Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 126 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертациялық зерттеу Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық кәсіпкерлік субъектісі ретінде - шаруа фермер қожалығының құқықтық жағдайын жаңа көзқараспен зерделеуге бағытталған. Зерттеуде Қазақстан Республикасының аграрлық кәсіпкерлігі ел экономикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде анықталып, еліміздің тұрақты даму кезеңіне өту жолында оның дамуы мен жетілдірілуі қарастырылып, аграрлық кәсіпкерліктің ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері, объектілері мен субъектілері сараланып, осы саладағы заңнамалар зерделенді.
Сонымен қатар, тұрақты дамуға өту жағдайындағы шаруа фермер қожалығының және оның мүшелерінің құқықтық жағдайы қарастырылып, оларға тиесілі жер учаскесі мен өзге мүліктеріне құқықтарды жүзеге асыру ерекшелектері мен мәртебесі анықталды. Нәтижесінде, шаруа фермер қожалығының ерекше құқық субъектісі екендігі ескеріле отырып, оның жүзеге асыратын аграрлық кәсіпкерлігін дамыту жолдары ұсынылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан нарықтық реформа бағдарламасында шаруа (фермер) қожалығының қалыптасып дамуына үлкен көңіл бөлінген. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде шаруа (фермер) қожалықтары аграрлық салада ең тиімді, әрі кең тараған шаруашылық жүргізуші нысан ретінде танылып отыр. Олар кәсіпкерлік үлгідегі экономикалық және құқықтық дербестік негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруашылық ретінде де түсіндіріледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруа (фермер) қожалығының ұзақ уақыт бойы нақты, ортақ шешімін таппай келген оның кәсіпкерлік қызмет аясындағы азаматтық-құқықтық мәртебесіне аграрлық және азаматтық құқықтық заңдардың нормалары мен нақты экономикалық ахуалдарды ескере отырып құқықтық баға беру. Бұл орайда шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайын анықтап, оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын терең зерттеп, қажет болған жағдайда тиісті толықтырулар мен өзгертулер енгізіп, әрі қарай жетілдіру шараларын жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тарапынан аграрлық кәсіпкерліктің қалыптасуына, оның қарқынды дамуына үлкен көңіл бөлініп отырғандығы баршаға мәлім. Ел басының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталатындығы да бәрімізге белгілі. 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Президент: «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Сондықтан да, біз тауарлы-сүт фирмаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау кешендерін ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық» деп атап көрсетті [1] .
Ал 2011 жылдың 28 қаңтарындағы жолдауында «бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді» деп атап айтты. Сонымен қатар, ауылшаруашылық кәсіпкерлігі саласында ұқсасы жоқ жоба мал шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, 130 миллиард тенге несие берілетіндігіне халық назарын ерекше аударды [2] .
Қазақстан Республикасында атқарылып жатқан нарықтық экономика жағдайынан тұрақты дамуға негізделген құқықтық реформа бағдарламасы ауылшаруашылығы кәсіпкерлігінің жетілуіне негіз болды.
Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде ауылшаруашылық кәсіпкерлігі аграрлық салада да ең тиімді, әрі кең тараған жетекші сала ретінде танылып келеді. Олар кәсіпкерлік үлгідегі экономикалық белсенділік пен құқықтық дербестік негізінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші шаруашылық ретінде түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерлік тек қана жер заңнамаларымен, агроөндірісітік кешен саласындағы немесе кәсіпкерлік туралы заңнамалармен ғана реттеліп қоятын құбылыс емес, ол кешенді, әр саланың сәйкес заңнамасын қолдануды талап ететін қалыптасқан қоғамдық қатынастардың бір тобын құрайды. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кәсіпкерлігі нормативтік құқықтық актілер мен заң әдебиеттерінде оң шешімін таппай келген мәселелердің бірі болғандықтан, оған жер, аграрлық және азаматтық-құқықтық заңдардың нормаларының ерекшеліктерімен қатар, нақты экономикалық ахуалдарды ескере отырып, құқықтық баға беру қажет. Сол себептен, ауылшаруашылығы кәсіпкерлігінің құқықтық табиғатын анықтау арқылы, оның қызметін реттейтін заңдарды терең зерттеп, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын іздестіру керек.
Ауылшаруашылық өнеркәсіп кешенінде туындайтын құқықтық қатынастарды аграрлық және жер құқығы салаларының нормалары реттейтін болса, ондағы кәсіпкерлік қызметті азаматтық, кәсіпкерлік құқық салалары қарастырылады. Сондықтан, ауыл шаруашылық кәсіпкерлігін зерттеу - кешенді-құқықтық талдау қатарына жатқызылады.
Зерттеу жұмысында ауылшаруашылығы кәсіпкерлігіне мемлекет тарапынан жаңаша көзқарас орнығуы және ауылшаруашылық тауар өндірушілерге байланысты мән-жайлардан туындайтын сан-сапа жөніндегі мәселелер түбегейлі қарастырылып, сындарлы ғылыми тұжырымдар жасалған.
Еліміз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет ретінде орнығып, оның адамзат экономикасына тірек болатын ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен ұқсату, сондай-ақ ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейтін барша құқық актілеріне саралау жүргізіліп, оларды жетілдіру қажеттілігі негізделіп отыр.
1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағында адам мен азаматтың мемлекетпен танылған келесідей негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарды анықталған болатын. Оған сәйкес «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы» [3, 9 б. ] .
Еліміздегі ауылшаруашылық өндірісінің дамуы нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметпен тікелей байланысты болғандықтан, нарықтық қатынас шеңберінде қалыптасып отырған агроқұрылымдар мәселесін де жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Олардың даму бағытын, деңгейін, мәселелерін анықтау арқылы барынша жетілдіру және ұйымдастырушылық-құқықтық механизмін талдауды талап етеді.
Сол себептен, таңдап алынған диссертациялық зерттеудің тақырыбының өзектілігі, осы айтылған тұжырымдардың нәтижесінде ешқандай күмән тудырмайды.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қазақстан Республикасында шаруа фермер қожалығының құқықтық жағдайын қарастырған біршама еңбектер бар. Ал ұсынылып отырған бұл жұмыс, шаруа фермер қожалығын аграрлық кәсіпкерлік субъектісі ретінде қарастырып, бұл субъектіні өзге қырынан құқықтық мәртебесін зерделеп отыр. Сондықтан, бұл зерттеу жұмысы қазіргі таңда нарықтық экономиканы нығайту жағдайындағы шаруа фермер қожалығының аграрлық кәсіпкерлік қызметін жетілдіру жөніндегі ғылыми ізденістер мен зерттеулерге негізделіп жазылған жұмыс болып табылады.
Бүгінде Қазақстанда аграрлық және жер құқығы ғылымының өзіндік мектебі қалыптасқан және оған өзіндік үлес қосқан ғалым заңгерлердің іргелі еңбектері мен зерттеулерін ерекше атап өтуге болады. Егеменді еліміздің жер құқығы ғылымының негізін қалап, оны нарық заңдылықтарына сәйкес жетілдіру жолдарын зерттеуде ғалым-заңгерлер Б. Ж. Әбдірайымның, И. В. Архиповтың, Ә. Е. Бектұргановтың, Ә. Е. Ереновтың, Н. Б. Мұхитдиновтың, Ә. С. Стамкуловтың, Ж. Х. Қосановтың, А. Х. Хаджиевтың, Е. Ш. Дусиповтың еңбектерін мақтанышпен айтуға болады. Аграрлық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мен аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз етудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу К. А. Шайбековтың, И. В. Амирханованың, Л. Қ. Еркінбаеваның және Б. А. Жетпісбаевтың еңбектерінде бастау алып, зерттелсе, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың концептуалды құқықтық негізі С. Б. Байсаловтың, Д. Л. Байдельдиновтың, Н. С. Байымбетовтың ғылыми еңбектерінде зерделенген. Нарықтық экономиканың қалыптасып дамуы жағдайындағы аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің құқықтық аспектілері М. К. Жүсіпбековамен зерттелсе, Г. Г. Нұрахметованың, Б. Р. Әлімжановтың, Б. Б. Бегалиевтың, А. Д. Дюсюпованың ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдалануды құқықтық реттеу және жер нарығы аясындағы еңбектері елеулі орынға ие.
Аграрлық құқық ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ТМД елдерінің ғалым заңгерлерінің зерттеулері ерекше қызығушылық тудырады. Олар: Г. Е. Быстров, И. А. Иконицкая, М. И. Козырь, Н. И. Краснов, В. В. Устюкова, Б. А. Воронина, Ж. Т. Холмуминов, М. Б. Усманов және т. б.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің теориялық негізі мен еркіндігін құқық теориясы, конституциялық құқықтық, азаматтық құқықтық, еңбек құқықтық және салықтық құқықтық мәселелерді зерттеуші заңгер-ғалымдар: Е. М. Абайдельдинов, С. С. Алексеев, Г. В. Атаманчук, М. Т. Баймаханов Ю. Г. Басин, А. Г. Диденко, С. З. Зиманов, Г. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, М. К. Сүлейменов, З. Ж. Кенжалиев, Т. Е. Қаудыров пен С. П. Мороз, сонымен қатар, ресейлік ғалымдар Г. А. Гаджиевтің, В. И. Крусстың, И. Н. Плотникованың, Г. Б. Мирзаевтың және т. б. еңбектеріне де көңіл бөлінді.
Еліміздің аграрлық құқық теориясының қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосқан ғалым заңгерлер Л. Қ. Еркінбаеваның «Аграрные правоотношения в Республике Казахстан» атты докторлық диссертациясы [4, 41], Е. Ш. Дүсіповтың «Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кәсіпкерлігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» атты докторлық диссертациясы [5], және Б. А. Жұмаділовтің «Шаруа (фермер) қожалығының қызметін құқықтық реттеу мәселелері» атты кандидаттық диссертациясы [6, 26 б. ], А. К. Джангабулованың «Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кооперациясын құқықтық реттеу» атты кандидаттық диссертациясы [7, 26 б. ] ғылыми зерттеуіміздің негізі болып табылады.
Зерттеу жұмысының объектісі. Ғылыми зерттеудің объектісі - шаруа фермер қожалығының аграрлық кәсіпкерлікті жүзеге асыру саласындағы қоғамдық қатынастар болып танылады.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасындағы шаруа фермер қожалығының ауылшаруашылық кәсіпкерлік қызметін құқықтық қамтамасыз етудің мемлекеттік-құқықтық тетігі.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты - нарықтық қатынас жағдайында аграрлық кәсіпкерлік субъектісі ретінде шаруа фермер қожалығының құқықтық табиғатын қарастыру және осы саладағы заңнамаларды тиімді қолдануға тиісті теориялық тұжырымдар жасау және тәжірибелік ұсыныстар енгізу.
Диссертациялық зерттеу жұмысының міндеттері :
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерілк туралы заңнаманың қалыптасу және даму тарихын зерделей отырып, белгілі бір жүйеге келтіру;
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің түсінігін және құқық жүйесіндегі алатын орнын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілерін құқықтық тұрғыдан қарастыра отырып, олардың ерекшеліктерін саралау;
- Аграрлық кәсіпкерлер ретінде - шаруа (фермер) қожалығының және оның мүшелерінің құқықтық жағдайын қарастыру;
- Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесі мен өзге мүліктерге заттық құқықтары және оларды жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
- Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығының аграрлық кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі қоршаған орта мен экономиканың арақатынасы туралы қазіргі кездегі ілімдері, аграрлық және кәсіпкерлік қызмет саласындағы конституциялық ережелер болып табылады.
Диссертация нәтижелеріне қол жеткізу үшін ғылыми-танымдық сипаттағы салыстырмалы-құқықтық, қисындық, тарихи, жүйелік және басқа да әдістер қолданылды.
Жұмыстың теориялық жағын қалыптастыру барысында автор жалпы мемлекет және құқық теориясы, әкімшілік құқық, жер құқықғы, аграрлық құқық, кәсіпкерлік құқық ғылымдары саласын зерттеген отандық және шетелдік белгілі заңгер-ғалымдардың еңбектерін қолданған.
Жұмыста сонымен қатар, тақырып мәселесімен аралас түрде талдануға жататын жер мәселелерін зерттеген басқа сала өкілдері - экономистердің де еңбектері қолданылған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияның ғылыми жаңалығы монографиялық деңгейде, Қазақстан Республикасының нарықтық жағдайында шаруа фермер қожалығының аграрлық кәсіпкерлік қызметін жүргізудің құқықтық мәселелеріне арналған кешенді зерттеулердің бірі болып табылатындығына негізделеді.
Диссертациялық зерттеудің жаңалығына мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерілік туралы заңнаманың қалыптасу және даму тарихын зерделей отырып, белгілі бір жүйеге келтірілді;
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің түсінігін және құқық жүйесіндегі алатын орнын анықталды;
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілерін құқықтық тұрғыдан қарастыра отырып, олардың ерекшеліктерін сараланды;
- Аграрлық кәсіпкерлер ретінде - шаруа (фермер) қожалығының және оның мүшелерінің құқықтық жағдайын қарастырылды;
- Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесі мен өзге мүліктерге заттық құқықтары және оларды жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін зерделенді;
- Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығының аграрлық кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.
Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:
1. Қазақстанның табиғат пайдалану туралы заңнамаларын кезеңдерге бөліп көрсету көзделген:
1 кезең: 1917-1960 жылдар аралығы. Бұл кезеңде табиғат ресурстарын пайдалану туралы құқықтық нормалар экономикалық мүдделердің экологиялықтан басым болғандығын көрсететін ескірген тұжырымдамадан тұрды, бұндай нормалар кеңестік мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарында және одан кейінгілерінде де бекітілді. Табиғат пайдалану туралы нормалар болғанымен, жеткілікті деңгейде дамыған жоқ.
2 кезең: 1960-1990 жылдар аралығы. Бұл кезең табиғат пайдалану туралы заңнамалардың өркендеуімен ерекше, ол 1957-1963 жылдары одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестері қабылдаған - табиғатты қорғау туралы заңнамаларынан басталады.
3 кезең: 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі аралық. Бұл кезең табиғат пайдалану туралы заңдардың Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен байланысты даму кезеңі.
2. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны Қазақстан Республикасы егемендігін алған кезден бастап айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Оның өзгеруі нарық жағдайында саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайдың, табиғат пайдалану қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық базасының өзгеріске ұшырауымен түсіндіреледі.
3. Табиғат пайдалану құқығы бірнеше мағынада қарастырылады: құқықтық институт ретінде, құқықтық қатынас ретінде және табиғат пайдаланушының нақты құзіреті ретінде. Табиғат пайдалану қатынастарын реттейтін нормалар жиынтығы кешенді табиғат пайдалану құқықтық институтын құрайды. Құқықтық қатынас ретінде жерді, жер қойнауын, суды және өзге табиғи объектілерді пайдалану бойынша туындайтын қатынастардың тараптарына тиесілі құқықтар мен міндеттер жиынтығы болып табылады. Ал табиғат пайдаланушының құзіреті ретінде табиғат пайдаланушыға тиесілі табиғи объектіні иелену, пайдалану және өнімге билік етумен байланысты субъективтік құқық болып табылады.
4. Табиғат пайдалану құқығы туралы заңдардың негізін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жер туралы, жер қойнауы, жануарлар дүниесін пайдалану туралы, орман, су ресурстарын пайдалану туралы заннамалар құрайды. Сол себептен, табиғат пайдалану құқығы кешенді құқық болып табылады.
5. Табиғат пайдалану құқық қатынастарының бір түрі болып, рекреациялық табиғат пайдалану құқық қатынастары танылады. Рекреациялық табиғат пайдалану қатынастары демалыс және туризм үшін табиғи ресурстарды иелену мен пайдалану мен байланысты құқықтық қатынастар болып табылады.
Аталған қатынастардың объектісі ретінде - демалыс пен туризм үшін пайдаланылатын қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде танылатын табиғи кешен, яғни, рекреациялық аймақ танылады. Рекреациялық аймақ дегеніміз - халықтың ұйымдасқан жаппай демалысы және туризміне арналған қоршаған табиғи ортаның мәдениеттендірілген, яғни, адам қолымен жасалған учаскелері.
Рекреациялық табиғат пайдалану құқығының субъектілері алғашқы және кейінгі болып бөлінеді.
Біріншісіне табиғат пайдалану құқығын тікелей мемлекеттен алған немесе өзге де табиғат пайдаланушыдан сол құқығынан айыра отырып алған заңды тұлғалар: туристік базалар, демалыс үйлері және т. с. с. жатады, ал, екіншілеріне - бастапқы табиғат пайдаланушылардан, яғни, турбаза, демалыс үйлерінен кешенді қызмет түрін пайдаланушы өзге де Қазақстан Республикасының азаматтары мен табиғат пайдалану құқығына ие болған тұлғалар танылады.
Рекреациялық табиғат пайдалану құқығы объективтік және субъективтік мағынада қарастырылады.
Объективтік мағынадағы рекреациялық табиғат пайдалану құқығы дегеніміз - демалыс және туризм үшін табиғи ресурстарды пайдалануға беру, алып қою тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъективтік мағынада рекреациялық табиғат пайдалану құқығы дегеніміз - экологиялық заңдармен анықталған нақты бір табиғат пайдаланушының демалыс және туризм үшін табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқықтарының жиынтығы.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:
Жұмыс бойынша берілген қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да маңызды орын алып отыр және олар сәйкес саласында құқық шығармашылық қызметінің негізгі бағыттарын анықтауға, атқарушы билік және басқару органдарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшіліктерінің қызметтерін жетілдіру үшін қолданылуы қажет.
Зерттеу жұмысы ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін кешенді түрде құқықтық реттеуде қолданылатын аграрлық құқық, жер құқығы, су құқығы, азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, еңбек құқығы салаларына әдістемелік негіз болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін құқықтық реттейтін заңдарды шығаруға және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға және оларды жетілдіруге арқау болады.
Жоғары оқу орындарының заң факультеттерінде және арнаулы заң оқу орындарында «Аграрлық құқық», «Кәсіпкерлік құқық», «Еңбек құқығы», «Жер құқығы» және басқа да курстарды өту (зерделеу) кезінде лекция және семинар сабақтарын жүргізуге, сондай-ақ тиісті оқу бағдарламасын даярлауға септігін тигізеді.
Заң шығару процесінде ауылшаруашылық кәсіпкерлігі жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жаңалап құрастырып, жетілдіруге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Зерттеліп отырған зерттеу жұмысы қазіргі заман қажеттілігінен ғылым шеңберіне еңгізілген туынды. Диссертациялық зерттеу жұмысы еліміздегі ауылшаруашылық кәсіпкерлігін дамыту және жетілдіру туралы білімді кеңейтеді. Оның үстіне бұл мәселенің төңірегінде отандық заң ғылымында бұрын-соңды арнайы ғылыми ізденістер болмаған және қазақ тілінде түбегейлі қарастырылмаған. Яғни, ғылыми еңбектің нәтижелері осы мәселелердің төңірегінде келешекте жазылатын ғылыми жұмыстарға әдістемелік негіз бола алады.
Диссертацияның негізгі ережелері «Шаруа фермер қожалығының қызметін құқықтық реттеу» атты және «Қазақстан Республикасында аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу» бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар құрастыруда, сондай-ақ жоғарғы және орта арнаулы заң оқу орындарының студенттерін, факультет тыңдаушыларын және қайта даярлау, біліктілігін арттыру тыңдаушыларын оқытуда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының қайнар көздері. Автор зерттеу жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы жер туралы заңдары мен азаматтық заңдар, кәсіпкерлік, еңбек, отбасы қатынастары аясындағы заң актілері, сонымен қатар, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің нормативтік-құқықтық актілер қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертация жұмысындағы негізгі теориялық, әдістемелік және тәжірибелік ережелер, қорытындылар және ұсыныстар табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелері бойынша өткізілген конференцияда баяндалып, баспасөз беттерінде жарық көрді.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерілік туралы заңнаманың қалыптасу және дамуы: тарихи-құқықтық аспект
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz