Қолма қол ақша айналымы



КІРІСПЕ

1. Қолма қол ақша айналымы
2. Қолма қол ақшасыз ақша айналымы
3. ААБЖ ақша аударымы
4. БТЖ бөлшек төлемдер
5. Еліміздегі экономикалық қатынастар қолма қолсыз қол ақшасыз есеп айырысу


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Төлем жүйесі елдің қаржы жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өтпелі кезең басталған сəттен бері төлем жүйесінің дамуына баса назар аударуда.
Төлем жүйесі тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырады, экономикадағы операциялардың құнын төмендетеді, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, қаржы рыноктарының өтімділігін жақсартады жəне монетарлық саясатты жүргізуге ықпал етеді. Соңғы жылдары экономикалық тиімділікке жəне төлем жүйесінің қаржы тəуекелдерінің барлық түрлеріне жататын мəселелерге үлкен мəн беріліп отыр.
Орталық банктер төлем жүйесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне тиімділікті жетілдіруге мүдделі. Олар ішкі төлем жүйесін дамытуда негізгі рөл атқарады жəне көп жағдайда ірі төлемдер жүйесін басқарады. Кейбір орталық банктер тікелей өз елдерінде төлем жəне есеп айырысу тетіктерін қоғамдық түсіну, сондай-ақ осындай тетіктермен байланысты түрлі мəселелерде қоғамдық мəліметтілікті жақсартуға едəуір əсер етіп отыр.
Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) жинағы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және ұлттық төлем жүйелері мен өзге төлем механизмдерінің соңғы он жылдағы даму нәтижелерін көрсетеді.
Осы жинақта төлем жүйелерін реформалау бойынша негізгі қадамдар көрсетілген, Ұлттық Банктің төлем жүйелерін қадағалау бойынша функциялары ашып көрсетілген, ұлттық төлем жүйелерінің жұмысы жөніндегі статистикалық деректер, Қазақстан банктері арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмысын және ел аумағында төлем құралдарын пайдалануды талдау берілген. Сондай-ақ төлем карточкалары нарықтары мен халықаралық ақша аударымы жүйелерінің дамуы туралы ақпарат берілген.
Төлем жүйесіне коммерциялық мақсат үшін кəсіпорындар мен тұтынушылар пайдаланатын ақша аударудың бөлшек жүйесі ғана емес, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында ақша жəне кредит рыноктарын нығайтатын ақша аударудың ірі халықаралық жүйесі де кіреді. Бағалы қағаздар жəне онымен байланысты төлемдер бойынша есеп айырысу жүйесі де – қаржы жүйесінің негізгі элементі болып табылады.
Төлем жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар нəтижесінде қазіргі уақытта Қазақстанда екі негізгі төлем жүйесі жұмыс істейді. Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жəне Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ).
БААЖ – нақты уақыт режимінде жалпы есеп айрысу жүйесі Қазақстанның Ұлттық Банкінде БААЖ пайдаланушыларының шоттарында ақша аударымдарын жүзеге асырады. БААЖ арқылы ірі жəне жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге асырылады. Жүйе операциялық күн ішінде ұлттық валютада (теңгеде) пайдаланушыларға түпкіліктілікті қамтамасыз етеді.
1. Б.Мақыш. Коммерциялық банктер операциялары. // Алматы. 2010.
1. С.Б.Мақыш. Ақша айналысы және несие. // Алматы. 2010.
2. С.Б.Мақыш, Ілияс А.Ә. Банк ісі // Алматы Қазақ университеті. 2010.
3. Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова // Алматы “Қаржы-Қаражат” 2004.
4. Президенттің жарлығы, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасының Халық Банкі туралы» Заңы от 30.03.1995г.
5. Президенттің жарлығы, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасының Банктер жүйесінің құрылымы» от 31.08.1995г.
6. Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының векселдерінің ұсынысы» от 28.04.1997г.
7. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңы от 29.06.1998г.
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Негізгі бөлімі) от 1.07.1999г.
9. «Төлем ақы мен салымдар туралы» Заң №237-13
10. «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы» Ережесі Ұлттық Банк. Алматы 2005 ж.
11. «Қазақстан Орталық Банкаралық есебімен ірі салықтарға есеп жүргізу ережесі» Алматы.
12. ҚР клирингті жүзеге асыру ережеси ҚР ҰБ ҚБЕО РМК клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесі
13. ҚР ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электрондық құжаттармен алмасу ережесi
14. ҚР аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi
15. Тіркеу куәліктерін қайта шақыру, сақтау, тіркеу, оның ішінде қағаз түрінде және тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізу ережелерін беру
16. Б.Мақыш. Коммерциялық банктер операциялары. // Алматы. 2010.
17. С.Б.Мақыш. Ақша айналысы және несие. // Алматы. 2010.
18. С.Б.Мақыш, Ілияс А.Ә. Банк ісі // Алматы Қазақ университеті. 2010.
19. Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова // Алматы “Қаржы-Қаражат” 2004.
20. ҚР ҰБ ҚБЕО РМК төлем жүйелерінде төлем құжаттарды өңдеу және қабылдау бойынша нұсқаулық

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Қолма қол ақша айналымы
2. Қолма қол ақшасыз ақша айналымы
3. ААБЖ ақша аударымы
4. БТЖ бөлшек төлемдер
5. Еліміздегі экономикалық қатынастар қолма қолсыз қол ақшасыз есеп
айырысу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Төлем жүйесі елдің қаржы жүйесінің негізгі компоненті болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өтпелі кезең басталған сəттен бері
төлем жүйесінің дамуына баса назар аударуда.
төлем жүйесі тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын
арттырады, экономикадағы операциялардың құнын төмендетеді, қаржы
ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, қаржы рыноктарының
өтімділігін жақсартады жəне монетарлық саясатты жүргізуге ықпал етеді.
Соңғы жылдары экономикалық тиімділікке жəне төлем жүйесінің қаржы
тəуекелдерінің барлық түрлеріне жататын мəселелерге үлкен мəн беріліп отыр.
Орталық банктер төлем жүйесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне
тиімділікті жетілдіруге мүдделі. Олар ішкі төлем жүйесін дамытуда негізгі
рөл атқарады жəне көп жағдайда ірі төлемдер жүйесін басқарады. Кейбір
орталық банктер тікелей өз елдерінде төлем жəне есеп айырысу тетіктерін
қоғамдық түсіну, сондай-ақ осындай тетіктермен байланысты түрлі мəселелерде
қоғамдық мəліметтілікті жақсартуға едəуір əсер етіп отыр.
Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) жинағы ел
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және ұлттық төлем жүйелері мен өзге
төлем механизмдерінің соңғы он жылдағы даму нәтижелерін көрсетеді.
Осы жинақта төлем жүйелерін реформалау бойынша негізгі қадамдар
көрсетілген, Ұлттық Банктің төлем жүйелерін қадағалау бойынша функциялары
ашып көрсетілген, ұлттық төлем жүйелерінің жұмысы жөніндегі статистикалық
деректер, Қазақстан банктері арасындағы корреспонденттік қатынастар
жүйесінің жұмысын және ел аумағында төлем құралдарын пайдалануды талдау
берілген. Сондай-ақ төлем карточкалары нарықтары мен халықаралық ақша
аударымы жүйелерінің дамуы туралы ақпарат берілген.
Төлем жүйесіне коммерциялық мақсат үшін кəсіпорындар мен тұтынушылар
пайдаланатын ақша аударудың бөлшек жүйесі ғана емес, сондай-ақ нарықтық
экономика жағдайында ақша жəне кредит рыноктарын нығайтатын ақша аударудың
ірі халықаралық жүйесі де кіреді. Бағалы қағаздар жəне онымен байланысты
төлемдер бойынша есеп айырысу жүйесі де – қаржы жүйесінің негізгі элементі
болып табылады.
Төлем жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар нəтижесінде қазіргі
уақытта Қазақстанда екі негізгі төлем жүйесі жұмыс істейді. Банкаралық ақша
аудару жүйесі (БААЖ) жəне Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ).
БААЖ – нақты уақыт режимінде жалпы есеп айрысу жүйесі Қазақстанның
Ұлттық Банкінде БААЖ пайдаланушыларының шоттарында ақша аударымдарын жүзеге
асырады. БААЖ арқылы ірі жəне жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге
асырылады. Жүйе операциялық күн ішінде ұлттық валютада (теңгеде)
пайдаланушыларға түпкіліктілікті қамтамасыз етеді.

1.Қолма қол ақша айналымы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы Бухгалтерлiк есеп
және аудит әдiстемесi департаментiнiң №4 № Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында:
Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және
инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының
келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен
қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы
жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi делiнген. Ал осы
стандарттың екiншi бабында: Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен
бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi
осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы
нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады
делiнген.
Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi
төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр
кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн
сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден
сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен
материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып
табылады.
Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және
берешек операциялар күбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы
арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке
сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп
айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:
1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп
айырысу шоттарын ;
2) Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке
алу үшiн заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) Бюджеттiк мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,
қоғамдық ұйымдарға, үндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке
тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге
корреспонденттiк шоттарды ашады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн
жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезiнде
есептеу.
2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс,
тиiмдi пайдалануды бақылау.
3) Есеп айырысу, түлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе
фирманың ақшалай кiрiстерi мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:
1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп
айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.
2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу
опрацияларын есептiк тiркелiмдерде толықтай және жедел түрде күрсету.
3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша
қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.
4) Белгiленген мерзiмдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың
жағдайына түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық
және кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн
iздестiру.
5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегi басқа шоттардағы
ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
6) Есеп айырысу – төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық құндылықтар
мен қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ несие
тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-“Кассадағы қолма-қол ақша”
бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451- “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 452-
“Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында
жүргізіледі.
“Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды
жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде
кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде
ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты
көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол
тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс
ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен
сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша
беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас
бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен
жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам
болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу
жазылады.Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі,
ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар
санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың
бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады.;
екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол
кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса
операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан
басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай
келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін
жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып,
парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды
одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы
жыртылмайды. “Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша
шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша
сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның
жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 451 – “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол
ақша” шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп
регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі
корреспонденциясы
1 451 701
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен
ақша қаражаттары
2 Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті 451 334
3 Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары кассаға 451 411
келіп түсті
4 Тауарларды сатудан қолма-қол келіп түскен ақша 451 702
қаражаттары
5 Артық тұрған материалдарды сатқаннан қолма-қол келіп 451 727
түскен ақша
6 Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы451 333
кассаға қайтарылды
7 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде 451 333
алып,жұмсамаған сомасы кассаға қайтарылды
8 Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан 451 511
қолма-қол келіп түскен ақша
9 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы 451 333,334
кассаға қабылданды
10Енщілес, тәуелді серіктестіктердің берешек сомасы 451 321-323
кассаға келіп түсті

11Кассаға банк және банктен тыс мекемелердің несиелері 451 601-603
келіп түсті
12Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан 101-106451
төленді
13Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді 401-403451
14Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны 201-208451
кассадан төленді
15Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан 811,821451
төленді
16Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді 222 451
17Кассадан есеп айырысу немесе валюталық шотқа ақшалай 441,431451
түскен түсімдер аударылды
18Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын 451 521
қайта сатудан түскен табыс кассаға қабылданды
19Акционерлер мен үлес қосушыларға есептелінген 621-622451
дивидендтер сомасы кассадан төленді
20Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы 681 451
сомасы кассадан төленді
21Субъектінің лауазымды тұлғалар алдындағы борышы 682 451
кассадан төленді
22Құнды қағаздарды сатуға байланысты шығындар кассадан 843 451
төленді
23Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан төленген сома 333 451
24Субъектінің кассасынан жұмысшы қызметкерлерге 333 451
берілген несие сомасы
25Кассадан жұмысшы қызметкерлердің 687 451
депонеттелген(уақытында алмаған) еңбекақы сомасы
төленді
26Банк немесе банктен тыс мекемелерден алынған несиелер601-603451
сомасы кассадан қайтарылды

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452 шотын
ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас
жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса
ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және
теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары
үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі
шоттар кредиттеледі:
431-“Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта
шотынан валюта түскен кезде;
301-“Алынуға тиісті қарыздар” шоты – кассаға алынған валюта
түсімінің сомасына;
725-“Бағам айырмашылығынан түскен табыс” шоты – тиісті шетел
валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам
айырмашылықтарының сомасына;
333-“Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есеп
беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредиттеледі және
мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
333-“Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты –
есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
431-“Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта
шотына өткізілген валюта сомасына;
844-“Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар” шоты – тиісті
валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам
айырмашылықтары сомасына.

2.Қолма қол ақшасыз ақша айналымы

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып
табылады. Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне
байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан турады. Ақшалай
есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды
қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп
айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде
айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің
торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің
ықпалы болады. Өйткені, банк — бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен
төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі
ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу — бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге
байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға
қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу
әдістері мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға
сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін
бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы,
яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған
болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде
және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің
жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың
мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды
ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы
келісімшарттың міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен
жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік
береді.
Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
• төлеу орны — банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды
ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
• төлеу уақыты — өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң
жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң
тыйым салынды;
• төлеушінің келісімі (акцепт) — төлеудің негізіне жатады;
• төлеу көзі — сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие,
яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
• қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану
аумағы алдын ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі
айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және
несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп
айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы
кері әсер етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру
қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы — барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай
қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау
үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі
бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың
арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы
жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен
ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі — бұл экономиканы
әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші
қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін
ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз
ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек
заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қaғидасы — нарық
субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы
еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында
бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің келісімшарттың және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін олардың материалдың
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.
Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде
көрінеді.
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен Қазақстан
Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу
және жабу тәртібі туралы № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем
операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы
байқалады, себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында
төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел
экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың
мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі;
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы — шаруашылық несиелік сақтандыру
шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында
көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының
төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген
мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе
болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері
төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып,
өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген
қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара
алады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем
түрінде;
• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем
тапсырмасы арқылы;
• сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін —
қарыздың міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие
жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер — бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер — бұл көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер — бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік
немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы — бұл алдындағы мерзімділік
қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде
болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде
және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара
ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық
өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік
қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы
ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары
жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады
(оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді
кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға
қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта
түседі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған
қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың
біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қaғидалары — бұл қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.

3.ААБЖ ақша аударымы
2007 жылы Aқша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ) мен Банкаралық
клирингжүйесіарқылы жасалған төлемдер саны 23 598.7 мың трансакция құрап,
бұл төлемдердің сомасы 143 454.4 млрд. теңге болды. 2006 жылмен
салыстырғанда төлемдер саны 2.5%-ға төмендеді, ал төлемдер сомасы 51.5%-ға
артқан.

Бұл ретте, ААБЖ–сі арқылы жасалған төлемдерге 2007 жылда еліміздің төлем
жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 36.1%, ал төлемдер көлемінің
98.4% келеді. Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жасалған төлемдерге,
сәйкесінше төлемдер санының 63.9%, ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің
1.6% келеді.

ААБЖ

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ААБЖ-і қатысушыларының саны 49
болып, оның ішінде:

· 34 екінші деңгейлі банктер және Қазақстанның Даму Банкі АҚ;

· Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті;

· 6 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

· Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық (3 шот ашылған);

· Мемлекетаралық Банк;

· Евразиялық даму банкі;

· ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорыныңБанк-Кастодианы
(ҚРҰБ МОЕБ).

2007 жылы ақша аударымдарының банкаралық жүйесі арқылы сомасы 141 148.5
млрд. тенге құрайтын 8 507.8 мың трансакция жасалған. 2006 жылмен
салыстырғанда төлемдер саны 2.6%-ға артты, ал төлемдер сомасы 52.1%-ға
артты.

2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылда байқалып отырған ААБЖ-гі төлемдер
көлемінің артуы келесідей операция түрлері бойынша төлемдер көлемінің
артуымен байланысты болды: ҚР резиденттерінің бағалы қағаздармен
операциялары – 61.9%-ға, шетел валютасы мен бағалы металдар бойынша
операциялар - 3.2есе. Сондай-ақ, тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша
төлемдер (32.4%-ға), бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін
төлемдер (42.7%-ға) көлемінің артуы да байқалады.

Төлемдердің орташакүндік саны 34.0 мың трансакция болып, сомасы 564.6 млрд.
теңге құрады. 2006 жылмен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік санының
0.7 мың құжатқа (2.2%-ға), сондай-ақ төлемдердің орташа күндік сомасының
192.0 млрд. теңгеге (51.5%-ға) артуы байқалады.

Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2007 жылда 16.6 млн.тeңге құрап, 2006
жылмен салыстырғанда 5.4 млн. теңгеге (48.3%-ға) артқан.

2007 жылда жүйеде жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар
топтары бойынша мәліметі 1 және 2 Кестелерде келтірілген.

4. Банктер арасында және банктер мен банктік операциялардың белгілі түрін
жүзеге асыратын ұйымдар арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы
төлемдер мен ақша аударымдары

2007 жылда тікелей корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер өткен банктер
саны 26-ға жетті.

2007 жылы банктердің корреспонденттік шоттар арқылы 2 207.9 млрд. тенге
сомасына төлемдер жүргізілді (жалпы төлемдер сомасының 1.5% БААЖ мен
банктік клиринг арқылы жүргізілді), 2006 жылмен салыстырғанда төлемдер
көлемінің 51.3%-ға (немесе 748.6 млрд. теңгеге) өскені байқалады.

2007 жылы төлем аударымдарының саны 5 650.2 мыңға жетті, ал 2006 жылда
олардың саны – 4 697.5 мыңды құраған. Төлемдер санының 20.3%-ға (немесе
952.7 мыңға) өсуі байқалуда.

2007 жылы тікелей корреспонденттік шоттар арқылы өткен бір төлемнің орташа
соммасы 390.8 мың теңгені құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 25.8% өскен
(немесе 80.1 мың теңгеге).

Әр тоқсан бойынша тікелей корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған
төлемдер ағымы.
(мың транз., млрд.тенге)

4.БТЖ бөлшек төлемдер
Банктердің өтімділігінің тәуекелдерін басқаруының және жүйенің
мониторинг механизмдерінің жетілдіруіне алып келген 2000 жылы Банк аралық
Ақша Аудару Жүйесін ендіруі (бұдан әрі – БААЖ) Қазақстан төлем жүйесі
дамуының келесі кезеңі болып шықты.
Қазақстандағы әрбір төлем жүйесі жұмыс істеуінің өз ерекшелігі бар
және нарықтың белгілі бір бөлігіне бағдарланған. Елдің жүйелік маңызы бар
төлем жүйесі БААЖ-да төлемдері есептеу нақты уақыт режимінде жүзеге
асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге келіп түскеннен кейін дереу
бірнеше секунд ішінде есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерін
қоспағанда аптаның барлық күнінде жұмыс істейді.
БААЖ-ның операциялық күні сағат 9:00 басталады. Ұлттық Банк
операциялық күн басталар алдында пайдаланушылардың төлем тапсырмалары
негізінде олардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарынан Ұлттық
Банктегі БААЖ-ның арнайы шотына ақша аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте
пайдаланушымен жасалған шарт бойынша ақша аударымдары тұрақты қолданылатын
төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырыла алады, бұл тапсырма пайдаланушы
оның күшін жою туралы жазбаша нұсқау бергенге дейін қолданылады. Әрбір
пайдаланушы бойынша аударылған ақша сомасы туралы ақпаратты Ұлттық Банк
ҚБЕО-ға жібереді. ҚБЕО осы ақпараттың негізінде БААЖ-ның шотынан сомаларды
ҚБЕО-дағы пайдаланушылар позициясында көрсетеді және осы сәттен бастап
операциялық күн басталады.
БААЖ операциялық күн ішінде нақты уақыт режимінде қайтарымсыз және
түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз етеді. БААЖ-ға ақша аудару
пайдаланушының Ұлттық Банктегі БААЖ шотына олар аударған ақша сомасы,
сондай-ақ БААЖ басқа пайдаланушыларынан түскен ақша сомасы шегінде жүзеге
асырылады.
БААЖ мынадай схема бойынша жұмыс істейді. Кепілгер Банк (А Банкі) БААЖ-
ға ақша аудару туралы хабарлама (электрондық төлем тапсырмасы түрінде)
жібереді. БААЖ хабарламада көрсетілген ақша сомасының ҚБЕО-дағы
пайдаланушының позициясы бойынша ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді.
Жүйе пайдаланушының позициясында ақша сомасы жеткілікті болған кезде ақшаны
аударады және Кепілгер Банк (Банк А) оның шотын дебеттеу туралы және
Бенефициар Банкті (Б Банкі) оның шотын кредиттеу туралы хабардар етеді.
Төлемді жүзеге асыру үшін ақша жеткіліксіз болған жағдайда төлем
құжаты кезекке қойылады. Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдық кодтарына
сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шегінде төлем құжаттарын орындау олардың
кезекке келіп түсу тәртібімен FIFO қағидаты бойынша (кіріске бірінші,
шығысқа бірінші) жүзеге асырылады. Жүйенің пайдаланушылары төлем құжаттарын
орындаудың кезектілігін белгілеуге және ауыстыруға құқылы. Бұған қоса,
пайдаланушылар кезекте тұрған төлем құжаттарын қайтарып ала алады. Осыған
байланысты, пайдаланушылардың жүйедегі шотына басқа пайдаланушылардан ақша
келіп түскеннен кейін БААЖ кезекте тұрған осы пайдаланушының-алушының
төлемдерін өткізу мүмкіндігін тексереді.
Операциялық күн ішінде пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша
орындалған төлемдер туралы, кезекте тіркелген төлем құжаттары туралы
пайдаланушының жүйедегі ақша қалдығы туралы ақпаратты береді. Сондай-ақ
БААЖ-де Бөлшек төлемдер жүйесі клирингінің нәтижелері бойынша
қалыптастырылған пайдаланушылардың таза позицияларын аудару жүзеге
асырылатындығын атап айту қажет.
Операциялық күнді жабу сағат 19:00 жүзеге асырылады. Алайда жүйені
пайдаланушының өтінімі бойынша Ұлттық Банк операциялық күнді ұзарта алады.
БААЖ операциялық күн аяқталғаннан кейін жүйенің әрбір пайдаланушысына
операциялық күнді аяқтайтын құжатты қалыптастырады. Бұл ретте Ұлттық Банк
пайдаланушылардың позицияларымен сальдоның электрондық ведомосын жібереді.
Ұлттық Банк осы ведомості тексереді және тексеру нәтижелері туралы ҚБЕО-ға
хабарлайды, бұдан кейін Ұлттық Банк Ұлттық Банктегі БААЖ шотынан позициялар
сальдосы сомасындағы ақшаны осы пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған
шотына аударуды жүзеге асырады.
БААЖ-да әрбір төлемді жеке есептеу жүзеге асырылатынын ескере отырып,
және тиісінше техникалық ресурстар көбірек пайдаланылады, бұл жүйеде төлем
құжаттарын өңдеуге неғұрлым жоғары тарифтер белгіленген (3-кесте)[18].

Кесте 6. БААЖ-да бір төлем құжатын өңдеуге арналған тарифтер
Төлемді өңдеу уақыты Құны, теңге
сағат 8-00 - 13-00 аралығында 57-00
сағат13-00 - 19-00 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналымы туралы түсінік
Ақша айналысының құрылымы
Ақша айналымы және құрылымы
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
Ақша айналысының эволюциясы
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақша айналымы және ақша агрегаттарының динамикасы
Пәндер