Өркениет мәдениеті



Тіл... Ұлт.. Қазақ... Ұшы қиырсыз, тамырлары тереңнен байланысқан өмір тіректері. Осыларды тағдыр тарызысына салсам, терең ойдың тұңғиығына бойлаймын. Дәл қазір, адастырған бұлыңғыр өмір өрнектері көз алдымнан заулап өтіп жатыр. Шалғайдағы биік шың басынан келбеті кең даланың кернеуін қойынына сыйдырған, қолына қасиетті кітап қыстырған тұлға көрінісі көзіме оттай басылды. Аяңдап басып, сол шыңға өрмелей бердім, өрмелей бердім... Кенет: "...болашағыңды ойла,қалқам! Қасиетті төрт анаңды қастерле!" - деген зарлы да, зілді сөздер құлағымның құрышын қандырып бара жатты. "Өмірдің алуан соқпағын бастан кешіп, бір терінің ішінде бірде толатын, бірде солатын пәнде шіркін туған жер деп аталатын құдіретке көңіл құсын ұшырып болса да жиі-жиі оралады. Жалпы жұрт мойындаған азамат болсаң да, кіндік қаның тамған топырақ жалқы. Сол жалқыны сүю арқылы ғана жалпыға құшағыңды ашасың. Өзіңнің туған жеріңе деген махаббатыңды алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, баршаға ортақ боламын деу жайдақ мінез, жасанды қылық емес пе?",-деп Шаханов ағамның айтқан ақылдары санамнан сырғып өткенде, өрмелеп бара жатқан жерімнен қайта жерге түстім. Көзіме көл-көсір жас булығып, жан дүнием тітіркенгендей күйге ендім. Заман не болып барады, мен кіммін, ұлтым, тілім қайда, неге меннен бәрі алшақтап бара жатыр? Өзімді өзім түсінбей дел-салдық сараланды. Шың басындағы жаңғырық қайта өз өрісін алды:
Тілің кетсе – ұлтың өлер, өлер және елдігің,
Кеш таққаннан не қайыр бар ар мен намыс белдігін?
Ойлашы өзің, кімге қажет тәуелсіздік-теңдігің,
Қарын мүдде сыртқа тепсе Рух егемендігін?.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Өркениет мәдениеті
"...Ғасырымыз – іздеу, өрлеу, қиратулар алаңы.
Адамзатты қарын мүдде қайда бұрып барады?.."
Мұхтар Шаханов

Тіл... Ұлт.. Қазақ... Ұшы қиырсыз, тамырлары тереңнен байланысқан өмір тіректері. Осыларды тағдыр тарызысына салсам, терең ойдың тұңғиығына бойлаймын. Дәл қазір, адастырған бұлыңғыр өмір өрнектері көз алдымнан заулап өтіп жатыр. Шалғайдағы биік шың басынан келбеті кең даланың кернеуін қойынына сыйдырған, қолына қасиетті кітап қыстырған тұлға көрінісі көзіме оттай басылды. Аяңдап басып, сол шыңға өрмелей бердім, өрмелей бердім... Кенет: "...болашағыңды ойла,қалқам! Қасиетті төрт анаңды қастерле!" - деген зарлы да, зілді сөздер құлағымның құрышын қандырып бара жатты. "Өмірдің алуан соқпағын бастан кешіп, бір терінің ішінде бірде толатын, бірде солатын пәнде шіркін туған жер деп аталатын құдіретке көңіл құсын ұшырып болса да жиі-жиі оралады. Жалпы жұрт мойындаған азамат болсаң да, кіндік қаның тамған топырақ жалқы. Сол жалқыны сүю арқылы ғана жалпыға құшағыңды ашасың. Өзіңнің туған жеріңе деген махаббатыңды алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, баршаға ортақ боламын деу жайдақ мінез, жасанды қылық емес пе?",-деп Шаханов ағамның айтқан ақылдары санамнан сырғып өткенде, өрмелеп бара жатқан жерімнен қайта жерге түстім. Көзіме көл-көсір жас булығып, жан дүнием тітіркенгендей күйге ендім. Заман не болып барады, мен кіммін, ұлтым, тілім қайда, неге меннен бәрі алшақтап бара жатыр? Өзімді өзім түсінбей дел-салдық сараланды. Шың басындағы жаңғырық қайта өз өрісін алды:
Тілің кетсе – ұлтың өлер, өлер және елдігің,
Кеш таққаннан не қайыр бар ар мен намыс белдігін?
Ойлашы өзің, кімге қажет тәуелсіздік-теңдігің,
Қарын мүдде сыртқа тепсе Рух егемендігін?.
Есіме ертедегі ойымда сақталған файлдар қайта түсті.
"... Қазақ тілін үйрену дегеніміз – кезек күттірмейтін мәселе. Мен осында тудым, осында тұрып жатырмын.
Болашағымды да Қазақстанмен байланыстырамын. Сондықтан, мемлекеттік тілге аса үлкен құрметпен қараймын ...
Мемлекеттік тіл мәселесіне Қазақстанда тұратын кез келген жан аса байыпты қарауы керек. Мысалы, Британияда немесе Францияда тұрғындар мемлекеттік тілді дұрыс қабылдамайды дегенді елестетудің өзі қиын. Францияда француз тіліне ағылшын сөздерін қосып сөйлеген шенеуніктерді тіпті, жазалайды. Өйткені, ол қалыпты жағдай.
Ал Шаханов пен Айталының мемлекеттік тіл жөнінде мәселе көтеруін мен түсінемін... Олар қазір мәңгілік құндылықтар жайлы ойлайтын жасқа келген. Сондықтан, басқа-басқа, бірақ Шахановтың ойларының адал екенін білемін. Әрі оның ойларын бөлісемін,- деп Сухорукованың сыр шерткені маған үлкен ой салды.
Жуырда 2002 жылғы Ресейде өткен жыл санағының мәліметтерін мұқият сараптай отырып өз-өзімнен мұңға баттым. Бүгінгі таңда Ресей аумағында өз тілінде мың адамға дейін сөйлейтін 26 ұлт қалыпты. Ал алютор, багвалин, ботлих, бодовели, орок тілдерінің әрқайсысында ана тілін тағдырына балаған, немесе өз тілін есіне ұстаған жүз адамның ар жақ бер жағында ғана жұрт сақталыпты. Бәлкім, оларды жұрт деп атауға да болмас. Тіпті, мұндай ұлттардың бар екенін көпшілік білмейді де. Әр жерде бір адам өз тілін ұмытпағанмен не істей алады? Тағдыры әлдеқашан шешіліп қойылған мұндай ұлт өкілдері түгілі өз тілінде мектебі, балабақшасы жоқ жарты миллионға дейін және одан жоғары халқы бар ұлттардың болашағы қыл үстінде тұрған жоқ па? Осы жыл санағынан ұққанымыз, Ресейде, бүгінгі таңда 60-тан астам ұлт тілінің мүлде болашағы жоқ деуге толық негіз бар.
Ресей ұлы гуманистердің отаны бола тұрса да гегомондық, шовинистік, отаршылдық саясаттан босана алар емес.
Енді ол бұрынғы одақтас республикалар орнында бой көтерген мемлекеттердегі өз ұлтының тіліне, рухани мәдениетіне қырын қарайтын басшыларды өзіне тарту арқылы орыстандыру саясатын жүргізуге күш салуда. Бұған бұлтартпас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және Өркениет туралы ақпарат
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны
Мәдениет туралы түсінік
Қазақстан жахандануға жұтылып кетпей ме?
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар
МӘДЕНИЕТ және ӨРКЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Мәдениет ұғымы
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Ежелгі Қытай өркениеті
Пәндер