Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Физикалық география және геоэкология кафедрасы
Магистрлік диссертация
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Орындаушы
2-курс магистранты: И. И. Әміреева
Ғылыми жетекшісі:
б. ғ. д., профессор Ж. Ү. Мамытов
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
г. ғ. к., доцент С. С. Түгелбаев
Алматы - 2010
Реферат
Магистрлік диссертация жұмысының тақырыбы: “ Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері”.
Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Магистрлік диссертация жұмысының жалпы көлемі 80 беттен, 5 суреттен, 10 кестеден және 5 картадан тұрады.
Жұмыстың негізгі мақсаты-Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың шөлденуі мен өзгеру процестерін зерттеу.
Түйінді сөздер: шөлдену, жер деградациясы, климат, топырақ, қарашірінді, топырақтың трансформациясы, азот, фосфор және т. б.
Жұмысты орындау кезінде көптеген ғылыми материалдар және карталық әдебиеттер қолданыла отырып, 1:12 масштабтағы «Қызылорда облысының топырақтық-экологиялық» және «Топырақтың шөлденуі мен деградациясы» және т. б. карталар құрастырылды. Оларды талқылап, мазмұндық сипаты мен шартты белгілері берілді.
Мазмұны
Беттері
Кіріспе . . . . 4
- Әдебиеттерге шолу. . . 6Зерттелу тарихы . . . 6Қазақстанның топырақтарының шөлдену жағдайлары . . . 7Қызылорда облысындағы топырақтардың шөлденуін зерттеу тарихы . . . 10
- Зерттеу нысандары мен әдістері. . . 13Зерттеу нысандары . . . 13
2. 1. 1Cырдарияның төменгі ағысындағы алап пен Арал теңізінің физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 13
- 1Геологиясы . . . 14
2. 1. 1. 2Геоморфологиясы . . . 19
2. 1. 1. 3Агроклиматтық жағдайының ерекшеліктері . . . 23
2. 1. 1. 4Гидрографиясы . . . 25
2. 1. 1. 5. Топырақ-өсімдік жамылғысының сипаттамасы . . . 27
- Зерттеу әдістері . . . 30
- Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері. . . 32Топырақтың аридтенулерінің және шөлденулерінің негізгі себептері. . ……… . . . ……. . 32Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың сипаттамасы мен олардың құрамдарының өзгеру заңдылықтары . . . 41Теңіздің құрғаған тағандарындағы топырақтың өзгеру құбылымыҚарапайым топырақтардың органикалық заттары мен физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі . . . 49Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдың жалаңантанған тағандарындағы топырақтардың нәтижелерін бағалаудағы шөлдену картасын құрастыру . . . 65Топырақ жамылғысының болашақтағы өзгерістерін болжау . . . 69
Тұжырымдық қорытындылар . . . 71
КІРІСПЕ
Казақстан Республикасында шөлдену және Арал мәселесі қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Шөлдену-куаңшылық зоналарының топырақтары мен өсімдік жамылғыларының аридизациясы мен биологиялық өнімділіктерінің азаюына алып келетін қайтарымсыз үрдіс ретінде жүретін табиғи құбылысқа жатады. Бұл үрдіс экстремалды жағдайларда биосфералық әлеуеттің толығымен бұзылып, зоналардың шөлге айналуына алып келеді [1] . Шөлдену үрдісі топырақ жабындығы мен өсімдік жамылғыларының деградацияга ұшырауынан, дефляция және су эрозияларының күшеюінен, қайталама сортаңданудың дамуынан, қабыршақты сор далалар алып жатқан аумақтардың көлемінің кеңеюінен және тағы басқа құбылыстардан байқалады.
Қазіргі кезде Республика аумағының 66%-ға жуығы шөлге айналған [2] . Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан, шөлді зоналардың көлемі бойынша алдыңғы қатарлы орындардың бірінде болып саналады (1089, 4 мың шаршы метр) . Шөлдену үрдісінің дамуы табиғи, сондай-ақ антропогендік факторлардың әсерімен де байланысты. Қолайсыз табиғи үрдістердің дамуы зоналардың зоналық және азоналық ерекшеліктеріне байланысты болады. Зоналық ерекшеліктерге, ең алдымен, ғаламдық климат жағдайларының өзгеруін, жалпы аридизацияның күшеюін, эолды үрдістердің жылдамдауын жатқызуға болады. Ал, антропогендік факторлар осындай зоналарға тән табиғи үрдістердің артуына ғана, сонымен бірге, белгілі бір зонаға тән емес жаңа ерекшеліктердің пайда болуына да ықпал етеді.
Арал бассейніндегі су және жер ресурстарын дұрыс пайдаланбау, ондағы гидроморфты ландшафттардың қуаңдануына, топырақтың тұздануына, табиғи ортаның кедейленуіне және жергілікті халықтардың экологиялық және қоғамдық жағдайларының нашарлауына алып келді. Теңіз табанының Қазақстандық бөлігінде 22, 63 мың шаршы шақырым аумақ жалаңаштанды. Нәтижесінде ҚР-ның шөлдік зонасының көлемі жүзден екі бөлігіне артты.
Экожүйелердің деградацияға ұшырауы (шөлге айналуы) Қазақстанның
барлық табиғи зоналарында кездеседі. Республиканың көптеген облыстарындағы қауіпті радиациялык жағдай шөлдену және экологиялык дағдарыс үрдісімен де тікелей байланысты екендігі белгілі. Шөлдену үрдісі көптеген материалдық шығындарға, Республика халқының әлеуметтік және санитарлык-гигиеналық жағдайының нашарлауына алып келеді. Бұл үрдістердің нәтижелерінен табиғи ахуалдың жалпы шығындары елдің жалпы ұлттык табысына да әсер етеді. Осылардың жиынтығы қазіргі кездегі Қазақстанның экологиялық ахуалын өте күрделендіріп жіберді және шөлдену үрдісінің тереңдеуі мен кеңею беталысын туындатуда. Республика территориясындағы экологиялық жағдайдың жылдам нашарлауы шөлдену үрдісін ландшафттық деңгейде зерттеп, реттеуді қажет етеді. Бұл ретте ландшафттардың антропогендік әсерлерден деградацияға ұшырауының компонентаралық және ландшафтаралық байланыстарын, үрдістерін, ландшафттардың қызмет етуін (функциясын), дамуын және басқа да ерекшеліктерін зерттеу туындайды/3/.
Ұсынып отырған, осы жұмыста Қазақстандағы шөлдену үрдісі жайында қолда бар мәліметтер талданып, жан-жақты талқыланды. Осының нәтижесінде Республикадағы жазықтардың шөлдену деңгейі мен үрдістеріне қарай аудандарға бөліну кестесі ұсынылып, оларды аудандарға бөліп, шөлдену үрдісінің даму, орналасу және кеңею бағытын зерттеу үшін, сондай-ақ шөлдену бұларды болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізу үшін қажеттіліктерін көрсетуге тырыстық. Бағалау жағын қарастырғанда, шөлдену, адамзаттың қолайсыз әрекеттерінің салдарынан пайда болатын аридті, семиаридті және кұрғақ субгумидті аудандардың жерлерін деградацияға ұшырауы екендігі анықталды. Бұл тұжырымдама жер түсінігіне топырақтың, жергілікті судың, жер бедерінің, өсімдіктердің қасиеттері мен ауыл шаруашылык дақылдардың егілуі кіреді. Сонымен бірге Қазакстан Республикасындағы шөлдену үрдістерінің геоакпараттық жүйесін құру ұсынылып , деректер қорын құруға мүмкіндіктер берілді. Шөлдену үрдістерінің ГАЖ-сі аридтік геожүйелердің тұрақтылық механизмдерін, олардың қызмет ету, даму үрдістерін зерттеу, бүл мәселе бойынша ілімдерді талдап, шөлдену үрдістерінің әрі қарайғы өсу қарқынын болжау үшін оның географиялық-математикалық моделін жасап, шөлдену үрдісінің жағымсыз салдарын түрақтандыру немесе жою жөніндегі шешімдерді қабылдауға арналған маңызды міндет болып табылады.
Сонымен, ұсынылып отырған бакалаврлық бітіру жұмысының мақсаты-аридтену үрдісінің Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсерін зерттеу және құрғаған Арал түбіндегі жаңадан түзіліп, дами бастаған, әлі толық қалыптаспаған топырақ түзілу процестерін зерттеп, тұздар динамикасының құбылысын, химиялық және физика-химиялық қасиеттері мен аумақтың антропогендік шөлейттенуден өзгеруін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешуге тура келді:
- зерттелетін нысандардың қазіргі кездегі аридтену жағдайлары мен олардың зерттелу тарихына арналған ғылыми өдебиеттерге шолу жасау;
- зерттелетін нысандардың табиғаттық құрылымдарын сипаттау;
- топырақтардың аридтенулерінің және шөлденулерінің негізгі себептерін анықтау;
- Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың деградациялану нәтижелерін бағалаудағы шөлдену картасын құрастыру;
- осы аумақтағы аридтену мен шөлдену үрдістерін тежейтін негізгі шараларды анықтау
Жұмыс физикалық география және экология кафедрасында және Ө. О. Оспанов атындағы топырақтану институтының «Арал экспедициясының» мәліметтері негізінде орындалды. Сондай-ақ бұл жұмыс биология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ү. Мамытовтың жетекшілігімен орындалғандықтан ұстазыма көптен-көп алғысымды білдіремін.
1. Әдебиеттерге шолу
Арал теңізінің тартылып қалған табанының жалаңаштануы нәтижесінде оған іргелес аумақтардың деградациялануы мен шөлейттенуіне байланысты ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Топырақтану институты кешендік далалық, тәжірибелі-стационарлық, картографиялық және мониторингтік топырақ зерттеу жұмытарын жүргізді (Т. Ф. Некрасова, Р. Х. Киевская, Н. Т. Можайская, Ю. М. Попов, И. К. Асанбаев, В. М. Боровский, С. Н. Досбергенов, Қ. Д. Қаражанов, М. Е. Белгібаев, Ж. У. Аханов және т. б. ) . Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Арал өңірінің жекеленген бөлігінің орта масштабты топырақ картасы жасалды. Құрғаған теңіз табанының қарапайым топырақтарындағы жүріп жатқан процестердің динамикасы жайында деректер алынды. Істелінген жұмыстар жайында көптеген мақалалар мен монографиялық жинақтар жарияланды. Солардың ішінде «Арал теңізінің деңгейі төмендеуінің қоршаған ортаға тигізетін әсері»/2/, «Арал өңірі топырақтарының антропогендік шөлейттенуі»/3/, «Арал өңірі топырақтарының антропогендік өзгеруі және олардың экологиялық-шаруашылықтық маңызы»/4/ деген еңбектер кіреді.
Осы аталған еңбектерде қарапайым топырақтар түзілуінің жеңіл және ауыр литологиялары бойынша эволюциялық қатарлары жасалынды. Топырақтардың механикалық құрамдарының өзгеруіне сай трансформациялану қатарларының өзгеруі анықталды. Бірақ, топырақтың трансформациялану кезеңдерін қарастырғанда жер асты ыза суларының деңгейлері мен минералдығына және топырақтағы топырақтағы тұздар қорына сай қарапайым топырақтардың қалыптасу мерзімінің ұзақтығы мен трансформациялану тізбегінің қатарлары көрсетілмеді. Қарапайым топырақтардың экологиялық-генетикалық қатарларының алмасуына байланысты улы тұздар динамикасының реттік қатарлары және топырақ типіне сай улы тұздар құрамының арасындағы байланыс ашылмады. Катиондардың топырақ қабаттарындағы орналасу реттері қарастырылмаған. Тұз қорының артуындағы шешуші иондар көрсетілмей қалды. Қарапайым топырақтардың шөлейттенуі кезінде топырақ типі мен тұздылығына сай оның органикалық заттары мен химиялық, физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі қарастырылмады. Соңғы мәліметтерге сай улы тұздардың қоры мен мүмкін болар эолдық шығыны анықталды. Бұл жұмыс осы аталған мәселелерді шешуге арналған.
1. 1 Зерттелу тарихы
Арал теңізі-Қазақстан мен (Қызылорда және Ақтөбе облыстары) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс бөлігінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960-1970) дүние жүзінде теңіз деңгейінен 53, 0м биіктікте жатқан. Осы деңгейіндегі айдынының ауданы 66, 1 мың км 2 , суының көлемі 1064км 3 , орташа тереңдігі 16, 1м (ең терең жері 67 метр), ұзындығы 428 метр, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км 2 болған. Алабындағы шаруашылық мақсатта үздіксіз су алу барысында 1998 жылы теңіз деңгейі 18 метрге төмендеді. Нәтижесінде теңіз екі су қоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.
Арал теңізі көне заманнан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің сақ шығанағы деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс (Окс Сырдарияның грекше аты) теңізі деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм теңізі, Жент теңізі, Кердері сияқты аттары бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед Густе(10ғ. ), әл-Истархи (10ғ. ), әл-Идриси (12ғ. ), Әбу Фида (14ғ. ), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында Арал теңізі туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848-1849 жылы әскери теңізші әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынының алғаш рет толық зерттеліп, нәтижесінде 1850 жылы Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамасын тұңғыш рет (1874-1889) И. А. Стрельбицкий анықтады. 1874 жылы геодезист А. А. Пишио теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік-батыс жағасына қада орнатты.
Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870-1873 жылдары жарық көрді. 1900-1903 жылдары теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми-зерттеу және жобалау институттары шұғылданды. Қазақстанның сонымен бірге бірқатар шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелері Арал теңізінің зерттеу мәселесімен айналысты.
Кесте. Арал теңізінің әр жылдардағы өлшемдері
* - Аралды қоспағанда
** - Үлкен Арал
*** - Кіші Арал
- Қазақстанның топырақтарының шөлдену жағдайлары
Қазақстандағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы табиғи және антропогендік себептерге байланысты болады. Бірақ, қазіргі кезде топырақ деградациясы өлеуметтік бақылаудан тыс қалып, адам іс-әрекеттерінің әсерлерінен жойқын болып жатыр. Ландшафтың басқа да компоненттері сияқты, топырақ деградациясы көптеген жағымсыз жағдай туғызады: оларды атап айтсақ, биологиялық өнімділіктің төмендеуіне, өсімдіктер мен жануарлар генофонының азаюына, биогеохимиялық циклдың бұзылуына, топырақтардың түзіліп, даму бағытына, жер беті альбедосының көлемі және климаттың өзгерулеріне душар етеді. Жоғарыда аталған үрдістер республака территориясының шөлденуіне әкеп соқтырады да, облыс, аудан және бүтіндей елдің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайларына зор әсерін тигізеді/3, 4/.
Топырақ деградациясы физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді .
Бұл үрдістің негізгі факторлары мен нәтижелерін бөліп көрсету қажеттігі туындайды. Олар: 1) ауыл-шаруашылық, 2) өнеркәсіп, 3) энергетика, 4) урбандалу, 5) транспорт, 6) тұрмыстық қалдықтар, 7) туризм, демалыс, балық аулау және аңшылық, 8) климат пен құрлықтың аридтенуі. [5]
Жыл өткен сайын біз табиғи топырақтардан алшақтап, техногенді ластанған топырақтарды, яғни, технопедогенез нәтижесінде пайда болған топырақтарды танып, оқып үйренуге көшіп жатырмыз. В. А. Ковданың пікірінше “ . . . осыдан 50-70 жыл бұрын болған табиғи топырақтар қазір мүлдем жоқ. Топырақ өзгерісінің дәрежесі мен сипаты және олардың табиғи өнімділігі жергілікті және жалпы сипатта ғана болып қалды”, ал американ ғалымы Дж. А. Джоунс (1991 ж. ) атап көрсеткеніндей (4-тің сілтемесі), " . . . топырақ деградациясы адамзаттың жерді ысырапсыз пайдалануы мен ормандардың жоғары қарқындылықпен жойылып бара жатуымен тығыз байланысты". Осыдан келіп, топырақ деградациясы ауқымды және жаhандық құбылыстықмәселеге айналуда. Бұл туралы түрлі елдерде өтіп жатқан халықаралық форумдар мен іс-шараларда талқыланып жүр/6, 7/ . Тіптен, 1983 ж. “Бүкіләлемдік топырақ саясаты” жарыққа шықты/8/ .
Осындай халықаралық құжат және “Бүкіләлемдік топырақ саясатының орындалуы туралы бағдарламалар” 1984ж. “Почвоведение” журналында жарық көрді. Бұл бағдарламада топырақ қорларының жіктелуі, бағасы, болжамы, тиімді пайдаланулары мен қорғау туралы мәселелері қарастырылған/9/.
Сонымен, басылымдарда жарық көрген мәліметтерден топырақ деградациясын зерттеудің теориялық негізі әлі толық ашылмағанын байқауға болады. Бұл бағыттағы ең басты мәселелердің бірі-топырақ деградациясының болжамы мен зерттеудің жалпы әдістерін жасау болып табылады.
Ормандардың жойылуы, шөлдену мен топырақ деградациясының уақытша және жалпылай сипаттамасын алу үшін Дж. А:Джоунз (1991 ж. ) 4 ұсыныс жасайды: 1) карталар; 2) өзгерістердің фиксациясы; 3) олардың пайда болуының жеке мысалдарын зерттеу; 4) мониторинг. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстардың 3-еуі сапалы және сандық қатынаста В:В: Докучаев ат. Топырақтану Институты мен Мәскеу университетінің (Солнцева, Герасимова, Рубилина, 1990) топырақтанушылары жасап шықты. Олар, негізінен, Ресейдің Европа бөлігіндегі гумидті зоналарының техногенді-қайта пайда болған топырақтарының жіктелу негізін жасады.
Қазақстандағы топырақ деградациясының мәселелері - Ж. У. Аханов, Э. А. Соколенко (1990), М. Е. Бельгибаев, В. Е. Минят, 1995; М. Е. Бельгибаев, Т. Д. Джалакузов, 1996 және т. б. ғалымдардың жұмыстарында келтірілген.
Бұл жұмыстар, негізінен, екі бағытта жүргізілген: 1) топырақтарды жел және су эрозиясынан қорғау; 2) татехникалық жұмыстары барысында бұзылған жерлерді қалпына келтіру. Бірақ та, жоғарыда көрсетілген жағдайлар топырақты эрозия мен дефляциядан қорғау жұмыстары мүлдем жүргізілмейтіндігін көрсетеді. Бұл, ұзақ уақыттан бері топырақтану және басқа да ғылыми бағыттағы ғылымның (экология, ботаника, ландшафтану, геоморфология, ландшафт геохимиясы, агроэкология және т. б. ) ғылыми-техникалық және өндірістік мәселесі болып табылады/10/.
Дефляцияның өсу және күшею тенденциясы оңтүстік бағытта, ал, эрозия солтүстік аудандарда, таулы және тауалды аудандарында айқын байқалуда.
Бұл процестер антропогендік факторлардың әсерінен пайда болады. Табиғи жағдайларда сортаң топырақтар көлемінің артуына климаттық фактор-климат пен құрлықтың аридтенуінің күшеюі жағдай жасайды. Бұл процесс орманды-дала зонасынан басталып, келесі зонашықтарда айтарлықтай аудан көлемінде байқалады. Қазіргі кезде климаттың жаhандық жылынуының орташа жылдық көрсеткіші +0. 53°С-ды құрайды. Солтүстік Қазақстан метеостанциясында, автордың келтірген мәліметтерінің қорытындысы бойынша, соңғы 60-100 жылда орташа жылдық температура 1. 8-2. 0°С-қа дейін артқан (Бельгибаев, 1997) . Бұл жаhандық климаттың жылынуынан орташа есеппен 4 есеге дейін жоғары.
Климаттық жоғарыда көрсетілген параметрлерінің (температура, келешектегі даму тенденциясын көрсетеді) салдары Қазақстанның табиғат зоналарының біртіндеп солтүстік бағытқа жылжып бара жатқандығын көрсетеді.
Бұның, ең біріншіден, Солтүстік және Орталық Қазақстанға қатысы бар. Дала зонасы орманды-дала зонасына, соңғысы Сібірдегі орманды зонаға қарай ауысып барады. Климат пен құрлықтың аридтенуінің өсуі тұзды топырақтардың-сор және сортаңдардың көлемінің артуына әкеп соқтырады. Бұған, Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстанға ауа арқылы баратын тұздар себеп болатын көрінеді. Дәл осындай қорытындыға жақын арада Топырақтану және агрохимия Институтының ғалымдары тоқталды.
Топырақ эволюциясы, олардың тұрақтылығы мен деградациясы бір-бірімен байланысты категориялар және мәселелер екендігін атап өту керек/4/.
Қорытындыға Қазақстан топырақтары деградациясының зерттеліп жүрген мәселелердің негізгі топырақтарына тоқталайық:
- техногенді-қайта пайда болған топырақтардың бағасы, классификациясы және картографиясы;
- антропогенді-қайта пайда болған топырақтардың ұлттық классификациясының ФАО ЮНЕСКО (1988), американдық және Ресей (1966) классификацияларымен байланысты.
- Топырақ деградация индикаторларының білінуі;
- Топырақ деградациясының болжамы;
- Топырақ деградациясы мониторингінің топырақ жабындығының фондық мониторингімен қатарласуы;
- Топырақ деградациясының уақытша және кеңістік бойынша өзгеруі;
- Топырақ деградациясы және азық-түлік мәселесі;
- Топырақ деградациясы және олардың экологиялық салдары;
- Антропогенді-қайта пайда болған топырақтарды қалпрына келтіру, қорғау және өнімділігін арттырытын ішараларды ұйымдастыру.
Соңғы бөлікті міндетті түрде кең ауқымда жүргізу қажет. Бұл жерде, іс-шараларды жүргізу республика көлемінде, сондай-ақ, топырақтық-климат жағдайлары ұқсас өзге елдер, яғни дүниежүзілік көлемде қарастырылуы жайлы сөз болып отыр. Мәселен, бұл мәселе 1994ж., Парижде БҰҰ-ның шөлденуге қарсы концепциясында көрініс алды. Антропогендік-қайта пайда болған топырақтардың өнімділігін қалпына келтіру жайлы материалдарды міндетті түрде қарастыру қажет.
- Қызылорда облысындағы топырақтардың аридтенуін зерттеу тарихы
Топырақ жабындығы құрылымының өзгеруін 1952 жылы ҚазКСР ҒА Топырақтану Институты жасаған Қызылорда гидроузелінен басталып, әрі Жусалы станциясымен жалғасып, солтүстік және солтүстік-шығысында өзен арасымен, ал батысында-Жусан даласымен, оңтүстігінде Жаңадария жазығының солтүстігі арқылы өтетін оңтүстік коллектормен байланысып жатыр. Ауданы 377, 2 мың га.
Массивтегі топырақ түзілу процесі, ертеректе, Сырдария өзенінің күшті су тасқындарына байланысты жүрген. Ал, 1960 жылдан бастап, өзен суын реттеуге байланысты негізгі су балансының өтуі-суармалы суға байланысты болады. Топырақтың аридтенуі келесі стратегиялар бойыша жүруде: кебу-шөлдену-тақырлану, яғни, топырақ пен грунт суларынна тұздар жиналуда/10/.
Аллювийлі-шалғынды тоғай топырақтары трансформацияның нәтижесіде аллювийлі-шалғынды кепкен және кей жерлерде типтік және шалғынды-сортаң топырақтарға айналуда. Бұрынғы аллювийлі-шалғынды топырақтар әлсіз-тұзды және грунт суларының жақын орналасқан жерінде дамыған болатын, ал әлсіз және күшті су кезеңдерінің кезектесіп келуі топырақ қабатында тұздың жиналуына себеп болады.
Сырдария ағыны реттеуден кейін, мұнда стихиялық жарылымдардың болуы тоқталды, ал олардың астыңғы бөлігіндегі топырақ кеуіп, ирригациялық каналдарға айналды. Нәтижесінде кей жерлерде грунт сулары біршама төмендеді, бірақ Шіркейлі-Маданият салаларының арна алды зонасында олар жердің беткі қабатына жақындаған болатын. Мұнда топырақ сумен шайылмайтындықтан, ондағы тұздың мөлшері барған сайын арта түсуде. Алқап топырағының трансформацияға ұшырауының негізгі себебі-мелиорация жұмыстарын жүргізбей, суруда. Мұның барлығы, ағынсыз грунт сулары жағдайында топырақтың қайта тұздануына әкеп соғады.
Сонымен қатар, алқаптың кебу территориясында батпақты және шалғынды-батпақты топырақ мөлшері арта түсуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz