АҚШ журналистикасы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. АҚШ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ.

2. АҚШ ТЕЛЕВИДЕНИЕСІ.

3. АУДИТОРИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.

4. АМЕРИКА ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ.

АҚШ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ

Америка Құрама Штаттары - жер жүзінде жоғары экономикалық дәрежеде дамыған ел ретінде танылады. Ол әсіресе, нарықтық экономикаға байланысты жаңадан дамушы елдер үшін үлгі боларлық мемлекет болып есептеледі. Өйткені АҚШ екі жүз жылдан астам уақыт бойы дамудың жоғарыда аталған жолымен жүріп келеді. Сондықтан осынау елге жер жүзінің назары ауып отыратыны тегін емес.

Ал журналистика - қандай да бір қоғам, не мемлекет болсын, оның нақты айнасы болатыны анық. Бүл орайда АҚШ-тың баспасөз, телевидение, радиосы техникалық жағынан тек өз елінде ғана емес, басқа да барша әлем елдеріне жан-жақты күш-қуатымен танылған құрылым жүйесі.

Мәселен, елдің баспасөзі алғаш мемлекет құрылуынан бұрын пайда болғанын айтқан жөн. Ал 1776 жылы АҚШ-тың Англия колонизаторларына қарсы күресі нәтижесінде өзінің тәуелсіздік декларациясын жариялағаны белгілі. Міне, содан бастап, АҚШ-тың өз алдына мемлекет болу дәуірі туды. Сол кезден бері елдің кәсіби баспасөзінің де өмірге келуі бастау алды.

Сөйтіп екі ғасыр уакыттан бері тарихи даму жолы бар АҚШ баспасөзі бүгінде өзіне тән жетістіктерін жалғастырып отыр. Оның баспасөзі қазіргі заманда радио мен телвидениенің барынша дамығанына қарамастан, бәрібір өзінің әсер-күшін сактап келеді. Сондықтан да баспасөздің рөлі төмендемей, саяси-идеологиялық мақсатта насихат жүмыстарын жүргізуші құрал ретінде пайдаланылуда. Айталық, мораль концепциялары мен көзқарас, ұгымдар тек елдің өзінде ғана емес, одан тысқары елдерде, әсіресе, Еуропада әжептеуір ықпалы бары анық.

Тасқынды информация, жоғары полиграфиялық табыстар ел баспасөзінің тартымдылығы мен әсерлілігін арттыра түседі. Әсіресе, түрлі-түсті бояулармен және суреттермен шығатын газет-журналдар оқырмандарын өзіне тартпай қоймайды. Баспасөз еркіндігі - пікір алуандығын өзгертуге көмектеседі. Мысалы, 1985 жылы президент Рейган радиодан сөйлеген сөзінде, былай деп айтқан еді: "Біздегі бәрінен де мақтанарлық институттарымыздың бірі баспасөз бостандығы

екендігі". Әрине, осылай айтылғанмен де кейде үкіметтің айтқанынан шықпайтын кездер да баршылық екенін жасырмау керек.

Газет журнал және теле-радиокомпаниялар елдің зор өндіріс орындарымен және ірі банктерімен тығыз байланысты. Осылайша монополия үстемдік құрып, баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат қүралдарына өндірістік-финанстық капитал иелері бақылау жасайтын болды. Яғни, банктер кредит беру арқылы және газет-журнал акцияларын иемдену арқылы билік жүргізетін жағдайға жетті.

АҚШ радиосы XX ғасырдың басында дүниеге келіп, қазірге дейін басқа бұқаралық ақпарат қүралдарымен таласа жұмыс істеп келеді, оның өзіндік орны бар. Осы радионың негізінде АҚШ телевидениесі де құрылған. АҚШ-тың өзінің және шетел зерттеушілерінің пікірлеріне қарағанда, телевидение елдегі бұқаралық ақпарат құралдары ішіндегі ең жетекші салаға айналып отыр. Радио АҚШ-та 1920-шы жылдан басталса, ал алғашқы телестанция 30-шы жылдары жұмыс істеді. Елдің телевидениесі екі бағытта коммерциялық және коммерциялық смес, яғни, қоғамдық телевидение ретінде дамыды.

АКШ телевидениесі - жер жүзіндегі ен көп телеөнімдер шығаратын ақпарат қүралы. Оның хабарлары мен телефильмдері Еуропаның, Азияның, Африканың, Латын Америкасының программаларын толықтырып отырады.

Ал, АҚШ-тың үлкен қалаларында телехабарлар тәулік бойы беріледі. Және барлық хабарлар түрлі-түсті түрде көрсетіледі. Көбінесе спутниктік байланыс пен кабельдік телевидение қолдапылады. Тағы бір жаңалық - елде 100 каналға дейін хабарлар қабылдай алатын телеаппаратураларды көптеп шығару қолға алынған.

Сондай-ақ, АҚШ-та "Тәуелсіз телевизиялық арнасы" жұмыс істеуде. Бұл телевидениедегі кейінгі уақыттың қажеттілігі болып саналады.

АҚШ ТЕЛЕВИДЕНИЕСІ

1923 жылы АҚШ-та электронды әдіс бойынша бейне көрсету тәжірибесі жүргізілді. Оны жүзеге асырған орыстан шыққан американдық инженер Владимир Зворыкин болды. Сөйтіп АҚШ-та 1931 жылы телевизиялық сынау станциялары пайда болды да, 1939 жылы шағын экранды телеқабылдағыштар шығарыла бастады. Сол жылдың өзінде Нью-Йорк пен оның маңайындағы жүздеген телекөрермендер Бүкіләлемдік көрменің ашылу салтанатын және спорт жарысын көрді. Ал 1941 жылы телевидениеден алғашқы сауда жарнамасы берілді. Бұл - телевидениедегі жаңа дәуірдің басы еді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күтпеген проблемалардың пайда болуына байланысты, телевидениеге назар аударылмай қалды. Тек 1945 жылдан кейін ғана бұл сала қайтадан дами бастады. 1948 жылы халыққа сатылған телевизор саны 6400-ге жетті. Содан кейінгі 15 жыл ішінде әжептәуір телевизия империясы пайда болды. 1950-ші жылдары елде 6 миллион телевизор болса, 64 қалада 106 телестанция жүмыс істеді. Мемлекеттің Батысы мен Шығысы арасына кабель тартылып, Ныо-Йорктен Лос-Анджелеске және одан кейін қарай бейнекөріністер беруге мүмкіндік туды.

Кейінірек телевизордың бұрынғыдан арзандауына байланысты, енді ол тек бай адамдардың қолданатын заты болудан қалды да, көпшіліктің тұрмысына ене бастады. 1960-шы жылдары телевидение дамуы онан сайын өсті. Мысалы, космонавт Гленнің үшу сапарын 50 миллион адам көрген. Әрбір үйдегі телевизор орта есеппен 5, 5 сағат жұмыс істеген. Телевизор көру таңертеңгі уақытта аз болса, түс мезгілінде ол әжептәуір дәрежеге жеткен, ал кешкілік одан да жоғары көрсеткіште болған.

1970-ші жылдары телевизор саны 100 миллионға жетіп, әрбір американдық тәулігіне оны 3 сағаттай көретін болған. Осы кездері Ныо-Йоркте 18 телеканал жүмыс істеген. Ал бүгінде телевидениенің өте көп көлемде жұмыс істейтіні белгілі. Қазір іскерлерге лиңензия беруді байланыс жөніндегі федеральдық, комиссия жүргізеді. Ол сондай-ақ ашылатын каналды, ауданды, станция қуатын анықтайды. Және іскер адамның станция салып, қоғам үшін қызмет ететіні жөнінде кепілдік алады. Берілетін программаның біраз бөлігі еңбек, ағарту, жер мәселесімен айналысуға арналуы тиіс. Яғни, қоғам мен адамныц прогресіне арналған тақырыптар қамтылуы керек. Алайда осындай талаптар қойылғанмен, телестанциялар оны көбіне шет қалдырып, көбіне финанспен қамтамасыз етушілер мен өз компанияларының мүдделерін көздеп кетеді.

Телевидение қоғамға қызмет ететіндіктен, лицензия тегін беріледі. Мұндай әсіресе эфир үшін күрес қатты бәсеке туғызады. Лицензия беру жөніндегі мәселе 10-12 аптаға созылады. Оны алуға кандидаттардың алдын-ала жұмсайтын шығындары 50 мыңнан 100 мың долларға дейін жетеді. АҚШ-тың телерыногы негізінен үш алыпқа бағынады. Олар: "Нейшнл бродкастинг компани" (Эн-Би-Си), "Коламбия бродкастинг систем" (Си-Би-Эс), "Америкэн бродкастинг корпорейшн" (Эй-Би-Си) . Бұлардың ең көне компаниясы Эн-Би-Си 1926 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Си-Би-Эс 1927 жылдан, ал Эй-Би-Си 1943 жылдан бері жұмыс істейді. Елдегі басқа коммерциялық телестанциялардын 94 проценті осы алыптармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Эн-Би-Си болса аса қуатты концерн "Рэдио корпорейшн оф Америка" арқылы құрылған. Концерн станция салған әрі аппараттар шығаратын еді. Ал Си-Би-Эс болса "Коламбия фонограф компаниямен" бәсекелес ретінде құрылып, кейін оның бақылау пакетін Филадельфияның капиталистер тобы сатып алды. Ал 1928 жылы Си-Би-Эсті Уильям Пейли сатып алды. Ол "Сигары Ла Палина" фабрикасының иесі болатын. Осыған орай сәтті жарнамалар берудің арқасында аз уақыттың ішінде сигар сатудың күндік нормасы 400 мың данадан миллион данаға бір-ақ көтерілді.

Эн-Би-Си мен Си-Би-Эс барлық коммерциялық телевидениенің пайда болуын жүзеге асырған. Коммерциялық телевидениеде басты товар - уақыт болып табылады. Кешкі уақыттың бағасы таңертеңгі мен түнгі уақыттан қымбат. Жарнама беру мақсатында барлық хабар түрлері пайдаланылады. Жарнама беруші фирмалар өз жарнамалары берілетін программаның толық уақыты үшін де ақша төлейді.

Эй-Би-Си болса қазір өзінің телестанциясы санын бұрынғы 13-тен 200-ге дейін жеткізді.

Жоғарыда аталған "Үлкен үштік" өзара қатал бәсекелестікпен жүмыс істейді. 1950-ші жылдардың аяғында Голливудты телепродюсерлер иемдене бастады. Сөйтіп, жаңадан телевизиялық Голливуд пайда болды. Соның нәтижесінде алдын-ала ойластырылған көп сериялы программалар жасауға қол жетті. Мәселен, телефильмдер шығаратын "Дезило продакшн" фирмасы үнемі өсу үстінде. Ал "Мьюзик корпорейшн оф Америка" тек АКШ-та ғана емес, бүкіл жер жүзінде телевидение саласындағы ірі продюсер саналады. Оның жыл сайынғы телевизиялық өнімдерінің құны 100 миллион доллар болады.

Бүкіл АКШ телевидсниесі сауда жарнамалары негізінде өмір сүреді. Барлық хабарлар сол жарнамаға байланыстырылып отырады.

АҚШ телевидениесі көбінесе орта дәрежедегі көреременге арнап өз хабарларын дайындайды. Олардың хабар беруде оз принциптері бар. Әсіресе идеалдандырылган мақсатты көздейді. Мысалы елдің телевидениесінде 1949 жылдан бастап, үй семьясына арналған сериялар пайда бола бастады. Алайда мұндай "телевизиялық семьялық" сериялар бас-аяғы жанрлық тұрғыда жетілмеген әрі айлар, жылдар бойы бір ғана үй-ішілік көрініс декларациясынан өзгермейтін жағдайда, шұбалаңқы түрде жалғаса берді. Міне, осындай толып жатқан семьялық телесериалдар, зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, төбелес, ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы жөнінде болып келеді. Мұндай жанрдың шығарушысы мен насихатшысы, әсіресе, Эй-Би-Си болып табылады.

Осыған байланысты "радио мен телевидение программаларын жақсарту үшін күресуші ұлттық ассоциация" бақылау жасаған.

Ал мистикалық және басқа неше түрлі оқиғалар жөнінде сериалдар да баршылық. Осындай фильмдердің шебері Альфред Хичкок, Род Серлинг сияқтылардың тасы өрге домалаған кездері аз емес.

Бұлар жөнінде ой түйгенде, семьялық телесериалдардағы бітпейтін дискуссиялар, ал адам сенгісіз оқиғалы сериалдардағы бірден-бірге созылған атыстар мен қанды құрбандықтар телекөрерменді демалдырудың орнына, қайта шаршатып, көңіл-күйін төмендететінін де ескерген жөн.

Міне, кейде мөселенің осы жағын байқағандықтан ба, АКШ телестанциялары арасында Мьюзик-холл, варьете сияқты хабарлар да беріп қояды. Бірақ мұндай аздап та болса көңіл көтеретін хабарларға уақыт көп берілмейді. Бұл жанрдың жұлдызы болып саналатын - Эд Салливан. Оның хабарларын 200 адам дайындайды. Дегенмен, мұндай хабарлардың өзі бір-біріне ұқсас болып келеді.

Бұған карағанда "Джек Паардың сағаты" деп аталатын хабар өзгешелеу. Аталған хабардың жанкүйерлері де, қарсыластары да бар. Джектің хабары әртүрлі кәсіп пен көзқарастардағы адамдарды қамтитын конференция секілді болып келеді. Оның өзіндік ойы, пікірі бар. Алайда Джектің хабар жүргізу тәсілі де қызық.

Хабарды өзі бастап жүргізіп отырып, ол кейде дискуссия кездерінде әңгімелеуші адамдар келіспей қалған адамын одан әрі хабарға қатыстырмай, шығарып жібереді. Ол бульварлық баспасөзді ұнатпайды, америкалық өмір салтын таңып та қояды. Осындай әдеттегіге ұқсамайтын мінез-қылығымен Джек бәрібір өз позициясын сақтаумен келеді. Америкада Тернер ұйымдастырған "Си-Эн-Эн" телекомпаниясы қазір жер жүзіне әйгілі. Ол барлық континентке хабар береді. АҚШ-та информациялық хабарлар берумен бірнеше программа айналысады. Оның бірі - соңғы хабарлар программасы. Соңғы хабар күніне талай рет қайталанып отырады және оның ішінде саяси комментарийлер де беріледі. Екінші - "дөңгелек үстел" үстіндегі әртүрлі дискуссиялар. Үшінші - аралас программалар, мұнда студиядан берілетін дискуссия, комментарийлермен бірге, фильмдерден фрагменттер де беріледі. Бұл соңғы программа Америка телевидениесінде біраз уақыт өте кеңінен белгілі болған еді, дегенмен кейін оның орнын телефильмдер ала бастады.

"Үлкен үштіктің" әрбір мүшесінің хроникалық бюросы бар. Әр телехрониканы ондаған адам дайындайды. Кейде оған қатысушылар саны 150-200-ге дейін жетеді. Кенеттен болған тосын хабарларды беру үшін ақша да, күш те барынша жүмсалады. Хроника өте мұқият әзірленеді, өңделеді. Онда бай информация, материалдың әсерлі берілу формасы қарастырылады. Мысалы, Эн-Би-Си бұл орайда таңертеңгі 7 мен 9-дың аралығын жақсы пайдаланады. Ал сенбі мен жексенбі күндері американдықтар демалғанды ұнатады, сондықтан ондай күндері әлем оқиғаларын тыңдауды қажет етпейді. Соңғы хабарларды әйел мен ер адам аралас жүргізіп отырады. Әрбір жарты сағат сайын жаңалықтар кинокадрлармен қосарланып беріледі.

Тележурналистика жеке шолушыларға сүйенеді. Көрермендер болса телеканалдарды тыңдамайды, оның орнына озіне белгілі комментаторды қалайды, соның айтқанына сенеді. Бұл ретте әрбір белгілі комментаторлардың көрермен үшін өз орны бар.

Телевидениеде үш жақты түлға бірлесіп жұмыс істейді. Олар: телевизия дирекциясы, агенттіктер жөне финанс иелері.

Ал коммерциялық емес телевидениені АҚШ үкіметі өз мойнына алған. 1962 жылы Конгресс арнайы шешім жасап, ағартушылық телестанцияларға көмек көрсетілетін болды. Оларға сондай-ақ ірі капитал иелері мен концерндер де комектеседі. Нью-Йоркте радио мен телевидениенің ағартушы салалары үшін Ұлттык, орталық құрылған. Оны құрған әрі қаржыландырған атақты "Форд қоры" болып табылады. Ағартушылық бағыттағы телестанциялар мәдени хабарлар ұйымдастырады. Ал телевидение арқылы берілген оқушыларға арналған сабақтар да пайдалы болып есептеледі. Мәселен, оны көретін окушылардың жақсы оқитыны байқалады.

Аудиторияның зерттелу тарихы.

Журналистика саласы қашан да аудиторияны зерттеумен айналысып келеді. Аудиторияға ықпал ету, оның стереотиптерін өзгерту, қоғамдық пікір қалыптастыру мәселелерін қарастырады.

Аудиторияның талғамын, ұнамды және ұнамсыз жақтарын білу қажет. Бірақ одан бұрын, аудиторияның көлемін есептеп алу керек. Аудиторияның санын есептеген соң, жұмыстың техникалық және творчестволық дамуын жобалауға болады.

Америкада бірінші болып, бағдарламаның аудиториялық көлемін есептеген адам Арчибальд Кросспи. Ол ең бірінші зерттеуін 1929 жылы жасады. Оның зерттеу әдісі оңай болды: анықтама кітапшасынан кез-келген нөмерді таңдап алып, адамдардан бағдарлама жайлы пікірлерін сұрастырды. Зерттеудің бұл түрі “Кросспи рейтингі” деп аталды.

Америка журналистикасының дамуына үлесін қосқан келесі адам ол - Кларк Хуппер. Ол аудиторияны зерттеуге арналған фирма ашқан. “Хуппер-рейтинг” “Кросспи рейтингінен” біршама өзгешелеу болды. “Хуппер-рейтинг” белгілі орталық бағдарламаларға ғана таралған жоқ, сонымен қатар аймақтық бағдарламаларға да таралып отырды.

Дамудың келесі сатысы - аудиометрдің пайда блуы. Аудиометр, Нильсен компаниясы ойлап шығарған, аудиторияның көлемін есептеуге арналған механикалық құрылғы. Бұл құрылғы көрермен рейтингін шығару жүйесін түп тамырымен өзгертті. Аудиометр түрлі жолдармен алдыңғы екі бәсекелестің жүргізген зерттеулерінің көріністерін жинайды. Кросспи және Хуппер былайша айтқанда, адам санын есептеді. Ал Нильсен аудиометры қабылдайтын көрсетілімдер санын есептейді. Аудиометр, бұл - қабылдайтын станцияға бекітілетін құрылғы. Және де радио немесе теледидар бағытталған станцияның көрсетілімдерін қадағалайды.

Алдындағылар көрушілер мен тыңдаушыларды есептесе, Нильсен қабылдағыштың қызметін есептейді. Кросспи да Хуппер де адамдардан сауалнама жүргізді. Ал аудиометр тек қабылдағыш қосулы тұрған кезде және қай станцияға бағытталып тұрғанын ғана көрсетеді. Яғни аудиометр, кімнің бағдарламаны көріп, ал кімнің қабылдағышы жай қосулы тұрғанын көрсете алмайды.

Уақыт өте келе американдықтар аудиометрды одан әрі дамыта түсті. Басында қағаз лента қолданылса, кейіннен

16 милиметрлік плёнкілер, ақпаратты магниттік жолмен жазу, содан соң ақпаратты бірден жазып жадқа енгізетін аудиометрдің жаңа түрі пайда болды. Бұл құрылғы телефондық сымтетіктер жүйесімен ақпаратты бірден Нильсен компютеріне енгізіп отырды.

Нильсенның рейтинг жасаудан ең басты қарсыласы “Америкалық Зерттеу Бюросы” атты компания болды. Бұл компания “арбитрон” құрылғысын жасап шығарды.

“Арбитрон компани” 1958 жылдан бастап, Нильсен тобы секілді, қай арналар сұранысқа ие екендігін білу мақсатында, белгілі бір отбасылардың мониторлық жүйесіне құрылғыларын енгізді. Қабылданған ақпарат телефон сымтетіктері арқылы орталық бөлімге жіберілді. “Арбитронның” аудиометрден ең басты ерекшелігі, ол қортындыны бірден береалатын.

Бүгінгі күні Америкада рейтинг шығаратын, басты ұлттық компаниялар “Эй. Си. Нильсен” және “Арбитрон”. “Нильсен” компаниясы аймақтық және кабельдік телевиденияның рейтинг мәліметтерін дайындайды. Ал “Арбитрон” аймақтық радионың рейтинг мәліметтерін дайындайды.

Америка журналистикасының көшбасшылары

Джозеф Пулитцер. АҚШ-тағы журналистика саласындағы ең жоғарғы сыйлық Пулитцер атымен аталынады.

Австро - Венгриядан шыққан Джозеф Пулитцер 1864 жылы Америкаға қоныс аударған. Америка журналистикасында Джозеф Пулитцер есімікәсіпкер-журналистің символы ретінде ғана емес, өз тағдыры үшін күрескер ретінде сипатталады.

Азамат соғысынан кейін ашыққан солдат тұрақты жұмыс таба алмай қиналады. Қонақ үй, мейрамханалардан жұмыс тапқанымен, бірер күннен кейін шығып қалып отырады. Әбден ашыққан, тарықкан Джозеф Лунзиана штатындағы плантацияға барып жұмыс істеуді жөн керген. Жалданған жұмысшыларды тиеген кеме оларды орта жолда айдалаға қалдырып кетеді. Жұмысшылар Сен-Луисқа жаяу-жалпылап әзер жетеді. Жолда көрген азабын, тарыққан жұмысшының жан айқайын Джозеф Пулитцер «Вестлихе пошт» газетіне мақала етіп жазады. Бұл оның тырнақалды туындысы еді. Содан біраз уақыт герман тілді «Вестлихе пошт» газетінде тілші болып қызмет істейді. Ағылшын тілін жетік меңгермеген Пулитцерге жаңалықтарды алу да оңайға түскен жоқ. Әйтсе де өзінің ізденімпаз қасиетінің арқасында ақпараттарды бірінші болып іздеп тауып отырған.

1878 жылы Пулитцер өзінің «Сент-Луис пост энд диспетч» атты газетін шығаруды қолға алады. Бұл газетке осы уақытқа дейін тәжірибеге енбеген «жаңа журнализм» әдісін қолданып, «адамзаттық репортаждар» жазып, қалың бұқараның жүрегіне жол тауып жатты.

Пулитцер газет шығарумен шектелмей, саясатпен де қатар айналысып, сайлауда да бағын сынайды. Таңдайы тақылдаған шешен, қырағы саясаткер Пулитцер тобырға қалай ықпал етуді әбден меңгеріп, аудиторияны өзінің саясатына қарай ыңғайлап отырды. Пулитцер тобырда әртүрлі азаматтардың болатынын естен шығармады: сондықтан біреулеріне «оқылатын дүниелерді» ұсынса, екіншісіне «ойланатын дүниелерді» ұсынды. Бірақ осының бәрін бір өзі атқарды, бірде редактор, бірде баспагер, бірде журналист, бірде бизнес-менеджер бола білді.

Пулитцердің журналистік биографиясындағы жарқын белес оның «Нью-Йорк уорлд» (1883 жылы) газетін иеленуімен ерекшелінеді. Ол бұл басылымды «жаңа журнализмнің» айқын көрінісі ретінде шығара отырып, бір жылдың ішінде таралымын 15 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріп, ал үш жылдың ішінде 4 миллионға жеткізді.

Пулитцердің мұндай жетістікке жетуінің бір себебі - редакцияның ұстанымына байланысты болды. Ол өз қызметкерлерін «әрбір арайлап атқан таңға таңғажайып ақпарат» табуға міндеттеді. Екінші бір себебі - газетте иллюстрацияны пайдалануы еді.

Пулитцер осы тұста тұралап қалған «Сан-Франциско игзэминер» газетін қосып алады. Бұл басылымға өзінің сүйікті әдісін қолданып, «адамзат қызығушылығын тудыратын» оқиғаларды үзбей беріп тұрды.

Пулитцер Америкадағы «сарыжағал» басылымның негізін салушы, дамытушы. 1889 жылдан бастап Пулитцер «Нью-Йорк уорлд» газетінде комикстік кейіпкер сериалы картиналарын жариялай бастайды. Кейіннен бұл жанр Херст газетінің бетіне көшті.

Пулитцер газетінің бетінде динамикалык репортаж тұрақты орын алды. Пулитцер тілшілері барлық күш-жігерін салып, адам сенбес «жаңалықтар» жасады. Біреуі өтірік жынданып, жындыхана өмірін зерттесе, екіншілері жер шарын шарлап шығып, естіген адамды тандандырды.

1909 жылдың тамыз айында Пулитцер Колумбия университетінен журналистика факультетін ашуға мұрындық болып, қомақты қаржы бөлген. Сондай-ақ оның әдебиет, журналистика, музыка, театр саласыңдағы жетістіктерге тағайындаған сыйлығы 1917 жылдан бері үзбей беріліп келеді. Жыл сайын берілетін "Пулитцер сыйлығы" талай таланттың көзін ашуға себепкер болып отыр.

1911 жылдың 29 қазанында талантты журналист, белгілі саясаткер, алғашқы газет магнаты Джозеф Пулитцер 65-ке қараған шағында өмірден өтті.

Пулитцер иелігіндегі басылымдардың «құрғақ ақпаратты сулаңқырап» жіберетін қасиеттері болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Десе-дагы болмашы кемшіліктерге бола, Пулитцердің Америка журналистикасындағы орнын, еңбегін сызып тастауға да болмас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көбіне дата журналистер
Қазіргі қазақ журналистикасы
Ұлттық интернет журналистика және қазіргі журналистік зерттеулер
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Интернет журналистиканың жанрлары
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
Қазақстанның орталық Азия мен және БҰҰ мен бірлескен жұмыстары
Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс
Қазақ журналистикасының психологиясы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz