Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 163 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 343. 121. 5(574) Қолжазба құқығында
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізу
12. 00. 09 - қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы;
жедел іздестіру қызметі
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшілері:
заң ғылымдарының докторы,
профессор
заң ғылымдарының докторы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау себептерін, олардың істері бойынша басты сот талқылауына қатысушыларды, дәлелдемелер мен дәлелдеу шегін, басты сот талқылауындағы сот тергеуін, жарыссөз және сотталушының соңғы сөзін, кәмелетке толмағандардың істері бойынша үкім шығару кезінде шешілуге жататын мән-жайларды зерттеп, зерделеуге арналған
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытын құқықтық мемлекеттің тарихи қалыптасу кезеңі деп атауға болады. Дүниежүзілік тәжірибеге келетін болсақ, шынайы құқықтық мемлекетті құру - бұл ұзақ және күрделі процесс, ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі жақтарын түпкілікті өзгертуді талап етеді. Қазақстан Республикасында бұл процестің негізі - өзінің өзектілігі мен әлеуметтік қажеттілігіне күмән келтірмейтін соттық-құқықтық реформа болды деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет болып табылады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, оның құқықтары мен бостандықтары. Осыған сәйкес мемлекеттің ең негізгі міндеттері мен мақсаттары болып адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау танылады [1, 4 б. ] .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі - сот-құқық жүйесін жетілдіру болады. Биылдан бастап біз алқа билер сотын енгіземіз. Тұтқындауға құзырлылықты соттарға беру туралы қағидаттық шешім қабылданды. Біз біртіндеп осы заманғы және ашық тұрпатты сот өндірісіне көшеміз», - деп атап көрсетті [2, 2-3 бб. ] .
Адам құқықтарының Жалпы Декларациясының 8 бабына сәйкес, конституция және заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, әркім өзінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алады. Әр бір адам өзіне тағылған қылмыстық айыптың негізділігін анықтау үшін, толық теңділік негізінде, өз ісінің ашық және заңдылық талаптарының сақталуымен тәуелсіз және бейтарап сотпен ісінің қарастырылуына құқығы бар [3, 108 б. ] . Халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормалары Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, сондықтан қазіргі кезде мемлекет азаматтардың сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге ұмтылуда.
Қазіргі кездегі негізгі міндеттердің бірі кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот талқылауын жетілдіру болып табылады. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігінің сапалы және уақытылы жүргізілуіне назар аудару керектігі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жалпы отырысында бірнеше рет аталып көрсетілген, сонымен бірге бұл санаттағы қылмыстар материалдық және қылмыстық іс жүргізу заңдарында бекітілген талаптар мен ережелерді қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылуы қажеттігіне назар аударылған. Осы жерде соттың тағы бір міндеті кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алу, қылмыс жасауға негіз болған себептерді анықтау жөнінде шаралар қолдану қажеттігі болады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүргізуге байланысты минималды стандартты ережелерді қабылдады. Бұл ережелерге сәйкес осы санаттағы қылмыстарға қатысты іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және лауазымды тұлға сәйкесінше біліктілікке ие болуы қажет. Пекин ережелеріне сәйкес сот талқылауы кәмелетке толмағандардың мүддесіне сәйкес келуі керек және оған кәмелетке толмаған азамат белсенді түрде қатысып, өзінің мүддесін білдіре алатындай болуы қажет. Бұл міндеттерді шешу үшін Пекин ережелері арнайы кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот құруды ұсынады.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке толмағандарға қатысты сот билігін жүзеге асыруының минималды стандартты ережелерінде (Пекин ережелері), кәмелетке толмағандардың басты сот талқылауына сотталушы ретінде қатысуының өзі оларға зиян келтіретінін ескеріп ерекше назар аударады. Сондықтан бұл жерде аяушылық және жұмсақтық таныту іс жүргізудегі қатаң талаптармен қатар болуы керектігі айтылып кетеді [4, 24 б. ] .
Қазақстан Республикасының дамыған 50 мемлекеттердің қатарына кіруі және құқықтық мемлекет құруға бет алуы, жалпы танылған халықаралық ережелерге ұлттық заңдарды сәйкестендіруді талап етеді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 23 тамыз 2007 жылғы «Мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот құру туралы» жарлығы қабылданды. Осы Жарлыққа сәйкес Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандардың мүддесін қозғайтын қылмыстық істерді, әкімшілік істерді және азаматтық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот құрылды [5] .
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарау кезінде сот қызметінде әлі де кемшіліктердің болуы, біркелкі қателіктердің жиі қайталануы, сонымен бірге мемлекеттегі ауыр криминогендік жағдай және 18 толмаған тұлғалардың қылмыс жасауының едәуір көрсеткіші - зерттеу тақырыбының өзектілігін және маңыздылығын көрсетеді.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми мәліметіне сәйкес кәмелетке толмағандар жасаған 2003 жылы 7001 қылмыс, 2004 жылы 6529 қылмыс, 2005 жылы 6273 қылмыс, 2006 жылы 5814 қылмыс, 2007 жылы 5365 тіркелген [6] . Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының сот төрелігін асыруға байланысты негізгі статистикалық мәліметтері бойынша 2005 жылы 2793 кәмелетке толмағанға қатысты, 2006 жылы 2406 кәмелетке толмағанға қатысты, ал 2007 жылы 2154 кәмелетке толмағанға қатысты айыптау үкімі шығарылған [7] . Беріліп отырған мәліметтерге қарайтын болсақ, кәмелетке толмағандардың қылмысының саны азайып келе жатқанын көреміз, бірақ жоғарыда айтылып кеткендей, бұл осы санаттағы қылмыстардың қаралу сапасына қажетті денгейде әсер етіп отырған жоқ деуге болады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот әділдігінің сапасын көтеру өзінің күрделілігі және көлемділігіне қарай кешенді ғылыми зерттеуді талап етеді. Кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарап отырып, сот қазіргі кездегі кәмелетке толмағандардың жастық және өнегелік-психологиялық ерекшеліктерін, сонымен бірге олар жасайтын қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің сипатының өзгеруін, құқыққа қайшы әрекеттерінің себептерін, қалыптасу жағдайларын және дамуын ескеруі қажет. Сонымен бірге осы санаттағы қылмыстарды қарау кезінде кәмелетке толмағандарға ересек қылмыскерлердің теріс әсерін және жанұя ішіндегі негативті тенденцияны ескеруі қажет. Осы айтылғандардың барлығына кәмелетке толмағандардың істері бойынша басты сот талқылауын жүргізу кезінде жете назар аудару керек.
Біздің қоғамымыздың әрі қарай дамуында жастарды тәрбиелеу және жаңа адамның қалыптасуы мәселелері өте маңызды орын алады.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың негізгі себептері кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне немқұрайлы қарау болып табылады.
Барлығымызға белгілі, қылмыс, әсіресе кәмелетке толмағандардың қылмыстығы, өте күрделі әлеуметтік құбылыс. Бұл қоғамдық өмірдегі салалардың әр түрлі денгейіндегі себептер және жағдайлармен байланысты - жалпы әлеуметтік себеп және шарттардан нақтылы жағдайларға дейін қозғайды [8, 14 б. ] .
Қылмыстың алдын алуды нақтылы бір жүйе ретінде сипаттауға болады: қоғамдағы криминогендік процестердің қалыптасуы және қызмет жасауы; бұл процестердің және тұлғаның қалыптасуының бір бірімен байланысы; тұлға және қылмысты жасау жағдайының өзара байланысы.
Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күресудің өзектілігі, оның денгейі біздің мемлекетіміздегі қылмыстылықтың көрінісі мен жағдайын анықтайды.
Бұл міндеттерді шешу үшін мемлекетіміздің барлық құралдарын - заң шығарушылық, құқық қорғау, ғылыми потенциал, қоғам және т. б. кеңінен пайдалануымыз керек. Қазіргі кездегі мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің шешуге бағытталған көптеген міндеттерінің ішінде, ең маңызды мәселелердің бірі кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын-алу болып табылады.
Осыған байланысты профессор Қ. Ә. Бегалиев: «прокуратура, әділет, сот, ішкі істер органдарының қызметі теріс әсерге немесе қателік жасаған балалар мен кәмелетке толмағандардың теріс қылығының қылмысқа жалғасуын күтуге емес, керісінше, мұндай әрекеттерді жасаудан бастапқы сатыда сақтау қажет, яғни қылмыстың алдын алуы керек», - деп дұрыс атап кеткен [9, 6 б. ] .
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және осыған байланысты ювиналды соттар құру қазіргі кездегі қоғамымыздың дамуы кезеңінде ерекше маңызға ие. Бұл мәселенің өзектілігі - жастардың белгілі бір әлеуметтік деңгейде қалыптаспағағанынан көрінеді. Себебі кәмелетке толмағандар қазіргі кездегі қоғамдық өмірдің шарттарына не әлеуметтік, не психологиялық тұрғыдан дайын емес.
Осы тұрғыдан алғанда сот, құқық қорғау органдары жүйесіндегі орталық және шешуші орынды ала отырып, қылмыстылықтың алдын алуға шаралар жасайтын, сонымен бірге әлеуметтік әділ жаза тағайындай алатын бірден бір мемлекеттік орган. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу сот қызметінің әдістеріне, қолданылатын сақтандыру құралдарына байланысты көп қырлы болып келеді
Сондықтан соттардың негізгі міндеттерінің бірі ретінде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмысын жүзеге асыру болып табылады.
Осындай басты міндеттерді шешу соттардың алдында келесідей талаптар қояды: а) талдау (аналитика) жұмысының деңгейін көтеру, мемлекеттегі қылмыстылықтың жағдайын және сот тәжірибесін терең зерттеу; ә) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының себептері мен жағдайларын жан-жақты зерттеу; б) кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша істерді қарау сапасын және шапшаңдығын көтеру; в) қылмыстық құқықтық және іс жүргізу заңдарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету [10, 10 б. ] .
Осылайша сот қызметінің деңгейі олардың кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күрестің және олардың қылмыстылығын алдын алуымен байланысты болады деп толықтай айтуға болады. Бұл жерде кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың қылмыс жасағандардың арасында көп болуында ғана емес, жүргізілген зерттеулерге қарағанда қауіпті қылмыскерлердің 60-70 % ең алғаш рет өз қылмыстарын 18 жасқа толған уақытқа дейін жасайды [11, 8 б. ] . Яғни, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың қысқаруы, қауіпті қылмыстардың тамырына балта шабады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот қызметінің профилактикалық қызметінің белсендігі және тиімділігін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 11 сәуір 2002 жылғы № 6 нормативтік қаулысында көрсетіліп, нақтыланған. Сот тәжірибесін саралау соңғы уақытта сот органдары кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау себептері мен жағдайларын зерттеуге, сот талқылауының тәрбиелік және алдын алу қызметіне үлкен көңіл бөлінетінін айтып кетуге болады. Бірақ сонымен бірге сот қызметінде әлі де болса кемшіліктер кездесіп отырады, нәтижесінде жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларында көрсетілген [12] .
Олардың қатарына, айта кететін болсақ, соттардың көптеген қылмыстық істерді қарау кезінде қылмыстың жасалуына негіз болған себептер және жағдайлар жеткілікті деңгейде зерттеле бермейтіндігін жатқызуға болады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын жан-жақты, объективті және толық қарауға байланысты сот органдарының жұмысында күрделі кемшіліктер бар. Сонымен қатар, сотталушының тұлғасын терең зерттемеу оның әрі қарай түзелуіне кері әсер тигізеді.
Осылайша кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізуді кешенді түрде зерттеудің қажеттілігі мен маңыздылығы шүбә келтірмейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәмелетке толмағандардың істерін тергеу және сотта қарау мәселелеріне байланысты кеңес дәуірінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көптеген кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіліп келеді. Осы мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттеуде Т. Ж. Атжанов, В. И. Басков, К. Ә. Бегалиев, Е. В. Болдырев, С. В. Бородин, Н. И. Гуковская, А. П. Гуськова, Л. М. Голубева, А. И. Долгова, Е. І. Қайыржанов, Э. Б. Мельникова, Г. М. Миньковский, М. С. Нарикбаев, Б. Х. Төлеубекова, В. С. Орлов, Ж. Ж. Утенов, К. Х. Халиқов және т. б. ғалымдардың еңбектерін атап кетуге болады. Күрделі мәселе ретінде бұл ғалымдардың еңбектерінде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот қызметінің процессуалдық жақтары зерттелген.
Бірақ жоғарыда айтылып кеткен ғалымдардың ғылыми зерттеулері жарық көрген уақыттан бастап біршама уақыттың өтуіне байланысты, ал осы кезеңде Қазақстан Республикасының Конституциясының, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының өзгеруіне және толықтыруына байланысты жаңа жағдайда кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізуді теориялық тұрғыда әрі қарай талдауды және ғылыми тұрғыдан саралауды жаңа жағдайда қажет етеді.
Сонымен бірге заңи әдебиеттерде кәмелетке толмағандардың істері бойынша басты сот талқылауын қазіргі әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты әрі қарай дамыту мәселелері қажетті деңгейде зерттелмеген.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша судьяларды мамандандыру мәселелері бойынша, сот талқылауына қатысушы тұлғаларлардың құқықтарын кеңейту және олардың қамтамасыз етілуіне байланысты мәселелер бойынша туындайтын сұрақтар маңызды болып табылады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша басты сот талқылауының өнегелік-психологиялық, тәрбиелік жақтары тиісінше зерттеуді қажет етеді.
Диссертацияның мақсаты мен міндеті. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізуді кешенді түрде жан-жақты зерттеп, талдау, осы санаттағы қылмыстардың сотта іс жүргізілуінің тиімділігін арттыру, сот үкімінің әділдік және тәрбиелік-өнегелік сапасын арттыру болып табылады.
Осы мақсаттардан келесідей міндеттер туындайды:
- кәмелетке толмағандардың істері бойынша басты сот талқылауындағы дәлелдемелер мен дәлелдеу шегін зерттеу;
- кәмелетке толмағандардың істері бойынша басты сот талқылауы кезінде судьяның алатын орнын анықтау;
- кәмелетке толмағандардың істері бойынша басты сот талқылауының дайындық бөлімінің, сот тергеуінің, соттағы жарыссөз және сотталушының соңғы сөзінің ерекшеліктерін зерттеу;
- кәмелетке толмағандардың істері бойынша үкім шығару кезінде шешілуге жататын мән-жайларды анықтау;
- кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот үкімі мен жазалау шараларының ерекшеліктерін, тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шараларының мәнін зерттеу;
Зерттеу нысаны мен пәні. Зерттеу жұмысының нысаны болып кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады.
Зерттеудің пәні - кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізуге байланысты конституциялық, қылмыстық құқықтық және қылмыстық іс жүргізу нормалары, сонымен бірге сәйкесінше нормаларды жүзеге асырудың тәжірибесі болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыс кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот ісін жүргізудің процессуалдық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған арнаулы ғылыми зерттеу. Ғылыми жаңалығын зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаудан көруге болады. Зерттеу жұмысында кәмелетке толмағандарға қатысты сот өндірісінің процессуалдық, өнегелік психологиялық мәселелері қарастырылады. Осы мәселелер бойынша бірнеше теориялық тұжырымдар, түсініктер, кәмелетке толмағандардың қатысуымен сот өндірісінің тиімді әдістері ұсынылды.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша басты сот талқылауы кезінде дәлелдемелерді тиянақты зерттеу, дәлелдеу шегін анықтау маңызды болады. Бұл зерттеу жұмысында кәмелетке толмағандардаың қылмыстары бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар тиянақты зерттелген, сонымен бірге дәлелдеу шегі ұғымына түсінік берілген.
Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот өндірісінің мәселесін саралап, олардың психологиялық және жастық ерекшеліктерін топтастырып, осы арқылы сот өндірісінің процессуалдық және ұйымдастырушылық ерекшеліктері анықталған.
Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаған кезде маңызды мәселе олардың қылмыстық әрекеттерінің себебін дұрыс анықтау болып табылады, себебі қылмыс жасау кезінде кәмелетке толмаған өзінің іс-әрекетін дұрыс түсіне алмауы мүмкін. Осыған сәйкес зерттеу жұмысында кәмелетке толмағандарға қатысты сот үкімін шығару кезінде ескерілуге жататын мән-жайлар, олардың ерекшеліктері кешенді түрде зерттелді.
Бұның алдында осы аталып отырған мәселелер ғалымдар арасында әр түрлі, бір бірінен бөлек зерттеліп келді, сонымен бірге соңғы уақыттағы әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның мәдени өміріндегі өзгерістерге байланысты қазіргі кәмелетке толмағандардың өнегелік-психологиялық және жастық ерекшеліктерін ескеру қажет. Аталған әлеуметтік өзгерістер салдары елеулі болып отыр, оларды ескермеу кәмелетке толмағандардың істерін сот өндірісі кезінде қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар. Өз зерттеуімізде мәселені нақ осылай қою негізінде қорғауға мынандай тұжырымдарды шығарамыз:
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 481 бабында кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша анықталуға жататын мән-жайлардың тізімі берілген. Бірақ әрбір қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар әр түрлі болып табылады, сондықтан қылмыстық іс жүргізу кодексінің 481 бабына қосымша келесідей мән-жайлар қосылуы керек: кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының ерекшеліктері туралы мән-жайлар; жазаның көлемі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар; кәмелетке толмағанның түзелуі және дұрысталуына әсер ететін ең тиімді шараларды таңдау жөніндегі мән-жайлар.
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу арнайы бөлінген, кәсіби біліктігі және тәжірибесі мол судьяларға тапсырылуы қажет, себебі осы санаттағы қылмыстар халықаралық нормаларға сәйкес тез және сапалы түрде өтуі қажет, сонымен бірге қылмыстың алдын алу әсері тек кәмелетке толмағанға ғана қатысты болып қоймай, сонымен бірге оларды тәрбиелеуге жауаптыларға, әсіресе ата-аналарына ықпал ететіндей ұйымдастыра алатындай болуы қажет. Басты сот талқылауының негізсіз созылуы, процессуалдық жағынан сапалы түрде жүргізілмеуі кәмелетке толмағанның психологиясына теріс әсер етуі мүмкін және осы жерде тәрбиелік мәнісі жоғалады.
3. Басты сот талқылауының орталық және шешуші бөлімі - сот тергеуі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің ерекшелігі, іске қатысушылардың құрамымен, сонымен бірге кәмелетке толмағандардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттерінен тұрады, сондықтан бұл санаттағы істерді қараған кезде сот тергеуін іс бойынша ақиқатты ашатындай, жазаның сәйкесінше болуын және жоғарғы тәрбиелік нысаны болатындай ұйымдастырылуы қажет.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің басты талабы - айыпталушының жасының және психологиясының ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Осы жерде кәмелетке толмағанға психологиялық тосқауылдан өтуге көмектесіп, ерік-жігерінің және ой қызметінің белсендігін дұрыс бағытқа жіберу қажет. Сондықтан кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын судьялардың кәсіби педагогикалық және психологиялық білімін қамтамасыз ету және арттыру үшін, арнайы кәсіби дайындық, жұмыс уақытында оқытуды, қайта дайындау курстарын ұйымдастыру керек.
4. Кәмелетке толмағандарға қатысты жазаны таңдаудың ерекше әдісі олардың осы жаста жасаған әрекетінің қоғамдық қауіптілігін, жазаны дұрыс түсіне алу деңгейін, болашақта ол теріс әсер етпеуін ескеру қажет.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жазаның әлеуметтік маңызы және алдын алу күші оның қаталдығында емес, ол жазадан құтылмайтындығы мен жариялығында. Жазадан құтылмайтындығының өзі үлкен тәрбиелік-сақтық мәнге ие.
Жаза қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі және сотталушының тұлғасымен сәйкес болғанда, тәрбие жұмыстары жүзеге асырылғанда ғана тиімді болады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz