Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАРЖЫ (ҚОР) НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Қаржы нарығы туралы түсініктер және қаржы нарығы

қызметінің алғышарттары . . . 5

1. 2 Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының бөлігі ретінде . . . 9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2. 1Еркін капиталдар, құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы . . . 12 2. 2 Қ. Р қаржы институттары қызметін реттеу жүйесі және қаржы секторының даму болашағы . . . 14

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ кредит нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Функциялық тұрғыдан қаржы нарығы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қаржы құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі - қаржы нарығы бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Сөйтіп, қаржы нарығы қаржының қосалқы категориясы ретінде қайта бөлгіштік қосалқы функция орындайды, ал сонымен бірге экономикалық агенттерді дамыту және ұдайы өндірісті ұлғайту мақсаттарында олар қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілетіндігіне қарағанда қаржы нарығы ұдайы өндірістік функция орындауы тиіс.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін бағалы қағаздар шығарады және олардың бағасы сұраныммен және қамтамасыз етумен анықталады.

Курстық жұмыстың жазу мақсаты Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығын бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы құнды қағаздар нарығын басқару жолдарын зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:

-Қаржы нарығын зерттеудің теориялық негізін қарастыру;

-Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау;

Курстық жұмыстың құрылымы:

-Қаржы нарығы туралы түсініктер мен қаржы нарығы қызметінің алғышарттары;

-Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының бөлігі ретінде қарастыру;

-Еркін капиталдар, құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы;

-Қ. Р- қаржы институттары қызметін реттеу және қаржы секторы дамуының болашағы;

Отандық қор нарығы дамуының басым бағыттарының бірі тартымды қаржы құралдарының көлемді тізбесін қалыптастыру болып табылады. Бұл бағыттың негізгі міндеті жаңа қаржы құралдарының пайда болып, қалыптасуына жағдай жасайды, мұның өзі инвесторларда жұмсалымдарды әртараптандыру жолымен кредиттік тәуекелдерді қайта бөлу мүмкіндігінің, ал эмитенттердің кәсіпорындарында банк кредитінің арзан баламасы болып келетін қарыз алулардың жаңа көзінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды - экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы нарығының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің жұмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Сондықтан қаржы нарығын дамытудың міндеті инвестициялаудың ұжымдық нысандары арқылы халықтың (кәсіби емес инвесторлардың) жинақ ақшаларын тартудың механизмдерін жетілдіру болып табылады.

Курстық жұмыстың жазылу барысында мынандай оқу әдістемелік құралдар қолданылды: Н. Қ. Мамыров, М. Ә. Тілеужанова, С. Құлпыбаева, Р. Ә. Әмірқанов, А, Қ. ТұрғұловаО, Баймұратов оқулықтары, Мерзімді басылымдардағы мәліметтер, мақалалар, статистикалық ақпараттық мәліметтер, нормативті құжаттар қолданылды.

1 ҚАРЖЫ (ҚОР) НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Қаржы нарығы туралы түсініктер және қаржы нарығы қызметінің алғышарттары

Қаржы нарығы - нарық экономикасының дәстүрлі элементі, акционерлік қоғамдардың және кәсіпорындардың, мемлекеттің қаражатпен қамтамасыз етілуі үшін бүкіл қаражат ресурстарын жинақтау. /3. 289 бет/

Қаржы нарығы - құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т. б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте.

Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады. Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы - кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:

  1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арналуы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
  2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;

Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі. /4. 97 бет/

1-кесте. Қаржы көрсеткіштері

:
Өлшем бірлігі:

Өлшем бірлігі

2007 жылғы қаңтар-наурыз: 2007 жылғы қаңтар-наурыз
2007 жылғы наурыз: 2007 жылғы наурыз
Өткен жылдық тиісті кезеңіне %- бен:

Өткен жылдық тиісті кезеңіне %- бен

2007 жылғы наурыз: 2007 жылғы наурыз
:
Өлшем бірлігі: 2007 жылғы қаңтар-наурыэ
2007 жылғы қаңтар-наурыз: 2007 жылғы наурыз
2007 жылғы наурыз: 2007 жылғы акпанға %-бен
:

А

Өлшем бірлігі: Б
2007 жылғы қаңтар-наурыз: 1
2007 жылғы наурыз: 2
Өткен жылдық тиісті кезеңіне %- бен: 3
2007 жылғы наурыз: 4
5
: М3 ақша жиыны
Өлшем бірлігі: Млрд. теңге
2007 жылғы қаңтар-наурыз:
2007 жылғы наурыз: 3794
Өткен жылдық тиісті кезеңіне %- бен:
2007 жылғы наурыз: 174, 4
105, 2
: Айналымдағы қолма-қол ақша
Өлшем бірлігі: Млрд. теңге
2007 жылғы қаңтар-наурыз:
2007 жылғы наурыз: 613, 2
Өткен жылдық тиісті кезеңіне %- бен:
2007 жылғы наурыз: 151, 6
102, 3
:

Банк жүйесіндегі депозиттер соның ішінде халық депозиттері

ЕДБ-ның экономика салалары мен халыққа кредит беруі

соның ішінде ұзақ мерзімді кредиттік салымдар

Кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдалылығы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың дебиторлық берешегі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелер бойынша берешегі

Өлшем бірлігі:

Млрд. теңге

Млрд. теңге

Млрд. теңге

Млрд. теңге

%-бен

Млрд. теңге

Млрд. теңге

2007 жылғы қаңтар-наурыз:
2007 жылғы наурыз:

3180, 7

1077, 4

5027, 1

3767, 8

30, 0

3798, 8

8730, 4

Өткен жылдық тиісті кезеңіне %- бен:
2007 жылғы наурыз:

179, 5

176, 5

188, 6

205, 0

148, 0

138, 9

105, 7

102, 7

104, 7

106, 1

108, 6

108, 6

Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:

  1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
  2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
  3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды. Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен салаларға аудару арқылы жақсартады.

Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен айқындалады.

Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде.

Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, құнды қағаздар қысқа мерзімді әрі құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдайы өсіп отырғандықтан, инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялар тауарға, валютаға, жылжымайтын мүлікке салынады. Құнды қағаздарға салу тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен депозиттердің пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар банктердің ақша-несие операцияларымен бәсекелесе алмайды.

Экономикалық кеңістіктегі саяси тұрақтылық қаржыны жандандыруы мүмкін. Мұндай жағдайда құнды қағаздардың бастапқы нарығы дамиды, екінші (биржа) нарықтың жағдайы саяси-экономикалық жағдай тұрақтанғанға дейін анық болмайды.

Инвестиция институттары, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түрінде құрамында элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру басқа нарық құрылымдарын қалыптастырумен қатар жүреді. Ең алдымен сан алуан акционерлік қоғамдар құрылады.

Валюта нарығы . Басқа да қаржы нарықтары сияқты валюта нарығы коммерциялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болды. Банктер өз клиенттері үшін мәмілелер жасайды (яғни халықаралық саудаға тартылған фирмалар үшін) . Өз жұмыс барысында олар шетел валютасын жинақтайды да, айырбастау бағамының тұрақсыздығына байланысты тәуекелге ұшырай бастайды. Осы тәуекелді төмендету үшін олар операцияларды көбінесе өз шоттарынан жүргізуге тырысады. Халықаралық сауда мен валюта нарықтарының айналымдарына шығуда, 1995 ж. сәуір айында орташа күнделікті сауда айналымы 1, 3 трлн. доллар құрады, 1989 ж. сәуір айындағы 650 млрд. долларға қарағанда, бұл күндік көлемі көп мемлекеттердің жылдық ЖІӨ-нен асып түседі. Бұл ЕО орталық банктерінің жиынтық валюта қорынан едәуір (385 млрд. экю) асып түседі. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы кеден статистикасының деректері бойынша ұйымдаспаған сауда есебінсіз 2007 жылдың қаңтар-ақпанында 10504, 8 млн. АҚШ долларын құрады және өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 50, 5%-ға өсті, соның ішінде экспорт - 6353, 1 млн. АҚШ доллары болып, 41, 8%-ға өсті, импорт-4151, 7 млн. АҚШ долларын құрап, 66, 1%-ға өсті.

Шетел валютасы шетел ақшасы мағынасын береді. Ақшаның (МІ) көп бөлігі депозит түрінде болғандықтан, яғни коммерциялық банктік жүйенің өтімді пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілгенге дейінгі депозиттер бейнесінде сипаттауға болады. Оның негізгі қатысушылары коммерциялық банктер және банкаралық мәмілелер көлемі жиынтық көлемнің 90%-ын құрайды.

АҚШ доллары de facto дүниежүзілік валютаға айналады. Егерде бір саудагер Зимбабве долларын Канада долларына аударғысы келсе, онда ол екі операция өткізуі керек. Біріншіден, ол Зимбабве долларын АҚШ долларына аударып, екіншіден АҚШ долларына Канада долларын сатып алады. Басқа ұлттық қор биржаларына қарағанда валюта нарығы белгілі бір орында орналаспаған, қатысушылардың тікелей сол жерде болуы талап етілмейді. Мәміленің көбі телефон немесе бір-бірімен электрондық жүйемен байланысқан экран терминалдары арқылы жасалады. Коммерциялық банктермен қатар валюта нарығының негізгі қатысушылары әр түрлі мемлекеттердің орталық банктері. Олардың рөлі ерекше, өйткені олар мәміле затты, яғни валютаны жасайды. Кейбір мемлекеттерде олар күнделікті саудада пайда болған ауытқуларды теңестіру үшін белсенді қатысып отырады. Мұнда нақты қатысудың жоқ болғандығы, аукционер де жоқ, ешқандай айғай-шу сияқты әрекеттердің болмауы басқа биржалардан гөрі артықшылығы болып саналады. Шынында сауда биржа негізінде жүргізіледі. Кез келген уақытта екі түрлі баға бар: сұралатын - сатып алғысы келетін және ұсынылатын - сатқысы келетін баға.

Мысалы, Барклейс банкі өзінің британдық клиентінің шотына 10 млн. доллар сатып алғысы келеді. Бұл үлкен сома және ол клиентке жедел керек, сондықтан банк ұтымды бағамды күтіп отыра алмайтындығынан қысқа мерзім ішінде ұтымды мәміле жасауы тиісті. Хабар қысқа мерзім ішінде жайылып кетіп отырады. Барклейс банкінің агенті нидерландық АБN-Amro банкіне телефон соғады. Нарық құрушы (АБN-Amro банкі) кез келген уақытта белгілі бір стандарттық минимум мен максимум аралығындағы соманы сатып алуға немесе сатуға әзір делік. Ірі банктер көп екі жақты бағамдарды құрады, мысалы, АБN-Amroны сол әлуетті нарық құрушыларға жатқызамыз.

Amro құрушылардан басқа компьютерленген сауда жүйесінің көмегін пайдалана алады. Олардың ішінде жетекші (лидер) боп саналатын Рейтер (Reuters) мен Телерейт (Telerate) . Осындай жүйелер компьютер экрандарын сұралатын және ұсынылатын баға туралы үзіліссіз ақпараттар ағымымен қамтамасыз етіп отырады.

Тағы да үшінші жол - делдалдар көмегін қолдану. Ірі мәміле туралы сөз болғанда делдалдар көмегін қолдану жиі тараған. Өйткені кез келген нарық құрушылардың ірі сомалармен мәміле жасамауға құқығы бар. Ондай жағдайларда ірі мәміле жасағысы келетін саудагер білініп қалады да, нарыққа қатысушылардың бүкіл бағасын көтеріп жібереді. Делдал осы жағдайды, саудагерді (жасыру үшін) ешкімге білдірмеу үшін «үшінші тұлға» боп нарыққа қатысады. Қазіргі кезде делдалдар бүкіл жасалып жатқан мәмілелердің 30-50%-ын өзіне алуда. /5. 65 бет/

  1. Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының бөлігі ретінде

Құнды қағаз - иесінің осындай құжаттар шығарған ұйымдарға қатысты мүліктік құқығын айғақтайтын ақша құжаттары. Құнды қағаз жеке құжаттар немесе есепшоттардағы жазбалар түрінде жүреді.

Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Банк несиесі алынғанын айғақтайтын құжаттар, банк депозиттеріне енгізілген сомалар, борыш жазбалары, мұралар, лотерея билеттері, сақтық қағаздар құнды қағаздарға жатпайды, пайыз түрінде табыс төленеді және осы құжаттар бойынша басқа адамдарға құқықтар беріледі.

Акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық банктер шығарып, айналым мерзімі белгіленген, иесіне кәсіпорын табысының бір бөлігін иемденуге құқық берілетін құнды қағаз акция деп аталады.

Бізде еңбек ұжымы, кәсіпорын, акционерлік қоғамдар шығаратын акциялар пайдаланылады. Алғашқы екі түрі нағыз акция емес, бұл халық пен кәсіпорындардың бос қаржысын жинақтаудың өзіндік формасы.

Еңбек ұжымының акциялары кәсіпорын қызметкерлеріне ғана таратылып, оның дамуы үшін ақша салынғанын айғақтайды. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысында еңбек ұжымы мүшелерінің акциялары айналымға түспейді - қызметкер оны тек мұраға қалдырады. Жұмыстан шықса, оның акцияларын кәсіпорын бес жыл сақтайды.

Кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық банктер, кооперативтер, серіктестіктер, қоғамдар, ассоциация акциялар шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап кәсіпорындар, ұйымдар арасында таратылады. Мұндай акциялар іс жүзінде облигациялар, сондықтан меншіктің осы формасы дамуы барысында акционерлік қоғамдардың акцияларына ауыстырылуы мүмкін. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысында шығарылған акциялардың бір бөлігі мүдделі заңды мекемелерге, жеке адамдарға сатылуы мүмкін. Бұл акциялар мәні бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларына жақын.

Меншіктің акционерлік формасының артықшылығы акционерлік қоғамның акциялар шығаруынан көрінеді. Бұл акциялар ашық жазылу арқылы немесе қоғам құрылтайшылары арасында бөлу арқылы таратылады. Акциялар олардың иелерінің акционерлік қоғам меншігіндегі қаржының бір бөлігін иемденуге құқығы барын айғақтайды.

Акционерлік қоғам акцияларды жарғы қоры көлемінде, мемлекеттік кәсіпорын осы формаға көшірілгенде бүкіл мүлкі көлемінде, еңбек ұжымы анықтаған көлемде шығарады.

Акционерлік қоғам пұрсатты акциялар да шығарады. Бұл акциялар иесіне дивиденд алуда артықшылық береді. Жергілікті акциялардың иелеріне дивиденд - алдын ала белгіленген пайыз мөлшерлемесі міндетті түрде төленеді, пайда аз болса резерв қорына төленеді.

Акциялар атаулы және талапкерлік болып шығарылады. Атаулы акциялар сатылған кезде міндетті түрде тіркеледі.

Облигацияның акциядан айырмашылығы, олар - кесімді пайыз мөлшерлемесі белгіленген мерзімде төленетін міндеттеме, яғни облигация, несие беруші мен осы құжатты шығарушы мекеме арасындағы қатынасты куәландырады.

Облигациялардың мынадай түрлері болады:

  • Ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар облигациялары;
  • Кәсіпорындар облигациялары.

Атаулы, талапкерлік пайыз мөлшерлемесімен, пайыз мөлшерлемесінсіз (формалары) еркін айналатын және айналымы шектеулі облигациялар шығарылады.

Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін өздерінің еңбек ұжымдары қарамағына түсетін қаражаттар есебінен, ал азаматтар өзінің жеке қаражаттары есебінен сатып алады.

Ішкі мемлекеттік және жергілікті займдарды сатудан түскен қаржы тиісті бюджеттік немесе бюджеттен тыс қорларға жіберіледі. Бұл займ облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар табыстары займдарды қайтару кезінде пайыз мөлшерлемелерін есептеу арқылы немесе купондар беру жолымен төленеді.

Кәсіпорындар облигациялары олардың жарғыларына және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылып таратылады.

Вексель дегеніміз, вексель берушінің вексель иесіне - вексель ұстаушыға мерзімі жеткен кезде белгілі бір соманы сөзсіз төлейтін ақша міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаз. Жай және аударма вексель қолданылады. Жай вексель екі адамның өзара келісімі. Ал аударма вексельде ақша үшінші жаққа төленеді. Вексельдің иесі оны есеп айырысуға пайдаланады немесе оның қайырма бетінде басқа адамға беретінін жаза алады. Мұндай операция көп қайталанады, нәтижесінде төлеуші мүлдем басқа тарап болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы пәні бойынша Білім алушылардың оқытушылармен өзіндік жұмысты орындаудың ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Нарықтық құнды қағаздар
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қор нарықтардың экономикалық мәні және оларды нарықтық экономикалық қатынастарда мемлететтік реттеу маңыздылығы
Ипотекалық несие жайлы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz