Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар


Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері
1. 1. Инвестицияның экономикалық мәні, оның теориялық негіздері мен механизмдері
1. 2. Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау
2. 1. Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау
2. 2. Өңдеу өнеркәсіпті индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жасау
ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың даму бағыттары
3. 1. Инвестиция және инновациялық әлеуетті көтеру
3. 2. Техника-технологиялық базаны жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Соңғы жылдары Қазақстанның инвестициялық саясаты тұрақты экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы болып табылады. Қазіргі таңда халық шаруашылығын реформалаудағы маңызды міндеттердің бірі инвестициялық қызметтің белсенділігі және экономиканы сауықтыру мен дағдарыстан шығу талаптарға жауап бере алатын оның жаңа механизмдерін жасау болып табылады.
Нарықтың экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, экономикада инвестицияның саясатты қалыптастыруды әлемдік технологияларда және менеджмент пен маркетингін озық әдістерін қолдануға негізделген. Оның механизмдерін қалыптастыруды ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық механизмдер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті мәселе болып табылады.
Экономиканың өсуі инвестициялық қызметтің белсенділігіне байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің жекелеген аймақтарында экономика саласының алдында тұрған негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің барлығына қайта қаралуын талап етеді.
Бірақ өз кезегінде инвестициялық саясат, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвестициялардың нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа үлкен мән беруде. Сол себептен, экономикаға инвестицияны тартуды ынталандыруда отандық өндірістердің тауарларын нарыққа шығару мәселелерін шешу мен тиімділігін арттыру мақсатында механизмдер дайындау керек.
ҚР экономикасының дамуына инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын бағалау мен тиімді жұмыс істеудің экономикалық механизмдерін айқындап және зерттеу тақырыбын таңдауға негіз қалайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты .
ҚР аймағында инвестициялық саясаттың экономикалық механизмі мен тиімді қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негізін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері . Осы дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес зерттеудің келесідей міндеттері анықталады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық саясаттың қалыптастыру түсінігі:
- Нарықтық экономикаға инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесін және оны Қазақстан экономикасына пайдалану мүмкіндіктерін талдау.
- Экономикаға инвестиция тартудың мақсаттылығын негіздеу.
- ҚР инвестиция тартуды ынталандыру механизмдерін келешекте жетілдіру жолдарын қарастыру
- Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.
Диплом жұмыс Кіріспеден, 3 тараудан, Қорытындыдан, 11 кестеден, 4 суреттен тұрады.
І Тарау Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері
1. 1 Инвестицияның экономикалық мәні, оның теориялық негіздері мен механизмдері
Нарықтық экономиканың дамуы шаруашылық тұлғалардан, біріншіден
оның бәсеке қабілеттілігін ұлғайту, екіншіден, өзгермелі экономика жағдайында
оның қызмет жасауындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді. Жалпы
қоғамның және жеке шаруашылық тұлғалардың дамуы ұлттық табыс өсімін
қамтамасыз етуде ұдайы өндірістің материалдық құндылықтарына негізделеді.
Осы өсімді қамтамасыз ететін құралдардың бірі инвестициялық қызмет болып
табылады.
Ивестициялар - бұл ақшалай құралдар, мақсатты банк салымдары,
пайлар, акциялар және басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
құрал-жабдықтар, лицензиялар, сол сияқты кәсіпкерлік қызмет нысанына
салынатын несиелер, кез келген мүлік құқығы, интеллектуалды құндылықтар
және тағы да басқа пайда алу мақсатындағы қызмет түрлері.
Инвестиция қызметіндегі нысан барлық салалар мен халық шаруашылығы салалары бойынша қайта құралған қорлар және айналым құралдары, құнды қағаздар, мақсатты қаржы салымдары, ғылыми-техникалық өнімдер, сол сияқты мүлік құқығы және интеллектуалды меншік құқығы болып табылады.
Инвестициялық қызмет инвестиция нарығында жүзеге асырылады, ол өз кезегінде ұдайы өндірістің негізгі қорына күрделі қаржы салымын, қозғалмайтын нарықты, құнды қағаздар нарығын, интеллектуалдық құқық және меншік нарығын, инвестициялық жоба нарығын қамтитын жеке бөліктерден тұрады.
Инвестиция нарығының жағдайы және оның бөлігі сұраныс, баға, бәсеке сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Көбісі өз бөліктерінде инвестиция нарығының қалыптасу кезеңінде болғандықтан, жоғарыдағы көрсеткіштер әрдайым, өзгеріп отырады.
Инвестиция нарығында нарық коьюнктурасын зерттеу әсіресе,
инвесторлар үшін маңызды. Бұл тәуекелділік себебінен келген төмен
табыс немесе инвестицияланатын капиталдың жоғалуына байланысты
болады. Барлық нарықтағы сияқты, инвестициялық нарық бөлігі дамудың
төрт негізгі сатысымен коньюнктуралық көтерілу, коньюнктуралық
тойтарыс, тұрақтылық кезеңі, коньюнктуралық құлдыраумен сипатталады.
Барлық нарықтар үшін инвестициялық нарық құрамының сатылары бірдей емес (кесте 1)
Кәсіпорын инвестиция нарығының коньюнктурасын зерттеу үшін оның мониторинг жүйесін құру керек. Әлемдік тәжірибеде инвестиция нарығында жұмыс істеу жүйесі дамыған, әрдайым инвестицияланатын нысанның рейтингісі жарияланып отырады. Біздің елде бұл тәжірибе енді ғана даму үстінде.
Инвестициялық нарықта макроэкономикалық зерттеу елдің инвестициялық ахуалын бағалауға бағытталған және келесідей болжамды зерттейді.
- жалпы ішкі өнім серпінін, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімінің өндірістік көлемі;
- ұлттық табысты бөлу серпіні (қор жинау және тұтыну) ;
- жекешелендіру үрдісін дамыту;
- инвестициялық қызметті заңды түрде зерттеу;
- жеке иивестиция нарығын, оның ішінде, қор және ақшалай.
Кесте 1 - Инвестициялық рынокты зерттеу
Экономиканың жеке салаларына инвестицияны тартуды зерттеу осы
салаларға деген өнім қажеттілігі келешегін, серпінін және коньюнктурасын
зерттеумен сипатталады. Кәсіпорынның әрбір өнім түрі белгілі тіршілік
циклінен, оның ішінде туылуы, өсім, кеңейту және құлдыраудан өтеді.
Қоғамның қажеттілігі жеке салаларды дамытуды анықтайды, яғни олар отын-
энергетикалық кешен, машина құрылысы, көлік, құрылыс және ауыл
шаруашылығы.
Салаларға инвестицияны тартуды бағалаудың негізгі көрсеткіштері ретінде екі вариантпен есептеуде қолданатын активтердің табыстылық деңгейі
қолданылады:
- қолданылатын активтердің жалпы сомасына жататын өнімді өткізуден түсетін пайда (тауар, қызмет түрлері) ;
- қолданылатын активтердің жалпы сомасына жататын баланс пайдасы.
Салалар бойынша инвестицияны тарту барысында талдау жасау осы көрсеткіштер бойынша ретімен жүзеге асырылады.
Осы келтірілген көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізуде инвестициялық тарту несие бойынша банктің пайыздық мөлшерінің өзгеру серпінін және инфляциялық үрдісті есепке ала отырып, қарастыруы қажет. Келешекте салалардың дамуын (даму тұрақтылығы, қаржы ресурстарының дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау дәрежесі, өнімді өткізудегі пайда және тағы басқа), инвестициялық тәуекел дәрежесін (кәсіпорындар мен салалар өнімінің бәсеке қабілеттілігі, саладағы әлеуметтік деңгейін) бағалау қажет. Салаларға инвестицияны тартуды жалпы бағалау интегралды көрсеткіштер түрінде жүреді, яғни жеке көрсеткіштердің маңыздылығы инвестициялық шешім қабылдаудың мәнінің сомасымен есептеледі. Бағалауда оның факторларын есепке алу қажет.
Аймаққа инвестицияны тарту инвестициялық қызметті жоспарлауда маңызды рөлді атқарады. Әр түрлі аймақтағы бір саланың өндірісі мен өнімі әр түрлі тартуды қамтиды. Ол мынадай факторларға байланысты: орналасқан жері, көлік тармағының дамуы, әлеуметтік жағдай сипаттамасы, инфрақұрылымның дамуы, табиғи-климаттық жағдай және нақты ресурстар. Аймаққа инвестицияны тартуды бағалау әр түрлі факторларға байланысты жүргізіледі. Келешекте, инвестицияны тартуды тереңдей бағалау инвестицияны тартуда инвестицияның бөлік нарығын бағалаумен жургізіледі (нақты, қаржылық, инновациялық жоба, нысан) . Нақты кәсіпорынға инвестицияны тартуды қарастыруда қаржылық тұрақтылығы, пайдалығы, активтердің өтімділігі, активтің айналымды көрсеткіштері бойынша оның қызметіне қаржылық талдау жасалынады.
Инвестициялық үрдістің қызмет етуі мен оны белсенділендірудің теориялық негіздерін қарастырғанда оның микро және макро экономикалық аспектілерін атап кету қажет. Екеуінің арасындағы ерекшелік келесідей түрде сипатталады. Макроэкономикалық жағдай өзінің соңғы мақсаты ретінде инвестиция саласында мемлекеттің экономикалық саясат мәселелері мен объективті экономикалық үрдістерді, ал сол уақытта микроэкономикалық жағдай жеке инвестордың тәртібі мен оған мемлекеттің экономикалық саясатының ықпалын қарастырады.
Инвестицияны өндірістік қызметте белгілі бір кезеңде қордаланған және тұтыну үшін пайдаланылмаған табыстың бөлігі және өндіріске қайта салынған табыс бөлігі ретінде анықтауға болады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірісте қосымша өнім бөлігі өндіріс көлемін ұлғайтудың көзі болып табылады. Бұл кезде, ұлғаймалы ұдайы өндірісі осы өнімнің абсолютті мөлшері емес, жиынтық қоғамдық өнімді ерекше бөлумен өзара байланысты.
Кезеңде құрылған өнімнің аталған бөлінуі өндіріске шығындалған қаржыны өтеу, тұтыну және жинақтау қорларын құруды көздейтіндігі белгілі. Жалпы өнімнің әр түрлі бөлігін қолдану сипатына тәуелді барлық қоғамдық өндіріс бірінші бөліну (өндірістік құралдар өндірісі) және екінші бөліну (тұтыну құралдарының өндірісі) болып есептеледі. Құрылған өнімді өткізу бірінші бөлімдегі өнім бөлігі өндірістің тұтынылған құралын өтеуге белгіленген ішкі бөлімдер арасында айырбасталуын және өндірісті кеңейту үшін оның өсуін көздейді (соңғысы инвестициялық үрдісті айқындайды) .
Екінші бөлімдегі барлық қамтылғандардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында - екінші бөлімнің ішінде де өнім айырбасы жүреді. Екі бөліміндегі өнімнің басқа бөлігі олардың арасында айырбасталады, нәтижесінде бірінші бөліміне екінші бөліміндегі кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді, ал екіншісі - өз кезегінде бірінші бөліміндегі барлық қамтылғандардың қажетті тұтыну құралымен қамтамасыз етеді.
Инвестициялық үрдісті жузеге асыру экономикалық өсуге қол жеткізудің маңызды шарты болып табылады. Қор жинау және экономикалық даму сипаты арасындағы байланыс өндірістің капиталистік әдісінен ерте болған.
Мерканттилистердің «арамтамақтық» тұтынуға теріс жақпен қарауы кездей соқтық емес. Бұл кәсіпкерлер қор жинау үшін тұтынуды үнемдеген кезең болды. IX ғасыр мен ХХ-шы ғасырдың басында көптеген шетел экономистері қор жинауды қоғамдық прогрестің анықтаушы факторы ретінде қарады және оның тек оң жағын баса көрсетті. Мұндай көзқарас жас тарихи мектеп, австриялық мектеп неоклассиктері үшін тән.
Макроэкономикалық үлгілер қор жинаудың инвестицияға теңдігі жөнінде маңызды жағдайға негізделеді, яғни қоржинаудың бүкіл қорының толық жүзеге асуы. Бұл тепе-теңдікті алғаш зерттеген Кейнс. Экономиканың қандай да бір саласына салынған инвестиция қосымша салалар қатарында сұраныстың ұлғаюына алып келетіндіктен қор жинау мәселесін Кейне сұранысты ынталандыру тұрғысынан қарастырды. Бұл үлгі «мультипликатор» атауымен белгілі. Кейнетің мультипликатор теориясындағы маңызды жағдай ұлттық табыс көлемі мен жұмысбастылықтың өсімінде инвестиция рөлінің анықталуы болып табылады. Ол инвестиция өсімі өндіріске қосымша жұмысшыларды тартатынын, яғни жұмысбастылық, ал онымен табыс пен тұтыну ұлғаятын жағдайға баса назар аударады.
Кейне бағдарламасы экономикалық өсуге қолда бар ресурстарды толық пайдалану есебінен қол жеткізуге тырысты.
Экономикалық динамика теоретиктері (Хоррод, Эккли және басқалары) Кейнетің теориясын қайта қарап, бұл күрделі міндетті шешуге бейімдеуге тырысты. Хорродтың үлгісінде ұлттық табыстың өсуі қарқыны екі факторға тәуелді - қор жинау мөлшері және капитал коэффициенті. (Капитал коэффициенті - бұл барлық игіліктер түрінің өсімі мен сол кезеңдегі өнім өсімінің арақатынасы) .
Бірақ, экономикалық динамика теориясының авторлары ұлттық табыстың өсу деңгейін қор жинау көлемінің өсімі нәтижесі ретінде қарастырды.
70-80 жылдары кеңес зерттеушілерінің еңбектерінде экономиканың даму қарқыны мен қор жинаудаң өзара байланысына көп көңіл бөлінді. Атап кету қажет, ғалымдар бұл мәселеге әр түрлі көзқараспен қарады: біреулері -өндірістің өсу қарқыңы негізінен қор жинау нормасымен анықталады деп санаса, басқалары - қор, жинау тиімділігімен, ал үшіншілері - бұл екі фаторды да ескереді деп санады.
Сөзсіз, экономикалық өсу деңгейі мен қор жинау арасындағы сызықтық байланыс қағидасын қолдану белгілі абетракциялы дәрежеде дәлелденді қор жинау мәлшері маңызды, бірақ экономикалық өсудің жалғыз ғана факторы болып табылмайды. Сондықтан да экономикалық дамудың көп факторлы үлгілерінің пайда болуы заңдылық, олардың ішінде өндірістік қызмет деп аталатынын ерекше aтап кету қажет. Кобб-Дугласты өндірістік қызметі қоғамда құрылатын өнім көлемін ұлғайту факторы ретінде капитал, еңбек және ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, ал жоғарыда аталған факторларды ендіру дәрежесі соңғыларының өсу қарқыныңа тәуелді өнімнің ұлғаюын реттейді.
Қор жинау және тұтынушылық сұраныс жағдайы арасындағы өзара байланысқа талдау жасау көзқарасынан 1913 жылы француз экономисі Афтолион және кейіннен 1917 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк қалыптастырған жылдамдату деп аталатын қағидаға көп көңіл бөлінді. Ғалымлар жылдамдату ретінде «соңғы өнімге оны тудыратын сұранысқа қарағанда, өндіріс құралдарына деген сұраныс үлкен ауытқу шегінде өзгеретін жағдайды көрсететін құбылыстарды анықтады».
Бұл жерде «өндіріс құралына» сұраныс дегенде тек негізгі капитал шеңберіндегі өндірістік кәсіпорындарға деген сұраныс жөнінде айтылып отыр.
«Соңғы өнім» сұранысы ретінде ен алдымен халықтың тұтыну мақсатында қолданылатың өнім сұранысымен түсіндіріледі.
Соңғы өнімге сұраныстың ұлғаюы өндіріс құралдарының сұранысына үлкен ықпал етеді, ал соңғы өнімге сұраныс өсімінің баяулауы өндіріс құралдарына деген сұраныстың маңызды түрде төмендеуіне әкеледі.
Туынды сұраныстың ұлғаю дәрежесі бір мезгілде екі факторға тәуелді.
Біріншіден, капитал сыйымдылық коэффициент мәнінен -неғұрлым ол жоғары болса, соғұрлым оның ұлғаюы да басым. Екіншіден, оның тозуын өтеу үшін капиталға сұраныстан: неғұрлым ұлғаюы көп болса, соғұрлым өндіріс құралының толық тозу мерзімі қысқа.
«Жылдамдатудың» экономикалық көрінісі: неге ұзақ уақытта қолданылатын тұтыну құралдары немесе өндіріс құралдарын өндіруші өнеркәсіп салалары тұтыну заттарын өндіруші салаларға қарағанда күшті ауытқып отыратындығын түсінуге мүмкіндік береді. Бірақ, бұл жерде жылдамдату қағидасы инвестициялау факторының салыстырмалы шектеулі талдауын береді.
Инвестициялау мультипликаторын қолдану өте маңызды жағдайды
анықтайды яғни алғашқы құрделі қаржы салымы тұтыну шығындарымен
байланысты оны бөлу мөлшерінен артатын сомаға жалпы табыстың ұлғаю
тенденциясын құрады. Мультипликатор ұғымымен үйлесімде жылдамдату
қағидасын есепке алу нақты экономикалық циклді талдауға ықпал етеді,
экономиканың бір қалыпсыз қозғалысында күрделі қаржы салымының рөлін
ашуға көмектеседі. Бұл кезде, егер мультипликатор инвестициялық үрдіс
қызметінің кестесін суреттесе, онда жылдамдату қағидасы оның негізгі алғы
шарттарын анықтайды.
Сонымен, макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс
жүйесінде инвестициялық үрдістер маңызды орын алады. Ал, бұл өз кезегінде
ұлғаймалы ұдайы өндірісті, жүзеге асыруды реттеуде мемлекет қызметінің
негізгі бағыттарын анықтайды. Оған келесілерді жатқызуға болады:
1. Қазіргі жағдайда үйлесімді қор жинау мөлшерін негіздеу;
2. Ұлттық экономикаға инвестицияны қаржыландыру және несиелеуге мемлекеттің қатысуы;
3. Негізделген қор жинау мөлшеріне сәйкес шаруашылықтың әр түрлі салаларына жеке инвестиция ағымын ынталандыру (жанама экономикалық әдістермен) .
Ірі күрделі қаржы салымын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде қор
қайтарымы төмендейді. Бұл өндірісті негізгі құралдармен жарақтандыру
кезеңімен байланысты, бұл кезде қормен жарақтандырудың өсу қарқыны еңбек
өнімділігінің өсуінен сөзсіз жоғары болады. Бұл кезең капитал салымдарында
жана құрылыс басым болатын өндірістің инфрақұрылымының қалыптасуымен
де байланысты.
Қор қайтарымы төмендеген жағдайда қор жинау нормасына сөзсіз, күшейтілген жүк түседі. Қор жинау қорының қаржылары есебінен: біріншіден, экономикалық өсуге қор қайтарымы төмендеуінің қолайсыз әсері жабылуы қажет; екіншіден, қор жинау өндірістің одан әрі дамуының жалғыз механазмі болып табылады. Демек, өсудің бұрынғы қарқынын сақтау үшін қор жинау мөлшеpi өсуі тиіс (әйтпесе оның тұрақтылығы жағдайында экономикалық өсу қарқыны төмендейді) . Сондай-ақ, қоғамдық өнімнің өсу қарқынының бөлшекті төмендеуімен қаітар жүретін қор жинау мөлшерінің бөлшекті артуы мүмкін.
Бірақ, белгілі бір кезеңде қор қайтарымының ұлғаюына қатысты өсу түрі басым бола бастайды, сол сияқты оның қормен жарақтануының өсімімен салыстырғанда, еңбек өнімділігінің өсуін айқындайтын әр түрлі басқа да факторлар пайда болады, қондырғы құның оны өсуімен салыстырғанда өнімділігінің тез өсуі, белсенді негізгі қорға қаржы салымының үлес салмағының жоғарылауы өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және жаңа құрылысты қалпына келтірумен салыстырғанда тиімділік маңыздылығының артуы және т. б.
Қор қайтарымының жоғарылауының салыстырмалы тұрақты тенденциясының пайда болуы не экономиканың даму қарқынының жеделдеуі не қор жинау мөлшерінің төмендеуі жағдайында өсудің бұрынғы қарқынының сақталуын білдіреді.
Қор жинау теориясы саласында ресейлік, ғалым З. В. Соколинский қор жинаудың үйлесімді мөлшерін анықтаудың өз әдістемесін ұсынды. Материялдық өндірістегі бір жұмысшыға келетін ұлттық табыс өсімі үлеске бөлінеді өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы өндірісті ұйымдастыруды жақсарту және жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, құрылымдық ілгері басу, табиғи жағдайлар сияқты факторларға сәйкес. Бұл кезде қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуін ғалым жұмысшылардың қормен жарақтануының қызметі ретінде, ал қалғандары бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну қорының артуының салдары ретінде қарастырады. Ұлттық табыстағы тұтыну және қор жинаудың оңтайлы үйлесіміне осылайша қормен жарақтандыру мен тұтыну қорының бірдей тиімділігі жағдайында қол жеткізіледі.
Сонымен ресейлік ғалым, бір жағынан, қор жинаудың үйлесімді мөлшерін таңдауға әсер ететін факторлар жүйесін жаңамен толықтырады (жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, құрылымдық ілгері басу, табиғи жағдайлар), ал екінші жағынан, адам капиталына инвестиция теориясы саласында жаңа ғылыми бағытпен белгілі бір ортақ көзқарасты көрсетеді. Бұл теория қор жинау қорының дәстүрлі шеңберін кеңейтеді және оған жаңа элемент жұмыс күшін сапалы жетілдіруге салым қосады.
Қор жинау қорын қалыптастыруда осы жағдайды тәжірибелік жүзеге асыру мүмкіншілігі бірқатар әдістемелік мәселелермен байланысты. Мысалы қор жинаудың «жаңа» қорының шеңберінде инвестициялық болып саналатын шығын түрлерін анықтау, тұтыну және инвестиция арасындағы шеқараны, сонымен қатар осы инвестицияның нәтижесін есептеу әдісін анықтау керек.
Сондықтан, мемлекетпен қор жинаудың үйлесімді мөлшерін негіздеу міндеті тәжірибелік және ғылыми түрде күрделі болып табылады. Оның шешімі нақты шешім қабылдау кезінде әртүрлі факторлардың ықпалын есепке алатын кешенді жұмысты талап етеді. Ұлттық экономикаға күрделі қаржы салымының жалпы деңгейі мен қоғамдық өнім өсімінің жалпы қарқыны арасындағы тәуекелділік уақыт жағынан және әр түрлі елдерде едәуір ауытқуларға бейімделген. Сондықтан, инвестциялық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы стратегиясының маңызды элементі ретінде қарастырылуы қажет.
Кенейтілген ұдайы өндірісті жүзеге асыруды реттеуде мемлекеттің екінші міндеті оның инвестицияны несиелеуі мен қаржыландыруына байланысты.
1. 2 Инвестицияны тарту механизмінің факторлары мен қағидалары
Мемлекеттік жеке инвестицияға жанама ықпал етудің: салықтық, қаржылық, несиелік, баға құру мен амортизациялық саясат; табиғи ресурстар мен жерді қолдану шарты мен тәртібі; мемлекеттік норма мен стандарттың сақталуын бақылау; меншік нысанын ұлттандыру мен жекешелендіру; инвестициялық жобаны сараптауды әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру секілді формалары мен әдістері бар.
Инвестицияның тұлғасы бойынша мемлекеттік және жеке меншіктік болып ерекшелінеді. Бұл төмендегі көрсетілген жіктелімдер бір-бірімен өзара байланысты екендігін көрсетеді. Осы белгілері арқылы нақты инвестициялау бағытын анықтау мүмкіндіктеріне ие бола аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz