Автокөліктің табиғи ортаға әсері



Кіріспе

І.Негізгі бөлім

1.1 Қоршаған ортаны ластаушы факторлар
1.2 Табиғи ортаға автокөліктің әсері
1.3 Алматы және Астана қалаларының экологиялық сипаттамасы
1.4 Қолға алынып жатқан игі шаралар

ІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы, автомашиналардан шығатын түтін қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.
Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады.
Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтармен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстық химиялан-дырылуы,дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы.
Осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиғи жағдайда өткізуге тырысады.
1. Бозшатаева Г. Т.,Оспанова Г. С. «Экология». Алматы., 2002 ж., 171-175 б

2. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.-Алматы: «Бастау» баспасы, 2003 ж., 292 б.

3. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы 4 том
4. Еділбаев Б.Т. Қалажол көлік экологиясы. - Алматы, 2009 ж., 93-95 ,

5. Бродский А. К. «Жалпы экология». Алматы., 1997 ж., 12- 16 б

6. Ғаламтор желісі: www.Google.kz
www.stat.kz
7. А.Т.Қуатбаев., Жалпы экология., Алматы., 2008 ж., 155- 157 б

8. Қыдыржанов А.Т., Таза табиғат алаңы 2007ж

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тақырыбы: Автокөліктің табиғи ортаға әсері

Орындаған: 050609 география
3 курс 2 топ студенті

Ынтызарова А.
Қабылдаған: Ақашева
Ә.С

Алматы, 2011 жыл

Жоспар

Кіріспе

І.Негізгі бөлім

1.1 Қоршаған ортаны ластаушы факторлар
1.2 Табиғи ортаға автокөліктің әсері
1.3 Алматы және Астана қалаларының экологиялық сипаттамасы
1.4 Қолға алынып жатқан игі шаралар

ІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи
жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп
жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын
мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан
дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи
процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам
арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн.
Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай
көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған
ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге
шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы
мен мылтығы, автомашиналардан шығатын түтін қала іргесінің шексіз кеңеюі
сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.

Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса
өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Кейде оларды жел
алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне,
сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны
қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы
уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған
үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте
түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы,
қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ
бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады.

Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи
ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын
орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала
ортасы адамның басты санасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді.
Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың
өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтармен ластануы, электромагниттік өріс, 
вибрация, шу, тұрмыстық химиялан-дырылуы,дұрыс тамақтанбау зиянды
әрекеттердің кеңінен таралуы.

Осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиғи жағдайда өткізуге
тырысады.

Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи
байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанда ауа
тазалығы үшін күрес маңызды рөл атқармақ. Осыған орай, республикада
тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында
ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен
қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен
Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын
лабораториялар көптеп құрыла бастады.
Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын
заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп
жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-
сүзгіш Нитрон іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда.
Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы,
ауаға шығатын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілік
туды.

Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында,
автокөліктерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген
тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында
Қазақавтотехникалық қызмет көрсету ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап
қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау
жобаланды.Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын
жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы
қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және
газбен жылытатын жүйелер орнатылды. Ал, Жамбыл Шымкент қалаларында үйлерді
табиғи газбен жылыту көптен бері жүзеге асырылып келеді 2.

Көліктермен ластану бұл әлемдік маңыздылығы өте жоғары болып
отырған экологиялық проблема болып отыр. Соның ішінде Қаржы орталығы,
еліміздің Оңтүстік астанасы Алматыдағы мәселе тым қиындап тұрған секілді.
"Бұл қала - арман қала, жап-жасыл орман қала" - деп әнге қосқан, апортымен
әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасыменде танымал бола
бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың брендіне айналды десек артық
айтқандық емес. Әрине, бұған көп қөп үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-
бері ағылған жарты милионға жуық көлік екені кім-кімгеде түсінікті.

Алматы қаласы орналасқан тау беткейінің климат жағдайларының өте қолайлы
екендігіне қарамастан қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі
дәрежеде, бұнымен қатар атмосфераны ластаушы стационарлы, қозғалмалы
көздердің артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың
денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық
проблемаға айналып отыр.Қоршаған орта ауасының тазалығы бойынша үнемі
мониторинг жүргізу арқылы, антропогенді әсерден болатын ластаушылардың
күйін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады.

Алматы қаласы 2011 жылғы Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы
бойынша, Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін
көрсетіп, бірінші орынға шыққан.

Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп
отыр.

Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі -
автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540
мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға
дейін көбейеді.

Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер
келіп -кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі:
Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып
келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және
басқа да ауруларға ұшыратады. Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000
кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл
сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна
көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында
200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр
металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары - бензапирен, альдегидтер) бар.

Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, су булары, зияндылары -
көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а)пирен,
күйе, күкіртті түтін т.б. Бұл физикалық-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде
адам мен жануарларға аса зиянды. Ластаушылар автомобильді қыздырған кезде
және аз жылдамдықпен жүрген кезде ауаға тез тарайды.

Машина тоқтаған уақытта көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот
оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар
болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол.
Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары.
Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны
анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді. Ауада ұзақ уақыт
сақталып, онымен бірге адам ағзасына түсетіндігі белгілі. Автокөлік түтіні
жасыл желекке зиянды әсер етуде - лас ауадан өсімдікте аурулар пайда
болады. Жапырағы химиялық күйікке ұшырайды.
Атмосфералық ауаның ластануы автокөліктің техникалық жағдайына тікелей
байланысты. Қала магистральдары бойында жүргізілген тексерулер бойынша
автокөліктің 80%-да түтіндерінде зиянды заттар нормативтен 3-4 есе жоғары
болған.

Автокөліктер ауаны көбінесе көшелер қиылысындағы бағдаршамдардың
алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ ластайды. Себебі, ондай
жерлерде автокөлік көбірек шоғырланады және олардың моторы аз айналымда
істеп тұрғанда ауаға улы газ көп бөлінеді.

2 миллион халқы бар Алматы ауасы бұлайша ластанып жатқанда, 20 миллион
халқы бар ірі қалалар қандай күй кешуде дейтіндерде табылады арамыздан.
Жоқ, ластану көрсеткіші жағынан қаламыз 20 миллионнан астам тұрғыны бар
Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, 10-15
миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк , Лос-Анжелес , Лондон , Ыстамбұл,
Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай
Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят.

Бірақ осы бағытта істеп жатқан жұмыстарымызда шамалы. Әлемдегі ірі
қалалардың тәжірибесін өзімізге үлгі етуімізге болады. Мәселен, 90 -
жылдардың ортасында Шанхайдың ортасынан ағып жатқан Сучжоу өзені "өлі"
өзенге айналып, Шанхайлықтар өзенді "Шанхайдың соры" деп атаған болатын.

Қалалықтар қоршаған ортаны күн сайын 10 мың тонналық қоқысқа көмсе, 700-ге
тарта өндірістік кәсіпорынның қалдықтарыы Шанхайдың экологиясын нашарлатып
- ақ жіберген. Шанхайлықтар, Шанхайды әлемдегі ең таза қалалардың біріне
айналдыруды мақсат етіп, дереу көгалдандыруға кіріскен. Жасыл - желек қала
аумағының 35 пайызын құраған. Демек, 17 миллион қала тұрғынының әрбіріне
9,2 шаршы метрлік көгалдандырылған лаңқай тиеді деген сөз.

Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатындағы шараларға бірнеше
миллиард доллар бөлінген. Такси мен автобустарды жанар - жағармайдан газға
көшірген. Қоршаған ортаға зиянын тигізген кәсіпорын болсын, адам болсын,
оларға қала басшылығының үкімі ауыр, қомақты айып салады, тіптен қала
көшесінде түкіруге тиым салған.

Міне, осы іс-шарадан соң Шанхай қытайдың ең таза қаласы деп танылып, Қытай
үкіметі "Экологиялық - жасыл бақша"- деп тауып, арнайы марапаттаған. Міне,
осыдан неге үлгі алмасқа? Үкімет тарапынан арнайы қолдау көрсетіліп,
Экологиялық таза қалаларымызды дәріптеп, мадақтап отырса, әрине,
қалаларымыз экологиясын тазартуға ұмтылып, араларында бәсекелестік туатын
еді.

Автокөліктердің шығаратын улы газдармен күрес жүргізу өте қиын. Себебі мына
шараларды да іске асыру қажет: ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге
тыйым салу, бір маршутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол
бермей, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап
қалатын бақылап-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ барлық жеңіл,
жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру тиімді. Ол үшін қаланың іші
мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю
бекеттерін орнату қажет.

Газды пайдалану өте тиімді, себебі одан ауа ластанбайды және оны
қолдану өте арзанға түседі. Алматыда негізінен метро, троллейбус пен
трамвайды кеңінен пайдаланған тиімді. Қалада салынып бітпей жатқан метро
келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары
айтарлықтай жақсаратын болар еді.

Соңғы кезде, алматы шаһарында кемтар баллардың дүниеге келуі. Тыныс алу,
өкпе дерттерінің көбеюі ауаның ластануынан болып отыр. Сондықтан барлығын
қазірден бастап қолға алмасақ ертең кеш болады. "Таза - ауа жанға дауа".
Ендеше, туған қаламыз тек қана экологиялық таза тұғырдан көрінсін десек
бәріміз бірге ат салысайық!

Эколог мамандар Алматы қаласындағы ауадағы оттегі құрамының сын көтермейтін
деңгейге жақындап қалғандығын айтып, дабыл қағып отыр. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөліктің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Қазақстандағы автотранспорттың экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары және оны шешу жолдары
Өскемен қаласының атмосфералық ауасына автокөліктерден бөлінетін газдардың тигізетін әсеріне баға беру
Биосфераны автокөлік әсерінен қорғау
ЖШС Вега автокөлік кәсіпорнының тасымалдау және өндірістік жұмысына талда
Экологиялық проблемалар жайында
Өндіріс туралы жалпы мәліметтер
Көлік және Көлік торабының атаулары нүктелерінің жүргіншілер
Бензин өндіру процесінің қазіргі экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары
Қоршаған ортаның ластануы. Ғылыми экологиялық проблемалар
Пәндер