Қазақ әдебиетіндегі психологизм


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК . . . 6
1 ПСИХОЛОГИЗМ ҰҒЫМЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ . . . 16
1. 2 ПСИХОЛОГИЗМ ҰҒЫМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЖЕТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІ . . . 34
ІІ Ж. АЙМАУЫТОВ «АҚБІЛЕК» РОМАНЫ МЕН Д. ЛОНДОН «МАРТИН ИДЕН» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ПСИХОЛОГИЗМІ . . . 63
2 Ж. АЙМАУЫТОВ «АҚБІЛЕК» РОМАНЫ МЕН Д. ЛОНДОН «МАРТИН ИДЕН» РОМАНДАРЫНДА ҚАЙҒЫ АСПЕКТІСІН ЖЕТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІ . . . 80
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 94
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адам баласы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасауға мәжбүр болады. Бұл күнделікті өмірде көрініс табатын құбылыс деп айтсақ, қателеспейміз. Адамның қарым-қатынас жасау барысында түрлі іс-қимылдар туады десек, ол құбылыстар бір-біріне мүлде ұқсай бермейтінін байқай аламыз.
Көркем шығарма мен әдебиеттегі басты кейіпкелер адамдар болып табылады. Біз көркем шығармада адамның тек сыртқы келбетін ғана бейнелеп көрсетіп кетпейміз. Мұнда адамның өміріне қатысты болып жатқан іс-әрекеттері барысында танылатын мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, сезімі т. б толып жатқан әрекеттері шебер суреттеледі. Бұл әрекеттер суреттелмесе, онда көркем шығарма мүлде қызықсыз болып қалар еді.
Психологизм ұғымы ең алғаш көне грек әдебиетінде элементтері кездесті. Бұл көне грек әдебиетінде психологизм ұғымы тереңнен ашыла қоймады. Психологияны зерттеушілер З. Фрейд, С. Л. Рубинштейн т. б есімдерімен аталса, психологизм ұғымы осы ғалымдардың анықтамалығы негізінде М. М. Бахтин, Б. Майтанов, А. Есин, Л. Гинзбург, И. В. Страхов, А. Н. Иезуитов, Л. С. Выготский, Г. Пірәлиева, Г. Ержанова есімдерімен тығыз байланыста.
Психологизм - адам өміріндегі болып жатқан іс-әрекет, демек психологизм ұғымын адам өмірімен тікелей байланысты десек қателеспейміз. Әрине басты тұлға - адам болғандықтан, оның күнделікті іс-әрекеті, мінез-құлқы адам өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтсақ, бір-бірін алмастырып отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады. Осы жағынан алғанда іс-әрекет процесс ретінде көрініп, онда субъект пенобъект өрістері арасында өзара ауысу жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Психологизм ұғымы күрделі ұғымдардың бірі болып саналады. Бұл ұғымды зерттеу бүгінгі күннің басты міндеті. Қазақ әдебиеті XX ғасырдың басында жүйелі зерттелген дейміз. Бірақ, психологизм ұғымы толық зерттелмеді. Қазіргі қазақ әдебиетшілері бұл ұғымға назар аударып, зерттеп келуде. Психологизм әдебиеттануда кең қанат жая түспек.
Біз осы диссертатциялық жұмысымызда көркем шығармадағы психологиялық аспектілер ұғымына түсінік бере отырып, оларға қазақ әдебиетіндегі шығармалардан мысал келтіре кеттік. Психологиялық аспектілер ұғымының көркем шығармаға көркемдік негіз бере отырып, кейіпкерлер әлемінің құпия жан-сарайындағы болып жатқан құбылыстарды, сезімдерді толықтай жеткізетінін аңғара отырып, кейіпкерлер туралы толықтай мәлімет алатынымызды аңғардық көркем шығармада.
Зерттеудің нысаны. Зерттеу жұмысымызда негізінен Б. Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау» еңбегінің негізінде психологиялық романның табиғатын аша түсеміз. Сондай-ақ, Лев Семенович Выготскийдің «Психология искусства» еңбегінен адам сезімдерінің құпия сырларын сөз өнерімен ұштастыра кетеміз. Л. Гинзбургтың «О психологической прозе» деп аталатын еңбегін пайдаланамыз. И. В. Страховтың «Методика психологического анализа характеров в художественном произведений», А. Есин «Психологизм русской класической литературы» деп аталатын еңбектерді пайдаланамыз. Г. Ержанованың «Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм» еңбегінен психологизм ұғымының қалыптасуын айқындадық. Г. Пірәлиеваның «Қазіргі қазақ прозасындағы психологиялық талдау» еңбегінен-көркем шығарманың талдау жолдарымен танысамыз. Психологизм құбылыстарын талдау барысында көркем шығармаларды да пайдаландық. Оның ішінде Ш. Мұртаза «Ай мен Айша», С. Елубай «Ақ боз үй», Ж. Аймауытов «Ақбілек» т. б романдар арқылы көркемдік құбылыстарын аштық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті - әдебиет тарихында жан-жақты зерттелген кезең. Аталған кезең мәселелері алғаш Ғ. Тоғжанұлы, С. Мұқанұлы, М. Әуезұлы, Ә. Қоңыратбайұлы сынды тұлғалардың жазбаларында көрінсе, кейін бұл кезеңді түрлі қырынан зерттеушілер қатары Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, С. Қирабаев, З. Ахметов, Б. Шалабаев, А. Нұрқатов, Т. Кәкішев, Р. Бердібай, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Ә. Дербісалин, Ш. Сәтпаева, Ш. Елеукенов, Р. Нұрғали, Ж. Ысмағұлов, Ү. Субханбердина, Б. Майтанов, З. Бейсенғалиев, Д. Ысқақұлы, Т. Жұртбай, Қ. Ергөбек, А. Ісімақова, Д. Қамзабекұлы т. б. ғалымдар есімімен жалғасты.
Психологизм ұғымына алғаш назар аударған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов болды. Аймауытов Жүсіпбектің «Психология» еңбегі жарық көрсе, Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиеттанытқыш» еңбегінде психология ұғымдарын айтып кетті. Оның ішінде ес, ұғым т. б анықтамаларға тоқталып кетті.
Психологизм - әдебиеттану термині. Қазақ әдебиетінде енді ғана дамып, қанат жайып келе жатқан сала. Қазақ әдебиеттануында осы саламен айналысқан ғалымдарды атап өтетін болсақ: Б. Майтанов, Г. Пірәлиева
Б. Майтановты қазақтың «Бахтині» деп атасақ та болады. Бұл ғалымның арнайы психологизмге жазған көп еңбектері жарық көрді. Г. Пірәлиева, Г. Ержанова қазіргі кезде бұл ұғымды зерттеп жүрген ғалымдар қатарына жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты - психологизм ұғымының аспектілерін ашу, жаңадан психологиялық бейнелеу құралдарын табу болып табылады. Психологизм - әдебиеттің үзілмейтін, қосарланған салаларының бірі. Психологиялық аспектілер сөз өнерінің әсемдігі мен өрнегін келтіреді. Барлық ғылым салалары бір-бірімен үздіксіз байланысып отырады. Әдебиет пен психология да осындай ұғымдарды растайды. Көптеген зерттеушілеріміз әдебиеттегі психологизм психологияның заңдылықтарын анықтамайды тек, шығармадағы өңін, көркемдік беретінін анықтайды деп те жүр. Бұл пікірге қосылуға да болады. Шығарманың басты формасы - адам өмірі. Ендеше, біз адам өміріндегі қыры мен сырын, бет-келбетін, ой-өрісін анық көрсетсек, шығарма реализмге жақын болар еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей Б. Майтанов осы психологизмнің реализмге алып барар сүрлеу екенін айтып өткен еді. Осындай негіздерге сүйене отырып, көркем шығармадағы психологизм мәнін, мақсатын, сипатын дәлелдей алуымызға толық негіз бар деп айтсақ, қателеспеген болар едік.
Сол себепті біз алдымызға мынадай міндеттер қоямыз;
1) Көркем шығармадағы психологизм құбылыстарының сырын ашу;
2) Қазақ әдебиетіндегі психологизм ұғымының қалыптасу кезеңін анықтау;
3) Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардан психологиялық бейнелеу құралдарын табу;
4) Көркем шығармадағы адам жан-дүниесіндегі құбылыстарды тереңнен ашу;
Көркем шығармада кездесетін кейіпкерлердің ішкі әлемі мен сыртқы қимыл-көріністерін бірінші тарауда мысалдармен түсіндіріп өттік. Кейіпкерлер әлемінің ішкі құбылыстарын, оның ішінде - түс көру, еске алу, қиялдау, армандау, тілеу, жалғыздық т. б. психологиялық аспектілерді көрсетіп өттік. Кейіпкерлердің сыртқы қимылдары мен бет-жүзіндегі құбылыстарға да тоқталып өттік. Бұл құбылыстарға көптеген мысалдар келтіріп кеттік.
Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымына алғаш назар аударғандардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы болды. «Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік, ұғымның өзі керекті орынына қарай екі түрлі болады: 1) Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. 2) Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеуде көркем шығармадағы кейіпкерлер әлеміндегі болып жатқан құбылыстар негізінде адам әлеміне терең үңілуді көздедік.
- Психологизм ұғымының даму кезеңдері айқындалды;
- Көркем шығарма кейіпкерлер дүниесінің құпия сырлары ашылды;
- Қазақ әдебиетінде психологизм ұғымының пайда болуы анықталды;
Зерттеудің ғылыми-теориялық және практикалық мәні. Жұмыста ұсынылған тұжырымдамаларды жоғары оқу орындарының филология факультетінде оқытылатын ХХ ғасыр басындағы әдебиет, көркем шығармадағы психологизм курстары сондай-ақ, осы бағыттағы зерттеулерде, семинарлар мен практикалық курстарда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері. Психологизм ұғымына мән бере отырып, жұмыста кешенді әдісін, салыстыру әдісін пайдаландық.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Психологизм - адам өміріндегі болып жатқан іс-әрекет, демек психологизм ұғымын адам өмірімен тікелей байланысты десек қателеспейміз. Әрине басты тұлға - адам болғандықтан, оның күнделікті іс-әрекеті, мінез-құлқы адам өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтсақ, бір-бірін алмастырып отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады. Осы жағынан алғанда іс-әрекет процесс ретінде көрініп, онда субъект пенобъект өрістері арасында өзара ауысу жүзеге асырылады.
Әрбір әдеби туындыда, фольклорлық жыр үлгілерінде, Орхон Енисей ескерткіштерінде де психологизм ұғымы табылған. Біз психологизм ұғымын әдебиеттен бөліп қарай алмаймыз, себебі психологизм әдебиет пен психология ғылымын жалғастырып тұрған дәнекер ұғым десек те болады. Бұл әлемде барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, ал психология ғылымы әдебиетпен жақынырақ байланыста. Себебі көркем шығарманың негізгі объектісі-адам болып табылады. Адамның қайғырғаны, күлгені, күйіп-піскені, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы бәрі де көркем шығармада ап-айқын беріледі. Бұл қасиеттер мен сезімдер берілмесе, сол көркем шығарманы оқып отырған оқырман кейіпкерді тани алмайды, оны сезіне алмайды, себебі оқырман көркем шығарманы оқып жатып, кейіпкер қуанса - қуанады, қайғырса -қайғырады.
«Психологизм, сөз жоқ, реализмге апарар сүрлеу екені мәлім. Рас, ол әртүрлі көркемдік әдістер шеңберінде көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады. Әйтсе де, нағыз реалист әдебиетте ғана психологиялық талдау нақты мазмұн тауып, жүйелі стильдік міндет атқарады. Бұған дүние жүзілік әдеби процесстің даму заңдылықтары мен тарихы куә» [1, 6] . Психологизм мен реализм арасында өткел жоқ, бір-бірімен байланысын үзе алмайтын ұғымдар. Адам жан-дүниесінің негізінде адам бет-пердесі ашылады, демек, адамды жақыннан тани аламыз. Реализм - шындықтың негізгі бастауы.
Психологизм - әдебиеттану термині. Қазақ әдебиетінде енді ғана дамып, қанат жайып келе жатқан сала. Қазақ әдебиеттануында осы саламен айналысқан ғалымдарды атап өтетін болсақ: Б. Майтанов, Г. Пірәлиева.
Жазушылар өз шығармаларындағы кейіпкерлерінің мінез-құлқын жан-жақты ашуға тырысады. Жазушы тілінің шеберлігі арқасында біз кейіпкерлерді сан түрлі қырынан тани аламыз десек те болады. Мысалы: «Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын! Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың. Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің - соқпай жатып өрт болды. Жаңа піскен жауқазын-піспей жатып жоқ болды. Шам-шырақтай жас жаның-жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық - аяққа құйған астайын шолтаң етті- тоқталды. Жыла жасың бұла! Жасыңмен қайғы жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын!» [2, 130] . Бұл шығарма Ж. Аймауытовтың белгілі «Ақбілегі». Бұл сөздер автордың шығарма кейіпкеріне арналған сөзі, автордың толғанысы. Автор-белгілі Жүсіпбек Аймауытов. Бұл романды кейбір зерттеушілер тұңғыш психологиялық роман деп те атап жүр. Әрине бұл пікірге қосылуға болады. Автор шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекет барысында көрінетін көңіл-күй құбылыстарын өте көркем түрде суреттеген. Біз Ж. Аймауытовтың психология ғылымына байланысты жазған, яғни психология ғылымы жайында ең алғаш еңбек жазған ғалым екенін білеміз, ол әрине қазақ ғалымдары арасында. Автордың осы шығармада кейіпкерлер жан-дүниесін, мінез-құлқын керемет суреттегенін байқай аламыз.
Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымына алғаш назар аударғандардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы болды. «Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік, ұғымның өзі керекті орынына қарай екі түрлі болады: 1) Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. 2) Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сөзді әңгімелер екі жақты болып келеді бір жағы ес ұғымымен болады, екінші жағы іс ұғымымен болады» [3, 56] . Біз ес ұғымы арқылы шығарма кейіпкерлерін танимыз, яғни задын, сырын, сипатын, мүддетін. Мысалы Ш. Мұртазаның Ай мен Айша шығармасында - кейіпкерлер мінезі, мақсаты айқын берілген. Әр кейіпкерлер мінезін іс-қимылдары арқылы танимыз.
Әрине, көркем шығарманы оқып отырғанымызда ондағы кейіпкерлердің жан дүниесі ғана емес, оқырманға табиғат құбылыстары, шығармадағы ауа-райы құбылыстары да әсер етеді. «Осы оймен келе жатқанымда, ап-ашық аспанды бұлт торлапты. Тәңіртау көрінбей қалды. Әуелі Шақпақ жақтан желдетіп барып, артынан себелеп жаңбыр жауды. Шаң тұтқан жусан мен дермен шөптің кермектеу иісі бұрқ ете қалды. Бізді аяп адамдар төкпеген жасты аспан төкті. Аспан бәрін сезеді. Аспан бәрін көреді. Аспанның мейірімі түскен адам қор болмайды» [4, 166] . Бұл шығарма жолын оқып отырып, адам жан дүниесін табиғатпен беруі суреттелгенін байқаймыз. Шығармада панасыз қалған, қараусыз қалған Айшаның ауылынан көшіп бара жатқандағы осы сәтін автор- бір түннің ішінде ауылын тастап, туған жерінен алыстап кетіп бара жатқан шығарма кейіпкерлерінің жан-дүниесіндегі құбылыстарды табиғат құбылыстарымен көркем жеткізген десек қателеспейміз. Бұл құбылысты психологиялық параллелизм деп атасақ қателеспейміз. Б. Майтанов та дәл осы құбылысты психологиялық параллелизм деп атап көрсеткен болатын. Б. Майтанов көңіл-күй қозғалыстарын табиғат құшағынан алынатын теңеулер екенін айтып кеткен еді. Осыдан барып психологиялық параллелизм туады. Мысал келтіре кетсек: «Түнгі ашық аспан» - уайым сұйылта алмаған сұлулықты білдірсе, «құлпырып шешек атқан жазғы гүл» - ашық күнгі аспанда толқыған көк мұнарамен ассоциативті контраст түзеді» (16) . Осы пейзаждық көріністер қуаныш пен қайғының, үміттің символына айналған десек те қателкспеген болар едік.
Шығармада кейіпкердің ішкі жан дүниесі - күрделі иірімдерден тұрады. Сол иірімдерді - автор әсерілеп жеткізбесе, шығарма оқырман қауымға мүлде әсер етпейді. Оқырман ешқандай әсер алмайды, қайғырмайды да қуанбайды. Онда шығарманың көркі қаншалықты әсем, көрікті тілмен жазылған, болса да адам әсер ала алмаса - онда оқырман шығарманы қарапайым ғана тілде түсінеді. Мысалы ретінде әлемдік классика қатарына жататын, атышулы Оноре де Бальзактың «Шегірен былғары» романында: «Бейтаныс жігіттің көздері жұмылып, еріндері кезеріп кетті, бірақ сол сәтте-ақ, ол қабағын қайта ашты, қайтадан маржандай қызара бөрітіп, еріндеріне қан жүгірді. Ол өмірде мен білмейтін құпия сыр жоқ деп есептейтін ағылшынша, паң пішінде сәл кідірді де, көзден ғайып болды, түңіліске душар болған ойыншылардың қызық көре келгендерге жиі арнайтын жан күйзелтерлік көз қарасымен жұрттан жұбаныш тілегісі келмеді оның. Мінеки, бір секундтың ішінде қаншама оқиға түйдектелді! Ойын сүйектерінің жалғыз соққысының өзінде-ақ, қаншалық көп мән бар десеңізші!» [5, 14] . Бұл әлемдік классикалық шығарманың бар құпиясы адамның көңіл-күйін дәл беруде. Бұл шығармадағы жас жігіттің талғажау ететін бар ақшасын ойынға ұттырып жіберген сәттегі күйі көркем бейнеленген. Автор осы оқиғаны жай ғана қарапайым тілмен: «Бір жас жігіт бар ақшасын ойынға ұттырып, ойынханадан шығып кетті . . . » десе, оқырман одан ешқандай әсер алмайды. Осы жігіттің ақшаға мұқтаж екендігін байқай алмаймыз. Сол бір секундтың ішіндегі оқиғаны автор әдемілеп жеткізген десек, қателеспеген болар едік. Әрине, Б. Майтановтың «психологизм сөз жоқ реализмге апарады» дегенін ескерсек, сөз жоқ психологизм мен реализм қоса жүреді деген тұжырымға келген болар едік. Оған дәлел шығарма кейіпкерлерінің шығармадағы мінез-құлқы - өмірдегідей дәл берілуі, кейіпкер шығармада да жылайды, күледі, қайғырады, қуанады, күйіп- піседі, өмірде де дәл солай. Тек шығармада автор сол кейіпкердің сол сәттегі психологиялық күйін көркем тілде суреттеп, оқырманға әсер ететіндей дәл берілсе, бұл шығарманың жоғарғы деңгейдегі жетістігі екенін анық және айқын айта аламыз.
Көптеген ғалымдарымыз ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық, динамикалық психологизм атты ұғымдары бар екендігін дәлелдермен көрсете білді. М. Храпченко Н. Гоголь шығармаларын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізгенін зерттеушілеріміз айтып жүр.
Синтетикалық тәсіл - қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекеттіалсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер, түр-тұлға, ой-санасын, мінез-құлқын танытуға алып келеді. Бұл аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу аналитикалық психологизм деп аталады.
Көптеген психологизм зерттеушілері әдебиеттегі психологизм - динамикалық, аналитикалық, синкреттік болып бірнеше түрге бөлінетінін дәлелдеп келді. Бұлардың бәрі көркем шығармаға тән бейнелеу құралдары. Дүние жүзінің әдебиетінің ішінде қазіргі қазақ әдебиеті де адамның жан дүниесіне терең үңіліп, оның ішкі қалтарыстарын, психологиясын көрсету жетпісінші-сексенінші жылдардағы прозадағы ерекшеліктердің бірі. Дүние жүзі әдебиетінде көркемдік шеберліктің бұл саласындағы табыстар Лев Толстой есімімен байланысты. Ресей әдебиетінде соңғы жылдары психологиялық талдау басты бағытқа айналды. Мұндай шығармаларда оқиға шиеленісуінен гөрі психологиялық қақтығыстар бірінші тұрады. Психологиялық тартыс арқылы кейіпкердің ішкі тебіренісі беріліп, жан сыры ашылады, адам мінезі дамиды.
Көркем шығармада бір емес, бірнеше адамның өмірі көрсетілетіні нақты құбылыс болып табылады. Сол адамдар өмірінде болып жатқан іс-әрекеттер адам жан-дүниесінің құбылысын ашады деп айтсам қателеспеймін. А. Н. Леоньтевтің мына тұжырымдамасына назар аударайық: «Сонда адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтқанда, бірін-бірі алмастырып, отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте, сондай-ақ оның объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады» [6, 145] . Бұл психологтың айтпағы - адам өмірінде, оның істеген іс-әрекеттері негізгі орын алады. Бұл пікірге қосыла отырып, көркем шығармада бұл құбылыс ерекше орын алатынын айта кетіп, көркем шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқы іс-әрекеттері арқылы көрінетіні бәрімізге белгілі. Мысалы: «Босаға жақта ас қамымен үнсіз қозғалып жүрген ашаң тұлғалы Сырға бәйбіше бұрқылдап қайнаған самауырдың оң бүйірін ала, сызыла кеп тізе бүкті. Жаңа түскен келіндей бір тізерлей отырып шайсандықтан су жаңа орыс фарфорын шығарып, қытай жібегімен сүртіп, жұмыртқадай тізілтіп қойып жатыр. Әлден соң әдемі гүлді шыныаяқтарға құйылған хош иісті үнді шайы дастарханды жағалап кетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz