мақсаттарғажету жолдарын әдістерін талдау.
2. Жоспарлау – жоба мақсаттарын анықтау, жасалатын жұмыстарды айқындау,
жұмысты іске асыратны жауапты тұлғаны тағайындау, жоспарды
оптимизациялау.
3. Іске асыру – жұмыстың барысын басқару, мүмкіндіктерді және баламалы
шарттарды қарастыру, орындаушылар жұмысын басқару, жоба тәуекелін
басқару, есептерді жасау және өткізу.
4. Жобаны эксплуатацияға беру, жабу – алынған нәтижені жоспармен
салыстыру арқылы жобаның нәтижесі қаншалықты ойдан шыққанын анықтау,
қажет болса, толықтырулар енгізу.
Жобаның нәтижелі болуы негізінен жобаның ұйымдастырушылық құрылымына
байланысты болып келеді. Бұл түсінік, біріншіден, ұйымдастырушылық
формаларды, екінші жағынан, жобаны басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын
біріктіреді. Егер ұйымдастырушылық құрылым түсінігі дегеніміз бір бірімен
байланысты басқару органдары болса, онда ұйымдастырушылық форма – бұл
инвестициялық процестің барлық қатысушылары арасындағы байланысты және
өзара бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру болып табылады. 16, 27б
Инвестициялық жобаларды басқаруда қолданылатын құрылымдар түрлері бар:
функционалды, матрицалық және жобалық басқару құрылымдары.
Функционалды құрылымда басқару қызметін сызықтық басқарушы өзіне
бағынышты функционалды бөлім басқарушылар тобы арқылы атқарады. Бұл құрылым
аясында басқару аппаратының функционалды мамандануы басқарма
қызметкерлерінің біліктілігінің арқасында инвестициляық жобаның тиімділігін
айтарлықтай арттырады. Дегенмен, функционаларалығ бағытталу бойынша қиындық
туындайды. Бұл мәселені шешу тек ең жоғарғы деңгейде ғана мүмкін. Жоғарғы
басқару деңгейіндегі басшылар әрдайым мұндай бағыттауды атқара алмайды.
Сондықтан, инвестициялық жобаны басқаруда бұл құрылым түрі қолданылатын
болса, бір немесе бірнеше функционалды бөлімшелер арасында байланысты
орнататын бағыттаушылар тағайындалады. Функционалды басқару құрылымын
келесі суреттен көруге болады.

Жобаларды басқарудың функционалды құрылымы.

Сурет 5.

Бұл құрылымның түрі негізінен жұмыс істеу режимі тұрақтылығымен, сыртқы
ортадан тәуелділігі салыстырмалы түрде төмен болуымен, өндірістің
өзгеріссіз болуы, ұйымның тұрақты және біркелкі дамуымен сипатталатын
ұйымдарда қолданылады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кез келген шарттардың
бірінің бұзылуы, мысалы, өндіріс көлемінің өзгеруі, жаңа технологияларға
өту немесе т.б. кезінде бұл басқару құрылымы тиімсіз болады.
Матрицалық құрылым функционалды басқару құрылымы негізінде жасалады.
Инвестициялық жобаларды басқарудың мұндай түрінде жобаны орындаушылар
арасындағы байланыс жоғарыдан төменге тарайтын вертикалды түрде жүзеге
асады. Белгілі бір нақты мәселелерді шешу үшін уақытша жобалық топтар
құрылады, бұл топтар басында жобалар басшылары тұрады. Топтар әр түрлі
басқару иерархиясында тұрған функционалды бөлімшелер мамандарынан құрылады.

Басшылар мен функционалды бөлімшелер арасындағы байланыс горизонтальды
түрде жүреді және бұл байланыстар дәстүрлі вертикалды басшылар-орындаушылар
байланысына қосылып, қарым-қатынас матрицасын қүрайды. (Сурет 6)
Матрицалық құрылым адам ресурстарын жобалар арасында бөлу арқылы осы
ресуртарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үшін
жоғары білікті мамандарды тарта білу, жұмыстың жоғарғы сапасын және аз
шығындардың болуын қамтамасыз ету – бұл құрылымның негізгі артықшылығы.
Жобаны басқарудың матрицалық құрылымының негізгі айрықша белгісі
басшының жобада қызмет көрсететін персоналды тікелей бақылау мүмкіндігінің
болмауы болып табылады. Жоба басшысы не өндірілу қажет және қай уақытты
өндірілуі қажет екенін анықтаса, функционалды басшы кім және қандай жолмен
нәтижеге жету керектігін анықтайды.
Осылайша, жобаны жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік жоба
басшысының мойнына ілігеді, сондай-ақ, функционалды басқару құрылымынан
ерекшелігі – матрицалық басқару құрылымында жоба басшысы мақсаттарға жетуде
өзінің жобалық тобының мүшелерін тікелей басқармай жетуі керек.
Басшы міндеттері:
• Жобаға қатысатын бөлімшелердің өз жұмысын толық және жоғарғы деңгейде
орындауын қамтамасыз етуі қажет;
• Жоба бойынша бөлімшелер жұмыстарының жоба шарттарына сай жүргізілуін
бақылауы қажет;
• Уақтылы түрде қиындықтар мен қателіктерді анықтай білуі қажет;
• Жоба бойынша жасалып жатқан жұмыстар жағдайымен тапсырыс беруші және
басқа да қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет, т.б.
Матрицалық құрылымдардың ең басты кемшілігі – функционалды
бөлімшелердің жұмысында пайда болатын дисбаланс, яғни жоба бойынша жасалуы
тиіс жұмыстар көлемінің өсуі және оған қажетті адам және қаржылық
ресурстардың жетіспеушілігі. Бұл қиындықты бөлімшелерде қызметкерлердің
жұмыспен қамтылу деңгейін алдын ала болжау арқылы шешуге болады.

Жобаларды басқарудың матрицалық құрылымы.

Сурет 6.

Жобаны басқарудың матрицалық құрылымын ұстанғанда, жобаның әр сатысында
жоба бойынша алынған нәтижелер жоспарланған мәліметтермен салыстырылып
отыруы қажет, жобаны орындауда қатаң бақылау орнықтыру қажет. Жоба
басқарушысы инвестициялық жоба бойынша толық ақпаратпен танысып отыруы
тиіс.
Жобаларды басқарудың матрицалық формасы кіші және орташа көлемді
жобаларды іске қосқанда қолданылады. Ірі жобаларды жүзеге асыруда мұндай
басқару формасын ұстану тиімсіз, өйткену байланыстарды тиімді жүргізуде
кедергілер көп кездезеседі, ал бұл өз алдына инвестициялық жоба бойынша
дұрыс шешім қабылдау процесін бәсеңдетеді.
Мақсаттарды қайта қарастыру немесе мақсатқа жету жолдарын өзгертумен
байланысты күрделі мәселелерді шешуде инвестициялық жобаларды басқарудың
анағұрлым тиімді құрылымы болып жобалық басқару табылады. Ұйымдастырушылық
басқарудың бұл түрінде басқаруға жүйелік түрде келу орын алады.
Алғашқыда ұйымдастырушылық басқарудың бұл түрі уақытша құрылымдық
басқару формасы ретінде қарастырылды және сызықтық-функционалды басқару
құрылымы ішінде қолданылды. Дегенмен, уақыт өте келе, құрылыммен жұмыс
істеу әдістері мен құралдары анықтала бастады, жобалық басқару құрылымының
ғылыми-методикалық негізделуіне алып келді.
Жалпы жобалық басқару құрылым ретінде жобаны уақтылы бітіру және
берілген ақшалай қаражаттар шегінен аспауды қамтамасыз ететін барлық еңбек,
қаржы, материалды ресурстарды жиынтық басқаруды білідіреді.
Жобалық басқару құрылымында белгілі бір жобаны іске асыру үшін, мысалы,
объект құрылысын, арнайы жұмыс тобы қүрылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейін
топты ажыратылады.

Жобаларды басқарудың жобалық құрылымы.

Сурет 7.

Басқарудың бұл түрі ірі жобалар мен инвестициялық бағдарламаларды іске
асырғанда кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, бұл инвестициялық жобаларды
басқару формасын кіші жобаларды жүзеге асыруда қолдануға ыңғайлы.
Жобалық басқару әдістері жобаның түріне, ұйымның ұйыдастырушылық
құрылымына және жұмыс істеу аясына байланысты болады. 16, 37б
Жобалық басқару әдістерінің әрқилылығына қарамастан барлығына ортақ
қағидаларды атап көрсетуге болады:
1. Басқарудың одан әрі жоғары сатысында орналасқан басшыға жоба
топтарының бағыну қажеттілігі;
2. Басқарушылық нормаларын орындау қажеттілігі (жобалық басқару жүйелері
үшін басқарушылық нормасы 6-8 адамды құрайды);
3. Жаңа идеялар мен ұсыныстарды ашық талқылау және ескеру қажеттілігі;
4. Басқару деңгейлеру бойнша жауапкершілікті теңдей бөлу қажеттілігі.
Жобалық басқарудағы ең басты мақсаттардың бірі – жобалық топтар
арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету. Инвестициялық жобалау
топтарының қызмет ету тәжірибесі көрсеткендей, топтың ең тиімді жұмыс жасау
кезеңі 18 ай - 2 жылды құрайды, осы уақыт өткеннен кейін жұмыс тиімділігі
деңгейінің төмендеуі байқалады.
Кестеден қажетті жоба түрі үшін сәйкес келетін құрылымдық басқару түрін
таңдауға болады. 16, 38б

Кесте 2.

Басқару құрылымдары бойынша шешім қабылдау белгілері.

Бағалау белгілері Функционалды Матрицалық Жобалық
Жобаның іске асу төмен жоғары жоғары
жағадайының нақты
болмауы
Жоба технологиясы стандартты күрделі жаңа
Жоба күрделілігі төмен орташа жоғары
Жоба циклынің төмен орташа жоғары
ұзақтығы
Жоба көлемі кіші орташа ірі
Жоба маңыздылығы төмен орташа жоғары
Жобаның белгілі төмен орташа жоғары
бір бөлімдері
арасындағы
байланыс
Жобаның аяқталу төмен орташа жоғары
мерзімінің
орындалуы
Жобаның жоғары жоғары орташа төмен
жүйлерден
тәуелділігі және
байланыстары

Стандартты технологияны қолдану арқылы кішігірім жобаларды іске
асырумен айналысатын ұйымдар үшін функционалды басқару жүйесі сай келеді.
Ұзақ мерзімді, күрделі және маңызы зор жобамен айналысатын ұйым үшін
жобалық басқару жүйесін қолдану керек.
Сонымен қатар, жобаны іске асыратын басшыны таңдау да күрделі сұрақ.
Инвестициляық жобаны басқару құрылымын және сол жобаны басқаратын адамды
таңдау бір бірімен тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, жобалық басқаруды
таңдайтын болсақ, басшының басқару біліктілігі жоғары болуы керек және
басшы әр тұрғыдан білімді болуы керек. Жобалық топты басқару үшін тек басшы
болып қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір салада техникалық,
экономикалық және жоба түріне байланысты білімі болуы шарт.
Көріп отырғанымыздай, жобаларды басқару - өте күрделі процесс және
әрдайым дамып және жетілдіріліп отыратын экономикалық категория.
Жалпы алғанда жобаларды басқару ғылымының дамуы нарықтық экономикадағы
улкен бәсекелестікпен, ғылыми-техникалық прогрестің күннен күнге дамуымен
және ірі транснационалды компаниялардың нағаюымен байланысты.
Америка Құрама Штаттары және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық
жобаларды басқару қажеттілігі өткен ғасырдың екінші жартысында қолға
алынды. Жоғарыда айтып өткендей, басқару әдістері және құрылымдары пайда
болды. Сонымен қатар, жобаларды басқару стандарттары дүниеге келді.
Инвестициялық жобаларды басқару бойынша стандарттар тек АҚШ және Батыс
Еуропа елдерінде ғана емес, қазіргі таңда Азия елдерінде де өзіндік
мемлекеттің экономикалық даму ерекшеліктерін ескеріп жасалған стандарттар
бар.
Келесі кестеге үңілетін болсақ, көптеген елдерде қабылданған
стандарттар жүйесі көрсетілген.

Кесте 3.
Әлемдегі жобаларды басқару стандарттары

Стандарттар Қысқаша бейнесі Таралуы
атауы
PMBOK Жобаларды басқару білімдерінің жиынтығы. АҚШ
(Project АҚШ-ң Жобалық менеджмент Институтында Ресей
Management қалыптастырылған (Project Management Литва
Body Of Institute, PMI). Финляндия
Knowledge) Government extension to PMBoK Норвегия
Үкімет тарапынан жобаларды басқару (PMBOK Дания
қосымшасы). Швеция
Қытай
Construction extension to PMBoK® ОАР
Құрылыста жобаларды басқару (PMBOK
қосымшасы).

Practice Standard for Earned Value
Management
Бұл методология жобаның уақыты, шығындары
мен жоспарын бейнелейтін бөлім (PMBOK
қосымшасы).

Practice Standard for Project
Configuration Management
РСМ жобаның құрылымын және қажетті
құжаттар түрін анықтайды (PMBOK
қосымшасы).

ICB IPMA ICB Ұлыбритания, Швейцария, Германия және ЕуроОдақ
(InternationalФранция елдерінде қалыптасқан жобаларда Ұлыбритания
Competence басқару стандарттарын негізге алып Украина
Baseline құрылған. Үндістан
International 25 мемлекет IPMA келісімге отырды. Қазақстан
Project Инстурменталды, операциондық және Әзірбайжан
Management стратегиялық жобалар менеджменті.
Association)
PRINCE2 PRINCE басында сдағы мемлекеттік Ұлыбритания
(PRojects IN Ақпараттық Технологияларды басқаратын Бельгия
Controlled стандарт ретінде пайда болды. Дегенмен, Хорватия
Environments) қысқа уақыт аралығында кеңінен пайдаланылаПольша
бастады. PRINCE2 1996 жылы жобаларды
басқарудың әмбебап әдісі ретінде пайда
болды. Ұлыбританиядан басқа 50 елдегі
кейбір салаларда қолданылады.
Операциондық, техникалық жобалар
менеджменті.
BSI BS 6079 Бұл еңбек жобаларды басқару бойынша толық Ұлыбритания
(British әдістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жоба объектілері
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Қаржылық инвестициялардың түсінігі
Инвестициялық жобаның қаржылық нәтижелерін талдау
Инвестициялық жобаға түсінік
Несие жүйесі туралы түсінік
Пәндер