Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық әлеуетінің бәсекелі басымдықтарымен қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі мүмкіндіктерімен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтады. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына және ұюына әкелді, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздігі шиеленісе түсті.

Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның тар мамандануы, негізгі әлемдік тауар нарықтарынан алшақтығы тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымағандығымен шиеленісе түседі.

Осыған байланысты, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі экономикалық саясаттың басты басымдығы ретінде мемлекет мақсаты дамудың шикiзат бағытынан қол үзу жағына қарай экономиканы әртараптандыру және сервистiк-технологиялық экономикаға көшуге дайындалу жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу болып табылатын Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік баңдарламасы негізінде экономиканы және жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды.

Соңғы жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орнықты экономикалық өсудің болуын және халықтың әл-ауқатының артуын растайды. Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, ел экономикасында бірқатар міндеттер мен проблемалар шешусіз қалғандығын куәландыратын кейбір үрдістер байқалады. Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік секторы қандай да бір тауар және қызмет өндіруші түрлі кәсіпорындарды қамтиды. Сондықтан да саяси жүйе және меншік субъектісі ретіндегі мемлекетті және экономикалық қызмет субъектісі ретіндегі кәсіпкер мемлекетті ажырата білген абзал.

Мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы оның барлық элементтерімен, және де ең алдымен оның негізгі субъектілері-трансұлттық корпорацияларының оңтайлы өзара байланыс механизмінің қалыптасуын болжайды. Ол үшін елдің ішкі рыноктарында сол трансұлттық корпорациялардың тарапынан болатын шетелдік бәсекеге төзе алатын ғана емес, сонымен қатар сыртқы рыноктарда да бекіне алатын мықты отандық экономикалық құрылымдарды жасау қажет болып тұр. Басқаша айтқанда, ірі қазақстандық корпорацияларды, соның ішінде трансұлттық бағыттағы корпорацияларды құру ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы бола алады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты- мемлекеттік меншіктің объектісі ретіндегі ұлттық компаниялардың қалыптасуының, қызметінің теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізі және Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық экономикада мемлекеттік меншікті, оның ішінде ұлттық компанияларды мемлекеттік реттеу жолдары мен құралдарын анықтау.

Бұл мақсат келесідей міндеттерді көздейді:

-«мемлекеттік меншік», «ұлттық компания» категорияларының және олардың республика экономикасын реформалаудағы маңыздылығын ашу;

-мемлекеттік меншікті басқару мен реттеудің шетелдік тәжірибесіне жүгіну;

-стратегиялық маңызы бар салаларда қызмет ететін ұлттық компаниялардың бірқатарының қызметін қарастыру;

-мемлекеттік меншікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.

Жұмыстың негізгі бөлімінде алға қойған міндеттер шешімін табады. Бірінші бөлімде - «мемлекеттік меншікті басқару мен реттеудің теориялық негіздері». Мұнда меншік, мемлекеттік меншік категорияларының мәні, оның атқаратын қызметтері, мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесі және ұлттық компаниялар қызметінің маңыздылығы сипатталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады. Қандай да болмасын көлемде кез келген ел экономикасына мемлекеттік сектор қажетті және әлемнің барша елдерінде мемлекеттік секторға маңызды орын берілетіндігі айқын көрсетілген.

Екінші бөлім - «Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың қызметін мемлекеттік реттеу мен басқарудың дамуын талдау». Қазіргі таңдағы мемлекеттік мүлікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды реттеуші органдардың қызмет жағдайы талданып, бірнеше ұлттық компаниялар қызметіне сипаттама берілген.

Үшінші бөлімінде - «Мемлекеттік меншікті даму перспективасы», мемлекеттік меншікті реттеуде мемлекеттің ролін анықтау, мемлекеттік меншікті басқарудың кешенді тұжырымдамасының қажеттілігі, сонымен қатар ұлттық компаниялар қызметіндегі кемшіліктер, оларды жою жолдары бойынша талдау жасалып, жетілдіру жолдары көрсетілген.

Жұмыс барысында негізінен келесідей авторлардың еңбегіне сүйендім: М. К. Байгісиев, Е. Б. Жатқанбаев, В. И. Кошкин, А. К. Қошанов. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдық және нормативті актілері, республиканың статистикалық органдарының, ұлттық компаниялардың материалдары қолданылды.

1 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІ БАСҚАРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мемлекеттік меншіктің мәні

Меншік экономикалық категория ретінде адам қоғамының дамуында шешуші рөл атқарады. Қоғамдық экономикалық формация бір-бірінен не өндіріледі дегенмен емес, қалай өндіріледі, қандай өндіріс құралдарымен, кімнің қолымен, және бұл өндіріс құралдары кімнің меншігінде дегенмен айрықшаланады. Әкімшілік-әміршілік жүйеден нарықтық экономикаға өту кезеңінде нарықтық қатынастардың барлық әлеуметтік-экономикалық жүйесінің басты негізі экономикадағы меншіктің әртүрлі пішіндері болып табылады. [1]

Нарықтық экономика бұл, ең алдымен, нарықтық, экономикалық, өндірістік қатынастар. Мұндағы басты мәселе - меншіктілік. Меншіктіліктің әрбір қоғам мүшесінің, тауар өндірушінің қолында болуы экономика тұрақтылығының кепілдігі.

Меншік деген терминнің экономикалық мағынасы - адамдар арасындағы барлық мүлікті, шаруашылықты пайдалану және иемдену жөніндегі қатынастар. Меншіктің экономикалық мазмұны иемдену-шектетілу қатынастарын көрсетеді. [2] Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Мемлекеттік меншік- мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің барлық мүліктері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік меншік тиімді бола алады, өйткені оның қызметтерімен байланысты өзіндік артықшылықтары бар: макроэкономикалық реттеуге, елдің экономикалық даму стратегиясын қалыптастыруға, ұлттық экономика құрылымын оңтайлы етуге қабілетті.

Меншік типтері: а) өздеріне тиесілі мүліктерді меншік иелерінің жалпы мақсатта пайдалану деңгейі бойынша; б) жекелеген еншілес меншік иелері арасында жалпы меншікті еркін бөлу мүмкіндігі мен мүмкін еместігі бойынша анықталады.

Сурет 1. Меншіктің типтері [27]

Меншіктің субъектілері: жеке тұлға, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары. Меншіктің объектілері болып өндіріс құралдары, мүлік, құнды қағаздар, ақпарат, жұмыс күші табылады.

Тарихта меншіктің екі үлгісі белгілі, олар - жеке меншік пен қоғамдық, мемлекеттік меншік. Бұл үлгілердің әрқайсысы әртүрлі формаларда өмір сүреді. Тарихи тұрғыда мемлекеттік меншіктің формалары мемлекеттің қоғам үстінде тұрған және қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық құрылымды қорғаудың спецификалық қызметін атқаратын ерекше аппарат ретіндегі қажеттілігінен туындайды. Мұндай қызметтерді атқару үшін мемлекет мемлекеттік билік органдарын, полиция, әскер, соттарды және т. б. материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті табыстар мен мүлікке ие болуы керек. Бұл басты орынды қазынаның ақшалай құрамы мен мемлекеттік бюджеттің ақшалай құралы басты орынды алатын мемлекеттің меншіктің қарапайым және таза түрі болып табылады.

Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен түрады. [1]

Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң Азаматтық Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi (жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар) және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды. [3]

Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды түлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен түрады. Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды. Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншiк болып бөлiнедi.

Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.

Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Азаматтық Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.

Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жұзеге асырады.

Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жұргiзуiндегi мүлiктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.

Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жұзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындар
Шаруашылық жүргiзу құқығында
Шаруашылық жүргiзу құқығында: Оралымды басқару құқығында
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Өз пайдасын пайдалану бағытын өзі анықтайды
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Мемлекет кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Дәрменсіз борышкерлер болуы мүмкін
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Жарғылық қоры қалыптастырылады (10 мың АЕК кем емес)
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Меншіктенушінің немесе оған уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз негізгі құралдарға жатқызылған мүлікке иелік етуге құқығы жоқ (меншіктенушінің біршама кең дербес келісімі, мүлікке иелік ету бойынша біршама құқығы бар)
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Барлық өзіне тиесілі мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Меншіктенуші қаржыландырады
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Смета бойынша өз қаражатына иелік етеді
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Мемлекет қазыналық кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша субсидияланған жауапкершілікте болады
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Дәрменсіз борышкерлер болып табылмайды
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Жарғылық қор қалыптаспайды, қызмет мүлікі меншіктенуші бекітетін кірістер мен шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Уәкілетті органның тек жазбаша келісіммен өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынган өзіне бекітілген мүлікті шеттеуге немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқылы
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді: Өзінің иелігінде ақшаға ғана өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

*Есткерту: сурет дерек көзі - minplan. kz. Мемлекеттік активтер негізінде автормен құрастырылған.

Сурет 2. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері: негізгі ерекшеліктері

Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

Қазақстанда мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдық экономикалық нысандарының тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен бекітілген. Мемлекеттік секторға қатысты келесілер бөліп көрсетілген/12, 15б/:

1. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (медикаменттерді, емдеу препараттарын, өндіру және өткізу саласы, мемлекеттің монополияға жатқызылған салалар, энергия мен сумен қамтамасыз ету жүйелері және т. б. )

2. Жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, оларға жататындар: транспорт және инфрақұрылымның өзге де обьектілері, байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, табиғатты қорғау т. б.

3. Мемлекеттік акциялар пакеті 51% және одан да жоғары акционерлік компаниялар, сонымен қатар 51%-тен төмен, бірақ өндірістік қызметті бақылауды қамтамасыз ететін компаниялар.

4. Мемлекеттік акциялар пакетінсіз, бірақ алтын акциясы бар акционерлік компаниялар. Мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.

Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік стратегиялық объект болып табылады.

Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері; магистральдық мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары; ұлттық электр тораптары; магистральдық байланыс желілері; ұлттық почта тораптары; халықаралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің қауіпсіз жұзуін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер; атом энергиясын пайдаланатын объектілер; ғарыш саласының объектілері; су шаруашылығы құрылыстары; ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары), меншігінде стратегиялық объектілер бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары) жатқызылуы мүмкін.

Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік секторы қандай да бір тауар және қызмет өндіруші түрлі кәсіпорындарды қамтиды . Сондықтан да саяси жүйе және меншік субъектісі ретіндегі мемлекетті және экономикалық қызмет субъектісі ретіндегі суперкәсіпкер мемлекетті ажырата білген абзал.

Мемлекет заң шығарушы, атқарушы және сот органдары қызметінің саласы болып табылады. Мемлекет материалды ешнәрсе жасамайды, ол билік және басқару аппараты болып табылады. Ал экономиканың мемлекеттік секторына келсек, ол тек тұтынбайды, сонымен қатар өнім өндіріп, табыс әкеледі. Мазмұны бойынша ол халық шаруашылығының өзге секторларының кәсіпорындары секілді шаруашылық өмірдің қатысушысы болып табылады.

Жеке меншік мемлекеттік меншікпен салыстарғанда қарапайымдау категория. Ол меншік объектісіне тек бір адам ғана билік етуін білдіреді.

Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі оның әскер, полиция және т. б. қолдайтын саяси билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Ең алдымен осы себепке байланысты қоғамның саяси жүйесін реформаламай меншікті мемлекет иелігінен алуды қандай да бір кең көлемде жүргізуге болмайды.

Бір жағынан, мемлекеттің тікелей мәжбүрлеуінсіз оның меншігі үстем болмас па еді, екінші жағынан-бұл форма оның бөліну және қайта бөліну процесінде мемлекеттің тұрақты араласуынсыз бірнеше онжылдықтар бойы тіршілік етпес еді. Осы тұрғыдан мемлекеттік меншікті тоталитарлық саяси жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі ретінде қарастыру қажет.

Мемлекеттік меншік иерархиялық принцип бойынша құрылған алуан түрлі және өзара байланысты қарым-қатынастарды қамтиды. Біріншіден, бұл мемлекет иелігіндегі меншіктің иемдену, пайдалану және билік етумен, мемлекеттік бюджетті бекіту және толтырумен байланысты мемлекеттік билік және басқару органдарының ішіндегі қатынастар; екіншіден, билік пен басқарудың орталық және жергілікті (аймақтық) органдар арасындағы, үшіншіден, мемлекет аппараты және нақты тауар өндіруші және шынайы кәсіпкерлер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындар арасындағы қатынастар.

Мемлекеттік меншікке оның субъектілерінің және иемдену, пайдалану, билік ету қатынастарының иерархиялық құрылымы тән. Батыс елдерінде мемлекеттік меншікті жеке меншіктің бір түрі ретінде бейнелеуі дұрыс емес. Мемлекеттік меншік әрдайым жеке меншікке қарама-қарсы қойылады және оның әр түрлі елдердегі ерекшеліктері ең алдымен оның нақты тарихи формасының ерекшеліктеріне әкеліп тіреледі.

Кеңестік ғылыми әдебиетте және заңнамада мемлекеттік меншікті жеке меншіктің бір түрі ретінде саналатын буржуазиялық мемлекеттердің меншіктерінен айырмашылығы «бүкіл халықтық» деп түсіндірілуінде. Бірақ саяси декларацияларға қарамастан ешбір мемлекет барша халықтың ерігі мен мүддесін білдіре алмайды. Халық ең алдымен экономикалық өмір жағдайының айырмашылығының нәтижесінде әр түрлі әлеуметтік кластарға, топтарға, ұлттарға және т. б. дифференциацияланған. Олар бір бірінен қоғамдық өндіріс жүйесіндегі алатын орны бойынша ерекшеленеді. Сонымен қатар, мемлекеттің өзі халықтың үстінде тұрған және ерекше мүддесі бар айрықша аппарат болып табылады. Сондықтан мемлекеттің саясатыда, оның ішінде меншікке қатысты саясаты да тең дәрежеде баршаның мүддесіне сай келе бермейді. Яғни, қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан да, мемлекеттің мәні тұрғысынан да мемлекеттік меншік жалпы халықтық сипатта бола алмайды. Ол қатысушылары мемлекет меншігінің объектілерін қамтитын мүлікті нақты пайдалану нәтижесінде теңсіздік жағдайында болатын және өз қажеттіліктерін әр түрлі дәрежеде қанағаттандыратын қатынастарды білдіреді. [4]

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады. Нарықтық шаруашылық белгілі бір жағдайларда инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіптің кейбір салаларын реконструкциялау, халық шаруашылығын арзан электр энергиясымен және шикізатпен қамтамасыз ету, жалпымемлекеттік деңгейдегі ғылыми-зерттеу, экспериментальдық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерін шеше алмайды. Аталмыш мәселелерді мемлекеттік сектор өз мойнына алуға мәжбүр.

Жалпы, мемлекеттік секторға тек кәсіпорындар ғана кірмейді. Мемлекеттік бағалы қағаздар қор рыногының бір секторын құрайды, ал мемлекеттік акциялар пакеті-унитарлы кәсіпорындар секілді басқару объектісі болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік несиелерге де, табиғи қазба байлықтардың барланған қорына және өзге де ресурстарға қатысты. Бірақ, әдетте мемлекеттік сектор туралы айтқанда мемлекеттік кәсіпорындарды меңзеп тұрады.

Көптеген елдерде орталық үкіметке тиесілі халықтық меншік және жергілікті басқару органдарының меншігіндегі коммуналды меншікті ажыратады. [5]

Мемлекеттік сектордың басым бөлігі - бұл инфрақұрылым объектілері, көбінесе рентабельді емес, келесі бөлігі - үлкен инвестицияларды қажет ететін және капитал айналымдылығы баяу шикізат және энергетикалық саладағы мемлекеттік кәсіпорындар. Мемлекеттік фирмалардың рентабельділігі жеке меншік фирмалардыкінен төмендеу болады. Мемлекеттік сектордың енді бір бөлігі - аралас компаниялардың акциялары.

Мемлекеттік сектор көлемі, оның ұлттық экономикадағы үлесі тек жаңа құрылыс нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге рентабельді, қайта құрылған мемлекеттік меншік объектілерін жеке меншік капиталға сату нәтижесінде де өзгереді. [6] Мемлекеттік сектор өзге құралдармен бірге жобамен барлық әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін реттеу құралы ретінде қолданылады.

Мемлекеттік сектордың үлесі қомақты болып келетін елдерде ол экономикалық циклді тегістеу және жұмыспен қамтылуды қолдау үшін қазық ретінде қызмет етеді. Конъюктураның нашарлауы, депрессия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік объектілер өндірісті қысқартпайды. Және де мемлекеттік темір жолдардағы негізгі капиталдың жаңартылуы, пошта және телеграфтың қымбат жабдықтарды сатып алуы, автомобиль жолдарын салудағы бум, порттар мен әуежайлар реконструкциясы әдетте дағдарыстық кезеңдерге келеді. Осылайша, мемлекеттік шаруашылық объектілері реттеу органдарының инициативасы бойынша өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың өсуіне қарсы тұруға ұмтылады.

Мемлекеттік сектор қаржы рыногында бірқатар маңызды қызметтерді атқарады:

-ақша қаражаттарын аккумуляциялайды және оларды дамуына елдің халық шаруашылығының экономикалық конъюктурасы мен құрылымы байланысты салаларға бағыттайды;

-қарыз капиталы рыноктарында проценттік ставкаларды анықтайды, осылайша экономиканың өсу қарқынына әсер етеді;

-бағалы қағаздар рыногында қызмет ете отырып, экономикадағы өтімді құралдардың болуын реттейді және бюджетке қосымша қаражаттардың түсуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сектор ҒЗТКЖ -да үлкен роль атқарады, әсіресе университеттік ғылымда, кадрларды қайта даярлауда. Мемлекеттік сектордың мекемелері көптеген елдерде мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты орындаушылары және экономиканың барлық салаларына ҒЗТКЖ-ң нәтижелерін жеткізуші болып табылады.

Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реттеуші органдардың бақылауы
Қаржы менеджменттінің ұйымдастырылу негіздері
Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Банк менеджменті және экономикалық процесстерін басқару
Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары
Банктік қадағалау басқармасы
Ұлттық банк және оның мақсаты
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизмін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz