«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері

Орындаған: тарих факультетінің 3 - курс студенті Айдарханова Эльвира

Ғылыми жетекші: т. ғ. к., доцент

Н. К. Алпысбаева

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-8

І. Аудиовизуалды құжаттар және олардың маңызы

1. 1 Аудиовизуалды құжаттардың ғылыми сипаттамасы . . . 9-16

1. 2. Құжаттардың ғылыми - анықтамалық аппараты . . . 16-20

ІІ. “Мәдени Мұра” және “Асыл Мұра” бағдарламалары аясында аудиовизуалды құжаттарды жаңа ақпараттық технологияларға көшіру

2. 1 Мәдени Мұра” және “Асыл Мұра” бағдарламалары - ұлттық

жәдігерлерімізді жаңғыртудың негізгі тетігі . . . 22-25

2. 2 Аудиовизуалды құжаттарды жаңа ақпараттық технологияларға көшіру мәселелері . . . 26-40

Қорытынды . . . 40-44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 44-46

Ғылыми жұмысқа қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздігімізді тізгіндеп, еңсемізді көтергелі бері Отан тарихына және оның жекелеген салаларына деген сұраныс пен қажеттілік мейілінше арта түсуде. Бұл заңдылық. Өйткені, ғасырлар бойы еліміздің мұң - мұқтажы, арман тілегі қапысыз көрініс тапқан өзіндік тарихи жәдігерлерімізге өзіміздің қолымыз жетпей, талай сындарлы ғасырларды тас бұғаудың шырмауында өткіздік емес пе? Бірақ бүгін заман түзеліп, аяғымыздан тік тұрдық. Еліміз әлемнің алдыңғы елдер қатарына қосылуға талаптанып, өз алдына бірнеше мақсаттарды қойып отыр. Осыған сәйкес тарих, әдебиет, өнер, мәдениет сияқты өркениеттің негізгі тетіктері бастау алатын ұлттық құндылықтарымызды жандандыру, олардан тиісінше жаңа жобалар құру шаралары кезек күттірмейтін мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. Аталмыш мәселеге Қазақстан Респуликасының Орталық Мемлекеттік Мұрағат қорларындағы құжаттардың құндылығы ғана емес, сол сияқты бүгінгі қоғамның ақпараттанған жүйесінің де әсері мол. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мұрағаттың басты міндеті болып отыр. Оған қол жеткізудің ең тиімді және ыңғайлы түрі мұрағат ісін ақпараттандыру болмақ.

Қазақстан Республикасының мұрағат ісі және мұрағаттану ғылымы өзінің дамуында бүгінгі таңда біршама күрделі кезеңді басынан өткізуде. Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, нарықтың қатынастың кең етек алуы және қоғам өміріндегі демократияландыру процесі аудиовизуалды құжаттарға және олармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсіліне де өз әсерін тигізуде.

Автоматтық технологияларды мемлекеттік мұрағат мекемелеріне кезең-кезеңмен енгізу үрдісі жоғары маңызға ие болып келеді. Дегенмен ақпараттық технологиялық жүйелер дәстүрлі технологиялармен қатар қолданыста болып келеді. Бұл өз кезегінде мұрағат ісінде дәстүрлі технологиялар мен ақпарттық технологиялардың ерекшелігін байқауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде мұрағат ісін ақпараттандырудың мүмкіндіктері көптеген зерттеушілердің зерттеу обьектісі болумен қатар, ҚР ОМ мұрағатының “2001-2005 жылдар аралығында мұрағат ісін жетілдіру” және “мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы” тұжырымдамасында да ерекше орын алады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылы қабылданған “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында Қазақ Мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағаты қорында сақталған әйгілі әншілеріміз бен атақты орындаушыларымыздың, белгілі ғылым мен мәдинет қайраткерлерінің дауысын осы заманғы аудиотаспалар мен дискілерге жазып қалдыру ісін қолға алу мәселесін көтерді. Демек, бүгінде көпшілік арасында талқыға салынып, шешімінің тиімділігі жөнінен игі бастамаға айналған «Мәдени Мұра» және оның аясында бүгінге дейін талай құнды жобалардың дәнекеріне айналған «Асыл Мұра» бағдарламалары біздің көтергелі отырған мәселеміздің басты тетігі болып отыр.

Мұрағат ісін ақпараттандыру мәселесін мәдени мұрамен байланыстыра қарастыруымыздың бір себебі, ақпараттанған қоғам мүшесін ақпараттық жүйеде ретроспективті құжаттармен қамтамасыз етудің маңыздылығына байланысты болып отыр. Сонымен бірге, мәдени мұраның мәйегіне айналған рухани байлықтарымыздың көзі болып табылатын мұрағат құжаттарының, соның ішінде аудиовизуалды құжаттардың перспективасына мән беру қажет.

Сол үшін де бүгінге дейінгі көтеріліп келген және болашақта да өзекті мәселе тұрғысында зерттеле бермек мәселеге баға беру, талдау және оның “Мәдени мұра” бағдарламасымен байланысын, құжаттардың қоғамды ақпараттандырудағы рөлі, сонымен қатар аудиовизуалды мұрағат ісі мен интернет жүйесінің мүмкіндіктері саралануы тиіс. Ақпараттандырудың Қазақстандағы бүгінгі күнгі жағдайы, аудиовизуалды құжаттардың дәстүрлі құжаттарға қарағанда тиімділігі, интернет жүйесінде мұрағат құжаттарын пайдаланудың мүмкіндіктерін пайымдау арқылы Орталық Мемлекеттік Мұрағаттың интернеттегі сайтының қызметіне әлемдегі өзге де мұрағат сайттарымен салыстыра баға беру де маңызды.

Себебі мұрағаттардағы кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазу құжаттарын (КФДЖ) үнтаспадан аудеокасетаға, дискіге көшіру тікелей бүгінгі ақпараттандырылған технологиясыз іске аспайды және сырттан алынатын көне тарихымызға қатысты құжаттар, қолжазбалар мен деректер көптеген елдерде магниттік дискілерге, компакт-дискілерге сақталған күйінде жеткізілсе, оларды қазіргі таңдағы Қазақстан мұрағаттарында сақтау аса күрделі іс болары сөзсіз. Сондықтан да көтеріліп отырған проблеманың алдын алу үшін және отандық мұрағаттардың бүгінгі таңдағы техникамен жабдықталуы, ақпараттандыру саласын жетілдіру мәселесінің сөз болуы заңды құбылыс.

Тақырыптың мақсаты - аудиовизуалды құжаттардың жаңа ақпараттық технологиялар жүйесіне көшіру, мемлекеттік бағдарламалар көлемінде іске асқан өзгерісер мен аудиовизуалды құжаттарды пайдалану үрдістерін көрсету.

Осы мақсаты іске асыру үшін мынандай міндеттерді орындауға талпыныс жасалынды:

- аудиовизуалды құжаттарға ғылыми сипатттама беру;

- аудиовизуалды құжаттардың дәстурлі құжаттардан өзгешілігін анықтау;

- аудиовизуалды құжаттардың ғылыми - анықтамалық аппаратын құрудағы ерекшеліктерін көрсету;

- «Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары аясында аудиовизуалды құжаттардың жаңа ақпараттық технологияларға көшіру тәсілдері ашу; .

- қазіргі таңдағы аудиовизуалды құжаттардың жаңа ақпараттық технологияларға көшіру проблемаларын қарастыру.

Зерттеу объектісі: Аудиовизуалды құжаттарды жаңа ақпараттық технологияларға көшіру.

Мәселенің тарихнамасына келсек, тақырып кең көлемде зерттелген. Кеңестік тарихнамада мемлекеттік мұрағаттарға қабылдау, сақтау, пайдалануға беру мәселелері жан-жақты зерттелді. ХХ ғасырда киноқұжаттар мен фото, фоноқұжаттарға сұраныс жоғары болды.

Аудиовизаулды құжаттардың жаңадан шыға бастаған тұсында оларды сақтау және пайдалану аса маңызды болды. Бұл аудиовизуалды құжаттармен тығыз байланыстағы мекемелер мен оларды сақтайтын мұрағаттар тарапынан ерекше қызығушылық тудырды. 1970-1980 жылдары тақырып аясында сан түрлі монографиялар мен мақалалар жарық көрді. Олардың қатарында кеңестік мұрағатшы мамандар А. А. Кузин, Л. М. Рошаль [1], И. М. Фурманова [2], И. Н. Кунтиков [3], О. Л. Седова [4], Л. Н. Кривошеин [5] еңбектері тақырыптың тарихи маңызын ашуда кеңінен қолданылды.

Кеңестік жүйе ыдырап, әр елдің мұрағаттары өз еншілерін алған сәттен бастап, мұрағаттың қызмет айясы да кеңейе түсті. Ресей Федерациясында тақырыпқа қатысты монографиялар, мақалалар мен диссертациялар өте көп кездеседі. Онда аудиовизуалды құжаттардыңм барлық түрі барынша терең зерттелген. Осындай зерттеулерге Е. В. Алексеева, Л. П. Афанасьева, Е. М. Буровалардың [6], З. В. Крайскаяның мұрағат теориясына арналған еңбектері [7] жатқызуға болады.

Ал казақстандық зерттеушілер арасында аудиовизуалды құжаттар мәселесімен арнайы айналысып жүрген Г. А. Сексенбаева [8-9], Р. Х. Сариева [10-11], А. Ф. Сеитова [12-13], Г. Нурпеисова [14] Л. Ақтаева [15] сынды авторлардың монографияларында аудиовизуалды құжаттарды сақтау мен пайдалану және өзге де негізгі мәселелер қарастырылған. Авторлардың зерттеулері ғылыми жұмыста туындаған көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді.

Ғылыми жұмыстың деректік негізі бірнеше топтама бойынша беріледі. Бірінші топтамаға заң актілері жатады. Оларға: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңы [16], мұрағат ісін дамытуға арналған мемлекеттік тұжырымдамалар мен бағдарламалар: «2004-2006 жылдарға арналған Мәдени мұра» және «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамыту»[17], «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамыту» [18] тұжырымдамалары мен бағдарламалары, ҚР ОМ КФДЖ мұрағатының «Асыл Мұра» [19] бағдарламасы ғылыми жұмысында тиімді пайдаланылды.

Екінші топтамаға ҚР заң актілеріне негізделген әдістемелік нұсқаулықтар кіреді. «Инструкция о порядке отбора и передачи на государственное хранение кинодокументов и видеофонограмм»[20], «Инструкция о порядке отбора и передачи на государственное хранение особо ценных аудиовизуальных документов»[21] әдістемелік нұсқаулықтарын ерекше атауға болады.

Ресейлік әдістемелік нұсқаулықтардың да орны ерекше. Атап айтар болсақ, «Создание современных архивных справочников на основе дифференцированного подхода»[22], «Основные положения развития системы научно-справочного аппарата государственных архивов »[23], «Обеспечение физико-химической сохранности и микрофильмов»[24], «Типовой технологческий регламент изготовления страховых копий фонодокументов на магнитных лентах» [25] .

Қазақстан Республикасының орталық мемелекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағатының 2003 жылғы [26], 2004 жылғы [27], 2005 - 2006 жылғы [28] есептері мен мұрағаттың ХІ халықаралық конгресінің құжаттары [29], «ақпараттық қоғам - компьютер революциясы» [30] төртінші топтамаға кіреді. Ғылыми жұмыста жылдық есептер негізінде мұрағат ісінің аудиовизуалды-ақпараттық технологияларға көшіру мәселелері туралы құнды мағлұматтар алдық.

Ғылыми жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Ғылыми жұмыс деректану, мұрағат ғылымдарындағы тың мәселелерге арналғандықтан оның қолдану аясының кең болуы заңдылық. Жұмыстың нәтижелерін студенттер, жалпы көпшілік қауымға аудиовизуалды құжаттарымен жұмыс жасауда көмекші құрал ретінде және ғылыми мақала жазуда, дөңгелек үстелдерде, лекциялар мен семинарларда пайдалана алады деп санауға толық негіз бар.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.

І. АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Аудиовизуалды құжаттардың ғылыми сипаттамасы

Аудиовизуалды құжаттар, әсіресе, тамырын тереңнен алатын тарих ғылымы үшін ауадай қажет дерек көздерінің бірі. Халықтың ауызекі фольклорының мәңгі өшпей, ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінімізге дейін жетіп отырғандығы сияқты аудиовизуалды құжаттар да өзінің құндылық салмағын, деректік ерекшелігін ешуақыт жоғалтпақ емес. Өйткені, бұл құжаттар халықтың санасы мен мақсатынан, жылдар бойы қалыптасқан ой жобасы мен асыл арманынан туындаған қыруар еңбектің жемісі. Қоғам прогрестерден, дамудан, жетілуден тұрады. Бұл заңдылық. Дәл сол сияқты, қоғамның әрбір бөлшегі, әр материясы және рухани дүниесі де бір орында тұрмай, үнемі дамып отырады. Бүгінгі қоғамды ақпараттық технологиялар мен электрондық құжаттарсыз елестету мүмкін емес. Алайда бұндай заманауи құжаттардың легі бүгінде біз мұрағаттардан ғана кездестіре алатын аудиовизуалды (технотронды) құжаттардан тамыр алғандығын ескергеніміз абзал.

Аудиовизуалды құжаттар арнайы құрастыруды, жасауды қажет ететін және үнемі жаңа технологиялар мен техникалық құрылғылар негізінде жүзеге асып отыратын көру мен тыңдауға арналған құжаттар. Аудиовизуалды құжаттардың дүниеге келу тарихының өзі ірі тарихи түбірге ие және олардың парадигмасы да қоғам мен өркениеттің дамуына орай үнемі өзгеріп отырады. Мәселен, ХІХ ғасырдың ортасында бейнелі (фотографиялық) және дыбыстық (фонографиялық) сақтау технологиясының, ал кейінірек ғылым мен техниканың дамуына сәйкес магниттік және сандық жүйенің пайда болуы ғылының әр саласындағы мамандар үшін жан - жақты әрі жүйелі мағлұмат алуына зор мүмкіндіктер туғызды.

Аудиовизуалды құжаттар демократиялық қоғамды құруда және насихат пен тәрбие құралы ретінде үлкен маңызға ие болып келеді. Аудиовизуалды құжаттардың құндылығы мен маңызы ҚР ОМ КФДЖ мұрағаттарының көлемімен анықталады (1- қосымша) [45, 3б] . Бұған қоса елдің мәдени және ғылыми өміріндегі белгілі тарихи фактілер мен оқиғаларды, қоғамның өндірістік жағын толыққанды бере алады.

Аудиовизуалды құжаттар адамның ерік - жігеріне, сезіміне, ақыл - ойына, эмоциональдық жай - күйіне жылдам әсер ету мүмкіндігіне ие. Сондықтан да аудиовизуалды құжаттар жоғарғы дәрежелі көркемдік - эстетикалық құндылығымен ерекшеленеді және мәдениеттің бірегей ескерткішіне жатқызылады. Аудиовизуалды құжаттардың ғылым мен техника тарихын зерттеу барысында деректік маңызы да жоғары. Бұның барлығы аудиовизуалды құжаттарды өзге де тарихи деректермен бір қатарға қоюға мүмкіндік береді.

Аудиовизуалды деректер тарихтың басқа да деректері секілді ұлттық мүдде тұрғысында қарастыруды талап етеді. Аталмыш құжаттармен тарихи дерек ретінде жұмыс істеуде барысында келесі жайттарды басты назарда ұстаған жөн:

- аудиовизуалды құжаттарды жасау сәтіндегі мүмкіндіктеріне;

-түсірілім немесе дыбыс жасаушы автордың көзқарасымен дүниетанымына;

-аудиовизуалды құжаттарды түсіру барысындағы ұйымдардың шараларына назар аудару. Өйткені бұл аталғандар дұрыс түсінуге және олардың маңызын анықтауға мүмкіндік береді.

Аудиовизуалды құжаттарға өзге де тарихи деректердегідей обеъктілік пен субъектілік тән. Кинофотофоноқұжаттар кейбір тарихи деректердің түрлері (миниатюра, фольклор, әдеби ескерткіш және т. б. ) секілді өнер туындысына жатады.

Дегенмен аудиовизуалды құжаттардың өзіне тән бейіндік ерекшелігі бар. Тарихи дерек ретінде қалыптаса отырып, олар оқиғаның бейнелік, дыбыстық жақтарын түсірілім немесе дыбыстық жазба арқылы нақты әрі кең түрде көрсетеді. Жекелеген тарихи деерк ретінде аудиовизуалды құжаттар белгілі бір кезеңдегі адамның тұрмыс - тіршілігі, көңіл-күйі туралы бірегей ақпарат бере алады. Бұған қоса ол өзге тарихи деректегі мәліметтерді кеңейте алады, нақтылайды және жөнге салады.

Аудиовизуалды құжаттардың дәстүрлі құжаттардан басты айырмашылығы - оның адамның сана - сезіміне тікелей әсер етуінде. Адам санасын еріксіз билеп алатын аудиовизуалды құжаттар өз кезегінде шынайы ақпарат берумен қатар, сақталуы жағынан тиімділігімен де ерекшеленеді. Жекелеген адамдардың және қоғамның өмірі әртүрлі аудиовизуалды құжаттар кешенінде көрініс береді.

Дәстүрлі құжаттарға қарағанда аудиовизуалды құжаттардың үнемі дамып, жетіліп отыруы оны жан - жақты зерттеуді міндеттейді.

Аудиалды (лат. audіre-есту) мен визуалды (лат. vіzere-көру) ұғымдыры біріге отырып аудиовизуалды (есту және көру құжаттарын) құжатты құрайды [13. 86 б] .

Аудиалды құжаттарға: грампластинка, магниттік фонограммалар мен компакт дискілер кіреді. Визуалды құжаттарға: диафильмдер, диапозитивтер, слайдтар, тілсіз кинофильмдер, эпифилмдер жатады. Ал екеуінің қосындысы аудиовизуалды құжаттарға: кинофильмдер, диафонофильмдер, видеофильмдер кіреді.

“Кинофотофоноқұжаттар” деген термин ғылымға 1980 жылдары енгізілді. Жалпы бүгінге дейін кинофотофоноқұжаттар туралы арнайы жалпыға ортақ анықтама берілмеген. Соған қарамастан, аудиовизуалды құжаттарға келесідегідей анықтама беруге болады.

Арнайы бір техникалық жабдықтардың көмегімен бейнелі дыбысты ақпарат беретін құжат түрін аудиовизуалды құжаттар деп атайды.

Киноқұжаттар - кадрлар мен жоспарлардан құралған кешенді тарихи дерек.

Киноқұжаттар - киномотографиялық жолмен жасалатын құжат түрі. Киноқұжаттардың материалдық негізін көпқабатты полимерлі пленкалық жүйедегі кинопленка құрайды. Киноқұжаттар диафильмдерден, кинофильмдерден және де видеофильмдерден тұрады.

Диафильмдер - арнайы тақырып бойынша рет - ретімен жинақталған позитивтік фотографиялық бейнелердің кино және фотопленкадағы жинағы. Диафильмдерді мұрағаттарда пайдалану мақсатында жиі қолданыста болмаса да, мұрағат құжаттарын сақтау барысында жиі қолданады.

Кинофильмдер (грек. kіneo - әрекеттемін, ағыл. fіlm - пленка) - арнайы киноаппаратураның көмегімен экранға шығатын, кинопленкаға түсірілген бірнеше фотографиялық бейнелердің жиынтығы [14. 105-106] .

Бұл кинофильмдерді бірнеше мақсатта қолданады: ғылыми - көпшілік, оқу процесінде, құжаттық, мультипликациялық мақсатта пайдаланады [3] . Ғылыми - көпшілік, оқу процесінде кинофильмдер 8 (16 мм) пленкаларында түсіріледі. Бұл құжаттарды арнайы дайындықсыз сәттерде де көруге мүмкіндік бар.

Киноқұжаттардың соңғы тасымалдаушы құралы CD және DVD дискілердің видеофильмдерді жазуда және оларды пайдалануда алатын орны ерекше.

Диафильмдер мен кинофильмдерден видеофильмнің ерекшелігі оның магниттік ленталарда сақталуымен қатар, оптикалық дискілерде сақталуы және видеофильмдерді тұрмыстық жағдайда пайдалану мүмкіндігінде. Мұрағаттарда оларды ғылыми анықтамалық - аппарат құру барысында видеотека немесе фильмотека деп каталогқа енгізеді.

Дыбыстық киноқұжатар бір киноқұжатта бейнелік, мәтіндік, әуендік және дыбыстық компоненттер кездесетін күрделі құрылым. Киноқұжаттар оқиға мен фактіні қозғалыста түсіреді. Сондықтан да ол кеңістік пен уақыт туралы ақпарат береді.

Киноқұжаттарға қарағанда фотоқұжаттар оқиғаның тек бір сәттігін ғана түсіреді. Сондықтан да олар кинокадрлармен тең. Бейненің статистикалығына және пайдаланудың жоғарғы технологиялық мүмкіндігіне байланысты фотоқұжаттар оқиға немесе факті жөнініде максимум ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан республикасының Орталық мемлекеттік Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаттарында өте көп (87%) [27, 3-4б], жинақталған аудивизуалды құжаттар - Фотоқұжаттар.

Кино және фотоқұжаттар өзара ұқсас. Фотографиялық жолмен алынған бір немесе бірнеше бейнелі құжаттар фотоқұжаттарды құрайды. Фотоқұжаттар негізінен алғанда, негативті және позитивті болып екіге бөлінсе, материалдық негізіне қарай оларды полимерлі (фотокинопленкалар), қатты (шыны пластинкалар, керамика, ағаш, металл және пластмассалар) және қағаздық (фотоқағаздар) деп топтастыруға болады. Сол сияқты, негативті фотолар - пленкада, ал позитивті фотолар - қағазда немесе шыныда бейнеленеді[1] .

Мұрағат қызметкерлерінің айтуына қарағанда, күмісқұрамдас эмульсті фотолар мың жылға дейін сақталады. Ақ - қара түсті фотопленкалар мен суреттер 10 жылдан 140 жылға дейін, ал түрлі - түсті суреттер 5 жылдан 30 жылға дейінгі аралықта сақталу мүмкіндігіне ие. Мұрағаттарда оларды ғылыми анықтамалық - аппарат құру барысында фотоотека деп каталогқа енгізеді.

Түпнұсқалылығы дау тудырмайтын аудиалды мұрағат құжаттары -Фоноқұжаттар немесе дыбыс жазбалар. Олар еретеректе грампластинкаларда (үнтаспа), фонграммаларда сақталып келді. Ал бүгіндері олар компакт дискілерде сақталынып жүр.

Фоноқұжаттар жасалу деңгейіне сай әрқашан мұрағатшылардың көз алдында болады [12, 11б-13] . Фоноқұжаттар үшін де бірнеше бейнелік ерекшеліктер кездеседі. Фоноқұжаттардағы ақпараттардың берілуі тек дыбыстық негізде (сөз, әуен, дыбыс арқылы) іске асады.

Фоноқұжаттар үш компонент - сөз, әуен, дыбыс арқылы беріледі. Мәнерлі, әрі ақпаратқа бай эмоциялық фоноқұжаттар тарихи дерек ретінде құнды аудиалды құжаттарды құрайды.

Дыбыстық үнтаспалар немесе грампластинкалар - ескі және барынша көп тараған фоноқұжат түрі. Оларды мұрағаттарда сақталу және пайдалану барысында жиі қолданыста. Себебі онда басылған дыбыстық жазбалар ұзақ сақталып, арнайы потефондарда ойналады.

Бұндай үнтаспаларда ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әуендер, халық ауыз әдебиетінің шығармалары, классикалық туындылар сақталған, ал 50 - 70 жылдарға қарай грампластинкаларда жаңа әуенде рок, джаз әуендері жазыла бастады.

Грампластинкалардың немесе үнтаспалардың орнын уақыт өте келе магниттік ленталар басты. Магниттік ленталар, әсіресе, ХХ ғасырдың 80 - 90 жылдарында кең етек алды.

Магниттік ленталы кассеталарға фоно жазбалардың кез - келген түрін жазу мүмкін болды. Магниттік лентаға жазуды тек арнайы мамандар ғана емес, сонымен бірге, әуесқой жалпы көпшілік те жаза алатын дәрежеге жетті.

Ал қазіргі таңда дыбыс жазуда алғы орынға компакт дискілер шықты. Дыбыс жазбаларының сызылмай, физикалық қалпы бүлінбей сақталуы - оның тікелей сақталуын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Бұзылмай сақталған фоноқұжаттарды сол қалпында сақтауды одан әрі қамтамасыз етуде оның пайдалануын дұрыс ұйымдастыра білуге байланысты [4. 3-12 б] .

Аудиовизуалды құжаттарды сақтау мен пайдалануды ұйымдастырушылық принципі бойынша киноқұжаттар - фильмдерге, арнайы шығарылымға және киножурналдар мен телебағдарламаларға бөлінеді.

Осы принцип бойынша фотоқұжаттар - хроникалық, фотоочерк, портрет, пейзаждарға, ал фоноқұжаттар - оқиға туралы жазба, әдеби шығармаға және өнер туындысына жатады.

Жоғарыда сипатталған кинофотофоно құжаттарды бүгінгі таңда жалпы тілмен айтқанда - аудиовизуалды құжаттар деп атайды.

Аудиовизуалды құжаттарды пайдаланудың мақсаттары дәстүрлі құжаттардан ерекше. Оларға сұраныс көбіне радио және телевизия, киностудия, мерзімді басылым тарапынан түседі [23, 3-13 б] .

Аудиовизуалды құжаттарды ғылыми - көпшілік, оқу - ағарту және мәдени мақсаттарда пайдаланады.

Аудиовизуалды құжаттарды тұрақты сақтауға орталық мемлекеттік мұрағаттарға төмендегі мекемелер бере алады:

1) маманданған мекемелерін - кино және телестудиялар, ақпараттық агенттіктер, телебағдарламалар мен радиохабарлар комитеттері;

2) аудиовизуалды құжаттарды пайдалануда маманданбаған мекемелер - ғылыми - зерттеу мекемелерін, министрліктер мен ведомствалар, оқу орындары және т. б. мекемелер;

3) кинофотоқұмарлар бірлестіктері - мәдени - сауықтыру клубтар, жеке меншік студиялар, ақпарттық секциялар және т. б. мекемелер өздерінің қызметтері аясында жасалған аудиовизуалды құжаттарын бере алады. Бұларға қоса жеке адамдардан келіп түскен аудиовизуалды құжаттарда құнды болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Электронды құжаттардың пайда болуы
Қозғалыстағы мекеменің мұрағатына фотоқұжаттарды қабылдау
Электронды құжаттар және мұрағаттар
Ақпараттық мәдениет және ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың жалпы мәселелері
Кітапхана қорын өңдеу және есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz