Сырдария суының химиялық құрамы



Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы
табиғи факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
12

1.1 Табиғат жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
1.2 Физикалық . географиялық факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.2 Геологиясы мен жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 14
1.2.3 Топырағы мен өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
1.2.4 Жан.жануарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
1.2.5 Гидрометеорологиялық факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
1.3 Дария суының химиялық құрамының қалыптасуы және оны
гидрохимиялық сыныптарға жіктеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... 41

2 Сырдария суының химиялық құрамын
қалыптастырушы антропогендік факторлар ... ... ... ... ... ... ...
54
2.1 Өндіріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.2 Ауыл шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
2.3 Елді мекендерді сумен қамту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

3 Сырдария суының химиялық құрамының
түр өзгерту (трансформация) динамикасы
72
3.1 Шартты.табиғи кезең (1938.1960 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
3.2 Антропогендік ықпалдың қарқынды даму кезеңі (1960.1991 жж.)... 91
3.3 Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңі (1992.2006 жж.) ... ... ... ... .. 122

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 140
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 142
Қосымша А 1938.2006 жылдар аралығындағы минералдылық ... ... 151
Қосымша Б Ендірілу акті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 154
Қосымша В Ендірілу акті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 155
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда трансшекаралық өзендер мәселесі қызығушы жақтардың экономика саласын су ресурстарымен толық қамтамасыздандыру көзқарасынан ғана емес, транзитті ағын сулардағы жылдан жылға нашарлап бара жатқан өтпелі ағынды сапасынан халықты қауіпсіздендіруді қамтамасыз етуде өзекті мәселеге айналуда [1]. Бұл сөзіміздің дәлелдемесі ретінде Орталық Азия елдері арасындағы келіссөздерді және трансшекаралық өзендер проблемасы бойынша Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасында басталған келіссөздерді айтуға болады. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Республикалары өкілдерімен келіссөздерде қазақстандық делегация су бөлісу сұрақтары бойынша өтпелі ағындының сапалық сипаттамалары ерекше маңызды болса да, сұрақтың сандық жағына көп көңіл аударады. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жыл сайын басып шығаратын гидрохимиялық бюллетеньдер мен Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын Казгидрометтің маусым сайынғы бюллетеньдерінде ағын су әрқашанда «шамалы ластанған» деп сипатталатын Сырдария өзені ластануының жіктеу дәрежесі отандастарымыздың көңілін жай таптырады. Сырдың суы 3,5 млн-ға жуық халқы бар Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары үшін бірден-бір су көзі болып табылатындықтан, оның суының сапасы өте зор рөл атқарады. Қазақстанға суының сапасы барынша ластанып, ауыз суға жарамсыз болып жетеді. Сырдария суының сапасы туралы әр жерде айтылып жүргенімен, нақты дәлелденген еңбектер жоқтың қасы [2].
Мәселе, өзімізге белгілі, өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарының басында мақта, тағам өнімдері өндірісін арттыру мақсатында Орта Азия және Қазақстанда суармалауды кең масштабты кеңейту туралы қабылдаған шешімді іске асыру нәтижесінде туындады. Нәтижесінде алаптағы өзен ағындысының қайтарымсыз алынуына бастамасын салған Қарақұм каналының (1959ж.) құрылысы, Сырдария және Әмударияда көптеген бөгендер мен суармалау – суландыру каналдарын құру бойынша дамыған гидроқұрылыс басталды [3]. Су ресурстарын экстенсивті және шаруашылық есепсіз пайдалану олардың толық сарқылуына әкелді. Жеке жылдары өзен суы тіпті теңізге жетпеді.
Табиғи ортаның жеке құрамбөліктері арасындағы тұз алмасудың (топырақ, атмосфера, жер асты және жер беті сулары және т.б.), алаптағы тұз алмасу көрсеткіштерінің бұзылуы және Сырдария экожүйесінің әртүрлі улы химикаттармен жоғары ластану деңгейі ғаламдық сипатқа ие.
Ең көп экологиялық жүктелім болған жылдары улы химикаттармен, тыңайтқыштармен және тұздармен қаныққан қашыртқылы–кәрізді су ағындысы үшін Сырдария табиғи арнаға айналды. Сырдария атырауындағы көптеген ірі көлдер өзеннен бөлінді, тұздануға және ластануға ұшырады.
1 Протокол Заседания Международной водохозяйственной комиссии (МНВК) Республик Казахстан, Таджикистан, Туркменистан, Узбекистан и Кыргызстан от 9 июля 1993 год. − Кызыл−Орда; 1993. – 9 с.
2 Протокол заседания МКПК от 27 июня 1995 г.− Бухара: 1995.−7 с.
3 Бурлибаев М.Ж., Достай Ж.Д., Турсунов А.А. Арало-Сырдарьинский бассейн // Гидроэкологические проблемы, вопросы вододеления.– Алматы: Дәуір, 2001. − С. 21 – 29.
4 Глазовский Н.Ф. Аральский кризис. М.: Наука, 1990.135 с.
5 Чембарисов Э.И., Бахритдинов Б.А. Гидрохимия речных и дренажных вод Средней Азии. – Ташкент: Укутувчи, 1989. − С.7-98.
6 Елибаев Н. Гидрохимический режим нижнего течения реки Сырдарьи и озерных систем: автореф. ... канд. геогр. наук.– Ростов на Дону, 1980.– C.18-25.
7 Амиргалиев А.Н. Арало-Сырдарьинский бассейн: гидрохимия, проблемы водной токсикологии.− Алматы: ТОО «Издательство "Бастау"», 2007.– C. 34-47.
8 Мұқатаева Ж.С. Сырдария өзені суының минералдылық тыңайтқыштармен және радионуклидтермен ластануы: автореф. ... канд. геогр. наук. – Алматы, 2006. – Б. 2-16.
9 Ресурсы поверхностных вод СССР. - Л.: Гидрометеоиздат, 1969. - Т.14, вып.1. – 000 с.
10 Шульц В.Л. Реки Средней Азии.- Л.: Гидрометеоиздат, 1965. – 691.
11 Рубинова Ф.Э. Изменение стока реки Сырдарьи под влиянием водохозяйственного строительства в ее бассейне // Тр. САРНИГМИ. – М.: Гидрометеоиздат, 1979.− Вып. 58 (139).− С.7-69.
12 Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан. ТОО «Экосервис С». Отчет по теме: «Разработка методики прогноза стока реки Сырдарья с учетом изменения климата региона». – Алматы, 2007.
13 Геология СССР. Т.1.XXI
14 Геология СССР. Т.1.XXI
15 Боровский В.М., Погребинский М.А. Древняя дельта Сырдарьи и Северние Кзылкумы.− Алматы: Издательство АН КазССР, 1959.− С.114-149.
16 Производственный кооператив «Институт Казгипроводхоз». Проект "Экологический безопасное развитие в Кызылординской области".− Алматы, 2005. − С. 4-64. .
17 Рачковская Е.И. Растительность, лесной фонд // Республика Казахстан.– Алматы: ИГ МОН РК, 2006. – Т.1.. - C.363-405.
18 Боровский В.М. Формирование засоленных почв и галогеохимические провинции Казахстана. – Алма-Ата, 1982. – 354 с.
19 Боровский В.М. Изменение почв под влиянием орошения. – Избр. Труды «Генезис и мелиорация почв Казахстана».–Алма-Ата, 1982.– С. 133-135.
20 Боровский В.М., Погребинский М.А. Древняя дельта Сыр-Дарьи и Северные Кзыл-Кумы.– Алма-Ата, 1958.
21 Боровский В.М., Фаизов К.Ш., Левицкая З.П., Ропот Б.М. Почвенно-мелиоротивные условия развития орошения в Казахстане в связи с переброской части стока сибирских рек // В кн.: «Охрана почв и рациональное использование земельных ресурсов Казахстана». –Алма-Ата, 1976.– С. 44-92.
22 Житомирская О.М. Климатические описания района Аральского моря.− Л.: Гидрометеоиздат, 1964.− 72 с.
23 Китайгородский С.А. Физика взаймодействия атомсферы и океана.- Л.: Гидрометеоиздат, 1970.-284 с.
24 Молоснова Т.И., Субботина О.И., Чанышева С.Г. Климатические последствия в зоне Аральского моря. М.: Гидрометеоиздат, 1987. – 119 с.
25 Колебания климата за последнее тысячелетие / Под ред. Борисенкова В.И. – Л.: Гидрометеоиздат, 1988.- 410 c.
26 Гидрометеорологические проблемы Приаралья / Под ред. к.г.н. Чичасова Г.Н. – Л.: Гидрометеоиздат, 1990.-278 c.
27 Субботина О.И. Изменение количества осадков в разные периоды усыхания Аралького моря // Тр. САНИИ Госкомгидромета СССР. 1985. Вып. 114 (155).- C. 16-22.
28 Кондратьев К.Я. Глобальный климат.– Л.: Наука, 1992.–359 c.
29 Захидов А. Водохозяйственные системы Средней Азии.− Ташкент: Фан, 1971. – С.11-79.
30 Кесь А.С., Андрианов Б.В., Итина М.А. Динамика гидрографической сети и изменения уровня Аральского моря // Колебания увлажнения Арало−Каспийского региона в галоцене. – М.: Наука, 1980.- C.185-197.
31 Гальперин Р.И., Белгожаева А.А. Максимальные уровни воды в нижнем течении Сырдарьи. Гидрометеорология и экология. №4, 2006. −40-52 c.
32 Омаров К.А. Влияние антропогенных нагрузок на качество воды в низовьях Сырдарьи и пути его улучшения: автореф. ... канд. геогр. наук. – Алматы, 2002. – C. 5-27.
33 Цыценко К.В. Динамика естественных потерь речного стока реки Сырдарья // Тр. ГГИ.1990. Вып.341.- C.20-27.
34 Духовный В.А. Водохозяйственный комплекс в зоне орошения.–М.: Колос, 1984.−C.123-154.
35 Вольфцун И.Б., Сумарокова В.В. Динамика антропогенных и естественных потерь стока Амударьи и Сырдарьи за многолетний период // Метеорология и гидрология. 1985. № 2. –C. 98-104.
36 Шикломанов И.А. Антропогенные изменения водности рек. – Л.: Гидрометеоиздат, 1979. - С.302.
37 Разработка комплекса неотложных и перспективных мероприятий по увеличению пропускной способности русла реки Сырдарья ниже Шардаринского водохранилища до впадения в Малый Арал с учетом ухудшения гидрологического режима и возросших антропогенных нагрузок. Тараз 2005.
38 Алекин О. А. Основы гидрохимии. −Л.: Гидрометеоиздат, 1970. – С. 11-23.
39 Алекин О. А. Основы гидрохимии. − Л.: Гидрометеоиздат, 1948. – С.7-71.
40 Проект регулирования реки Сырдарьи и Северного Аральского моря. Оценка воздействия на окружающую среду. Казгипроводхоз. – Алматы, 1999.− С.5-27.
41 Кипшакбаев И.К., Соколов В.И. Водные ресурсы бассейна Аральского моря – формирование, распределение, водопользование // Сборник докладов научно−практической конференции. "Водные ресурсы Центральной Азии". – Алматы, 2002. − С. 64-73.
42 Кипшакбаев Н.К. Региональные проблемы водного хозяйства. – Алматы: ТОО РПИК "Дәуір", 2004. − С.43-45.
43 Шомантаев А.А. Антропогенные воздействия на качество природных вод в низовьях реки Сырдарьи // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана.− 2001. − №2. – C.37-39.
44 Санин М.В. Водоемы-накопители коллекторно-дренажного стока в бассейне Аральского моря // Мелиорация и водное хозяйство. Алматы, 1989. − №11.−С.1-8.
45 Амиргалиев Н.А., Елибаев Е.Н. Гидрохимия и качество водной среды водоемов бассейна Аральского моря в условиях его экологической деградации. Алматы, 1995. 71 c. Деп. КазГОСИНТИ 5.09.95.№6351 – Ка95.
46 Amirgaliev N.A. The evolution of the present salty regime and the level pestiside pollution of Aral sea // Sustanaible use of natural resourses of Central Asia. Environmental problems of the Aral Sea and surrounding areas. Almaty, 1998.P.89-93.
47 Амиргалиев Н.А. К вопросу о современном уровне осолонения и токсикологического состояния Аральского моря // Экология и водные ресурсы водоемов Казахстана. Алматы, 1995. C.69-77.
48 Амиргалиев Н.А. Динамика солевого режима гидроэкологического состояния Аральского моря при различных условиях водообеспечения // Матер. научно–практической конф. "Образование и наука в современных условиях Казахстана". Уральск, 2002. – C. 194-195.
49 Амиргалиев Н.А., Альпеисов Ш.А. К оценке современного экологического состояния Арало–Сырдарьинского бассейна // Вестник сельскохоз.науки Казахстана. 2003. №12. – C.29-31.
50 Бурлибаев М.Ж. Проблемы оценки качества вод трансграничных рек и принципы экологического нормирования стока // Гидрометеорология и экология. −Алматы, 2005. − №2.− C.239-247.
51 Шалабаева Г.С. Сырдария алабының (қазақстандық бөлігі) гидрохимиялық зерттелу жағдайы // Гидрометеорология и экология. −Алматы, 2007. − №4.− С.85-94.
52 Шалабаева Г.С. Сырдария өзені ағынының антропогендік трансформацияға ұшырау дәрежесі // Второй междун.конгресс студентов и молодых ученых "Мир науки".− Алматы, 2008.− С.144-145.
53 Шалабаева Г.С. Сырдария өзені алабындағы гидрохимиялық әрекеттердің өзеннің гидрохимиялық режиміне әсері // Междун. науч.-практ. конф. «Сатпаевские чтения».– Алматы, 2008. − С.211-213.
54 Хоменко А.Н., Емельянова А.Н. Характеристика загрязненности рек Амударьи и Сырдарьи // Мониторинг природной среды в бассейне Аральского моря. − СПб: Гидрометеоиздат, 1991. − С.109-115.
55 Корниенко В.А., Стародубцев В.М. Изменение ирригационных качеств речных вод и почвенно-мелиоративных условий в низовьях Сырдарьи и пути рационального использования земельно–водных ресурсов // Вестник АН КазСССР.1989.Т.1.C.45-50.
56 Геткер М.И., Куропатка Л.М., Рубинова Ф.Э. Сток возвратных вод в бассейне реки Сырдарьи и его влияние на минерализацию речной воды в современных условиях и в перспективе // Тр. САРНИГМИ. 1975. Вып. 25(106). C.3-22.
57 Пулятко Ю.С. Способ учета влияния хозяйственной днятельности на сток рек // Тр. ГГИ. 1973. Вып. 208. C.92-98.
58 Санин М.В. Коллекторно-дренажные воды орошаемых массивов бассейна Аральского моря и их накопление // Озеро Сарыкамыш и водоемы-накопители коллекторно-дренажных вод. –М.: Наука, 1991.− С. 6-14.
59 Светицкий В.П. Речной сток и возвратные воды в бассейнах рек Сырдарьи и Амударьи // Экспресс–информ. ЦБНТИ Минводхоза СССР. Сер.4м.1982. Вып. 10. C.1-6.
60 Волков М. Хлопковый молох продолжает пожирать времяю силы и здоровья детей // Газета Правда от 15.11.1988 г.
61 Кудеков Т.К., Никифорова Л.Н., Ли. В.И., Попова В.П. Анализ гидрологической ситуации, сложившейся в бассейне реки Сырдарья и предложения по ее нормализации // Гидрометеорология и экология. − 2005.− №2.− C.136-139.
62 Алтунин В.С., Кириянова В.И., и др. Оценка экологической и водохозяйственной ситуации в Средней Азии по маетриалам аэрокосмических сьемок // Гидротехническое строительство, 1990, №3.
63 Амиргалиев Н.А., Лопарева Т.Я. Характеристика гидрохимического режима Шардаринского водохранилища на р. Сырдарья // Тез. доклада конференции по вопросам рыбного хозяйства республик Средней Азии и Казахстана. – Фрунзе, 1969.− С.6-59.
64 Тарасов М.Н., Кореновская И.М. Изменение минерализаций и ионного состава воды реки Сырдарьи в результате развития орошения в ее бассейне // Гидрохимические материалы, 1974. T.60.C.13-16.
65 Розанов В.П. Сероземы Средней Азии. –М.: Издательство АН ССР, 1951. − С.138-140.
66 Лазарев К.Г. Ожидаемые изменения минерализации и относительного состава воды в бассейне реки Сырдарьи после зарегулирования стока // Гидрохимические материалы, 1965. T.40.C.46-59.
67 Лопарева Т.Я., Амиргалиев Н.А. Ионно–солевой состав и некоторые технические свойства воды Чардаринского водохранилища // Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование. Алматы: Кайнар, 1974. Вып. 8.C.37-42.
68 Омаров К.А. Экологическая оценка работы орошаемых массивов низовьев реки Сырдарьи // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. − 2001.− №2. – С.34-37.
69 Шалабаева Г.С. Арал-Сырдария алабындағы су ресурстары динамикасының сандық және сапалық сипаттамалары // ҚазҰУ жаршысы. География сериясы. − Алматы: Қазақ университеті, 2010.− №3. −Б.23-34.
70 Шалабаева Г.С. Сырдария өзені алабындағы елді мекендерді сумен қамту // Гидрометеорология және экология.– Алматы: Қазақ университеті, 2010. −№2 − Б.67-75.
71 Шалабаева Г.С. Сырдария өзенінің қазақстандық бөлігі шегіндегі суармалы жүйенің дамуы. Халықаралық ғылыми–практикалық конференция «Экологияның қазіргі кездегі мәселелері және қоғамның тұрақты дамуы»
72 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1938 г. –Л.: Гидрометеоиздат, 1939. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. – С.460-461.
73 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1940 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1941. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.–С.399-405.
74 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1941. −Л.: Гидрометеоиздат, 1942. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.– С. 254-259.
75 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1942 г. −Л.: Гидрометеоиздат,1943. −Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.– С.234-239.
76 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1943 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1944. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.–С 269-273.
77 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1944 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1945.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии−.C.119-127.
78 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1945 г. − Л.: Гидрометеоиздат, 1946. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн реки Сырдарьи. − C.319-327.
79 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1950 г. −Л.: Гидрометеоиздат, 1951.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.398-412.
80 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1951 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1952. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.239-309.
81 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1953 г. −Л.: Гидрометеоиздат, 1954. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.− С.239-309.
82 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1954 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1955.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. − С.239-309.
83 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1955 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1956.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. − С. 657-660.
84 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1956 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1957.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. − С. 557-559.
85 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1957 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1958. −Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. − С. 657-660.
86 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1958 г.с. −Л.: Гидрометеоиздат, 1959.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.− С. 341-344.
87 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1958 г.с. −Л.: Гидрометеоиздат, 1959.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.− С. 341-344.
88 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1959 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1960.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. − С. 287-290.
89 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1960 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1961.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. −С. 435-441.
90 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1961 г. −Л.: Гидрометеоиздат,1962. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. −С. 371-373.
91 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1962 г. −Л.: Гидрометеоиздат,1963. − Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С. 374-375.
92 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1963 г. −Л.: Гидрометеоиздат, 1964 г.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.407-409.
93 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1964 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1965 г.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−C.194-195.
94 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1965 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1966.–Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.− С.286-287.
95 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1966 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1967.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. − C. 299-302.
96 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1967 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1968.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.300-302.
97 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1968 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1969.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.282-284.
98 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1972 г.с. −Л.: Гидрометеоиздат, 1973. −Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−C.183-189.
99 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник 1969 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1970.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.278-280.
100 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1970 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1971.−Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. − С.339-345.
101 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1971 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1972.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.446-449.
102 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1972 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1973. −Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. −С.446-449.
103 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1973 г.− Л.: Гидрометеоиздат, 1974.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.351-356.
104 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1974 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1975.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.− С. 272-279.
105 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1975 г.с. Л.: Гидрометеоиздат, 1976.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. −С.489-499.
106 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1976 г. Л.: Гидрометеоиздат, 1977.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии.−С.487-489.
107 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологический ежегодник. 1977 г.−Л.: Гидрометеоиздат, 1978.− Т.5, вып. 0-4,9 бассейн рек Средней Азии. −С. 128 -129.
108 Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1977 г. – Алматы, 1978.− С.34-53.
109 Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1977 г. –Алматы, 1978.− С.79-84.
110 Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1978 г.− Алматы, 1979. −С.36-43.
111 Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1979 г.− Алматы, 1980. − С.36-39.
112 Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1981 г. –Алматы, 1982. − С.50-53.
113 Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1982 г. –Алматы, 1983.− С.76-80.
114 Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1983 г.− Алматы, 1984 .− С.83-94.
115 Гидрохимический бюллетень (Материалы наблюдений за загрязнением поверхностных вод Казахской ССР). 1984 г.− Алматы, 1985.− С.99-103.
116 Ежегодные данные о качестве поверхностных вод суши за 1985 г.− Алма-Ата, 1986. − Т.5, вып.3, ч. 1.− С.106.
117 Ежегодные данные о качестве поверхностных вод суши за 1986 г. −Алма-Ата, 1987. − Т.5, вып.3, ч. 1.− С.108.
118 Ежегодные данные о качестве поверхностных вод суши за 1987 г. −Алма-Ата, 1988. − Т.5, вып.3, ч. 1.− С.109.
119 Ежегодные данные о качестве поверхностных вод суши за 1988г.−Алма-Ата, 1989. − Т.5, вып.3, ч. 1.− С.110.
120 Ежегодные данные о качестве поверхностных вод суши за 1989г.−Алма-Ата, 1990. − Т.5, вып.3, ч. 1.− С.110.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 126 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5

Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы
табиғи факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 12

1.1 Табиғат жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 12
1.2 Физикалық – географиялық факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.2 Геологиясы мен жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 14
1.2.3 Топырағы мен өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
1.2.4 Жан-жануарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 23
1.2.5 Гидрометеорологиялық факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
1.3 Дария суының химиялық құрамының қалыптасуы және оны
гидрохимиялық сыныптарға жіктеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... 41

2 Сырдария суының химиялық құрамын
қалыптастырушы антропогендік факторлар ... ... ... ... ... ... ...
54
2.1 Өндіріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 54
2.2 Ауыл шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
2.3 Елді мекендерді сумен 68
қамту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..

3 Сырдария суының химиялық құрамының
түр өзгерту (трансформация) динамикасы 72
3.1 Шартты–табиғи кезең (1938-1960 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
3.2 Антропогендік ықпалдың қарқынды даму кезеңі (1960-1991 жж.)... 91
3.3 Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңі (1992-2006 жж.) ... ... ... ... .. 122

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 140
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 142
Қосымша А 1938-2006 жылдар аралығындағы минералдылық ... ... 151
Қосымша Б Ендірілу 154
акті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша В Ендірілу акті 155
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

анықтамалар, белгілеулер МЕН қысқартулар

Берілген диссертацияда сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер
қолданылады:
АСБ – МКСк алаптық су шаруашылық бірлестігінің атқарушы органы.
"Сырдария" АСБ–не Шардара бөгеніне дейін Сырдария өзенінің трансшекаралық
су ресурстарын және оның негізгі салаларын бөлу, бөгендер жұмысының
жүргісін есептеу және жоспарлық су тұтынуды ұстануды оперативті бақылау
міндеттері қойылған. "Сырдария" АБС–ның негізгі гидротехникалық
ғимараттармен диспетчерлік пункттер арқылы байланысқан ақпараттық жүйесі
мен мәліметтер базасы бар. Ол Сырдария алабы елдерінің энергетика және су
шаруашылығының ведомствалық, халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарымен
ақпараттық байланыстарды жүзеге асырады. "Сырдария" АБС–ның мәліметтер
базасы келесі негізгі ақпараттан тұрады: анықтамалық, бөгендер сатысы
жұмысының жүргісі туралы, су ресурстарын пайдалану туралы мәліметтерден,
реттеу жоспары және ағындыны үлестіру мәліметтерінен, саланы жоспарлау
мәліметтерінен, қашыртқылы–кәрізді ағынды туралы мәліметтерден тұрады.
АСБ–ның негізгі анықтамалық ақпараты келесіден тұрады: гидроғимараттың
төлқұжаттық мәліметтері, өзеннің сызықтық сызбасы, бас тоған құрылымы және
телім бойынша қапталдық сала, СЭС арқылы су өтімі қажеттілігі.
Су ресурстары – өзеннің жер беті суының ресурстары. Су ресурстары
қалыптасу және пайдалану үдерісінде келесі негізгі құраушылардан тұрады:
табиғи жер беттік ресурстары (ағындының қалыптасу зонасының өзен ағындысы);
негізгі ұңғымаға жер беті суының қапталдық салалығы, бөгенмен өзен ағынын
реттеу есебінен өзен ағыныннан қосылатын су көлемі, көл және ойпауыттың су
ресурстары, өзен ағынымен өзара байланысты жер асты суының ресурстары; жер
беттік көздерден (ирригация, өнеркәсіп, ауыз су және коммуналдық–тұрмыстық
сумен қамту) негізгі су тұтынушылардың суды алуы; қайтымды сулар;
экологиялық өтімдер; мемлекетаралық тасу; өзен ағындысының жоғалуы. Бұл
ақпарат мәліметтер базасында келесідегідей бірігеді: байқау сынамаларының
қатары бойынша(өзендер, тұстамалар, бөгендер, су алулар, каналдар,
тасталымдар, жер асты суының кен орындары, су теңдестік телімдер,
ирригациалық зоналар және т.б.); нысанның техникалық сипаттамасы бойынша
(анықтамалық мәліметтер); байқау мәліметтері бойынша (су ресурстарының
барлығы және пайдаланылуы туралы мәліметтер).
Гидромет–гидрометеорологиялық орталық. Қазақстан Республикасының
гидрометеорологиялық орталығының мәліметтер базасы және өзен ағындысын
есептеудің автоматтандырылған жүйесі, Сырдария өзенінің ағындысының
қалыптасуын болжауға және есептеуге есептеу технологиялары бар.
СШТ–су шаруашылығы теңдестігі, су ресурстарын пайдалануды негізделген
жоспарлау және мемлекеттің халық шаруашылығын және халықтың суға деген
қажеттілігін қанағаттандыру бойынша сушаруашылығы шараларын анықтау
мақсатында құрылады. Су шаруашылығы балансы су ресурстарын пайдалану
деңгейін және барлығын, мемлекеттер, алаптар бойынша су тапшылығы және
артықшылығын бағалайды. Суды пайдаланудың ерекшеліктері: су ресурстарын
пайдланатын және тұтынатын салалар құрылымы, суармалы алаң да
ауылшаруашылық дақылдардың орналасуы, суармалы егін шаруашылында,
муниципалды және өнеркәсіптік сумен қамтуда суға деген қажеттіліктің
өзгеріс тенденциясы талданады.
США – су шаруашылығы ауданы
СЭС – су электр станциясы
ҚКС – Қашыртқылы–кәрізді ағынды
МКСК– Мемлекетаралық Координациялық Су шаруашылығы Комиссиясы
РРССАМ 1 – Сырдария өзенін және Солтүстік Арал теңізі арнасын реттеу
жобасы, жобаның 1 фазасы
САТ – Солтүстік Арал теңізі
Аш – ауыл шаруашылығы
ОА – Орталық Азия
РМК – Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын
км3 – шаршы километр
млн м3 – миллион шаршы метр
м3с – секундына шаршы метр, су өтімі
мгл – әр литрге миллиграмм
гкг – әр килограммға граммнан
га – гектар

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда трансшекаралық өзендер
мәселесі қызығушы жақтардың экономика саласын су ресурстарымен толық
қамтамасыздандыру көзқарасынан ғана емес, транзитті ағын сулардағы жылдан
жылға нашарлап бара жатқан өтпелі ағынды сапасынан халықты
қауіпсіздендіруді қамтамасыз етуде өзекті мәселеге айналуда [1]. Бұл
сөзіміздің дәлелдемесі ретінде Орталық Азия елдері арасындағы келіссөздерді
және трансшекаралық өзендер проблемасы бойынша Қазақстан Республикасы және
Қытай Халық Республикасы арасында басталған келіссөздерді айтуға болады.
Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Республикалары өкілдерімен
келіссөздерде қазақстандық делегация су бөлісу сұрақтары бойынша өтпелі
ағындының сапалық сипаттамалары ерекше маңызды болса да, сұрақтың сандық
жағына көп көңіл аударады. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің жыл сайын басып шығаратын гидрохимиялық бюллетеньдер мен
Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын Казгидрометтің маусым сайынғы
бюллетеньдерінде ағын су әрқашанда шамалы ластанған деп сипатталатын
Сырдария өзені ластануының жіктеу дәрежесі отандастарымыздың көңілін жай
таптырады. Сырдың суы 3,5 млн-ға жуық халқы бар Оңтүстік Қазақстан,
Қызылорда облыстары үшін бірден-бір су көзі болып табылатындықтан, оның
суының сапасы өте зор рөл атқарады. Қазақстанға суының сапасы барынша
ластанып, ауыз суға жарамсыз болып жетеді. Сырдария суының сапасы туралы әр
жерде айтылып жүргенімен, нақты дәлелденген еңбектер жоқтың қасы [2].
Мәселе, өзімізге белгілі, өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарының басында
мақта, тағам өнімдері өндірісін арттыру мақсатында Орта Азия және
Қазақстанда суармалауды кең масштабты кеңейту туралы қабылдаған шешімді
іске асыру нәтижесінде туындады. Нәтижесінде алаптағы өзен ағындысының
қайтарымсыз алынуына бастамасын салған Қарақұм каналының (1959ж.) құрылысы,
Сырдария және Әмударияда көптеген бөгендер мен суармалау – суландыру
каналдарын құру бойынша дамыған гидроқұрылыс басталды [3]. Су ресурстарын
экстенсивті және шаруашылық есепсіз пайдалану олардың толық сарқылуына
әкелді. Жеке жылдары өзен суы тіпті теңізге жетпеді.
Табиғи ортаның жеке құрамбөліктері арасындағы тұз алмасудың (топырақ,
атмосфера, жер асты және жер беті сулары және т.б.), алаптағы тұз алмасу
көрсеткіштерінің бұзылуы және Сырдария экожүйесінің әртүрлі улы
химикаттармен жоғары ластану деңгейі ғаламдық сипатқа ие.
Ең көп экологиялық жүктелім болған жылдары улы химикаттармен,
тыңайтқыштармен және тұздармен қаныққан қашыртқылы–кәрізді су ағындысы үшін
Сырдария табиғи арнаға айналды. Сырдария атырауындағы көптеген ірі көлдер
өзеннен бөлінді, тұздануға және ластануға ұшырады.
Мұнымен қатар, Сырдария өзені алабының су шаруашылық аудандарында соңғы
жылдары ирригаторлар суармалауға жиі қашыртқылы-кәрізді ағындыларды қолдана
бастады. Бұл сулардың минералдануы мен химиялық құрамы жеткіліксіз
зерттелінген. Осыған қарамастан, Өзбекстан аумағындағы қашыртқылы−кәрізді
сулардың жалпы көлемі бүгінгі таңда 20 км3-ты құрайды. Осы суларды қайтадан
ауыл шаруашылығында, балық өсіру үшін, кейде өнеркәсіптің жеке салаларында,
тіпті ауыз су үшін қолдануға болатындығы күмәнсіз [4].
Зерттеу тақырыбының өзектілігі зерттеу нысаны – Сырдария өзенінің
еліміздің оңтүстік аймақтарындағы экожүйелерді қалыптастырушы фактор және
тіршілік көзі екендігімен анықталады және де жаңадан қалыптасқан егемен
мемлекеттер арасында су бөлісуге байланысты арта түсетіндігі мәлім.
Қоғамның бүгінгі күйінде табиғи орта мониторингі, оның ішінде су
нысандарының сапасы жөніндегі мәселелер өзекті мәнге ие болады, бұған
қоршаған орта бойынша БҰҰ (ЮНЕП), Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым,
Еуропалық экономикалық комиссия, ЮНЕСКО "Человек и биосфера", Орталық Азия
мемлекеттер достастығы бағдарламасы шегінде жүзеге асырылатын халықаралық
бағдарламалар мен жобалар куә [1, 5 б].
Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесін құру (ГСМОС) бойынша 1972
жылы Стокгольм конференциясында негізі басталған ластану мониторингін
қадағалау Қоршаған орта бойынша БҰҰ конференциясында ары қарайғы дамуға ие
болды (Рио-де-Жанейро, 1992 ж.). Бұл заңды құбылыс, өйткені экологиялық
жағдайды бақылау және ары қарайғы сауықтырудың басқа баламасы жоқ. Бұл
жағдай 1997 жылдың тамыз айында қабылданған Қазақстан Республикасының
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңында қарастырылған. Мұнда елдің су
нысандарын қосқанда бірнеше бап қоршаған орта мониторингіне арналған [2, 5
б].
Су нысандары мониторингі мәселесіне осындай қызығушылық кездейсоқ емес,
өйткені соңғы уақытта таза су және су экожүйесін қорғау өзекті және
ғаламдық мәселеге айналды. Республикада халық шаруашылығы салаларын су
ресурстарымен қамтамасыздандыруда бірінші кезекте табиғи гидрологиялық
жүргіні реттеумен байланысты олардың сандық және сапалық сарқылуынан, судың
үлкен көлемін қайтымсыз алу және елдің су көздерінің ластануынан барлық
жерде қиыншылықтар туындайды. Ағын су жүргісін реттеу және қайтымсыз алумен
қатар ластануы елеулі деңгейде өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық
суларды тастаумен байланысты. Осы жағдаймен байланысты қазіргі таңда және
болашақта Республиканың су нысандары табиғи үдерістердің төмендеу және
биологиялық өзін-өзі тазарту қабілеттілігінің жоғалуы нәтижесінде қиын
күйге түседі. Осыған байланысты алапта өмір сүретін халықтың тіршілігінің
сапалық көрсеткіштері нашарлауда, яғни зерттеу тақырыбы аса өзекті мәселе.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сырдария алабының, оның ішінде өзен суының
гидрохимиялық жүргісі туралы алғашқы мәліметтерді 19 ғасырдың аяғы мен 20
ғасырдың басында кездестіреміз. Бастапқыда бұл Ресей империясының жерге
орналастырушылар тарапынан жүргізілген жекелеген мәліметтері болды. Өзеннің
гидрохимиялық жүргісін зерттеудегі кейбір тәртіп 1910 жылы Түркістан
өлкесінің Егін шаруашылығы басқармасында гидрометриялық бөлім құрылғаннан
кейін ғана енгізілді [3–6 б.]. Осы басқарма байқаушылары өзеннің жеке
тұстамаларында, мысалы, Сырдария – Запорожская бекеті (қазіргі Беговат)
және Сырдария – Қазалы, Әмудария – Керкі және Әмудария – Чатлы, Нарын –
Үшқорған, Қарадария – Қампыррават, Шыршық – Чиназ бекеттерінде химиялық
талдауға су сынамасын алып отырды. Талдау нәтижелері Санкт-Петербургте
басып шығарылатын арнайы Гидрометриялық бөлім есептерінде жарық көрді.
Сырдария өңіріндегі гидрохимиялық зерттеулер тек кеңес үкіметі
орнағаннан кейін ғана кең ауқымда жүргізіле бастады және тұрақты сипатта
болды. 1938 жылдан бастап Қырғыз, Өзбек және Қазақ Республикаларында өзен
ағындысын өлшеу барысында да химиялық талдауға су сынамасы алына бастады.
1938...1941 жылдар аралығында Өзбекстан шегінде ғана су минералдылығын байқау
30-дан астам тұстамада жүргізілді. 1972 жылы олардың саны 53-ке жетті, ал
20 ғасырдың 80 жылдары шамамен 100 тұстамаға жетті. Ол жылдары жылына
орташа есеппен алты-жеті су сынамасы алынатын, ал 1980 –жылдардан бері
сынама ай сайын алынады. Біздің пайымдауымызша, гидрохимиялық зерттеулер
басталғалы бері алынған сынамалар саны 15 мыңға жетті.
Орта Азияның суармалы суларының химиялық құрамы және минералдылығы
бойынша мәліметтерді алғаш жалпылаған А.С. Уклонский (1925) болды. Автор
гидрометриялық бөлім мәліметтерін қолданды және ірілеу өзендер мен
каналдардың орташа су шамаларын шығарды. Сонымен қатар А.С. Уклонский
талдау мәліметтерін тексерді және де тотық түрінде берілген пішіннен мг-
эквивалентті және мг-экв% пішініне қайта есептеді. Оның мәліметтері
бойынша, мысалы, Сырдария және Шыршық өзендеріндегі, сондай-ақ Мырзашөл
каналындағы су минералдылығы 1911...1916 жылдары 0,5 гдм3-тен аспады, су
құрамының гидрокарбонатты-кальцийлігі басым болды [5].
В.А. Ковда Происхождение и режим засоленных почв деп аталатын
еңбегінде суларды суармаланатын аумақтың негізгі тұздану көзінің бірі
ретінде қарастырады. К.М. Степанова гидрохимиялық жағдайымен ерекшеленетін
өзендердің екі тұрпатын көрсетті: 1) су құрамында гидрокарбонатты ион және
кальций басым аз сулы және қысқа тау өзендері және; 2) негізінен жазда
таситын климаты құрғақ, жоғары температуралы таулы-жазықты жерде ағатын мол
сулы өзендер. Бұл өзендердің құрамындағы кальций ионы сульфатты ионға орын
береді, алайда натрий, магний және хлор иондарының құрамы артады.
Өзендердің бірінші тұрпатына К.М. Степанова Өгем, Піскем, Шыршық,
Ахангаранды (бұл тек қана Сырдария алабы шегінде), ал екіншісіне – Нарын,
Қарадария және Сырдария өзендерін жатқызады.
1950 жылдардың аяғына қарай О.А. Алекин гидрологиялық жылнамалардың
мәліметтері бойынша Сырдария алабы өзені суларының минералдану сипаттамасын
жасады. Оның бағалауы бойынша, Ферғана аңғарынан төменде Сырдария суы сол
жылдары гидрокарбонатты сыныпқа, екінші тұрпатқа (яғни гидрокарбонатты ион
құрамы кальций және магний иондарының жиынтығынан аз болды) жатты. Арал
теңізіне Сырдария өзені арқылы жылына 6,05 млн тонна тұз түсіп отырды.
Өзеннің орта және төмеңгі ағыстарындағы судың минералдануы 0,3 гдм3-тен
(жазда) 0,6 гдм3-ке дейін өзгерді.
Э.И. Чембарисов (1973) Арал теңізі алабының көптеген өзендерінің орта
және төмеңгі ағыстарындағы жыл сулылығына тәуелсіз суармалаудың дамуына
байланысты минералданудың тұрақты артуына назар аударғандардың бірі болды
[5, 7 б].
А.П. Орлова (1973) суды пайдаланудың әртүрлі жағдайындағы Сырдария
алабындағы минералдануға болжам жасады. Оның есептеулері бойынша келешекте
суармалаумен байланысты өзен суының минералдану шамасының артатындығы
күтіледі [5, 7 б].
И.Н. Степанов және Э.И. Чембарисов (1978) Орта Азия және Әзірбайжанның
жеке өзендерінің су минералдануына суармалаудың әсерін анықтады. Олардың
мәліметтері бойынша, тек 1938...1971 судың орташа жылдық минералдануы
Сырдарияда (Қызылкишлақ тұстамасы) 0,54-тен 0,92 гдм3-ге, яғни 1,7 есе;
Шыршықта (Чиназ) 0,31-ден 0,44 гдм3-ге артқан. Минералданудың артуымен
өзен суының химиялық құрамы да өзгерді, мысалы, Сырдарияда гидрокарбонатты-
кальцийлі сыныбынан сульфатты-натрийлі сыныпқа дейін (басым иондары
бойынша) [5, 7 б].
Н.Е. Елибаев (1978) мәліметтері бойынша, Сырдарияның төмеңгі ағысындағы
өзен суларының жылдық орташа минералдануы жеті-сегіз жыл аралығында 0,92-
ден 1,5 гдм3-ге дейін артты, ал суы аз жылдары ол 2,4 гдм3-ге дейін
жетті. Сырдария өзенінің иондық ағынының орташа жылдық шамасы 7,6...10,2 млн
тонна шегінде құбылады. Оның еңбегі негізінен Сырдария өзенінің төмеңгі
ағысындағы суқойманың гидрохимиялық жүргісін зерттеуге және су жүргісінің
бұзылуы жағдайында судың химиялық құрамының қалптасу заңдылықтарын
анықтауға және шаруашылықтың көптеген салаларының қажеттілігін
қанағаттандыру үшін зерттелген суқоймалар суының сапасына баға беруге
бағытталған. Берілген мақсатпен байланысты оның алдына қойған міндеттері
Сырдария өзені мен көлдер жүйесінің 1938...1978 жылдар аралығындағы
минералдану жүргісін, судың иондық құрамын, еріген газдарын, биогенді және
органикалық заттарын зерттеу және суқойма суының химиялық құрамы мен
метаморфизациясы мен қалыптасуының басты факторларын анықтау болды. Оның
жұмысының ғылыми жаңалығы Сырдария өзенінің төмеңгі ағысындағы басты көлдер
жүйелерінің гидрохимиялық зерттеу жұмысын орындауында. 1971–1985 жылдары
Сырдария өзенінің төмеңгі ағысы мен оның атырауындағы көл жүйесінің
гидрохимиялық жүргісін Н.Е. Елибаев жүргізді [6].
Соңғы 40–жылғы кезеңде көптеген ғылыми еңбектер, оның ішінде су –
экологиялық сұрақтарға арналған еңбектер көптеп жазылды. Аталған жұмыстар
негізінен 1990–1991 жылға дейін шығарылған. Мұнда шамамен 1985–1987
жылдарға дейінгі кезеңге қатысты байқау нәтижелері қарастырылған. 1991–2004
басып шығарылған Н.И. Андреев, Э.И. Чембарисов, М.Ж. Бурлибаев, Ж.Д.
Достай, А.А. Турсунов және Н.Қыпшақбаев жұмыстары Орталық Азия өңіріндегі
өзен суының ресурстарын жергілікті пайдалану сұрақтарына арналған. Сырдария
өзені алабының қазақстандық бөлігіндегі гидрохимиялық жүргі динамикасы мен
барысы туралы мәліметтер Н.Е. Елибаев (1974), Б.А. Беремжанов (1977), М.Ж.
Бурлибаев (2001), К.А. Омаров (2002), Н.А. Амиргалиев (2004), Ж.С.
Мұқатаева (2006), еңбектерінде кездесіп, геоэкология ғылымының
гидрохимиялық қырынан дамуына зор үлес қосуда [7] .
Ж.С. Мұқатаеваның еңбегі 1997...2002 жылдар аралығында Амангелді
селосынан Қармақшы селосына дейінгі аралықтағы Сырдария өзені суының
минералдық тыңайтқыштармен және радионуклидтермен ластануына және өзен
алабының қазіргі химиялық және радиологиялық құрамын анықтауға бағытталған.
Зерттеулер нәтижесінде өзен суының тұрпаты мен құрамының өзгеру
заңдылықтары, метаморфизация үдерісі, минералды тыңайтқыш қалдықтарының
және радиоактивті заттардың зерттелінген уақыт аралдығында Сырдария өзені
суында таралу динамикасы мен миграциясы көрсетілген [8].
Жұмыстың мақсаты экологиялық азып–тозу үдерісінде өтіп жатқан Сырдария
суының гидрохимиялық жүргісін жан–жақты зерттей отырып, судағы басты
иондардың, минералдану шамасының динамикасын талдау арқылы өзен суының
антропогендік түр өзгерту дәрежесін бағалау. Қойған мақсатқа жету үшін
келесі міндеттерді орындау қажеттігі туындады:
- Сырдария өзені алабы бойынша физикалық–географиялық мәліметтерді
барынша толық жинау және оны кешенді талдау;
- Сырдарияның қазақстандық бөлігі бойынша гидрологиялық мәліметтерді
кешенді талдау;
- "Казгидромет" Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорыны, Су ресурстары
комитеті және басқа да мекемелердің судың сапасы жөніндегі материалдарын
жинап, зерделеп, талдаудан өткізу;
- Алаптағы су пайдалану, суармалы егіншілік, өнеркәсіпке, коммуналдық
шаруашылыққа су алу жөніндегі деректерді жинап талдау;
Зерттеу нысаны және пәні. Бастауын Қырғыз және Тәжік Республикаларынан
алып, Өзбекстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені суының сапасының
антропогендік түр өзгертуі.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде
Арал−Сырдария алабында жүргізілген О.А. Алекин, А. Захидов, Р.А. Якубова,
Э.И. Чембарисов, Б.А. Бахритдинов, Б.А. Беремжанов, Н.А. Амиргалиев, Ж.Д.
Достай, М.Ж. Бурлибаев, А.А. Турсунов, К.А. Омаров, Ж.С. Мұқатаева, Н.Е.
Елибаев, т.б., ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің бастапқы материалдары. Зерттеу жұмысына бастапқы дерек көзі
ретінде автордың жеке ізденіс нәтижесінде жинақталған материалдары,
геоэкологиялық әдебиеттер, картографиялық, гидрологиялық және гидрохимиялық
деректерді талдауы негізге алынды. Олардың қатарында: Қазақстан
Республикасының Ұлттық Атласы, 2006ж., Гидрологиялық жылнама. Т.5, Орта
Азия өзендерінің алабы. шығ. 0-4,9 Сырдария өзенінің алабы, Гидрохимиялық
бюллетень (Қазақ ССР жер беті суының ластануын байқау мәліметтері). шығ.2.
Алматы, Құрлықтың жер беті суы сапасын жыл сайынғы кешенді бағалау. 1. Б.
Өзендер және каналдар; Т.5, шығ.3. Алматы бар.
Негізгі зерттеу әдістері. Картографиялық, статистикалық, географиялық,
гидрологиялық, гидрохимиялық, геоэкологиялық, салыстырмалы–тарихи әдістер
арқылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қорытындыланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында
төмендегідей жаңа ғылыми нәтижелер алынды:
- Қазақстан аумағындағы Сырдария суының гидрохимиялық жүргісінің
көпжылдық (1938-2006 жж.) сипаттамасы;
- Сырдария алабының қазақстандық бөлігіндегі өзен суының сапасы
талданып, гидрохимиялық сыныбының метаморфизациясы анықталды;
- Егемендік жылдарындағы өзен суының химиялық құрамы талданып, өзен
суының қай сыныпқа, қай тұрпатқа жататындығы ғылыми түрде дәлелденді;
- Шартты–табиғи, антропогендік және егемендік кезеңдегі Сырдария
алабының қазақстандық бөлігіндегі Көкбұлақ, Төмен–Арық, Қызылорда,
Қазалы тұстамалары бойынша 1: 4 500 000 масштабты минералдылық шамасы
бойынша геоэкологиялық карта жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Қорғауға келесі тұжырымдар ұсынылды:
- Сырдария суы сапасының көпжылдық мерзімдегі түр өзгерту дәрежесі және
түр өзгертуші геоэкологиялық факторлар;
- Сырдария суы сапасының Қазақстан аумағындағы кеңістіктік динамикасы;
- Сырдария суының көпжылдық мерзімдегі гидрохимиялық жүргісінің
динамикасы;
- Сырдария суының гидроэкологиялық жағдайын анықтаушы факторлар;
Зерттеу нәтижелерінің қолданбалы маңыздылығы. Судың химиялық сыныбының
түр өзгертуге ұшырауының нақты дәлелденген ғылыми нәтижелері төмеңгі
ағыстағы су сапасын жақсартуға, сондай-ақ Сырдария өзенінің төмеңгі
ағысындағы тұстамалар жалпы минералдылық пен су өтімі арасындағы байланыс
заңдылықтары мен геоэкологиялық карталарын ОКГП "Кызылордаводхоз"
жергілікті ұйымы, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Арал−Сырдария
су шаруашылық бірлестігі мекемелері қолдануы мүмкін.
Жұмысты жүзеге асыру. Сырдария өзенінің төмеңгі ағысындағы
геоэкологиялық қарталар есептеу-графикалық тапсырма, курстық және дипломдық
жобаларды жазуда қолданбалы экология мамандығының оқу үдерісіне енгізілді.
Зерттеу нәтижесінің сынақтан өтуі. Зерттеу жұмысының материалдары
Алматы қаласында өткен Ғылым әлемі атты студенттер мен жас ғалымдардың II
халықаралық конгресінде (Алматы, 2008 ж), Экологияның қазіргі кездегі
мәселелері және қоғамның тұрақты дамуы (Алматы, 2010 ж), Сәтбаев оқулары
(Алматы, 2008 ж) т.б. ғылыми–практикалық конференцияларында баяндалып,
талқыланды. Зерттеу жұмысы материалдары әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің ҚазҰУ Хабаршысы География сериясы, Гидрометеорология
және экология ғылыми-техникалық журналында жарық көрді.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша
2006–2010 жылдарда автордың 6 мақаласы, оның 3–і ҚР БҒМ Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті бекіткен басылымдарда жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 37 кесте, 43
сурет, 3 қосымшадан тұратын көлемі компьютерлік мәтінмен терілген 150
беттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны – 120.

1 Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторлар

1. Табиғат жағдайлары
Сырдария өзенінің алабы Қырғызстанның 4 облысын, Өзбекстанның 6
облысын, Тәжікстанның 2 облысын және Қазақстанның 2 облысын қамтиды.
Аумақтың жалпы ауданы 485 мың км2. Алап халқы 23 млн адам шегінде
бағаланады. Ауылшаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 34 млн га, оның ішінде
егістік 4,2 млн га [9].
Сырдария өзені – Арал теңізін қоректендіретін ең басты су артериясының
бірі. Ол бастауын Қазақстан шегінен тыс, Орталық Тәңіртаудан, Ферғана
аңғарының шығыс бөлігінен, Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылуынан
алады. Екі өзеннің қосылу орнынан есептегендегі жалпы ұзындығы 2212 км,
алап ауданы 250 870 км2. Өзбекстан шекарасынан Арал теңізіне дейінгі оның
ұзындығы 1390 км, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан аумағында 346 км,
Қызылорда облысы аумағында 1281 км. Қазақстан аумағында оған Келес,
Құрұқкелес және Арыс өзендері құяды [10].
Сырдария алабы 39о23' – 46о солтүстік ендігі және 61о – 78о24′ шығыс
бойлығы болатын квадраттың ішінде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай
800 км-ге, ал батыстан шығысқа қарай 1600 км-ге созылған. Арнасымен
өлшегендегі сағасынан бастап өзен жүйесінің ең алыс жатқан бастау нүктесіне
дейінгі ара қашықтық 3019 км. Өзен Орталық Азияның 4 мемлекетінің
(Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан) аумағын басып өтеді және оның
алабында ұзындығы 10 км-ден асатын тұрақты әрекеттегі 497 өзен бар. Осы
өзендердің жиынтықты ұзындығы 14750 км. Өзеннің су жинау алабының ауданы
462 мың км2 (сурет 1.1).
Сырдария – Орта Азиядағы сулылығы бойынша екінші өзен. Оның көпжылдық
орташа өтімі 1200 м3с. Сырдария алабының жер беттік су ресурстары
(Шардараға дейін) 33,2 км3 өлшемінде бағаланады және жылдың сулылығынан
тәуелді ауытқулары бар. Сырдария алабының негізгі су ресурстары (74%)
Ферғана жазығында түзіледі. Оның шегінде арна жылына 5,6 км3 арналық
құйылуы бар.Антропогендік фактордың әсер ету сипатын анықтайтын алаптың ең
басты ерекшелігі – оның аумағының ағындының қалыптасу және пайдалану
аймағына анық бөлінуі болып табылады.
Алаптың жазық бөлігін алып жатқан каналдардың ұзын желісі көмегімен
тауда қалыптасқан ағынды аумақ бойынша бөлініп таратылады, сонан кейін
транспирацияға және жер асты суының қорын толықтыруға жұмсалады [2, 5 б.].
Мұнымен бірге, қашыртқы–кәріздік желінің құрылысы ағынды бөлігінің табиғи
гидрографиялық желіге және жер бедерінің көптеген табиғи ойыстарға
жинақталады. Нәтижесінде мелиоративті құрылыстың кейбір сатыларында қолайлы
табиғи жағдайларда ағындының таралу аймағы оның қайтадан қалыптасу облысы
болуы мүмкін. Мұнымен бірге, қашыртқы–кәріздік желінің құрылысы ағынды
бөлігінің табиғи гидрографиялық желіге және жер бедерінің көптеген табиғи
ойыстарға жинақталады [11].
Табиғи жағдайлардың әрқилы сипаты алапты келесі телімдерге бөлуді
мәжбүрлейді:
1.Жоғарғы ағысы (тірек гидробекетінен жоғары Нарын және Қарадария
өзендері);
2. Ферғана суармалы ауданы (Ферғана аңғары);
3. Шыршық-Ахангаран-Келес ирригациялық ауданы (ШАКИА);
4. Ортаңғы ағысы (Мырзашөл, Жызақ даласы);
5. Арыс-Түркістан суармалы ауданы;
6. Төмеңгі ағысы (Арал маңы).

1.2 Физикалық – географиялық факторлар
1.2.2 Геологиясы мен жер бедері
Шардара бөгенінің жағалау маңы аумағы төрттік, үштік және бор жасындағы
шөгінділерден түзілген. Шардара бөгенінен Арал теңізіне дейінгі аралықта
өзен арнасы негізінен төрттік аллювиалдық құрылымдардан тұрады (кейбір
шағын телімдер болмаса). Олар 3-5 м тереңдікке дейін құмдақтардан құралған,
ал оның астында ұсақ дәнді құмдар орналасқан. Құмдардың қалыңдығы 3–5 м–ден
120-200 м–ге дейін өзгереді. Құмды шөгінділердің ең қалың жері
Арыс–Түркістан ойысында (Түркістан темір жол станциясынан Қызылорда
станциясына дейін) байқалады. Байқоңыр мен Қазалы қалаларының маңында
төрттік шөгінділердің қалыңдығы 3–м–ден 10–20 м. Олардың астында саздақ
топырақтар мен ұсақ тастар мен малтатастар жатыр. Құмды қабат аймақтық
сутірек рөлін атқаратын саздардың үстінде жатыр.
Аумақтың бедері негізінен жазық, жоғарғы ағыстағы тауалды жазықтары
біртіндеп кең байтақ Тұран ойпатының жазығына ауысады. Сырдарияның аңғары
Арал теңізіне қарай еңістігімен ерекшеленеді. Шардара бөгеніндегі
жағалаудың белгілері 236–239 м БЖ Арал теңізінің жағасында 54 м БЖ дейін
азаяды.
Арал маңы аумағы Еуразияның орталығында жатыр және ландшафт пен
климаттың үлкен әртүрлілігімен ерекшеленбейді. Оның едәуір бөлігін
көтеріңкі жазықтар мен үстірт алып жатыр. Өңірдің батыс бөлігіне жан-
жағынан тік кертпештермен қоршалған шөлді Үстірт алып жатыр. Үстірт бетінің
теңіз деңгейінен 53 м-ден 341 м-ге дейін ауысатын биіктікте едәуір еңістігі
бар. Ол жусанды–сораңды өсімдік өсетін сұр–бурыл топырақпен жабылған.
Аумақтың солтүстігінде Орал тауларының оңтүстік сілемі болып табылатын
Мұғалжар орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай тартылған және тасты
шыңдар мен қиыршықты беткейлі дөңгеленген төбешіктер тізбегі болып
табылады. Мұғалжардың биіктігінің үлкен еместігіне қарамастан, бұл таулар,
сондай-ақ Оңтүстік Орал өңірге солтүстік-батыстан және батыстан кіретін ауа
массаларының суық фронттарында атмосфералық толқынның түзілуінде маңызды
рөл ойнайды [12].
Сырдария өзені аңғарының геологиялық–геоморфологиялық құрылысы өте
әрқилы және аридті зонадағы геоморфогенез ерекшеліктерімен, неотектоникалық
сатыда Тұран плитасының оңтүстік–шығыс қиырының даму тарихымен қалыптасқан.
Жер бедерінің құрылымдық негізін оның шегінде ұсақ Жусалы күмбезі,
Шығыс–Арал ойысы, Аққыр–Құмқала белі, Бозгүл жалы бөлінетін Сырдария
синеклизасы мен Қызылқұм ойпаңын түзеді.
Сырдария тектоникалық ойпаты ақырында төрттік континенталды қалыңдықпен
жабылған бор және палеоген континентальды және теңіздік шөгінділермен
толтырылған жоғарғы палеозойға жатады. Қызылорда қазаншұңқырының едәуір
өлшемі оның толуының ұзақ кезеңін анықтады. Қазаншұңқырдың платформалық
іргетасы 70 м белгісінен төмен, қазаншұңқыр ұзындығы 280 км–ды, ал ені 100
км тереңдікте 20–30 м–ді құрайды.
Палеозой іргетасының метаморфтық жынысы Қаратау тау жотасының батыс
сілемінде, ойыстың оңтүстік–шығыс қиырын бойлай жер бетіне монолитті
шығады. Орталық және Оңтүстік Қызылқұмда палеозой жыныстары жер бедерінде
төбелердің денудациялық қалдықтарымен ерекшеленетін интрузивті
түзілімдермен берілген. Ойыстың орталық бөлігінде (Қызылорда қаласының
ауданы) палеозой іргетасы 600-800 м ойыстың максималды шөгу тереңдігіне
шөгеді, шамамен Тереңөзек елді мекеніне дейін бүгінгі таңдағы арнаны бойлай
тартылған, сонан соң ол Жаңадария құрғақ арнасын бойлай оңтүстік-батысқа
бұрылады. Палеогендегі тектоникалық қозғалыстар амплитудасын өсіру
денудация және белсенді үдерістерге жалғасты, бұл неоген аяғында төрттік
уақытта лито– және морфогенез бағытын анықтаған жазық беттікті
қалыптастыруға әкелді [13].
Сырдария тектоникалық ойпаты ақырында төрттік континенталды қалыңдықпен
жабылған бор және палеоген континентальды және теңіздік шөгінділермен
толтырылған жоғарғы палеозойға жатады. Қызылорда қазаншұңқырының едәуір
өлшемі оның толуының ұзақ кезеңін анықтады. Қазаншұңқырдың платформалық
іргетасы 70 м белгісінен төмен, қазаншұңқыр ұзындығы 280 км–ды, ал ені 100
км тереңдікте 20–30 м–ді құрайды.
Сырдария өзені Мырзашөл арқылы жақсы сақталған құрғақ арна Дариясайда
жатыр. Ары қарай өзен арнасының қалыптасуы 42 параллелді бойлай жүзеге
асырылды, жоғарғы төрттік уақыттың басында Сырдария өзенінің бағытын
ақырында өзен кесіп өтеді және Жаңадария құрғақ арнасын қалыптастыратын
атырауды түзе отырып, Қызылорда депрессиясы жағына бағытын өзгертеді. Соңғы
хвалын уақытында Сырдария өзені жаңа арна Қуаңдарияны қалыптастырды. Өзінің
дамуының соңғы сатысында Сырдария өзені Жусалы күмбезі тектоникалық
құрылымын жарып өтеді және Қазалы атырауын қалыптастырады.
Өңірдің геологиялық даму тарихының ерекшеліктері ландшафт қалыптасуының
литогенді негізі (әрқилы құрамды және қалыңдықты бор, палеоген, неоген,
антропогеннің теңіздік және континенталдық түзілімдері) болып табылатын
мезо–кайнозой түзілімдерінің таралуында бейнеленеді.
Жоғарғы бор түзілімдері палеозой іргетасын барлық жерде көмкеретін
қалыңдығы 220–270 м жалпы қалыңдықты қызыл–бурыл сазбен, алевритпен,
құммен, құмдақпен берілген. Жер бетіне олар тек Жусалы күмбезі шегінде ғана
шығады, фрагментті Қаратау жотасының солтүстік–батыс қанатын (Сырдария
өзенінің оң жағалауы) құрады және Құланды түбегінде ашылады.
Сырдария синеклизасының ауқымды аумағы жалпы қалыңдығы 10–15 м–ден 400
м–ге дейінгі теңіздік жасыл–сұр, сұр және бурыл сазбен, алевролитпен, әктас
қабатты құммен берілген. Сырдария өзенінің оң жағалауында және Арал
ойысының солтүстік қиырында олар кең таралған. Сол жағалауда олармен жеке
қалдық төбелер құрылған. Барлық жерде палеоген–неогенді түзілімдер эолды
үдерістермен белсенді өңделген. Соңғы плиоценнен кейін Арал алабы аумағы
эрозиялық–денудациялық үдерістердің белсенді байқалу аренасы болды,
нәтижесінде ландшафттың литогенді негізінің континенталды тұрпаты
қалыптасты. Олар негізінен антропогенде эолды өңдеуге ұшыраған
аллювийлік–атыраулы түзілімдермен берілген.
Жоғарғы бор түзілімдері палеозой іргетасын барлық жерде көмкеретін
қалыңдығы 220–270 м жалпы қалыңдықты қызыл–бурыл сазбен, алевритпен,
құммен, құмдақпен берілген. Жер бетіне олар тек Жусалы күмбезі шегінде ғана
шығады, фрагментті Қаратау жотасының солтүстік–батыс қанатын (Сырдария
өзенінің оң жағалауы) құрады және Құланды түбегінде ашылады.
Сырдария және Жаңадария өзендерінің аралығында түрлі дәнді орта төрттік
аллювийлік сары–сұр кварц–дала шпаты құмдары кеңі таралған. линзамен және
саз қабатымен, алевролитпен берілген ортаңғы төрттік аллювиалды сары–сұр
кварц–далалық шпатты құмдар берілген. Олар саз, алевролит қабатшаларымен
және линзалармен бөлінеді. Олардың қалыңдығы 10–15 м–ден 40 м–ге дейін
болады.
Карбонатты саз, саздақ, қалыңдығы 3-тен 20 м–ге дейінгі құмдақтан
құралатын литогенді негіздің атыраулы тұрпаты ортаңғы–жоғарғы төрттік
кезеңде қалыптасты. Табиғи аумақтық кешеннің ұйымдасуын күрделендіре
отырып, палеоген және неогеннің сазды түзілімдері жеке қалдық құрылымдармен
берілген.
Қалыңдығы 3-10 м саздақ, құмдақ және құммен берілген Сырдария өзенінің,
оның ескі арналары Қуаңдария және Жаңадарияның жайылма түзілімдері
гидроморфты қатардың өзіндік кеңістіктік табиғи аумақтық кешенді
қалыптастыра отырып, литогенді негіздің өзіндік тұрпатына бөлінеді.
Сырдария өзені аңғарында шектеулі түрде ғана кездесе отырып, литогенді
негіздің делювиалды–пролювиалды, көлді және көлді– аллювийлік тұрпаты
аңғарлы жүйеде елеусіз таралатын субдоминантты табиғи аумақтық кешеннің
қалыптасуын қалыптастырды.
Литогенді негіздің делювиалды–пролювиалды тұрпатының табиғи аумақтық
кешеніне тән ерекшелік көпсанды жыралар, уақытша ағынсулар аңғарларына
олардың ұштасуы болып табылады.
Арал теңізінің жағалау маңында теңіздік түзілімдер дамыған. Олар
литогенді негіздің екі тұрпатын, яғни құмды және құмды–сазды тұрпатын
қалыптастырады. Бірінші тұрпат Арал қазаншұңқырының оңтүстік–шығыс және
шығысында кең таралған және 60-68 м абсолютті биіктік белгісіне ұштасқан
және Cardium edule L моллюска раковиналарымен, голоценді ұсақ және орташа
дәндіқұмдақ, саздақ және саз қабатты сары–сұр құмдармен берілген. Өткен
жүзжылдықтың екінші жартысынан бастап, литогенді негіздің алғашқы –
теңіздік тұрпаты қалыптасады. Теңіздік шөгінділер лай, саз, алевролит, гипс
қабатты ұсақ дәнді шаңды құмдармен, молюска раковинасының жинақталуымен
берілген. Литогенді негіздің берілген тұрпаты Арал теңізінің құрғаған
түбіндегі табиғи аумақтық кешеннің қалыптасу үдерісінде анықтаушы болды.
Ортаңғы және ұсақ дәнді құмдармен берілген литогенді негіздің эолды
тұрпаты климаттың құрғақтануының жалпы аясында төрттікке дейінгі, төрттік
құмды шөгіндінің шашылуы, тасымалы және жинақталуы үдерісінде қалыптасты.
Теңіздік және аллювийлік түзілімдердің эолды қайта өңдеу үдерісі аңғарлы
ландшафттардың ландшафтты–экологиялық күйінің индикаторы бола отырып,
бүгінгі күні де жалғасуда.
Арал теңізінің жағалау маңында теңіздік түзілімдер дамыған. Олар
литогенді негіздің екі тұрпатын, яғни құмды және құмды–сазды тұрпатын
қалыптастырады. Бірінші тұрпат Арал қазаншұңқырының оңтүстік–шығыс және
шығысында кең таралған және 60-68 м абсолютті биіктік белгісіне ұштасқан
және Cardium edule L моллюска раковиналарымен, голоценді ұсақ және орташа
дәндіқұмдақ, саздақ және саз қабатты сары–сұр құмдармен берілген. Өткен
жүзжылдықтың екінші жартысынан бастап, литогенді негіздің алғашқы –
теңіздік тұрпаты қалыптасады. Теңіздік шөгінділер лай, саз, алевролит, гипс
қабатты ұсақ дәнді шаңды құмдармен, молюска раковинасының жинақталуымен
берілген. Литогенді негіздің берілген тұрпаты Арал теңізінің құрғаған
түбіндегі табиғи аумақтық кешеннің қалыптасу үдерісінде анықтаушы болды.
Ортаңғы және ұсақ дәнді құмдармен берілген литогенді негіздің эолды
тұрпаты климаттың құрғақтануының жалпы аясында төрттікке дейінгі, төрттік
құмды шөгіндінің шашылуы, тасымалы және жинақталуы үдерісінде қалыптасты.
Теңіздік және аллювийлік түзілімдердің эолды қайта өңдеу үдерісі аңғарлы
ландшафттардың ландшафтты–экологиялық күйінің индикаторы бола отырып,
бүгінгі күні де жалғасуда.

1.2.3 Топырағы мен өсімдік жамылғысы
Қарастырылатын аумақта топырақтың 5 категориясы бөлінеді: автоморфты
зоналды, автоморфты атыраулы (бұрыңғы гидроморфты топырақтар), құмды шөлді,
гидроморфты атыраулы және Арал теңізінің құрғаған түбінің топырақтары.
Негізгі жайылымдық қорды құрайтын автоморфты топырақтар аз деңгейде
өзгерістерге ұшырайды. Гидроморфты топырақтар және Арал теңізінің құрғаған
түбінің топырақтары үлкен деңгейде шөлейттену үдерісінде өзгеріске ұшыраған
[13]. Атырау жазығының гидроморфты топырақтары күріш, шабындық және жайылым
жерлерді өсіру үшін негізгі қор болып табылады.
Соңғы 40 жылда климаттық сипаттамалар, гидрологиялық және
гидрогеологиялық жағдайлар, өсімдік жамылғысы, табиғи ландшафттар
өзгерістері олардың автоморфты аридті тұрпатын өзгерте отырып, топырақ
түзілу үдерісіне жағымсыз әсер етті және ертеректе қалыптасқан гидроморфты
ландшафттар азып-тозуын қалыптастырды.
Өсімдіктің түрлік құрамының өзгерісі және оның өнімділігі топырақ
түзілуге теріс әсер етті. Топыраққа биомассаның жыл сайынғы түсуі 5-10 есе,
арна маңы жалда 2 есе қысқарды, бұл жағдай гумус түзілуді және топырақтың
физикалық-химиялық қасиеттерін төмендетті.
1978 жылы атырауда тұзданбаған топырақ қалмады. Әлсіз және орташа
тұзданған топырақ ауданы 10 есе артты, ауданның 5 пайызы күшті тұзданған
болып саналады.
Атырау аумағының шамамен 65 пайызы дефляцияға ұшыраған. Осы себепті
жайылымдардың өнімділігі мен құнарлылығы төмендеді. Су эрозиясы аумақтың
топырақ жамылғысының 5 пайызына таралған.
Белсенді экономикалық іс-әрекет салдарынан бүгінгі таңда жерлер ауыр
металлдармен, мұнай өнімдерімен, органикалық тыңайтқыштармен және
пестицидтермен ластануға ұшырайды. Топырақтың ластануы топырақ коллоидының
ионды-алмасу қабілетінің бұзылуымен, микроорганизмдер қауымдастығының
бұзылуымен және салдарлы, құнарлылықтың төмендеуімен жалғасады.
1,8 млн гектарды құрайтын құрғаған Арал теңізінің жалпы ауданының 1,1
млн гектар сормен жабылған, ол 3 негізгі категорияға бөлінеді:
- жеңіл грунттар: теңіз маңы соры пен теңіз маңы топырақтың салдарлы
сатысы арқылы құмды шөлді топырақтың түзілуі;
- ауыр грунттар: ары қарай тақыр тәрізді сортаң-сор топыраққа түр
өзгертетін теңіз маңы соры пен тақыр тәрізді сордың қайта түзілуі жүреді;
- сорлар; тұйық кәрізденбеген ойпаттарда сорлар түзіледі (сор Қазақстан
және Орта Азияда).
Қазақ топырақтанушыларының зерттеуі бойынша, атыраудың су басатын
бөлігінде аллювиалды-шалғынды, батпақты, шалғынды-батпақты топырақтар мен
сорлар, ал су баспайтын бөлігінде − тақырланған шалғынды- аллювиалды, тақыр
тәріздес топырақтар таралған. Зерттелген топырақтың көпшілігі − сульфатты
тұрпатты тұзданады, тұз құрамы жоғарғы метрлік қабатта басым болады.
В.М. Боровский [14] жетекшілігімен (1956, 1958, 1959, 1978 ж.) тұздану
үдерісінде Сырдарияның төмеңгі ағысының суландырылған ауданындағы топырақта
натрий сульфаты, ал ыза суында натрий хлориді жинақталады. Топырақ- ыза суы
жүйесіндегі тұздардың үлкен мөлшері ыза суында болады. Шөлейттенуде жер
бедерінің ойпауытты телімінде жоғарғы тұзды горизонттың хлоридті-натрийлі
құрамды тақыр тәрізді сордың түзілуі бақыланады.
В.М. Боровский [15] болжауынша ыза суында максимум тұз жинақталудың
ығысуы және хлоридті тұрпатты топыраққа қарағанда улы тұз жинақталудың
қалыптасуы ыза суы деңгейінің көтерілу және жер бетінен оның булану
қауіптілігін тудырады. Әсіресе бұл каналдан гидростатикалық арынның
берілуінде қауіпті. Төмеңгі ағыста топырақтың қайта тұздануында хлоридті
тұрпатты тұздану дамыған.
Қазақ топырақтанушылары Қазалы алқабында топырақтың үлкен бөлігінде
тұздану ыза суының деңгейі 3 м-ден жоғары деңгейде шұғыл артады, олардың
жағдайы осы деңгейден төмен болғанда елеулі кемиді және батпақты-шалғынды
топырақта 4 м-де деңгейде шалғынды − батпақты топырақта 5 м-де
тоқтайтындығын бекітті [16].
Алқапта ең аз тұздануға аллювиалды-шалғынды топырақ ие. Ойпауыттың
батпақты және шалғынды-батпақты топырақтары жоғары тұзданады. Арна маңы
жалы беткейіндегі батпақты- шалғынды топырақтар күшті тұзданады. Кәрізсіз
күріш егу елеусіз және негізінен су басу кезеңінде шалғынды-батпақты
топырақтарды тұздандырады. Егіс тоқтатылғаннан кейін топырақ жыл аралығында
тұзданады [17] .
Соңғы жылдары Сырдария арнасында өзен ағындысының шұғыл қысқаруымен
байланысты оның бүгінгі таңдағы атырауының табиғи жағдайлары, оның ішінде
топырақ жамылғысы өзгереді. Аумақтың жалпы құрғақтануы жүреді:
суармаланатын ойпауытта ыза суының деңгейі төмендейді, жеке көлдер
құрғайды. Өзеннің гидрологиялық жүргісін сақтау атырау аумағының ары
қарайғы құрғауына әкелді.
Сырдария атырауы және аңғарында 151 туыс және 35 тұқымдасқа жататын 325
өсімдік түрі кездеседі. Басты тұқымдас спектрі келесіден тұрады:
Chenopodiaceae (26%), Asteraceae (12%), Polygonaceae (11%), Brassicaceae
(11%), Poaceae (7%), Fabaceae (6%), Boraginaceae (3%), Tamaricaceae (2,7%),
Cyperacaceae (2,5%). Осы тұқымдастар түрлері флораның 85 пайызын құрайды.
Түрлер саны бойынша ең атақтылары Calligonum―30, Suaeda―13, Atriple―13,
Artemisia―9, Tamarix―9, Sa1sola―9, Astragalus―9, Climacoptera―6,
Leppidium―6, Corisppeermu―5, Petrosimonia―5 түр. Түрлік әрқилылықты талдау
барлық флоралық құрамның 74 пайызы (240 түрі) теңіздің құрғаған түбінде
кездесетіндігін көрсетті. Қарақалпақ бөлігін қосқанда, барлық құрғаған
жолақтың флорасы 266 түрмен берілген, қазақстандық бөлігінде құрғаған
түптің түрлік әрқилылығының 90 пайызы өседі, бұл фитомелиорация үшін
потенциалды генетикалық ресурстар [18].
Арал маңындағы өсімдіктердің эндемикалық түрі 71 (17%), олардың
ішіндегі 4-і Арал маңы жағалауы эндемиктері: селдір гүл балқанбақ
(Corispermum laxiflorum), Крашенинников қаңбағы (Gipsophila
Krascheninnikovi), сарытікен (Horaninovia excellens), арал жүзгіні
(Calligonum aralense). Қазақстан эндемиктері 11 түрмен берілген:
Petrosimonia hirsutisssima, Astragalus brashypus, Lynaria dolichocarpa,
Artemisia semiarida, A.scopiomis, Jurinea adenocarpa, Calligonumcrispatum,
C.lamellatum, C.palibinii, C.psedohumile, C.humile. Орта Азия
эндемиктерінің 39 түрі бар, оның ішінде жүзгүндердің 16 түрі бар
(Calligonum undulatum, C.densum, C.dubijanskyi, C.ronula), тоғай түрлері:
тораңғы (Popullus diversifolia, P.pruinosa), Андросов жыңғылы (Tamarix
Androsoovii), астрагалы (Astragalus ammodendron, A.scabrisetus,
A.villosissimus).
СССР-дің Қызыл кітабына шығыс Арал маңы құмдары мен Құланды түбегінде
кездесетін қасқыр жем (Astragalus brashyphyllus) енгізілген. Қызыл кітаптың
жаңа басылымына камыс қазақстандық (Scirpus kasachstanicus) және Пратов
көкпегі (Atriplex pratovii) кіреді. Аралдың шығыс жағалауындағы сирек
оңтүстік шөл элементтері болып табылатын мавзолея (Mausolea eriocarpa) және
эфедра шишконосная (Ephedra strobilacea). Өзбекстанның Қызыл кітабына
Қазақстанға кең таралған Бузе қызғалдағы енген (Tulipa buhseana).
Флора түрі арасынан 30 түрі құнды азықтық өсімдік, 50-і дәрілік өсімдік
болып табылады, бұл жайылымды жақсартудың құнды генофонды және тұқымдық
материалы.
Жоба аумағының өсімдігі Тұран шөлінің өсімдік жамылғысының эталоны
болып табылатын зоналды шөлді тұрпаттан және тоғай, шалғынды және батпақты
кешенмен берілген интразоналды тұрпаттан тұрады. Үйлесімі өсімдік
қауымдастығының үлкен ландшафтты әрқилылығын қамтамасыз етеді.
Суармалау алқабының өсімдігі күрделі гетерогенді кеңістіктік құрылыммен
және динамиканың жылдам ырғағымен сипатталады. Өсімдік сукцессиясының
сипаты, ырғағы және бағыты бүгінгі жағдайда аридті климат аясында
гидродинамикалық және галогеохимиялық үдерістермен анықталады. Бұл өңірдің
физикалық-географиялық ерекшеліктерімен, оныңбелсенді көп ғасырлық
шаруашылықта пайдалану салдарымен және бүгінгі таңдағы антропогенді
үдерістердің активті әсерімен қалыптасқан. Өсімдіктің ең күшті өзгерістері
интразоналды (гидроморфты) экожүйелерде бақыланады. Интразоналды өсімдіктің
ресурсты потенциалы қоршаған аумақтың шөлді тұрпатынан 10-30 есе асып
түседі [19].
Тұрақсыз табиғат пайдалану жағдайында 90-шы жылдардың басында жайылымға
біртіндеп өтетін шабындықты жерлер мен суармалы жерлер аудандары біртіндеп
азаюда. Қоршаған шөл жайылымының күшті азып–тозуы салдарынан гидроморфты
экожүйелерге жайылымдық жүктелім шұғыл артты. Жеткіліксіз сумен қамтамасыз
ету жағдайында гидроморфты мекендеу орны өсімдігі (шалғын, тоғай) жылдам
ырғақпен шөлденуде. Сукцессия апатты қайтымсыз сипатқа ие, қауымдастық
конвергенциясы мен олардың ресурстық мәнінің жоғалуымен жалғасады.
Тасқынды жүргінің табиғи жағдайында атырау жазықтарында батпақты және
шалғынды қатарлар топырағында қалыптасатын ағаш-бұта тоғайымен
үйлесімділікте шалғын экожүйелері басым болды. Бұл шалғынды қатар
топырағындағы полидоминантты мезофитті шалғындар (Ca1amagrostis epigeios,
E1ytrigia repens, G1ycyrrhiza uralensis) батпақты қатар топырағындағы
батпақты әртүрлі шөптің (Bo1boschoenus maritimus), қатысуымен
монодоминантты таңқурайлы шалғындар (Phragmites australis). Шалғынның үлкен
ауданы ауыл шаруашылық жерлеріне игерілген. Канал және алаң арасын бойлай
сақталған телімдерде су басу үдерісінің нәтижесінде олардың орнында екінші
текті сорда ажырықтың (Aeluropus littoralis), ақмамықтың (Puccinellia
distans) және арпаның (Hordeum bogdanii) басымдылығымен галофитті шалғындар
қалыптасқан. Олардың өнімділігі мен азықтық құндылығы қазіргі мезофитті
шалғынға қарағанда біршама аз. Ыза суының деңгейінің төмендеуінде олар
жылдам галофитті бұталар қауымдастығымен ауысады.
Суармалау алқабындағы соңғы 35 жылда игеру кезеңінде қамысты қалың
бұталы шөп пен батпақты топырақ ауданы артты. Олардың кеңістік таралуы
белдеулік және сызықтық (каналдарды бойлай) сипатқа ие. Олар жер бедері
ойпауытының батпақты қатарының топырағына ұштасқан табиғи қамысты қалың
бұталы шөп екінші текті сипатқа ие. Олар қарапайым құрылымымен және кедей
флоралық құрамымен ерекшеленеді. Мекендеу ортасының қайтымды сулармен жер
беттік су басудың тоқтауында таңқурайлы қалың бұталы шөпте де өте жылдам
шөлейттенеді және галофитті бұталар қауымдастығымен ауысады. Ауысудың
сукцессиялық қатары келесі сатылармен берілген: батпақты топырақтағы
таңқурайлы (Phragmites australis) → батпақты сорлы құрғаған топырақтағы
біржылғы сораңды-таңқурайлы (Ph. Australis, Climacoptera aralensis,
Chenopodium rubrum) → қатпарлы-борпылдақ сордағы қарабарақты (Halostachys
caspica) → тақыр тәрізді сордағы сирексіген бүйіргенді (Anabasis aphylla,
A.salsa).
Сырдария жайылмасындағы тоғай қауымдастығы (жайылмалы ормандар)
тармақтың арна маңы жалында сақталған. Олардың ауданы ауылшаруашылық игеру
кезеңінде 85-90 пайызға қысқарды. Елеулі өзгерістер тоғай қауымдастығының
құрылысы мен құрамында жүрді: жыңғыл түрі басым (Salix alba, S.soongorica)
ағаш қауымдастығы жоғалды. Көпжылдық шөптер: мия (Glycyrriza uralensis)
және кендір (Trachmitum lancifolium) молдығы қысқарды, арам шөп түрлері
(Lepidium seravschanicum, Cirsium arvense, Milliophyllum fabago) және
галофитті бұталар (Nittraria sibirica,Halostachys caspica,Tamarix
ramosissima,T.hispida) молдығы артты.
Бұталы-ағашты тоғайдың шөлейттенуінде (Elaeagnus oxycarpa, Salix alba,
Clematis orientalis, Tamarix ramosissima) аллювийлік шалғынды-тоғайлы
топырақта ерте сатыда шөптік терек― тораңғы (Populus diversifolia) басым
қауымдастықпен ауысады, олар өз кезегінде тақыр тәрізді топырақтағы қара
сексеуілдің (Haloxylon aphyllum) шөлді орманымен ауысады [18, 19 б].
Суармалау алқабының қайта туындаған (антропогенді-туынды) өсімдік
қауымдастығы кеңістікте және уақыт бойынша тұрақсыз. Олардың биологиялық
әртүрлілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне анторпогенді факторлардың әсерін зерттеу
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақстандағы судың ластануы
Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторлар
Жер үсті суларының химиялық құрамын ластану деңгейін зерттеу
Тереңдігі 1400м скважинадағы минералданған Апанқақ суының құрамы мен сапасын зерттеу
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Экология мен адамның денсаулығы
Су туралы мәлімет және оның ластану себептері
Суды тұссыздандыру және тұщыландыру
Пәндер