Валюталық жүйе және валюталық қатынастар туралы
Кіріспе
8.10
I Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
1.1 Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы. 11.19
1.2 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жолдары.
19.23
1.3 Валюта бағамдары өзгерiсiнiң экспорт пен импорттың көлемiне әсерi.
23.26
II Валюталық нарық және валюталық операциялар.
2.1 Валюталық нарық және валюталық бағам олардың
Экономикаға әсері. 26.47
2.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты.
47.53
2.3 Валюталық реттеу. 53
2.4 Комерциялық банктердің валюталық операциялары.
54.65
III Валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері
3.1 Валюталық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасының валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы.
65.71
3.2 Қазақстанның қолданылып жүрген валюталық заңнамаға сәйкес валюталық реттеу органы белгілейтін валюталық операцияларға қойылатын шектеулер.
71.74
3.3 Қазақстандағы валюталық операцияларға ұсынылып отырған шектеулер жүйесі.
74.76
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
77.78
79.80

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің жаңаша қызмет етуін талап етеді.
Бүгінгі күні экономиканың басты элементi - валюталық нарық. Валюталық нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық нарық – экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталық түсiм алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахт, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Бұл дипломдық жұмыстың өзіндік ерекшелігі – валюталық нарықтың қызметін ұйымдастыру, реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады.
Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы шешімін күтіп тұрған келесі бір мәселе - бұл валюта нарығына байланысты арнайы заңдылықтар мен нормативтік актілердің , сондай-ақ ережелердің , нұсқаулардың , жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі валюта нарығының механизмінің осы уақытқа дейін қолданып келген валюта нарығының механизмінен мүлде айрықша деп айту қиын.

1. С.Сейітқасымов “Ақша , Несие , Банктер” Алматы 2001 ж. Экономика.
2. М.С.Саниев “Ақша , Несие , Банктер” Алматы 2001
3. Қ.Қ. Ілиясов,С.Құлпыбаев “Қаржы” Алматы 2005 ж. Экономика.
4. Майдан-Әли Байгесйев “Халықаралық экономикалық қатынастар”Алматы Санат 1998ж.
5. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары», «Ақша айналысы және несие» Оқу құралы / Алматы: Қазақ университеті, 2000 – 2002.
6. Балабанова И.Т. «Банки и банковское дело» / Питер, 2001.
7. Лаврушина О.И. «Банковское дело» Москва, “Финансы и Статистика”1999ж
8. ҚР-ның ҰБ-нің валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы.
9. Банк жүйесінің орташа активтеріне (екі жылда) сыйақы алуға байланысты кіріс көрсеткіштерді Ұлттық Банк есептеген
10. Индекстің төмендеуі ұлттық валютаның нақты құнсыздануын білдіреді
11. Индекстің өсуі ұлттық валюта бағамының көтерілуін білдіреді
12. Индекстер алдыңғы 3 жылдық кезеңнің үлес салмағы пайдаланыла отырып, кеден статистикасының деректері негізінде есептелген
13. Қазақстанның МБҚ-ның проценттік ставкалары өткен кезең үшін жылдық есептеуде долларға қарағанда теңге бағамының өзгеру қарқынына қарай түзетілді.
14. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер», «Валюталық қатнастар» Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000.
15. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары», «Ақша айналысы және несие» Оқу құралы / Алматы: Қазақ университеті, 2000 – 2002ж.
16. «ҚР – дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
17. ҚР Ұлттық банктің 2004 -2005 жылға арналған ақша – несие саясаты.
18. ҚР Ұлттық банктің 2005 -2006 жылға арналған ақша – несие саясаты.
19. «Қаржы лизингі» туралы ҚР заңы. 5.07.2000
20. Смагулова А. «Лизинг» Уч. Пособие / Алматы: Балауса, 1996 – 176 б.
21. Журналы: «Банки Казахстана» №1,2,6,7,8,11; «Вестник КазНу» 2003 -2004.
22. Усоскин В.М. «Современный коммерческий банк: управление и операции» / М: Антидор, 1998.
23. Маркова О.М. «Коммерческие банки и их операции» / М: Банки и биржи, 1995.
24. «Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг» Учебное пособие/ Алматы: Ирбис, 2000.
25. Е.Н.Нәбиев “Халықаралық экономикалық қатынастар”. Астана 2001- б. 49.
26. Д.М.Мадиярова”Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауiпсiздiк”. Алматы “Экономика” 1997ж. 31-б.
27. Е.Ф.Авдокушин. Международные экономические отношения: учебник. –М.Юристь 1999.-386с.
28. Статистическое обозрение Казахстана №1-1999./Гл. ред. Ж.А.Қулекеев. – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2000.
29. Н.Қ.Мамыров, Д.М. Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева. Алматы “Экономика” 1998ж
30. Голубович А.Д , Кулагин М.В и др. Валютные операцы в коммерческих банках М: 1999г.
31. Международные валютно-финансовые отношении Учеб.под. ред. проф. Л . Н. Красавиной М: Финансы и статистика 2000г.
32. Носкова И.Я Валютно-финансовые операции Москва 1998г.
33. Настольная книга валютного диллера М:Вебра,1992 г.
34. Пискулова Д.Ю Теория и практика валютного дилинга.Прикладное пособие М: 1995г.
35. Родэ З№ Банки,Биржи и валюты современного капитализма М:Финансы и статистика 1986г.
36. Валюталық реттеу туралы №54-1 2471271996 ж.ҚР-ның заңы толығымен өзгертілген.
37. ҚР-ның Валюталық операцияларды жүргізу ережесі 24.11.1994 ж. ҚР ҰБ-мен бекітілген
38. ҚР-ның Валюталық операцияларды жүргізу туралы 11.12. 2006 ж. қаулысы

Мазмұны
Кіріспе 8-10
I Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
1.1 Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы. 11-19
1.2 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
жолдары. 19-23
1.3 Валюта бағамдары өзгерiсiнiң экспорт пен
импорттың көлемiне әсерi. 23-26
II Валюталық нарық және валюталық операциялар.
2.1 Валюталық нарық және валюталық бағам олардың
Экономикаға әсері.
26-47
2.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты.
47-53
2.3 Валюталық реттеу. 53
2.4 Комерциялық банктердің валюталық операциялары.
54-65
III Валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері
3.1 Валюталық реттеу жүйесі. Қазақстан
Республикасының валюталық режимді ырықтандыру
бағдарламасы. 65-71
3.2 Қазақстанның қолданылып жүрген валюталық
заңнамаға сәйкес валюталық реттеу органы белгілейтін
валюталық операцияларға қойылатын шектеулер.
71-74
3.3 Қазақстандағы валюталық операцияларға ұсынылып
отырған шектеулер жүйесі. 74-76
Қорытынды 77-78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79-80
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі,
қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің жаңаша
қызмет етуін талап етеді.
Бүгінгі күні экономиканың басты элементi - валюталық нарық. Валюталық
нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық
нарық – экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық
тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық
саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем
айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға
бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда,
көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер
бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр
валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен
сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталық түсiм алған
экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан
алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен
қызметтерi үшiн фрахт, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия
түрiнде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент
төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға
мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық
капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы
өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Бұл дипломдық жұмыстың өзіндік ерекшелігі – валюталық нарықтың қызметін
ұйымдастыру, реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың нарықтық
экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан
Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады.
Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы шешімін күтіп тұрған келесі
бір мәселе - бұл валюта нарығына байланысты арнайы заңдылықтар мен
нормативтік актілердің , сондай-ақ ережелердің , нұсқаулардың ,
жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың
ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі валюта нарығының механизмінің осы уақытқа дейін қолданып келген
валюта нарығының механизмінен мүлде айрықша деп айту қиын. Дегенмен де ,
қазіргі валюта нарығының механизімінің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері
болуға тиіс.
Сондай - ақ валюталық нарық механизмін жетілдіру жолдарын қарастыра отырып
яғни валюталық нарық механизмі негізінде валюталық қатынасқа қатысушылардың
объективтік экономикалық мүдделерінің : бір жағынан шетел инвесторларының,
және екінші жағынан мемлекет мүдделерінің жататындығын, валюталық нарық
механизмінің жетістіктермен қызмет етудің өзі осы мүдделерді қамтамассыз
ететіндігін әрдайым естен шығармаған дұрыс.Керісінше жағдайда , яғни
валюталық қатынас қаншалықты субъективтік тұрғыда ұйымдастырылған болса ,
соғұрлым олар инвесторлар мен мемлекет объективті экономикалық мүдделеріне
аз сәйкес келіп , соғұрлым валюталық нарық механизмі қызметінің нәтижесі
төмен болады.
Қазіргі валюта нарығы және оның қызмет етуін жетілдіру барысындағы орын
алатын шешімін таппай отырған сұрақтардың бүгінгі күнге дейін , отандық
ғылыми жұмыстарда жеке зерттелмей келуі , бұл диплом жұмысының тақырыбын
таңдап алуыма себеп болды.
Валюталық нарықтың қызмет етуіндегі мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-
білу , қазіргі валюталық нарықтың бүгінгі күн талаптарына қаншалықты жауап
беретіндігі туралы өзекті мәселелер , өз кезегіндегі диплом жұмысының
мақсаты және басты міндеттерін анықтап отыр.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының валюталық нарығы және
валюталық операциялары
Дипломдық жұмысымның мақсаты нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін
валюта нарығының мазмұны мен құрлымдық элементтеріндегі өзгерістерді
сипаттай отырып , Қазақстан Респуликасындағы ваюта нарығының тәжірибелері
мен даму ағымына талдау жасау , сондай-ақ қазіргі валюталық жүйесін
жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді :
• Қазіргі валюта нарығының тұжұрымдамасын ұсыну;
• Қазіргі валюта нарығының құрлымдық элементтерін және өзіндік
ерекшелігін зерттеу;
• Валюта нарығына теориялық тұрғыдан баға беру;
• Әлемдік тәжірибедегі валюталық нарықтың ерекшеліктерін оқып-
үйреніп , олардың тиімді жақтарын ұсыну;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық тәжірибелеріне және
даму ағымына талдау жасау;
• Валюталық жүйені талдау;
• Қазіргі валюта жүйесінің жетілдіру жолдарын анықтау және оларды
тиімді бағалау.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізінде қазіргі кездегі
отандық және шетелдік экономистердің валюталық нарықта орын алатын
мәселелер туралы және валюталық қатынастар экономиканың дамуындағы рөлін
сипаттайтын зерттеулері пайдаланылады.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Респуликасы Ұлттық
банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері ,
нормативтік құжаттары , Қазақстан Респуликасындағы валюталық нарық туралы
жылдық есеп деректері және валюталық нарыққа байланысты түрлі жобалар,
түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ
валюталық нарықтың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік
басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі , жұмыстың мақсаты мен
міндеттері зерттеу объектісі мен зерттеу заты берілген.
Бірінші бөлімде, валюталық жүйе түсінігі және валюталық жүйенің тарихи
тұрғыдан дамуы, валюталық қатынас, оның экономикаға әсері туралы айтылады.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының валюталық саясаты, валюталық
нарықтар түрлері қарастырылған. Сонымен қатар онда валюталық тәуекелдер
және оларды реттеу әдістері жазылған
Үшінші бөлімде,– Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық қызметтін
ұйымдастыру және реттеу механизмі, Қазақстан Республикасының валюталық
заңнамалары, валюталық реттеу, валюталық бағам режимін реттеу туралы
айтылады.
Ал қорытынды бөлімде валюталық нарықтың жаңа перспективалары мен даму
жолдарын көрсетемін.Сонымен бірге зерттеулердің нәтижелері мен валюта
нарығы тұрғысында туындайтын ұсыныстар айтылады.
І Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
1. Дүниежүзілік валюталық жүйе эволюциясы.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет-аралық келісім-
шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу
формасы.
Валюталық жүйе үш түрге бөлінді:
• Ұлттық валюталық жүйе
• Дүниежүзілік валюталық жүйе
• Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан. Ұлттық валюталық
жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне
қажетті валюталық ресурстарды құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін
экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз
байланысты.Дүниежүзілік валюталық жүйе ХIХ ғасырдың ортасына таман
құрылған.
Дүние жүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие – қаржы
институттары мен қаржы құралдарының қызмет етуін қамтамассыз ететін
халықаралық келісімшарттар мен мемлекет аралық құқықтық нормалар кешенін
қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен
тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келу
дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып
келеді.
Ұлттық және дүние жүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен
айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтерін 1-ші кестеден
көреміз.
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
Ұлттық валюта. 1. Резервтік валюталар
Ұлттық валютаның алмастыру шарты 2. Валюталардың өзара алмастыру
шарты
Ұлттық валюта паритеті 3. Валюталық паритеттің ортақ режимі
Ұлттық валюта бағамының режимі 4. Валюталық бағамдар режимінің
регламентациясы
Валюталық шектеудің, валюталық 5. Валюталық шектеуді мемлекетаралық
бақылаудың болуы немесе болмауы. шешу

Елдің халықаралық валюта өтімділігін6. Халықаралық валюталық өтімділікті
ұлттық реттеу мемлекетаралық реттеу
Халықаралық несиелік айналыс 7. Халықаралық несиелік айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу құралдарын пайдаланудың ережелерінің
біртұтастығы
Елдің халықаралық есеп айырысуларын 8. Халықаралық есеп айырысудың
регламенттеу негізгі формаларының біртұтастығы
Ұлттық валюталық нарық пен алтын 9. Дүниежүзілік валюта нарықтар мен
нарығының режимі алтын нарықтарының режимі
Елдің валюталық қатынастарын 10.Мемлекетарлық валюталық реттеуді
басқаратын және реттейтін ұлттық жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар
ұйымдары
Ескерту: Ғ.С.Сейітқасымов “Ақша, Несие, Банктер” Алматы 2001 Оқу құралы.
Кесте 1 - Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша
бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне
негізделеді[1].
Резервтiк валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшiн валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық қызмет ететiн, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргiзуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердiң
айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтiк валюта мәртебесiн алудағы алғы шарттар:
дүниежүзiлiк өндiрiсте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердiң билiк
ету позициясы;
жоғары тиiмдi байланыс жүйесi бар несиелiк-банктiк
мекемелердiң дамыған торабы;
басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететiн, халыкаралық
айналымдағы валютаның еркiн айналымдығы және валюталық шектеудің
болмауы.
Резервтiк валюта мәртебесi эмитент-елдiң экономикасына белгiлi бiр
мiндеттемелердi жүктейдi: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттiгi, сауда және валюталық шектеулердiн болмауы, девальвация
жүргiзбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтiк дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшiн төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзiмсiз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкiндіктерi түрiнде бiр қатар артықшылықтар бередi.
Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негiзi болып табылатын және
заңды түрде бекiтiлетiн екi валюта арасындағы шектi қатынасты бiлдiредi.
ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негiзiнде белгiленеді.
Ұлттық валюталық жүйенiң шегiнде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу
объектiсi болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни
валюталық шектеу енгiзiлуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен мiндеттемелердi мемлекеттiк реттеумен
байланысты бейнелейтiн және жекелеген елдiң немесе барлық елдердiң төлем
қабiлетiн сипаттайтын – халықаралық өтiмдiлiк валюталық жүиенiң элементi
болып табылады. Халықаралық валюта өтiмдiлiгiнiң құрылымына шетел валютасы,
алтын, халықаралық валюталық қатынастағы резервтiк позиция, СДР және ЭКЮ-
дағы шоттар кiреді.
Халықаралық несиелiк құралдарды пайдалану ережелерiнiң регламенттелуi және
халықаралық есеп айырысулар жүйелiк халықаралық нормаларға (Женева
вексельдiк және чектiк конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады[1].
Валюталық жүйенiң институтционалдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық
деңгейлерде реттеледi.
Европалық валюталық жүйеге мүше елдер халықаралық валюталық қорға
қарама-қарсы (МВФ), өзiнiң мемлекетаралық валюталық реттемелеу
органын кұрды. Европалық валюталық институт. Оны мүшелiгiне 12 орталық
банктiң басқарушылары кiредi.
Европалық Одаққа мүше елдердiң жайғасымын әрi қарай нығайту мақсатында,
1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап айналымға "Евро" деп аталатын - европалық
валюта шығарылды. Ќәзірге ол 11 мүше елдiң арасында қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуға қолданылды, ал, 2002 жылдан бастап қолма-қол есеп айырысуға
қолданылады. Қазiргi кезде "Евро" мен доллар, дүниежүзiлiк майданда
жетекшiлiк етуге таласуда.
Шаруашылық тұрмысты интернационалдандырудың өрiсiне қарай ұлттық және
Халықаралық валюта жүйелерi құрылады. Алдымен тарихи үйлестірiлген және
ұлттық заңдармен бекiтiлген ұлттық валюта жүйесi пайда болды. Ұлттық валюта
жүйесi тәуелсiз, ұлттық шеңберден шығатын болса да, ұлттық ақша жүйесiнiң
негiзгi құрамы.
Қазiргi ұлттық валюта жүйесi мынандай элементтердi қосады:
- Валютаның аты (теңге, рубль, доллар, марка т.т.).
- Шетелдердiң валютасына айырбастау жағдайлары. Бұл мағынада мынандай
бөлектену бар:
а)еркiн айырбасталымды валюта. Мұндай валюталар кез келген басқа елдiң
ақшасына еркiн айырбасталынады. Оларға Американың доллары,
Немiстiң маркасы, Жапонның иенi, Француздың франкасы, Англияның
фунтстерлингi кiредi;
б) жартылай айырбасталымды валюталар (ел iшiнде ғана айырбасталымды
валюта, рубль, теңге т.б.);
в) айырбастауға жатпайтын валюталар (жабық валюталар).
- валютаның тепе-теңдiгiнiң тәртiптемесi - екi валютаның ара қатынасы;
Ақша бiрлiгiндегi алтынның мөлшерiне негiзделген алтын тепе-теңдiгi Батыс
Европада 70 жылдардың (өткен ғасыр) ортасында, Ресейде - 1992 ж. жойылған.
Ендi, Халыкаралық валюта қорының жарғысына сәйкес валютаның тепе-теңдiгi,
алтынмен емес, СДР - (арнаулы өзара қарыз құқықтары) мен немесе басқа
Халықаралық валюта бiрлiгiмен белгiленедi.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап, валюталық қоржын негiзiндегi, тепе-
теңдiк пайдаланылды. Бұл, бiр ақшалық бiрлiктiң орташа бағамын, белгiлi бiр
топ валюталардың жиынтығымен өлшейтiн әдiс. Мысалы, СДР валюта қоржынына
жоғарыда келтiрiлген 5 еркiн айырбасталымды валюталар кiредi және оның
iшiнде Америка долларының үлесi — 40%, Немiс маркасының үлесi - 21%, Жапон
иенiнiң үлгiсi - 17% т.с.с.
— Валюталық бағамның тәртiптемесi. Бұл мағынада валютаның "тiркелген",
және "еркiн құбылмалы" деген екi түрлi тәртiптемесi бар. Бiрiншi тәртiптеме
бойынша, ұлттық валютаның бағамы басқа бiр елдiң валютасына бекiтiледi.
Бiрақ бұл тәртiптемемен анықталған бағам не былай, не былай ауытқуы мүмкiн.
Мысалы, европалық валюта жүйесiнде, 12 валютаның бағамы, орталық бағамнан
+15% ауытқуына жол берiледi. Сондықтан, бұл тәртiптемеде орталық (ұлттық)
банктер жоғарыда келтiрiлген шектен шығып кетпес үшiн, валюталық
басқыншылық жасап, ұлттық валютаның бағамын бiр қалыпта ұстауға тырысады.
Осындай тәртiптеме, Қазақстанда 1999 ж. 5 сәуірiне дейін қолданылды.
Қазақстан Ұлттық банкiсi сол кезде, 1998 ж. Ресейде орын алған опырылудың
Қазақстан экономикасына тигiзетiн әсерiн жоққа шығару үшiн, теңгенiң
бағамын төмендетпеу үшiн, 600 млн. артық доллар шығарды (теңге сатып алды),
ал бұл сол кездегi елдiң алтын-валюталық резервiнiң 13 бөлiгi болатын.
Екiншi тәртiптемеде (еркiн құбылмалы) ұлттық валютаның бағамын сұраным мен
ұсынымға байланысты нарық анықтайды. Қазақстан мұндай тәртiптемеге 1999ж. 5
сәуірiнде ауысты. "Осының нәтижесiнде инфляцияның деңгейі төмендей бастады,
елдiң төлем балансының ағымдағы шотында айтарлықтай оң сальдо шықты, алтын-
валюталық активi өстi, ұлттық ақшаның
бағамы тұрақтады, банк саласы нығайды"— деп жазыпты, "Кешкi Алматы"
газетi, 2001 жылдын 11 көкек күнгi санында (авторы Асқар Баянов).
* Валюталық шектеудiң барлығы немесе жоқтығы. Дәстүр бойынша мұндай
шектеудi экономикасы тұрақтамаған елдер енгiзедi. Қазақстанда бұл жөнiнде
арнаулы заң қабылданған.
* Елдiң Халықаралық валюталық өтiмдiлiгi. Бұл ұғымға елдiң алтын-валюта
резервi, СДР-шоты, ЭКЮ және Халықаралық валюталық қордағы (МВФ) резервтiк
жайғасымы кiредi. Өйткенi, олар елдiң алған мiндеттемелерiне
жауаптылық қабiлетiн суреттейдi. Бұл жөнiнде де Қазақстанның жағдайы оңалып
келедi. Мысалы, 1999 ж: көкек айында елдiң халықаралық резервi 1.600 млн.
доллар болса, 2001 жылдьң басында ол 2095,8 млн. долларға жеттi (өсiм 30%-
тен артық).
* Халықаралық несиелiк айналым құралын және халықаралық, есеп
айырысудың нысандарын реттемелеу;
* Халықаралық қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды реттемелеу;
* Халықаралық валюталық және несиелiк қатынастарға қызмет көрсетiп, оларды
жөнге келтiрiп отыратын ұлттық органдардың Орталық (Ұлттық) банк,
мемлекеттiк қазына, биржалар, валюта нарғы т.б.) мәртебелері.
Ұлттық валюта жүйесiн ұйымдастыру тәртiбiн занды түрде мемлекет бекiтетiн
болғандықтан, бұл жүйе бiршама дербестелiнiп, ұлттық шаруашылықтың жұмыс
iстеуiне қолайлы жағдай жасау мақсатына бағынады.
Дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстарының көбеюiне байланысты, дүниежүзiлiк
нарықтың өсу негiзiнде және мемлекетаралық келiсiмдер мен бекiлген
Халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру нысаны — дүниежүзiлiк валюта
жүйесi пайда болды. Ол дүние жүзiлiк қоғамдастықтың ғаламдық мақсатын
көздейдi, оған қатынасатын елдердiң мүддесiне бейiмделген және оның жұмыс
iстеуiн, ерекше тетiктерi бар.
Ұлттық валюталық жүйе, дүниежүзiлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Бiрақ мұндай екi валюталық жүйенiң өзара байланыстығы олардың бiрдейлiгiн
көрсетпейдi. Өйткенi, олардың мақсаттары, жұмыс iстеуi, оны реттеу
тәсiлдерi, әр елдiң экономикасына және дүние жүзiлiк шаруашылыққа әсер ету
жағдайлары өзгеше.
Ұзақ жылдар бойы өсiп, өркендеудiң нәтижесiнде, дүние жүзiлiк валюта
жүйесiнiң мынандай негiзгi элементтерi құралды:
Дүниежүзiлiк ақшаның атқарымды нысандары (алтын, резервтiк валюталар,
Халықаралық валюталық шот бiрлiгi);
* Өзара валюта айырбастаудың жағдайларын реттемелеу;
* Валютаның тепе-тендiгi мен валютаның бағамдарын бiрегейлендiру;
- Валюталық шектеудiң көлемiн реттемелеу (Халықаралық валюта қорының мүше
еддерден, валюта құндығы мен жасайтын операцияны шектеудi, белгiлi кезенде
тоқтату жөнiндегi талабы);
Халықаралық валюта өтімдiлiгiнiң құрамының құрамдас бөлiктерiн
реттемелеу. (Мысалы, 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта бiрлiгi—
СДР енгiзiлдi; 1979 жылдан Европалық валюталы бiрлiгi — ЭКЮ енгiзiлдi;
1999 жылдың басынан Евро бiрлiгi енгiзiлді);
Халықаралық несиелiк айналым құралын пайдалану тәртiптерiн, (вексельдер,
шектер т.б.) және Халықаралық есеп айырысу нысандарын бiрегейлендiру;
* Дүниежүзiлiк алтын және валюта нарықтарының тәртiптемесi;
- Халықаралық валюта қорының мәртебесi.
Дүниежүзiлiк валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы, оның
құрылысын тұрғызу кағидалары мен дүние жүзiлiк шаруашылықтың құрылысын
түрғызу қағидаларының, дүние жүзiлiк майдандағы күштiң орналастырылуына
және алдыңғы қатардағы еддердiң мүдделерiне сәйкестiгiне байланысты. Егер,
осы қағидалар бiрiмен-бiрi сәйкеспей қалса, дүниежүзiлiк валюталық жүйе
дүркiн-дүркiн дағдарысқа ұшырайды, ал ол iстеп жүрген валюталық жүйенiң
құлауына, сөйтiп жаңа валюталар жүйесiнiң пайда болуына апарып соғады.
Бірiншi дүние жүзiлiк валюта жүйесi, алтын-валюталық үлгiде, 1867 жыл
Парижде өткен, сол кездегi алдыңғы қатардағы елдердің маслихатында,
мемлекетаралық келiсiммен занды түрде рәсiмделдi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде және одан кейiнгi жылдарда орын алған
валюта дағдарысы, екiншi дүниежүзiлiк валюталық жүйе кұруға әкелдi ол, 1922
ж. Генуэсте өткен халықаралық экономикалық маслихатқа қатынасқан еддердiң
келiсiмiмен рәсiмделдi. Бұл жүйеде алтын девиздiк үлгiде негiзделдi және
ресiмделiнген қаланың атымен Генуэс валюта жүйесi деп аталып кеттi.
Өткен ғасырлардың 20 жылдарынан бастап ұлттық несиелiк ақша, халықаралық
төлем-резервтiк құралы ретiнде падаланылды. Екiнші дүние жүзiлiк соғыстың
аралығында, резервтiк валюта мәртебесi ешқандай валютаға бекітiлтен жоқ
Англияның фунт-стерлингi мен Американың доллары жетекшiлiк үшiн, өзара
бәсеке күресiн жүргiзiп келдi.
Үшiншi дүние жүзiлiк валюталық жүйе 1944 жылдың 22 маусымында Американың
Бреттевудсе деген қаласында ресiмдеіндi. Бұл жүйеде алтын-девиздiк үлгiде
негiзделiнген. Және де тарихта бiрiншi рет резервтiк валютаның мәртебесiне
занды түрде, екi валюта ие болды: доллар және фунт-стерлинг.
1944 жылы Америка бүкiл капиталистiк өндiрiстiң 54,6%, тауарды шетке
Шығарудың 33%, ресми алтын резевiнiң 75%-нен артығын шоғырландырған
болатын. Басқа, онымен бәсекелес елдердiң бәрiнiң де, екiншi дүние жүзiлiк
соғастан әлсiзденiп шыққандығы, доллардың дүние жүзiлiк үстемдiк етуiне
себепшi болды. Батыс Европада және Жапониядағы валюта-экономикалық ауыр
жағдай, ол елдердiң Америкадан тәуелдiлiгi, доллардың гегемония – бәрi
доллардың жетiспеушiлiгiнен көрiндi (долларлық аштық).
Бреттевудтық валюталық жүйесiнiң кұралымды қағидалары:
* доллар мен фунт-стерлингтiң резервтiк валютаның мәртебесi;
* тiркелген алтын тепе-тендiгi мен валюталардын бағамы (тепе-теңдiк ±
1%-ке дейiн ауытқуға болады, ал Батыс Европада ±0,75%-ке дейiн).
* Шетелдiк Орталық банктердiң долларлық резервтерiн, Американың
қазынасы арқылы, ресми бағамен алтынға ауыстырып алуға құқықтылығы
* Алтынның ресми бағасының төмендетiлгенi (31,1 гр. таза алтындық троя
унциясы 35 доллар).
АҚШ осы қағидаларды тиiмдi пайдаланды. Соның нәтижесiнде, басқа
еддердiң есебiнен өзiнiң дүние жүзiлiк жайғасымын нығайта түстi.
Броттенвудтық валюталық жүйенiң қарама-қарсылығы, әсiресе халықаралық
төлем кұралы болып екi ұлттық валютаның пайдаланылуы, бара-бара бұл жүйенi
әлсiреттi. Өткен ғасырдың 60 жылдарының аяғында дағдарыс басталды, ал 1971-
1976 жылдарда бұл жүйе кұлай бастады. Оның орнына 1976 жылдын каңтар
айында, Ямайкада (Кингстон қаласы) өткен, халықралық валюта қорына (МВФ)
мүше елдердiң келiсiмiмен ресмиленген, валюталық жүйе келдi (Ямайкалық
жүйе). Бұл жүйе осы күнге дейiн iстеп келедi. Ямайкалык валюта жүйесiнiң
құралымды қағидалары:
- алтын девиздiк үлгiнiң орнына СДР үлгiсi енгiзiлді. Бiрақ бұл үлгi
құнның нақты үлгiсi де, халықаралық төлемнiң және резервтiң бас кұралы да
бола алмады. іс жүзiнде, резервтiк валюта мәртебесi болмаса да, долларлық
үлгi қолданылып кеддi. (жоғарыда айтылғандай, СДР-дың қоржынында доллардың
үлесi 40%).
Доллардың жетекшiлiк жайғасымы АҚШ-тың айтарлықтай экономикалық, ғылыми-
техникалық және соғыс алуетiне негiзделген. Бiрақ соңғы жылдары бұл олует,
АҚШ пен бәсекелес мемлекеттердiң жетiстiктерiне байланысты (Жалония,
Германия) кәдiмгiдей босаңсыды. СДР үлгiсi iс жүзiнде түрлендiрiлiп, үш
дүние жүзiлiк орталықтар негiзiнде көп валюталық үлгiге ауыстырылды
(доллар, марка, иен);
Ямайкалық валюта жүйесiнiң шегiнде, алтын ақшалық атқарымын
жоғалтты. Сөйтiп, алтын тепе-тендiгi, алтынның ресми кұны жойылды. Сонымен
қатар, басқа елдердiң долларлық авуарларын (резерв), Американың қазынасы
арқылы, ресми бағамен алтынға ауыстыру тоқтатылды. Сонда да, алтын өзiнiң
ақшалық атқарымын түгелдей жоғалтқан жоқ. Бұрынғыша төтенше, дүние
жүзілiк ақша, сенiмдi резервтiк актив болып қалды. Өйткенi, оның нақты
өзiндiк құны бар. қазiр Ортальық банктер мен тезавраторларда 60 мын
тоннадан артық алтын қоры бар;
* Ямайкалық валюта жүйесi барльгқ халықаралық валюта қорына мүше елдерге,
валюта бағамын анықтау үшiн екi түрлi тәртiптеменiң қайсысын болса да
қолдануға ырық бердi. Сөйгiп, iс жүзiнде 1973 жыддан берi қолданылып
келген құбылмалы тәртiптеме, занды күшiне ендi;
* Халықаралық валюталық қор (МВФ) мемлекетаралық валюталық
реттемелеудi күшейтуге, мүше елдердiд тығыз ынтымақтастығын
арттырып, валюталық қатынастарды ырықтандырылуын, валюталық шектеулердi
жоюды қамтамасыз етуге шақырылған;
Бруттенвудтық валюталық жүйемен салыстырғанда Ямайклық жүйе төлем
балансаларының және валюталық бағамның тұрақсыздығына, дүние жүзiлiк күштiң
қайта орналасуына дұрысырақ икемделiнген болып шықты. Сонымен бiрге, бұл
жүйеде бiрқатар қайшылықтар туғызды. Мысалы, СДР үлгiсiнiң тиiмсiздiгi,
алтынның бiр жағынан, ресми түрде, төтенше ақша, мәртебесiнен айрылғандығы,
екiншi жағынан, iс жүзiнде, сол мәртебенің сақталуы, құбылмалы бағам
реттемесiнiң жетілдiрiлмегендiгi т.б. Оның үстiне экономикасы өсiп келе
жатқан елдер өзiнiң, дүние жүзiлiк валюта жүйесiндегi орнына көңiлдерi
толмай; оны, олардың мүдделерiн есептей отырып, қайта құруды талап етедi.
Осындай мәселелердi шешу, сөйтiп Ямайкалық валюта жүйесiн, сонымен катар,
дүние жүзiлiк валюталық тетiктердi жетiлдiру жөнiнде iзденiстер жүрiп
жатыр,
1979 жылдың наурыз айында Батыс Европада халықаралық (аймақтық) валюталық
жүйе-Европалық валюталық жүйе құрылды (ЕВС).Оған себебi болған батыс
европалық экономикалық және валюталық бiрiктiрiлудiң өсуi. Бұл жүйенiң
мақсаты-бiрлесу процестерiн ынталандыру, Европалық саяси, экономикалық және
валюталық одақ Европалық Одақ (ЕС) құру,сөйтiп батыс европалық жайғасымын
нығайту.
Европалық валюталық жүйенiң, Ямайкалық жүйеден айырмашылығы көрсететiн
құралымды қағидалары батысевропалық экономикалық бiрлесудiң
ерекшеліктерiнен шығады.Олар:
- СДР - үлгiсінің орнына ЭКЮ — европалық валюталық бiрлiк енгiзiлдi. Онын
валюталық қоржыны 12 - батысевропалық валюталардан құралады. Оның iшiнде
немiс маркасы басым (30%). ЭКЮ-дiң қызмет көрсететiн .салалары СДР-дың
қызмет көрсететiн салаларынан кендеу. ЭКЮ бара-бара дүние жүзiлiк валютаға
айналып келедi. Экю-дің нарықтық құнын 2-кестеден көруге болады.
- Алтынды ақша мiндетiн аткарудан қалдырған Ямайкалық ресми шешiмге қарама-
қарсы европалық валюта жүйесi, алтынмен жасалатын операцияларды жаңартты.
Алтын доллармен бiрге ЭКЮ-дiң эмиссиялық тетiктерiне қосылды. Ол үшiн мүше
елдердiң ресми алтын-валюталық резервтерiнiң 20% бiрiктiрiлдi. Осы елдердің
орталық банктерi, валюталық ынтымақтастық институтының билiгiне 2, 3 мың
тонна алтын аударды. Бұл алтынға, аталмыш институг ЭКЮ шығарып, тиiстi
соманы әр елдiң Орталақ банкiсiнiң шотына аударды. Алтын жарна, үш айлық
жаңғыртылмалы кұжат пен -"Своп" ресiмделдi, .Ол алтынды қолма-қол ЭКЮ-ге
сату мен, үш айдан кейiн қайта сатып алу үшiн қарсы мәмленi сәйкестiруге
негiзделген,мүше елдердiң валюталарының кұбылмалы бағамының
тәріптемесi бойынша, олардың орталық бағамнан ауытқуы ±15% шегiнде болу
керек. Осындай тәртiптеме, "Европалық валюталық жылан"— деп аталып жүр.
Өйткінi осындай ауытқудың графикалық түрi жыланға ұқсайды. Егер валютаның
бағамы айтылған шектен шығып кетсе, орталық банктер валюталық басқыншылық
жүргiзуi керек. (өз валютасына марка сатып алады, немесе керiсінше, маркаға
өз валютасын сатып алады)[2].
Валюталар Валюталар АҚШ долларының USDЭКЮ бағамы
қоржы-нындағы бағамы
валюта- лардың үлесі
DEM-DM 0,6242 1,6798 0,371592
GBR 0,08784 1,6798 0,371592
FRF-FF 1,332 5,6450 0,02359691
ITL-Lit 151,8 1234,0000 0,123015
NLG-hfl 0,2198 1,8915 0,116204
BEF-bfr 3,301 34,7750 0,094925
LUX-lfr 0,130 34,7750 0,003738
DKK-Ir 0,008552 1,5961 0,013650
GRD-Dr 1,440 163,30 0,008818
ESB-Pta 6,885 106,50 0,064636
PTS-Esc 1,393 148,974 0,0009351
1,216364
USDDM – 1,6798.ECUDM бағамының есебі: 1,216364 * 1,6798=2,04325

Кесте 2 - ЭКЮ-дің нарықтық құны.
Халықаралық есептiк ақша бiрлiгi - валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгiлеу, халықаралық талаптар мен мiндеттемелердi өлшеу үшiн
шартты бiрлiк ретiнде пайдаланылатын валюталық бiрлiк. Қазiргi уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшiн кажеттi дүние-жүзiлiк
несиелiк ақша типтерi ретiнде СДР (арнайы қарыз алу кқұығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бiрлiгi) қызмет етедi. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз
халықаралық есеп айырысуларда елдердiң арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардын шартты
құны валюталық "қоржынға" кiретiн валюталардың орташа өлшемдi құның және
бағамдарың өлшеу негiзiнде есептеледi
Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелi бағам режимiн
енгiзумен байланысты банктердi және халықаралық валюталы-несиелiк ұиымдарда
қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық
компоненттердiң мөлшерi орташа өлшемдi бағам мақсатына байланысты
белгiленедi.
Валюталардың орташа өлшемдi құны, топқа кiретiн валюталардың АҚШ долларына
қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледi. СДР халықаралық есептесу
бiрлiгiнiн негiзiн құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады
(1.01.2001 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары - 40%, немiс маркасы - 21%,
жапон йенi - 17%, француз франкi - 11%, фунт стерлинг 11%.
Елдiң экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын
валюталардың конверсиялау дәржесi валюталық жүйенiң келесi бiр элементiн
сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркiн айырбасталатын, ақша
бiрлiктерi ретінде еркiн конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгiзген болатын:
* "еркiн пайдаланылатын валюта", яғни халықаралық
есеп айырысуларда және валюталық нарықтардын не-
гiзгi операцияларында кеңiнен қолданылатын;
* Валюталық шектеулерi бар, жартылай конверсияланған
елдердiң валюталары;
* валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердiң
конверсияланбайтын валюталары.
Евроқалық валюталық жүйеге мүше елдер халықаралық валюталық
қорға қарама-қарсы (МВФ), өзiнiң мемлекетаралық валюталық
реттемелеу органын кұрды Европалық валюталық институт. Оны мүшелiгiне 12
орталық банктiң басқарушылары кiредi.
Европалық Одаққа мүше елдердiң жайғасымын ерi қарай нығайту мақсатында,

валюта шығарылды. Ќәзірге ол 11 мүше елдiң арасында қолма-қол ақщасыз есеп
айырысуға қолданылды, ал, 2002 жыддан бастап қолма-қол есеп айырысуға
қолданылады. Қазiргi кезде "Евро" мен доллар, дүние жүзiлiк майданда
жетекшiлiк етуге таласуда[2].
1.2 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жолдары.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда
орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы
сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметтiң ырықтануы жағдайында валюта түсiмдерiнiң
негiзгi көлемi кәсiпорындардың меншiгiнде болады. Алайда халықаралық
қатынастарға мемлекеттiң қатысуы және ұлттық валюта-теңгенi нығайту
үшiн бүкiл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы
әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар деңгейiнде де орталықтандырылған валюта
қорлары құрылады. Мемлекеттiң, мемлекеттiк емес сектордың валюта
ресурстары валюталық, операциялар жасалынған кезде қалыптасып,
пайдаланылады. Валюталық операциялар - бұл: меншiк құқығының және өзге
құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуiне байланысты, соның iшiнде шетел
валютасы төлемдерi мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретiнде
пайдалануға байланысты мәмiлелер; валюталық құндылықтарды кез келген
тәсiлмен елге немесе елден әкелу әкету және жөнелту; ұлттық валютаға,
сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада корсетiлген бағалы
қағаздар мен телем құралдарына меншiк құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына
байланысты резиденттер мен бейрезиденттердiңар арасындағы мәмiлелер.
Валюталық операциялар ағымдағы және
капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлiнедi.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады: тауарлар мен қызметтерге
төлем мерзiмi ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн ақша
аудару;экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша 180 күннен аспайтын мерзiмге
кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; 180 күннен
аспайтын мерзiмге кредиттер беру және кредиттер алу;депозиттер,
инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және
дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кiрiстер алу;сауда түрiне жатпайтын ақша
аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлiк сомалардың аударымдары, жалақы,
зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар Капитал қозғалысына
байланысты операциялар мыналарды қамтиды: инвестициялар; жылжымайтын
мулiктiң мұлiктiк және басқа да құқықтарына төленетiн ақша аударымдары; 180
күннен астам мерзiмге экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша кредит беру
және алу.Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету,
капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттiк және коммерциялық кредит,
экономикалық көмек көрсету, елдiң алтын - валюта резервтерiнiң қозғалысы,
дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдiк iссапарлар, туризм,
халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми,
техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтiң басқа түрлерi
кезiнде жасалады. Елдегi пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу
көздерi болуы тиiс, сондықтан сыртқы экономикалық қызметтiң аталған
түрлерiнiң көбiсi валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлiгi болып табылады және
ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттiк) және орталықтандырылмаған
(шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ресурстары) болып бөлiнедi.
Мемлекеттiк валюта ресурстары мыналардың есебiнен қалыптасады; экономиканың
мемлекеттiк секторының – кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың,
фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнiмiн, тауарларын және қызметiн
экспортқа шығарудан түскен түсiм - ақшадан; тауарлар мен жүктердiң кеден
шекарасы арқылы қозғалысы жөнiндегi операцияларды дайындау кезiндегi шетел
валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерiненкелiсiмшарттардың,
мәмiлелердiң, контракттардың шетелдiк қатынасушылары төлейтiн сапықтардан,
бонустардан, роялтилерден түсетiн түсiмдерден;валюталық занды бұзғаны үшiн
шетелдiк валютада төленген айыппұлдар мен өсiмнен;шетел банктерiне және
басқа қаржы ұйымдарына депозиттердi орналастырудан түсетiн түсiмдерден,
сондай-ақ шетелдердегi мүлiк пен активтердi пайдаланғаннан алынған
табыстардан; шетел мемлекеттерiнiң, банктерiнiң, халықаралық және
мемлекетаралық каржы ұйымдарының кредиттерi мен қарыздарынан валютадағы
гранттар мен тегiн кемек түрiндегi түсiмдерден. Валюталық ресурстар
көбiнесе мемлекеттiң қарамағына шоғырландырылады. Басым мәселелердi орындау
үшiн немесе жалпы мемлекеттiк ресурстардың бiр бөлiгi жергiлiктi органдарға
берiлуi мүмкiн. Бұдан басқа, билiктiң жергiлiктi органдары валютаны валюта
нарығында сатып ала алады. Мемлекеттiң уәкiлеттi органдары мен оның қаржы
агенттерi де банкаралық биржада валютаны сатып алушылар бола алады.
Мемлекеттiң валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды" - елдегi
тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiң
стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетiн деңгейде
ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жузеге асыру
үшiн; Ұлттық банктiң қарыздары мен басқа мiндеттемелерi бойынша есеп
айырысу үшiн;
Қаржы министiрлiгi: қарыздар туралы келiсiмшартпен
белгiленген уақытта сыртқы берешектi өтеу графигi бойынша
жабу үшiн; халықаралық ұйымдардағы мүшелiк үшiн жарналар төлеу;
елшiлiктердің, консульдықтардың, өкiлдiктердiң және басқа елдердегi осындай
органдардың жұмысын қаржыландыру үшiн;
Үкiмет органдары: мемлекеттiк қажеттердi - тауарлар мен
көлшiлiк қолды бұйымдарды импорттау жөнiндегi орталықтандырылған сатып
алуды қанағаттандыру үшiн;
Басқарудың жергiлiктi органдары — коммуналдық шаруашылықтың,өндiрiстiк емес
сфераның қажеттiлiкгерiн, аймақтардың жергiлiктi инфрақұрылымын дамытуды,
халықтың түрлi
елеулi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн.
Меншiктiң барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының
валюта ресурстарының негiзгi көзi экспортталатын өнімнен алынған валюталық
түсiм-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсiм-ақшаның бiр бөлiгiн
кәсiпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейiн Ұлттық банкке оның
белгiлейтiн бағамы бойынша сатуға, ал бiр бөлiгiн уәкiлеттi банктер арқылы
Ұлттық банк белгiлейтiн тәртiпке сәйкес iшкi валюта рыногында сатуға
мiндеттi болатын. Қолданыстағы тәртiп бойынша заң жүзiнде белгiленген
салықтар мен баждарды төлегеннен кейiн қалған валюта заңды тұлғалардың
қарамағында қалады және иегердiң немесе құрылтайшының қарап шешуi бойынша
жұмсалады.
Экспорттық, өнiм өндiрмейтiн шаруашылық жүргiзушi субьектiлер және
валютаға мұқтаждары, оны валюта рыноктарында ұлттық валютаны айырбастау
жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық - құқықтық түрлердiң
шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң валюта ресурстарын қалыптастырудың
келесi көзi — банктердiң валюта кредиттерi. Өнiм өндiрумен немесе қызмет
көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық
шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиiстi
бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшiн шетел
банктерінен алынған кредиттердi елдiң үкiметi кепiлдендiре алады;
Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту
қажеттiгiмен және қарыз қаражаттарын тиiмдi пайдалану үшiн жауаптылықтың
оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бiрте-бiрте шектелiп келедi.
Өндiрiстiң осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшiн валю-та қаражаттары
компанияларға, фирмаларға үкiмет шешiмiмен орталықтандырылған валюта
ресурстарынан бөлiнуi мүмкiн.
Үлестiк негiздерде әрекет ететiн шаруашылық жүргiзуші субъектiлер үшiн
(акционерлiк, бiрлескен, кооперативтiк) валюта ресурстарын толықтыруға осы
шаруашылық кұрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары
есебiнен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсiмдерiнiң мүмкiн болатын көзi келiсiмшарттарды,
арбитраж органдары белгiлеген контракттар бойынша мiндеттемелердi, басқа
елдердiң сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдердi
орындамағаны үшiн алынатын компенсациялар болып табылады.
Қайта бөлу ретiндегi валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны тарапынан
төменгi шаруашылық бөлiнiстерге бөлiнуi мүмкiн (басқарудың бұл деңгейiнде
валюта қорларын жасау кезiнде).
Валюта ресурстарының аталған коздерiнiң қаражаттары жиынтығында шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектiлер
ұжымдарының өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуынын әр түрлi мақсаттарына
пайдаланылады („Кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары,, бөлiмiн
қараңыз). Валюта қорларын пайдаланудың мүмкiн бағыттары мыналар болып
табылады:
1) дүниежүзiлiк рыноктарда жұмыс iстейтiн компаниялардың, фирмалардың
экспорттық әлуетiн ұлғайту;
импортты алмастыратын өнiм өндiрудi ұйымдастыру немесе мұндай өнiмнiң
қолданыстағы өндiрiсiн ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшiн валюталық
ресурстар есебiнен құралжабдық, саймандар, материалдар, технологиялар,
лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негiзгi құралдардың лизингi жөнiндегi
операциялар жүргiзiледi, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.
валюталық кредиттердi және оларды пайдаланғаны үшiн
пайыздар өтеу;
мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға
сыртқы нарықтарда операциялар жасауға жәірдемдесу жөнiндегi
қызметтерi үшiн комиссиялық сыйақылар төлеу;
капиталға қатысу ретiнде шетелдiк компаниялардың, фир-
малардың қаржы және несие мекемелерiнiң бағалы қағаздарын
сатып алуға жұмсау;
сыртқы экономикалық мiндеттемелер бойынша келiсiмдердiң шарттарын бұзғаны
үшiн айыппұлдар, өсiмпұлдар, өтемақылар төлеу;
iшкi қажеттiлiктердi қамтамсыз ету үшiн ұлттық валютаны сатып алу;
ұйым ұжымдарының қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн
ұлтыну және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдiк тауарларын, дәрiлiк
заттарды, медициналык, жабдық пен саймандарды
сатып алу (белгiленген нормативтерге сәйкес). Иегерлердiң немесе
құрылтайшылардың қарап шешуi бойынша қаржы ресурстарының басқаша пайдалануы
да мүмкiн. Заңды тұлғалар өздерiне қарасты валюта қорларын дамудың:
өндiрiстiк инфрақұрылымның, бiрiгiп пайдаланудың объектiлерi құрылысының,
ғылыми зерттеулер жүргiзудiң және ғылыми зерттемелердi өндiрiске енгiзудiң,
келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелер маркетингтiк зерттеулердi
қаржыландырудың және т.б. жалпы мiндеттерiн орындау үшiн бiрiктiруге
құқылы[3].
1.3 Валюта бағамдары өзгерiсiнiң экспорт пен импорттың көлемiне әсерi
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын
ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен
байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа
елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың
бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер
экспортпен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының
басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами
бастайды,кері жағдайда импорт дами бастайды, өйткені бірінші жағдайда
отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың
тарапынан сұраным ұлғая түседі;нкінші жағдайда импорттық тауарлар
арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі.
Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді (құбылмалы) немесе тіркелген
валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы
негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық
валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы
белгіленеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады.
Нарықта нақты валюталық бағам қалыптасады. Ол экономикалық жағдайының, ақша
айналысының, қаржының, несиенiң және белгiлi бiр валютаға сенiм
дәрежесiнiң көрсеткiшi. Валюттық бағамды мемлекеттiк реттеу валюта-
экономикалық саясат мiндеттерiне сүене отырып, оны жоғарылатуға және
төмендеуге бағытталған. Осы мақсатпен валюталық саясат жүргiзiледi.
Осылайша валюталық бағамның қалыптасуы ұлттық және дүниежүзiлiк
экономиканың және саясаттық өзара байланысына негiзделген күрделi көп
факторлы процесс.
Валюта бағамы-бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа елдiң ақша бiрлiгiмен
салыстырғандағы құны ретiнде анықталады. Валюта бағамы 2 негiзгi түрге
бөлiнедi: бекiтiлгенкесiмдi және қалқымлы бекiтiлген бағам негiзiнде
валюталық паритет жатыр, яғни, әртүрлi елдердiң ақша бiрлiктерiнiң ресми
белгiленген қарым-қатынасы. Оны біз 3-ші кестеден көре аламыз.
Бағамдар нұсқалары
КӨРСЕТКІШТЕР
1-қалып-ты2-тө-менде3-
тiлген Көтерiңкi
1 2 3 4
Бағамдардың арақатьнасы (шет, ақша өлш.:
ұлт. ақша өлш.) 1:120 1:110 1:150
- Ақшаның бастапқы сомасы (мың ұлт. өлш.) 10000
- А. Тiркелген бағамдар
Экспорт
- Алынған экспорттық түсiм-ақша (мың шет. 100 100 100
ақша өлш.)
- Белгiленген бағам бойынша қайта саналған
экспорттық түсiм-ақша (мың ұлт. акша өлш.)1200 1100 1300
- Валюталардың қалыпты бағамының
шарт-тарынан ауытқу (мың ұлт. өлш.) - 100 100
Импорт
Отандық импортшы үшiн:
Шетеддiк валютаға кайта саналған акшаның
сомасы (импорт құны, мың шет. ақша өлш.) 66,7 71,4 62,5
- Ішкi нарықтағы сатудың көлемi (нарықтық
шарттар бойынша мың ұлт. олш. 1:120) 10000 10710 93,75
- Валюталардың қалыпты бағамы - ның
шарт-тарынан ауытқу (мың. ұлт. өлш.) - 710 625
2. Шетелдiк импортшы үшiн: Жеткiзiлiм
көлемi (мын. шет. олш.) 100 100 100
Өткiзуден алынған табыс (мың ұлт. өлш.) 1200 1200 1200
Шетелдiк валютаға кайта саналған өткiзуден
алынған табыс (мың ұлт. өлш.) 100 107,5 93,7
Шетелдiк импортшы үшiн ауытқу (мың шет.
өлш.) - 7,1 -6,3
1 7
Б. Икемдi бағамдар
Экспорт
Жеткiзiлiм көлемi (мың ұлт. өлш.) 10000 10000 10000
Шетел нарығында сату (мың ұлт. өлш.) 66,7 71,4 62,5
Еркiн бағам бойынша ұлт. өлш. қайта
саналған өткiзуден алынған табыс (мың ұлт.10000 10000 10000
өлш.)
Импорт
1. Отандық импортшы үшiн:
Валютаға қайта саналған қаражаттардың 66,7 71,4 62,5
сомасы және сатып алу көлемi (мың шет.
өлш.)
Ішкi нарықтағы сатудың көлемi (мың ұлт. 10000 10000 1000
өлш.)
Шетелдiк импортшы үшiн:
Шетелдiк өлшемдегi жеткізiлiм көлемi (мың 100 100 100
шет. өлш.)
Өткiзуден алынған табыс (мың шет. өлш.) 1200 1100 1100
Валютаға қайта саналған өткiзуден алынған
түсiм ақша (мың шет. өлш.) 100 100 100
Кесте 3 – Валюта бағамдар өзгерісінің экспорт пен импорт көлеміне әсері
Импорт кезiнде (шетелдiк импортшы үшiн) шетел валютасы баѕғамының
жергiліктi валютаға салыстырмалы төмендеуi жергiлiктi нарықта
мүмкiндiктердiң кеңейгендiгiн бiлдiредi және керiсiншс, бұл бағамның артуы
импортталатын тауарларға бағаның өсуiне байланысты нарықтың тұқыруына
ұрындырады .
Отандық импортшылар үшiн бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу
жөнiндегi мүмкiндiктерiнiң өзгеруiн бiлдiредi.
Сөйтiп, валюта бағамы экспорт пен импорттық колемiне әсер етедi,ол, өз
кезегiнде, қаржы құралдары — экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден
баждары арқылы алынатын және бөлiнген қаржы ресурстарының мөлшерiне және
мемлекеттiң де, сондай-ақ экспорттық өнiмдi, тауарды, қызметтердi
ендiрушілердің де немесе оларды тұтынушыларды да қаржы жағдайында ықпал
жасайды[3]
ІІ Валюталық нарық және валюталық операциялар.
Валюталық нарық және валюталық бағам оның экономикаға әсері
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық

айналымына қызмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz