Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері


Мазмұны.
Кіріспе . . . 2-5
I-тарау. Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері.
II-тарау. Каспий маңы мемлекеттерінің ортақ проблеманы шешудегі көзқарастары мен ұсыныстары . . . 34-39
II. 1. Қазақстан . . . 40-54
II. 2. Ресей . . . 54-58
II. 3. Әзірбайжан . . . 58-61
II. 4. Түрікменстан . . . 61-64
II. 5. Иран . . . 64-68
Қорытынды . . . 79-81
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Жұмыстың көкейкестілігі бүгінгі таңда Каспий бүкіл әлемдік өркениеттер мен діндердің өзінше бір тоқайласқан өңірі болып саналады. Әлемнің геоэкономикалық, экологиялық және биошаруашылық мүдделерін тоғыстырып отырған Каспий өз алдына әлдебір қауымдастық түзілдіру мүмкіндігі бар дара сипатты геосаяси аймақ ретінде бой көрсете бастады. Бұған оны жағалай орналасқан шектес елдердің теңіз су алабын бірлесіп пайдалану жөніндегі көзқарастары да ықпал-әсерін тигізе бастағандай. Осының өзінен-ақ Каспий аймағы Орталық Еуразияның геосаяси жағдайдың маңызды буыны ретінде стратегиялық берік қимылға айналып отыр.
Каспий теңізі, ондағы табиғи ресурстардың мол қоры жатқандығы туралы XX-ғасырдың басында Г. С. Карелин, Н. Л. Пущин, М. И. Войнович, Н. И. Андрусов сияқты орыс ғалымдары зерттеп жазып кеткен.
Каспий теңізінің айтарлықтай қорына ие болып отырған Қазақстан он жылдан астам уақыт бойы өз мұнайын әлемдік рынокқа шығару мәселесінде қиындықтрға ұшырауда. Бір жағынан республиканың Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азия, Азияның тынық мұхиттық аймақ сияқты маңызды экономикалық аймақтар аралығында стратегиялық тиімді гоеграфиялық орналасуы бар. Екінші жағынан ашық теңізге шыға алмауы Қазақстанды әлемдік теңіз жолдарына шығу мүмкіндіктері бар мемлееттерге тәуелді жағдайға қалдырды. Сондықтан транспорттық, коммуникация мәселесі геосаясатпен тығыз байланысты және Қазақстан үшін аса маңызды болып табылады, себебі экономикамыздың дамуы әлемдік рынокта мұнай шикізатын өткізуге тікелей байланысты.
Оның үстіне энергоресурстарды тасымалдауда түрлі жобаларды ұсынып отырған геосаяси бағдарға әсер Каспий маңындағы континентішілік мемлекеттердің келіспеушіліктері туындады.
I-тарау. Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері .
Каспий теңізі - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең тұйық көл. Дүние жүзіндегі ең ірі су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Аты 16-ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Сонымен бірге Гиркан (1-ғасыр), Хазар(2-ғасыр), Хвалын(10-12 ғасыр) және т. б. 60-тан астам тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылда өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 000 шаршы шақырым, меридиан бағытында 1200 км-ге созылып жатыр, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 метр, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км(солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан, Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 метр төменде жатыр. Ең терең жері 1025 метр, орташа тереңдігі 180 метр. Ірі шығанақтары : Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т. б. 50-ге тарта аралдар бар( ірілері : Құлалы, Шешен, Артем, т. б. ) . Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің геологиялық қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трасгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды(регрессия) . Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понтокаспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде ( 10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтың қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз ( 10-20 метр) . Орта тұсында ойпаңда тереңдігі 788 метр. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 метр) . Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26 градусқа, оңтүстігінде 27-28 градусқа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10 градусқа жуық болады. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзен құяды. Ағын су көлемінің 80 пайызын Еділ, 5 пайызға жуығын Жайық өзендері берсе, Терек, Сулак, Самур өзендері 5 пайыздан астам, Кура өзені 6 пайызын береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4 пайызға жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп және ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 метр куб км-ді құрайды. Теңіз суы бетіне шаққанда өзен ағынының мұндай өзгеруі Каспий теңізі деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізі деңгейінің жыларалық өзгеру құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ықпал етеді. Теңізден келген әрбір км куб су шығанаққа 13-15 млн. тонна әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы ролін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жақын маңда 0, 1-3 промилле, оңтүстік шығыста 13 промиллеге дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізінің деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімде ауытқып отырады. Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын кеми берген: плейстоценде ( соңғы 700-500 мың жыл ішінде ) теңіз деңгейінің ауытқуы 100 метр, голоценде ( соңғы 10 мың жылда) 15 метрге (-20 метрден -30 метрге дейін ), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 метрге, ал инструментальды бақылаудан бастап ( 1830 жылдан қазіргі уақытқа дейін ) 4 метрге ауытқып отырған. Теңіз деңгейінің көтеріліп, немесе төмен түсіп отыруыныңсебептері туралы көптеген болжамдар бар.
Олардың негізгілері: ғаламдық геологиялық құбылыстар және теңіздік аймақтық ерекшеліктері. Каспий теңізінің ерте неогенде тектоникалық қозғалыстар мен тау пайда болу процесі әсер етсе, жоғарғы плиоценде тектоникалық және климаттық факторлар әсер еткен. Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропегендік факторлар әсер етеді. Соңғы кезде ең жоғарғы деңгей (+22, 5 метр) 19-ғасырдың басында, ең төмен деңгей (-29, 0 метр) 1977 жылы байқалған. 1978 жылдан (20-ғасырдың соңына қарай) теңіз деңгейі 2-2, 7 метрге көтерілді. Теңіз айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндіріс нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты. Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыды. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан т. б. көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған, Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этно және мәдени бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни тарихи -мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы оның ондағы этно- генетикалық үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі - гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Андрон мәдениеті және Кима мәдениеті қалыптасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 8-мың жылдықтан б. з. 1-мың жылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы әрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік Каспий өңірінде көшпенділердің ежелгі дәуірдегі ескерткіштері сақталған. Б. з. б 1-мың жылдықта Арал- Каспий өңірінде Сармат, сақ, каспи тайпалары және оған туыстас т. б. тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы б. з. б. 5-7 ғасырларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон : « Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпенділерді дайлар деп атайды» деп жазды. 6- ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды.
Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығы, Ноғай ордасы, Астрахан(Қажытархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірінде иемдене бастады. Ресей мен батыс елдері арасындағы алғашқы келісім - Решт келісімі болды. (10)
Алдыңғы тарауда атап өткендей халықаралық қатынастар құрылымындағы түбегейлі өзгерістерді және сахнадағы күштердің арасалмағын белгілеген 20-ғасырдың соңындағы басты саяси оқиға КСРО-ның ыдырауы болды. Бұрынғы метрополияның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуымен жаңа проблемалар жарыққа шықты, оның ішінде Республикалардың егемендік халықаралық құқықтық тұрғыдан ресімдеуге және оларды аумақтық межелеуге байланысты проблемаларда бой көтере бастады. Ең бір күрделі проблемалардың бірі - ауқымы 440 000 шаршы шақырымға жуық әлемдегі ең ірі құлықішілік су айдыны Каспий теңізінң құқықтық мәртебесін белгілеу болды. Егер 1991 жылға дейін Каспий екі елге тиесілі болса енді оның суы бес мемлекеттің - Қазақстанның, Ресейдің, Иранның, Әзірбайжанның және Түрікменстанның жағалауларын шайып жатыр. Осындай жолмен жаңа тарихи және саяси болмыста Каспий теңізін ұлттық секторларға өркениетті жолмен бөлудің жаңа халықаралық құқықтық негізін жасаудың шынайы қажеттілігі туындады.
II-тарау. Каспий маңы мемлекеттерінің ортақ проблеманы шешудегі көзқарастары.
Каспийдің бұрынғы құқықтық режимі Ресейлік- Персиялық (1921 жыл) және Кеңестік - Ирандық (1940 жыл) шарттармен белгіленді. Бұл құжаттар бес Каспий жағалауы мемлекеттерінің - Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түрікменстанның арасындағы қатынастарды реттеу үшін қандай да негіз қызметін атқара алмайды. Бірнеше себептерді ғана келтірейік :
- Жоғарыда аталған құжаттардың тораптары РСФСР және КСРО мемлекеттері болатын, олар қазір халықаралық құқықтық субьектілері ретінде өмір сүрмейді. Сондықтан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін Каспий жағалауы мемлекеттері арасындағы жаңа шартта белгілеу және бекіту қажет;
- Аталған шарттарда Каспий теңізі бойынша бұрынғы одақтас республикалар арасындағы шекараны қандай да бір сілтеме болған жоқ, өйткені бұрынғы КСРО-ға тиесілі теңіздің бір бөлігі федеральдық болды, ал республикалардың Каспий теңізін межелеу мәселелерін қарауға құқығы болған жоқ;
- Аталған шарттар сауда мақсатында теңізде жүзу мен балық аулау мәселелерін ғана реттейді, бірақ Каспийдің құқықтық мәртебесін толық көлемде, оның ішінде теңіздің түбі мен қойнауының ресурстарын пайдалану шарттарын белгілемейді.
Каспийдің құқықтық мәртебесі проблемасын жеделдетіп шешуге бағытталған Каспий жағалауы мемлекеттерінің іс- қимылының негізінде осы теңіздің минералдық ресурстарын тиесілігін айқындау тілегі жатқаны құпия емес. Осы жерде бар көмірсутегі ресурстарының қорлары әртүрлі бағаланады. Бірақ көптеген сарапшылар осы аймақ көмірсутегін өндіру жөнінде Таяу Шығыстан кейін екінші болуы мүмкін деген пікірге тоқтайды. Сондықтан « ойынның» өзара қабылдауға болатын және анық ережелерін белгілеместен Каспий байлығын кең ауқымды игеру перспективасы дау туғызуы әбден мүмкін. (11)
1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін жасау мақсатында Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер процесі басталды. Каспий аймағының болжамданатын болашағын қамтамасыз ету барысында әлі күнге дейін Каспий маңы мемлекеттерінің арасында төмендегі аспектілер бойынша келіспеушіліктер бар және олар сақталып отыр:
- Нені бөлу керек теңіз түбін ғана ма немесе түбімен бірге судың қалыңдығын және су айдынын (теңіз бетін) бөлу керек пе ;
- Теңізде мемлекеттік шекаралар қажет пе ;
- Қандай жолмен бөлу керек ;
Соңғы уақытта төмендегідей үрдістер анық көзге түсе бастады : Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі анықталмағанына қарамастан теңіздің жер қойнауын игеруге қызметті барлық жағалау мемлекеттері өрістетіп отыр : бес жақты ымыраға келуге қол жеткізудің төтенше күрделілігінің екі жақты уағдаластықтар бағдарға алынуда : Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойғанға дейін экономикалық келісімдер жасасу туралы Ресей мен Қазақстанның бастамасы әзірге Иранның, Әзірбайжанның және Түрікменстанның қолдауын тауып отырған жоқ, Каспий жағалауы мемлекеттері теңізге әскери сипатта қатысуын ұлғайтуда. (12)
II. 1. Қазақстан.
Қазақстан Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттердің бірі. Каспий теңізін ұлттық секторға бөлу барысындағы ең үлкен үлесі Қазақстанның үлесіне тиеді, яғни 29 пайызы.
Қазақстан Каспийді теңіз деп танып, оған БҰҰ-ның Теңіз құқы туралы Конвенциясын қолдану қажеттігін ұсынды. Бұл Конвенцияның 122 бабында «Жағалауында екі немесе одан да көп елдер орналасқан, басқа теңіздермен, мұхитпен жіңішке өзек бұғаз арқылы жалғасып жатқан шығанақ, теңіз немесе үлкен су қоймасытұйық, жартылай теңіз деп аталып, оған халықаралық теңіз құқығы беріледі», - делінген. (13)
Қазақстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау барысындағы ұстанып отырған өзіндік позициясы мынадай :
Қазақстан 1982 жылғы тңіз құқығы жөнінде БҰҰ-ның Конвенциясының кейбір ережелерін mutatis mutandis (қажетті өзгерістермен) Каспийге қолдануды жақтайды. Бұл ретте Каспийдің түбін орта сызық бойынша межелеуді, ені 12 мильге дейін аумақтық теңізді және келісуге жататын балық аулау аймағын белгілеуді ұсынады.
Каспий өңірі мемлекеттерінің Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтаудағы көзқарастары мен әдістерінің көпжақтылығы, аймақтағы геосаяси ахуалды, келіссөз процесінің барысы мен перспективаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында 1998 жылғы 6 шілдеде жасалған Жер қойнауын пайдалануда егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігін түбінің ара-жігін ажырату туралы келісім қорытындысы және оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттама сөзсіз табыс болып табылады, мұны көптеген, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшылар да растайды. Каспий теңізінің түбін және қойнауын межелеу кезінде орта сызық бойынша бөлу әдісін қолдануды олар Каспий келіссөзінің процесіндегі тұжырымдамалық алға басу ретінде қарайды.
Келісімде тараптар Каспий түбінің шектес бөліктерінің ара-жігін ажырату принциптерін айқындайды. Келісімнің 1-бабының ережелеріне сәйкес Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбі мен оның қойнауы, кеме жүзуінің бостандықтарын, балық аулау мен қоршаған ортаны қорғаудың келісілген нормаларын қамтамасыз етуді қоса алғанда, су бетін ортақ пайдалануды сақтай отырып тараптар арасында тараптардың әділеттілігі мен уағдаластықтығы принципі негізінде модификацияланған орта сызық бойынша ара-жігі ажыратылады. Келісімге қосымша және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамада Қазақстан мен Ресей арасындағы теңіз түбі секторларының ара-жігін ажырату сызығының өтуіне географиялық сипаттам берілген, сондай-ақ көмірсутектері шикізаты қорларын игеру саласында өзара тиімді бірлескен ынтымақтастық шарттары келісілген. Модификацияланған орта сызық жағалаудан бірдей алыстауды негізге алады, ол өзіне жағалаудан бірдей қашықтықтағы емес учаскелерді қамтидыжәне аралдар, геологиялық құрылымдар ескеріле отырып, сондай-ақ басқа да ерекше мән-жайлар мен келтірілген геологиялық шығындар ескеріле отырып айқындалады.
2001 жылғы 29 қарашада Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Каспий теңізінің ара-жігін ажырату туралы келісімге қол қойылды, 2003 жылғы 27 ақпанда Бакуде осы Келісімге Хаттамаға қол қойылды. Таяудағы уақытта Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы үш мемлекеттің ұлттық теңіз түбі секторларын заңдық ресімдеу процесін аяқтайтын Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауы шектес учаскелерінің ара-жігін ажырату сызығының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Әзірбайжан тарапы Иранмен және Түрікменстанмен келіссөздер жүргізуде. Негіз ретінде біздің әріптестеріміз нақ Қазақстан-Ресей тәжірибесін пайдалануда. Каспий теңізіне байланысты мәселелер бойынша 1997 жылғы 27 ақпандағы Бірлескен Қазақстан-Түрікменстан мәлімдемесінде тараптар « орта сызық бойынша әкімшілік-аумақтық шекараларды межелеуді ұстануды» келісті. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің түбінің ара-жігін ажырату туралы Қазақстан тарапы әзірлеген жоба Түрікменстан мемлекеттік органдарының қарауында жатыр. Сонымен. Қазақстан мен шектес мемлекеттердің арасында Каспий теңізінің түбі мен қойнауының ара-жігін ажырату табысты аяқталған жағдайда қазақстандық теңіз түбі секторы ең көбі болып, шамамен 29 пайызды құрайды.
Қазақстан әлемдегі мол мұнай қоры бар елдің бірегейі болып саналады Оның жер қойнауынан екі жүзден аса көмірсутегі шикізаты бар кен орындары табылып отыр.
Бұл көздер анықталған жердің жалпы көлемі 1 млн. 700 мың шаршы шақырым, яғни ол республика аумағының 62 пайызын құрайды. Әзірге қазақ елінің мұнай қорын әлемдік сарапшылар 13 млрд. тонна мөлшерінде деп болжап жүр. Жаңа ғасыр басында бір ғана Қашағанға 7 млрд. тонна қор шығуы мүмкін деген ақпароатты естігенде жер - жаһан жұртшылығы таңданыс білдірген. «ОКИОК», кейіннен « АДЖИП ККО» аталған халықаралық өз болжамын мәлімдеді. Олар Қашаған мұнайының географиялық қоры 38 млрд. баррель, одан алынатын қор 7-9 млрд. баррель деген деректі жеткізді. Бірақ инвесторлар бұл сандық көрсеткіштің әлі де өсе түсетінін жасырған жоқ. Осы коммерциялық ірі жаңалық бұдан екі жыл бұрын Қазақстан басшылығы таратқан болжамның растала түскенін көрсетті.
Қазақстанның негізгі мұнай көздері Каспий қайраңында екені белгілі. Теңіздің Ресей, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан мемлекеттерімен салыстырғандағы ауқымы едәуір үлкен. Қазақстандық бөліктің көлемі 113 мың шаршы шақырым, Ресейдікі- 64 мың, Ирандікі- 44 мың, Әзірбайжандікі- 78 мың, Түрікменстандыкі- 79 мың шаршы шақырым. Бұл аумақтың байлығына алыстан да, жақыннан да көз тігушілер көп. Әсіресе, басқа төрт елге қарағанда көмірсутегі шикізаты менмұндалаған Қазақстандық шельфке қызығушылар саны арта түсуде. Олардың ішінде АҚШ, Ресей, Еуропа елдері, Иран және Қытай мемлекеттері елдерінің ұмтылысы ерекшелеу. Көп бағытты құбырларды таңдаған Қазақстан осынау мемлекеттердің әрқайсысымен түсіністік қатынасын қалыптастыруға тырысуда. Соңғы кездері қазақ елі тәуекелге бару арқылы біраз тірлік атқарды. Біріншіден, әлемдік рынокқа тартылған құбыр Ресеймен тіл табысу арқылы мұнайын сыртқа шығара алады. Екіншіден, табиғи байлықтарын игеру үшін АҚШ сияқты ірі компанияларын өзіне тартып үлгерді. Үшіншіден, өркениетті Еуропа елдерімен де қабақ шытысқан жоқ. Төртіншіден, көрші Қытай және Иран мемлекеттері қатысатын бірлескен жобалар барысы тиянақталды. Бесіншіден, және ең маңыздысы, ірі жобалар жүзеге аса бастады. Атырау облысындағы Теңіз кеніші игерілді. Одан өндірілген мұнай Каспий құбыр тарту консорциумы жобасы арқылы Еуропаға жол тартты. Бұл - өткен он жылдың жетістігі. Қазақстан алға қойған жоспарына біртіндеп қол жеткізу арқылы әлемдік алпауыттарға да өз пәрменін байқатты. Қазақ мұнайынан үміті бар әр ел оның ұстанымымен де санасуға көшті. Қазақстан ірі державалар араласқан «Үлкен мұнай ойынының» ортасына осылай кірді. Бұл ойын негізінен Каспий теңізіне байланысты. (14)
Республика 2000 жылы 35, 3 млн. тонна қара алтын өндірілді. Салыстырмалы дерек келтірсек, 1996 жылы 22 млн. тоннадай ғана мұнай өндірілген еді. Биыл өндіріс көлемі 42-45 млн. тоннаға дейін өспек. 1980 жылдары Қазақстан өндірілген мұнайының 20 пайызын ғана сыртқа шығаратын, былтыр 82 пайызын экспортқа жөнелтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz