Инновациялық менеджмент


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Бітіру жұмысында: 17-кесте, 14-сурет бейнеленген, қолданылған әдебиетер саны 26. Барлығы 88 бет

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БИЗНЕС, ВЕНЧУРЛЫҚ ҚОР, ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Бітіру жұмысым инновациялық қызметті басқару тақырыбына арналған.

Инновациялық бизнестің басты мақсаты - өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету арқылы жаңа өнімдер шығару, сол арқылы экономиканың дамуына ықпал ету.

Бітіру жұмысымның мақсаты: экономикадағы инновациялық басқаруды сипаттайтын экономикалық қатынастарды зерттеу. Қазақстандағы инновациялық бизнестің даму жағдайын оның экономикаға қосатын үлесін анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді қарастыру көзделген:

-Инновация түсінігін ашу үшін теориялық ұстанымдарды жалпылау;

-инновация құрлымы мен басқару ерекшеліктерін талдау;

-ҚР-да инновациялық ортаның дамуын талдау;

-ҚР-да инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуын талдау;

-ҚР-да инновациялық қызметті ұйымдастыру да мемлекеттің рөлін талдау.

Бітіру жұмысы 3-бөлімнен, кіріспеден, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады:

1-ші бөлімде инновациның теориялық негізі қарастырылады.

2-ші бөлімде ҚР-дағы инновацилық қызметтің қалыптасуы мен дамуы қарастырылады;

3-ші бөлімде РМК-ның инновациялық қызметтің жүзеге асырылуы қарастырылған.

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Инновациялық менеджменттің даму эволюциясы . . . 6

1. 1 Инновациялық менеджменттің теориялық аспектісі . . . 6

1. 2 Венчурлық бизнесті ұйымдастыру . . . 15

1. 3 Шетел мемлекеттерінің инновациялық урдістерді ұйымдастыру және басқару тәжірбиесі . . . 19

2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы . . . 24

2. 1 ҚР-ғы инновациялық қызметтердің дамуының қазіргі жағдайы . . . 24

2. 2 ҚР-да инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы . . . 31

2. 3 ҚР-ғы инновациялық бизнесті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі . . . 41

3. ”ҚР МШКҰЖ ҰО” РМК-ның негізінде инновация қызметін басқару . . . 53

3. 1 “ҚР МШКҰЖ ҰО” РМК-ның сипаттамасы мен инновациялық қызметі . . . 53

3. 2 Инновациялық қызметті басқару деңгейі . . . 55

3. 3 Инновациялық жобаны іске асыру, инновациялық қызметті басқару деңгейін көтеру үшін ұсыныстар . . . 70

Қорытынды . . . 85

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 87

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы "Инновациялық қызмет туралы" қабылданған заңында қазіргі ғылыми-техникалық саясатты, инновациялық қызметті жетілдіруде орны ерекше. Осы заңда инновациялық қызметті дамытудың басты бағыттары көрсетілген.

Инновация қызметі қоғамда, ғылымда, элеуметтік өмірде, саяси жүйеде, маркетингте, менеджмент сияқты тағы басқа да салаларда қолданылады.

Инновациялық қызметтің басты мақсаты - отандық өнімдердің бәсеке қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Инновация қызметін басқару тақырыбындағы зерттеудің көкейкесті мәселесі:

ХХІ ғасырда елдің ғылыми-техникалық даму және интеллектуалды факторларды кең көлемде қолдану арқылы экономикалық даму. Елдің экономикалық даму негізі, болашақта инновациялық қызметке бағытталуы, яғни жаңа өндіріс пен құрылымдарды алу арқылы, бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар мен өнімдер өндіру нәтижесінде шектелген ресурстарды тиімді пайдалану.

Инновациялық қызметтің тиімділік мәселелері, басқа да экономикалық дамудың маңызды факторлары сияқты, аймақтық, ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін ескеретін және біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғайтын саналы мемлекеттік саясатты әзірлеуді қажет етеді. Соңғы кезде елімізде ғылыми-техникалық және өндірістік саясаттың мемлекеттік механизімі айқындалып отыр. Сонымен, 2000 жылы "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық концепциясы" қабылданды, 2015 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді (2003 жыл, мамыр) . Оның негізгі мақсаты ішкі нарықта бәсеке қабілетті, жоғары қосымша құны бар экспортқа бағытталған өндіріс орнын салу. Бұл қойылған мақсат ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялы өндірістер салуға ынталандырады, қаржылық және нақтылы секторлар арасында "ғылым-өндіріс-нарық" циклы бойынша тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді. Өндірісті диверсификациялау және модернизациалау шикізат бағытынан өңдеуші бағытына өтудің негізгі факторлары болып есептеледі. Берілген бағдарлама шеңберінде жаңа даму институттары құрылды: Инновациялық қор, Инвестициялық қор, Қазақстанның даму банкі.

Бітіру жұмысының мақсаты: экономикадағы инновациялық қызметті басқаруды сипаттайтын экономикалық қатынастарды зерттеу және инновациялық қызметі атқарушы кәсіпорындардың инновациялық менеджменттік қызметін талдау.

Міндеттері:

1. Инновациялық менеджменттің теориялық аспектісін зерттеу

2. Венчурлық бизнесті ұйымдастырудың әдістері

3. Шетел мемлекеттерінің инновациялық үрдістеріне жәнебасқару тәжірбиесіне шолу

4. Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің дамуын талдау

5. «ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК-ның инновациялық қызметті басқарудағы ерекшеліктері

Инновация үрдісін зерттеген шетелдік ғалымдар: Й. Шумпетер, Г. Менш, П. Дуркер, Р. Фостер, М. Портер, В. Санто және т. б.

Отандық ғылымда инновациялық үрдістерді зерттеумен айналысатын ғалымдар:

С. Б. Әбдіғаппарова, А. А. Әлімбаева, К. Е. Кубаев, Ф. М. Днишев, Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, М. Б. Кенжегузин, С. Т. Купешова және т. б.

1 БӨЛІМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1. 1 Инновациялық менеджменттің теориялық аспектісі

"Инновация" термині көп ғалымдардың айтуы бойынша XV ғ. пайда болған. Жалпы алғанда "инновация" сөзі ағылшын тілінен аударғанда "innovation" "жаңарту", "заттарды бөлудің жаңа жолы", "жаңалық енгізу" деген сөздерді білдіреді.

ХХ ғасырдың 30 жылдарында австриялық ғалым Й. Шумпетер инновация түсінігін экономика ғылымына енгізген. Ол инновацияны жаңа туынды тауарларын пайдалану, жаңа өндірістік және транспорттық қорларды ұйымдастырудың формалары мен нарықты өндіріске енгізу мақсатында қолданылды. Й. Шумпетер бойынша нарықтағы анықтаушы рол болып, экономикалық теңдікке, технологиялық үрдістерге өнім ассортименттерінде және экономиканың ұйымдастырушылық құрылымдарға, өзгеріс енгізетін кәсіпкерліктің қызметтерінде болады.

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде, "инновациялық" жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.

Й. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістің жаңа қызметі болып табылады.

Инновацияның эволюциялық әдістемесін Дж. Ст. Милль, К. Маркс және И. Шумпетер қолданған.

Й. Шумпетердің айтуы бойынша кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты. Инновациялар бар дәстүрлерді бұзып қоймайды, олар басқа тәуекелді кәсіпорындардан қарағанда көбірек пайда әкеледі.

Ағылшын-орыс сөздігі бойынша "инновация " бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген сөздерді білдіреді.

Жаңашылдықтар мағынада - интеллектуалды қызметтің нәтижесі, ал кең мағанасында ашсақ рәсімделген өнер табыс түрінде, патенттер, товарлық белгілер, оңтайландырғыштық ұсыныс, нау-хау түріндегі инновациялық үрдістер нәтижесі.

Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз.

Инновация -ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады.

Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В. А. Макоренконың "қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер" сөздігінде: "инновация" (ағылшын "innovation" -жаңалық енгізу, "жаңалық", латын тілінде "innovation" - "жаңарту", "жаңғырту") бұл:

  1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат.
  2. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі.
  3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгзуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т. б.
  4. Тіл білімінде - жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.

Й. Шумпетердің "Теория экономического развития" атты атақты еңбегінде дәстүрлі экономикаға қарама-қарсы тезисті қозғайды, яғни экономикалық өсудің, дамуының нормасы, басты нақты экономикалық теориясы мен тәжірибесі болып, тепе-теңдік емес динамикалық теңсіздікті (дисбаланс) тудыратын жаңалық енгізуші кәсіпкерлік қызметінде. Табыс көзі болып тек қана база өзгерісі мен шығындағы экономия ғана емес, сонымен қатар шығарылған өнімнің радикалды өзгерісі болады [1. 89б] Й. Шумпетердің пікірінше, экономикалық ресурстарды үлестірудің барлық жаңаша тәсілдері кәсіпкерліктің жұмысы болып табылады. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді: өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайға, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметінің тұрақты серігі-тәуекелділік, қауіп-қатер беймәлімділікпен байланысты және жүргізілген болжам мен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды [21. 27б] .

Өндіріс факторларының "жаңа комбинацияларын" жүргізу барысында, ол инновацияға алып келеді. Өндіріс факторларының "жаңа комбинациялары" келесілер:

  • жаңа өнімді шығару, дайындау;
  • өндірісте жаңа технологияларды қолдану;
  • жаңа өндірісті ұйымдастыруды қолдану;
  • жаңа тұтыну нарықтарын ашу;
  • жаңа ресурстар көздері мен түрлерін ашу [1. 159б]

Американдық "Маккинзи" кеңес компаниясының басқарушысы Р. Фостердің инновация феноменін талдау барысында "технологиялық айырылым" түсінігі маңызды рол атқарады. "Технологиялық айырылым " - бір технологиядан басқа технологияға ауысуды білдіреді. Р. Фостер әр бір технологияның тағдырын логикалық S - тәрізді ауытқу белгісімен бейнелейді. Қолданыста сирек тек бір ғана технология тұтынушының барлық қателігін қанағаттандыруға қабілетті. Жалпы әр уақытта S - тәрізді ауытқымасы бар бәсекелесетін технологиялар болады. "Айқасқа" 3-4 технологиялар қатысады, олардың кейбіреуі қорғанса, келесілері шабуыл жасайды( 1-сурет) [7. 252б] .

Сурет 1 - Технологиялық айырылым

Дәл осы уақытта бір технология өзінің шегіне жеткенде келесі жаңа технология пайда болады да, бұл жаңа технология туғызады. Технологиялық айырылымның нәтижесінде жаңа өнім, жаңа үрдіс, яғни инновацияға алып келеді.

Р. Фостердің теориясында инновация - бұл "технологиялық айырылымның" жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді.

Жоғарыдағы сұрақтарға жауапты И. Ансоффтың зерттеулерінен табуға болады. Ол 4-циклмен ұштастырылған: өнім, технология, сұраныс кестелерін ұсынады.

Технологияның өзгеріс тәуекелділігіне байланысты, яғни бір технологияның басқа технологияға ауысу жиілігіне байланысты, оларды негізгі үш типке: тұрақты, жемісті және өзгерісті деп бөледі.

2-ші суретте тұрақты технологияны көреміз. Мұнда негізінен сұраныстың барлық өміршеңдік кезеңінде технология өзгеріссіз қалады. Бұл технологиялар түрін өндіріс саласының бірінші кезеңдеріне жатқызуға болады. Олар ХІХ ғ. соңында негізделіп ХХ ғасырдың 50 жылдарында өздерінің келешегіне жетті. Нарықтық кемелдену мен молықтыру кезеңдерінде сұраныс модификация есебінен қанағаттандырылады, ұсынылатын өнім өзгеріссіз қалады да, тек жекеленген параметрлері мен бұйым конструкциясы жақсарады, бұл технологиялық инновация есебінен болмайды.

Өнім-инновациясы, үрдіс-инновациясының сұраныспен байланысы.

Сурет-2- Тұрақты технология

Мұнда негізгі технология ұзақ уақыт кезеңінде өзгеріссіз қалады, бірақ бірін-бірі ауыстыратын жақсы көрсеткіштері мен кең диапазонда қолданылатын өнімдер әзірленеді. Жемісті технология кезінде жаңа тауарды әзірлеу экономикалық өсудің негізгі факторы болады. Жемісті технология жұмыс істеуде уақыт өтке келе амалсыздан инновацияны және өнімді жетілдіруді енгізуі керек. Жаңа инновациялық өнім нарықты жаулап алады, бірақ бұл инновацияның өміршеңдік кезеңі бәсекелестер ұсынған жаңа өнімнің тиімді түрінің пайда болуынан қысқарады, яғни нарықтан ығысады. Нәтижесінде кәсіпкерлер үнемі жаңа өнімдерді, инновацияны іздестіруді қажет етеді.

Сурет-3- Өзгеріс технологиясы

3-ші Суретте өзгерісті технологиялар белгіленген. Сұраныстың өміршеңдік кезеңінде жаңа бұйымның пайда болуынан басқа бірін-бірі ауыстыратын базалық технологиялар да пайда болады. Технологияның ауысуы - бұл "технологиялық айырылым".

Сурет-4- Жемісті технология

Сұраныстың өміршеңдік кезеңі

Технологияның өміршеңдік кезеңі

Өнімдердің өміршеңдік кезеңі

Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.

ХХ ғ. 50 жылдарында американдық ғалым Роберт Салоу экономикалық өсудің жетекші факторы ҒТП болатынына назар аударды. Ұзақ болжамдарды басқа да экономистер: ДЖон Кендрик, Эдвард Денисон берген. Экономикалық өсуде технологиялық прогрестің ерекше ролін Сайман Кузнец көрсетті. Оның ойынша, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұлттық өнімнің үнемі өсуі, технологиялық прогрестің арқасында жетеді. Кейіннен Э. Денисон экономикалық өсу факторларының сипаттамасын жасады. 23 фактордың: 4-і капиталға, 1-жер, қалған 14-і ҒТП-ң жемісі.

Дәстүр бойынша инновацияны - инновация-өнім, инновация-үрдіс немесе технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық деп бөлуге болады.

Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда қолданылады. Біреулерде - бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.

Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату есебінен бәсекелестік көтеру, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен наменклатурасын кеңейту болып табылады.

Ұйымдастырушылық-басқару инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады. өндірісті және персоналды басқару әдістерін жетілдіру, жаңа маркетингтік бөлімшелер құру, тиімділікті арттыру үшін жаңа жолдар мен тәсілдерді қолдану кезінде болады.

Институтционалды мектептің эконом теория зерттеушілері инновацияларды қоғамдық таңдау теория көмегімен сыныптауды жөн көрді. Инновация субъектісі ретінде: кәсіпкер, топ, фирма, ұлт шаруашылығы, әлеуметтік қозғалыстар және мемлекет қатысады. Осы субъектілердің әр қайсысы салыстырмалы артықшылықтарға ие.

Бірінші инновацияның типі - қоғамдық игілік. Берілген инновацияны барлық қоғам мүшелері қолдана алады. Кәсіпорындарда осы инновация түрін өндіруде мемлекет пен әлеуметтік көзқарастар қызығушылықтарын танытады.

Екінші инновация түрі - клубтық игіліктер. Ұйым деңгейіндегі өзгерістер клубтың игіліктерін сипаттайды. Бұл инновация түрін қолданушылардың саны ұйым мүшелерімен шектеледі.

Үшінші инновация түрі - жеке меншік ретінде сипатталады. Өнертабыс құқығымен, патенттер бар кездегі жеке игілікті жүзеге асыру үшін құрылған. Бастапқы кезде жаңа өнім нарықта пайда болғанда, ол монополиялық сипатта болады, жаңа өнім-инновациясынан бұрын оның шығарушысы (авторы) "инноватор рентасын", жаңа өнімдерді жасауды ынталандыратын, монополиялық жоғары пайда алады.

Инновация түсінігін басқа да түрлерін ескеру арқылы кеңірек ашуға болады.

П. Друкер инновациялық идеялардың көздері- тәуекелділік көздерінен басқа келесі түрлерге бөледі [3. 49б] .

  • күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізіндегі инновациялар;
  • өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
  • сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
  • жаңа білімдерге негізделген инновациялар;

Ұзын толқындарды зерттегенде экономикалық динамикада экономикалық цикл жағынан инновациялық сипатамасына көзқарастар бар. Мұнда әртүрлі инновация типтерінің пайда болуы мен кластерленуі түрлі ұзын толқынды фазалармен байланысты деген гипотеза айтылады.

Ұзын толқын теориясында дискуссия ашқан Г. Менше жаңалық енгізуді келесі түрлерге бөледі [4. 93-94б] :

  • Адам өмірінде жаңа өндіріс саласы мен жаңа кәсіп түрін қалыптастыратын базалық инновациялар.
  • Саладағы бар технологияларды жетілдіруді жақсартатын инновациялар.
  • Псевдоинновациялар.

Базалық иннновацияларды енгізу бірқалыпты жүрмейді, олардың көпшілік бөлігі ұзын толқынды депрессия фазасында шоғырланады. Жақсартатын инновациялар басқа да фазаларға енгізіледі, құлдырау фазасында псевдоинновацияны енгізумен аяқталады.

Инновацияны енгізудің барысында түрлі әсерлер ажыратылады. Олар: ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық.

Жаңа білімдерді мақұлдау, растау нәтижелері және басқа да концептуалды құрылымдар инновацияның ғылыми-техникалық әсерін білдіреті.

Егер экономикалық әсерлерге келетін болсақ, бұл жерде инновация ретінде экономикалық ресурстарды ұтымды қолдану, бәсекелестік қабілетті жоғарылату, жаңа нарықтар мен нарық құрылымының өзгерулерімен сипатталады.

Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық өнімдер мен технологиялар әлеуметтік әсерлерді тудырады.

Қоршаған ортаға әсерді білдіретін инновациялар экономикалық инновацияларды білдіреді.

Жоғарыдағы айтылған тәсілдерді талдай келе келесі түрде көрсетуге болады:

  1. Радикалды деңгейі бойынша:
  • технологияның жаңа кезеңі мен бағыттарын дамытуды қалыптастыру негізі болып қаланатын ірі өнертабыстарды жасайтынбазалық инновациялар;
  • ғылыми-техникалық циклдың тұрақты дамуы және таралу фазасындағы шағын және орта өнертабыстарды жүзеге асыратынжаңартушы инновациялар;
  • ескірген техника мен технологияларды ішінәра жаңартуға ;
  1. Қолданылу сипаты бойынша:
  • Жаңа өнімдерді өндіру мен жетілдіруге бағытталғанөнім-инновациялар;
  • Жаңа технологияларды қолдану мен жетілдіруге -инновациялар;
  • Жаңа құрылымдарды жасау мен құрастыруға бағытталғанәлеуметтік инновациялар;
  1. Пайда болу стимулы бойынша:
  • Ғылым мен техниканың көмегімен пайда болған инновациялар;
  • өндірістің қажеттілігімен туындаған инновациялар;
  • нарықтық қажеттілігімен туындаған инновациялар;

жаңа өнімдер мен жеке ғылыми-техникалық потенциалындағы үрдістерді жасайтын "өсіру" инновациясы ;

  • шетелдік немесе басқа да инновацияларды модификациялайтын"имитация" инновациясы;

5. Өнім түрі бойынша:

  • қоғамдық;
  • аралас (клубтық) ;
  • жеке;

6. Тиімділігіне байланысты:

  • экономикалық әсерлерді қамтитын инновациялар;
  • әлеуметтік әсерлері бар инновациялар;
  • экологиялық әсерлерді қамтитын инновациялар;
  • ғылыми-техникалық әсерлерді қамтитын инновациялар 5-сурет.

Псевдоним Әлеуметтік

Псевдоним Әлеуметтік Нарық акциялар қажетілігі

1. 2 Венчурлық бизнесті ұйымдастыру.

Шағын инновациялық бизестердің ең маңызды мәселесі - бұл шағын фирмалардағы инновациялық жобаларды қаржыландыру болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай шағын инновациялық бизнестердің деңгейінде әрбір 10 жобаның 1-2-уі ғана жетістікке жетеді. Сонымен қоса инновациялық жобаларды енгізуде пайда өте жоғары, олар бастапқы кеткен шығындардың орнын толтырады. Егер мұндай жобалар көп болса, үлкен сандар заңы бойынша тәуекелдік төмендейді және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдығы жоғарылайды. Инновациялық бизнестің дамуымен байланысты барлық дамыған елдерде венчурлық қаржыландыру, инновациялық жобаларды орталықтандыратын және диверсификация негізінде енгізуді ұйымдастыру кеңінен қолданылады.

Тәуекелдік қаржылар банктық және өнеркәсіптік компаниялардан өзгешелейтін келесі ерекшеліктермен сипатталады:

  • техникалық және коммерциялық апробациялары болмайтын жобаларды өткізу барысында жоғары тәуекелділік;
  • шағын инновациялық фирмалардың сақтандыру капитал көлемі жай шағын фирмалардан қарағанда көбірек;
  • тәуекелдік капитал шағын фирманың жарғылық капиталына несие ретінде не пайлық жарна ретінде болады;
  • жаңа фирманың жетістігіндегі тәуекелдік капиталға жеке қызығушылық жоғары.

Өндірісі дамыған елдерде шағын инновациялық бизнес 2 жолмен қаржыландырылады:

  1. венчурлық қаржыландыру;
  2. біріншілік ұсынылатын акциялар арқылы.

Бұл саладағы ең маңызды суъбект - венчурлық қорлар болып табылады. Венчурлық қорлар арнайы инновациялық бизнесті қаржыландыру мақсатында құрылады және олар тек қана венчурлық операциялармен, сонымен қатар эксперттік-кеңес, менеджмент және маркетингке алмасады.

Венчурлық қорлардың капиталы: зейнетақы, басқа да қорлардан және жеке тұлғалардан, сақтандыру капиталдары мен банктердің салымдарынан құралады. Салымдар ұзақ мерзімге 8-10 жылға салынады.

Венчурлық қаржыландырудың келесі түрі - ірі корпорациялардың қорлары.

Ірі кәсіпорындар инновациялық жобаларды қаржыландыруды үш әдіспен жүзеге асырады:

  • инновациялық жобаларды жүзеге асыратын өздері құрған шағын фирмаларды тікелей қаржыландыру;
  • бірнеше корпорация ретінде құрылған фирмалар арқылы қаржыландыру;
  • венчурлық қордың капиталына корпорацияның пайдалы қатысуы арқылы

Шағын инновациялық кәсіпорындардың басым бөлігін инвестициялық компаниялар қаржыландырады. Олар мемлекеттің қатысуымен құрылады. Салықтық және қаржылық жеңілдіктерге, шағын фирмаларға берілетін несие бойынша мемлекеттік кепілге ие. Шағын инновациялық мемлекет субсидиялайтын капиталын қаржыландырады. Сонымен қатар инновациялық фирмаларды біріншілік акцияларды ұсыну нарығында биржалық және биржадан тыс қаржыланады.

Бағалы қағаз нарығы арқылы қаржыландыру ірі фирмаларда жүзеге асады. Ал шағын инновациялық фирмалар бағалы қағаздан тыс нарықтық қаржыланады. Бағалы қағаз нарығында акциялар, бағалы қағаздар комиссиясының рұқсаты бойынша жіберіледі, ал бұл үрдіс шағын фирмалар үшін қымбатқа түседі [12] .

Венчурлық бизнестің субъектілері:

  1. Қаржылық акциялар - венчурлық компаниялар;
  2. Қаржылық донорлар - жеке тұлғалар, "бизнес періштелері", компаниялар мен арнайы қорлар;
  3. Қаржылық және ақпараттық делдалдар

Венчурлық капитал - жаңа акциялар мен тез дамушы компанияларды қор биржасында осы компаниялардың акцияларын тіркеуден кейін жоғары пайда алу мақсатында қаржыландыратын, тәуекелді капитал.

Венчурлық капитал ресми және бейресми секторларға беріледі.

Бейресми сектордың қатысушылары - венчур капиталдың жеке секторлары. Оларға "бизнес-періштелер" - бизнесте тәжірибесі бар мамандарды жатқызуға болады.

Бейресми инвесторлар өз еңбектерінің арқасында бірқатар қаржылық жинақтарды иеленеді. Көптеген "бизнес-періштелер" тікелей жаңа дамып келе жатқан фирмаларды қаржыландырады. "Бизнес-періштелер" АҚШ-та және көптеген Европаның елдерінде, сонымен қатар Оңтүстік Европада белсенді жұмыс жасайды.

Көптеген технологиялық революциялар венчурлық капиталды қаржыландырудың нәтижесінде болды. Венчурлық капиталды қолдау арқасында көптеген компаниялар аяғынан тік тұрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент теориясы
Менеджмент, менеджмент түрлері
Инновацияларды басқарудың технологиялары мен әдістері
Инновациялық жобаларды басқару
Мектеп қызметін басқару
АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Педагогикалық менеджмент маңызы
Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz