Физика сабақтарының нарықтық нақыштары



1. НАРЫҚТЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ
АЛҒЫШАРТТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

2. НАРЫҚТЫҚ САБАҚТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .24


7 . с ы н ы п б о й ы н ш а

2.1. Физика . өнертапқыштықтың негізі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .24
2.2. Функционалдық байланыстың нарықтық мәні . . . . . . . . . . 27
2.3. Жаңа материалдар алудың нарықтық қажеттілігі . . . . . . . .28
2.4. Күл мен шлактың экономикалық және экологиялық
құндылығы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .29
2.5. Желдің нарықтық маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30


8 . с ы н ы п б о й ы н ш а

2.6. Өнертапқыштықтың нарықтық құндылығы . . . . . . . . . . . . . 31
2.7. Ақша . нарықтық өлшем . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .33
2.8. Нарық . «төртінші» өлшем . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34
2.9. «KazSatтың» нарықтық қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .35
2.10. Таразыны тексеру . нарықтық табыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35


9 . с ы н ы п б о й ы н ш а

2.11. Капиллярлық құбылыстың нарықтық мәні . . . . . . . . . . . . . 36
2.12. Автомабиль нарығының дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37
2.13. Ұшақ қалай ойлап табылды, не үшін шығарылды? . . . . . . 38
2.14. ЭЕМ.нің бизнестік мәні . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .39
2.15. Компьютер — миллиарттаған бизнес . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
2.16. Телефонның нарықтық құндылығы мен әлеуметтік
қажеттілігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.17. Әлемдегі ең кішкентай радиоқондырғы . . . . . . . . . . . . . . . . 43
2.18. Сайлау бюллетенінің орнына дөңгелек пайдаланылады . . 43


10 . с ы н ы п б о й ы н ш а

2.19. Электр шамы — нарықтық зерттеулердің нәтижесі . . . . . . 44
2.20. Ән салатын қағаздар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
2.21. Қазақстанда көптарифты электресептегіштер
шығарылады . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .45
2.22. Мультимедиа — бизнесте . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .46


11 . с ы н ы п б о й ы н ш а

2.23. Фотография — нағыз нарықтық кәсіп . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
2.24. Кинематография — нарықтық табыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49
2.25. Автомобильдің шам жарығы . кәсіпкерлік нарығы . . . . . . 50
2.26. Нанотехнологиялық тазарту . нарықтың көзі . . . . . . . . . . . 51
2.27. Радиацияны жоятын минералдың нарықтық маңызы . . . . . 52


3. ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСҚА ҚАТЫСТЫ
НАРЫҚТЫҚ САБАҚТАР

3.1. Нарықтың дамуы туралы түсінік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
3.2. Табиғатты бақылау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
3.3. Ауаның ластануы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55
3.4. Саңырауқұлақтың нарықтық құндылығы . . . . . . . . . . . . . . . 57
3.5. Жарық сәулесінің нарықтық мәні . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57
3.6. Биоэтанол — нарықтық жаңа жанармай . . . . . . . . . . . . . . . . 58
3.7. Ғарыш дегеніміз не? . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .60
3.8. Қазақстандық ғарышайлағы — бизнестік байлық . . . . . . . . .61


4. НАРЫҚТЫҚ ЕСЕПТЕР МЕН ТЕСТІЛЕР

4.1. Физикалық есептер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 66
4.2. Математикалық есептер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .67
4.3. Нарықтық мазмұнды есептерді компьютерде
шығару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 75
4.4. Тест тапсырмалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 77


5. НАРЫҚТЫҚ ДЕРЕКТЕР

5.1. Балалар бизнесінің бастаулары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .82
5.2. Экономикалық әуесқойлық әуездер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 86
5.3. Қызықты кәсіпкерлік нақыштар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 88
5.4. Кәсіпкерліктің кепілі (40 талап) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .89
5.5. Бизнестік бастамалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 91
5.6. Бәсекелестік белестер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .92
5.7. Бизнестік жаңа мамандықтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .92

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 95
Қазіргі кезде, біздер тез өзгеріп тұратын нарықтық әлемде өмір сүріп келеміз. Сондықтан, адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы олар нарыққа күнде еріксіз араласады. Ендеше, адамның әр сәт өмірі экономикамен тығыз байланысты екендігін күнделікті тыпырлаған тірлікте байқай да бермейміз. Күнделікті өмір—нарықтық өмір. Демек, бәріміз де күнде сан түрлі экономикалық шешім қабылдауға мәжбүрміз. Мұндай жағдайда экономикалық сауатты адам ғана дер кезінде тиімді нарықтық дұрыс шешім қабылдай алатындықты ұдайы есте ұстаған жөн.
Өмір сүрудің мұраты — ең алдымен биологиялық қажеттіліктерді (тамақ, су, жылу, жарық т.т.) қанағаттандыру екені белгілі. Ондай мұқтаждықтарды толық өтеуге талпыныс адамның белсенді қарекеті негізінде қанағаттандырылады. Адам одан соң ғана әлеуметтік, рухани қажеттіліктерді шешуге кіріседі. Ақырында адам өзін-өзі жетілдіруге, өзін басқаларға танытуға ұмтылады. Мұның бәрі нарықтық қатынастар арқылы шешілетіні белгілі.
Өзінің мән-мағынасы бойынша, әрбір адамның күнделікті өтіп жатқан өмірін экономикалық өмір деп санаған жөн. Өйткені, экономика деген, шын мәнісінде, бұйымды (тауарды) өндіруге, бөлуге, айырбастауға, тұтынуға адамның қатысуын білдіреді. Ал, бұл процестер өндірістік (экономикалық) нарықтық қатынастар жүйесіне өтеді.
Қай елде болса да нарықтық қатынас (экономика), ең алдымен меншікке қатысты сипатталады. Меншік адамның не ұжымның мүлікті (игілікті, тауарды, бұйымды, техниканы) иеленумен, бөлумен, пайдаланумен анықталады. Меншік иесі өзінің қолындағы материялдық және рухани игіліктерден жаңа бұйым (тауар) жасап, одан пайда табуды мақсат етеді. Ендеше, жекеменшік—нарықтық экономиканың негізі болып саналады.
Меншіктің заттық (жер, капитал, еңбек) және рухани интеллектуалды (кітап, жаңалық ашу, фотосурет, картина, радио-теле-видеожазу касетасы-дискеті т.т.) болып бөлінетіні белгілі.
Ондай болса жақсы өмір сүру үшін алдымен экономикалық және нарықтық мәселелерді дұрыс бағдарлай білген жөн.
1. Абай (Құнанбаев). Қарасөз. Поэмалар. Алма – Ата, 1992
2. Аганина Қ.Ж.Экономикалық мазмұнды есептер. Алматы, 2001
3. Аганина Қ.Ж. Оқушыларға экономикалық білім беру жүйесі (әдіснамасы және теориясы). Алматы, 2002
4. Аганина Қ.Ж. Оқушыларға экономикалық білім берудің дидактикалық негіздері. Докт. дисс.авторефераты. Алматы, 2005
5. Альтшуллер Г.С.Алгоритм изобретательства. Москва., 1973
6. Арын Е., Сатубалдин С., Аганина Қ.Ж., и др. Стандарт экономического образования общеобразовательной средней школы в РК (проект). Алматы, РБК, 2000
7. Ахметов А.К. Профессиональное экономическое ориентирование будущих учителей. Автореф. док. дисс.Алматы, 1998
8. Әлібеков Ә. Кәсіпкердің бәрі Касиодай болса (есептегіш мәшине бизнесі). «Нұр – Астана», 24.03.03
9. Әлібеков Ә. Түйме қадасаң да талантты бол (Джинсы шығару туралы). «Нұр - Астана», 4.11.04
10. Әлібеков Ә. Қоқысты қазынаға айналдырған Кузнецов. «Нұр - Астана», 18.11.04
11. Әлібеков Ә.Айшылық алыс жерлерден жылдам тауар жеткізген (каталог арқылы). «Нұр - Астана», 7.10.04
12. Вагин И.О., Репинская П.С. Как стать миллиардером. М. 2004
13. Дементьева А. «DERBES» осваивает нанотехнологий. «Казахстанская правда», 15.06.07г.
14. Досжанов Б.А.Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Қызылорда, 2004
15. Еділқызы Л. «KazSat» ғарыштағы бір жыл ішінде ... «Егемен Қазақстан», 23.10.07ж.
16. Ел межесі – елулік (Н.Назарбаевпен сұхбат). «Егемен Қазақстан», 21.03.06
17. Кадыров М.Ш. Экономическое ориенирование старшеклассников. Автореф. канд.дисс. Алматы, 1996
18. Кабдиев Д.К. Абай и современность. «Экономика – бизнес», Вестник КазГАУ. 1996. №1.
19. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. «Егемен Қазақстан», 16.10.04.
20. Қалиев С., Майғаринова Ш., Бейсенбаева А. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы, 2001
21. Касенов М. Экономика интеллекта. «Казахстанская правда», 15.03.07г.
22. Кейнс Д. Общая теория занятости, процента и денег (Антология экономической классики).М., 1963
23. Кийосаки Р.Т., Лектер Ш.Л. Квадрант денежного потока (перев. с англ). Минск, 2003
24. Китов А.И. Экономическая психология.М., Экономика, 1987
25. Құдайқұлов М. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. Алматы, «Қазақстан», 1986
26. Құдайқұлов М. Нарықтық педагогикаға көшейік. ҚазМПУ – нің «Ғылыми – педагогикалық орталық хабарламасы», №3, ноябрь, 1991.
27. Кудайкулов М. Рыночная экономика и рыночный труд учителя. «Вестник» НПЦ АГУ им. Абая, № 12, Май, 1993
28. Кудайқулов М. Школам – рынок учебников, «Казахстанская правда», 28.10.93г.
29.Кудайкулов М., Кудайкулов С., Кудайқулов Д. Факультативные уроки по основам рыночной экономики (учебное пособие для старшеклассников).Алматы, Ассоц «Оқулық», 1994
30. Құдайқұлов М.Нарықтық педагогика мен психология негіздерін түсіндіруде Абайдың әлеуметтік ой – пікірлерін пайдалану. «Абай тағылымы» жинағы. Алматы, 1995
31. Құдайқұлов М. Қалай бай болу керек? (Абайдың «қарасөздерін» қайта қарағанда). «Жас алаш», 27.07.95.
32. Кудайкулов М., Кудайкулов Д. О системе изучения основ рыночных отношений на факультативных занятиях в вузах Казахстана. Сборник – 4 «Этнопедагогика и этнопсихология», Алматы, 1997
33. Құдайқұлов М. Нарықтық қоғам мүшесі кім және қандай болу керек? «Егемен Қазақстан», 8.08.97
34. Құдайқұлов М., Құдайқұлов Д. Бағытымыз – бизнес немесе жастарды кәсіпкерлікке қалай баулимыз? (бағдарлама жобасы) «Қазақстан мектебі», 1997, № 11
35. Кудайкулов Д., Кудайкулов М., Кудайкулов С. Основы предпринимательства и бизнеса (учебное пособие по факультативному курсу). Алматы, 1998
36. Құдайқұлов М., Құдайқұлов Д., Құдайқұлов С. Нарықтың экономикалық және құқықтық артықшылықтары мен кәсіпкерлік қабілетті дамытушы қасиеттері. «Ұлағат», 1999, № 1
37. Құдайқұлов М. Жастарға – нарықтық білім мен тәрбие. «Ұлт тағылымы», 2000, № 4 – 5
38. Құдайқұлов М. Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, «Рауан», 1998.
39. Құдайқұлов М. Нарықтық педагогика - жаңа ғасыр педагогикасы. Республикалық ғылыми – теориялық конференция материалдары. ҚазҰУ. Алматы, 2002
40. Құдайқұлов М. Нарықтық қатынас негізі мектеп қабырғасынан қалануы тиіс. «Егемен Қазақстан», 8.10.03
41. Құдайқұлов М., Нугманова С. Нарықтық қатынастар негіздерін оқушыларға таныстыру. «Қазақстан мектебі», 2004, № 8
42. Құдайқұлов М.Тірліктің тірегі – кәсіпкерлік. «Қазақ әдебиеті», 12.11.04
43. Құдайқұлов М. Оқулық мазмұнын нарықтандыру. «Қазақстан мұғалімі», 15.03.05
44. Құдайқұлов М. Нарықтық білім және оқулық. «Егемен Қазақстан», 13.04.05
45. Құдайқұлов М. Бизнес әліппесімен мектептен танысқаны жөн. «Алматы ақшамы», 18.03.06
46. Құдайқұлов М.,Нұрғалиева Д., Жаңабаева Ж. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейік. «Қазақстан мектебі», 2006, № 3
47. Құдайқұлов С., Құдайқұлов М. Творчестволық және бәсекелестік қабілеттілік. Алматы, 2006
48. Құдайқұлов М., Мәмбеталиев Т. Кәсіпкерлік тұлғаның іскерлік ерекшелік қасиеттерін анықтау. ҚазҰУ – нің жинағы «Этнопсихология және этнопедагогика», Алматы, 2007
49. Крымова В. Экономикалық теория (кестелі оқу құралы). Алматы, 2003
50. Любимов Л.М., Раннева Н.А. Основы экономических знаний. М., Прогресс, 1995
51. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы (Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы). Алматы, 1997
52. Назарбаев Н. Елдің даму деңгейі білім арқылы бағаланады. «Жас алаш», 6.01.98
53. Назарбаев Н. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін (Қазақстан халқына жолдауы). «Егемен Қазақстан», 19.03.04
54. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу—білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. «Егемен Қазақстан», 27.05.06
55. Назарбаев Н. Ғылымға қарқын алған елдің болашағы жарқын. «Егемен Қазақстан», 16.10.06
56. Нугманова С. Мектеп оқушыларының нарықтық ұғымдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Канд.дисс.Алматы, 2006.
57. Основы экономических знаний (учебники для 5 -9 классов). Алматы, 1999, 2000
58. Питер Ф. Друкер. Нарық: топ жарып алға шығу (практика мен принциптер). Алматы, 1992
59. Пономарев Я.А. Психология творчества и педагогика. М., 1976
60. Поляков И.В. Предпринимательский тип экономического поведения человека как субъект рыночных отношенйй. Автореф. докт.дисс. Саратов, 2000
61. Попов В.Д. Экономика плюс педагогика (очерки об экономическом воспитания молодежи). М.,1986
62. Райзберг П. Основы экономики и предпринимательства (учеб.пособие для школ и лицеев).М., 1993
63. Сабденов О.С. Наука. Образование. Рыночная экономика. – Алматы, «Наука», 1994
64. Сағадиев К. Бәсекеге қабілеттілікті өзіміз жасауымыз керек. «Егемен Қазақстан», 9.04.04
65. Саипов А. Экономическое образование учащихся. Автореф. канд. дисс. Алматы, 1990
66. Смит А. Исследования о природе и причинах богатства народов. М., 1962
67. Хаммер М. Бизнес в XXI веке (перев. с англ). М., 2005
68.Хамитова К. Экономиканы оқыту әдістемесі туралы. «Қазақстан мектебі», 2005, № 5-6
69. Хейне П. Экономический образ мышления. М., 1972
70. Физика (7, 8, 9, 10, 11 сыныптарға арналған оқулықтар). Алматы, 2003, 2005
71. Малафеев Р.И. Творческие задания по физике. М., 1971
72. Малафеев Р.И. Проблемное обучение физике в средней школе. М., 1980
73. Тульчинский М.Е. Качественные задачи по физике. М., 1974
74. Пірназар С. Керамикалық кірпіш зауыты. «Егемен Қазақстан», 9.11.07ж.
75. Жағыпарұлы Ж. Биоотынның болашағы мол. «Егемен Қазақстан», 11.01.08ж.
76. Мұсабаев Т. Ел мәртебесін биіктететін сала. «Егемен Қазақстан», 29.02.08ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰДАЙҚҰЛОВ
М. Ә.
ҚҰДАЙҚҰЛОВ
С. М.

МӘМБЕТАЛИЕВ Т.М.

ФИЗИКА САБАҚТАРЫНЫҢ

НАРЫҚТЫҚ НАҚЫШТАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

ҚҰДАЙҚҰЛОВ
М. Ә.
ҚҰДАЙҚҰЛОВ
С. М.

МӘМБЕТАЛИЕВ Т.М

ФИЗИКА
САБАҚТАРЫНЫҢ
НАРЫҚТЫҚ
НАҚЫШТАРЫ

Мұғалімдер мен
студенттерге
арналған оқу -
әдістемелік құрал.

Алматы, ҚазҰПУ, 2008

Б Б К 74. 256.1
К 74

Құдайқүлов М.Ә., Құдайқұлов С. М.,

Мәмбеталиев Т.М. Физика сабақтарының

нарықтық нақыштары ( Мұғалімдер мен

оқушыларға арналған оқу-әдістемелік
құрал).
Алматы, ҚазҰПУ, 2008, 103 бет.

Нарықтық қоғамның мұрат-мақсаттарына сай мектептерде оқытылатын
әрбір пәннің мазмұнына кәсіпкерлік сипат берілуі тиіс. Осындай талап
тұрғысынан, әлі ешбір елде жоқ, тың тақырыпқа жазылған, төл тума бұл
әдістемелік құралда физика сабақтарының нарықтық нақыштары үлгі ретінде
қысқаша баяндалады.
Пәнаралық байланысқа қатысты нарықтық сабақтар, нарықтық есептер
мен тестілер жеке тақырыптар түрінде берілді. Сондай-ақ , оқу-тәрбие ісіне
пайдалы экономикалық әуезқой әуездер,қызықты кәсіпкерлік нақыштар,
бизнестік бастамалар, бәсекелестік белестер сияқты қосымша нарықтық
деректер көрсетілді.

Пікір жазған—педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Б. Акитай.

ҚазҰПУ физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі
кітапты басуға ұсынған.

© Құдайқұлов М. Ә., ж.б., 2008ж.

1.НАРЫҚТЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ
АЛҒЫШАРТТАРЫ.

Қазіргі кезде, біздер тез өзгеріп тұратын нарықтық әлемде өмір
сүріп келеміз. Сондықтан, адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы олар
нарыққа күнде еріксіз араласады. Ендеше, адамның әр сәт өмірі экономикамен
тығыз байланысты екендігін күнделікті тыпырлаған тірлікте байқай да
бермейміз. Күнделікті өмір—нарықтық өмір. Демек, бәріміз де күнде сан түрлі
экономикалық шешім қабылдауға мәжбүрміз. Мұндай жағдайда экономикалық
сауатты адам ғана дер кезінде тиімді нарықтық дұрыс шешім қабылдай
алатындықты ұдайы есте ұстаған жөн.
Өмір сүрудің мұраты — ең алдымен биологиялық қажеттіліктерді
(тамақ, су, жылу, жарық т.т.) қанағаттандыру екені белгілі. Ондай
мұқтаждықтарды толық өтеуге талпыныс адамның белсенді қарекеті негізінде
қанағаттандырылады. Адам одан соң ғана әлеуметтік, рухани қажеттіліктерді
шешуге кіріседі. Ақырында адам өзін-өзі жетілдіруге, өзін басқаларға
танытуға ұмтылады. Мұның бәрі нарықтық қатынастар арқылы шешілетіні
белгілі.
Өзінің мән-мағынасы бойынша, әрбір адамның күнделікті өтіп жатқан
өмірін экономикалық өмір деп санаған жөн. Өйткені, экономика деген, шын
мәнісінде, бұйымды (тауарды) өндіруге, бөлуге, айырбастауға, тұтынуға
адамның қатысуын білдіреді. Ал, бұл процестер өндірістік (экономикалық)
нарықтық қатынастар жүйесіне өтеді.
Қай елде болса да нарықтық қатынас (экономика), ең алдымен
меншікке қатысты сипатталады. Меншік адамның не ұжымның мүлікті (игілікті,
тауарды, бұйымды, техниканы) иеленумен, бөлумен, пайдаланумен анықталады.
Меншік иесі өзінің қолындағы материялдық және рухани игіліктерден жаңа
бұйым (тауар) жасап, одан пайда табуды мақсат етеді. Ендеше,
жекеменшік—нарықтық экономиканың негізі болып саналады.
Меншіктің заттық (жер, капитал, еңбек) және рухани интеллектуалды
(кітап, жаңалық ашу, фотосурет, картина, радио-теле-видеожазу касетасы-
дискеті т.т.) болып бөлінетіні белгілі.
Ондай болса жақсы өмір сүру үшін алдымен экономикалық және
нарықтық мәселелерді дұрыс бағдарлай білген жөн.
Экономикалық проблемалар әлемдік (барлық елдердің), макроэкономика
(ұлттық), аймақтық (медиум экономика), микро (әр адамның, жеке фирманың,
отбасының) экономика деңгейлерінде қарастырылып шешіледі.
Біздің өмірімізде, соңғы 10-15 жыл ішінде ғана нарық (рынок),
нарықтық экономика, кәсіпкерлік, жекеменшік шаруашылық сияқты бұрын
таныс емес ұғымдарды білдіретін жаңа сөздердің пайдаланылып келе жатқаны
мәлім. Шын мәнісінде, нарық деген қазіргі жаңа сөз халықтардың
тұрмысында ежелден қолданылып келе жатқан, біздер үшін ұмытылып кеткен
бұрынғы ескі сөз.
Тарихи мәліметтерге жүгінсек, тауар алмасу процесінің
Вавилондықтарда (б.д.д. 4-6 мың жыл бұрын) болғандығын аңғарамыз. Әйгілі
грек ойшылы Аристотель (б.д.д. 4-ғас.) алғаш рет тауар, ақша, құн,
тұтыну бағасы, экономика деген сияқты терминдерді күнделікті тұрмысқа
ендірген. Мұсылман елдері арасындағы Дамаскідегі (Сирия) Омейя мешітінің
жанындағы 21-Хамиди Сук жабық базарының мыңдаған жылдық тарихы бар. Онда 3
мың дүкен, дүңгіршектер жұмыс істейді. Қазақ жерінен өтетін Ұлы Жібек
жолы бойында (б.д.д. 3-5 мың жыл бұрын) көптеген сауда орындары мен атақты
жәрмеңкелер (Сайрам, Тараз, Қоянды, Қарқаралы т.с.с.) болған. 14-ғасырдан
бастап тауар алмасу ақша (металл монеттер) арқылы жүзеге асырыла бастаған.
18-ғасырда Ресейде 1,5 мыңнан астам жәрменкелер халықтың сұранысын өтеп
тұрған. Келе-келе саудагер, сауда орындары, сауданың бартер, биржа, көтерме
(оптовый) сауда сияқты жаңа түрлері пайда болды. Осылайша, адамдар бірте-
бірте сауда-саттықпен біте қайнасып, нарық, халықтар мен мемлекеттердің
кәдуілгі үйреншікті ісіне айналып кетті. Нағыз нарықтық қатынастар 16-17
ғасырларда қалыптаса бастады, ал сауда жасау мәртебелі кәсіп болып саналды.
1800 ж. Француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкер (тапқыр адам) деген
экономикалық жаңа термин ендірді, содан бері кәсіпкерлік іс-әрекет,
кәсіпкерлік кәсіпорын дами түсті.
Бұрынғы Кеңестер Одағындағы социализм кезінде, нарық капиталистік
қоғамдық категория ретінде жойылған. Социализм, анектод ретінде
айтылатындай, өкімет тегін ешнәрсе бере алмайтын, ал ақшаға ешнәрсе сатып
ала алмайтын қоғамға айналған болатын.
Шын мәнісінде, нарық – адамдар мен мемлекеттердің қажеттіліктері
мен сұраныстарын дер кезінде қанағаттандырып тұратын үздіксіз процесс.
Сондықтан да, нарық, тауар, сұраныс деген ұғымдар бір-бірімен өте
тығыз байланысты, сол себепті нарықтық қатынастарды барлық елдерде де,
әрқашанда да болып тұратын, ешқашанда да жойылмайтын, халықтар мен
мемлекеттердің экономикасын дамытатын ең негізгі фактор, кәсіпкерлік
құбылыс деп түсіну керек. Сол себепті, нарықтың табиғаты мен заңдылықтарын
игеруді әркім өзінің адамдық борышы деп санауы тиіс. Бұл мәселелерді тарих,
әдебиет, география, физика, химия, биология, математика, технология,
информатика сабақтарында кеңейтіп түсіндіру арқылы оқушыларды нарықтық
қатынастардың элементтерімен таныстыруға болады.
Бар тірліктің мән-мағынасы жекеменшік психологиясына ауған қазіргі
нарықтық қоғамда, күллі жұрт, әсіресе, жастар, бай болуды, бизнесті игеруді
мақсат тұтатыны белгілі.
Баю жолдарына түсуші кәсіпкерлер Абайдың мына асыл ойларын, аталық
ақыл-кеңесін үнемі басшылыққа алған жөн: құдай саған еңбек қылып мал
табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсамайсың. Ол
қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол
ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? Ерінбей
еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе кім бай болмайды? (10-шы
қара сөзі). Әуелі мал табу керек... онан соң білім, өнер керек... Ғылымды,
өнерді білгенге дүние арзан түседі (25-ші сөзі). Сол себепті егер де мал
керек болса, қолөнерді үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды (33-ші
сөзі) деген данышпан Абайдың ақыл сөзін біздер бай болудың ең бір дұрыс
бағдарлы бағыты деп түсінгеніміз жөн.
Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Малменен ғылымды кәсіп
қылмақпыз деп ғылым арқылы баюға болатындығын да Абайдың 38-ші қара сөзінен
оқып табамыз.
Жастарды кәсіпкерлік пен табыскерлікке дұрыс тәрбиелеп, оларды
адамшылық адал ниетпен бай болуға бағыттау үшін, Абайдың осындай даналық
ойларын қазақтың этнографиялық тұрғысынан орнын тауып, ұтымды пайдалана
білгеніміз ләзім.
Экономиканың дамуы озық техникамен жетілдірілген технологияға
байланысты болғандықтан, оқушылардың нарықтық түсініктерін дамытуда осы
заманғы ғылыми-технологиялық процестің ерекшелік жетістіктерін ескермесе
болмайды: ғылымның өндіргіш күшке айналуы; адам еңбегінің функциясын
өзгерткен үш компонентті ғылым-техника-кәсіпкерлік жүйесінің қалыптасуы;
ғылыми – технолгиялық жаңалықтарды практикада қолдану мерзімінің
қысқартылуы; жұмысшылардың интеллектуалдық еңбек үлесімі мен мамандардың
шығармашылық қабілетінің артуы т.т.
Қазір Республикамыздың ішкі жалпы өнімінің 75 пайыздан астамы
жекеменшік кәсіпорындарда өндіріледі, олардың жылдық табысы 50 млр-тан
асқан. Барлық кәсіпорындардың қызметі нарықтық экономикалық заңдары
негізінде атқарылады. Біздің үкіметіміз де кәсіпкерлік қарекетпен
айналысатын кәсіпкерлік үкімет болып саналады. Еліміздегі әрбір отбасы мен
жеке адамдар да жекеменшік кәсіпкерлік арқылы күн көруге көшкен.
Республикамызда нарықтық бәсекелестік орта қалыптасып келеді. Жаңашыл
әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құрылып, жұртқа қосымша жұмыс, елге
еңбек, халыққа қаржы беріліп келеді.
Соңғы жылдары белгілі америкалық экономистер Й. Шумпетер, М.
Портер, Р. Солоудың зерттеулері негізінде бәсекеге қабілеттіліктің
факторлары толықтырылды. Яғни бәсекелестік қабілеттіліктің мазмұны елдегі
кәсіпкерліктің белсенділігімен, әр елдің әлеуметтік-мәдени құндылықтарымен,
білім экономикасымен тереңдетілді. Осыған орай көптеген елдерде әлеуметтік
саясаттың бағыттары да өзгертіле бастады. Әсіресе, білім мен біліктілік
(умение) қазіргі заманда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең
маңызды көрсеткішіне айналды. Көптеген елдер жаңа индустриялық—инновациялық
қоғам үшін, ең алдымен, адамды дамыту, оның қабілетін арттыру
бағдарламаларын жасауға кірісті. Дамыған елдерде (АҚШ, Жапония т.б)
экономиканы дамытудың жаңа стратегиялық бағыты, жаңа философиясы (шешуші
рөлді адам атқарады деген идея) қалыптасып келеді.
Өркениетке жеткен мемлекеттерде экономиканы бәсекеге қабілетті
деңгейге көтеруде негізінен адам капиталына (қабілеті мен біліміне)
сүйеніп келеді. Ғалымдардың зерттеулері білім саласына жұмсалған қаржының
қайтарымы басқа салалардан анағұрлым артық екенін анықтады. Мәселен, орыс
академигі С. Струмиленнің зерттеуінің нәтижесінде (1920 – жылдары) мектеп
оқушыларын оқытуға салынған қаржы шығыны толығымен 1,5 жыл ішінде өтеліп,
қалған 35-40 жыл бойы мемлекетке тек қосымша табыс әкеліп отырады екен.
Соңғы жылдары адам капиталын өсіруге салынатын инвестицияның тиімділігі
зерттелді. Америка экономистері Л. Лесли мен П. Брукманның зерттеуі бойынша
бакалавр даярлауға кеткен қаржының өтелімділік (окупаемость) коэффициенті
11,8 – 13,4%, магистрлік дәреже үшін – 7,2% PhД доктор дәреже үшін – 6,6%
болған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғары білім беруге жұмсалған
АКШ-тың шығынының өтелімділік нормасы 4%-ға ғана жеткен. Яғни экономиканы
дамытуға жұмсалғаннан, білімге салынған қаржыдан 2-3 есе артық табыс табуға
болатындығын байқауға болады. Демек, бәсекеге қабілетті білім-ғылым жүйесі
дамытылмай, ендеше, экономика бәсекеге қабілетті деңгейге көтеріле алмайды.

Жаһандану үдерісінің зор мүмкіншіліктерін халқымыз үшін тиімді
пайдалануға тек еліміздің бәсекеге қабілеттілігін көтеру арқылы қол
жеткізуге болатындығын Президент лекциясы дәлелдеп берді, ал, бәсекеге
қабілеттілікті арттырудың түйінді көзі білім мен ғылым саласында екендігі
ашып көрсетілді.
Әрбір жас жеткіншек бәсекеге қабілеттілікті алдымен өз бойында
қалыптастыруға тырысу керек. Ол үшін оның творчестволық әлеуеті, рухани
жетілуі, ақыл-санасы, білімі өзге елдердегі өз әріптестерінен асып түсуге
тиіс. Білім – капиталға, ол — стратегиялық ресурсқа айналады. Елдің даму
деңгейі білім арқылы бағаланады. Жоғары білім—мол табыс табудың, лайықты
тұрмысқа жетудің ең дұрыс жолы—деп байлықтың қайнар көзі білімде екндігін
президент Н. Назарбаев ҚазҰУ-дың студенттер сарайында сөйлеген сөзінде
терең ұғындырғаны мәлім. Демек, бәсеке—нарық құралына, кәсіпкер—нарықты
дамытушы күшке, ал білім—табыс көзіне айналған.
Біздің елімізде индустриялық-инновациялық жобалар мен экономикалық
әлеуеті бар кластерлер құрылуда, білім-ғылымды қаржыландыру ондаған есе
артуда, бәсекеге қабілетті өңірлік технопарктер мен сервистік-технологиялық
орталықтар іске асырылмақ, ірі ғылыми-зерттеу зертханалар мен жаңа типті
халықаралық университеттер ұйымдастырылмақ. Осылайша инновациялар мен білім-
ғылымның дамуын шапшаңдататын білім экономикасына көшу мақсаттары қойылып
отыр. Сондықтан, білімді кадрлар дамуымыздың негізгі қозғаушы күшіне, ал
білім беру ісі мемлекетіміздің басты басымдығына, өркениетке өрлеуіміздің
шешуші факторына айналатын болады. Демек, білім экономикасы еліміздің
бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір кепілі болып саналады.
Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін тек табиғи
ресурстарды игерумен шектелмей, мемлекеттің интеллектуалдық капиталын
дамытуға да ерекше күш салуда. Ол үшін ғылым-білімді реформалау,
технологияны жаңарту, инновациялық секіріс сияқты істер жүзеге асырылмақ.
Мұның бәрі бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға қажетті алғышарт болып
табылады.
Ел межесі – елулік деген Президент сұхбатында айтылғандай әлемде
қазірдің өзінде сұраныстан ұсыныс артып бара жатыр. Әлі де қызмет
көрсетудің неше түрі шығады. Нағыз бәсеке сонда шығады. Ол кезде тек сапалы
тауар ғана өтетін, тек озық технология ғана кәдеге асатын болады. Біз сол
сынаққа сақадай сай тұруға тиіспіз.
Бәсекелестік бәйгесінде озу үшін жаңа кезеңге сай келетін жаңа
экономика керек. Жаңа экономика – жоғары технологияларды, ғылымды қажет
ететін экономика.
Әлемнің мықты елдерінің бәрі тауар өндіруші экономикадан білім
өндіру мен қолдануға негізделген экономикаға ауысып жатыр. Ғылымды көп
қажет ететін өнім экспортынан жыл сайын АҚШ – 700 мрдқа жуық доллар,
Германия – 530, Жапония – 400 млр. доллар табады екен.
Демек, бәсекеге қабілетті тұлға – творчестволық ойлайтын кәсіпкер
тұлға болу керек. Себебі, өнертапқыш кәсіпкердің бойында бәсекеге
қабілеттілік қасиеттердің көбі табылады деп айтуға болады. Өйткені, ондай
қасиеттерді меңгермесе, ондай тұлға өзінің кәсіпкерлік ісінен табыс таба
алмай, оның кәсібі өзінен-өзі жойылатынын (банкротқа ұшырайтынын) жақсы
біледі. Сондықтан да, кәсіпкер бар ынта-ықыласын, күш-қайратын, білім-
біліктілігін, ерік-жігерін, ой-санасын, қарым-қабілетін өзінің кәсіпкерлік
қызметіне жұмсайтыны белгілі. Ең ақырында, ол кәсіпкерлікті өз отбасының
күн көріс қамы ретінде бағалайды. Олай болса, әр кәсіпкер бәсекеге
қабілетті болуға ұдайы ұмтылады. Сол себепті, біздің елде де, әлемдегі
өркениетті елдер сиқты, жеке кәсіпкерлікті барынша дамыту, оған қолдау
көрсету мақсатын қойып отыр. Мұны елімізде бәсекеге қабілетті мемлекет,
бәсекеге қабілетті экономика құрудың алғашқы шарты деп түсінгеніміз жөн.
Творчестволық кәсіпкерлік тұлғаны тәрбиелеудің ең негізгі
алғышарттары – күшті кәсіби білім, творчестволық ойлау, кәсіпкерлікті
игеру, бәсекелестік қабілеттілігін ұдайы дамытып отыру. Мұндай
алғышарттарды, баланы отбасынан бастап маман болып шыққанға дейін
кәсіпкерлікке баулу, творчестволық ойлауын қалыптастыру, мектеп
оқулықтарына кәсіпкерліктің негізін ендіру, ата-аналар мен педагогтардың
нарықтық сауаттылығын ашу, адамдарды кәсіпкерлік іспен айналысуға жұмылдыру
т.с.с. іс-шаралар арқылы жүзеге асыруға болады деп санаймыз. Сонда адам
ресурсы жетілдіріліп, адам сапасы арттырылмақ.
Ел Президентінің халыққа Жолдауында (53) ұлттың бәсекелестік
қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп атап
көрсетілді. Үйткені, соңғы жылдары жаңадан пайда болған білімге
негізделген экономиканы ескермеске болмайды. Әлемдік бәсекелестік заманда
әрбір адамның білім сапасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін
анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып
отыр. Яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда мемлекеттердің
бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Сондықтан,
көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын дамыту,
әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар қабылдауға
кірісті. Экономиканы пәрменді дамытудың жаңа философиясы жасалуда. Онда
шешуші рөл адамға қатысты деп анықталмақ. Демек, бәсекеге қабілетті
интеллектуалды күш ― жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп
бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі
интеллектуалдық творчестволық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де
солай бола бермек.
Творчество адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік
белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік
шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның
творчестволық ойлауына қатысты анықталады. Творчестволық қабілет ― ойлаудың
ең жоғары деңгейі, қарекеттің нағыз жетілген түрі, жұмыстың қай саласында
болса да табыс кілті. Творчестволық еңбектің негізінде тиімді жұмыс
атқарылады, сапалы тауар шығарылады, бәсекеге қабілеттілік қамтамасыз
етіледі.
Сондықтан да, творчестволық процестің нәтижесінде ғана айырықша
жаңалық ашылады, қайталанбас іс-әрекет жасалады, ерекше мол өнім алынады,
керемет құбылыстардың сыры анықталады, айнықша жайлы қызмет көрсетіледі,
адамның қабілеттілігі артады, аса байлыққа қол жеткізеді...
Біз сырттан іздеп жүретін табыстың көзі, өзіміздің ішкі
мүмкіндігімізден (творчестволық ойлаудың нәтижесінде) табылатынын
аңғарғанымыз жөн. Ендеше, бұрынғыдан да молырақ табысқа қол жеткізу үшін,
өзгеше ойлаудың парадигмасын өзгертіп тұру қажет. Осы ерекшелікті ескеріп,
көптеген әйгілі бизнесмендер, адамдарды қолына балық бермей, қармақ
ұстату принципі негізінде істетуге дағдыланған. Бұдан, өмірді жақсарту
үшін, алдымен творчестволық ойлаудың парадигмасын өзгерту керек деген
қорытындыға келеміз. Сондықтан да, кәсіпкерлер творчестволық ойлауды
бизнестің философиясы деп түсінеді.
Ендеше, адам ресурстарын арттырудың принциптерін, творчестволық
ойлауды қалыптастырудың стадияларын, бәсекеге қабіліттілік теориясын
басшылыққа ала отырып, әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлға
тәрбиелеудің тұжырымдамасын жасауға болады деп ойлаймыз. Ондай жаңаша
тұрпатты тұлға ― творчестволық кәсіпкер тұлға. Оның іскерлік
мақсаты—қиындықты жеңе білу, барды ұқсата білу, жоқты таба білу.
Кәсіпкерлер нағыз еркіндік деп қаржылық еркіндікті түсінеді. Адам
толық еркіндікпен туылады, тек бірте- бірте ғана шынжыр бұғаулармен
шырмаланады (Ж.Ж. Руссо) деп бекер айтылмаса керек. Американдық бизнесмен
– инвестор Р. Кийосаки адамды толық еркіндікке жеткізетін ақша емес, ақша
ағыны деп санайды. Ол өзінің кітабында (23) әрбір адамның ақша ағыны
квадрантының бір ширегінде (1 - сурет) болатындығын дәлелдеп көрсетеді.
Қаржылық еркіндік квадрантының барлық 4 ширегінде де болады, бірақ КБ,
ИБ ширегінде адам ондай еркіндікке тезірек жетеді. Кәсіпкерлердің
іс–тәжірибесіне қарағанда, адамдар ЖЖ, ӨЖ жағдайында 30 % табыс табады, ал
КБ, ИБ ширегінде – өзіне 70% пайда келтіреді екен. Осыдан келіп, әрбір
адамның қандай әдіс-тәсілмен ақша тауып, қандай жолмен өмір сүруді таңдай
білу керек екендігі туындайды. Өмірдегі өкінішті (парадоксты) жағдай:
мектепте қаржылық еркіндік жайлы оқушыға ешнәрсе айтылмайды; бала мектепте
ақша туралы еш нәрсе білмейді, онымен өмірде, үйде ғана танысады; 1 -
суретте көрсетілгендей, оқушы мектептен жалдамалы жұмыскерге тәрбиеленеді;
неге оған кәсіпкерлік қарекет жайлы түсіндірмеске, неге бизнесмен болуға
тәрбиелемеске?

Мектеп

ЖЖ КБ

ӨЖ ИБ

1 - сурет. Ақша айналымының квадранты: ЖЖ – жалдамалы жұмыскер;
ӨЖ – өзбетінше жұмыс істеп күнкөруші; КБ – кәсіпкер – бизнесмен; ИБ –
инвестор – бизнесмен.

Мектепте оқушылар әлемдегі бизнес-жүйе моделімен таныстырылуы керек:
ЖЖ-бизнес – жүйеге жұмыс істейді; ӨЖ- бизнес – жүйенің өзі болып саналады;
КБ – сол бизнес-жүйені құрады; ИБ-бизнес – жүйеге инвестиция салады. Демек,
ақша керектігін сезінгенде: ЖЖ – жұмыс іздейді; ӨЖ - өзінше бір нәрсе
іздеуге кіріседі; КБ-бизнес – жүйе құрады; ИБ – инвестиция салатын
мүмкіндікті іздейді. Демек, оқушылардың осындай қаржылық сауаттылығын
арттыру қажет. Оларды ақшаны жұмсауға ғана емес, сондай-ақ теңгені тауып
жинақтауды үйреткен ләзім. Нарықтық қоғамда осындай нарықтық білім беруге
тиістіміз.
Жастардың айлық ақыдан алған ақшасы пассивке (қарызды төлеуге)
жұмсалмай, активке құйылып, олардың байлығын молайтуға мүмкіндік туғызылуы
тиіс. Үйткені, қаржылық есеп тұрғысынан, байлық жинау – активті өсіріп
тұрудан басталады деп түсіндіріледі. Өз бизнесіңді жүргізе білгенде ғана
байлыққа қол жеткізуге болатындықты жастарға күнделікті ұғындырған жөн. Бұл
жағдайды ескермеудің салдарынан талантты көп адамдар кедейшілік өмір
кешумен өтеді.
Творчестволық кәсіпкерлік қарекеттің философиясы, өмірді –
атқарылатын міндет емес, ерекше тапқырлық жасайтын мүмкіндік деп
түсіндіреді. Сол себепті кәсіпкерлік фирмалардың іскер басшылары,
қарамағындағы қызметкерлерге бұйырып қысым жасамай, оларға жаңа
мүмкіндіктерді іске асыруды ұсынады. Сонда қызметкерлердің жұмысқа деген
ынта-ықыласы артып, еңбек өнімділігі көтеріледі. Мұндай тәсілдің, әр
қызметкердің белсенділігі мен адам потенциалын арттыруға мол септігін
тигізетіндігі бизнесмендердің іс-тәжірибесінде айқын байқалып келеді.
Бизнестік қарекет—тек творчестволық ойлай білетін шебер маман,
іскерлік қабілеті жоғары адамның (кәсіпкердің) қолынан келетін аса жауыпты
қызмет. Сондықтан, бизнесті бастауда, оны жүргізуге, байлыққа қол жеткізуде
бір ізге түскен қалыпты стандарт, қалыптасқан ереже не заң жоқ, еш уақытта
да болмайды. Әр бизнестің өзіне тән, басқаларға ұқсамайтын әрқилы ізденіс
жолдары бар.
Нарықтық заманда өнертапқыштық тек қана инжинерлер мен ғалымдардың
үлесіне тимейді. Қазір ол мол табыс табу көзіне айналған бизнесмендердің
үйреншікті кәсіпкерлік кәсібіне айналған. Оған әлемге әйгілі
бизнесмендердің – Т.Эдисонның, Г.Фордтың, Д.Карнегидің, Дж. Соростың т.т.
кәсіпкерлік өмір тәжиребесі жақсы дәлел. Олардың қатарынан мұғалімдер,
фермерлер, механизаторлар, кәсіпкерлер, студенттер, оқушылар, әртүрлі
мамандар өз орындарын көптеп алып келеді.
Ғылым мен технология, жаңаша идея шапшаң дамып бара жатқан қазіргі
нарықтық қоғамда, бәсекеге қабілеттілік қарқындап тұрған кезде,
өнертапқыштық адам баласының шығармашылық еңбегінің елеулі, тіпті негізгі
бір бөлігіне айналуда. Сондықтан, белгілі бір елдегі өнертапқыштықты саны
мен сапасына қарап, ол елдің даму деңгейі, өркениетке өрлеуі жөнінде
тұжырымдар жасау әдетке айналып барады. Мәселен, мұндай елдер қатарына АҚШ
– ты, Жапонияны, Оңтүстік Кореяны т.т. жатқызуға болады. Мысалы, белгілі
австриялық зерттеуші Лобелдің талдауы бойынша, 1985 – 1995 жылдары арасында
өнертапқыштық белсенділігі жағынан дүниежүзінде бірінші орынға Жапония ие
болып келген екен. Екінші орында – ГФР, үшінші орында – Швейцария.
Жапонияда, дамыған басқа елдермен салыстырғанда, техникалық шығармашылық
бүкіл қоғамдық сипат алып, оларға ерекше көңіл бөлінген. Бұл елде патент
жайында алғашқы заң қабылданған күн (18.04.1884 ж.) ұлттық мейрам –
өнертапқыштар күні ретінде жыл сайын аталып өтіледі. Жапонияда 1904
жылдан бастап өнертапқыштар мен жаңашылдық жұмыстарымен арнайы айналысатын
институт халықтың творчестволық белсенділігін көтеру жөнінде қызмет
көрсетіп келеді.
Республикамыздың қазіргі және келешектегі даму деңгейі осы заманғы
нарықтық қатынастардың қалыптасуымен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Мұндай
нарықтық қатынастардың даму жағдайында пайда болған қажеттілік,
тұтынушы, айырбас, меншік, кәсіпкерлік, бизнес, пайда,
коммерция сияқты экономикалық ұғымдар мектеп оқушыларының санасында берік
орнығуы қажет. Соған байланысты еңбекке деген қарым–қатынастың қайнар
көздеріне қайта орала отырып және жинақталған тәжірибеге сүйеніп, жас
ұрпақты еңбекке, адалдыққа, шаруашылыққа қожалық етуге, ұқыптылыққа т.с.с.
жаңаша тәрбилеу жолдарын пайдалануымыз қажет.
Нарықтық қоғамда мектепте білім беру мазмұны да заман талабына сай
құрылып, жетілдірілуі тиіс. Демек, экономикалық білім негіздеріне сүйеніп,
оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілеттерін дамытып, оларды нарықтық
қатынастар жағдайында өмір сүріп, еңбек ете білуіне бейімдеуіміз керек.
Мектептерде бұл істі жүзеге асыруда көптеген қарама-қайшылықтар мен
қиыншылықтардың (мұғалімдердің нарықтық сауаттылығының төмендігі, оқу
пәндерінің бағдармалары мен оқулықтарында нарықтық қатынастардың
элементтерінің ендірілмеуі, жекеменшік кәсіпорындары қарекетінің
экономикалық заңдылықтарының ашылмауы, нарықтық ұғымдар мен білімдер
жүйесінің айқындалмауы, нарықтық түсініктердің пәнаралық байланыс негізінде
мектеп пәндеріне кіріктірілмегендігі, кәсіпкер тұлғаны тәрбиелеу үрдісінің
болмауы, т. т. ) кездесіп отырғаны белгілі.
Мұндай қарама-қайшылықтарды шешудің бір жолы – мектеп пәндерін оқытуды
нарықтандыру ( бірте-бірте бұл жаңа терминге де үйренетініміз сөзсіз) деп
санаймыз. Жастардың нарықтық сауатсыздығы жаңа экономикалық қатынастардың
қалыптасуын тежеп, оларды көлеңкелі, қылмыстық экономикаға итермелеуі
мүмкін.
Қазіргі кезде нарықтық – экономикалық білімді мектептің оқу – тәрбие
процесіне енгізу туралы ғылыми-педагогикалық, әдістемелік мәселерімен
көптеген Ресей ғалымдары айналысуда. Мәселен, бастауыш сыныптарда Л.
Клариннің Уроки гнома Эконома и феи Экологи, Экономика и экология для
малышей деген қызықты құралдары, Е. Савицкаяның Уроки экономики в школе
деп аталған әдістемесі Ресей Федерациясының көптеген аймақтарында
қолданылып келеді. Экономиканы тереңдетіп оқыту үшін Л .Л. Любимовтың (
Основы экономических знаний), И. В. Липсиц пен Л. Антонованың (Раскрывая
тайны экономики) оқу құралдары, А.А. Мищкеевичтің экономикалық есептер
жинағы шығарылған.
Қазақстан мектептерінде 1980 жылдардан бастап оқушыларды кәсіпкерлікке
баулу мақсатында Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау, Мал шаруашылық
кәсібі сияқты факультативтік курстар өткізіліп келеді. Сондай-ақ,
Маркетинг пен менеджмент негіздері (Көкшетау облысы мектептерінде),
Бұйым дайындаудың технологиясына нарық пен дизайнның элементтерін ендіру
(Талдықорған қаласы мектептерінде), Техника әлемі, Конструкциялардың
технологиясы, Нарықтық экономика негіздері (Оңтүстік Қазақстан,
Қостанай облыстарының мектептерінде), Ауылшаруашылық менеджменттің
теориялық және практикалық негіздері (Шығыс Қазақстан облысы
мектептерінде), ал болашақ мұғалімдер үшін Стандартизация негіздері,
Кәсіптік оқудың ториясы мен әдістемесі сияқты нарықтық жаңа курстар
оқытылды, Технология мамандығы бойынша мұғалімдер дайындалды.
1985 жылдан бері Қазақстан мектептерінде экономикалық білім беру ісі
жүзеге асырылып келеді деп айтуға болады. Оған дәлел боларлық С.
Сатыбалдиннің Экономика оқулығы (Орал облысында), Л.С. Ла - ың
Экономическое воспитание школьников, Л.Ш.Лысенкер мен Э.М.Лысенкердің
Бизнес – математика және Основы экономических знаний, М.Ә.Құдайқұлов
пен С.М.Құдайқұловтың Основы предпринимательства и бизнеса, сондай-ақ
Қолданбалы экономика ( 9 -10 сыныпқа арналған) және Экономикаға кіріспе
(1 -5 сынып үшін) сияқты оқу-әдістемелік құралдар мен жұмыс дәптерлері
жарық көрді.
Нарықтық экономикалық білімдер жайлы алғашқы мағлұматтарды математика,
дүниетану, қоғам, құқық негіздері, экономикалық география, физика,
технология сияқты пәндердің мазмұнынан табуға болады (еңбек, кәсіпорын,
шаруашылық, қаржы, табыс, өнім, сауда т. т. ұғымдарға қатысты).
Біздің республикамызда Қолданбалы экономика мектептегі таңдаулы пән
ретінде алғаш 1991 жылдан бастап оқытылып келеді, ол1996 жылы мектептің
бизнестік оқу жоспарларына енгізілді. 1997 жылдан бері 5 -9 сыныптар үшін
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында С. Сатыбалдиннің
басшылығымен авторлар тобы даярланған Экономикалық білім негіздері атты
қазақ тіліндегі төл оқулық шығарылып, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Алматы
облыстарының мектептерінде сынақтан өткізілді.Бұдан кейін Қ. Ж. Аганина, Т.
Ермекова, Д. Дайкенов т.б. авторлығымен экономикалық білім негіздері жайлы
тұжырымдама, бағдарлама, білім стандарты, жұмыс дәптерлері, есептер және
тест тапсырмалар жинақтары, әдістемелік құралдар жасалынды.
Қазіргі заманда кәсіпкерлік білім алуды, алған білімнің капиталға
айналатындығын экономикалық категория ретінде түсіндіру қажет. Мұндай
нарықтық құбылысқа сай бизнес- мектептер, бизнес-академиялар, бизнес-
курстар, бизнес-білім жетілдіру институттары, бизнес-консалтингтік фирмалар
көптеп ашылуда. Бұған Қазақстандағы Инвейт бизнес-мектебі, Халықаралық
бизнес академиясы, бизнес-жоспар орталықтары т.т. жақсы дәлел.
Нарықтың мәнді белгілерінің бірі – бәсекелестік. Бәсеке нарықтық
қатынас субъектілері арасындағы күрестің қоғамдық формасы болып табылады.
Бәсекелестік нарықтық процесті бақылау функциясын да атқара алады. Мұндай
бәсекеге тек қана нарықтық білімі жоғары, шебер маман, іскер кәсіпкер адам
ғана төтеп бере алатынын әрқайсымыздың білгеніміз жөн. Сондықтан да, ел
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, экономиканың да, бәріміздің де бәсекеге
қабілетті болуымызды талап етіп отыруы – заманауи заңдылығы.
Осы талаптар тұрғысынан, нарықтық қоғам мүшесі (кәсіпкер тұлға) кім
және қандай болу керек, нарықтық білім мен тәрбиенің ғылыми-экономикалық
ерекшеліктері қандай, оқушыларға берілетін нарықтық білім жүйесінің қандай
болғаны жөн,бұл туралы шетел тәжірибелеріне зер салу, кәсіпкерлік тұлғаның
ерекшелік қасиеттерін айқындау қажет.
Жаһандану заманында білім құнның негізгі көзіне айналып барады, ол
барған сайын пайда көзі ретінде көрінуде.
Әлемде, ұлттық өнімнің 5%--табиғи ресурстан, 18%--өндірілген
капиталдан, ал 77%--адамдардың білім-біліктілігінен түседі екен. Дамыған
елдерде экономикалық даму интеллектуальды (парасатты) экономикаға сүйенеді.
Білім беру ақпараттық қоғамда экономикалық саламен елеулі түрде
астасады, ал білім беру қызметі қоғамның экономикалық дамуының аса маңызды
құрамдасына, артта қалушылықты еңсерудің факторына айналды.
Жастардың білім алуы да үздіксіз білімге ұласып, барған сайын
ерекше мәнге ие болып келеді. Бүгінде тіпті жоғары білімнің өзі көпке
жетпейтін болып барады. Мәселен, Дженерал Моторс корпорациясының президенті
бізге төрт, тіпті алты жылдық емес, 40 жылдық білімі бар мамандар керек
деген талап қойған, өзінің инженер, экономист қызметкерлеріне.
Технологияның дәстүрлі 300 жылдық дамуының механикалық үлгісі
француз физигі Дени Пакен 1620 жылы сақтама клапаны бар бу қазанын ойлап
шығарған кезден басталып, 1945 жылы ядролық жарылыстар жасаған уақытқа
дейін жалғасты. Механикалық технология дамуының осы үш ғасырлық кезеңінде
жылдамдықтың артуы, температураның өсуі, қысымның күшейуі секілді
жетістіктер көрінді деп айта аламыз. Онан кейін технолгияның даму үлгісі
биологиялық процесс формасына (организмнің ішінде болатын құбылыстар), яғни
биотехнологияға ауысты. Ал организмдердегі процестердің басқарылуы,
физикалық мағынадағы энергия арқылы емес, информациялық формада (талдау
негізінде) жүзеге асырылатын болды. Қазіргі заманғы жаңа
технология—нанотехнология (нанофизикалық электроникаға негізделген), адам
ақыл-ойын қатты толғандыратындай кәсіпкерлік өнертапқыштық қарекетінің
беделін анағұрлым арттырмақ. Мұндай материалдар физика мен техникалық
прогрестің байланыстылығын ашып көрсетуге қолайлы мүмкіндік туғызады.
Фарадейдің ашқан электромагниттік индукция құбылысын, ширек
ғасырдан кейін, 1856 жылы Германияда Вернер Сименс электр моторының ізашары
ретінде алғашқы динамо-машинаны жасауға пайдаланды. Бұл өнертабыстан электр
саласындағы маңызды техникалық жаңалықтарды арттырады деп көп үміттенген
еді. Бірақ, күткендегідей болмады, жаңа теориялық білімдердің
жетіспейтіндігі сезілді. Бұл жағдай, Фарадей ашқан электр және магнит әсері
кезіндегі аралық ортаның рөлі туралы Максвелл идеясына математикалық негіз
жасалғанға дейін жалғасты.
Электр тоғының қасиетіне негіздеп американдық атақты өнертапқыш Т.
Эдисон 1878 жылы қыздыру электрлампасын ойлап тапқаннан кейін ғана
техникалық прогресс жеделдеп, АҚШ пен Еуропада электротехникалық жабдық
жасайтын ірі-ірі өнеркәсіптер құрылғаны мәлім.
Осыдан 150 жылдай бұрын, жердің жарықшағынан шығып, өздігінен ағып
жататын мұнай, топырақ пен егін-шөпке зиянды зат болып саналып келген. Оны
өңдеп, жанармай алу технологиясы жасалғаннан кейін ғана мұнай экономикалық
құндылыққа айналып, мол табыс көзі болып саналды.

Көпке дейін өнертапқышты құдайдың ұшқыны, қиялшыл, жеңіл
мінезді, ісі белгісіз адам деп түсініп келіп, оны 1880 жылдан кейін
ғана жаңалық ойлап табушы, тапқыр жаңалық еңгізуші, экономикалық мол
табыс әкелуші ерекше қабілетті тұлға ретінде мойындай бастағанымыз
белгілі. Тек 1914 жылдан бастап ғана жаңалық еңгізуді қажетті жүйелі білім
мен біліктілікке үйретудің--өнертапқыштыққа баулудың негіздері туралы
зерттеулер жүргізіліп келеді.
Өнертапқыштық іске экономикалық бағалылық берілгенде ғана ол
кәсіпкерлік қарекетке айналады да, соның нәтижесінде ресурс жасалады.
Демек, өнертапқыштық яғни жаңалық еңгізу (инновация) кәсіпкерліктің айрықша
құралы болып саналады. Кез-келген адам байқай бермейтін нарықтың мұндай
ерекшелігін мектептегі әртүрлі пәндерді оқытуда көптеген мысалдар келтіріп,
оқушылардың назарын кәсіпкерлік қарекетке аударуға болады. Мәселен,
көптеген ғасырлар бойы боксит пен аллюминий—зиянды тау жынысы болып келді.
Олар топырақтың құндылығын кемітетін, ресурстарға жатпайтын, керісінше,
зиянды заттар болып саналды. Биология пәнінде оқытылатын саңырауқұлақтың
көгеруі—ресурс емес, үй дақылдарына көп зиян келтіретін биологиялық құбылыс
деп саналып келді. Микробиолог А. Флемингтің зерттеулерінің нәтижесінде
одан пеницилин алынып (1929 ж), зиянды саңырауқұлақ пайдалы экономикалық
ресурсқа айналды.
Мәселен, математикалық функционалдық байланыстылық тауарды сатып алу
процесіндегі сұраныс пен ұсыныстың бағаға қатысты нарықтық тепе-теңдікті
көрсететін экономикалық заңдылықты сипаттайтындығын математика
сабақтарындағы функцияналдық тәуелділікті түсіндіру, оқушыларды
кәсіпкерлікке баулыйтын болады.
1943 жылы француз өнертапқышы Жак Ив Кусто акваланг ойлап тауып, оның
жәрдемімен су түбіне сүнгіп, теңіз-көл астындағы өсімдіктер мен жәндіктерді
зерттеуге, суасты спортымен айналысуға, су астына саяхат жасауға мүмкіндік
туғызылғанын физика, география, биология сабақтарында түсіндіру,
оқушылардың өнертапқыштыққа қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.
Сол сияқты, транспорт машиналарының, бу двигателінен іштен жанатын
және дизель сияқты қуаттты қозғалтқыштарға көшу қажеттілігімен (физикадан),
синтетикалық полимерлік материялдарды алу және суды тазарту технологиясымен
(химиядан), компьютер шығару бизнесімен (информатикадан), сондай-ақ түрлі
кәсіпкерлік мазмұнды есептерді шығару арқылы (физика, математика,
информатика, химиядан) нарықтың функциясын табиғи және әлеуметтік
ресурстардың, экономикалық бағалылықты, өнертапқыштық жаңалық еңгізуді,
кәсіпкердің инновациялық іскерлігін оқушыларға нақты мысалдармен
түсіндірудің мүмкіндіктері де мол. Бұл мәселелерге қатысты сабақты
нарықтандыруға экологиялық Эйкос, автомобильдік Астана-Моторс,
компьютерлік ИБМ секілді кәсіпкерлік компаниялар жұмысының ерекшеліктерімен
танысудың нәтижесінде жақсы жағдай жасалады. Осылайша мектептегі әрбір
сабақ нарықтандырылып, кәсіпкерлік қабілеттілікті мектеп қабырғасынан
бастап тәрбиелейтін боламыз. Сонда нарықтық қоғамымыздың қозғаушы күші
болып саналатын еліміздегі кәсіпкерлер тобы молая түсіп, мемлекетіміздің
өркениетке өрлеуі жолындағы қадамы қарқындай бермек.
Американдық фирма Procter & Gamble (60-жылдары) бір-ақ рет
пайдаланылатындай, бөбектің құйрығына төсейтін қағаз жаялықты (памперсті)
жасаудың мүмкіндіктерін зерттеуді мақсат етті.
Алғашқы қадамды ата-аналардың сұраныс-тілегін білу үшін жаппай
сұрақ-жауап алудан бастады. Олардан қолдау тапқан соң, памперсті қандай
тәсілмен, қалай етіп шығарып, қалайша арзан бағаға сатудың тәсілдерін
шешті. Сонан соң ол фирма памперсті көп етіп шығарып, бүкіл дүниежүзі
байынша сатуға қол жеткізіп, мол табысқа ие болды.
Сол сияқты Ресейдің белгілі кітап шығарушысы А. Сытин (XX-ғасырдың
басында) көпшілік кедей халыққа арналған тиын (копейка) тұратын арзан
кітаптарды көптеп сатудан пайдаға батып, байыған.
Алматыдағы Promenade сауда орталығында автоматтандырылған
ақылды үй деп аталатын техникалық орталық жаңадан қызметке кірісті. Ол
интернет жүйесіне қосылған. Жұмыста жүріп-ақ, ол арқылы арнаулы программа
бойынша, үйдегі кіржуғыш мәшиненің жәрдемімен кір жудырып, микротолқынды
пештегі тамақты дер кезінде пісіріп қоюға болады.
Атырау мемлекеттік университетінің профессоры София Сағындықова
түйе сүтінен жаңаша тәсілмен шұбат жасаудың және Софмайя деген жаңа сусын
шығарудың өндірістік технолгиясын ойлап тапты.
Алматыдағы Халықаралық—ұлттық спорт түрлері және бұқаралық
сауықтыру клубының директоры Ізбасар Оразбақ бүгінгі өмір салтына
орайластырып, Президент деп аталатын ойынды ойлап шығарған. Бұл
Президент ойынында, дөңгелек шеңбердегі сандарға шеге не тас лақтырып,
2030 санына тигізетін болады. Ең мерген адам Қазақстан—2030 деген
жазуға дәл тигізуі керек. Бұл ойын балаларды мергендікке баулиды әрі
Қазақстан—2030 стратегиясының мәнін анғаратын болады.
Психологтар мен педагогтардың анықтауынша, әрбір балада да әйтеуір
бір қабілеттіліктің алғашқы белгілері болады. Ешнәрсеге қабілеті жоқ болып
бала туылмайды. Туылған бала дарындылығының бастапқы элементтері қарекет
ету және ортамен қарым-қатынас жасау арқылы бірте-бірте дамытылады.
Таланттықтың табиғаты бойынша, дарынды балада бір нәрсені істеп көруге
қуштарлық, қызығушылық басым болады. Дарындылық қабілетке, әсіресе,
қиялдаушылық (фантазия), әрнәрсені басқаша істеуге ықыласты болу тән. Жалпы
қиялдауға құмарлықсыз адам өмірінде ешбір табысқа жетуге болмайды.
Сондықтан, қиялдай білуді өнертапқыштықтың, әсіресе, кәсіпкерліктің қайнар
булағы деп санау керек.
Нарықтық қатынастардың кәсіпкерлік үрдісі физикалық жаңалықтарды
экономикалық құндылықтарға айналдырып, оларды мол табыс табатындай жаңа
рынок көзі ретінде пайдаланудың мүмкіндігін ашты. Ондай нарықтық
ресурстарға мынадай физикалық құбылыстар мен процестердің жататындығын,
физика сабақтарында ашып көрсету қажет: бу трубинасы, жылу двигателі, іштен
жанатын двигатель, дизель двигателі, электр және жарық құбылыстары,
электролиз процесі, шала өткізгіштік, радио -телефон байланысы, электронды
есептегіш машиналар, компьютердің физика-техникалық негіздері, атом
энергиясын алу, космосқа ұшу т.т.
Нарықтық эконономикаға—тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау тән
қасиеттер. Бұл көрсеткіштер экономикалық циклды (кезеңді) анықтауға
мүмкіндік береді. Экономикадағы кезеңділіктің ауытқуы тұтыну мен
инвестициялардың өзара қатынастарының өзгеріп тұруына байланысты. Мұндай
экономикалық процестің мәнін физика және математика сабақтарында екі
шаманың ( мысалы, табыс пен инвестицияның) арасындағы өзара тәуелділікті
график түрінде көрсету оқушылардың экономикалық түсінігін тереңдете түсері
даусыз (2-сурет).

2-сурет. Экономикалық циклдің графигі.

Сондай-ақ, жалпы тарих және Қазақстан тарихы пәндерін оқытқанда
нарықтық қатынастардың пайда болуы мен даму кезеңдерінің ерекшеліктерін
саралаудың мүмкіндіктері мол. Оқыту процесінде өз күніңді өзің көр деген
нарықтың пәлсафалық негіздерін ашуға болады, нарықты философиялық
категория ретінде талдай білу қажет. Физика курсының өн бойында, физика –
нарықтық технологияның теориялық негізі деген идея, түсіндірілетін көптеген
тақырыптардың мазмұнын қызыл жіптей көктеп өту керек. Нарықтық
технологияның болашақ биігі – нанофизикаға негізделген нанотехнология
екендігін нақты мысалдармен ұғындыруымыз тиіс. Математика пәндерінде
шығарылатын тауардың оптимальды бағасын оның санына, қанша тауар өндіруді
сұранысқа байланысты нарықтық тепе-теңдік графигі, тиімді тепе- теңдік
нүкте сияқты нарықтық ұғымдардың мәндерін нақты кәсіпкерлік тәжірбиеге
сүйеніп түсіндіріп отыру қажет. География мен биология сабақтарында
оқушылар нарықтық табыстың көзі болатын еліміздің мол шикізат қорымен,
табиғи қазба байлығымен таныстырылып отырылуы тиіс.
Қазіргі нарықтық қоғам талаптарына сай, Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы оқушылардың нарықтық экономика мен сапаның негізгі
түсініктерін, және оларды практикада қолдана білуін қалыптастыру керек
екендігін міндеттеді (19). Демек, әрбір мұғалімнің нарықтық сабақтар өткізе
білуі тиіс.
Осындай тың үрдіс тұрғысынан соңғы жылдары мектептің физика
сабақтарында пайдалануға жарамды нарықтық материялдар іздеп табумен
(энциклоредиядан, қосымша әдебиеттерден, газет-журналдардан, интернеттен)
айналыстық. Соның нәтижесінде әр сыныпқа қатысты сабақты нарықтандырудың
мүмкіндігін анықтап, ондай сабақтарды өткізудің техологиясын жасауға
тырыстық. Осындай нарықтық сабақтарды әр пән бойынша да өткізу туралы
әдістемелік құрал дайындауға болады деп есептейміз.
Қоғамның дамуына сәйкес оқыту процесінің негізгі формасы—сабақтың
түрлері өзгеріп, мазмұны жетілдіріліп отыратыны белгілі. Бұл — ғылыми-
әлеуметтік заңдылық.
Мектептің даму тарихында лабораториялық сабақ, политехникалық
сабақ, телевизиялық сабақ, проблемалық сабақ, лингафонды сабақ,
интерактивті сабақ деген сабақтың жаңаша түрлері пайда болды.
Сол сияқты осы заманғы нарықтық қоғамның ерекшеліктеріне лайықты
нарықтық сабақтардың (сабақта 3-5 минут көлемінде нарықтық экономиканың
элементтері түсіндірілетін сабақ) сәтімен өткізіліп тұруын да заңды құбылыс
деп санауға болады. Әрине, ондай сабақтардың жаңа түрлерін өткізудің де
мұғалім үшін көптеген қиындықтарының бар екенін ескеру керек.
Біздің әдістемелік талдауымыздың негізінде және өзіміздің
оқытушылық іс- тәжірибемізге сүйеніп, нарықтық сабақтарды өткізудің
мынадай дидактикалық алғышарттарын жүзеге асыруды қажет деп санаймыз.
1) Білім стандартындағы экономикалық (нарықтық) құзыреттілік келіс
(подход, біреулер ол сөзді тұрғы деп те атап жүр) негізінде, алдымен
педагогтың өзі қоғамды нарықтандырудың қажеттілігін пайымдауы керек. Содан
соң нарықтың құрылымы мен кәсіпкерліктің жүйесін тусіну қажет. Нарықтық
қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті кәсіпкер тұлға тәрбиелеуді
педагогикалық мақсат деп ұғынған жөн. Физика-техникалық жаңалықтарды
экономикалық құндылыққа айналдыра білу ләзім.
2) Осы қағидаларға сүйеніп, физика оқулықтарының мазмұнын
нарықтандырудың тәсілдерін игерген абзал.
3) Жеке тақырыптарға байланысты нарықтық деректерді сабақтарда
пайдаланудың тиімді әдістерін таба білу қажет.
4) Нарықтық сабақта кем дегенде 3-5 минуттай экономикалық-
кәсіпкерлік материалдарды пайдаланған жөн.
5) Физика сабақтарында нарықтық мазмұнды есептерді шығарудың,
функционалдық байланыстарды көрсетудің, тарихи материалдар мен
өнертапқыштық жаңалықтарды баяндауға мүмкіндік мол екендігін ескеру керек.
6) Физикалық оқу материалдарын тоқсандық жоспарлауда және күнделікті
сабақ жоспарын дайындауға, оларды нарықтық тұрғыдан талдай білген жөн. Ол
үшін мұғалім нарықтық және бизнестік әдебиеттерді оқып, газет - журнал,
радио – телевизия және интернет материалдарын ұқыпты жинастырып жүру қажет.
Нарықты сабақтарды өткізудің ең негізгісі — физикалық жаңалықтар мен
заңдылықтардың экономикалық құндылықтарын мұғалім аша біліп, оларды
сабақтың тақырыбымен шебер байланыстыра білуі тиіс .
Әрине, мұндай мақсатты жүзеге асыра білуде мұғалімдерге творчестволық
ойлау, тұрақты ізденімпаздық, әдістемелік тапқырлық қабілет қажет-ақ.
Осындай үрдісте құрылған бұл кітапшада, нарықтық физикалық
сабақтардың кейбіреулерін үлгі ретінде ұсынып, мұғалімдердің пікірлерін
тыңдауды мақұл көрдік. Осылайша физика сабақтарына нарықтық нақыштар
беріліп тұрса деп тілейміз.

2. НАРЫҚТЫҚ САБАҚТАР

7 – с ы н ы п б о й ы н ш а

2.1. Физика--өнертапқыштықтың негізі

Ғылым мен технология, жаңаша инновациялық идея шапшаң дамып бара
жатқан қазіргі нарықтық қоғамда, бәсекелестік қарқындап тұрған кезде,
өнертапқыштық адамдардың творчестволық (шығармашылық) еңбегінің елеулі,
тіпті негізгі бір бөлігіне айналуда.
Шын мәнісінде, өнертапқыштық табиғи қасиет кезкелген адамның
бойында белгілі бір дәрежеде болатындығын мұғалімнің, оқушыларға әрқашан
есіне салып отыруы қажет. Әсіресе, физика мен технология, химия мен
биология пәндерінің оқытушылары, оқушылардың өнертапқыштық ой-қыялдарын
дер кезінде оята білу, жандандыру, белгілі бір арнаға бағыттай білуі қажет.
Ол үшін сабақта оқушыларды өнертапқыштардың жаңалықтарымен, патенттік
жұмыстармен ұдайы таныстырып отырған пайдалы.
Алғашта, өнертапқыштықты қыялшыл, ісі белгісіз адам деп
түсініп келіп (біздің көбіміздің әлі күнге дейін осындай мағынада
түсінуіміз өкінішті-ақ), оны 1880 жылдан кейін ғана жаңалық ойлап табушы,
тапқыр жаңалық еңгізуші, экономикалық мол табыс әкелуші ерекше
қабілетті тұлға ретінде мойындай бастағанымыз белгілі. Тек 1914 жылдардан
бастап қана жаңалық еңгізуді дамытуда қажетті жүйелі білім мен
біліктілікке үйренудің--өнертапқыштыққа баулудың негіздері туралы
зерттеулер де жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде мектеп оқушыларын
өнертапқыштық кәсіпкерлікке үйрету үйреншікті іске айналып барады.
Қазіргі заманда белгілі бір елдегі өнертапқыштықты, саны мен сапасына
қарап, ол елдің даму деңгейі, өркениетке өрлеу дәрежесі жөнінде тұжырым
жасау кәдуілгі әдетке айналды. Осы кезде өнертапқыштық кәсіпкерлігі озық
елдер қатарына АҚШ-ты, Жапонияны, Оңтүстік Кореяны т.т. жатқызуға болады.
Жапония елінде 1984 жылдан бастап халықтың өнертапқыштық ісімен,
жаңашылдық жұмыстарымен айналысатын арнайы институт, азаматтардың
творчестволық белсенділігін көтеру жөнінде күнделікті қызмет көрсетіп
келеді. Бұл институт көптеген фирмалар мен жеке кәсіпкерге айрықша көңіл
аударып, олардың жетістіктерін ұдайы насихаттап тұрады. Осы институттың
зерттеулері нәтижесінде белгілі болғандай, жапон өнеркәсібінің лидері болып
саналатын Хитачи Сэйкакусе фирмасында жыл сайын 4 млн-нан астам
өнертапқыштық және жаңашылдық ұсыныстар жасалынып отырады екен.
Өнертапқыштық саласында екінші орында келе жатқан Мацусита Дэнки
фирмасының қызметкері жылына 3 млн-дай өнертапқыштық жаңалықтар жасайды.
Өнертарқыштықтың мол нәтижесінде, материалдардың 98 %-дай бөлігін шет
елдерден алса да, автомобиль жасаудан дүние жүзінде Жапония бірінші орынға
шығып отыр. Бұл ел, сондай-ақ, электроникалық, радиотехникалық,
робототехникалық есептегіш машиналар мен қондырғыларды ойлап табудан, шын
мәнінде революциялық жетістіктерге ие.
Ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі белгілі жапондық маман Ясухиса
Хиросима өзінің кітаптарында жастардың бойындағы шығармашылық қасиеттерді
оятатын, өнертапқыштыққа тәрбиелейтін нақтылы ақыл-кеңестер берген. Оларды,
тіпті физика, химия, биология, математика, информатика, технология сияқты
пән кабинеттеріне көрнекі етіп жазып, ілім қойып, оқушылардың назарын
өнертапқыштық кәсіпкерлікке жиі-жиі аударып, оларды күнде, әр сабақта,
ойлай білуге, жаңашылдық іскерлікке баулау қажет. Сондықтан, ондай жапондық
тәлім-тәрбиелік ақыл-кеңестердің мынадай негіздерін жастарға үгі ретінде
ұсынуды қажет деп санаймыз:
1. Күн сайын жаңашыл ойлауға арнайы уақыт бөліп отырыңыз. Сондай
ойлауға дағдыланған жапондық өнертапқыш Тосабуро Накатаны алғашқы шарикті
автоқаламды ойлап табуға әкеп соқтырған.
2. Өзіңіз ойлап тапқан идеяңыздың шешімдерін жарыққа шығарып жариялап
отырыңыз. Оны көпшілік талқысына салып, басқалармен пікір алмасып тұруды
әдетке айналдырыңыз. Бұл өз қабілетіңізге деген сеніміңізді арттыра түседі,
болашақ табыстарға жетелейді.
3. Алдыңызға нақты мәселе қоя біліңіз, бұл ақыл-ойыңыздың белсенді
жұмыс істеуіне жағдай жасап, шығармашылық ойлау қабілетіңізді арттыра
түседі.
4. Өзіңізді бір нәрсеге бағыттай білуге яғни шұқшия жұмыс істеуге
үйретіңіз. Сонда болжай білу мен байқағыштықты (интуицияны) дамыта түсуге
дағдыланасыз.
5. Үнемі жаңаша ойлауға (неге басқаша шешуге болмайды? деп сұрақ
беріп), жаңа тәжірибелермен және тың білім қорымен өзіңізді ұдайы байытуға
әдеттеніңіз.
6. Ойыңызға келген жаңа идеяларыңызды (ол кез келген жерде тууы
мүмкін) күнделікті блокнотқа жазып қойып отырыңыз. Уақыт өте олар ұмытылып
кетуі мүмкін.
7. Ойларыңызды басқа мамандық иелерімен де талқылаңыз. Ол идеяңыздың
ұшқырлана түсуіне, қарекетіңіздің нәтижелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту бағыттары
Орта мектепте «жарық дисперсиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларын білім беруде дамыта оқыту технологиясының рөлі
Физикадан факультативтік курстар
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН. Бизнесті бағалау
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Физиканың оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Пәндер