Хромосомалық аномалиялардың қой шаруашылығындағы құнды көрсеткіштерге әсерін зерттеу


ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Божыбаева Жанна Қайратқызы
Хромосомалық аномалиялардың қой шаруашылығындағы құнды көрсеткіштерге әсерін зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 050701 - «Биотехнология»
Алматы- 2010 г.
ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді
Каф. меңгер, академик ҰИА ҚР,
т. ғ. д., проф. Джерембаева Н. Е .
«»2010г.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы : «Хромосомалық аномалиялардың қой шаруашылығындағы құнды көрсеткіштерге әсерін зерттеу»
мамандығы 050701 - «Биотехнология»
Орындаушы : Божыбаева Ж. Қ.
Ғылыми жетекші
доцент м. а., б. ғ. к . Сарсекеева Г. Ж.
Алматы- 2010 г.
Қорғау
МАК хаттамасы
МАК бағасы
МАК хатшысы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
тақырыбы : «Хромосомалық аномалиялардың қой шаруашылығындағы құнды көрсеткіштерге әсерін зерттеу»
Студент Божыбаева Ж. Қ.
Ғылыми жетекші доц. б. ғ. к . Сарсекеева Г. Ж.
КЕҢЕСШІЛЕР:
негізгі бөлім бойынша доц. б. ғ. к. Сарсекеева Г. Ж.
экономикалық бөлім бойынша ст. пр. Артыкбаева Л. К.
еңбек және қоршаған ортаны
қорғау бөлімі бойынша ст. пр. Касымов Н. Ж.
нормоконтроль к. т. н., доц. Сурашов А. А .
Кафедра меңгерушісі проф. Джерембаева Н. Е.
инженерлік-технологиялық факультеті
050701 - «Биотехнология» мамандығы
Азық-түлік өнімдері және өңдеу өндірістірнің технологиясы мен жабдықтары кафедрасы
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент Божыбаева Жанна Қайратқызына
Жұмыстың тақырыбы: «Хромосомалық аномалиялардың қой шаруашылығындағы құнды көрсеткіштерге әсерін зерттеу»
« » 20 ж. ЖОО бұйрығы бойынша бекітілген
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі « » 2010 г.
Диплом жұмысында қарастырылатын сұрақтар тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
Кіріспе (тақырыптың актуальдығы, жаңалығы және практикалық маңыздылығы, сұрақтың қазіргі кездегі бағалығы, зерттеу мақсаты мен қойылатын талаптар.
Әдебиетке шолу (зерттеу бағыты бойынша әдебиеттерге аналитикалық шолуческий) .
Экспериментальдық бөлім (нысандар мен зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау) .
Қорытынды
Графикалық материалдың тізімі (слайдтар, кестелер, графиктер және т. б. ) :
1. Метафазалық клетка бейнеленген суреттер
2. Аномалиялар туралы мәлімет беретін кестелер (№ 1-9)
Қолданылған әдебиеттер:
1. Айала Ф., Кайгер Дж. Современная генетика. Москва: Мир, 1987. Т. 1. 295 с
2. Гольдман И. Л. и др. Цитогенетическая лаборатория для исследования хромосом животных и птиц // Вестник сельскохозяйственной науки, 1970. № 3. С. 96-100.
3. Жапбасов Р. Врожденные аномалии конечностей у каракульских и кроссбредных ягнят // Деп. в КазгосИНТИ. Библиографический указатель "Депонированные в КазгосИНТИ научные работы". Алматы, 1994 в. Вып. 4.
4. Орлов В. Н., Булатова Н. Ш. Кариотип эфиопского домашнего барана // В сб. : Материалы 1 Всесоюзн. конф. по цитогенетике с. -х. животных. Москва, 1985. С. 61-62.
Консультации по работе с указанием относящихся к ним разделов работы:
Диплом жұмысын дайындау
графигі
Рет
тік
№
Тапсырманы беру күні « » 20 г.
Кафедра меңгерушісі проф. Джерембаева Н. Е.
Жұмыс жетекшісі б. ғ. к. Сарсекеева Г. Ж.
Тапсырманы орындауға алған студент Божыбаева Ж. Қ.
МАЗМҰНЫ
бет.
Жұмыстың өзектілігі: Ауыл шаруашылығы малының цитогенетикасы сүтқоректілер цитогенетикасының жеткілікті деңгейде зерттелмеген саласы болып есептеледі. Ғылыми-практикалық маңызға ие мәселелердің бірі - дені сау және кемтар малдың әр түрлі тұқымдарындағы хромосомаларының өзгеру деңгейін анықтау осы уақытқа дейін толық зерттелмей келе жатқан өзекті мәселе.
Жұмыстың мақсаты:
Жануарлардың әр түрлі популяцияларында тумыстан болған кемістіктер мен аномалияларының кездесу жиілігі мен олардың алынатын өнім сапасына әсерін зерттеу.
Қойылатын талаптар:
1. ауыл шаруашылығы малының тумыстан болған кемістіктердің кездесу жиілігін азайту үшін генетикалық, зоотехникалық және ветеринариялық тиімді шараларды қолдану;
2. кемістіктердің этиологиясын, яғни пайда болу себептерін анықтау үшін цитогенетикалық әдістерді қолдану.
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығына адам тіршілігі үшін қажетті өнімдерді, бірінші кезекте тағам өнімдерін өндіруді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы, ғылымды көп қажет ететін технологияларды енгізу соңғы жылдардың негізгі мәселелерінің біріне айналды, бұл туралы Қазақстан халқына өз жолдауында Н. А. Назарбаев айтып кетті [1] .
Организмнің өсіп - өнуіне, дамуына және онтогенездің жалпы ағымына қажетті генетикалық информациямен қамтамасыз ететін, жануарлардың белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігіне генетикалық бақылау жасайтын құрылымдар клеткалардың хромосомалары. Хромосома геномның үзік-үзікті (дискретті) жеке бөлігі болып саналады. Ол дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) мен белоктардан тұрады және хромосомаларда гендердің жиынтығы болады. Сондықтан сүтқоректі жануарларды цитогенетикалық әдістің көмегімен зерттеу немесе клеткадағы хромосомалардың жалпы санын анықтау, жеке хромосоманың құрылысын - морфологиясын сипаттау, олардың абсолютті және салыстырмалы ұзындықтарьн өлшеу, хромосомалардьң ұзын және қысқа иықтарының ара қатынастық мөлшерін центромерлік индексін есептеу, ядрошық ұйымдастырушы аудандардың қандай хромосомада орналасқанын көрсету, гомологты хромосомалардьң бір-біріне ұқсастық деңгейін тексеру, хромосомалардың ұзына бойында эухроматиндік және гетерохроматиндік аудандардың қалыпты орналасуын айқындап, нақты белгілеу ауыл шаруа-шылығы малының генетикасы үшін маңызды болып табылады.
Ауыл шаруашылығы малын цитогенетикалық зерттеу таяуда басталды. Қазіргі уақытта геномның сипаттамасы мен құрылымын цитогенетикалық әдіспен зерттеу нәтижелері биология және ауыл шаруашылығы ғылымының негізгі бір құралы ретінде мал шаруашылығьның әр түрлі салаларының өзекті мәселелерін шешуде жиі қолданыла бастады.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасағанда ауыл шаруашылығы малының әр түрлі тұқымдары мен популяцияларының қалыпты кариотиптері және хромосомаларындағы сандық және құрылымдық өзгергіштіктердің деңгейлері перифериялық қан мен сүйек миының клеткаларында зерттелгені анықтадды. Сонымен қатар түрлердің пайда болуындагы кариотиптік эволюцияның маңызы, малды будандастырудың цитогенетикалық аспектілері, малдың өнімділік қабілетінің хромосомалық маркерлерін анықтау, хромосомалардағы гендердің цитологиялық карталарын құрастыру, жеке хромосоманың ультрақұрылымын сипаттау сияқты күрделі проблемалар да зерттеуді қажет етеді.
Ғылыми әдебиеттерде қоршаған ортаның зиянды әрекетгері мен жан-жануарлардың генетикалық аппаратында - хромосомаларында болатын өзгерістердің ара катынастық байланыстылығы айқын көрсетілген. Қазақстанның кейбір өңірлеріндегі экологиялық жағдайларға ғылыми сипаттама бергенде сол қоршаған ортадағы жағымсыз физикалық және химиялық мутагендер мен тератогендердің адамдар мен жан-жануарлар организміне келтіретін зиянды салдарларын ерекше атап өту керек. Семейдің бұрынғы атомдық сынақ полигонының радиациялық әсерлерінен, Аралдың құрғап кетуінен, жұмыс істеп тұрған зауыттар мен фабрикалардың өндірістік қалдықтарынан, жердің астындағы қазба байлықтарды өндіру кезіндегі қоршаған ортаның ластануынан, медицина мен ветеринарияда қолданылатын кейбір дәрілер мен препараттардың әсерінен сүтқоректі жануарлар популяцияларында тумыстан болған кемістіктер мен аномалиялар санының көбеюі мүмкін.
Қоршаған ортаның қазіргі уақыттағы экологиялық бұзылу деңгейінің өте жоғары болуына байланысты сүтқоректі жануарларда кездесетін тумыстан болған аномалиялар мен кемістіктердің түрлерін анықтап, олардың пайда болу механизмдері мен тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттеу биологияның, медицинаның, ветеринарияның және мал шаруашылығы ғылымының маңызды міндеті болып саналады.
Қазіргі мал шаруашылығының теориясы мен практикасы үшін аномалиялардың организмде пайда болу себебін анықтау өте маңызды. Мал шаруашылығында тумыстан болған кемістіктерді емдемейді. Сондықтан оларды популяцияда таратпаудың тек бір ғана әдісі бар. Ол алдын ала сақтандыру шараларын пайдалану.
Популяциядағы тумыстан болған кемістіктердің кездесу жиілігін азайту жолы генетикалық, зоотехникалық және ветеринариялық тиімді шараларды қолданып, олардың этиологиясын, яғни пайда болу себептерін анықтау болып табылады.
Мал шаруашылығын заман талабына сай тиімді жүргізу үшін мал тұқымдарының, популяцияларының, жоғары өнімді жеке малдың генетикалық мүмкіндіктерін (потенциалын) анықтау қазіргі биология мен мал шаруашылығы ғылымдарының алдында түрған өзекті мәселелердің бірі. Мал асылдандыру жұмыстарында генетиканың ғылыми жетістіктерін пайдаланудың тиімділігі өте зор.
Сондықтан республикада негізгі түлік болып саналатын қойдың цитогенетикасын дамытып, оның жетістіктерін жан-жақты сараптап, мал шаруашылығында тиімді пайдалану қажет.
1. ТАРАУ. ҚОЙДЫҢ ТУМЫСТАН БОЛҒАН АНОМАЛИЯЛАРЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ (НЕГІЗГІ БӨЛІМ)
Тумыстан болған аномалиялардың пайда болу механизмдерін, олардың этиологиясындағы генетикалық және қоршаған ортаның факторларының маңызын зерттеу - қазіргі биологияның өзекті мәселесі.
Эксперименттік зерттеулер нәтижесінде сыртқы қоршаған ортаның көптеген факторларының (химиялық, физикалық, биологиялык) тератогендік белсенділігі болатыны анықталды. Бірақ бұлардың организмге әсер ету механизмдері көбіне белгісіз және зерттелмеген. Мысалы, көптеген факторлар үшін тератогендік және мутагендік белсенділіктердің өзара қатынасы әлі белгісіз. Сонымен қатар эксперимент жүргізетін үлгіні дұрыс тандап алу мен алынған нәтижелерді сүтқоректілердің бір түрінен екіншісіне экстрополяция жасауды да жан-жақты ойластыру керек. Мысалы, адамның тумыстан болған кемістіктерінің этиологиясын дұрыс анықтап және оларға ғылыми негізделген диагноз қою үшін зертханалық жануарларға эксперимент жүргізіп, пайда болған ұқсас кемістіктерге генетикалык, және эмбриологиялық талдау жүргізіледі.
- Тумыстан болған аномалиялардың себептері, түрлері және тұқым қуалаушылық касиеттері
Қойлардың тумыстан болған аномалияларының этиологиясы басқа сүтқоректілердікі сияқты генетикалық немесе эндогеңдік, қоршаған ортаның әсері немесе экзогендік және осы екеуінің - тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның бірлескен факторларынан тұрады [7, 11. 21] .
Генетикалық аномалиялар мутантты гендердің және хромосомалардың аберрациялары мен геномдық мутациялардың салдарларынан болады. Дубининнің анықтауы бойынша, « . . . тұқым қуалайтын аномалиялар -организмнің дене құрылысы мен қызметтеріндегі генетикалық әсерлерден болатын ауыткушылықтар. Осының әсерінен малдың өміршеңдігі мен өнімділік қасиеттері төмендейді. Басқаша айтқанда, генетикалық аномалия дегеніміз жаңадан пайда болған (de novo) немесе аталық-аналық организмдерде болатын гендік, хромосомалық, геномдық мутациялардың әсерлерінен организмнің анатомиялық құрылымы мен физиологиялық, биохимиялық қызметтерінің бұзылып, жан-жануарлардың қоршаған ортаға бейімділік қасиеттерінің тұрақты және кері дамымайтын өзгергіштігі».
Гендердің мутацияларының салдарынан тумыстан болған кеміс-тіктердің клиникалық сипаттамалары және олардың мүшелері мен ұлпаларының бұзылу деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Мутантты гендердің генетикалық әсері онтогенездің кез келген сатысында байқалады. Сонымен қатар геннің мутациясының экспрессиялық деңгейі көбіне қоршаған ортаның зиянды факторларының организмге тигізетін жағымсыз әсерінің деңгейіне байланысты.
Эмбрион мен ұрықтың қалыпты дамуы күрделі эмбриологиялық, цитологиялық, морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық ағымдардың, генетикалық факторлар мен қоршаған ортаның бірлескен ара қатынастығымен толық байланысты. Егер қоршаған ортаның тератогендік факторлары ұрықтың даму кезеңінің алғашқы сатысында (предимплатациялық кезенде) әсер етсе, онда эмбрион мен ұрықтың көбі өледі, ал тумыстан болған аномалиялары бар дарабастар сирек туады.
Тумыстан болған анатомиялық, морфологиялық аномалиялардың пайда болуы және мүшелердің қызметтерінің бұзылуы органогенез жоғарғы деңгейде жүріп, эмбрион мен ұрық қарқынды дамып, өсіп жатқанда оларға тератогендік факторлар әсер еткен уақытпен дәлме дәл келеді [1, 3, 28] .
Дамып, өсіп келе жатқан организмге белгілі бір кезенде әсер ететін қоршаған ортаның зиянды факторлары тератогендердің салдарынан экзогендік немесе түқым қуаламайтын аномалиялар пайда болады [1, 9, 34] . Бұл экзогендік себептердің қатарына химиялық, физикалық және биологиялық факторлар жатады.
Қойдың эмбрионына немесе ұрығына генетикалық және қоршаған ортаның экзогендік факторлары бірдей әсер еткенде болатын аномалияларды фенокөшірме (фенокопия) деп атайды [ 9, 32] .
Тумыстан болган аномалияларды болдыратын эндогендік факторларга жоғарыда айтылған гендердің мутациясы мен хромосомалардың аберрацияларынан басқа эндокриндік аурулар, ата-ананың жас мөлшері мен жыныс клеткаларының «өте жетіліп кетуі» жатады [9] .
Халықаралық летальдық кемістіктердің тізіміне қойларда анықталған аномалиялардың 15 түрі енгізілген. Олардың 13-і (бұлшық еттің контрактурасы, құлақтың дамымауы, қасқыр араны, артқы аяқтың параличі, сүйек пен жүн талшықтарының кемістіктері, адактилия, сұр түстілік, ергежейлілік, жарыққа шамадан тыс сезімталдық, бұлшық еттің дистрофиясы, астыңғы жақ сүйектің аплазиясы, өңештің агнатия синдромы, мишықтың атаксиясы, жәй атаксия, анустың атрезиясы) аутосомалардағы рецессивті мутантты гендердің әсерінен болады. Ал, қалған екеуінің - аяқтың шеткі сүйектерінің ампутациясы мен ұрықтың тумыстан болған сулы-лығының тұқым қуалаушылық қасиеттері анықталмаған. Ұрықтың сулылығы мен оның мумикациясы саулықтардағы қалыпты дамудың - эмбриогенездің бұзылуынан болады. Ұрықтың мумикациясы өте сирек кездеседі, ал ұрықтың сулылығы кейбір қой тұқымдарында жиі байқалып, ол Халықаралық тізімдегі летальдық кемістіктер (Д 14 ) қатарына енгізілген [14] .
Қойдың астыңғы жақ сүйегінің дамымауы Халықаралық летальдық кемістіктердің тізіміне Д 10 кодпен кіріп, оның аутосомалық рецессивтік түқым қуалайтыны анықталған. Осыған үқсас аномалия буаз саулықтарды белгілі бір кезенде Калифорниялық томар дәрі шөбімен азықтандырғанда пайда болады [3, 17] .
Асыл тұқымды мал зауыттарының өзінде қойлардың мойындарының қисаюы 14%-ға дейін кездеседі және бұл кемістік рецессивтж түрде тұқым қуалайды деп есептеледі [2, 29] .
Аяқ сүйектерінің кемістіктерінің болу себептерін анықтау қиын Дегенмен олардың кейбіреулері қойлардың жем-шөбіндегі микроэлементтердің аздығы [21] мен дұрыс мөлшерде болмауының [24] салдарынан және эмбрионының өсіп - дамуының белгілі бір кезендерінде кейбір өсімдіктердің оларға тигізетін тератогендік әсерінен болатыңдығы белгілі [26, 8] .
Анкон қой тұқымдарында аяқ сүйектерінің дұрыс деңгейге дейін дамымауынан болатын ергежейліліктің этиологиясы аяқтың қалыпты ұзындығының рецессивтік қасиеті екені анықталды. Ұқсас аномалиялар дорсетхорн мен меринос түқымды қойларда да кездеседі. Ергежейліліктің басқа түрінің пайда болуы қалқанша бездің тиреогендік қызметінің бүзылуынан қой организміңде жалпы зат алмасуының кемістіктеріне байланысты. Бақайлардың адактилиясы Халықаралық тізімге енгізілген (Д 5 ) .
Осы аномалия мен перомелия аутосомалық рецессивтік түрде тұқым қуалайды [5] .
Жаңа туған қозыларда кездесетін кейбір аномалиялар - сүйектердің бірнеше жерден қисаюы, жүннің қысқа, тықыр болуы және тумыстан болған шат жарығының аутосомалық рецессивтж тұқым қуалаушылық қасиеттері анықталған [5] .
Малда анатомиялық - топографиялық орналасуына қарай кіндіктің, шаттың және ұманың тумыстан болған жарықтары болады. Осындай жарықтар басқа малға қарағанда қойларда сирек кездеседі. Шаттың және ұманың жарықтары, негізінен, тумыстан болған аномалиялар қатарына жатады және олар эмбриогенез кезінде аттас мүшелердің құрылымы мен дамуының бұзылуынан болатын кемістіктерге байланысты. Ал, кіндік жарығы қозылар туғанда немесе туганнан кейін пайда болатын кемістіктер деп есептеледі.
Кейбір сүйектердегі остеодисплазияның әсерінен организмдегі сүйектену ағымы (остификация) бұзылып, қатты болатын сүйектер дамымай, шеміршек түрінде қалады.
«Өрмекші тәрізді» синдромның этиологиясы қой тұқымындағы инбридингтің көрсеткішінің (коэффициентінің) жоғарылауы себепті отарда осы синдромды болдыратын жағымсыз мутациялық гендері бар саулықтар санының көбеюіне байланысты [10] . Осындай аномалиялары бар қозыларды генетиканың жаңа әдістерін, оның ішінде цитогенетикалық әдісті [26] қолданып зерттегенде осы синдромның этиологиясы қой популяциясында рецессивтік мутантты геннің болуына байланысты екен-дігі толығымен дәлелденді [13] .
Қозыларда кездесетін «өрмекші тәрізді» синдромға ұқсас спайдер-синдромы бар дарабастар аномалияларының патогенезі мен этиологиясына талдау жасағанда бұлардың екеуі де даму аномалияларының генетикасы мен тератологиясында бұрыннан белгілі хондродисплазия синдромына ұқсас, тіпті олардың синонимдері екені анықталды. Хондроциттердің көптеп бұзылуынан остеогенез ағымы дұрыс жүрмейді де, сүйек пен шеміршектер қалыпты деңгейге дейін өсіп жетілмей қалады [5] .
Барлық аяқ буындарының артрогрипозы, буыңдардың жартылай бүгілуі мен тіптен бүгілмеуі аяқтың бұлшық еттерінің контрактурасынан да болады. Аномалиясы бар қозылардың аяқ сүйектері «шананың табаны» сияқты қисайьш, бұлшық еттері қалыпты деңгейге дейін дамымайды. Осындай қозылар көбінесе өлі туады немесе туғаннан кейін бірнеше күннен кейін өледі. Бұл аномалия Халықаралық тізімде рецессивпік летальдық мутация (Д, ) ретінде тіркелген және Шотландияның тауында өсетін валин тұқымды, Австралияның меринос [16] және Европаның кейбір қой тұқымдарында басқа жерлерде өсетін қойларға қарағанда жиі кездеседі [21] .
Генетикалық талдау арқылы қойларда кездесетін көздің микрофтальмиясының аутосомалық рецессивтік тұқым қуалаушылығы анықталды [7] .
Генетикалық тұрғыдан қарастырғанда тумыстан болған құлақтың қалыпты деңгейге дейін дамымауы (микротия) мен оның дамып-өспеуі (анотия) доминанттық факторлардың әсерінен болатын тұқым қуалаушылықтың аралық түрінің айқын мысалы бола алады. Гетерозиготалы жағдайда құлақ қалыпты деңгейге дейін дамымайды да, ал гомозиготалы кезде құлақ болмайды. Рецессивтік мутанттық геннің летальдық әсерінен болатын қойдың қүлағының анотиясы мен қатты тандайдың жарықтығы Халықаралық тізімге ( Д 2 ) кіргізілген [13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz