Жер салығының қазіргі кездегі жағдайы



КІРІСПЕ ... 5
I. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... 7
1.1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы
экономикалық мазмұны және ролі ...7
1.2. Жер салығын төлеу және есептеу әдістерінің шетел
тәжірибесі ... 16
1.3. Қазақстан Республикасының жер қатынастарының даму кезеңдері және оның заңнамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
II. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ДИНАМИКАСЫ ... 26
2.1. Қазақстан Республикасының жер салығының даму ерекшеліктері талдау ... 26
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысының жер салығының даму
тенденцияларын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
2.3. Шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық
режимдерінің дамуы .. 46
III. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ .. 56
3.1. Жер салығының қазіргі кездегі даму жолдары ... 56
3.2. Нарық жағдайында жер салығының жетілдірілуі ... 63
Қорытынды ... 68
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... 71
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсірісе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтер атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер қатынастары саласында нарықты өзгерістер 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған "Жер туралы" Заңда көрініс тапқан болатын. Бұл заңның басы ерекшелігіне осы саладағы қатынастарды жердің әлеуметтік, табиғи заңдылықтарын ескере отырып, реттеуін жатқызуға болады.Жер қатынастарының өзара байланыстылдығын, тұтастығын түсінудегі жер қоры ұғымының маңызы зор.
Жер табиғи объект, өмір сүретін орта ретінде саяси, шаруашылық объектісі ретінде экономикалық функцияларды атқарады. Жердің функцияларының дербестігін олардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жоқтығы деп түсінуге болмайды. Сондықтан, жер - жер қатынастары - жердің функциялық байланыстарын, ерекшеліктерін ескере отырып, реттелуі керек.
Бірақта жерге жеке меншікті енгізу мәселелерінің қайта қаралу қажеттілігі жердің сапалығына, көлеміне, климаты -географиялық шарттарына байланысты болады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы: Қазақстан,
2000-96 б.
2. ҚР Презмденттінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы. Егемен Қазақстан, 02.04.07ж.
3. «Бәсекелестік Қазақстан, бәсекелестік экономика, бәсекелестік хал үшін», ҚР Президенттінің Жолдауы, Егемен Қазақстан, 04.03.06.
4. Жер туралы: ҚР Заңы// Егемен Қазақстан. -2001-31 қаңтар
5. Худяков А.Н. Налоговая система РК.-Алматы, 1998-212 б
6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы: Салық Кодексі.-Алматы: Юрист, 2002-230 б
7. Экономоикалық теория: оқулық құралы/ Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б.
Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова.-Алматы:Қазақ университеті, 1999-280 б
8. Миронова Н.Жер қатынастары және құқық // АПК-экономика,
басқару -2000.-Ы 8 -14-20 б
9. Сейфуллин Ж. Қазақстан жер кадастры.-Алматы: Каз НИИ ЭО
АПК, 2000-227 б
10. Плотников В. Жер кодексі-жер құқығының негізі // АПК-
экономика, басқару -2000. N 5-64-69 б
11. Подольский Л.Қазақстан Республикасында жер қатынастары
дамуының ғылыми негіздері // Зерттеулер мен нәтижелер. -1999- №1. -
22-27 б
10. Берсаев А.Шетелдердегі жердің бағалану тенденциялары //
Саясат. -2000. -№ 12.-4-5 б
11. Ильясов К.К.Идрисова Е.К. Налоги развитых зарубежных
государств. -Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.-35 с
12. Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикасы сандарында:
Статистикалық анықтамалық. -Шымкент, 2000
13. Қосанов Ж. Жер құқығының даму кезеңдері,
тенденциялары, теориялық негіздері // Ақиқат.-2002. -№3.-38-40 б
14. Заңды тұлғаларға салық салудың оңайлатылған жүйесі
туралы нұсқау// Заң.- №3-16-19 б
15. Девяткию А. Біріңғай жер салығы: тәжірибе, мәселелері//
АПК - экономика, басқару. -2000. N 12. -16-19 б
16. Ерманова А.А. Налоговая система: оценочные критерии
развития и совершенствования. Караганда, 1999-133 с
17. Аттаханов Қ. Басты міндет-ел экономикасын сауықтыру //
Қаржы-қаражат -2002 -№ 7-3-9 б
18. Назарбаев Н. Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әлеуметтік ауқатының артуы. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы, 1998.-32 б
19. Қазақстан Республикасында 2002-2003 жылдарға жерге
құқықты қамтамасыз ету бағдарламасы // Қазақстан жер ресурстары.
2000. № 2-26-29 б
20. Жер қатынастарын реттеудің жаңа өлшемдері // Заң -2001-
№4-14-19 б
20. Зинец Н. Ауыл шаруашылығындағы жер салығы -1997-№8-
127 6
21. Еркінбаева Л. Жер реформасы: міндеттері мен принциптері
// Заң -1999-№7-19 б
22. Дюсембеков З.Оспанов Б. Қазақстан Республикасындағы
жер реформасы// халықаралық ауылшаруашылық журналы-2000 №2-32
б
23. Дәулетбеков Б. Экономика-математикалық модельдеу
негізінде жер салығын анықтау // қаржы - қаражат -2000- №11-62-68 б
24. Қоңтарбеков Г. Жерді жекешелендіру механизмдері //
Саясат 2002- № 6-87-90 б
25. Буздалов И. Жерге жеке меншік-ауыл шаруашылық
тиімділігінің негізі// аграрлық ғылым -2000- №7-35 б
26. Сабирова А. Григорук В. Қазақстан Республикасындағы жер
қатынастары - Алматы 2001-299 б
27. Дүйсенбеков 3. Жер қорын пайдалану төлемдері // Халық
шаруашылық журналы -2000- №5-22-28 б
28. Гкачук С. Жер ресурстарының тиімді пайдалануы //
экономика 1998-77 б
29. Қазақстан Республикасының жер қоры// Қазақстан жер
ресурстары 2000-№ 1-27-28 б
30. Кложенко В. Жер ресустарын басқару // Халықаралық
ауылшаруашылық журналы.-1990-№3-17-19 б
31. Милосердова А. Жер өзгерістерінің моделі // экономика
2000-№3-29-32 б
33. Стамқұлов А. Қазақстан Республикасында экологиялық
құқық.Алматы: Жеті жарғы 1995-16 б
34. Бобров В.О. плотежах за землю прощводителей
селькохозяйственной продукции // Нологовый эксперт -2001 №6-с-15-17
35. Финансы РК : Ежегодный статический сборник 1990-2001
36. Муканова А.Д. Земля-основа жизнедеятельности народа и
государство // саясат 2002-№4- с 99
37. Қаражан С. Дамудың бір кепілі салық/заң және заман-2002
№4-47 б
38. Худяков А.И. Налоговое права РК.Алматы: Жеті жарғы 1998
-18 с
39. Ермекбаев Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар: Оқу құралы -
Алматы: Экономика 1997-134 б
40. Сигарев М.И. Финансово-кредитный механизм в аграрном производстве Казахстана // Проблемы агрорынка, 2004г. Алматы, С. 31-36
41. Сигарев М.И. Эконо¬мический механизм государ¬ственного регулирования в аграрном секторе Казахстана // Проблемы агрорынка, 2004г. Алматы, С. 16-19
42. Налоги в рыночной экономике. - М.: Знание, 1993.
43. Налоги: Учебное пособие /Под ред. Д.Г. Черника. - М.: Финансы и статистика, 1996.
44. .Рузавин Г.И. Основы рыночной экономики: Учебное пособие для вузов. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996.
45..Экономика: Учебник/Под ред. доц. А.С. Булатова. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Издательство БЕК, 1997.
46..Сейдахметова Ф.С.Налоги в Казахстане./ Учебное пособие- Алматы:»LEM»-2002г.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... 5
I. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... 7
1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы
экономикалық мазмұны және ролі ...7
2. Жер салығын төлеу және есептеу әдістерінің шетел
тәжірибесі ... 16
3. Қазақстан Республикасының жер қатынастарының даму кезеңдері және оның
заңнамалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
II. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ДИНАМИКАСЫ ... 26
1. Қазақстан Республикасының жер салығының даму ерекшеліктері талдау
... 26
2. Оңтүстік Қазақстан облысының жер салығының даму
тенденцияларын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 37
3. Шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық
режимдерінің дамуы .. 46
III. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ .. 56
1. Жер салығының қазіргі кездегі даму жолдары ... 56
2. Нарық жағдайында жер салығының жетілдірілуі ... 63

Қорытынды ... 68

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... 71

КІРІСПЕ

Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті
заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсірісе өндіріске қолайлы,
құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан
тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету
арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар
және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге
меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы
жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер
салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық
есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және
орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады.
Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету,
мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай
отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық
мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай
мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы
жүзеге асырылады.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық
қызметтер атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға
ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер қатынастары саласында нарықты
өзгерістер 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған "Жер туралы" Заңда көрініс
тапқан болатын. Бұл заңның басы ерекшелігіне осы саладағы қатынастарды
жердің әлеуметтік, табиғи заңдылықтарын ескере отырып, реттеуін жатқызуға
болады.Жер қатынастарының өзара байланыстылдығын, тұтастығын түсінудегі жер
қоры ұғымының маңызы зор.
Жер табиғи объект, өмір сүретін орта ретінде саяси, шаруашылық
объектісі ретінде экономикалық функцияларды атқарады. Жердің функцияларының
дербестігін олардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жоқтығы деп түсінуге
болмайды. Сондықтан, жер - жер қатынастары - жердің функциялық
байланыстарын, ерекшеліктерін ескере отырып, реттелуі керек.
Бірақта жерге жеке меншікті енгізу мәселелерінің қайта қаралу
қажеттілігі жердің сапалығына, көлеміне, климаты -географиялық шарттарына
байланысты болады.
Елімізде жалпылық көзқарас бойынша жер нарығы әлі дамымаған сондықтан
меншіктің жаңа қатынастарын реттейтін заңның (қабылдану) қабылданылуынан
потенциалды экономикалық маңызы нарық белсенділігінің көтерілуі тиімділігі
болып табылады. Сонымен қатар, экономикасының негізгі стратегиялық секторы
агроөндірістік кешеніне инвестицияларға түседі. Айналымға қосымша
учаскелердің түсуінің және жер салығының нақты ставкасының көтерілуінің
нәтижесінде барлық деңгейдің бюджеттердің кірістері көбейеді.
Осыған байланысты жер үлестерін талан-таражға салуды тоқтату, жер
пайдаланушыларының өндірісті басқаруға қатысуын іс жүзінде қамтамасыз ету
атқарушы органдардың жерді пайдалану саласындағы зорлық-зомбылықтарының
алдын-алу, жердің экономикалық негізсіз шағын әлеуметтік топтардың
иеленуіне шоғырлануымен күресу-қоғамдағы өзекті мәселелерге айналды. Жер
жөніндегі жарлықты жүзеге асырудың жағымсыз әлеуметтік, экологиялық,
экономикалық салдары, теориялық негізіндегі оқулықтары жаңа заңды
қабылдаудың толғағы жеткендігін көрсетті.
Жер реформасының даму логикасын зерделі талдау және оның тиімді
пайдалану үшін жер төлемдерін жетілдіру жолдары- жер заңдарының мәнін
түсініп, орын алып отырған сол қылықтарына сын көзбен қараумен қатар, заман
талабына сай заң қағидаларын іске асырудың тиімді жолдарын іздестіруге
бағытталуы керек екенін өмірдің өзі дәлелдеуде. Осы жоғарыда көрсетілген
мәселелер аталмыш диплом тақырыбының актуальдылығын нақты көрсетеді.
Қазіргі кезде жер салығы мәселелесінің өзектілігі сол, ол "Жер түралы"
Заңның қабылдануымен жерді жеке меншікке беру ұйғарылды, осыған байланысты,
жерді жеке меншікке беруге қатысты салық салу проблемаларын қарастыру
туындап отыр.
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың мақсатты әрекеттегі жер салығы
мәселелерін зерттеу, жер салығының ҚР салық жүйесінде орнын және оны
жетілдіру жолдарын анықтау.
I. Жер салығының қазіргі кездегі дамуының
теориялық негіздері.

1.1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы экономикалың мазмұны
және ролі
Қазақстан Республикасында қабылданған жер салығы салық жүйесінің бір
бөлігі ретінде жалпы салық жүйесіне қойылатын келесі талаптарға сай келуі
тиіс: қарапайымдық, салық есептеу туралы ақпаратпен толық қамтамасыз ету,
салық төлеуішілері арасында әділетті бөлінуі тиіс. Сонымен қатар салық
салық төлеуішінің төлемділігін есепке алу тиіс және ол әр қашанда
мемлекеттік бюджеттің нақты табыс көзі болуы тиіс. Барлық осы талаптарға
бүгінгі күнде жер салығы тән келеді. Жер ең алғышқы ҚР еңгізілген тікелеей
салықтардың бірі болып табылады.
Салық салу механизмі- кез-келген экономикалық жүйенің күрделі
бөлігінің бірі болып табылады. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды
тәсілі ретінде орын алып, оның әрекет етуінің тиімділігі әлеуметтіқ және
экономика саясатының жетістігіне әкеледі. Кез-келген елде мемлекеттік
шығындармен салық салу мәселесіне өте үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық
экономикалы елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиальдық табыстарды
қалыптастыруға басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күшті
стильдық құралы болып келеді, әсіресе олар ғылыми- техникалық прогрессті
жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асырады да
белсенді орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу өте қажетті де, маңызды
іс болып табылады.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүкіл өркениетті
мемлекеттердегі салықтық реттеу - несие реттеумен бірігіп әрекет еткенде
ғана нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол
нарықтық қатынастардың қалыптасуына және мемлекеттік экономикаға тигізетін
әсерін реттеп отырады. Сондай-ақ, салықтар қоғамның экономикасын
тұрақтандырудың және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ететін маңызды
элементер болып келеді.
Қазіргі кезеңдегі жағдайда салықтардың мәні мен ролі мемлекеттік
органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр.
Елді салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола
бастады. Олар макроэкономикалық реттеушіге белсенді араласа отырып, ішкі
ұлттық табыстардың жалпы көлемінде, салықтық төлемдердің салыстырмалы
мөлшерінің өсуін қамтамасыз етіп отырады. Салықтар экономикалық
белсенділікті реттей отырып, өндірістік процестерге де қатты әсер етеді.
Бұл жүйе жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып
мемлекет капиталының қорлануына асқан ықпал етеді. Сондай-ақ салықтық ретеу
шаралары, әртүрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктерін кеңінен ынталандыра
отырып, капиталдық қорлануына тиімді жағдай жасап,кәсіпорындардың іс-
әрекеттерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді.
Бұл мақсатта салықтарды төлеуге түрлі жеңілдіктер пайда болады. Салықтық
жеңілдіктердің көмегімен мемлекет өндіргіш күштерін территориалды
орналастыруға, инфрақұрылымдық объектілерді құруға және тағы басқа іс-
әрекеттерді жүзеге асырады толығымен мүмкін болады. Сондай-ақ
салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс.
Олардың басты міндеті әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес
салаларды қаржыландыру болып келеді.
Экономикалық реформаның басты мақсаты- шаруашылық жүргізуші
субъектілерге түсетін салық ауыртпалығын жеңілдету, қолданып жүрген
салықтармен төлемдерді реттеу болып табылады.Бұл бағытта ең негізгілерін
пайда салығын, қосылған құн салығын, акциздерді мүлік салығын, табыс
салығын және бір қатар басқа да салықтардың мәнін артыру. ¥қсас жағдайда
салық салудың шамамен тең тәртібі қолданылатын болады, ал ставкалар табыс
көлемінің артуына байланысты қойылады. Біртұтас тәртіп салық төлеушінің қай
кезде қандай салық төлеуді жақсы білуіне мүмкіндік береді.Қазақстандағы
салық ставкаларының басқа елдердегі осындай салықтардың ставкаларымен
теңдес болуы да дұрыс.Бұл өте қажет, өйткені неғұрлым жоғары ставка
белгілеу шетелдік инвестициялар тартуға кедергі келтіреді және керісінше,
неғұрлым төмен ставкалардың әртүрлі болуынан туындайтын салық капиталды
экспортқа шығаратын елдердің бюджетіне түседі.
Барлық салық түрлерін қоса есептегенде олар тауар өндірушінің
табысының 40%-нан аспайды.Оның үстіне экономиканы қайта құру, кәсіпкерлік
қолдау көрсету, жол қорлары тәрізді мақсатта қорларды кезең-кезеңімен жою
көзделуде. Оларға міндетті түрде қаржы аудару кәсіпорындарға ауыр соғып
отырғандығы ешкімге де құпия емес. Сондай-ақ шығындарды өнімнің өзіндік
құнына жатқызу жүйесі де өзгерілгені жөн, бұл өте маңызды, өйткені ол қазір
салық алынатын табысты есептеу үшін қажетті негіз болып табылады.Болашақта
мұндай негізді неғұрлым толық та дәл анықтау үшін оның құрамына тауар, өнім
сату, жұмыс, көрсетілетін қызмет, мүліктерді жалға беру, заем, лицензия
беру және басқа табыстың барлық түрлері енетін жалпы табыс негізінде
анықтау қажет. Бұл ретте өндіріске байланысты барлық шығындар жалпы
табыстан игеріліп тасталынатыны белгілі.
Салық қандай болу керек (жоғары немесе төмен) сауалы экономистердің
пікірталасының нысаны. Экономикаға мемлекеттің араласуы салықтық көбеюіне
соқтырады, араласуы: әлсіз болса-азайтады.
Негізгі мәселе араласуы мен араласпауы экономикаға қалай әсер
етеді.Кейнстен кейінгі оқымыстылар пікірі "Сұраныс экономикасын"
қалыптастыруға бағытталған. Олардың ойынша, салықтың жоғары деңгейі
қоғамның сатып алу деңгейін, яғни жалпы сұранысты төмендетеді, демек, баға
түседі,инфляция сөнеді.Керісінше, салықтың азаюы жалпы сұраныстың өсуіне
әкеледі,баға өседі және инфляция қарқыны жылдамдайды.
"Ұсыныс экономикасын" жақтаушылар кері пікірде: салықтың жоғары болуы
кәсіпкер шығынын көтереді, ол тұтынушыға жоғары бағамен ұмтылады, бұл
инфляцияға соқтырады, яғни олар салықтың төмендеуін қалайды.
Бұл сұрақтың бір мағыналы жауабын экономикалық ғылым әлі
таппады.Бірақ салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасында байланыс
жасауға әрекет жасалынды. Американ профессоры А.Лаффер ұсыныс теориясын
дәлелдеген. Табыс салығының көтерілуі бірдей іскерлік белсенділікті
төмендетеді немесе кәсіпкерлік қызмет пайдасыз болады.Ал салық мөлшерінің
аз болуы жұмысқа, қор жинауға, инвестицияға, іскерлік тәуекелді қабылдауға,
ұлттық өндіріске және табысқа ынта туғызады.Нәтижесінде салық негізі
кеңейеді. Бұл салық мөлшері мен салық кірісі арасындағы байланыс "Лаффер
қисығы" деген атау алды.

Сурет 1. Лаффер қисығы

Егер салық мөлшері нольге тең болса (0 нүктесі), онда мемлекет ештеңе
таппайды.Егер салық мөлшері К і=100%, онда ешкім жұмыс істеуге ұғынбайды,
мемлекет те ештеңе таппайды.Қандай мөлшердегі сала (г 0= 50%), табыс салғы
ретінде мемлекет алады, бұл саланы Кх максимумына жетеді.(М нүктесі) Салық
мөлшерін көтеру әрекеті төмендетуге әкеледі.В. (Ы нүктесі)
Лаффер қисығы қандай салық мөлшерінде салық кірісі жоғарылайды деген
сұраққа жауап бермейді.
Салық саясатын нысаналы түрде қатайту инфляция мен мемлекет бюджетінің
тапшылығын болдырмау мақсатын көздейді. Дүние жүзі тәжірибесінде, мұндай
іс-әрекет дағдарыс жылдары біршама орын алатын еді.Дегенмен, бұл жерде
бір қағидасы жағдай шет қалып отыр: шет елдердегі жалпы экономикалық
дағдарысымен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеліктері бар. Сонда біздің
дағдарысымыздың ең басты себебі, капиталистік елдердегідей қайта өндіруде
жатқан жоқ, керісінше, тұрақты сипат алып отырған экономикалық тапшылықтан
туып отыр. Сонымен біздің жағдайда жете ойластырып мұндай саясатты іске
асырмаса теріс нәтижеге соқтыруы мүмкін.Сонда инфляция мен қаржы
тапшылығының деңгейін төмендету мүмкіндігі пайда болғанның өзінде,
өндірісте оң өзгерістер орын алмайтынына, бұл процесстер ғұмырсыз және
қысқа мерзімді болады да, міндеті түрде әлеуметтік саясаттың нашарлауына
әкеледі.
Нарық қатынастары жағдайында бюджет кірісінде ерекше орынды жер салығы
алады.
Жер салығы қаржы ресурстарының тұрақты үнемі түсетін көздері болып
табылады.
Президенттің 1995 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған "Жер туралы"
жарлығында ата заңымыздың негізінде жерге заттық құқықтардың тұтас жүйесі
көзделген болатын.Жердің құны салық салудың негізі болып табылады.Әр
адамның мүддесіне тиесілі жүреді.
Қазақстан Республикасының жер салығы 2002 жылы қабылданған ҚР Салық
кодексіне сәйкес алынады. Жер салығының мөлшері жердің сапасына, орналасу
тиімділігіне, сумен қамтамасыз етілгеніне және пайдалану бағытына
байланысты. Мынандай принциптер негізінде анықталады:

1. Салық мөлшері жердің сапасына, орналасудан өңіріне және
сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланады.
2. Соның мөлшері шаруашылық нәтижесіне байланысты емес.
3. Жер салығы жердің бір өлшеміне жыл сайынғы тіркелген
төлем ретінде белгіленеді.

Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен
тиесілігіне қарай мынандай санаттарға бөлінеді:

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2. Елді - мекендер жерлері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс өзге де
ауыл
шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру,
рекреациялық тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
5. Орман қоры жерлері;
6. Су қорының жерлері;
7. Запастағы жерлерге жатқызылуына қарай жерлер.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа та жататындығы Қазақстан
Республикасының "Жер туралы" заң актілері мен белгіленеді.Елді-мекендер
жерлері салық салу мақсаты үшін екі топқа бөлінген:
* Тұрғын - үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар
мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді-мекенді
жерлері.
* Тұрғын-үйқоры, соның ішінде олардың жолындағы құрылыстар
мен ғимараттар орналасқан жерлер.
Заңда жер салығы бойынша мынадай жеңілдіктер қарастырылған:
* Қорға деп сақталған жерлер, табиғат қорғаумен табиғи-мәдени
шаралар, сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы, орман,
су, қорларының жерлері басқа мақсатқа пайдаланудан басқалары
салық салуға жатпайды.
* Елді мекендердің жалпы пайдалануындағы жер учаскелерінен салық
алынбайды.
Жер салығын төлеуден:

* Балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық парктер,
ботаника бақтары, зираттар;
* Мемлекеттік табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау
органдары;
* Мүгедектердің ерікті қоғамдары;
* Ұлттық банк пен оның бөлімшелері,
* Бүлінген немесе олөнімділігі су жерді алғандар алғашқы он
жылда;
* Табыс салығы бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын жеке
тұлғалар босатылады

Салықтан басқа топырақтың құнарлығы кемітілгенде және оның беті
бүлінгенде компенсациялық (орнын толтыру), және айып төлемдер алынады.Төлем
шамасы жерді қалпына келтіру шығындарымен және топырақ құнарлылығы
өзгертілгенде арнайы әдістеме бойынша анықталады.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.
Жер төлеушілеріне жеке меншік құқығындағы, жер пайдалану құқығындағы,
бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері
бар жеке заңды тұлғалары жатады.
Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын
құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе,бірнеше
тұлғаның ортақ меншігіндегі жер учаскесі бойынша осы
тұлғалардың әрқайсысы жер салынған төлеуші болып табылады.
Тұрақты жер пайдаланудың бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдаланудың
меншік құқығын куәландыратын меншікті акт немесе жер учаскесін уақытша
пайдалану шарты болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер
салығын теңеуші ретінде тану үшін осындай учаскені анық нақты шешуші
пайдалану негіз болып табылады.

Келесі объектілер салық салу объектісі болып табылмайды:

1. Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері, алаңдар,
көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, сверлер, бульвалар, су
қоймалары, жағажайлар, зираттар, және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға
арналған өре де объектілер (су құбырларыдазарту құбырлары басқа да ортақ
пайдаланатын инженерлік жүйелер) алып жатқан соларға арналған жерлер елді-
мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
2. Ортақ пайдалануындағы мемлекетті автомобиль жолдары желісі алып
жатқан жер учаскелері.

Ортақ пайдалануындағы кесіп берілген белдеудегі мемлекеттік автомобиль
жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер салымдары, жасанды құрылыстар жол
бойындағы резервтер мен өзге де жалқы қызметін тұрғын - үй жайлары қолдан
қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
Темір жолдар, оқшаулар белдеулері, теміржол станциялары, вокзалдар
орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда заңдарда белгіленген тәртіппен
темір жол көлігі ұғымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір
жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер
учаскелерін қоса алғанда балансында электр беру жүйелері ұйымдары үшін осы
ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу
объектісі жатады.Сонымен бірге салық салу объектісі заңдарда белгіленген
тәртіппен мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді,
тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға берілген
учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік әуе, кабельдік байланыс
желілері бар байланыс ұғымдары үшін осы ұйымдарға белгіленген тәртіппен
берілген жер учаскелері болып табылады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық
ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді, топырақтың сапасы бойынша
саралады.
Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық, саяжай
құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса есептегенде, берілген
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынандай
мөлшерлерде белгіленеді: көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда-0,01
гектар үшін 20 тг, көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға 0,01 гектар үшін -
100 тг.
Елді мекендердің, өнеркәсіптің ерекше қозғалатын табиғи аумақтардың
орман және су қорларының құрамына кіретін, аул шаруашылық мақсаттарына
пайдаланатын жер учаскелеріне салық кодексін де белгіленген базалық
ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне
салынатын базалық ставкалары орнатылған мөлшерде белгіленеді.
Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған тұрғын үй қоры,
соның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне
жататын жер учаскенің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі деп
есептеледі.
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық ставкалары бойынша
салық салынады:

І.Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар
үшін;
* көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда
* 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге
* көлемі 1000 шаршы метрден асатын адамға-1 шаршы метр үшін
6,00 теңге;

Жергілікті өкілді адамдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын
жер учаскелеріне соның ставкалары 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20
теңгеге дейін төмендетуі мүмкін;

2.Басқа елді мекендер үшін:

* көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда -
* 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
* көлемі 500 шаршы метрден асатын алаңға
* 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге;

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден
асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден
0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық
салық ставкалары 1 гектарға шаққанда бонитет балына барабар нақты мал
жерлері белгіленді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер
пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін
берілген жерлерге салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша салық
салынуы тиіс.
Елді мекендер ішінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды,
картъерлерді қоса алғанда) олардың санитарлық -қорғаныш, техникалық және
өзге де өңірлеріне орнатылған базалар бойынша салық салынады.
Елді мекендер шегінде бірақ селитетті аумақтан тыс орналасқан
өнеркәсіп жерлеріне олардың санитарлық - қорғаныш, техникалық өзге де
өңірлеріне базалық ставкалар жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен
төмендетілуі мүмкін.
Елді мекендер шегінде орналасқан аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп
жерлеріне салық кодексінде белгіленген базалық ставкалар бойынша салық
салынады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қорымен, су қорымен, ауыл
шаруашылық мақсаттағанда пайдаланатын жерлеріне нақты орнатылған базалық
ставкалар бойынша жер салығы салынады.
Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары
орналасқан жерлеріне, тұрған үй қорлары, соның ішінде оның жанындағы
құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, кодексте елді
мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған
салық салынуға тиіс.
Жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді
мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті атқарушы орган шешімі бойынша салық ставкасы кеңітілуі
мүмкін, бірақ ол жер кодесінде белгіленген мөлшерден кем болмауға тиіс.
Жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына
сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге болу жобалары (схемалары) негізінде
жер салығының ставкаларын 50% тен аспай жылдам етіп төмендетуге немесе
жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салық ставкасын жеке
дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті
ставкларға 0Д коффициентін қолданады:

а) Балалардың сауықтыру мекемелері,мемлекеттік табиғи Қорықтар
(биосфералық қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттік табиғи
резервтер, резервиттар, мемлекеттік ұлттық табиғат парктері, мемлекеттік
зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік
дендрологиялық парктер;
б) Қызметінің негізгі түрі органдардың өртке қарсы құрылғысы,
өртке қарсы орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи-
биологиялық ресурстарды ұдайы молайту органдардың экологиялық
әлеуметін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын
мемлекеттік кәсіпорындар;
в) Балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік
кәсіпорындар;
г) Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестациялау саласындағы
міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;
е) Психоневрологиялық туберкулез мекемелерді жанындағы емдеу -
өндірістік кәсіпорындар т.б.

Жоғарыда көрсетілген жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның
бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не
оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық
мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коффициентті қолданбай, жалпы
белгіленген тәртіппен есептейді.
Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті
салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған
жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін
есептеледі.
Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша
басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық
төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын бейнеленген ставкалар бойынша,
ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша
алынады.
Елді мекендер таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің
құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің құрамына қосылған кезде,
таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан
кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелерді бонитетінің балдарын
анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан
жерлердің бонитет балы негізге алына отырып анықталады.
Ортақ үлесті меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың
осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
1.2. Жер салығын төлеу және есептеу әдістерінің шетел тәжірибесі

Жерге ақы төлеу - экономиканың тиімді дамуы мен ресурстарды басқарудың
элементі болып табылады.
Жер төлемдері ретінде алынған қаржылар жерді дұрыс пайдаланудың
ынталандырушы факторы және дифференциалды рента сияқты қосымша өлімнің бір
бөлігінің қоғам қарамағына жинақталуының құрамы болуы тиіс.
Қазақстан егемендігін алғанға дейін жерге салық салу мәселесі -жерді
негізігі иемденушілер мен пайдаланушылар үшін аса маңызды болған жоқ,
себебі ауыл шаруашылығының негізгі құрамы болып табылатын жерден тура салық
алынбаған, ал қосымша сенім (кейде қажетті өнімнің бір бөлігі) сатып алу
бағасының дифференциалдануы арқылы алынған. Практикалық маңызы
болмағандықтан жерге салық салу ғылыми қызметкерлерді аса қызықтырмады.
Қазақ ССР жоғары Кеңесі қабылдаған (1990 ж) Қазақ ССР-нің "Жер
кодексі" қағидасында Қазақстанда жерді иемдену пайдалану арқылы болатындығы
белгіленді. Ал жерге ақы төлеу жер салығы немесе жер учаскесінің сумен
қамтамасыз етілуіне орналасуына, сапасына байланысты анықталатын аренда
ақысы түрінде алынады.Осыған байланысты жерге салық салу өзекті
мәселелердің бірі бола бастады.Бұл мәселенің маңызы "Қазақстан ССР заңының
қабылдануымен байланысты арта түсті.Осы аталған заңның 26-бабында былай
делінген: Жер негізгі өндіріс құрамы болып табылатын колхоздар, совхоздар
және т.б. ауыл шаруашылық кәсіпорындар біріңғай жер салығын төлейді.Салық
енгізілгеннен кейін олар пайдадан, көлік құрам қорынан, машиналар мен
механизмдерден салық төлеуден босатылады.
Жер салығы туралы заңдылықтарда қалыптастыру процесінде ең алдымен
жерге ақы төлеудің теориялық негізі туралы мәселені шешу қажет
болды.Басынан бастап бұл жерде екі түрлі көзқарас байқалды. Біріншісі
бойынша жерге төлем оның қазіргі табиғи құнарлығы деңгейімен анықталу тиіс;
екінші көзқарасты жақтаушылар жер учаскесінің нормативті бағасы анықталған
және осының негізінде кадастрлық баға беріледі, ол сапасыз жер үшін 25
балға тең, ал сапасы жақсы жерде 1700 балл.
Жерге салық жерді кадастрлық бағалауға байланысты белгіленеді.Бұл
жерде жердің кадастрлық бағасы түзету коэффициентіне көбейтіледі.Түзету
коэффициенттері жыл сайын баспа сөзде жарияланады.
90 ж арасында бұл коэффициент елдің түрлі аймақтарына байланысты 300-
400 ге өзгерген. Меншік иесі, өзінің кадастрлық бағасын біле тұра 1
маусымға дейін жер салығын төлеуі тиіс.Егер жерде үй тұса, онда иесі
жылжымайтын мүлік салығын төлейді.Сонымен бірге жер иеленуінің өзі жерді
өңдейтін болса, онда ол табыстан (өнімнен) салық төлейді.
Германияның жер туралы заңы жер салығының 3 түрін қарастырады:
А- ауыл шаруашылық жерлеріне; В- үй тұрған жерлерге; С -коммерциялық
жерлерге.Жер салығы жергілікті тұрғындардан жиналып, жергілікті әкімшілік
шешіміне сәйкес жұмсалынады.
Кадастрға сәйкес әрбір жер учаскесінің балы бойынша өз бағасы бар.Ауыл
шаруашылық жерлері 15-20 балдан одан жоғары бағалайды.Көшесіне қарай
қарамағындағы әрбір жер учаскесінің жер салығының жалпы сапасын есептеу
кезінде қандай коэффициентті қолдану керек екендігін жергілікті әкімшілік
шешеді.
Жер салығы Н=П х Б х К формуласы бойынша есептелінеді:П-жер
учаскесінің көлемі, Б-учаске сапасының балы бойынша бағасы (марка), К-
жергілікті коэффициент.
Алайда, А-жер салығы (ауылшаруашылық жерлері ) жергілікті бюджет үшін
соншалықты маңызды табыс көзі емес. "В" және "е" салықтары әлде пайда көп
кіріс әкеледі.
Канадада жер салығы - муниципалды провинциалды үкіметпен белгіленеді,
және өндіріп алынады.Муниципалистер бюджетіне түсетін барлық түсімдерден
және жер жылжымайтын мүлік салықтары үлесіне 46,1 % тиеді.Салық салынатын
жылжымайтын мүлік және жер құны белгіленген немесе белгіленген немесе
белгіленген құнның әрбір 100 долларынан 10 центі орта есеппен жер салығы
құрайды.
Фермерлерге салық салудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелікте
құрылыс жер құнын бағалау әдістеріне, салық деңгейін төмендетуге, жерді
өңдейтін машина мен жабдықтар құндарын салық салу сомасынан шығарып
тастауға, салық бойынша әртүрлі жеңілдіктер беруге байланысты.
Ауылшаруашылық үшін жер жарамдығы, құнарлығы, инфрақұрылымы еске
алынып бағаланады.Жердің байланысты құны салық салмағы минималды болатындай
ең төменгі мүмкін деңгейі бойынша анықталады.Жерді ауылшаруашылығынан басқа
өндіріске пайдалануға фермерлерді қызықтырмауға бағыталады.Мысалы, Квебекте
жердің бағасы сапасына қарамастан, 1 га-375 доллардан аспайды.Басқа
провинцияларда жердің бір бөлігі салық салу базасына
қосылмайды.(Саскачеванда-1,2 га, Ньюбраунсвикете - 5 га), Ньюфаунленде,
Жаңа Шотландияда ауылшаруашылық жерлеріне тіпті салық салынбайды.
Елдің барлық провинцияларына фермерлер жерді жақсартуға (суғару
жүйесін құруға қышқыл топырақты тазартуға,қоршаулар құру, жөндеуге,
алқаптарды желден қорғау үшін ағаштар отырғызу) инвестиция салығынан
табыстары осы инвестиция мөлшеріне азайтылады.
Чехияда жер салығы жер учаскелердің үйлер салықтарынан
тұрады.Бонотировка тобына байланысты қазіргі жердің бағасы-жарамды жерлерге
салық салу үшін негіз болып табылады.Арнайы үкім арқылы жүзім,жеміс
плантациялары, жайылымдар айдалған жерлер үшін бағаланған кадастрлық
аймақтар тізімі енгізілген. Чехия 13 000 кадастрлық алқаптарға бөлінген,
оларға 1м 2-ге 0,50 12 кроннан дейін баға белгіленген. 10 га - ға дейінгі
пайызға жарамды жерлерді өз егесі өңдейтін болса, салық салынбайды.
Мемлекет муниципалист меншігіндегі жалға берілмеген жерлер мектеп (мешіт) ,
шіркеу жерлері т.б. қоғамдық ұйым қордың жер учаскелері де жер салығынан
босатылады.
Жер салығын салудың заңды шектеулері басқа салық жеңілдіктерінің
берілуі мүмкін. Бұған белгілі бір кадастрдағы учаскелердің бонитетері
жоғары жер алқаптарының иеленушілері үшін жеңілдіктердің берілуі мысал бола
алады.
Францияда жер салығы табыс әкелуіне байланысты құндық бағасы екендігін
көрсетеді.Қазақстанның салық төлеушілерінде жердің сандық сапалық
көрсеткіштері негізінен бар. Бірақ, елде жердің құнын бағалау (экономикалық
бағалау) орындамаған оның жүргізілуі ауыл шаруашылығы экономикалық
жағдайының жиі өзгеруімен туындайтын едәуір қиыншылықтармен байланысты.

1.3. Қазаңстан Республикасының жер қатынастарының даму кезеңдері

Жер табиғи ресурс ретінде қоғамның маңызды байлығы болып табылады.
Адамның түрлі қызмет жүйелерінде оның атқаратын ролі біріңғай болмады.
Халық шаруашылығының көптеген салаларында қажетті объектілердің
орналасу объектісі болып табылады. Ауыл шаруашылық саласы үшін ел маңызды
роль атқарады, себебі жер ресурстары оның даму орналасу кеңістік базисі
ғана емес, сонымен бірге өндіріс құралы , еңбек құралы ретінде жүреді.
Жер көлемділігі бойынша шекті болып табылады.Басқа да өндіріс
құралдары өндіріс күштерінің даму барысында өзгеріс жерге ұшыраса, ал
жердің пайдаланылуы өндіріс құралы ретінде оның кеңістік жағдайы орын
тұрақтылығына байланысты болады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жердің маңызды ерекше қасиеті-құнарлылығы
болады, ол өсімдіктердің дұрыс өсуіне жағдайды қамтамасыз етіп отырады.
Жерді дұрыс пайдаланғанда оның сапасы да жоғарылай түседі, бұл оның
құнарлығының көтерілуіне әкелді. Сондықтан жердің табыстығы тікелей немесе
жанама түрде бүкіл агроөнеркәсіп комплексінің дамуын анықтайды.
Қазіргі кезде жердің пайдалануында әртүрлі қолайсыз жағдайлардың болуы
айқындалады.Оның негізгі себептері жерді тиімсіз пайдалану болып
табылады.Қаласыз құрылыстар, өндіріс кәсіпорындарын, көлік магистралі
сияқты басқа ауыл шаруашылық емес мақсаттарға жер көп пайдалануда.Сонымен
бірге, жерге әртүрлі адамзаттың тіршілігі, себебінен антропоген техногенді
әсер етіп жататындығы да айқын. Көптеген құнарлы жерлер табиғи
құбылыстардың дамуы нәтижесінде өз құнарлығынан ажырап отыр.
Халықтың қазіргі кездегі санының өсу тенденциясы планетаның әр адамына
егістің қысқартылуына заңды түрде әкеледі.Бұл көрсеткіш соңғы он жыл ішінде
0,40 гектардан 0,30 гектарға дейін төмендеді.
Қазіргі кездегі өндіріс күннен күнге шаруашылық айналымға материалды,
энергетикалық, табиғи, еңбек тағы басқа ресурстардың пайдалануын талап
етеді.
Кесте 1. Жердің қоғамдық - экономикалық қатынастарындағы ролі

Жер Ерекшелігі сипаты
Табиғи ресурс Кеңістікте орналасуы, рельеф, топырақ сапасы,
өсімдігі, сулар, ландшафі
Кеңістік базисі Орналасу орны, тұрғынды орын, операциялық бизис
өндіріс құралы Топырақ түрлері мен сапасы, өсімдіктердің түрлері мен
өнімділігі
Еңбек құралы Құнарлығы: табиғи, экономикалық
Нарықтық Қозғалыссыздық меншігі: нарық бағасы,нормативті баға,
қатынастар жер салығы, аренда төлемі.
элементі

Шикізаттың 5-10 %-ке өндіріске пайдаланған мөлшері өндіріс өніміне
өтеді, ал қалған мөлшері өндіріс шығындарына айналды, ол қоршаған ортаны
ластау арқылы планетаның әртүрлі аймақтарында экологиялық тепе-теңдікті
бұзады.К.Маркстың айтуынша: "Өндіріс мәдениеті егер стихиялы дамыған
болса, өзінен кейін бетпақдаланы қалдырады:..." Қазіргі кездегі жер
жағдайының жағымсыз факторлары адамзат іс-әрекетінің нәтижесі. Сондықтан
қазіргі жағдайда адамзат алдында тұратын маңызды міндеттердің бірі-жерді
болашақ ұрпақтар үшін тиімді пайдалану болып табылады.
Сонымен, жер ресурстарын қазіргі таңда, тек қана ауыл шаруашылығында
емес, барлық агро жер учаскесінің негізінде есептелінеді.Жер учаскесін
бағалау екі кезең арқылы жүзеге асырылады.Бірінші кезеңде жердің
категориясы (санаттары) анықталады, оған жер учаскесінде егілетін ауыл
шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша топтастырылуы жатады.Екінші кезең
бюджетпен бейнеленген жер учаскесінің бағалауы болып табылады.Жыл сайын
маңызыдылығы анықталады,яғни бағалау мәліметтерін бүгінгі күллі
жағдайларға сәйкестендіру жүргізеді. Жер кадастры негізінде салық салу бұл
баяғы император I Напалеон енгізген ескі әдістердің бірі болып табылады.
Ресей Федерациясының "Жерге ақы төлеу туралы" сонымен жер салығын
белгілеу үшін объективті көрсеткіш ретінде шаруашылық әрекеттің жеке
нәтижесіне байланысты емес жер рентасының нормативті мөлшері
қабылданған.Ресейде түрлі жерлердің салыстырмалы табыстары мен өнімділігі
негізінде ауыл шаруашылық алқаптарын кадастрлық бағалауға байланысты жер
салығының ставкалары анықталады.Жерді бағалаудың бұл әдісі ғылыми
негізделген нақты практикада қолданылады.
Данияда мүлікке салық ауыл шаруашылық жерлерін де қамтиды.Салық салу
мақсатында жерді бағалау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.Оның
көрсеткіштері: пайдалану түрі,орналасқан орны, жердің сапасы.Жер салығы жер
рыногы жағдайына байланысты жүйелі түрде анықталып тұратын жер рыногы
жағдайына байланысты жүйелі түрде анықталып тұратын жер құнына негізделеді.
Жер салығы ауырпалы болуы мүмкін.Яғни срериерлердің табыстарымен
салыстырғанда жер бағасының жоғарғы қарқынмен өсуі жер салғын тез
арттырады.
Демек, жер салығы мен рентамыз төлемдер түрлі елдер де әртүрлі
есептелінеді.Жер салығынан түскен қаржыларда пайдаланудың да аз
ерекшеліктері бар.Жер салығы-фермалардың табысын реттейтін ауылшаруашылық
саясат құралы ретінде Германия, Франция, Италия,Бельгия фермерлері салық
салынатын жер құнын бағалаудың арнайы жүйесі арқасында қолайлы жағдайда.
Германияда жерді 5 жылда бір рет қайта бағалау заңда қарастырылған,
бірақ іс жүзінде бұл мерзім ұзағырақ.
Сонымен, дамымаған әлемдік елдердің көбінің салық саясаты-ірі ауыл
шаруашылық табыстарын реттеуші жер ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану
бойынша тауар өндірулерді ынталандыру әдісі болып табылады.
Жеке елдердің жерге салық салу жүйесіне қысқаша шолу,оның негізгі жер
кадастрының болуы, оның құрамдас бөліктері жердің сандық есебі, жер
қыртысының сапалық сипаты өнеркәсіп комплексінде негізгі өндіріс құрамы
ретіде мазмұндауға болады.Бұл оның осы қазіргі жағдайдағы ерекшелігі деп
есептеуге болады.
Қазақстан Республикасында нарық реформаларын жүргізу барысында жерді
пайдаланғаны үшін төлемдерді тқөлеу жер қатынастарының өзгеру нәтижесі
болып табылады.Жер төлемінің пайда болуы мемлекеттік меншіктің жойылуына
байланысты болды. Мұнда жер учаскелері жерді пайдалану құқығы сату сатып
алу құқығының басқада құқықтық келісімдердің объектісіне айналды.Осыған
орай, жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар алдында жерді капитал бөлігі
ретінде тиімді пайдалану мәселелері тікелей тұра бастады.

Жерге төлемді орнатудың мақсаттары келісідей:

- жерді экономикалық әдістер арқылы тиімді және үнемді
пайдалану;
жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың жерді қорғау
және үнемді пайдалануға қызығушылығын көтеру;
бюджет кірісін, жеріді құру,оның құнарлығын және арттыру
қорғау, аймақтық әлеуметтік - мәдени дамуын көтеру шараларын
жүргізу үшін қалыптастыру;

Жерге меншік құқықтарын қамтамасыз ету жолдарының бірі-жер нарығының
қалыптасуы және дамуы.
Республикада жер қатынастарының нарық шарттарына
орментациясы сәйкесті заңды және құқықтық актілердің
қабылдауымен қамтамасыз етіледі.
Жер нарығының негізгі-жер учаскелеріне сұраныс ұсыныс; оның құнды
көрсеткіштері болып табылады.

Құн көрсеткіштері келесі негізі - формада жүреді:

- мемлекетпен жерді пайдалануға немесе жеке меншікке сатылуы
үшін орнатылған жер ставкалары түріндегі нормативті бағалар;
- нарықты (келісілген) жерді сату немесе жерді
пайдалану
бағасы.Бұл бағаның орнатылуы азаматтық құқықтық келісімдерді
жүргізу үшін жүреді;
- жер салығы және аренда төлемі
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық мемлекеттің құрылуы
оның жер қатынастарының радикальды өзгерістерге ұшырауына әкелді.Бұл
мақсатқа жету үшін жер реформалары жүргізілді.Оның негізгі мақсаты жерде
әртүрлі шаруашылықтардың тиімді қызмет етуіне құқықтық, экономикалық және
әлеуметтік жағдай жасау үшін жер қатынастарын өзгерту болып табылады.(
Сурет 2)
Жер реформасының бағыттары жерге деген қатынастарды айқындайды.
Жер реформасының даму жолының бірінші кезеңінде 1991 жылы қабылданған
"Жер салығы" атты Заң жер салығы фирмасында жерге төлемді енгізуде заңды
базасына қалыптастырды.

Сурет 2. Жер реформасының даму кезеңдері

Оның базалық ставкалары жердің сапасына, сумен қамтамасыздығына
байланысты болады, бірақ та оның мөлшері ауыл шаруашылық тауар
өндірушілердің шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланыстырылмады.
Жер қатынастарының екінші кезеңі жер қатынастарын нарық жағдайына
лайықтады.Жер қатынастарын реттеу мәселесі бойынша жерді нарық
қатынастарына енгізуге әсер ету арқылы көптеген жарлықтар шығарылды.
"Жер туралы" Жарлықтың қабылдануымен бірге жер өзгерістерінің үшінші
кезеңі басталды.Бұл заң баста алдағы заңдылықтардан түбірлі
ерекшелінеді.Біздің мемлекетімізде бірінші рет мемлекеттік жеке меншік
енгізілді.Бұл жарлық орман және су қорларына таралмайтыны анықталды.
Жеке меншіктің енгізілуі, біріншіден отандық шетел инвестициясын
пайдалануға мүмкіндік береді, екіншіден, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай
жасайды.
Жеке меншікке берілмейтін жерлер мемлекет меншігінде қалға, олар
тұратын уақытша жер пайдаланушы барлық жеке және заңда тұлғаларға беріледі.
"Жер туралы" жарлықтың қабылдануы жер қатынастарының дамуында үлкен
роль атқарады.Көптеген мамандардың айтуы бойынша ,бұл жарлық жер
қатынастарына қатысты әлемдік заңдылық жүйеге икемделген
1996 жылдан 2000 жылға дейінгі жер нарығын талдау арқылы келесі
тұжырым жасауға болады: нарық айналымына жер қорының көп бөлігі кіре
алмады.Мемлекет бюджетке жер салығынан,жағдайдағы төленетін алымдардан
қажетті түсімдерді қамтамасыз ете алмады.Бұл жағдайлар жер заңдылығының
қайта қаралуын талап етті.
Жер реформасының дамуын талдау нәтижесінде, оның 4 кезеңнен
тұратынына тоқталуға болады.
Жер заңдылығының жетілдіру қажеттілігіне жерге жеке меншік
институтының қайта қаралу мүмкіндігі де әкелді.Бірақ қоғам жерге жеке
меншік шегін ұлғайтуға мүмкіндік бермеді.
2001 жылғы 24 қаңтарда қабылданған "Жер туралы" заңды 1995 жылдағы
жарлықтың негізгі нормалары сақталған жер заңдылығын бузушылыққа қарсы
қатал шаралар енгізілді.
Егер 1 жыл ішінде жер учаскесі мақсатты түрде пайдаланбаған жағдайда,
мемлекет тарапынан алынып қойылады.Жерді пайдалану мөлшеріне нақты шектер
орнатылған.
Жер кодексінің жаңа жобасы қазіргі кездегі заңдылықтан ерекшелінеді.
Ол ауыл шаруашылық мақсаттағы жерді жеке меншік объектісі ретінде анықтауды
ұйғарады.
Аталмыш жоба бойынша, ауыл тауар өндірісіне арналған жер учаскесінің
иеленушісіне оның бағалы құнының 10 пайызын құрайтын бағамен сатып алғаннан
кейін жеке немесе заңды ұйымға айналады. Ол жылға созылған уақытта да
сатып алуға болады.
Осы мерзім ішінде жер учаскесі тең жерді пайдалану құқығында
пайдаланады.Меншік құқығы тек 5 жыл өткеннен кейін ғана пайда болады.
ҚР аса ірі көлемде жер ресурстарымен қамтамасыз етілген. 2006 ж. 1
қантарына жердің жалпы көлемі 272,5 млн.га құрады.
Қазақстан Республикасының жер қоры оның шаруашылықты және мақсатты
пайдалануына байланысты жеті санатқа бөлінеді.Санаттарға бөліну және оның
динамикасын 1990-2003 жылдар арасындағы өзгерістерін келесі таблицада
көрсетілген. (кесте 2)

Кесте 2. Қазақстан Республикасының жер қорының өзгеру динамикасы*

Жер санаттары, мың.га жылдар
1990 1995 2000
2005
ҚР территориясы 27490,2 272490,2 272490,2 272490,2
Басқа мемлекеттердің жер 993,7 472,0 2346,3 11319,7
пайдаланаланушылары
пайдаланытын жерлер
Барлығы жерлер 271646,3 272128,7 270144,8 261171,4
О.і.
АШ мақсатында жерлер 220745,0 194815,0 93077,1 82214,7
Елды мекендер жерлері 2132,3 19207,9 20201,7 20874,0
Өнеркәсіп, көлік, 19772,6 17374,7 1131,4 2433,1
байланыс, қорғаныс және де
аш емес мақсаттағы жерлер
Ерекше қозғалатын табыиғи 773,6 862,8 1247,1 2433,4
аймақтар жерлері,
сауықтыру, рекреациялық
және тарихи- мәдени
мақсатты жерлер
Орман қоры жерлері 9951,5 10930,2 22222,8 23408,8
Су қоры жерлері 89,4 901,2 3568,3 3789,8
Запастағы жерлер 17461,9 28036,9 118696,4 125556,3

*Ақпарат көзі.Казахстан за годы независимости.ҚР Статистикалық
Агенттігінің жинағы. Алматы, 2006, 334б.

Кесте 2 мәліметіне қарайтын болсақ, онда көруімізге болады 2005 ж.
Қазақстан Республикасының территориясының 46,0 % (125556,3 мың.га) запас
жерлері болып табылады, аш мақсатында жердің- 30,2 % (82214,7 мың.га)
қолданылады. Орман қоры жердің үлесіне -8,6 % (23408,8 мың.га) , ал
елдімекен жерлері- 7,7% (20847 мың.га) құрайды. Өнеркәсіп қолданатын жерлер
территорияның 0,9 % (2433,1 мың.га) құрайды.
2006 ж. басына азаматтар мен заңды тұлғаларының жеке меншігінде 2778,4
мың.жер учаскелері болды , олардың жалпы көлемі- 620,8 мың.га немесе
мемлекеттің жер қорының 0,2 % аз. Осы көрсеткіш 2003 ж. салыстырғанда
173,1 мың.га өсті. ҚР жеке меншікте елдімекенжерлердің 55,4 %, аш
мақсатындағы жерлердің – 36,7% және өнеркәсіп жерлердің – 7,9 % болып
табылады.
Ауылшаруашылық мақсатында қолданатын жер учаскелердің 2,4 млн.га (2,9%)
мемлекеттік жерпайдаланушыларына, 79,8 млн.га (97,1%) мемлекеттік емес жер
пайдаланушыларына ( оның ішінде -37,4 млн.га (45,5%) шаруашылық-фермерлік
қожалықтарына) тиісті.
ҚР қабылданған жаңа Жер кодексі жерге жеке меншік қатынастарын заңды
түрде бекітті және агросекторында әр түрлі меншік нысанындағы жер
қатынастарын реттеудің нормативтерін белгіледі. Қазіргі кезде ҚР
ауылшаруашылық мақсатында қолданылатын жерлерді пайдалануды жеке меншік
және жалға алу негізінде қоладуныды заң базасы бекітілген.
ҚР 1990-2005 жж. аралығында өткізілген реформалары жер қорының әр түрлі
категориялары бойынша қайта бөлінуіне өзгеруіне әкеп соқты. Ауылшаруашылық
мақсатында қолданылатын жерлердің құрамынан запастар, орман қорына, т.б.
құрамына 138,5 млн.га (62,7%) берілді. Ол жерлер төменөнімді және елдімекен
жерлерден тым алыс орналасқан болып табылады. Бұл іс- әрекеттер
ауылшаруашылық мақсатында қолданылатын жерлердің көлемін 2,7 есеге ,
өнеркәсіп, көлік санаттындағы жерлерді- 8,1 есеге қысқартты. Мұның себебі
ол жерлер алдымен қорғаныс саласының кәсіпорындарына тиесілі еді, ал қазір
олардың саны қысқарды.
Ауылшаруышылық мақсатында қоладанатын жерлердің үлес салмағы
Қазақстанның әр түрлі облыстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі жер салығының жағдайы және оның динамикасы
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Салық салудың әділдігі
Корпоративтік табыс салығы: мәні, маңызы және қызмет ету механизмі
Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын құру және алу қағидалары
Жер салығының мәні мен маңызы
«корпоративтік табыс салығы және Қазақстан Республикасында компаниялар қызметіне оның әсері (ауезов ауданының салық басқармасы мысалында)»
Төлем көзінен салық салынатын табыс
Еліміздегі корпоративтік табыс салығының мемлекеттік бюджет табыстарын қалыптастырудағы, сондай-ақ жалпы экономикадағы ролі
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар салығының салық есептілігі
Пәндер