Грекияның- экономикалық-географиялық жағдайы туризмнің даму факторы ретінде



Кіріспе
1. Грекияның аумағы, географиялық жағдайының ерекшелігі
2. Ландшафтары, ішкі сулары
3. Грекияның тарихи дамуы
4. Грекияның мәдени орталықтары
5. Туристік аудандар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Грекияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт -дәстүрлерімен, рухани, онымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Грекия аса танымал. Грекия – мозайкалы ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір – бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. БІр – біріне жақын орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырмашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен саты – көшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме – клубына айналған.
Жерорта теңізі бойындағы көптеген жағалаулары мен ыңғайлы географилық орналасуы Грекия спецификасын, ерекшелігін анықтайды, оның дамуына Туркиямен көрші болуы да әер етеді.
Грекияның теңіз маңы қалалары, халықаралық маңызы бар танымдық туризм зоналар болып табылады. Бұл облыстардың дамуы арқасында туризм грек экономикасының басты табыс көзіне айналды. Бұл зерттеудің мақсаты Грекия туристік нарығын талдау. Оның әлемдік туризм секторындағы рөлін меңгеру. Сонымен қатар жұмыс мақсаты – ғылыми – зерттеу және тәжірибелік- танымдық материал негізінде әлемдік туризмде Грекияны алғашқы орындардан көрінуіне ықпал жасайтын басты факторларды анықтау, туристік инфрақұрылым дамуының, елдің түрлі аймақтарында туризм дамуының шарттарын қаратыру. Сондай – ақ, осы туризмнің Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықтың дамуына тигізер әсерін, тығыз байланыста жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсету.
1. Страны мира.Справочник М.,2000.
2. Сиротенкр Н.Г..Малая энцклопедия стран. –Астана,2002.
3. Туристские регтоны мира. М.: СПБ, 1998

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

1. Грекияның аумағы, географиялық жағдайының ерекшелігі

2. Ландшафтары, ішкі сулары

3. Грекияның тарихи дамуы

4. Грекияның мәдени орталықтары

5. Туристік аудандар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Грекияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен,
мәдениетімен, салт -дәстүрлерімен, рухани, онымен қатар діни
құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына
пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің
әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып
табылады.

Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен
жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Грекия аса танымал. Грекия – мозайкалы ел.
Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір
– бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. БІр – біріне жақын
орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырмашылықтарға толы: біреуі
шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен
тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен саты – көшелер арқылы көтеріле
биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен
мейрамханалары бар әсем кеме – клубына айналған.

Жерорта теңізі бойындағы көптеген жағалаулары мен ыңғайлы географилық
орналасуы Грекия спецификасын, ерекшелігін анықтайды, оның дамуына
Туркиямен көрші болуы да әер етеді.

Грекияның теңіз маңы қалалары, халықаралық маңызы бар танымдық туризм
зоналар болып табылады. Бұл облыстардың дамуы арқасында туризм грек
экономикасының басты табыс көзіне айналды. Бұл зерттеудің мақсаты Грекия
туристік нарығын талдау. Оның әлемдік туризм секторындағы рөлін меңгеру.
Сонымен қатар жұмыс мақсаты – ғылыми – зерттеу және тәжірибелік- танымдық
материал негізінде әлемдік туризмде Грекияны алғашқы орындардан көрінуіне
ықпал жасайтын басты факторларды анықтау, туристік инфрақұрылым дамуының,
елдің түрлі аймақтарында туризм дамуының шарттарын қаратыру. Сондай – ақ,
осы туризмнің Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық және саяси
ынтымақтастықтың дамуына тигізер әсерін, тығыз байланыста жұмыс істеу
мүмкіндіктерін көрсету.

Грекия, ресми аты Грек Републикасы, Европаның оңтустік шығыс
бөлігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Солтүстігінде Албания, Югославия
және Болгариямен, шығысында Турциямен шектеседі. Жерорта, Ион жәнеЭгей
теңіздерімен шомылып жатыр. Мемлекет 131,957 км2 территорияны лып жатыр
және түбек пен 2000 – нан астам аралдардан тұрады. Бұл бүкіл мемлекеттің
20% алады. Грекия кішкентай мемлекет екеніне қарамастан, өзінің ғажайып
түрлі пейзахдарымен ерекшеленеді – аңызға айналған Олимп, пинд, Парнас
тауларынан километрлерге созылған жағалаулар.

Грек ландшафтысы - бұл жартасты, ормансыз таулардың, көптеген
аралдардың, бұғаздар мен шығанақтардың алмасуы. Бейнелі жартастар,
жағажайлар, экзотикалық үңгірлер таулы туризм мен теңізде демалуға улкен
мүмкіндіктер береді. Таулы массифтер мемлекет территориясының 1.4 бөлігін
алып жатыр. Бұл биіктігі орташа таулар ( 1200 – 1800 м). Грекияның ең биік
нүктесі – Олимп тауы (2917 м). Сондай-ақ Пелопоннес пен Тайгеттің
солтүстігіндегі Пинд, Парнас таулы жүйелері 2000 метрден асады. Жазықтар
аз, көбінесе шығыс бөлігінде кездеседі. Террторияның 44%-ын орман мен
бұталар алып жатыр. Ұлттық қорықтар : Викос-Аоос, Микра-Прена, Эта және
т.б. Таулы серуендерге шыққанда Грецияда бауырмен жорғалаушылардыңкөп
екенін есте сақтау керек.

Үлкен өзен жүйелері, тар және таулы Грек түбегінде пайда бола алмайды.
Негізінен енсіз каньондар теңізге ағатын сарқырамалары бар қысқа, таулы
өзендер, Греияның ең ұзын өзені – Альякмон (300 км жуық). Басқа ірі
өзендері Эрбос, Нестос, Стримон, Вардар, Ахелоос.

Өзендер кеме жүрулеріне жарамсыз, бірақ энергия көздері ретінде улкен
маңызы бар. Грекия көлемі 10 – 100 км2 ге жуық 20 көл бар. Солардың ішінде
ең ірілері және терендерінің шығу тегі тектоникалық болып келеді. Олар
Трихонис көлі (95,5 км2), Волви (75,6 км2), Вегоритис (75,5 км2). Құрғақ
та ыстық жазы, салқын да жаңбырлы қысы бар Грекияның климаты босқа да
климаттың қалыптасуына солтустіктен және солтүстік батыстан жылып келетін
ауа массаларының, грек жұртында этезии аталып кеткен, солтүстік
румптардың құрғақ желді әкеліп, кей кезде құрғақшылыққа айналды. Шілде,
таыз айлары ең құрғақ әрі ыстық кезең болып келеді. Осы кезде жазықтықтарда
орташа температура 25,5 - 28 , ал таулы өңірлерде 40 -45 жетеді. Теңіз
бризі жағалауларындағы ыстық ауа – райының сәлде болса ауаның құрғақтығының
арқасында, жеңіл өтеді. Дегенімен гректердің өзі елдің солтүстігіндегі 500-
600 метр биіктікте орналасқан кішігірім қалаларда демалғанды жақсы көреді.
Қазан айында Грекияның барлық территорисында температура біртіндеп түсе
бастайды, ал қарашаның екінші жартысынан бастап ауа- райы бұзыла бастайды.
Қысқы кезде Грекиядағы жауын шашынның ең көп мөлшері түседі. Бұл кезде ауа-
райы өте тұрақсыз ьолып келеді. Жауынды күн ашық ауа – райымен, ал жел
болса өз бағытын қайта –қайта өзгертіп тұрады. Қоңыржай зонадан келетін ауа
массалары кей кезде , тіпті, Эгей теңізіне дейін аяз бен қарлы жауын- шашын
әкеледі. Қыста,өтпелі жыл мезгілдерніде қаһарлы бұрқасын оңтүстіктегі жылы
ауа массаларына еніп нөсерлетеді, ал солтүстік және таулы өңірлерде қар
жауады. Нотос(батыстан соқса нефирос деп аталады) – теңізден соғатын жылы
жел Грекияның барлық ауданын бір –екі күнге жылытады. Сирокко- оңтүстік
шығыстан соғатын жел. Солтүстік Африкадан Грекияның ыстық жазының ауа
массаларын әкеледі. Кей –кезде ол ақ, қызыл шаңды бұрқасын әкеледі.
Климатын қорытындылай келсек, Грекия туристік проспектілерде өзгеріссіз
жылы және күнді жер болып көрінеді. Яғни Салоникте мысалы, қыста қар жиі
жауады, температура нөлден төмен. Таулы аймақтарда қысы суық. Оңтүстік
аралдары, Пелопоннестің үлкен бөлігі және Аттика түбегінде жылы ауа –райы
сәуірдің ортасынанқазанның соңына дейін тұрады. Ең қолайлы демалыс
наурыздың соңы мен маусымның ортасы немесе қыркүйектің басы мен қазанның
соңы.

Демалыс үшін ең қолайлы маусым мамыр –шілде, қыркүйек- қазан. Мамыр
–жағажай маусымы. Сәуір- мамыр –тарихи орындарды тамашалау үшін сапарларға
сай келеді. Ал демалыс үшін қолайсыз кезеңдері маусым –қыркүйек, шілде
–тамыз.

Грекияның тарихиы өте бай және керемет. Қазіргі Грекия
территориясында әлемдегі ең алғашқы және маңызды өркениет пайда болған.
Біздің заманымызға дейінгі 111- мыңжылдықта қола дәуірінің жоғары дамыған
өркениеті болған. Бұл өркениетті сол кезде: криттік, Пелопоннестік,
микейлік болып 3 бұтаққа бөлген. Біздің заманымызға дейінгі 1500- жылы
көшбасшылық Микейлік мәдениетке өткенге дейін мың жарым жыл Криттік
мәдениет көш басында болған еді. Міне осы жылдар шегінде Грек жері мен
Жұртшылығы монархияны, тиранияны, республиканы, одан қайтадан монархияны
бастан кешірді. Біздің заманымызға дейінгі 146 жылдан соң Грекия Римнің қол
астына енді. Біздің заманымыздың IV ғасырдан XIII ғасырға дейін Византия
империясының бодандығында болды. 1204 жылы Византия империясы 4-крест
жорығы барысында күйреп, Грекия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар
Греция мемлекетінің тризмдік бағытының дамуы барысы және халықаралық деңгейдегі алатын орыны
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
Туризм мәні
Туристік нарық экономикасы
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Пәндер